Автолиздің ерте мерзімдегі жылқы және қой еті өнімдерінің технологиясын дайындау



КІРІСПЕ 3
1. Автолиздің ерте мерзімдегі жылқы және қой еті өнімдерінің технологиясын дайындау. 6
1.1 Қазақстан Республикасында ет өндіруді дамытудың жағдайы мен келешегі. 6
1.2 Автолитикалық процесс жүруiне байланысты жылқы және қой еттерiнiң сапасын зерттеу 29
1.3 Қой етiн бөлшектеу схемасы мен жекелеген қалдықтарының шығымын анықтап талдау 31
1.4 Автолиз барысында қой етiнiң физика.химиялық және биохимиялық көрсеткiштерiн зерттеу 37
Экологиялық бөлiм 45
1.5 Еттің химиялық құрамы, биологиялық құндылығы мен экологиялық қауiпсiздiгiн анықтау 45
1.6 Ұсақ қара малдың сорпалық өнiмдерiнiң сапалық көрсеткiштерi мен химиялық құрамы 53
2. ӨСIМДIК ҚОСЫМШАЛАРЫМЕН БАЙЫТЫЛҒАН ҰЛТТЫҚ СҮТ ТАҒАМДАРЫНЫҢ ЕМДIК.САУЫҚТЫРУ ЭКСПОРТТА БАҒЫТТАЛҒАН ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ДАЙЫНДАУ 59
2.1 Сүт шикiзаттың физика.химиялық қасиетiн зерттеу 62
2.2 Шикiзаттағы өсiмдiк қасиетiн зерттеу 73
Қорытынды 76
Ет өнімдеріне қосылатын қоспаларды дайындау. 77
3.1 Жартылай дайын ет өнiмдеріне арналған тұздық 82
3.2 Азықтық эмульсиялар мен кейбiр ғылыми талдау қорытындылары және тәжiрибелiк нақтылықтар 85
3.3 Жылқы етiнiң туралған жартылай дайын өнiмдерiнiң биологиялық белсендi заттар (ББЗ) пайдаланудағы емдiк қасиеттерi 88
3.4 Белокты.сахаридты кешенiн пайдалану арқылы жылқы етiнен қайнатылған шұжық технологиясын дайындау 90
3.5 Биотехникалық әдiстердi пайдаланып қой етiнен ысталған.қыздырылған өнiмдер технологиясын дайындау 92
3.6 Радиациялық кернеу зоналарында қауіпсіз ет өнімдерін өңдіру. 98
ҚОРЫТЫНДЫ 101
Қолданылған әдебиеттер тізімі 103
Адам қорегінің ішінде ет тағамдарының маңызы зор.Ет құрамында экстрактивті заттар, май, су, минералды тұздар мен витаминдер сияқты организмге қажетті заттар болады. Адам организмінің өсуімен қалыпты өмір сүруі үшін құнды белоктар өте қажет.Экстрактивті заттар еттен әзірленген тағамдарға ас қорыту сөлдерінің айтарлықтай бөлінуі және астың жақсы қорытылуы үшін дәм мен хош иіс береді.
Алайда Республикада ет өндіруді арттыру жөнініде біраз табыстарға қол жеткенмен, халықты бұл бағалы өнімге қажеттілігі әлі де болса толық қанағаттандырылмай отыр.Мұның негізгі себебі барлық шаруашылықта ет өндіру бірдей жолға қойылмаған.Фермалар мен шағын мал шаруашылықтардың мал мамандары малды өз төлі есебінен өсіру, арзан жайылым шөбін пайдалана отырып, жайып семіртуді кең көлемде қолдану, мал бордақылау және т. б. Маңызды мәселелерге әлі де болса жете мән бермей келеді.

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
1. Автолиздің ерте мерзімдегі жылқы және қой еті өнімдерінің технологиясын
дайындау. 6
1.1 Қазақстан Республикасында ет өндіруді дамытудың жағдайы мен келешегі.
6
1.2 Автолитикалық процесс жүруiне байланысты жылқы және қой еттерiнiң
сапасын зерттеу 29
1.3 Қой етiн бөлшектеу схемасы мен жекелеген қалдықтарының шығымын анықтап
талдау 31
1.4 Автолиз барысында қой етiнiң физика-химиялық және биохимиялық
көрсеткiштерiн зерттеу 37
Экологиялық бөлiм 45
1.5 Еттің химиялық құрамы, биологиялық құндылығы мен экологиялық
қауiпсiздiгiн анықтау 45
1.6 Ұсақ қара малдың сорпалық өнiмдерiнiң сапалық көрсеткiштерi мен
химиялық құрамы 53
2. ӨСIМДIК ҚОСЫМШАЛАРЫМЕН БАЙЫТЫЛҒАН ҰЛТТЫҚ СҮТ ТАҒАМДАРЫНЫҢ ЕМДIК-
САУЫҚТЫРУ ЭКСПОРТТА БАҒЫТТАЛҒАН ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ДАЙЫНДАУ 59
2.1 Сүт шикiзаттың физика-химиялық қасиетiн зерттеу 62
2.2 Шикiзаттағы өсiмдiк қасиетiн зерттеу 73
Қорытынды 76
Ет өнімдеріне қосылатын қоспаларды дайындау. 77
3.1 Жартылай дайын ет өнiмдеріне арналған тұздық 82
3.2 Азықтық эмульсиялар мен кейбiр ғылыми талдау қорытындылары және
тәжiрибелiк нақтылықтар 85
3.3 Жылқы етiнiң туралған жартылай дайын өнiмдерiнiң биологиялық белсендi
заттар (ББЗ) пайдаланудағы емдiк қасиеттерi 88
3.4 Белокты-сахаридты кешенiн пайдалану арқылы жылқы етiнен қайнатылған
шұжық технологиясын дайындау 90
3.5 Биотехникалық әдiстердi пайдаланып қой етiнен ысталған-қыздырылған
өнiмдер технологиясын дайындау 92
3.6 Радиациялық кернеу зоналарында қауіпсіз ет өнімдерін өңдіру.
98
ҚОРЫТЫНДЫ 101
Қолданылған әдебиеттер тізімі 103

КІРІСПЕ

Адам қорегінің ішінде ет тағамдарының маңызы зор.Ет құрамында
экстрактивті заттар, май, су, минералды тұздар мен витаминдер сияқты
организмге қажетті заттар болады. Адам организмінің өсуімен қалыпты өмір
сүруі үшін құнды белоктар өте қажет.Экстрактивті заттар еттен әзірленген
тағамдарға ас қорыту сөлдерінің айтарлықтай бөлінуі және астың жақсы
қорытылуы үшін дәм мен хош иіс береді.
Алайда Республикада ет өндіруді арттыру жөнініде біраз табыстарға қол
жеткенмен, халықты бұл бағалы өнімге қажеттілігі әлі де болса толық
қанағаттандырылмай отыр.Мұның негізгі себебі барлық шаруашылықта ет өндіру
бірдей жолға қойылмаған.Фермалар мен шағын мал шаруашылықтардың мал
мамандары малды өз төлі есебінен өсіру, арзан жайылым шөбін пайдалана
отырып, жайып семіртуді кең көлемде қолдану, мал бордақылау және т. б.
Маңызды мәселелерге әлі де болса жете мән бермей келеді.
Ет өндіруді арттыруда ауыл шаруашылығы ғылымы мен озат тәжірибе
жетістіктерін кеңінен қолданудың да зор маңызы бар. Республиканың ғылыми
зерттеу мекемелері соңғы жылдарда мал мен құстың еттілігін арттыру жөнініде
бірсыпыра тиімді әдістерді зерттеді.Осы әдістерді енгізу белгіленген
жоспарды орындауға және халықтың етке деген қажетін өтеуге мүмкіндік
береді.
Қазіргі таңда белоктық қоректену туралы, әсіресе мал азығындағы белокқа
қатысты терең мәселе тұр.мемлекеттің дамып келе жатқан елді мекендерін
жеткілікті азық өнімімен қамтамасыз ету үшін, оны өндіруді жылына 2,0-2,5
пайызға арттыру қажет.Алайда, 1991-1997 жылдар аралығында мал басының күрт
азаюы шоғырланған шикізат көзі көлемінің төмендеуіне ғана емес, сонымен
қатар мемлекеттегі ет өндіретін кәсіпорындардың қалыпты жұмыс істеуіне де
әсерін тигізді.Елді малмен қамтамасыз етудегі жоспарлы түрде кепілі бар
көптеген ірі және орташа кәсіпорындардың көбі өз жұмысын тоқтатты.Тұрақты
және нарыққа бейімделгендері ұсақ кәсіпорындар болып шықты.жеке өндірістің
тұрақтандырылуына және біршама артуына қарамастан, соңғы жылдары ішкі
нарықта құс етінің, шұжық өнімдерінің және ет консервілерінің импортты даму
бағытының 64% дейін өсуі байқалды.Қазір ет өндіретін кәсіпорындарды жаңа
технологиялық құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету туралы мәселе бар.Осы
мәселелерді шешкен жағдайда, біз мынадай нәрселерге қол жеткізе аламыз.
-ішкі нарықты кеңінен өзіміздің елде өндіретін ет өнімділігін
толықтыру;
-жұмыс істеудегі кәсіпорындардың жұмыс істеу тиімділігін арттыру;
-өнімнің сапасын жақсарту;
-жаңа жұмыс орындарын салу жоғары технолгиялық және өнімді
экспортқа шығаруға бағытталған кәсіпорындар ашу;
Мал етін өндіруді күрт арттыру үшін мал мен құсттың тірідей
салмағын және олардың қондылығын көтеру шарт. Ол үшін ең алдымен малды
күтіп бағу мен азықтандыру жағдайын жақсартып, оларды үстеп азықтандыра
отырып, жайып семіртуді ұйымдастыру қажет. Төлді, ересек малды және құсты
өнеркәсіп негізде қарқынды түрде бордақлау, өнімі төмен малдарды етті
тұқымының жоғары өнімді бұқаларымен өнеркәсіптік будандастыруды істе
қолдану керек. Сонымен бірге табындардағы селекциялық жұмыстарға
шаруашылықтың барлық резервтерін пайдалана білу қажет.
Отандық ғылым мен қазіргі технологияның дамуы тағам өнімдерінің
қауіпсіздігін қамтамасіз етудің түрлі жауаптарын ұсынады.
Осы мәселені шешудегі басымды бағыттардың бірі – қазіргі замандағы
микроорганизмдерді пайдалану негізіндегі биотехнологияларды қолдану.
Соңғы жылдары әлемде сүт өнімін өңдіру бәсеңдеді. Егер 1997-1999
жылдары барлық сүт түрінің орташа өндіру саны 9млн.тонна болса, 2000-2002
жылдары 8 млн.тонна, сощның ішінде сиыр сүті – 6.3 және 6млн. Тонна.
2002 жылы әлемде 594 млн.тонна сүт өндірілді., соның ішінде сиыр
сүті 501 млн.тонна, бұл 2001 жылға қарағанда 8 млн.тоннаға артты.
1. Автолиздің ерте мерзімдегі жылқы және қой еті өнімдерінің
технологиясын дайындау.

1.1 Қазақстан Республикасында ет өндіруді дамытудың жағдайы мен
келешегі.

Қазақстан Республикасында ет өндіру ең негізгі және ең алғаш ашылған
ұлттық бағыттарының бірі деп есептелінеді. Ең жоғарғы нәтижелер өткен
ғасырдың 80-ші жылдары болды. Ет өндірудің жылдық көлемі 1.5 млн.тонна
жетті, ал жалпы есеппен елді қоныстада 1 адамға 86 кг., жалпы отандық
тұтынуда 66 кг. болды.
Қазіргі таңда белоктық қоректену туралы, әсіресе мал азығындағы
белокқа қатысты терен мәселе тұр. Мемлекеттің дамып келе жатқан елді
мекендерін жеткілікті азық өнімімен қамтамасыз ету үшін, оны өндіруді
жылына 2.0-2.5 процент арттыру қажет. Дегенмен, 1991-1997 жылдар
аралығында мал басының күрт азаюы шоғырланған шикізат көзі көлемінің
төмендеуіне ғана емес, сонымен қатар мемлекеттегі ет өндіретін
кәсіпорындардың қалыпты жұмыс істеуіне де әсерін тигізеді. Елді малмен
қамтамасыз етудегі жоспарлы түрде кепілі бар. Көптеген ірі және орташа
кәсіпорындардың көбі өз жұмысын тоқтатты. Тұрақты және рынокқа
бейімделгендері ұсақ кәсіпорындар болып шықты. Жеке өндірістің
тұрақтандырылуына және біршама артуына қарамастан, соңғы жылдары ішкі
рынокта құс етінің, шұжық өнімдерінің және ет консервілерінің импортта
даму бағытының 64 процент дейін өсуі байқалады. Қазір ет өндіретін
кәсіпорындарды жаңа техникалық құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету туралы
мәселе бар. Осы мәселелеерді шешкен жағдайда, біз мынадай нәрселерге
қол жеткізе аламыз:
- ішкі рынокты кеңінен өзіміздің елде өндіретін ет өнімдерімен
толықтыру;
- жұмыс істеудегі кәсіпорындардың жұмыс істеу тиімділігін
арттыру;
- өнімнің сапасын жақсарту;
- жаңа жұмыс орындарын салу, жоғары зтехнологиялық және өнімді
экспортқа шығаруға бағытталған кәсіпорындар ашу;

Адам қорегінің ішінде ет тағамдарының маңызы зор. Ет құрамында
экстрактивті заттар, май, су, минералды тұздар мен витаминдер сияқты
организмге қажетті заттар болады. Адам организмінің өсуімен қалыпты өмір
сүруі үшін құнды белоктар өте қажет.Экстрактивті заттар еттен әзірленген
тағамдарға ас қорыту сөлдерінің айтарлықтай бөлінуі және астың жақсы
қорытылуы үшін дәм мен хош иіс береді.
Алайда Республикада ет өндіруді арттыру жөнініде біраз табыстарға қол
жеткенмен, халықты бұл бағалы өнімге қажеттілігі әлі де болса толық
қанағаттандырылмай отыр. Мұның негізгі себебеі барлық шаруашылықта ет
өндіру бірдей жолға қойылмаған.Фермалар мен шағын мал шаруашылықтардың мал
мамандары малды өз төлі есебінен өсіру, арзан жайылым шөбін пайдалана
отырып, жайып семіртуді кең көлемде қолдану, мал бордақылау және т. б.
Маңызды мәселелерге әлі де болса жете мән бермей келеді.
Ет өндіруді арттыруда ауыл шаруашылығы ғылымы мен озат тәжірибе
жетістіктерін кеңінен қолданудың да зор маңызы бар. Республиканың ғылыми
зерттеу мекемелері соңғы жылдарда мал мен құстың еттілігін арттыру жөнініде
бірсыпыра тиімді әдістерді зерттеді.Осы әдістерді енгізу белгіленген
жоспарды орындауға және халықтың етке деген қажетін өтеуге мүмкіндік
береді.
Қазіргі таңда белоктық қоректену туралы, әсіресе мал азығындағы
белокқа қатысты терең мәселе тұр.Мемлекеттің дамып келе жатқан елді
мекендерін жеткілікті азық өнімімен қамтамасыз ету үшін, оны өндіруді
жылына 2,0-2,5 пайызға арттыру қажет.Алайда, 1991-1997 жылдар аралығында
мал басының күрт азаюы шоғырланған шикізат көзі көлемінің төмендеуіне ғана
емес, сонымен қатар мемлекеттегі ет өндіретін кәсіпорындардың қалыпты жұмыс
істеуіне де әсеерін тигізді.Елді малмен қамтамасыз етудегі жоспарлы түрде
кепілі бар көптеген ірі және орташа кәсіпорындардың көбі өз жұмысын
тоқтатты.Тұрақты және нарыққа бейімделгендері ұсақ кәсіпорындар болып
шықты.жеке өндірістің тұрақтандырылуына және біршама артуына қарамастан,
соңғы жылдары ішкі нарықта құс етінің, шұжық өнімдерінің және ет
консервілерінің импортты даму бағытының 64 дейін өсуі байқалды.Қазір ет
өндіретін кәсіпорындарды жаңа технологиялық құрал-жабдықтармен қамтамасыз
ету туралы мәселе бар.Осы мәселелерді шешкен жағдайда, біз мынадай
нәрселерге қол жеткізе аламыз.
-ішкі нарықты кеңінен өзіміздің елде өндіретін ет өнімділігін
толықтыру;
-жұмыс істеудегі кәсіпорындардың жұмыс істеу тиімділігін арттыру;
-өнімнің сапасын жақсарту;
-жаңа жұмыс орындарын салу жоғары технолгиялық және өнімді экспортқа
шығаруға бағытталған кәсіпорындар ашу;
Мал етін өндіруді күрт арттыру үшін мал мен құсттың тірідей салмағын
және олардың қондылығын көтеру шарт. Ол үшін ең алдымен малды күтіп бағу
мен азықтандыру жағдайын жақсартып, оларды үстеп азықтандыра отырып, жайып
семіртуді ұйымдастыру қажет. Төлді, ересек малды және құсты өнеркәсіп
негізде қарқынды түрде бордақлау, өнімі төмен малдарды етті тұқымының
жоғары өнімді бұқаларымен өнеркәсіптік будандастыруды істе қолдану керек.
Сонымен бірге табындардағы селекциялық жұмыстарға шаруашылықтың барлық
резервтерін пайдалана білу қажет.
Отандық ғылым мен қазіргі технологияның дамуы тағам өнімдерінің
қауіпсіздігін қамтамасіз етудің түрлі жауаптарын ұсынады.
Осы мәселені шешудегі басымды бағыттардың бірі – қазіргі замандағы
микроорганизмдерді пайдалану негізіндегі биотехнологияларды қолдану.
Соңғы жылдары әлемде сүт өнімін өңдіру бәсеңдеді. Егер 1997-1999
жылдары барлық сүт түрінің орташа өндіру саны 9млн.тонна болса, 2000-2002
жылдары 8 млн.тонна, сощның ішінде сиыр сүті – 6.3 және 6млн. Тонна.
2002 жылы әлемде 594 млн.тонна сүт өндірілді., соның ішінде сиыр сүті
501 млн.тонна, бұл 2001 жылға қарағанда 8 млн.тоннаға артты.
Жуық араға жасалған болжам бойынша Европа мен әлемдiк аумақта ет
өндiру мен пайдалану жыл сайын (1,0-1,5) пайызға өсiп отырады. Алайда, бұл
еттiң барлық түрiне және барша елдерге тең дәрежеде қатынасы жоқ. Шошқа мен
құс еттерiн өндiру мен пайдаланды өсетiнiң болжайды, сонымен қатар оның
сиыр етiмен салыстырғанда өте шапшаң екпiнмен дамитындығы көрсетiледi.
Қазақстан Республикасы бойынша статистикалық көрсеткiш мал басының 1999
жылдан бастап өскендiгiн көрсетедi, әсiресе ұсақ мал, шошқа, жылқы мен
түйелер.
Ет, сүт және басқа өнiмдерi өндiруден мал шаруашылығы жедел қарқынмен
дамыған елдерде үлкен табысқа жетiп отырғанын айта кету керек – АҚШ, Канада
және Европаның бірқатар елдерi. Бұл елдердегi ет комплексiнiң тиiмдiлiгi
ұлттық нарықтың ет пен оның өнiмдерiне деген қажеттiлiгiн адам басына
жаққанда жағары пайдаланылуын, яғни жылына 100 кг және одан да көп
болғанына қарамастан толық қанағат тандыруда. Өткен ғасырдың соңына дейiн
Қазақстан терең дағдарыста болды. Өндiрiстiң барлық саласындағы жалпы
құлдырау барысында ең бiр осал жағдайда қалған ауыл шаруашылығы болды, оның
iшiнде әсiресе мал шаруашылығы. Шикiзат қорының қысқаруы, әсiресе оны
өндiрiстiк өндеу үшiн сатып алу, нәтижесiнде мал басының азаюы, оның
салмағы мен өнiмдiлiгiнiң жоғалуы, сондай-ақ халықтық суранымның
төлемдiгiнiң төмендiгi ХХ ғасырдың соңғы онжылдығында ет және ет өнiмдерi
көлемiнiң кенет төмендеуiне алып келдi.
Қазақстан Республикасындағы еттi өндеушi барлық өндеу мекемелерi 80-шi
жылдардың соңында қуатының тұтастығы 2250 тоннадан астамды бiр кезекті
құрады. Оның өзiнде осындай қуаттылықпен олардың көпшiлiгi бiр кезекте 50-
100 тонна шамасында болса, екi iрi мекеменде бiр кезекте 200 тонна
құрайды: Семей – 389, Алматы – 386. Республиканың барлық мекемелерiмен 1987
жылы өндiрiлгенi: ет – 845,4 мың тонна, шұжық өнiмдерi – 139,2 мың тонна,
жартылай дайын өнiмдер (полуфабрикаттар) – 68,2 мың тонна, ет консервiлерi
– 288,1 миллион шартты банка . Сол кезеңдегi жұмыс жүргiзген етөңдеушi
мекемелердiң ерекшелiгi сонда, олар тек бекiтiлген графикта малды жеткiзiп
тұруға арналған нұсқау мен жоспарлылық.
Осылайша ет өңдеушi мекемелер орналасуы мен маусымдық факторларға
қарамастан ең жоғарғы бiрыңғай дәрежеде жұмыс басты болуы. Одан басқа,
берiлген жағдайда, осы саладағы көптеген мекемелердiң бiр жағынан шығынсыз
жұмыс iстеуiн қаптамасыз еттi. Аталған жылдары, өте қуатты мекемелер (100
тоннаға дейiн бiр кезекте) ең жоғары тиiмдiлiк пен пайда әкелдi, Қарағанды
мен Қостанай ет комбинаттары, олардың өндiрiстен түскен кiрiсi 70 және одан
да жоғары пайызды құрады.
Елiмiздiң экономикасының нарықтық қатынасқа көшуi министрлiк
басқармасының құрылымының өзгеруiн, мекемелердiң құқығының артуын, жаңа
жекешелердiң өзiндiк сезiмiнiң өсуiн, мекемелер арасында орнаған
байланыстың үзiлуiн ала келдi. Уақыт жүргiзiлген реформалардың оң
жақтарымен қатар, терiс жақтарын ашып көрсеттi.
Жаңа жағдайда жекешелендiрiлген мекемелердiң қызметiнiң нәтижесi,
реформаның қозғаушы факторы болып жекешенiң болуы емес, оның iскерлiк-
iлкiмдiлiк тиiмдiлiгiнде екендiгiн көрсеттi.
Қазiргi кезде елiмiздiң экономикасы алдында отандық мекемелердiң
тиiмдiлiгiн арттыру, оның көлемiн ұлғайту, шығарған өнiмнiң бәсекеге
түсерiн есепке алып, өндiрiстiң шикiзат қажеттiлiгi толық қанағаттандыру,
ал халықты – тағам өнiмдерiмен қанағат ету сияқты өткiр мiндеттер тұр.
Тәуелсiздiк алумен қатар елiмiздiң агроөнеркәсiптiк кешенiнде ұлы
бетбұрыстар жүрдi. Жекешелендiрудiң мемлекеттiк емес түрлерi тағам
өнiмдерiн шығаруда басты орын алды, оның үлесi 1990 жылы 35 пайызға, 2000
жылы 99 пайызға дейiн өстi. 2003 жылдың басында Қазақстан Республикасында
90 мыңға жуық ауыл шаруашылық құрылымдары, оның iшiнде 80 мың ауыл
қожалықтары мен 8 мың өндiрiстiк кооперативтер 1990 жылғы 324 және 1129
шаруашылық субъектiлерiнiң орнына жұмыс iстеп тұрды . [2].
Соңғы жылдары жағдай инфляцияның өсуiне, жүрiп жатқан процестердi
басқару деңгейiнiң төмендеуiне, ауылшаруашылық өнiмдерi мен өндiрiс
құралдары нарығының тарылуына, мемлекеттiк инвестициялардың (несиелердiң)
қысқаруына несие берушiлердiң жоғары пайызы, төлемнiң өсуi мен халықтың
сатып алушылық қабiлетiнiң төмендеуiне байланысты күрделене түсуде. Барлық
жерде дерлiк АПК салалары, өндiрiстiк процестердiң механизацияландыру
деңгейiнiң төмендеуi, ауылшаруашылық мәнi бар жердi химизациялау мен
мелиорациялау дағдарысқа ұшырау байқалуда.
Егiндi жерлер мен мал бастары қысқаруда, ауылшаруашылық мәдени
дақылдары мен мал басының өсуi азаю үстiнде. Сонымен қатар реформа жүргiзу
барысында қалайсыз жақтар пайда бола бастады. Мысалы салаларының
спецификациясы есепке алынбады, соның салдарынан нарықтық моделге баса
назар аударылды, ал мемлекеттiк реттеу жүйесi жоққа шығарылды. Елемiздiң
аграрлық сферасындағы жүргiзiлген қайта өзгерулерде басты ықпалды. Мақсат
АПК экономикасын тиiмдi қалыптастыру болуы, яғни әлемдiк нарық тербелiсiне
тән. Алайда, соңғы жылдарғы тәжiрибе көрсеткендей, реформалар не
өндiрiстiк, не экономикалық көрсеткiштердiң жақсаруына әкелмедi. Осы
саладағы бей-берекет iс-қимыл жеткiлiктi түрде ойластырылмаған,
дәлелденбеген және ғылыми түрде берiлмегендәгән көрсетедi. Реформаның
тәжiрибе жүзiндегi көрсеткiштерi нарықтық механизмiнiң ролiн асыра
бағаланғандығын, ал АПК-ның дамуында мемлекет ролi төмендетiлгенiн
көрсетедi, яғни өнiмнiң жалпы түсiмiнiң 55% төмендеуiне әкелдi. Қазақстан
1990-2003 жылдар аралығында малдың едәуір бөлiгiнен айрылды: iрi қара мал –
5,6 млн., қой мен ешкi (ұсақ қара мал) – 25,6 млн., құстар – 40,3 млн.
басқа. Осының нәтижесiнде ет өндiру 944 мың тоннаға азайды.
Азықты базаның әлсiреуi, малдәрiгерлiк қызмет деңгейiнiң төмендеуi,
тұқым алу жұмыстарының бет алдына жiберiлуi, мемлекет жағынан ақша – несие
саясатының дұрыс жүргiзiлмеуi, яғни осының бәрi келiп мал басының кенет
азайып, оның өнiмдiлiгiнiң төмендеуiне әкелiп соқты.
Тек 1999 жылы ғана iрi қара мал шаруашылығының барлық категориясы
бойынша 71 мың бас, қой мен ешкiден – 350 мың, шошқадан – 92 мың, жылқыдан
– 24 мың бас жойылды. Күрке тауықтардың жылдық орташа жұмыртқа әкелуi 26
түстiрге азайды (229 бен 203). Iрi қара малдың бiр басының орташа салмағы
етке жiберiлгенде 68 кг-нан аз (342-пен 280), шошқалар – 13 кг (103 пен
90) азайды. Iрi қара малдан төл алу 100 аналықтан – 2-ге (81-ден 79-ға
дейiн), торайлардан 184-ке (1028 бен 844) қысқарды. Азықтық база әрқашанда
елiмiздiң мал шаруашылығын дамытуда ең бiр осал тұсы болатын, алайда
реформа жүргiзiлген жылдары жағдай одан әрi қиындай түстi. Мысалы 1990 жылы
iрi қара мал азығы 13 пайызға дайын болмаса, ал 1999 жылы – 45 пайызға
дейiн пайдалануға дайын болмады. Бұл азықтық мәселенiң, әсiресе малды
қоректендiрудегi рационның тепе-теңдiгi, қорытылуы бойынша протеиннiң
жеткiлiктi болуы, оның тапшылығы өте маңызды (40-50%-ке жуық), өйткенi
малшаруашылығы саласының жедел дамуын тенейтiнi, ең бiр осал тұсы болып
қала беретiнiн куәландырады.
Ауыл шаруашылығындағы өндiрiстiң төмендеуi мал өнiмдерiнiң өндiрiсi
көлемiнiң азаюына әкелдi, ол тағам өнiмдерiнiң негiзгi түрлерiн шағаруды
қысқартуға себептiң бiрi болды. 1991-1999 жылдары ет және ет өнiмдерi
өндiрiсiнiң құлдырауы 89% құрады. Тұтынушы өнiмдердiң қысқаруының басты
себептерi, оның iшiнде еттiң көптеген мемлекеттерде өндiрiстердегi айналым
құралдарының үнемi жетiспеушiлiгi, тауарөткiзушi желiлердiң дамымай
қалғаны, iшкi нарықтың “шетел” өнiмдерiнiң азылуынан қорғалмауы, аздаған
инвестиция жағдайында жабдықтардың моральды және физикалық тозуы болып
отыр. Айта кету керек, ТМД мемлекеттерiнiң бiрде-бiрiнде азық-түлiқ
қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мәселесi әлi шешiлген жоқ. Олардың көпшiлi
азық-түлiк өндiрудiң құлдырауын аттап өте алмады, АПК-ның деспециализациясы
мен дезинтеграциясы жалғасуда, кедергiлер, тауар мен қызмет түрлерiнiң
көшiп отыруына тоқтау жасайтын жойылмады, ұлттық өндiрушiлер үшiн iшкi
нарықты қорғайтын негiзделген жалпы ережелер құрастылмады. Әлi де өзара
экономикалық ынтымақтастыған дамытуға бағытталған мүдделер әлi де iске
аспауда. Азық-түлiктiк ресурстарда жекелеген азықтар қатарында “шетелдiк”
тауарлар үлесi ерекше орын алады.
1 кесте
2002 жылғы Ауылшаруашылық малдары мен құстарының жаппай санағы

Аймақтар Мал басы, мың бас
Iрi Қой Шошқа Жылқы Түйе Құс
қара мал
Акмола 365,6 201,7 181,5 75,9 0,1 2444,1
Ақтөбе 320,5 683,3 76,8 57,7 11,3 669,8
Алматы 533,6 2234,9 126,3 161,7 37 4478,5
Атырау 107,1 376,8 0,4 30,5 21,6 50,2
Шығыс Қазақстан 558,5 1098,7 102 111,2 0,3 2833,4
Жамбыл 179,1 1154,9 45,2 53,4 3,3 1072,1
Батыс Қазақстан 344,7 588,4 32,3 50,1 3,3 442
Қарағанды 307,8 661 78,8 108,2 0,8 1812,1
Қостанай 434,4 207,7 225,2 61,8 0 3061,3
Қызылорда 164,6 548,9 3,4 47,7 19,4 384,6
Маңғыстау 6 360 0,5 28,5 28,7 25,6
Павлодар 258,5 203 56,2 48,4 0 858,3
Солтүстiк Қазақстан 301 133,8 175,9 65,5 0 1673,6
Оңтүстiк Қазақстан 412,2 2025,5 19,3 91,9 11,3 1324,6
Республика бойынша 4293 10479 1123,8 989,5 105,8 21130

2003 жылдың 01.04. кезеңiнен бастап iрi қара мал, шошқа, ұсақ қара
мал, жылқы саны ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушi шаруашылықтарда,
барлық облыстарда өстi (1 кесте).
Сол уақытта көрсетiлген кезеңде құс басы Ақмола (91%), Қарағанды және
Атырау (91,2% дан), Қостанай (96%), Павлодар (97,9%), және Кызылорда (98%),
облыстарында кемiген. Сүт өнiмдiлiгi 3220кг-нан дейiн өстi, күрке
тауықтардың жұмыртқалауы 2003 ж. Деңгейiнде (41 дана) қалды (2, 3 кесте).
2 кесте
2004 жылдың 01.04. – дегi мал және құс басының санағы

Мал түрi Мал басы, мың бастан
Шаруашылық-тыңАуылшаруа-шылыХалы қ Шаруашылық
барлық түрiндеқ мекемелер шаруашылығы қожылықтары
Iрi қара мал 5442,4 365,3 4684,8 392,3
О. Iш. Сиыр 2336,3 114,5 2073,2 148,6
Ұсақ қара мал 14258,0 864,4 11437,2 1956,4
Шошқалар 1538,7 186,9 1274,2 77,6
Жылқылар 1072,5 62,1 881,4 129,0
Түйелер 115,6 14,7 86,3 14,6
Құстар 23749,8 10993,0 12442,8 314,0

3 кесте
Қазақстан Республикасындағы түрлерi мен аймағы боынша мал басы мен таза
салмағы (2002 ж.)

Аймақтар Таза салмағы, %
Iрi Қойлар ШошқаларЖылқыларТүйелер Құстар
қара
мал
Солтүстiк Қазақстан 44,7 17,6 65,9 36,7 0,5 51,4
Оңтүстiк Қазақстан 26,2 51,7 17 31 17,6 32,5
Орталық Қазақстан 18,5 18,1 14,1 21,6 30,3 13,6
Батыс Қазақстан 10,7 12,6 2,9 10,7 51,6 2,5

1998 жылдан бастап, барлық облыстар мен түрлерiнен мал мен құс басының
өскен тенденциясы байқалады. Iрi қара мал мен шошқалар негiзiнен Солтүстiк-
Шығыс аймақтарда жоғарланған: 44,7% бен 65,9% сәйкес. Қой басы негiзiнен
оңтүстiк Қазақстанда (51,7%) орналасқан. Құс бастарының едәуiр Солтүстiк
(51,4%) және оңтүстiк (32,5%) аймақтарға келедi. Қазақстанның Батыс
бөлiгiнде тез көбейетiн мал шаруашылығы – шошқа шаруашылығы (2,9%) және құс
шаруашылығы (2,5%) берiлмеген.
Қазiргi уақытта малдың 80% үй шаруашылығында, атап айтқанда Iрi қарай
мал – 86,9%, қой мен ешкi – 82,2%, шошқалар 86,9%, жылқылар 84,6%,
сондықтан да, негiзiнен ет өндiрушiлер болып үй шаруашылығы (83%) табылады,
ал ауылшаруашылығы мекемелерi мен фермерлiк қожалықтарға тек 17%, ғана
келедi. (2 кесте).

4 кесте
Облыстар бойынша әр жылдағы ет өндiрiсiнiң көлемi

Облыстар 1991 1995 2000 2002 2002 ж. %
қатынас
1991 2000
Акмола 186,7 104,3 48,2 48,9 26,2 101,5
Ақтөбе 81,7 39 33,7 35,4 43,3 105,0
Алматы 196,2 117,8 93,1 94,7 48,3 101,7
Атырау 27,3 25,5 19,9 19,6 71,8 98,5
Шығыс Қазақстан 191,9 122,1 75,1 79,2 41,3 105,5
Жамбыл 69,5 54,1 29,3 30,6 44,0 104,4
Батыс Қазақстан 78,8 76,2 33,21 31,6 40,1 95,2
Қарағанды 102,5 52,3 33,8 38,1 37,2 112,7
Қостанай 169,5 137,7 102,8 124,2 73,3 120,8
Қызылорда 29 13,8 12,3 12,2 42,1 99,2
Маңғыстау 7,3 3,8 3,8 3,7 50,7 97,4
Павлодар 95,1 58,2 33,8 33,4 35,1 98,8
Солтүстiк Қазақстан 175,2 96,6 46,3 47,5 27,2 102,6
Оңтүстiк Қазақстан 113,3 83,4 57,3 55,4 48,9 96,7
Республика бойынша 1524 984,8 622,6 672,5 42,9 105,1

Таза салмақта ет өндiру көлемi соңғы 3 жылда бiр деңгейде орналасқан
(620-670 мың тонна). Алайда, 1995 жылмен салыстырғанда, олар 1,5 есеге,
яғни 330 мың тоннаға кемiген. Қазақстанның табиғи климаттық жағдайының
әртүрлiлiгi мал құрамының айырмашылығына және ет өндiру көлемiне аймақтарға
қарай әсерiн тигiзедi. (4 кесте). Ең көп ет ресурсымен Солтүстiк Қазақстан
(50,9%) мен оңтүстiк Қазақстан (27,6%) алға шығады, ал аздап өндiрушiлер –
Орталық (13,2%) және Батыс (8,3%) аймақтарда. Республиканың шикiзат базасы
ет бойынша 2002 жылы 672,5 мың тоннаны немесе 43% 1990 ж. Қарағанда құрады.
Ең iрi ет өндiрушiлер мен тапсырушылар Қостанай облысы –124 мың тонна
немесе республикалық көлемнiң 19%-ы, Алматы – 94,7 мың тонна немесе 14%,
болып табылады. Осы облыстар өндiрген ет көлемi оның қажеттiлiгiн 196 мен
168%-ға сәйкес қамтып отырады, Ақмолада - 107%-ға. Пайдалану деңгейiнде
және өзiн-өзi қамтамасыз етiп өндiрушi облыстар: Атырау, Ақтөбе, Батыс
Қазақстан, Солтүстiк-Қазақстан, Онтүстiк Қазақстан. Өз қажеттiлiктерiн ет
өндiрумен жаба алмайтын облыстар қатарына жататын: Қарағанды, Маңғыстау
және Қызылорда. Одан басқа, ең iрi пайдаланушылар мен ет сататын тартымды
нарығы бар республикалық тұрғыдағы қалалар Астана мен Алматы.
5 кесте
1990-2002 жылдары ҚР түрлерi бойынша ет өндiру көлемi

Аталымы 1990 1994 2000 2002 2002г. в % к
1990 2002
Ет, барлығы 1524 1207 622,6 672,5 42,9 105,1
оның iшiнде
Сиыр етi 694,5 641,6 306,3 310,5 40,6 94
Қой етi мен ешкi 284,6 251,8 91,2 92 32,2 100,5
етi
Шошқа етi 275,4 158,2 1333,4 181 65,8 135,9
Құс етi 200,9 80,2 33 34 16,9 103
Жылқы және түйе етi68,2 68,3 54 55 80,6 101,9

Ет өндiру, құрылымында ерекше орында сиыр етi (45%) мен шошқа етi
(28%) тұр. Соңғы жылдары жалпы көлемi мен таза салмағының өсу тенденциясы
сиыр етiне қарағанда шошқа етне тән болып отыр.
6 кесте
1995-2002 жылдарда ҚР жан басына шаққанда еттi пайдалану

Аталым Еттi пайдалану, кг
1995 1996 1997 1998 1999 2000 2001 2002

2001 жылы ет пайдалану жан басына шаққандағы ең аз мөлшер 41,6 орнына
44,9 немесе 7% астамды құраған (6 кесте).
Соңғы 10 жылда малшаруашылығы шикiзатының тапшылығы пайда болғанда
жылдан-жылға еттi дайындау өндiрiсiнiң салмағы азайып келедi. Дамыған
елдерде өндiрiстiк дайындауға мал мен құс етiнiң 90% тап болады, ол дұрыс
және комплекстi пайдалануды, яғни сол сияқты басқада ет өнiмдерiне шикiзат
жұмсауды, озық техника мен прогрессивтi технологияны өндiрудi, сапасын және
өндiрiлген өнiмнiң бәсекелестiгiн арттыруды, оның ассортиментiн кеңейтудi,
еңбек өнiмдiлiгiн көтерудi және дайын өнiмнiң өзiндiк құнын түсiрудi
қамтамасыз етедi. Бiздiң елiмiзде осы бағытта нарықтық реформа жылдарында
бәрiде керiсiнше жүргiзiлдi, соңғы жылдар мал шаруашылығы шикiзатының 34
ауылшаруашылылығы өнiмдiрiн өндiрушiлердiң нашар технологияларында
дайындалды, сондай-ақ малды қосалқы шаруашылық қасапханаларында сойяды, ол
өндiрiстiк мекеме жағдайын қиындатты, шикiзат тапшылығын тудырды.
Қазiргi кезде республикада iрi және орта етдайындаушы 64 мекеме,
қуаттылығы 687,6 мың тонна бiр кезекте немесе 30,5% 1990 жылға қарағанда,
бар. Көптеген мекемелер шикiзатпен қамтамасыз ет мен айналымдық
құралдарының жетiспеушiлiгiнен толық жұмыс iстей алмауда немесе тiптi тұрып
қалды. Елiмiздiң оңтүстiк және батыс аймақтарындағы мекемелер мүлдем тоқтап
қалды. Мысалы, Оңтүстiк Қазақстан облысында 4 iрi еткомбинаты тоқтап тұр,
атырау мен Маңғыстау облыстарында ет дацындау өндiрiсi мүлде жоқ, ал
Қызылорда мен Жамбыл облыстарында тек орта қуаттылықпен тек бiр-бiрден ғана
мекеме жұмыс iстеуде. Әсiресе, қатты зардап шеккен ет индустриясының
алыптары – Семей, Қарағанды және Петропавл еткомбинаттары, олар жаңа
экономикалық жағдайларда тиiмсiз болып қалды да, нәтижесiнде банкроттыққа
ұшырады.
7 кесте
1990-2002 жылдары Қазақстан республикасында
дайындалған ет өнiмдерiнiң өндiрiсi

Аталымы Ет өндiрiсi, мың тонна
1990 1995 1996 1997 1998 1999 2000 2002
Ет пен өсiмдiк - 38,3 12,1 1,6 0,5 1,0 1,5 1,8
консервiлерi
Шұжық өнiмдерi 157,9 34,8 21,8 15,9 11,9 9,7 12 12,2

Ет пен субөнiмдер дайындау соңғы жылдары 77 мың тонна деңгейiнде, яғни
көрсеткiштерден төмен болып отыр: 1990 жылы 12 есе; 1995 жылдары – 3,6 есе;
1999 жылы – 1,3 есесге (7 кесте). Әсiресе,1995 ж. Салыстырғанда ет пен ет
өсiмдiк консервiлерiн өндiру қатты қысқарған – 20 есеге дейiн, ал 1999
жылдан бастап аздаған өсiм байқалады.
8 кесте
Жалпы өндiрiстi еттi дайындау көлемi

Аталымы Ет өндiрiсi, мың тонна
1990 1995 1996 1997 1998 1999 2000 2002
Өндiрiстiк
дайындау ет пен 1103,9318,3 201,2 177,1 119,5 111,792,8 92,8
есептегенде
Өндiрiстiк жалпы
көлемiнен 71,3 32,3 23,6 24,3 18,6 17,6 14,9 14,1
дайындалуы, %

Бүгiнгi күнi республикада өндiрiлген еттiң 14% ғана өндiрiстiк
өндеуден өтедi, бұл 12 есе аз 1990 жылмен салыстырғанда (8кесте).
Республика бойынша пайдалану қуаттылығының нақты коэффициентi 10 % құрайды.
Әсiресе ол ет консервiлерiн өндiруде – 3,3 % )37,2 мың тонна), ет пен
субөнiмдердi дайындауда – 4,1% (209,5 мың тонна), өте төмен жағдай шұжық
өндiрiсiнде - 15% (48,2 мың тонна) бiршама жақсы. Бұндай жағдайдың басты
себебi мекемелердiң шикiзатпен қажеттi саны мен сапасына қарай қамтамасыз
етiлмеуi. Мәселе – үлкен территориалды қашықтықта, ұзақтығында және
малқасапханалары орындарында шикiзат көздерiнiң толықтығын төмендеттi.
Басқа региондар немесе шетелдерден шикiзат дайындау транспорттық
шығындарына байланысты пайдасыз деп саналады. Әрине, үнемi қуаттылығы
пайдаланылмағандықтан негiзiнен iрi және орта қуатты мекемелер зардап
шегедi. Малды өндiрiстiк өңдеу деңгейiнiң құлдырауы мал басының
қысқаруымен, ауылдық жерде меншiк түрiнiң өзгеруiмен де тiкелей байланысты.
Бүгiнде мал басының 85% халықтың жеке қорасында, ал қалған 15% ауыл
шаруашылық мекемелерi мен фермерлiк шаруашылық құзырында. Бұл жағдай,
республикадағы мал шаруашылығы дамуының тиiмдi малды өндiрiстiк өңдеу
сияқты бiрқатар мәселелердi тудырды. Сондай-ақ, малдарға малдәрiгерлiк
қызметтi ұйымдастыру мен өткiзудiң мiндеттiлiгiн қиындатты. Малды жекелей
қасапшылық жасаған жағдайда еттiң, терi шикiзатының сапа жоғалып, бағалы
өнiмнiң түрлерi терең өңдеуден әрi қарай жүргiзiлмейдi, мыс қаны,
эндокриндiк шикiзат, конфискаттары және т.б.
9 кесте
1995-2002 жылдары Қазақстан Республикасының iшкi
нарығының аумағын талдау

Аталымы 1995 1996 1997 1998 1999 2000 2002
Шұжық өнiмдерi
Өндiрiсi 34800 21800 15900 11900 9700 12000 12200
Экспорт 3880,9 355,5 54,5 188,7 0,7 0,33
Импорт 352,3 1154,4 6639 4091 2861 7673,28087
Iшкi нарық 31272 22595,922485 15802 12561 19673 21187
Iшкi нарықтағы 100,0 96,5 71,0 75,0 77,2 61,0 58,0
өзiндiк өндiрiс %
қатынаста
Iшкi нарықтағы 0,0 3,5 29,3 24,7 22,8 39,0 42,0
импорт % қатынаста
Ет және ет өсiмдiк консервiлерi
Өндiрiсi 38250 13112 1621 478 987 1466 1800
Экспорт 9367,8 2987,6 830,3 96,3 125,4 166,6 26
Импорт 1488,5 1409,6 3761 4081 3237 2783 3191
Iшкi нарық 30371 11543 4553,7 4462,74098,6 4082,44965
Iшкi нарықтағы 100,0 100,0 35,6 10,7 24,1 35,9 36,0
өзiндiк өндiрiс %
қатынаста
Iшкi нарықтағы 4,9 12,2 64,4 89,3 75,9 64,1 64,0
импорт % қатынаста

1999 жылдан бастап шұжық өнiмдерiнiң iшкi нарығы үнемi өсiп отырға
және 2002 жылы көрсетiлген жыл деңгейiнен 1,7 есеге асып түскен. Соның
өзiнде импорт осы жылдары 3,1 есеге артқан. (9 кесте). Соның нәтижесiнде
импорт үлесi 23 тен 42% өскен, ал бiздiң өндiрiс 77,2 ден 58%-ға дейiн
төмендеген. Ет пен етөсiмдiк консервiлерiнiң iшкi нарығы 90-шы жылдардан
кейiн негiзiнен шетел өнiмдерi есебiнен қалыптасқан. 1998 жылдан бастап
импорттың 189-дан 64%-ға дейiн төмендеу тенденциясы байқалады және
өзiмiздiң өндiрiс үдесiнiң 11-ден 36%-ға дейiн өскенiн көрсетедi. Етөңдеушi
мекемелердiң қазiргi техникалық хал-ахуалы жаңару мен реконструкцияны талап
етiп отыр-олар шығынды көп шығарады және тиiмсiз. Ол мекемелердiң
көпшiлiгiнде 60-80-шi жылдары шығарылған жабдықтар тұр, ескiрген
технологиялар пайдаланылады. Жаңа заман технологияларын ендiру отандық
өнiмдердiң iшкi және сыртқы саудада бәсекелестiкке түсуiне кедергi жасады.
Осыған байланысты соңғы жылдары экспорт-импорт операцияларында сәйкессiздiк
(диспропорция) байқалуда.
10 кесте
1999-2002 жылдарда Қазақстан Республикасы Ет өндiрiсi
(таза салмақта)

Жылдар Шаруашылықтың Ауылшаруа-шылықЖеке қосалқы Шаруа
барлық мекемелерiнде шаруашыл-ықтарқожалық-тарын
категорияларында да да
1999 634,9 51,7 546,4 236,8
2000 622,6 40,3 543,0 39,3
2001 654,2 40,8 580,9 32,8
2002 672,5 43,2 596,7 32,7

11 кесте
Қазақстан Республикасы құс және мал басы саны
шаруашылық барлық категориясы

Жылдар Мал басы, мың бастан
IКМ ҰКМ шошқа жылқы түйе Құс (млн)
1999 3998,2 9656,7 984,2 969,6 96,1 18,0
2000 4106,6 9981,1 1076,0 976,0 98,2 19,7
2001 4293,5 10478,6 1123,8 989,5 103,8 21,1
2002 4569,5 11273,0 1229,8 1019,3 107,5 23,8
Ауылшаруашылық өнеркәсiп
1999 353,8 1114,2 117,0 87,2 16,2 8,7
2000 344,4 949,8 103,0 72,7 14,7 9,6
2001 340,9 897,0 116,3 67,2 15,1 10,1
2002 342,3 850,0 152,0 62,2 14,7 11,9
Меншiктi шаруашылық қожалығы
1999 3413,9 7675,4 839,0 393,5 71,6 9,1
2000 3552,7 8190,9 941,3 824,5 74,8 9,9
2001 3731,6 8607,7 976,1 837,2 78,9 10,8
2002 3935,4 9151,7 1074,6 853,4 81,7 11,7
Шаруа қожалықтарында
1999 230,5 867,1 28,2 88,9 8,3 0,2
2000 209,5 840,4 31,7 78,8 8,3 0,2
2001 221,0 973,9 31,4 85,1 9,8 0,2
2002 281,8 1271,3 43,2 103,8 11,1 0,2

Орта салмағы
Аталуы 1999 2000 2001 2002
IКМ 327 319 293 292
Шошқа 103 98 101 104
ҰКМ 41 39 39 40

12 кесте
ҚР малдың орта салмағы, кг
Аталуы 1999 2000 2001 2002
IКМ 327 319 293 292
Шошқа 103 98 101 104
ҰКМ 41 39 39 40

13 кесте
ҚР 1 адам басына шаққандағы қабылданатын ет өнiмi, кг
Аталуы 1999 2000 2001 2002
Ет 43 42 44 45

14 кесте
ҚР 1 адам басына шаққандағы қабылданатын ет мөлшерi, кг
Аталуы 1999 2000 2001 2002
Ет 44 44 44 45

15 кесте
1999-2002 ж.ж. ҚР ресурстарды және ет өнiм Дер Дi қолдану

Аталуы Ет ресурсы, мың тонна
1999 2000 2001 2002
Жыл басындағы қор 85,5 59,7 51,3 57,5
Өндiрiсi 634,9 622,6 654,5 672,6
Импорт 26,1 39,9 48,1 69,7
Барлық ресурс 746,5 722,2 753,9 7799,8
Қолдануы
Өндiрiс қолдануы 8,7 7,0 7,7 9,2
Шығымы 3,1 2,4 3,3 10,4
Экспорт 13,2 1,3 4,4 1,1
Меншiктiк қолдануы 661,8 660,3 681 706,5
Жыл аяғындағы қор 59,7 51,3 57,5 72,6

16 кесте
01.04.2004ж. ҚР мал мен құстың саны

Жануар түрi Барлығы АуылшаруашылығХалық Ауылшаруашылығ
ы шаруашылығы ы
2004 % 2003 2004 % 2003 2004 % 2003 2004 % 2003
ҰҚМ 14258 109,7 864,4 104,3 11437,2107 1956,4 132,7
Шошқа 1538,7 109,5 186,9 113,5 1274,2 107,9 77,6 129,8
Ат 1072,5 104,9 62,1 103,2 881,4 102,9 129,0 122,5
Түйе 115,6 105,8 14,7 101,4 86,3 104,4 14,6 120,7
Құс 23749,8101,4 10993,091,8 12442,8110,9 314,0 141,6

17 кесте
ҚР 2004 жылдың 01.04.-не мал басының санына қарай жекелеген қожалықтар
категориясының үлесi, (%)

Мал түрi Ауылшаруашылық Халықтың Шаруа қожалықтары
мекемелерi қожалықтары
2004ж 2003ж 2004ж 2003ж 2004ж 2003ж
Iрi қара мал 7 7 86 87 7 6
Ұсақ қара мал6 7 80 82 14 11
Шошқалар 12 12 83 84 5 4
Құстар 46 51 53 48 1 1

2004 жылдың 1 тоқсанында 265,7 мың тонна ет өндiрiлген оның iшiнде
ауылшаруашылық мекемелерiмен – 19,6 мың тонна, халық қожалықтарымен – 229,7
мың тонна, шаруа қожалықтарымен – 16,4 мың тонна [2] (табл. 5). Ет пен ет
өнiмдерiнiң экспорты 2002 жылы 1995 жылға қарағанда 20 еседен астамға
қысқарып, барлығы 5,1 мың тоннаны құрады. 2002 жылы импорт көлемi
экспорттан 10 есеге дейiн асып, 1999 жылдан бастап өсу тенденциясы
байқалады. 2002 жылы шұжық өнiмдерiнiң импорты 8987 тоннаны құрады. 1999ж.
Салыстырғанда импорт үш есеге дейiн көбейiп, соңғы 5 жылда шұжық өнiмдерi
мүлдем экспортқа шығарылмайды. Соңғы бес жылда ет және етөсiмдiк
консервiлер импорты 3-4 мың тонна деңгейiеде тұр. 2002ж. Импорт экспорттан
123 есеге дейiн артқан, ал ет және етөсiмдiк консервiлерiнiң экспорты соңғы
жылдары ең аз деңгейде (26-167 тонна) қалған және 1995 жылмен салыстырғанда
100 немесе одан да көп есеге қысқарған. Ет өнiмдерін iшкi саураға әкелушi
негiзгi жабдықтаушы Ресей Федерациясы болып отыр. Бұл елден импорт алу
үлесi 2002 жылы шұжық өнiмдерiнен 99,4% (9987 тонна), ет және етөсiмдiк
консервiлерiнен 95,6% (2900,7 тонна) құрады. Қазiргi жағдайды және
етөңдеушi саланың мүмкiндiктерiн талдау көрсеткендей, соңғы жылдары
етөнiмдерiн өңдiруде оңтайлы тенденциялар байқалады: ассортиментi кеңейiп,
шығарған өнiмнiң сапасы жақсарған, өндiрiс жаңалып жетiлуде, жаңа
технологиялар мен мал етiнiң шикiзатын, өңдеудiң тиiмдi тәсiлдерi
ендiрiлген. Дәстүрлi өнiмдерден басқа, отандық өндiрушiлер жаңа өнiмдер мен
түрлi дайындық дәрежесiндегi жартылай дайын өнiмдердi шығаруды, оның iшiнде
вакуумдық ораудағы, бастауы және де бiр қуанарлық жайт, 1999 жылдан бастап
мал басының барлық түрi көбеюде. Оның өзiнде шаруашылық қожалықтардағы мал
үлесi 2004 жылдың I тоқсанында 120 дан 140% -ға дейiн артқан, бұл салыстыру
2003 жыл кезеңмен талданып қарағанда.
Ет саудасы ауылшаруашылығы өнiмдерiнiң басқа түрлерiне қарағанда,
тұрақты және маусымдық ауытқуға жатпайды. Шикiзат (тiрi мал мен ет) пен
дайын өнiмдердiң (шұжық өнiмдерi, консервiлер жартылай дайын өнiмдер)
бағасы жылдан-жылға өсiп отыру тенденициясына ие және ет түрi мен мал
қондылығына тәуелдi болады. Республика бойынша тiрi малдың, шошқадан басқа,
орта сатылым бағасы бiр деңгейде тұрады, яғни (120-130) мың. теңге тiрi
салмақтағы бiр тоннасына есептегенде. Аймақ бойынша мал мен сауда түрiне
қарай ауытқып тұрады. Ең жоғары баға: iрi қара малға Қызылорда мен Атырау
облыстарында, қойға – Ақмола мен Оңтүстік Қазақстан облыстарында шошқаға –
Қарағанды мен Ақмола облыстарында орнаған. Ауылшаруашылық малдарының барлық
түрiне ең төмен баға Қостанай, Солтүстiк Қазақстан және Павлодар
облыстарында орнаған. Рессей соңғы он жылдық бойына бiздiң саудаға шұжық
өнiмдерi мен ет консервiлерiн әкелуден жалғыз да негiзгi жабдықтаушы болып
отыр. Жоғары импорттың негiзгi себебi ет пен етөнiмдерiн өңдеушi
өндiрiстердiң тиiмсiздiгiмен , алға итермеушiлiк саясаты мен етөндiрушi
салаларға мемлекет тарапынан қолдау шараларының болмауынан болып отыр. Атап
айтқанда отандық өнiмдердiң бәсекелестiгiн көтеруге бiздiң салық салу
жүйесi керi әсерiн тигiзерi, яғни шығындрын толық өтеудi қарастырмайды.
Одан басқа, дайын өнiмдердiң қымбат болуына энергия бағасының жоғарылауы
банктiк ұтыс пайызының көп болуы несие алғанда, елед шығарылмайтын
материалдар мен шикi затты импортқа алу мәжбүрлiлiгi, еткомбинаттары
орналасқан тұсқа мал басының дұрыс шоғырланбауы мен алыстығы әсерiн
тигiзедi.
Республика өндiрiлген ет және етөнiмдерiнiң сапасы жалпы алғанда
тиiстi дәрежеде және негiзiнен стандартқа сәйкес.
Отандық өнiмдер өзiнiң дәмi мен диетикалық қасиеттi жағынан шетелдiк
өнiмдерге жол бермейдi, ал кейбiр жағынан асып тұр.
Бұл ет өнiмдерiнiң негiзiнен табиғи және экологиялық таза шикiзаттан
өндiрiлуiне байланысты. Сондықтан да отандық өнiмдер баға жағынан бәсеке
түспейдi. Соңғы жылдары еттi үнемдеу және өнiмнiң өзiндiк құнының төмендету
мақсатында, кейбiр шұжық өнiмдерi мен жартылай дайын өнiмдердi шығарушылар
түрлi толтырушылар мен жануар мен өсiмдiк белоктарынан тұратын қосындылар
пайдаланып жұр.
Ет пен етөнiмдерi өндiрiсi сферасында 386 стандарт пен техникалық
жағдайлар қызмет етiп отыр, оның iшiнде 137 – мемлекет аралық (ТМД), 18 –
халықаралық (ИСО), 14 – Қ.Р. стандарты, 217 – техникалық жағдайлар (ТЖ).
Қызмет етiп отрыған стандарттардың жалпы санынан 80%-дан астамы 1990 жылға
дейiн қабылданғандар халықаралық норма мен тарапқа сәйкес 300-ге жуық
стандарт пен ТЖ қайта қарап және сәйкестендiрудi қажет етiп отыр.
Ет өңдеушi саланың дамуына кедергi жасап отырған келесi факторлар:
- өңдеушi мекемелер жұмысын үйлестiрушi мемлекттiк органдардың
болмауы;
- көптеген мемлекеттердiң материалды-техникалық базасының төмен
деңгейi, техника мен шикi затты өңдеудегi терең комплекстiң болмауы шикi
зат шығаратын орындардан өңдеушi мекемелердiң алыс орналасуы;
- ауылшаруашылық шикi заттың жеткiлiктi мөлшері мен сапа тапшылығы,
шикi зат пен дайын өнiмдердi сатып алатын инфрақұрылымның болмауы,
тоуарөндiрушi ммен өңдеушiлер асарындағы байланыстың болмауы;
- кәсiпкерлiк климаттың қолайсыздығы, отандық тоуарөндiрушiлердi
қорғаудың тиiмдi шараларының жетiспеушiлiгi;
- жоғары және орта буын бiлiктi мамандардың тапшылығы жаңа
экономикалық жағдайда ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шұжық жасау технологиясы
Өлімнен кейінгі қатаю
Жылқы етін консервілеу технологиясын жетілдіру және рецептурасын құрастыру
Жылқы ұшасын бөлшектеу
Фермент активтілігіне температура әсері
Сойғаннан кейін болатын бұлшықеттердегі өзгерістер
Етті және ет өнімдерін суықпен өңдеу және сақтау
Жылқы етінің химилық құрамы
Өнімнің белгілі бір түрін өндірудің технологиялық схемасы
Еттің тағамдық құндылығы. Еттің биологиялық құндылығы
Пәндер