Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі және оның атқаратын қызметі


Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 51 бет
Таңдаулыға:   

университеті

“” кафедрасы

Курстық жұмыс

“Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі және оның атқаратын қызметі”

Орындаған:

Тексерген:

қаласы 2015 ж

Жоспар:

І. Кіріспе . . . 3

1. 1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі . . . 5

ІІ. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасының құрамы . . . 7

2. 1. Қазақстан Ұлттық Банкінің функциялары мен
өкiлеттiктерi . . . 8

2. 2. Қазақстандағы пайыздық саясаттың мәні . . . 12

2. 3. Ақша-несие саясатының түрлері . . . 14

ІІІ. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық актiлерi . . . 18

3. 1. 2014 жылы макроэкономикалық даму . . . 19

3. 2. 2014 жылғы ақша-кредит саясаты және инфляциялық үдерістер . . . 22

3. 3. 2015 жылғы ақша-кредит саясатының құралдары . . . 26

IV. Ақша айналысы және ақша бiрлiгi . . . 29

4. 1. Шетел валютасындағы және бағалы металдардағы
активтермен жасалатын операциялар . . . 31

4. 2. Қазақстан Ұлттық Банкінің және оның ведомствосының
бақылау мен қадағалау жөніндегі өкілеттіктері . . . 35

V. Қорытынды . . . 45

VI. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 47

І. Кіріспе

Мемлекеттің деңгейі мен негізін анықтауда экономика негізгі рөл атқарады. Оның әрбір саласын сәйкестілікпен жұмылдыру маңызды іс болып табылады. Әрбір елдегі нарықтық қатынастардың маңызды бөлігін несие мекемелері құрайды, яғни банк тараптары басты рөл атқарады.

Менің бұл тақырыпты таңдау себебім - Ұлттық Банк - еліміздің эмиссиялық және резервтік орталық ретінде ақша - несие және валюта саясатын анықтайтын және маңызды жүйелерді реттеуші болғандықтан, оны тереңірек түсініп, танып білгім келеді.

Республиканың Ұлттық банкінің ең басты мақсаты - экономиканы төлем құралдарымен үздіксіз жабдықтауды қамтамасыз ету және елдің барлық несие жүйесінің қызмет етуіне жағдай жасау, есеп айырысу жүйесін қалпына келтіру, банк қызметін реттеу болып табылады. Ол басқа қаржы - несие құралдарымен бәсекелеспейді және өз қызметінде пайданы табу мақсатын көздемейді.

Ұлттық Банктің тарихына тоқталатын болсам, Қазақстан Республикасының Орталық банкі еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін КСРО Мембанкінің Республикалық Кеңесінің негізінде 1990 жылдың желтоқсанында алғашқыда Қазақстанның Мемлекеттік банкі ретінде құрылып, ал 1995 жылдың наурызынан Қазақстан Ұлттық Банкі деп аталды. Ол республикадағы банк жүйесінің жоғары деңгейдегі банк, өз қызметін Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 30 наурыздағы «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы» Заң күші бар Жарлығы бойынша жүргізеді және осы Жарлыққа сай Президентке есеп береді. Сонымен қатар Ұлттық банк өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын және басқа заңдарды, халықаралық шарттар мен келісімдерді басшылыққа алады.

Ұлттық Банкінің маңызды қызметі - банктердің, жинақ және тағы басқа несиелік мекемелердің резервтер деп аталатын салымдарын сақтау болып табылады. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк туралы» және «Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы» заңдарына сәйкес барлық мекемелер өз резервтерін Ұлттық банкіде сақтауы тиіс, өйткені жоғарыда айтылғандай, олардың ақша айналысын реттеуде, коммерциялық банктердің несиелік қызметін реттеу және өтімділікті қамтамасыз ету үшін стратегиялық маңызы бар.

Ұлттық Банк ― коммерциялық банктерді және басқа да қаржылық ― несиелік мекемелерді несиелеу қызметін атқарады. Ол ― жалпы банктік жүйені қолдау мақсатында аукциондық негізде, ломбардтық несиелерді және РЕПО операциялары арқылы несие береді.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi (Қазақстан Ұлттық Банкi) Қазақстан Республикасының орталық банкi болып табылады және Қазақстан Республикасы банк жүйесiнiң жоғары (бiрiншi) деңгейiн бiлдiредi.

Қазақстан Ұлттық Банкiнiң негiзгi мақсаты мен мiндеттерi Қазақстан Ұлттық Банкiнiң негiзгi мақсаты Қазақстан Республикасында баға тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады.

Негiзгi мақсатты iске асыру үшiн Қазақстан Ұлттық Банкiне мынадай мiндеттер жүктеледi:

  • мемлекеттiң ақша-кредит саясатын әзiрлеу және жүргiзу;
  • төлем жүйелерiнiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету;
  • валюталық реттеу мен валюталық бақылауды жүзеге асыру;
  • қаржы жүйесiнiң тұрақтылығын қамтамасыз етуге жәрдемдесу.

Осы аталған Ұлттық банктің міндеттері мен қызметтерінің тиімді жүргізілуі ұлттық экономиканың тұрақты дамуын, инфляция деңгейінің төмен шамасын қамтамасыз ету, валюталық операциялардың бір ізге түсуін, елдің жалпы қаржы жүйесінің дамуын жүзеге асырады. Сондықтан Ұлттық банктің еліміздің орталық банкі ретіндегі экономикадағы атқаратын қызметтері мен саясаттарын толық зерттеп қарастыру менің осы жұмысымның мақсаты болып табылады. Сондықтан мен жұмысымның тақырыбын «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі» деп алдым.

Бұл тақырыптың өзектілігі Ұлттық банк еліміздің несие және банк жүйесінің негізгі құрылымы және бүкіл экономиканы реттейтін экономикалық құрылғы болып табылады. Бүгінгі таңда Ұлттық банк өзінің атқаратын ақша-несие саясаттарының механизмдері бойынша Еуропа кеңістігінің стандарттарына өтуде. Сондай-ақ Ұлттық банкіміз ТМД елдері бойынша нағыз классикалық банктің операциялары мен саясаттарын жүргізіп отырған жалғыз банк болып табылады. Яғни, ТМД елдерінің Орталық банкі деп те атасақ болады.

Мен курстық жұмысымның барысында, жалпы Ұлттық Банктің ұғымына, мәніне, мақсатына, оның операциялары мен қызметтеріне, құрылымы мен басқару органдарына тоқталып өтемін.

Курстық жұмысты көрсетілген талаптарға сай орындау үшін еліміздегі Ұлттық Банк мәселелерін талдау бойынша, жарық көрген бірнеше әдебиеттерді, газеттерді қолдандым.

1. 1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі

Қазақстан Республикасының орталық банкі болып табылады және Қазақстан Республикасы банк жүйесінің жоғарғы (бірінші) деңгейін білдіреді. Ерекше құқықтық мәртебесі бар Қазақстанның Даму Банкін қоспағанда, барлық өзге банктер банк жүйесінің төменгі (екінші) деңгейін білдіреді.

Ұлттық Банк өзінің құзыреті шегінде басқа елдердің орталық банктерімен және банктерімен қарым-қатынастарда, халықаралық банктерде және өзге қаржы-несиелік ұйымдарда Қазақстан Республикасының мүддесін білдіреді.

Ұлттық Банк өзінің міндеттерін орындау кезінде пайда алу мақсатын басшылыққа алмауы тиіс.

Ұлттық Банк Қазақстан Республикасының Президентіне бағынышты, бірақ өз қызметін жүзеге асыруда оған заңнамада берілген өкілеттіктер шегінде тәуелсіз.

Ұлттық Банк өз қызметін Қазақстан Республикасының Үкіметімен үйлестіреді, өзінің қызметінде Үкіметтің экономикалық саясатын ескеріп отырады және егер өзінің негізгі функцияларын орындауға және ақша-несие саясатын жүзеге асыруға қайшы келмейтін болса, оны іске асыруға жәрдемдеседі.

Ұлттық Банк сатылап бағыну схемасы бар біртұтас орталықтандырылған құрылымнан тұрады. Ұлттық Банктің жоғары органы Басқарма, ал жедел басқару органы Директорлар кеңесі болып табылады.

Ұлттық Банктің негізгі мақсаты Қазақстан Республикасында баға тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады. Негізгі мақсатын іске асыру үшін Ұлттық Банкке мынадай міндеттер жүктеледі:

мемлекеттің ақша-несие саясатын әзірлеу және жүргізу;

төлем жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

валюталық реттеуді және валюталық бақылауды жүзеге асыру;

қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге жәрдемдесу.

Ұлттық Банк өзiне жүктелген мiндеттерге сәйкес мынадай негiзгi функцияларды орындайды:

Қазақстан Республикасында мемлекеттiк ақша-несие саясатын жүргiзедi;

Қазақстан Республикасының аумағында банкноталар мен монеталардың эмиссиясын жүзеге асырады;

банктердiң банк функцияларын жүзеге асырады;

Қазақстан Республикасының Yкiметі және келісімдері бойынша басқа да мемлекеттiк органдар үшін банк, қаржы жөнiндегi кеңесшi және Үкіметтің агенті функцияларын жүзеге асырады;

төлем жүйесінің жұмыс істеуін ұйымдастырады;

Қазақстан Республикасында валюталық реттеудi және валюталық бақылауды жүзеге асырады;

Ұлттық Банктің алтын валюта активтерiн басқарады;

қаржы ұйымдарының қызметін бақылауды және қадағалауды, сондай-ақ олардың Ұлттық Банктің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша қызметін реттеуді және басқасын жүзеге асырады;

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлік баcқаруды жүзеге асырады.

Ұлттық Банктің құрылымына мыналар кіреді:

25 департаменттен (1 департамент Астана қаласында), 4 дербес басқармадан тұратын орталық аппарат;

16 аумақтық филиал және Алматы қаласындағы бір филиал - Кассалық операциялар және құндылықтарды сақтау орталығы;

Ұлттық Банктің Ресей Федерациясындағы Өкілдігі;

4 есеп беретін ұйым:

«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорны;

«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банктік сервис бюросы» шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорны;

«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан теңге сарайы» шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорны;

«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банкнот фабрикасы» шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорны.

Ұлттық Банк:

«Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры»;

«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің «Q-BRO» Резервтік Орталығы»;

«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы»;

«Бағалы қағаздардың бірыңғай тіркеушісі»;

«Проблемалық кредиттер қоры» ;

«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ұлттық инвестициялық корпорациясы» ;

«Мемлекеттік кредиттік бюро»;

«Бағалы қағаздар орталық депозитарийі»;

«Қазақстан қор биржасы»;

«Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының академиясы»;

«Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының рейтингтік агенттігі»

акционерлік қоғамдарының акционерi болып табылады.

II. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасының құрамы

Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Басқармасы 9 адамнан тұрады.

Қазақстан Ұлттық Банкi Басқармасының құрамына Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Төрағасы және Қазақстан Ұлттық Банкiнiң төрт лауазымды адамы Қазақстан Республикасының Президентiнен бiр өкiл және Қазақстан Республикасының Үкiметiнен екi өкiл, сондай-ақ уәкiлеттi органның басшысы кiредi.
Қазақстан Ұлттық Банкi Басқармасының құрамына Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы және Қазақстан Ұлттық Банкінің бес лауазымды адамы, Қазақстан Республикасының Президентiнен бiр өкiл және Қазақстан Республикасының Үкіметінен екi өкiл кiредi.

Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Төрағасы

Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Төрағасын Парламент Сенатының келiсiмiмен Қазақстан Республикасының Президентi 6 жыл мерзiмге тағайындайды.

Төраға Қазақстан Ұлттық Банкi атынан iс-әрекет етедi және мемлекеттiк органдармен, банктермен, қаржы ұйымдарымен, халықаралық, шетелдiк және басқа ұйымдармен қарым-қатынаста Қазақстан Ұлттық Банкiн сенiмхатсыз-ақ бiлдiредi.

Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Төрағасына Қазақстан Ұлттық Банкiнiң қызметiне байланысты мәселелер бойынша, осы Заңда Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Басқармасына арналып ескерiлген өкiлеттiктердi қоспағанда, жедел және атқарушы-өкiмшi шешiмдер қабылдау, Қазақстан Ұлттық Банкiнiң атынан шарттар жасасу өкiлеттiгi берiлген.

Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Төрағасы Қазақстан Ұлттық Банкiнiң қызметi үшiн жауапты.

Қазақстан Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасарлары

Қазақстан Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасарларын Қазақстан Ұлттық Банкi Төрағасының ұсынуымен Қазақстан Республикасының Президентi, Қазақстан Ұлттық Банкi Төрағасының тағайындалу мерзiмiне қарамай, 6 жыл мерзiмге тағайындайды.
Төрағаның орынбасарлары Қазақстан Ұлттық Банкiн сенiмхатсыз-ақ бiлдiредi, өз құзырының шегiнде құжаттарға қол қояды.

Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Төрағасы қызметiнен кетерiнен екi ай бұрын Қазақстан Республикасының Президентiне өзiнiң жазбаша өтiнiшiн берiп, қызметiнен кетуге құқылы.
Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Төрағасын Қазақстан Республикасының Президентi қызметiнен босатады.
Төрағаның орынбасарларын Қазақстан Ұлттық Банкi Төрағасының ұсынуымен Қазақстан Республикасының Президентi қызметiнен босатады.
Қазақстан Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасарлары қызметiнен кетерiнен екi ай бұрын Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Төрағасы арқылы Қазақстан Республикасының Президентiне өзiнiң жазбаша өтiнiшiн берiп, орнынан түсе алады.

2. 1. Қазақстан Ұлттық Банкінің функциялары мен өкiлеттiктерi

Қазақстан Ұлттық Банкі:
1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік ақша-кредит саясатын әзірлейді және жүргiзедi;
2) мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды эмиссиялайды;
3) Қазақстан Республикасының ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарының жалғыз эмитентi болып табылады және Қазақстан Республикасының аумағында қолма-қол ақша айналымын ұйымдастырады;
4) банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды тасымалдауды, сақтауды және инкассациялауды қамтамасыз етуге қатысады, банкноттардың, монеталардың және құндылықтардың резервтiк мемлекеттік қорларын құрады;
5) қаржы ұйымдары мен олардың филиалдарының үй-жайларды орналастыруға қойылатын талаптарды сақтауын бақылауды жүзеге асырады;
6) банкаралық ақша аударымдары жүйесін, банкаралық клиринг жүйесін және пайдаланушылар арасында Қазақстан теңгесімен ақша аударымдарын жүргізуді қамтамасыз ететін басқа да төлем жүйелерін реттейді және қадағалауды (оверсайт) жүзеге асырады;
7) егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ақша төлемдерi мен аударымдарын реттеу мақсатында, банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар және кәсіпкерлік қызмет субъектілері банк шоттары бойынша жүзеге асыратын төлемдердің кезектiлiгiн Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң келiсімі бойынша белгiлейді;
8) Қазақстан Республикасында валюталық реттеуді және валюталық бақылауды жүзеге асырады;
9) екінші деңгейдегі банктердің тазартылған құйма алтынмен және күміспен жүргізетін экспорттық операцияларын бақылауды жүзеге асырады;
10) шетел валютасындағы және бағалы металдардағы активтерді басқаруды қамтамасыз етеді;
11) бағалы металдардағы активтерді толықтыру үшін тазартылған алтынды сатып алуға мемлекеттің басым құқығын іске асырады;
12) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда бағалы металдардың және құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларының сынамаларына (үлгілеріне) бақылау сынақтарын жүзеге асырады;
12-1) меншік иелері қаржы ұйымдары, бағалы металдармен және құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларымен экспорттық-импорттық операцияларды жүзеге асыруға құқығы бар заңды тұлғалар болып табылатын, олардан жасалған бұйымдарды қоспағанда, бағалы металдарды және құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларының сынамаларын (үлгілерін) сақтауды және сынауды жүзеге асырады;
12-2) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (келіп түскен) бағалы металдарды, асыл тастарды және олардан жасалған бұйымдарды тасымалдауды, қабылдауды, есепке алуды, сақтауды жүзеге асырады;
13) дербес және (немесе) Қазақстан Республикасының өзге де мемлекеттік органдарымен бірлесіп олардың құзыреті шеңберінде жүйелік тәуекелдерді реттеуді жүзеге асырады;
14) соңғы сатыдағы қарыз беруші болып табылады, Қазақстан Ұлттық Банкінде банк шоттарын ашқан заңды тұлғаларға қарыздар беруге құқылы, оларды қайта қаржыландыру жүйесін ұйымдастырады;
15) қаржы ұйымдарының сыртқы борышын реттеуге қатысады;
16) статистикалық әдістемені әзірлейді және қолма-қол ақша айналысы, ақша-кредит және банк статистикасы, төлем балансы, сыртқы борыш, халықаралық инвестициялық позиция, қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі бастапқы статистикалық деректердің тізбесін, нысандарын, мерзімдері мен оларды ұсыну тәртібін айқындайды;
17) статистикалық жұмыстар жоспарына сәйкес ведомстволық статистикалық бақылау жүргізеді, сондай-ақ өз құзыреті шегінде мемлекеттік статистика саласында бақылауды жүзеге асырады;
18) қаржы нарығына шолу жасау, ақша-кредит және банк статистикасы, төлем балансы, халықаралық инвестициялық позиция және сыртқы борыш жөніндегі статистикалық ақпаратты қалыптастырады және таратады, төлем балансын болжамдық бағалауды әзірлеуге қатысады;
19) осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сәйкес қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын, сондай-ақ өзге тұлғаларды реттеуді, бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
20) қаржы саласындағы қызметті және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызметті лицензиялайды;
21) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда банк операцияларын жүргізу қағидаларын бекітеді;
22) Алматы қаласы өңірлік қаржы орталығының қызметін мемлекеттік реттеуді жүзеге асырады;
22-1) дербес және (немесе) Қазақстан Республикасының өзге де мемлекеттік органдарымен бірлесіп олардың құзыреті шеңберінде исламдық қаржы құралдарының және исламдық көрсетілетін қаржы қызметтерінің халықаралық стандарттарын ескере отырып, исламдық қаржыландыруды дамытуды жүзеге асырады;
23) халықаралық қаржылық есептілік стандарттарын ескере отырып, Қазақстан Ұлттық Банкіне арналған бухгалтерлік есеп саясаты мен әдістерін айқындайды;
24) қаржы ұйымдарының, арнайы қаржы компанияларының, исламдық арнайы қаржы компанияларының, инвестициялық қорлардың, Қазақстанның Даму Банкінің Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының және халықаралық қаржылық есептілік стандарттарының талаптарын, сондай-ақ бухгалтерлік есеп жүргізуді автоматтандыру қағидаларынсақтауын бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
25) Қазақстан Республикасы Үкіметінің келісімі бойынша оның мемлекеттік борышына қызмет көрсетуге қатысады және Қазақстан Ұлттық Банкінің мемлекеттік борышына қызмет көрсетедi;
26) Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы айқындайтын тізбеге және тәртіпке сәйкес Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының шетел валюталарына ресми бағамын белгілейді және жариялайды;
27) мемлекеттік емес сыртқы қарыздар бойынша шарттардың мониторингін жүзеге асырады;
28) сұраныс пен ұсыныс көздерінің, сондай-ақ ішкі валюта нарығында шетел валютасын пайдалану бағыттарының мониторингін жүзеге асырады;
29) банк қызметiн, бағалы қағаздар нарығындағы кәсiптік қызметті және Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған өзге де қызметті тиiстi лицензиялар алмай-ақ жүзеге асырады;
30) Қазақстан Ұлттық Банкiнің клиенттеріне банктік қызмет көрсетуді жүзеге асырады;
31) Қазақстан Ұлттық Банкi мен Қазақстан Республикасының Үкіметі арасында жасалатын және ресми баспа басылымдарда жарияланатын сенiмгерлiкпен басқару туралы шарт негiзiнде Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенiмгерлiкпен басқаруды жүзеге асырады;
32) Қазақстан Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасының Үкiметімен немесе заңды тұлғалармен жасасатын сенiмгерлiкпен басқару туралы шарттар негiзiнде активтердi сенiмгерлiкпен басқаруды жүзеге асырады. Қазақстан Ұлттық Банкi мен Қазақстан Республикасы Үкіметінiң арасында жасалатын сенiмгерлiкпен басқару туралы шарттар ресми баспа басылымдарында жарияланады;
32-1) Қазақстанның Ұлттық Банкі мен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры арасында жасалатын сенімгерлік басқару туралы шарттың негізінде бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін сенімгерлік басқаруды жүзеге асырады;
32-2) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтеріне қатысты кастодианның функцияларын жүзеге асырады;
33) қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органның сұратуы бойынша Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасына сәйкес өзінің ақпараттық жүйелерінен мәліметтер ұсынады;
34) мемлекеттік органдар мен қаржы ұйымдары үшiн кадрлар даярлауға және қайта даярлауға қатысады;
35) қаржы ұйымдары мен өзге де ұйымдар өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы заңдарының және өзге де нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын бұзған жағдайда, оларға Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген шектеулі ықпал ету шараларын, санкцияларды және өзге де шараларды қолданады;
36) Қазақстан Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінде айқындалатын тәртіппен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асырады;
37) банктік сәйкестендіру кодтарын береді, жояды және оларды пайдалануды айқындайды, банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың кодтарын және банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар филиалдарының кодтарын береді және жояды, олардың құрылымын белгілейді, сондай-ақ Банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың анықтамалығын қалыптастырады және жүргізеді;
38) Қазақстан Ұлттық Банкінің консультативтік-кеңесші органдарын құрады;
39) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де функциялар мен өкiлеттiктерді жүзеге асырады.

Қазақстан Ұлттық Банкiнiң кiрiсi

Қазақстан Ұлттық Банкiнiң қаржы жылы iшiндегi таза кiрiсi осы қаржы жылына жатқызылатын нақты алынған кiрiстер мен шығыстар арасындағы айырма ретiнде айқындалады.
Алтын-валюта резервтерін және шетел валютасындағы өзге де активтерді қайта бағалау шоттарына жатқызылатын бағамдық қайта бағалау сомасын қоспағанда, Қазақстан Ұлттық Банкінің негізгі қаражаттар мен материалдық емес активтерді қайта бағалау сомасына түзетілген таза кірісі Қазақстан Ұлттық Банкінің бөлінбеген таза кірісі болып табылады. Бөлінбеген таза кіріс Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы белгілеген мөлшерде жарғылық және (немесе) резервтік капиталдарды ұлғайтуға жұмсалады.
Қазақстан Республикасының Президентi Қазақстан Ұлттық Банкiнiң жылдық есебiн бекiткеннен кейiн, бөлiнбеген таза кiрiстiң қалған бөлiгi мерзiмiн бiр қаржы жылына ұзарта отырып мемлекеттiк бюджетке аударылады.
Егер резервтiк капиталдың мөлшерi жарғылық капитал сомасынан аз болған жағдайда, бүкiл бөлiнбеген таза кiрiс Қазақстан Ұлттық Банкiнiң бөлігінде қалады және резервтiк капитал жарғылық капиталдың мөлшерiне жеткенге дейiн оны толықтыруға жiберiледi. Қаржы жылының залалдарын өтеу үшiн резервтiк капиталдың қаражаты жеткiлiксiз болған кезде орны толтырылмаған залалдар Қазақстан Ұлттық Банкiне толық көлемде мемлекеттiк бюджеттiң қаражаты есебiнен мерзiмi бiр қаржы жылына ұзартыла отырып, өтеледi.

Ұлттың банк екінші деңгейдегі банктер үшін, олардың пруденциалдың нормативтерді орындауына байланысты ең төменгі резервтік талаптарды орындау барысында банктерге мынадай екі тәсіл қолданады:

1. Міндетті резервтер;

2. Резервтеудің альтернативтік тәртібі.

Резервтік талаптарды орындайтын банктерге Ұлттық, банк орташа айлық, қайта қаржыландыру мәлшерлемесінің 50%көлемінде теңгедегі резервтер бойынша, ал еркін алмастырылатын валютадағы резервтік талаптар бойынша Лондондағы депозиттер нарығындағы (LIVID) бір айлық депозиттің орташа өлшемді мөлшерлемесінің 50% көлемінде пайыз төленді.

2. 2. Қазақстандағы пайыздық саясаттың мәні

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экономиканың ақшалай-несиелік тұрақтылығындағы орталық банктің атқарылатын рөлі
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің атқаратын қызметтері
Банктер жүйесі жайында
Банктер жүйесі
Қазіргі банк жүйесі және өтпелі экономикадағы рөлі
Ақша және банк жүйесі
Банктер құқығы
Ұлттық банк және оның банктік жүйедегі мәртебесі
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі
Ұлттық банктің қызметтері мен операциялары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz