Қазақстан Республикасының ақша-несие саясатының ерекшеліктері
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
I тарау.Ақшаның шығу тегі, мәні және айналымы ... ... ... ... ... ... ... .
1.1.Ақшаның даму тарихы мен эволюциясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.2. Ақшаның металдық және номиналдық теориясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.3. Ақша айналысының сипаттамасы, айналым заңы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ІІ тарау. Қазақстан Республикасының несие жүйесі ... ... ... ... ... ... ... .
2.1 Несие жүйесінің ұғымы және оның құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.2 Несиелік мекемелердің түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.3 Несиелік жүйенің құру принциптері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
IIІ тарау. Қазақстан Республикасының ақша.несие саясатының ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3.1. Ақша.несие саясатының мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
3.2. Ақша.несие саясатын реттеудің әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
3.3. Қазақстан Республикасының ақша.несие саясаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Қосымшалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

Курстық жұмыстың өзектілігі – ақша, яғни ақшаның пайда болуы мен айырбастың пайда болуы, ақшаның қазіргі өмірде алатын орны, байлық пен табыстың өзі - ақшамен өлшенетіні, металдық ақшаның қағаз ақшадан артықшылығы, Қазақстандағы қазіргі таңдағы ақша айналымы. Қазақсатан Республикасының несие жүйесі, жалпы несие жүйесінің ұғымы және оның құрылымы, несиелік мекемелердің түрлері, Қазақстан Республикасының ақша-несие саясатының мәнін түсіндіріп, ерекшеліктерін қарау.
Ақша ежелгі заманда пайда болды. Олар тауар өндірісінің дамуындағы бірден-бір шарт және өнім болып табылады. Тауар – бұл сату немесе айырбастау үшін жасалынған еңбек өнімі. Адам еңбегінің өнімі , оны өндірушілердің белгілі қоғамдық қатынастарын тудыра отырып, тауар формасын қабылдайды. Заттардың тауарға айналуы ақшаның пайда болуындағы объективті алғышарттарды құрайды. Бірақ кез-келген зат тауар бола алмайды. Егер (нақты еңбекпен белгіленген) тұтыну құны өз сатып алушысын таппаса немесе қоғам тарапынан мойындалмаса, онда оны дайындауға кеткен уақыттың рәсуа болғаны; мұндай бұйым тауарлық формаға ие емес, өйткені оның қоғамға қажеті шамалы.

1. Закон РК «О национальном банке РК »
2. «Инструктивно-нормативные акты Национального банка Казахстана.» Алматы 1999-2002
3. «Банк құқығы! С.М. Найманбаев Алматы 2004
4. Шеденов Ө.Қ., Байжомартов Ү.С., Жүнісов Б.А., Комягин Б.И. «Жалпы экономикалық теория». Алматы-Ақтөбе-2002. 365 бет, 48-56 б. 432-36 б.
5. Көшенова Б.А. «Ақша, несие, банктер, валюта қатынастары». Алматы – «Экономика», 2000, 67-75беттер.
6. Г.Марченко. «Национальный банк прогнозирует в ближайшие дни значительные колебания курса тенге» // «Қаржы-қаражат - Финансы Казахстана» журналы, Алматы, 5/2001, 48-51 б.
7. Я. Әубәкіров. «Экономика білімдер негіздері». Оқулық, Алматы, «Санат», 1998. 479 бет, 405-410 б.
8. Д.Х. Сембаев. «Казахстанцы могут гордиться своей национальной валютой» // «Қаржы-қаражат - Финансы Казахстана» журналы, Алматы, 1/2002, 18-24 б.
9. Д. Сансызбаев. «Национальной валюте Казахстана девять лет» // «Қаржы-қаражат – Финансы Казахстана» журналы, Алматы, 6/2002, 45-49 б.
10. «Экономикалық сөздік-анықтамалық». Қарағанды: «Болашақ-Баспа», 1999, 240б., 121 б.
11. К. Маркс , Ф. Энгельс. Таңдамалы шығармалары: Үш томдық – Алматы: «Қазақстан», 1976 – Т2: 544 б., 40-44б.
12. Банковское дело / Под редакцией О.И. Лаврушина. Москва: «Финансы и статистика» - 1998г.
13. И.Т.Балабанов. Финансовый анализ и планирование хозяйствующего субъекта. Москва: 2001г.
14. Г.Т.Калиева. Кредитное дело. Алматы: 2001г.
15. Банковское дело / Под редакцией Г.С.Сейткасымова. Алматы: 1998г.
16. Общая теория денег и кредита / Под редакцией Е.Ф.Жукова. Москва: «Банки и биржи» - 2001г.
17. «Екінші деңгейлі банктермен несиелеу бойынша құжаттарды жүргізу ережесі» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк Басқармасы бекіткен №276 қаулысы
18. Искакова З.Д. Абдильманова Ш.Р. - Банковская система и ее правовые основы.Караганда 1997
19. МадияроваД.М.Основы современного банковского дела.Алматы 1997
20. Маркова О.М. Коммерческие банки и их операции. ЮНИТИ 1994
21. Мақыш Р.Р. Банк ісі.
22. Рит. Э. Коммерческие банки.Москва 1999
23. Роуз.Л.С. Банковский менеджмент.Москва 1995
24. Роде.З. Банки, биржи, валюта современного капитализма .М: Финансы и статистика 1986
25. Сейткасымов – Деньги, кредит, банки.Алматы 1996
26. Современный маркетинг.В.В.Корнеева И.В. – Финансы и статистика.
27. Усоскин В.М. – Современный коммерческий банк.
28. Уткин Э.А. – Банковский маркетинг.Москва 1995

Жоспар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
I тарау.Ақшаның шығу тегі, мәні және
айналымы ... ... ... ... ... ... ... ..
1.1.Ақшаның даму тарихы мен
эволюциясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.2. Ақшаның металдық және номиналдық
теориясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.3. Ақша айналысының сипаттамасы, айналым
заңы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ІІ тарау. Қазақстан Республикасының несие
жүйесі ... ... ... ... ... ... ... .
1. Несие жүйесінің ұғымы және оның
құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2. Несиелік мекемелердің
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ..
3. Несиелік жүйенің құру
принциптері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
.
IIІ тарау. Қазақстан Республикасының ақша-несие саясатының
ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
3.1. Ақша-несие саясатының
мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
.
3.2. Ақша-несие саясатын реттеудің
әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3.3. Қазақстан Республикасының ақша-несие
саясаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Қолданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ...
Қосымшалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Кіріспе
Бұл курстық жұмыстың тақырыбы – Қазақстан Республикасының ақша-
несие саясатының ерекшеліктері.
Курстық жұмыстың өзектілігі – ақша, яғни ақшаның пайда болуы мен
айырбастың пайда болуы, ақшаның қазіргі өмірде алатын орны, байлық пен
табыстың өзі - ақшамен өлшенетіні, металдық ақшаның қағаз ақшадан
артықшылығы, Қазақстандағы қазіргі таңдағы ақша айналымы. Қазақсатан
Республикасының несие жүйесі, жалпы несие жүйесінің ұғымы және оның
құрылымы, несиелік мекемелердің түрлері, Қазақстан Республикасының ақша-
несие саясатының мәнін түсіндіріп, ерекшеліктерін қарау.
Ақша ежелгі заманда пайда болды. Олар тауар өндірісінің дамуындағы
бірден-бір шарт және өнім болып табылады. Тауар – бұл сату немесе
айырбастау үшін жасалынған еңбек өнімі. Адам еңбегінің өнімі , оны
өндірушілердің белгілі қоғамдық қатынастарын тудыра отырып, тауар формасын
қабылдайды. Заттардың тауарға айналуы ақшаның пайда болуындағы объективті
алғышарттарды құрайды. Бірақ кез-келген зат тауар бола алмайды. Егер (нақты
еңбекпен белгіленген) тұтыну құны өз сатып алушысын таппаса немесе қоғам
тарапынан мойындалмаса, онда оны дайындауға кеткен уақыттың рәсуа болғаны;
мұндай бұйым тауарлық формаға ие емес, өйткені оның қоғамға қажеті шамалы.
Ақша дегеніміз – жалпы балама роль атқаратын ерекше тауар.
Курстық жұмыстың мақсаты – ақшаның пайда болуы мен
эволюциясын, атқаратын қызметтерін зерттеп, соған байланысты ежелгі
Қазақстандағы ақшаның орнын не басқанын білу арқылы теңгенің қалай пайда
болғанын қарастырып, Қазақстандағы ақша-несие саясатының
ерекшеліктерінтүсіндіру.
Осы мақсатқа сәйкес, мынадай міндеттер атқарылды.
Бірінші тарау бойынша ақшаның пайда болуы, ерте заманнан біздің
өмірге дейінгі ақшаның тарихы, дамуы, бұрын оның орнына қандай тауар
болғаны туралы толық түрде жазылып, мәліметтер беріледі. Сонымен қатар осы
тарау теориялық сипатта металдық және номиналдық теорияларын ажыратып, ақша
айналыс заңына толық түрде сипаттама беріледі.
Екінші тарау бойынша: несие жүйесінің ұғымын, құрылымын,
несиелік мекемелердің түрлерін және несиелік жүйені құру принциптерін
қарастырдық. Үшініші тарау бойынша: Қазақстандағы ақша-несие
саясатының ерекшілгін қарастырдық.
Осы курстық жұмысты жазу барысында мынадай әдебиеттер кеңінен
қолданылды: Б.А Көшенованың Ақша, несие, банктер, валюта қатынастары,
Ғ.С Сейітқасымовтың Ақша, несие, банктер, Я.Әубәкіровтың
Экономика білімдер негіздері, сонымен қоса Қаржы-қаражат – Финансы
Казахстана журналы және тағы да басқа әдебиеттер қолданылды.
I тарау. Ақшаның шығу тегі, мәні және айналымы
1.1. Ақшаның даму тарихы мен эволюциясы, атқаратын қызметтері

айырбастау үшін жасалынған еңбек өнімі. Адам еңбегінің өнімі (зат), оны

Тарих құрылуының ұзақ мерзімді уақытында ақшаның пайда болуы мен
мәні туралы біркелкі шешімін тапқан емес. Экономикалық мектептің бір
өкілдері ерте дүниедегі грек ойшылы Аристотель ұсынған қағидаға сүйене
отырып, ақшаны – белгілі шарт, адамдар арасындағы саналы келісім нәтижесі
деп қараған. Басқа бағыттағы мектептің өкілдері ақшаны – мемлекет бекіткен
тауарды айырбастауға қажетті құрал ретінде қарастырған. Үшінші өкілдері
ақша өзінің табиғаты бойынша алтын мен күміске жататындығын айтқан.
Ақшаның пайда болуын түсіндіру үшін, айырбас құн тауарлардың өзінен
бөлініп шыққан және олармен бірге өз бетінше өмір сүретін тауар, ол – ақша.
Тауар құны қатынасында қорытындылатын, құнның даму көрінісіне көз салып,
оның қарапайым терең байқалатын бейнесін, көзді алатын ақшалай түріне дейін
қарау керек. Сонда ғана оның жұмбақтығы да жойылады.[8; 45б.]
Әрбір ерекше тауар міндетті түрде тұтыну құны ретінде көрінеді.
Оның құны жасырын түрде болады және тек қана ақшаға теңестіру жолымен
табылады. Тауарлар мен ақшалар бір және осы тауар формасының нақты қарама-
қарсы жақтары бола отырып, айырбас процесінде бір-бірін табады және өзара
бір-біріне ауысады.
Тауар айналысының тарихи-эволюциялық даму процесіндегі жалпы құндық
эквивалент немесе ресімделінбеген ақша формасын, әр түрлі тауарлар
қабылдады. Әрбір тауарлы-шаруашылық уклад өз эквивалентін алға тартады. Бір
халықтың өзінде әр түрлі уақыттарда және әр түрлі халықтарда бір мезгілде
әр түрлі эквиваленттер болды. Сонымен, бірінші, ірі еңбек бөлінісінің
нәтижесінде мал (ірі қара) айырбас құралына айналды. Олардың белгілі
түрлері табиғи-климаттық жағдайларға байланысты нақты сол ортада айырбас
құралы болды. Шалғынды аудандарда – жылқы, сиыр және қой; ал шөл және
шөлейт аудандарда – түйе; тундрада – бұғы жалпы құндық эквивалент қызметін
атқарады. Малды жалпы эквивалент ретінде пайдаланылғаны туралы нақты
дәлелдер әр түрлі қолжазбаларда, қазба жұмыстарының нәтижелерінде табылған
заттарда, поэзияларда кездеседі. Гомердің көне Троя батырлары туралы
поэмасында өгізді құн өлшемі ретінде пайдаланғаны жайлы айтылады. Осы
уақыттарда металдан жасалынған ақшаларда өгіз деген атау ойып
өрнектелініп жазылып жүрді. Латынның сөзі пекуния (ақша) пекус (мал)
сөзінен шыққан. Рупа (мал) сөзі үнділердің ақша бірлігінің атауы
рупия негізінде жатыр. Ежелгі Русьтарда да ақша металл ақшаларға
ауысқаннан кейін де мал деген атауға ие болды. Ярослав Мудрый 1018 жылы
былай деген біздің жинаған малдарымыз:ерлерден 4 кун, старостылардан 10
гривен және боярлардан 18 гривеннен тұрады. Ол кездегі қазынашы малшы,
қазына, қазына жинау орны – мал ұстайтын орын деп аталынды.[8; 9-беттер.]
Капитал сөзінің шығуы да малмен байланысты, өйткені ескі герман
тілінде бұл сөз мал басы санының көптігін білдіре отырып, меншік иесінің
байлығын көрсетті.
Солтүстік халықтары ең бірінші тауар ретінде айырбас үшін жүнді
пайдаланды. Ежелгі скандинавтар көлемі бойынша әр түрлі тауарлар сатып алу
барысында құстардың, аңдардың жүндерін пайдаланды (үкі,түлкі және т.б.).
Құс жүндері Солтүстік Сібір халықтарында, ал аң жүндері Солтүстік Америка
халықтарында жалпы құндық эквивалент ретінде қолданылды. Жүн ақшалар
Монғолияда, Тибетте және Памир аудандарында кең көлемде таралды. Ежелгі
Русьтардың арабтармен, хазарлармен, Византиямен сауда-саттық жасауы
барысында жүн ең басты құралдарының бірі болды. Ежелгі Русь елінде жүн ақша
жүйесінің бүгіні болып саналады. 1610жылы жаулап алған орыстардың әскери
кассасында 5450 рубль күміс пен 7000 рубль жүн табылды. [2; 68-беттер.]
Әлемде әр түрлі экзотикалық ақшалар болған. Каролин аралдары тобына
кіретін Яв аралында осы күнге дейін феи ақша айналысында қызмет етеді.
Олардың формасы дөңгелекше тас түрінде келе отырып, диірменнің тасын еске
түсіреді. Мұндай монеталардың диаметрі бірнеше метрге, ал массасы тоннаға
дейін жетеді. Сауда мәмілесі орындалғаннан кейін сатушы феяға бұрынғы
иесінің белгісін өшіріп, өзінің белгісін соғады.
Юлий Цезарь патшалығының тұсында ақша ретінде құлдарды пайдаланды.
Сонымен, бір құлдың құны үш сиыр, алты бұзау, он екі қойға теңестірілді.
Өнер мен жер игерушілердің бөлінуімен эквиваленттің жетілуі жалғасты.
Бөлінушілік, бірігушілік, біркелкілік мінездемелері бар эквиваленттер пайда
болды. Бұл аз бұзылатын өсімдік өнімдері – зәйтүн майы, күріш, кофе, құйма
түріндегі тұздар т.б.
Жалпы эквивалент ретінде металдар да пайдалана бастады. Ежелгі
Спартада, Жапонияда, Африкада темір, мырыш, қорғасын, мыс, күміс, алтын
түріндегі ақшалар пайдаланылды. Рим императоры Дионосий Сиракуз және орта
ғасырдағы ағылшын корольдары мырыш ақшаларды құйды. Қытайда және Ежелгі
Римде мыс ақша ретінде пайдаланылды. XVII ғасыр Солтүстік Америкада
(Массачусетс штатында) ұсақ төлемдерге қорғасын дөңгелекшелер қолданылды.
Металл ақшаларының артықшылығы, олар – біркелкі, төзімді,
ұсақталынады және т.б. Металл ақшалардың кең таралуымен ақша есебінің
салмақтық жүйесі нақтылана түсті.
Кейін келе металдардың арасында басты роль алтын мен күміске өте
бастады, өйткені олар жалпы эквивалент үшін аса қажетті сапаға ие.
Б.э.д. XIII ғасырда салмағы көрсетілген құймалар пайда бола
бастаған. Осындай себепке байланысты көптеген ақша бірліктері фунт
стерлинг, ливр (жарты фунт), марка (жарты фунт) салмақ бірліктері атауымен
аталады. Алғашқыда белгілі массасы бар формасыз металл ақшаларды кейін келе
әр түрлі массадағы біркелкі формасы бар металл ақшалар ауыстыра бастады.
Монеталардың пайда болуы – ақшаның құрылуындағы соңғы кезең болып
табылады.
Ақша тауардан дами отырып, тауар болып қала берді, бірақ тауар -
ерекше жалпылама эквивалент.
1.2. Ақшаның металдық және номиналдық теориясы
Ақшаның металдық теориясы. Бұл теорияның өкілдеріне капиталдың
алғашқы қорлану кезеңіндегі меркантилистер (Томас Мэн) жатады. Оларға
қоғамның байлығын ақшамен өлшеуге, сонымен қатар ақшаны бағалы металдармен
бірдей деп санау тән болған. Олардың пікірінше қоғамның нағыз байлығы алтын
мен күміс, яғни бұлар өзінің табиғаты бойынша нағыз ақшалар болып табылады.
Ақшаның металдық теориясы фетишистік сипатта, себебі бұл теорияның
пайымдауынша ақшаның ролінде алтын, күміс сияқты кез-келген бағалы металл
бола алады, ал адамдардың тауар шаруашылығындағы өндірістік қатынастарын
сипаттайтын ақша екендігі жөнінен хабарсыз. Ресейде металдық теорияның
өкілі атақты мемлекеттік қызметкер М.М. Сперанский (1771-1839 жж.) болып
табылады. Ақша туралы оның теориясының барлық пайымдауларының негізі –
ақшаға тек нағыз бір ғана ақша деп қарау керек деген көзқарасы бар.
Сперанский ең мықты ақша материалы күміс деп санады. Ақшаның қызметтерін
орындауда металдың қатысуы XIX ғасыр теоретиктерімен қолданылған. Алтын
айналысының тар мағынада қолданылуы XX ғасырда дүниежүзілік экономиканың
шеңберіне сыймады. Объективті түрде, металдық жүйенің негізінде жаңа төлем
әдістері мен формалары қалыптасты, олар несиеге негізделді. Металдық
теорияның қайта жандануы XIX ғасырдың II жартысында алтын-монета
стандартының Германияда 1871-1873 жж. енгізілуімен байланысты болды.
Неміс экономистері (К.Кинс) ақша деп тек қана бағалы металдарды емес,
сондай-ақ металға айырбасталатын Орталық банктің банкноталары да аталады
деген. Ол кездері ақшаның металдық теориясы ақша реформасына негізделіп
қолданылды. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін француз экономистері Ж.Рюэфф
және М.Дебре, ағылшын экономисі Р.Харрд халықаралық айналысқа алтын
стандартын енгізу идеясын ұсынады. Себебі 70-жылдардың басында жойылған
Бреттон-Вудс валюталық жүйенің орнына жаңа алтын стандартын енгізуге
тырысқан. Жекелей алғанда, АҚШ-тың экс-президенті Р.Рейган сайлау алдындағы
күрес кезінде алтын стандарты қайта оралауы мүмкін деп ойлады. 1981 жылдың
қаңтарында, ол президент болып тұрған кезінде осы мәселе бойынша арнайы
комиссия құрады, бірақ ол комиссия алтын стандартын енгізу онша қажет емес
деген шешімге келеді
. Монета – ол формасы, сыртқы пішіні, салмақтық құрамы заңмен
бекітілген металдан жасалған ақша белгісі.
Мемлекет сынаманы (пробаны) (монетадағы таза металдың құрамы),
массасын, типін, ремедиумды (заңмен рұқсат етілген номиналды массаның
нақтыдан ауытқуы), эмиссиялау ережесін және т.б. белгілейді.
Монетада бет жағы – аверс, келесі жағы – реверс, кесіндісі – гурт
болып ажыратылады. Егер монетаның номиналды құны құрамындағы металдың
(алтын, күміс) құнына сәйкес келсе, онда бұл - толық құнды ақшалар. Толық
құнды еместері – биллонды ақшалар.
Монеталық ақшалар айналысы тарихында мынадай түсініктемелер бар:
Биметаллизм – жалпыға бірдей эквивалент ролін екі немесе одан да көп
металл атқарады, яғни айналыста алтын және күміс монеталар пайдаланылады.
Монометаллизм – жалпыға бірдей эквивалент ретінде бір ғана металл түрі
(алтын, күміс) қолданылатын ақша жүйесі.
Осылай, б.э.д. III-II ғасырларда Римде мыс монометаллизмі, Ресейде
1843-1852 жж. аралығында – күміс монометаллизмі болды. Ресейде, олай болса
Қазақстанда да алтын монометаллизмі 1897 жылы II Николай патша тұсында
енгізілді.
Түрікше акче сөзі – қазақша ақша, яғни ақ сөзінен күміс
монетаның түсіне қарап шыққан.
Капиталистік тауарлы өндірістің дамуы барысында қағаз ақшалар пайда бола
бастады. Олар айналыстан алтын монеталарды ығыстырып шықты. Қағаз ақша
айналысындағы ұсақ төлемдерге қызмет ететін ауыстырылатын монеталар қағаз
ақшалардың әр түрі болып табылады. әдетте оны төменгі сынамасы бар
металдан: мыс-никельден, мыс-мырыштан және алюминийдің құймаларынан
жасайды.
Ақшаның номиналдық теориясы.
Ақшаның номиналдық теориясы меркантилистердің металлизмге қарсы іс-әрекеті
болып табылады. Тауар өндірісі мен айналымының өсуіне байланысты металл
монеталарды вексель, банкнот түріндегі несиелік айналыс құралдарына
жартылай ауыстыру біртіндеп орын алды. Ақшалар мен бағалы металдардың
арасындағы ішкі байланыстарды жоққа шығара отырып, номиналистер құн
белгілерінің жүру құқығын негіздеді, ол үшін олардың металдық құрамын
белгіледі.
Номинализмнің негізгі ережесі төмендегідей:
- ақша идеалды есеп бірлігі болып саналады және олардың көмегімен
тауарлардың айырбас құны анықталады;
- бұл бірлік ешқандай да ішкі құнға ие емес.
Сонымен номиналистер ақшаның құндық жаратылысын толық жоққа шығара отырып,
оларды техникалық айырбас құралы ретінде қарастырады.
Адам Смиттің (1723-1790жж.) айтуынша, ақша – бұл айырбас процесін
жеңілдететін техникалық дөңгелек, айырбас және сауда құралы. Ол ақшаның
құны екі жақты мәнге ие деп санайды:
- қандай да бір заттың пайдалылығын көрсетеді;
- басқа тауарды сатып алу мүмкіндігі.
XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында саяси экономияда номинализм
үстемдік ете бастады. Бірақ бұрынғы номинализмнен айырмашылығы оның
объектісіне қағаз ақшалар (қазыналық билеттер) жатады.
Номинализмнің мәні неміс экономисі Кнапптың (Государственная теория
денег, 1905 ж.) еңбегінде жақсы берілген. Оның негізгі ережелері
төмендегідей құрылды:
- ақша – құқықтық тәртіптің өнімі, мемлекеттік биліктің туындысы;
- ақша – мемлекеттік хартальдік төлем құралы, яғни ол мемлекеттің төлем
күшімен жасалған төлем белгілері болып табылады;
- ақшаның негізгі қызметі – төлем құралы.
Ақшаның номиналдық теориясы жағында белгісіз американ экономисі
П.Самуэльсон да болды. Ол ақшалар өткен уақытта ғана тауармен байланысты
болса, ал алдағы уақытта ақшалар шарты белгілерге айналуда деп сендірді.
Тауар ақшалардың дәуірін қағаз ақшалар дәуірі алмастырды. Қағаз ақшалар
ақшаның мәнін, олардың ішкі табиғатын ашады. Ақша дегеніміз ол жасанды
әлеуметтік шарттылық.
Қағаз ақшалардың пайда болуы металл айналысының объективті
заңдылықтары мен капитализм тұсындағы тауарлы өндірістің дамуымен
сипатталатын ақша айналымына деген қосымша қажеттіліктерімен байланысты.
Бірақ қағаз ақшаның шығу тарихы б.ғ.д. I ғасырға тән, яғни ол кездегі
теріден жасалынған ақшаларға байланысты. Бұл уақытта Қытайда ақ бұғы
терісінен жасалған ақшалар пайда болды. Ақ бұғылардың барлығы императордың
меншігінде болған.
XIII ғасырда Марко Поло Қытайда ағаш қабығынан жасалған ақшаларға кез
болды, ол сол уақытта қағаз қызметін атқаратын. Бұл ақшалардың төрт бұрышты
пластин формасы және олардың ерекше белгілері мен мөрі болған. Олардың
сатып алу қабілеті де әр түрлі.
Нағыз қағаз ақшалардың пайда болуын Шыңғыс ханның немересі Хубила
ханмен байланыстырады.
Металл ақшадан қағаз ақшаға ауысу себептері:
1. Металл ақша айналысы өте қымбат болып келеді және капитализмнің
дамуымен мүмкін емес, себебі қымбат металдарды өндіру айналыс
құралдарына деген шаруашылықтың қажеттілігінен әлдеқайда төмен.
2. Монеталардың тозуы және бүлінуі.
3. Мемлекеттік билік (ремедиум) пен жалған монеталарды жасаушылардың
монеталарды бұзуы.
Осыған байланысты, К.Маркс атап көрсеткендей: өзінің айналыстағы
делдалы ретінде алтын әр түрлі өзгерістерге ұшырады, тіпті жай ғана бір
жапырақ қағазға дейін жұқарды.
Қағаз ақшалар ақшаның номиналдық құрамының нақты құрамынан
біртіндеп бөлінуі нәтижесінде пайда болған құн белгісінің ақырғы формасы.
Қағаз ақша – мемлекеттің өз шығындарын табу үшін шығарылатын,
әдетте металға айырбасталмайтын, еріксіз номиналға ие ақша белгісі. Тарихта
олар алтын мен күмістің белгілері ретінде пайда болды.
Қазақстанда 1993 жылы ең ірі купюрада 100 теңге, 1994 жылы 200 және
500 теңгелік купюралар шығарылған болатын.
1.3. Ақша айналысының сипаттамасы, айналым заңы
Қайта құру кезеңіне дейін ақша айналымы мен ақша айналысы
ұғымдары арасында айтарлықтай шек қойылатын. Ақша айналысы деп қолма-қол
ақшаның қозғалысы танылды. Ал ақша айналымы ұғымы одан кең мағына
бергендіктен ол қолма-қол және қолма-қолсыз айналым мағынасын сипаттайды.
Бұл жағдайда қолма-қол ақша қозғалысы тұрғындардың ақшалай табыстарының
бөлінуін қарастырса, қолма-қолсыз ақша өндіріс қаражаттарының бөлінуін
қарастырады.
Ақша белгілері әр түрлі жағдайда қамтамасыз етіледі. Қолма-қол рубль
тұтыну заттары және қызметтер жиынтығымен қамтамасыз етілсе, қолма-қолсыз
рубль – бөлуге арналған өндіріс құралдарының жиынтығымен қамтамасыз
етіледі.
Мұндай жүйе тек қана орталықтандырылған жоспарлы экономика жағдайында
ғана мүмкін болады, себебі ол уақытта кәсіпорындар мен халықтың қолында
қанша ақша, қанша тауардың болатыны және олардың қандай бағада сатылатыны
белгілі болған. КСРО-ның таратылуына, бағаның босатылуына, меншіктің
мемлекет иелігінен алынуына және т.б. байланысты жүзеге асыру мүмкін емес
болып қалды.
Ақша айналысы мен ақша айналымы арасындағы шек жойылды. Тауар
айналысы процесіндегі қолма-қол ақша қозғалысы және төлемақыны жүзеге асыру
кезінде қызмет көрсету, сонымен бірге кәсіпорындар мен қаржы-несие
мекемелерінің арасындағы ақшалай қаражаттардың алмасуы – ақша айналысы деп
аталады.
Ақша айналысының объективті негізі – тауат өндірісі мен тауар
айналысы болып табылады. Құн формасының өзгеріп отыруы, яғни тауардың
ақшаға және ақшаның жаңа тауар сатып алу үшін қолданылуы, ақшаның әрдайым
қозғалыста, яғни айналыста болуына мүмкіндік жасайды.
Бірақ ақша айналысы тауар айналысын қайталап қоймайды. Бұл екі
процесс бір-бірінен жекешеленіп жүреді. Тауарлар, оларды сатып алғаннан
кейін, айналыстан шығады және тұтынылады. Ал ақша айналыста әрқашан жүреді.
Айналыста жүре отырып ақша әрі айналыс құралы, әрі төлем құралы
функцияларын атқарады. Сонымен, тауарды сатудан түскен ақша қарызды өтеуге
жұмсалуы мүмкін. Өз кезегінде, қарызды төлеуге түскен ақшалар тауарлар алу
үшін қолданылуы мүмкін.
Жалпы ақша айналысының көлемі тауар бағаларының сомасынан әрдайым
артық болады. Ақшаның қызмет көрсетуі тек сату-сатып алумен шектелмейтіні
түсіндіріледі. Ақша еңбекақы, зейнетақы, стипендия төлеу үшін, бюджетке
төлемдер аудару үшін, банктен қарыз алу үшін және т.б. мақсаттар үшін
қолданылады.
Ақша айналысын реттеудің маңызды элементі – қолма-қол ақшаның қолдану
аясын азайту болып келеді. Бұл мәселе біздің елімізде кәсіпорындар
арасындағы есеп айырысуларда қолма-қол ақшаның қолданылуын шектеу, есеп
айырысу чектерін ендіру арқылы ғана шешіледі.
Банк жүйесін реформалау және ақша банкнотасын өндіруге байланысты
өзінің меншікті қуатын енгізуі, Қазақстандағы қолма-қол ақшамен байланысты
жағдайды түбірімен өзгертті. Осыған байланысты 1992-1993 жж. қолма-қол
ақшаның тапшылығы тұсында енгізілген директивті саясаттың орнына
республикамызда қолма-қол ақша айналысын тұрақтандыру және басқарудың
экономикалық әдістерінің алғышарттары жасалынды.
Дамыған елдерде бұл процесс кеңінен дами түсуде: оларда қолма-қолсыз
ақша айналысы өріс алып жатыр. АҚШ-та халықтың есеп айырысуларының 25-27%-
зы ғана қолма-қол ақшамен, ал қалғаны чек, несиелік карточкалар т.б.
көмегімен жүргізіледі.
Өмірлік тәжірибе көрсеткеніндей, ақша айналысын ақша айналымынан
бөлуге болмайды. Ақша айналымын қолма-қол және қолма-қолсыз деп қатаң
түрде шектеуді ғалымдар онша қабылдай қоймады.
Бұл екеуі өзара тығыз байланысты, сондықтан оларды бөлу қажет емес.
Ақша өз айналысында қолма-қолдан қолма-қолсыз ақшаға (және керісінше)
өтеді. Мысалы, кәсіпорынның бөлшек саудасынан түскен түсім банкке түскеннен
соң, оның есеп айырысу шотында қолма-қолсыз ақша қаражаттарына айналады да,
ол бұдан өз жеткізушілеріне ақша аударуы мүмкін.
Өнеркәсібі өркендеген мемлекеттерде ақша массасы құрамын анықтау үшін
негізгі ақша агрегаттарының төмендегі жиынтығы пайдаланылады:
● М1 – айналыстағы қолма-қол ақша (банкноталар, монеталар, ал кейбір
мемлекеттерде қазыналық билеттер) және банктік ағымдағы шоттардағы қаражат
(депозиттер) жатады;
● М2 – оған М1 агрегаты және мерзімі 4 жылға дейінгі коммерциялық
банктердегі мерзімді және жинақ салымдары (вклады) кіреді;
● М3 – оған М2 агрегаты және арнаулы несие мекемелеріндегі жинақ
салымдары кіреді;
● М4 – оған М3 агрегаты және ірі коммерциялық банктердің депозиттік
сертификаттары қосылады.
Қорыта айтқанда, әрбір келесі ақша агрегаты өзінен алдыңғылардың
барлық элементтерін өзіне біріктіріп, үлкен ақша массасын құрайды. Бірақ
оның алдыңғыға қарағанда өтімділігі төмен.
Ақша массасының нақты құрамы әр мемлекеттің өзіне тән ақша-несие
жүйесімен анықталады. Мысалы, АҚШ-та ақша массасын анықтау үшін – 4,
Швейцария мен Германияда – 3, Ұлыбританияда -5, Францияда – 2 ақша агрегаты
қолданылады.
Қазақстан Республикасының ақша массасының құрылымына келесі ақша
агрегаттары кіреді:
● М0 – айналыстағы қолма-қол ақша;
● М1 - өзіне М0 агрегатын және шаруашылық субъектілерінің
есепшоттары мен басқа депозиттерінің, заңды тұлғалардың күрделі
қаржыландыру шотының, ұзақ мерзімді несиелеу және қаржыландыру қорлары
шотының, чектік және аккредитивтік шоттардың, қоғамдық және басқа үкіметтік
емес ұйымдар шоттарының қалдығын және халық пен заңды тұлғалардың талап
етіп алатын салымдарын біріктіреді;
● М2 - өзіне М1 агрегатын, сонымен бірге жеке және заңды
тұлғалардың мерзімді салымдарын біріктіреді;
● М3 - өзіне М2 агрегатын және мемлекеттік займ облигацияларын
біріктіреді.
Ақша агрегаттарының құрылымы тұрақты қалыпта болмайды. Ол ақша нарығы
құралдарының дамуына байланысты өзгерді.
ІІ тарау. Қазақстан Республикасының несие жүйесі
2.1. Несие жүйесінің ұғымы және оның құрылымы
Нарықтық экономикада несие-банк жүйесі маңызды роль атқарады.
Ол арқылы кәсіпорындардың, ұйымдардың және халықтың ақшалай есеп айырысулар
мен төлемдері жүргізіледі, ол уақытша бос ақшалай қаражаттарды, халықтың
жинақтары мен табыстарын жұмылдырады және белсенді түрде жұмыс жасайтын
капиталға айналдырады, сондай-ақ көптеген түрлі несиелік, сақтандыру,
делдалдық, инвестициялық, сенім, кеңес беру және басқа да операцияларды
орындайды.
Өндіріске қатысты алғанда, екінші кезекте саналатын несие
жүйесі оған тұрақты және елеулі ықпал етеді. Ол бірнеше дүркін ақшалай
қорлардың ауқымын кеңейтіп, өндіріс тиімділігінің өсуін қолдай отырып
ақшалай қаражаттардың бір саладан екіншісіне қайта құйылуын қамтамасыз
етеді.
Несие жүйесінің ролі мен маңызы келесідей бірқатар
көрсеткіштермен сипатталады: несиелік жұмсалымдардың жалпы көлемі,
кәсіпорындар мен ұйымдардың негізгі және айналым капиталын қалыптастыруға
банктегі қарыздардың үлесі, жалпы төлем айналымы және т.б.
АҚШ несиелік қатынастардың даму дәрежесі бойынша, шаруашылықтың
өндірістік және өндірістік емес сферасын банк сферасның қамтуы, несиелік
мекемелердің көп түрлігі мен көп тараптылығы жағынан, қаржы капиталы
талаптарының қуаттылығы бойынша әлемнің басқа да елдерін артқа қалдырады.
Американдық несие жүйесінің ауқымы туралы кейбір мәліметтер төмендегідей
көрсеткіштерді беруі мүмкін. Несиелік мекемелер арқылы қолма-қолсыз ақша
жолымен жүзеге асырылатын жылдық төлем айналымының басым бөлігі 80-
жылдардың басында 60-65 трлн доллар сомасында бағаланған.
Несие жүйесінің өз қызметтерін орындауы барысында несиелік
қатынастар туындайды. Уақытша бос ақшалай қаражаттарды жинақтап, оны
қайтару және ақы төлеу шартында қайта бөлуге байланысты несиелік
мекемелермен әр түрлі субьектілер арасындағы экономикалық байланыстар
несиелік қатынастардың мазмұнын анықтайды.
Несие екі формада болады: тауарлық және ақшалай. Тауар несиесі
коммерциялық несиенің бірінші негізін білдіреді. Шаруашылық жүргізуші
субьектілердің бір-біріне зарыз беруі барысында, аталған несие формасында
ақшалай формада қайтарылады. Өйткені, алушы субьект несие беруші тауар
несиесін алғанын куәландыратын вексельді, сондай-ақ салынған мүлік туралы
парақты немесе басқадай құжаттарды береді. Бұл тұста несиелік қатынастар
субьектілеріне – шаруашылық жүргізуші субьектісі және банк жатажы. Несиелік
қатынастардың маөмұнындағы өзгерістер нәтижесінде тауар формасындағы несие
ақшалай формаға қайта ауысады. Сөйтіп, тауар формасы негізінде несиенің
ақшалай, ең бастысы банктік формасы пайда болып дамиды.
Бірлескен несие жүйесінің күрделі, көп буынды құрылымы болады.
Егер де несиелік мекемелердің өз клиентеріне көрсететін жіктелуін негізге
алатын болсақ , онда қазіргі несие жүйесінің үш маңызды элементін бөліп
қарастыруға болады:
- Орталық банк
- коммерциялық банк;
- мамандырылған несиелік мекемелер: (сақтандыру, жинақтық, ипотекалық,
сенімгерлік және т.б.)
Орталық банк – бірінші деңгейдегі мемлекеттік банк, сондай-ақ кез
келген елдің ол мемлекеттік, халықтың немесе ұлттық банк деп аталуына
тәуелсіз эмиссиялық, ақша –несие институты болып табылады. Орталық банк –
бұл банктердің банкі. Банктік мекемелерге қатысты Орталық банк тікелей
әрекет ету және реттеу, бақылау мен қадағалау қызметтерін атқарады. (3:
59-беттер)
Коммерциялық банктер қарыз капиталы нарығының әр түрлі
секторларында қызмет ететін көп қызметті мекемелер болып табылады. Олар
кәсіпкерлік тәжірибесінде белгілі бір көптеген қаржылық операцияларды
орындайды. Коммерциялық банктер кез келген елдің несие жүйесінде
әдеттегідей негізгі, базалық буын ролін атқарады.
Мамандындырылған несие мекемелері ( оларды парабанктік деп атайды)
нерық экономикасындағы несие жүйесіне қажетті маңызды буын болып
табылады.Парабанктік мекемелер көбінесе белгілі бір клиенттер типіне
немесе бірер негізгі қызмет түрлерін көрсетуге бағытталады.
2.2. Несиелік мекемелердің түрлері
Несие ісі – ақшамен сауда-саттық негізінде несиелік операцияларды
орындауға бағытталған кәсіпкерлік қызметтің ерекше бір саласы дегенді
білідреді. Оларды әр алуан несиелік институттар жүзеге асырады.
Шаруашылық айналымға қызмет көрсетудегі операциялар ауқымы мен мәні
бойынша негізгісі банктер болып табылады.
Несиелік мекемелер түрлерін, оның ішіндегі банктік мекемелерді
қарастырудан бұрын бізге банк және банктік қызмет ұғымын білу қажет.
Әлемдік тәжірибеде банктік қызмет деп банктің басты кәсіби қызметтерін,
деозиттер қабылдау және қарыз беруді түсінеді. Міне, осындай түсінік
Италияда, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz