Монополия ұғымы және оның жетілмеген бәсекелі рыноктағы орны


ЖОСПАР
Кіріспе 3
І-БӨЛІМ. МОНОПОЛИЯ ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЖЕТІЛМЕГЕН БӘСЕКЕЛІ РЫНОКТАҒЫ ОРНЫ. 4
1. 1 Рынок құрылымдары және бәсеке түрлері 4
1. 2 Пайданы барынша көбейту 7
ІІ-БӨЛІМ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АНТИМОНОПОЛЬДЫҚ САЯСАТЫ 13
2. 1 Монополияға қарсы жалпы заңдар және экономиканы реттеу 13
2. 2 Қазақстан Республикасының антимонопольды заңдар
жиынтығы 15
2. 3. Табиғи монополиялар салаларына жалпы сипаттама 29
2. 4. Мемлекеттің экономикалық саясатында табиғи монополиялар салаларын тарифтік реттеудің орны мен ролі 31
Қорытынды 35
Пайдаланылған әдебиеттер 36
Қосымша 37
Кіріспе
Шаруашылық жүйесін монополиялау проблемасы бәсекелестік бүгінгі таңда мамандардың ғана емес, сонымен қатар елдің, қалың бұқараның назарын мықты аударып отыр.
90 жылдардың басынан бері Қазақстан Үкіметі алдында өткір проблемалардың бірі болып қойылып отыр. Монополияға қарсы қатаң да нақты шара болмайынша экономиканың реформалар жетістігіне жетіге және нарықтық экономикаға көшуге үкіметтенудің қажеттігі жоқ. экономикалық қайта құрылымдардың жетістігі өлшеулі сенімді мемлекеттік басқару қызметінсіз болмайды, монополиялық іс жүргізу мен бәсекелестік қарым-қатынас жасау осындай нақты істерге байланысы.
Біздің елімізде КСРО-дан қалған мұра - өндірісте талапшыл әміршілдік жүйе көптеген гигант монополистерді тәрбиелеген, бұл әсіресе, экономика мен нарықтық экономикада ерекше маңызды демонополизация проблемасы болып отыр. Қазақстанда бәсекелестікті туғызбау үшін мемлекеттік бақылауды жүргізу ісі жоқтан бар жасалды. Сондықтан экономикалық әміршіл әкімшілікті жүйені еркін бәсекелестікті шаруашылық іс-әрекетте жүргізуді басқару ісіне көп уақыт өткен жоқ. Дегенмен бұл этапта аумақты мағыналы, мазмұнды заң шығарушы ұйымның қызметін іске асыру арқылы монополистік іс жүргізуді басқару мен бәсекелестік, Қазақстан халқының түсіністігі осы сферадағы экономикалық реформаға керек.
Бұл курстық жұмыста мен монополияның шығуының негізгі себептерін қарастырдым; қазіргі монополиялық экономиканың ерекшеліктерін; Қазақстандағы іс әрекет етіп жатқан антимонопольдық заңдылықтар мен алға дамушылықтар және елдің нарықтық экономикасының монополиялық іс-тәжірибе аумағында іске асырылуы және қазақстан үшін аса зор көңіл бөлуге тұратын іс-әрекеттер қажет деп ойлаймын. Жұмыс жан-жақты зерттелген батыстың нарықтық экономикадағы монополиялық іс әрекеттерінен тәжірибе алына отырып атқарылған, басшылыққа алынған, ғылыми-практикалық жүйелі жұмыстар, жазбалар, еңбектер негізінде жазылып отыр.
Бұл кусртық жұмыстың мақсаты Қазақстан Республикасының монополияға қарсы саясатын терең ашып зерттеу.
Осы мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттер орындалады:
-рынок құрылымдары және бәсеке түрлерін анықтау;
-пайданы барынша көбейту жолдарын көрсету;
-монополияға қарсы жалпы заңдар және экономиканы реттеу жолдары;
-Қазақстан Республикасының антимонопольды заңдар жиынтығының ролін көрсету;
-табиғи монополиялар салаларына жалпы сипаттама беру;
-Мемлекеттің экономикалық саясатында табиғи монополиялар салаларын тарифтік реттеудің орны мен ролін айқындау.
І-БӨЛІМ. МОНОПОЛИЯ ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЖЕТІЛМЕГЕН БӘСЕКЕЛІ РЫНОКТАҒЫ ОРНЫ
1. 1. Рынок құрылымдары және бәсеке түрлері
Тарихи логика тұрғысынан жетілген бәсекелі рынокты талдаудан кейін жетілмеген бәсекелі рынокты зерттеуге көшу қиын емес еді. Жетілмеген бәсекелі рынокты талдауға көрнекті үлес қосқан экономистердің қатарына О. Курко, Э. Чембирлин, Дж. Робинсон, Дж. Хинс және басқалары жатады. Жетілмеген бәсекелі рынокты меха-низмін анығырақ түсіну үшін рыноктық құрылымдарды жіктеуді қарау маңызды. Солай болғанда жетілген мен жетілмеген бәсекелердің арасындағы айырмашылықтар анығырақ көрінеді (1-кесте) .
Нақты жағдайда тек таза (жетілген) немесе жетілмеген бәсекелі "таза" монополия болмайды. П. Самуэльсонның пікірінше, нақты өмірде монополиялар жетілмеген бәсекенің элементтерімен ерекше қабысуы ретінде көрініс алады.
Монополияны талдауда "монополия" ұғымының бip мәнді еместігін есепке алудың маңызы бар. Бәрінен бұрын бұл құбылыстың мәнін өз этимологиясынан ("моно" - бipey, "полео - сатамын") шығару дұрыс емес. Нақты өмipдe рынокта бip ғана фирма - тауар өндіруші әрекет ететін жағдай болмайтын нәрсе. Олай болса, сұраныс қисық сызығы абсолюты түрде икемді емес фирманы табу мүмкін емес.
1-суретте ДД сызығы сұраныстың абсолютті түрде икемді емес екенін көрсетеді, қандай баға болса да (тіпті өте жоғары бағада), сатып алушы бәpiбip Q і санындағы тауарды сатып алады. Бірақ бұл не тауар? Қатерлі iciк ауруына дәрі ме? СПИД-ке қарсы ваксина ма? Ақыр соңында төлем қабілеті сұраныс шектеулі (мысалы Рз деңгейімен), және фирма OP тiктiгi арқылы шексіз жоғары (бағаны өcipiп) қозғала алмайды.
Сондықтан "таза" монополия ұғымы туралы әр уақытта шарттылықтың белгілі бip үлесі бар екенін ұмытпау керек. Keйбip экономистердің осы ұғымға балама iздeyi кездейсоқ емес, мысалы, "жетілмеген бәсекелес" (П. Самуэльсон), "баға іздеуші" (П. Хейне) .
Жетілген бәсеке және "таза" абсолютті монополия екі логикалық шекті, қарама-қарсы рыноктық жағдайды бейнелейтін теориялық абстракциялар. Бұл үлгілер әpбip осы жағдайларда өз пайдасын барынша көбейтуге ұмтылатын жеке фирманың рационалды тәртібінің шарттарын тұжырымдауға мүмкіндік береді.
"Таза" монополияның абстрактілі жағдайлары мынадай маңызды сипаттармен ерекшеленеді.
1. Монополист деген жақын субституттарда (яғни, өзара алмастыратын тауарлар) жоқ тауарды жағыз сатушы. Бұл жағдайлардың шарттылығы жоғарыда айтылды.
2. Монополист - сатушы рыноктық қатынастарға тек өз өнімін сатып алушымен түседі. Бұл өзара қатынастардың сипаты мынадай: егер монополист бағаны кемітсе, онда одан көп өнім сатып алынады. Бір қарағанда монополистің өз өнімінің бағасын төмендетуі туралы пайымдау оған көpiнyi мүмкін. Өйткені үйреншікті түсінікте монополист ұғымы шамадан тыс жоғары бағалармен байланысты. Монополист фирманың рыноктағы хал-ахуалын түciнy үшін жетілген және жетілмеген бәсекелердің шарттарын тағы да салыстыру керек.
Жетілген бәсекеде фирма (өндіруші) рыноктық бағаға әсер ете алмайды. Сатылатын тауарға баға деңгейін рынок белгілейді. Осы жағдайда фирма өз пайдасын бағамен айлалы әрекет жасау жолымен емес, жиынтық шығындары барынша аз болатын өндipic көлемін іздеу арқылы көбейте алады.
Жетілмеген бәсекелес жағдайында монополистің бағаға белгілі бip билігі бар. Баға деңгейіне бақылаудың көлемі жетілмеген бәсекенің формаларына байланысты әр түрлі Бірақ бастысы - монополист саналы түрде пайда ең жоғарғы болатын баға деңгейін іздейді және соны белгілейді. Мұндайда сұраныс қызметі белгілі болады, яғни монополист оны өзгерте алмайды деп болжанады. Ал, егер сұраныс икемділігі категориясын еске алсақ мынадай зандылық бар: егер баға өссе, онда сұраныс (басқа шарттылықта) төмендейді және керісінше, баға төмендесе, сұраныс өседі . Егер "таза" монополист барлық рынокты басып алса, онда ол қосымша көлемде өнім сату үшін, бағаны төмендету керек екенін біледі. Бұл факт монополистің бағаға билігі абсолютті емес екенін тағы да қуаттайды, ол өзінің сыртынан бәсекелестерінің оның тауарының субституттарын өндірушілердің тынысын сезінеді.
Олигополия рыногы мынандай типке бөлінеді: бipiшi түрдегі олигополия үлкен мөлшерден касіпорындары мен біртекті өнімді салалары жатады. Eкіншi түрдегі олигополияга дараланған тауарлар сататын бірнеше сатушылар жатады. Дараланған өніммен монополистік бәсеке рыногында сатып алушы тауардың бip түрін таңдайды, оны нақ осы сорты, сапасы, сатуға дайындалуы, сауда маркасы, қызмет көрсету деңгейі және т. б. назар аударады. Өнімнің даралануы тұтынушыға көрсетілетін қызметтерде біртектіліктің жоқтығын білдіреді. Бұл жәй ғана айырмашылық мысалы, автомобильдің түсінде немесе олардың маркасында емес. Tіптi бip сорттағы банкідегі сыра тұтынушының көзқарасы тарапынан даралануы мүмкін. Мысалы, егер сатып алушы бұл сыраны сымбатты сатушысы бар дүкеннен сатып алуға әдеттенсе, онда басқа дүкендегі осындай сыра оны қызықтырмайды.
Ғылыми айналысқа "өнім даралануы" ұғымын енгізген Э. Чемберлиннің жұмыстарының маңызын атап еткен жөн. Рыноктағы монопольді билікті Э. Чемберлин бәрінен бұрын сатылып жатқан тауарлардың epeкшeлiктepi мен сипатын ескереді. Ол сатушы мен сатып алушының рыноктық қатынастарының белгілі дәрежеде өнімнің сипатына байланысты екеніне көңіл аударады. Өнім дараланған жағдайдағы монополия бағаға қайсыбір билік ретінде сипатталады. Сондықтан сұраныстың баға бойынша илікпелілігі сияқты факторы ерекше маңызды болады. Жетілген бәсеке жағдайында тауарлардың біртектігінде қандай да бip форманың өніміне сұраныс абсолютті икемділігімен сипатталады, өз өніміне бағаны өсіріп сатушы ештеңе сата алмайды, ол төмендетіп қалай болса да көп сата алады. Неге? Өйткені рынок "белгілер" бағада өз тауарына бағаны көтepyдің ешқашан мәнi жоқ. Егер айналада дәл сондай, бірақ бағасы төмен тауарлар көп болса, қымбат тауарларды ешкім алмайды. Ал өз тауарына бағаны төмендете отырып (қалыптасқан рыноктық бағадан төмен) сатушы, әрине, өз тауарын жеңіл өткізеді. Бірақ бұл операция да мәнсіз. Баға неге төмендетіледі егер өзінің барлық өнімін қалыптасқан рыноктық бағамен сатуға болатын болса?
Тауарлардың әркелкілгінде басқаша жағдай қалыптасады. Өнімді даралау арқылы сатушы өз тауарына сұраныстың бағалық икемділігін азайтуга мүмкіндік алады. Бұл оның бағаға монопольді билігін күшейткенін куәландырады. Бұл деген бағананың көтеріле алатындығын алайда өткізу көлемінің азаймайтындығын сипаттайды. Неге? өйткені бәсекелестер төмен бағамен осы өнімге көзі үйренген сатып алушыларды тарта алмайды. Бұдан қандай қорытынды шығаруга болады? Ол мынадай: дараланған өнім жағдайында, баға бәсекенің жағыз құралы емес. Аса маңызды құралына тауар сапасы да айналады. Сонымен монополистік бәсеке жағдайында фирманың өткізу көлемі бағадан басқа, өнім ерекшеліктері және өнім өткізу шығындары сияқты факторлармен анықталады.
Өткізу шығындары ерекше маңызды. Фирманың шығындарға баратын ceбeбi, олар сұранысты қалыптастырады, өнімге "бейімдейді". Өткізуге барынша тән шығын формасы жарнама. Жарнама сұраныстың икемділігін бағаны көтеру шекарасын жылжыта отырып төмендетеді. Практикада бұл нeнi білдіреді? Жарнамаға бола, тауардың жоғары бағасына қарамай сұраныстың көбейуі мүмкін. Сұраныс қисық сызығы 2-суретте көрсеткендей ДД жағдайынан Д1Д1 жағдайына жылжи алады.
1. 2. Пайданы барынша көбейту
Пайданы көбейту жағдайларын талдаудан бұрын алдымен жетілген және жетілмеген бәсекелі екі фирма өкілдерінің тауарларының қисық сызықтарын салыстырамыз. Бұл графиктерден көрінгендей жетілген бәсекелі фирма (3, а-сурет) рыноктық бағаға әсерін тигізбей қанша сатамын десе, сонша сата алады. Сондықтан оның ДД сұраныс қисығы көлбеу жатыр. Рыноктық бағаға әсер ете алмауы, салаға кіретін фирманың өндірipici көлемінің салыстырмалы түрде үлкен еместгінде.
Сондықтан жетілген бәсекелес фирма рынокка қанша тауарлар шығарса да, бapiбip ол сол рынокта қалыптасқан бағаға әсер ету үшін мүлде жеткіліксіз.
Жетілмеген бәсекелес фирма жағдайында (3, б-сурет) ДД сұраныс қисығы төмен жылжиды, өйткені Q сұранысы көп болған сайын соган сәйкес төмен баға белгіліейді Сондықтан монополист фирма рынокқа тауардың үлкен көлемін шығарғанда, оның бағасы төмендейді Егер фирма толық монополияға ие болмаса Р, яғни бағаны қысқарту 3, б-суретінде көрсетілгендей оның бәсекелесін ДД сұраныс сызығын солға Д1Д1 жағдайына жылжытады, сондықтан қарсыласушы фирмаға байланысты баға төмендеген күнде енді аз көлемде тауарларды сатуға болады. Жоғарыдағы графиктерді салыстырудан шығатын қорытынды мынадай: сұраныс сызығының көлбеу болуы фирманы жетілген бәсеке ретінде сипаттайды. Егер сұраныс сызығы төмендесе, онда фирма жетілмеген бәсекеде болады. Сұраныс қисық сызығының өзгерген сипаты жетілмеген бәсеке кезіндегі шекті табыстың ( MR ) өсіңкілігіне әсер етеді. Шекті табыс п бірлікті сатудан алынган жалпы табыс пен п - і бірлікті саудадан алынған табыстың арасындағы айырмашылығымен анықталады. Мысалы, егер бірдей 100 тауар 100 доллар бағамен сатылса, онда жалпы табыс 10 000 доллар. Ал, 101 тауарды сату үшін бағаны 99, 5 доллар төмендету керек онда жалпы табыс 99, 54 х 101 = 10044, 5 доллардан алдыңғы жалпы табысты (1) ал сақ онда 44, 5 доллар аламыз. Осыны шекті табыс деп атайды. Шекті табыс деген қосымша тауарды сатудан алынған қосымша табыс. 3-кесте арқылы осыны көрсетелік.
Өндірілген тауарлар, бағалар және табыстар түрлері. 3-кесте
7
8
9
10
29
27
25
23
203
21б
225
13
9
5
3-бағананың мәні соған сәйкес 1-бағананың мәнін 2-бағананың мәніне көбейту арқылы алынады. 4-бағананы 3- бағанадан аламыз, жалпы табыстың әрбір кейінгі мәнінен оның алдындағы мәнді алу арқылы: Мысалы, 78 - 41 = 37 ; 111 - 78 = 33 ; 140 - 111 = 29 т. б.
Тағы да еске алатын нәрсе, жетілген бәсеке жағдайында жеке кәсіпорын үшін баға тұрақты әpi белгіліенген болады. Бірақ ондай шекті табыс қандай болады? Санды мысалмен тyciндipeйiк: Егер жетілген бәсекелес болса, онда ол 101 тауарды сол өзгермеген бағамен 100 долларға сатады, сондықтан шекті табыс 10100 долл. - 1 долл = 100 долл. болады. Осымен мынадай қорытынды жасауга болады: жетілген бәсеке жағдайында шекті табыс тауар бағасына тең.
Жетілмеген бәсеке кезінде MR қандай болады? Шекті табыс пен сұраныстың жетілмеген бәсеке кезіндегі өсіңкілік графикалық түрде бейнелейік (ординат шегінде - шекті табыс пен баға, абсцисс ішінде өнімнің саны) .
Графиктен MR сызығы ДД сұраныс сызығымен қарағанда тезірек төмендейтін көрінеді. Жетілмеген бәсеке жағдайында шекті табыс бағадан аз. Қосымша өнімді сату үшін жетілмеген бәсекелес бағаны төмендетеді. Бұл төмендету оғған қайсыбір ұтыс береді ( 2-кестеден жалпы табыстың ұлғайғаны көрінеді, қосымшаны қараңыз), бірақ бip мезетте кейбір залал әкеледі. Ол қандай залалдар. Мысалы, өндіруші 3 тауарды 37 долларға сатып, әрбір өнімнің бағасын төмендетті (41-ден 39-даң 37 долл) . Сондықтан барлық сатып алушылар 1 және 39 долларға тауарлар сатып алғандарды қосқанда төмен баға төлейді. Алдындағы сатылған тауардан шеккен зиян 4 доллар. Бағадан алынып тасталады, сонда 33 доллар тең шекті табыс қалады.
Қайтадан фирма шығындарына оралайық. Өнімнің орта шығындарында ( АС ) алдымен өнімнің саны ұлғайған кезде азаю тенденциясы болады. Алайда, белгілі бip өндіріс көлеміне жеткеннен кейін және одан асқан сайын шығындар өсе бастайды. Орта шығындар өсіңкілікті график түрінде бейнеленгенде жоғарыда көрсетілгендей, И - бейнелі қисық сызық болады. Абстракты санды мысал арқылы жетілмеген бәсекелес фирманың орта, жалпы және шекті шығындарын бейнелейміз. Алдымен бірақ мынадай белгіліеулерді кіргіземіз:
ТС = Q х АС , яғни жалпы шығындар тауарлар саныңың орта шығындарға көбейтіндісіне тең;
МС = ТСп - ТСп - 1 , яғни шекті шығындар п саныңдағы тауарлардың жалпы шығындарымен п - 1 саныңдағы тауарлардың жалпы шығындарының арасындағы айырмашылықка тең;
ТР = Q + Р , яғни жалпы табыс тауар саныңың бағасының көбейтіндісіне тең;
МР = ТР„ - ТР„~1, яғни шекті табыс п сандары тауардың жалпы табысы мен п- і сандағы тауардың жалпы табысының айырмашылығына тең.
2, 3, 4-бағаналар (2-кесте) монополист фирманың өндіріс жағдайларын сипаттаса 5, 6, 7 - сату жағдайларын сипаттайды.
Фирманың рационалды тәpтiбi оның ең жоғары пайда алуға ұмтылатының көрсетеді. Сондықтан монополист фирма жалпы табыспен жалпы шығындардың айырмашылығы барынша үлкен болатын баға мен өндіpic көлемін орнықтырады.
Жетілген бәсеке ұғымына және осы жағдайдағы форма тепе-теңдігіне тағы да оралайық. Бұрын көзіміз жеткендей, тепе-теңдік МС = р болғанда болады. Р , яғни баға жетілген бәсеке жағдайында нақты табыс пен сәйкес келеді, сондықтан былай деп жазуға болады: МС = MR = Р фирмаға толық тепе-теңдікке жету үшін, Дж. Робинсон атап кеткендей, eкi шарт орындалуы керек:
1) шeктi табыс шекті шығындарға тең болуы керек;
2) баға орта шығындарға тең болуы керек. Ал бұның мәнi:
Монополист фирманың рыноктағы тәpтiбi шeктi табыстың ( MR ) және шекті шығындардың ( МС ) өскенімен де анықталады. Неге? Өйткені apбip қосымша өнім жалпы табысқа және бip уақытта жалпы шығындарға да фирма қайсыбір көлемді қосады. Бұл қайсыбір көлемдер шекті табыс пен шекті шығындар. Фирма барлық уақытта осы eкi көлемді салыстырып отыру керек. MR мен МС арасындағы айырмашылық жағымды болғанға дейін фирма өндірістi ұлғайта бepeдi. Мынадай ұқсастықты байқауға болады: потенциалдардың айырмашылығы электр тоғының қозғалысын камтамасыз етсе, MR мен МС арасындағы жағымды айырмашылық фирманың өндірісінің ұлғаюын камтамасыз етеді Ал MR = МС болған жағдайда фирма тепе-теңдігі орнайды. Бірақ жетілмеген бәсеке кезінде қандай баға орнығады? Мұндайда орта шығындар ( АС ) қандай болады? МС = MR = Р = АС формуласы сақтала ма?
2-кестеге көңіл аударайық (қосымшаны қараңыз) . Монополист, әрине, өнімдер үшін жоғары баға белгілеуге ұмтылады. Алайда, егер ол 41 доллар баға қойса, онда ол 1 ғана тауар сатады және оның жалпы табысы 41 доллар, ал пайдасы (41-24) = 17 доллар.
Пайда дегеніміз жалпы табыс пен жалпы шығындардың айырмашылығы. Айталық монополист бағаны біртіндеп төмендейтін 35 доллар қояды. Онда ол 1 тауардан артық 4 тауар өткізe алады, бірақ бұл да аз ғана сату көлемь Бұл жағдайда оның жалпы табысы 140 доллар (35 х 4), ал таза пайдасы (140 - 72) - 68 доллар.
Сұраныс қисық сызығына ілесе отырып, монополист бағаны төмендетіп, сату көлемін ұлғайтуы мүмкін. Мысалы, 33 доллар бағада ол 5 тауар сатуы мүмкін. Бұл жағдайда бip тауарға тиісті таза пайда азайғанымен пайданың жалпы көлемі өседі. Таза пайдасын ұлғайту үшін жетілмеген бәсекелес бағаны қандай шекке дейін төмендете алады? Айқыны, шекті табыс ( MR ) шекті шығындарға ( МС ) тең болғанда, бұл 9 тауарды сатқандағы жағдай. Нақ осындайда таза пайданың көлемі ең жоғары болады, яғни (225 - 117) = 108 доллар. Егер сатушы бағаны 25 доллардан (яғни, ең жоғары пайда- 108 доллар пайда алған бағадан) 23 долларға дейін төмендетсе, онда мынадай нәтиже болады: 10 тауар сатып алушы 5 доллар табыс ала алатын еді, ал шекті шығындар онда 10, 5 доллар болар еді. Сондықтан 10 тауарды 23 доллар бағамен сату сатушының таза пайдасын азайтады (230 - 125, 5) = 104, 5 доллар.
Осы кестеге қарағаннан қандай қорытынды шығаруга болады. Жетілмеген бәсеке нәтижесінде фирма тепе-теңдігі, яғни шекті шығындар мен шекті табыстың теңдігі немесе ( МС - MR ) орта шығындар өзінің ең төмен деңгейіне жетпейтін өндірістің көлемі кезінде болады. Баға бұл кезде жеке өнімнің орта шығындарынан жоғары бола-ды. Жетілмеген бәсеке кезвде МС = MR = Р = АС теңдігі сақталады. Жетілмеген бәсеке кезінде ( МС = MR) < АС < Р график арқылы түсндірейік. 28-суретте көріп тұрғандай, фирма тепе-теңдік жағдайы Е нүктесімен ( МС және MR ) қиылысу нүктесінде анықталады, одан ДД сұраныс қисық сызығына дейін сызық жүргіземіз. Осылайша барынша кеп таза пайда қамтамасыз ететін бағаны білеміз. Бұл баға Е1 деңгейінде орнығады. Торланған тік бұрыш монопольді пайданы көрсетеді.
Жетілген бәсеке жағдайында фирма сату бағасын төмендегідей өз өндірісін ұлғайтады. Өндіріс МС пен MR теңдігіне жеткен сәтке дейін ұлғаяды. Жетілмеген бәсекелес те сол ережені басшылыққа алады. - Өндірісті ұлғайту, тоқтату және қысқарту туралы шешім қабылдай отырып, ол қосымша табысты салыстырады, яғни өзінің МС және MR салыстырады. Ол өндipicтi МС және MR тендігіне дейін ұлғайтады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz