Агроөнеркәсіптік кешендер және агробизнес
Кіріспе
І.БӨЛІМ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АГРАРЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР
1.1. Аграрлық қатынастардың міні мен ерекшелігі
1.2. Рента және оның түрлері
1.3. Аграрлық өндірістің ерекшелігі
ІІ.БӨЛІМ. АГРОӨНЕРКӘСІПТІК КЕШЕНДЕР ЖӘНЕ АГРОБИЗНЕС
2.1 Агробизнес және агроөнеркәсіптік интеграция
2.2 Агробизнес және агроөнеркәсіптік кешен құрылымы
2.3. Агроөнеркәсіптік кешенде экономикалық қарым.қатынастың қалыптасуы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Әміршіл-әкімшіл экономикадан нарықтық қатынастарға көшуді жүзеге асырған алғашқы жылдардың тәжірибесі мен практикасы көрсеткендей, өндірістік қатьшастарды, оның ішінде ең алдымен меншікті шын мәнінде терең жаңғыртпай, ешқандай нәтижеге жету мүмкін емес.
Шексіз мемлекеттік монополия бұрын-соңды болып көрмеген мемлекеттік меншіктің жоғары үлесін тудырып, азаматтардың меншіктегі үлес салмағын, бейнелеп айтсақ, үңірейтіп қойды. Бұрынғы КСРО-ның негізгі қоры 2,8 трлн. рубль болса, оның 2,5 трлн. рублі, яғни 89,3%-і мемлекеттік меншікті құрады. Егер оған мәні жағынан мемлекеттендірілген ұжымшарлардың 189 млрд. рубль негізгі қорын қоссақ, онда бұл көрсеткіш 96%-ке дейін көтеріледі. Азаматтарға барлық негізгі қордың бар-жоғы 2,8%-і ғана немесе 7 9 млрд. рубль (әр адамға 280 рубльден) тиесілі болды. Мұндай жағдайда, екі жерден өз бетінше жұмыс істесін, үш жерден бостандықта еңбек етсін, бәрібір әлгіндей кедей меншік иелерімен нарықтық қатынастарға көшу қиял-ғажайып ертегідей естілетіні сөзсіз. Өндіріс қорларынан аластатылған өндірушінің оны жалға алуға да ниеті болмады. Өйткені, ол бәрібір қожайын бола алмайтын еді. Жоспарлау, басқару, қаржыландыру реформаларымен де, шаруашылық есептің моделдерімен де өндірүшіні, егер өндіріс қорлары оның меншігінде болмаса, жақсы жұмыс істеуге зорлай алмайсың. Міне, сондықтан да әміршіл-әкімшіл жүйенің билік құрған кезеңдерінде барлық экопомикалық реформалар табысқа жете алмады және жалпы экономиканың, әсіресе агроөнеркәсіп өндірісінің дамуына айта қаларлықтай әсер ете алмады.

1. Қазақстан республикасының Конституциясы. Алматы, 1995.
2. Н.Назарбаев "Қазақстан Егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы". Алматы, 1992.
3. Н. Назарбаев Қазақстан 2030. Барлық Қазақстандықтардьің өсіп - өркендеуі, Қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы. Алматы 1997.
4. Қазақстан, Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" заңы. Астана, 1998 жығы желтоқсанның 30-ы. "Егемен Қазақстан" 5 қантар 1999.
5. Қазақ ССР-нің экономикасын тұрақтандыру және нарыққа көшу бағдарламасы, Алматы, 1991.
6. Е. Борисов. Основы экономической теории. М.: новая волна, 1996.
7. Деньги, кредит, банки. Учебник (под.ред. О. Лаврушина) М.: Финансы и статистика, 1998.
8. Пел Хейне. Экономический образ мышления. М.: 1991.
9. Қазақстан Республикасының "Жер туралы" заңы. Егемен Қазақстан 22 маусым 1999ж.
10. А. Лившиц. Введение в рыночную экономику, М.1997.
11. Қазақстан Республикасында мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің ұлттық бағдарламасы. "Егемен Қазақстан" 1993. 10.03.
12. Қазақстан Республикасының "Еңбекті қорғау туралы" заңы. Алматы, 1999 ж., 22 қаңтар.
13. Т. Қожаниязов, Ж. Қожаниязова. Нарықтық қатынастарға көшу жағдайында қандай болғаны жөн? (ауыл ажары) "Ақ жол", 1991, 6 ақпан.
14. Т.Қожаниязов, О.Мамедов. Экономикалық теория
және тәжірибе негіздері, екі бөлімді оқулық. Жамбыл, 1996ж.
15. Қазақстан агроөнеркәсіп кешенің мемлекеттік ауылшаруашылық және басқа кәсіпорындары мен ұйымдарының ұйымдастыру жөндегі ұсыныс-кеңес. "Егемен Қазақстан" 1992, № 1, 9, 24, 26 қараша, 1 желтоқсан.
16. Кенжегузин М.Б. Эк. Казахстана на пути преобразований. - А. Труды инст. эк. АН. - 2001. - С. 111-113.
17. Леутский Л. Исследование хозяйственных формирошний в АПК. - Т. Фонд Евразия. - А. — 2001. - С. 55-61.
18. Акимбекова Г.У. Республикада АӨК оңдеу өнеркосібінің даму жағдайы және болашағы. - АШҒ хабаршысы - 2003. - N 11. - 11-13 б.
19. Жайлаубаева Ш.К. Шығыс Қазақстан облысының АӨК-де қауымдасу мен интеграцияның дамуы. – Проблемы агрорынка. - 2001.- N 4-6.-90-92б.
Турьянский А.В. Приоритетные направления развития интеграционных отношений в АПК. – Экономика с/х предпр. - N 12. -

ЖОСПАР:
Кіріспе
І-БӨЛІМ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АГРАРЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР
1.1. Аграрлық қатынастардың міні мен ерекшелігі
1.2. Рента және оның түрлері
1.3. Аграрлық өндірістің ерекшелігі
ІІ-БӨЛІМ. агроөнеркәсіптік кешендер және агробизнес
2.1 Агробизнес және агроөнеркәсіптік интеграция
2.2 Агробизнес және агроөнеркәсіптік кешен құрылымы
2.3. Агроөнеркәсіптік кешенде экономикалық қарым-қатынастың қалыптасуы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
.
Кіріспе
Әміршіл-әкімшіл экономикадан нарықтық қатынастарға көшуді жүзеге
асырған алғашқы жылдардың тәжірибесі мен практикасы көрсеткендей,
өндірістік қатьшастарды, оның ішінде ең алдымен меншікті шын мәнінде терең
жаңғыртпай, ешқандай нәтижеге жету мүмкін емес.
Шексіз мемлекеттік монополия бұрын-соңды болып көрмеген мемлекеттік
меншіктің жоғары үлесін тудырып, азаматтардың меншіктегі үлес салмағын,
бейнелеп айтсақ, үңірейтіп қойды. Бұрынғы КСРО-ның негізгі қоры 2,8 трлн.
рубль болса, оның 2,5 трлн. рублі, яғни 89,3%-і мемлекеттік меншікті
құрады. Егер оған мәні жағынан мемлекеттендірілген ұжымшарлардың 189 млрд.
рубль негізгі қорын қоссақ, онда бұл көрсеткіш 96%-ке дейін көтеріледі.
Азаматтарға барлық негізгі қордың бар-жоғы 2,8%-і ғана немесе 7 9 млрд.
рубль (әр адамға 280 рубльден) тиесілі болды. Мұндай жағдайда, екі жерден
өз бетінше жұмыс істесін, үш жерден бостандықта еңбек етсін, бәрібір
әлгіндей кедей меншік иелерімен нарықтық қатынастарға көшу қиял-ғажайып
ертегідей естілетіні сөзсіз. Өндіріс қорларынан аластатылған өндірушінің
оны жалға алуға да ниеті болмады. Өйткені, ол бәрібір қожайын бола алмайтын
еді. Жоспарлау, басқару, қаржыландыру реформаларымен де, шаруашылық есептің
моделдерімен де өндірүшіні, егер өндіріс қорлары оның меншігінде болмаса,
жақсы жұмыс істеуге зорлай алмайсың. Міне, сондықтан да әміршіл-әкімшіл
жүйенің билік құрған кезеңдерінде барлық экопомикалық реформалар табысқа
жете алмады және жалпы экономиканың, әсіресе агроөнеркәсіп өндірісінің
дамуына айта қаларлықтай әсер ете алмады.
Бұл проблемалар экономиканың аграрлық секторы үшін өте маңызды. Олай
дейтініміз, ауыл шаруашылығының және онымен сабақтас агроөнеркәсіп кешені
салаларының жай-күйінен нарықтық бағдарламалардың табысқа жетуі байқалады.
Бұл қағиданың нақтылығы сондай, ол қосымша құжатты қажет етпейді.
Азық-түлік жағдайын түпкілікті жақсартпай, нарықтық тегерішті игеру
жөніндегі жұмыстарды бір арнаға түсіру тіпті мүмкін емес. Егер өмір барған
сайын қиындай берсе, ал халық қарны тойып тамақ қайыршылығын қоймаса, ең
тартымды және көңілге қуаныш ұялатады деген бағдарламаның өзі қолдау
таппай, құрдымға кетеді.
Еліміздің аграрлық секторын, соның ішінде аграрлық қатынастарды дамыту
арқылы халықты азық-түлікпен қамтамасыз етуді жақсарту әлеуметтік абыржуды
тоқтатуға немесе барынша байыпты арнаға түсіруге мүмкіндік беріп, этностық
проблемаларды шешуде толқуларды басып, мұнай, газ және басқа орны толмас
табиғи ресурстарды сыртқа шығаруды қысқартып, инфляцияны ауыздықтап,
қаржылық және ақша жүйелерін сауықтырады.

Аграрлы қатынастар экономикалық теория мен практикада ең маңызды әрі
күрделі мәселе болып табылады.
Аграрлы деген ұғым латын сөзі (аgrаrіа - жер деген мағынаны
білдіреді). Жерді иелену және қолданумен байланысты әлеуметтік-экономикалық
қатынастарды аграрлы қатынастар дейміз.
Бұл қатынастардың ерекшелігінің өзі сонда, кебінесе бұлар экономикалық
және табиғи факторлардың өзара іс-әрекетімен, аграрлы еңбек өнімділігін
арттырудағы өнеркәсіп ролінің өсуімен анықталады. Сондай-ақ жерді игеру
және жерді қолданумен де өте тығыз байланысты.
Бүкіл халықтық референдумда 1995-ші жылы 30-шы тамызда қабылданған
Қазақстан Республикасы Конституциясында былай делінген: Жер және оның
қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи
ресурстар мемлекет меншігінде болады. Жер, сондай-ақ Заңда белгіленген
негіздерде, шарттар мен шектерде жеке меншікте де болуы мүмкін (6 бап, 3-
ші пункт).
Осындай заңға 1995-ші жылы 25-ші желтоксанда кабылданған Қазақстан
Республикасының Жер туралы заңын жатқызамыз. Онда жерді иеленудің және
жерді қолданудың детальдары дәйектілікпен ашылған. Алдыменен кез-келген
шаруашылық субъектілерін (ұжымдық немесе жекелеген) қызықтыратын нәрсе ауыл
шаруашылығы өндірісі жағдайының ерекшеліктері. Сондықтан осы ерекшеліктерді
барынша ашуымыз керек.
Ауыл шаруашылығы өндірісі өнеркәсіп өндірісінен біршама ерекшелігі бар.
Біріншіден, мұнда басты өндіріс құрал-жабдығы жер болып табылады. Ауыл
шаруашылығына жарамды жер көлемі өте шектеулі. Одан басқа жерлерді: тундра,
орман, тау, құм, су бассейндері, қала және ауылдық тұрғындар қосыны,
өнеркөсіп пен транспорт объектілері алады.
Екіншіден, ауыл шаруашылығына жарамды жерлер-табиғи және экономикалық
(жасанды) кұнарлылығы бойынша бөлінеді.
Үшіншіден, кәдімгі өндіріс құралдарынан: мәшине, ірі құрылыстар,
жабдықтардан жердің айырмашылығы сол, ол қайта өндіруге болмайтын өндіріс
құралдары болып табылады. Егер оған қамқорлықпен дұрыстап қараса жақсаруы
әбден мүмкін.
Төртіншіден, ауыл шаруашылығы өндірісі процесіне жердің сапасы ғана
әсер етіп қоймайды, сондай-ақ табиғи факторлар – ауа-райы, күннің ұзақтығы,
жауын-шашын мөлшері және температурадағы құбылыстар да ықпал жасайды.
Бесіншіден, ауыл шаруашылығы өндірісі циклында сезондық айырмашылық
болады. Ауыл шаурашылық өндірісіндегі: сезондылық мәшине мен жабдықтарда
қолдануға кері әсерін тигізеді. Ауыл шаурашылық мәшинелері тек кана жерде
жұмыс істеген кезеңде ғана қолданылады: сонда жылына 20 күндей, сеялка 5-10
күндей, астық жинайтын комбайындар - 10-20 күндей, трактор парқі - 50-60
күндей ғана пайдаланылады. Сондықтан өнеркәсіпке қарағанда, негізгі
өндірістік мерзім айналымы әлде қайда жай жүреді. Мұнда ескіні жөңдеуге
және жаңа ауыл шаруашылығы мәшинелерін алуға қажетті амортизациялық қор
баяу қалыптасады. Осының барлығы резервтік және сақтандыру қорының құрылуын
талап етеді. Егін болмаған жылдары ауыл шаруашылығы өндірушілері банкке
несие үшін, ал мемлекетке субсидия үшін қол жаюына тура келеді.
Алтыншыдан, аграрлық қатынастардың тарихы басқа жерді (мейлі ол оброк,
жерде жұмыс істеу немесе арендалық төлем) қолданған үшін ақы төлеудің
ерекше экономикалық маңыздылығын барлығын куәландырады.
Жерді қолданғаны үшін төлем арендалық төлемнің мазмұны болып табылады,
ал оның экономикалық қайнар көзі – дифференциалдық және абсолюттік рента.
Жер рентасының осы екі түрі де жерге деген меншіктің экономикалық
өткерілуін көрсетеді.
Жер туралы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес 34-ші баптың 3-ші
пункті Жеке меншік құқығын еткізуде жер учаскесінің иесі сол жерді
уақытша пайдалануға - жер учаскісін уақытша пайдалану шарты негізде беруге
кұқылы.
Мемлекет меншігіндегі жерді уақытша пайдалануға беру 38-ші баптың 4-ші
пунктіне сай жүзеге асады. Жердің уақытша пайдалануға берілуі жер
учаскісінің арендалық шарты негізінде жүргізіледі. Мемлекет жүзеге
асыратын жерге деген төлем (8 бап, 4 п.), жер салығы ретінде немесе
арендалық төлем түрінде алынады, ол жер учаскісінің сумен қамтамасыз етілуі
және орналасуы, сапасына байланысты анықталады.
Осыдан арендалық төлем (жер рентасы) мәселесін қарастыру маңызды,
себебі ол ауыл шаруашылығы өндірісі тиімділігіне кәдімгідей әсер етеді.
1.2. Рента және оның түрлері
Аграрлы қатынастар құрылымындағы басты экономикалық қатынастарға
ренталық қатынастарды жатқызамыз.
Ауыл шаруашылығы кәсіпкерлеріне жерді арендаға бере отырып, жер иегері
бұл үшін белгілі төлем - рента алады. Жер рентасы жер иегеріне арендалық
төлем түрінде төленеді. Алайда арендалық төлем мен жер рентасын баламалап
(теңестіріп) қарауға болмайды. Арендалық төлем рентаға қарағанда сандық
жағынан көптеу. Арендалық төлемге мыналар енді: жер рентасының өзі, жерде
салынған үй-құрылыстары мен жабдықтарының амортизациясы, жерге жұмсалған
капиталдың пайызы (%), ауыл шаурашылығы жұмыскерлері жалақысының бір
бөлігі.
Жер рентасы – жер учаскісін уақытша қолданғанға (пайдаланғанға)
төленетін төлем. Осы төлем қосымша құнның арендатор капиталының орташа
пайдасынан артық болу есебінен пайда болады.
Мынандай сауал туындайды: мұндай артықтық калай пайда болады? Бұл
сауалға дифференциалдық және абсолютті рента құрылуының механизмін талдау
арқылы көз жеткізуге болады.
Дифференциалдық рентаның екі түрі бар: І-ші және ІІ-ші дифференциалдық
ренталар. І-ші дифференциалдық рентаның құрылу себебін жерді шаруашылық
объектісі ретінде монополиялау болып табылады. Оның мәнісі мынада: сапалық
жағынан жақсы және орташа жер учаскілерін пайдаланған кәсіпкер-
арендаторлар, өздерінше жерді шаруашылық объектісі ретінде игереді.
Сондықтан олар (арендалық келісім шеңберінде) оған басқа кәсіпкерлердің
капитал салуына жол бермейді, сөйтіп сапалық жағынан жақсы және орташа жер
учаскісінен монопольды қосымша пайданы табады. Мұндай монополиялық ауыл
шаруашылығын өңдеуге жарамды және онымен әртүрлі шаруашылықтың айналысуына
жердің шектеулігімен туындаған.
Осы монополиялыққа байланысты ауыл шаруашылығы өніміне баға кұрылуының
ерекшелігі тән болып келеді. Өнеркәсіпте бағалар өндірістің орташа
жағдайымен реттеледі. Ауыл шаруашылығында жер өндіріс құрал-жабдығының
басты элементі болғандықтан, онда бағалар ең нашар жер учаскісіндегі
өндіріс жағдайымен анықталады. Жақсы және орташа сапалы жерлер саны
шектеулі (кептеген жерлер шөл және шөлейтті аймактарда, орман, тундра,
балшықты, таулы массивтер және с.с), сондықтан жақсы және орташа учаскіден
алынған өнім көлемі сұранымды жаба алмайды.
Мемлекет нашар (құнарлылығы төмен) жерлерді де айналымға косуға мәжбүр.
Сондықтан өндірістің коғамдық бағасы орташа жермен емес, нашар жермен
аныңталады. Нәтижесінде жақсы және орташа жер учаскісіндегі еңбек
өнімділігінің жоғары болуы кеткең шығындар бірлігін өнімге шаққанда нашар
учаскіге қарағанда жоғары болады. Сөйтіп, қосымша пайда құралады, оны жер
иегерлері дифференциалды рента түрінде иеленеді.
Дифференциалды рентаның қайнар көзі жақсы және орташа сапалы жер
учаскісіндегі ауыл шаруашылығы жұмыскерлерінің өнімді еңбегі болып
табылады. Нақты мысалмен I және П-ші дифференциалды ренталардың құрылу
механизмін қарастырамыз (кесте 10-1 қараңыз): учаскілер табиғи құнарлылығы
бойынша әркалай, ал осы учаскідегі капитал шығындары біркелкі — 100 тг.
бірлігінде және орташа пайда шартты түрде 20 тг. бірлігіне тең. Капиталды
біркелкі шығындағанда, осы учаскіге жұмсаған әрбір еңбек әртүрлі эффект
өнімділігін береді: бірінші — учаскісінің арендаторы 1 га. 4 центнер алады,
екіншісі — 5 ц., үшіншісі - 6 центнерден. Нәтижесінде бірінші (нашар)
учаскідегі 1 центнер өнім өндірісінің жеке бағасы (өндіріс шығындары плюс
орташа пайда) ең жоғары — 30 тг. бірлігінде, екіншісінде (орташада) - 24
тг. бірлігінде және үшіншісінде (жақсысында) ең төменгі — 20 тг. бірлігінде
болады.
Алайда нарық бұл айырмашылықты мойындамайды және бірдей сапалылықтағы
барлық өнім біркелкі рыноктық бағамен сатылады. Ол баға нашар участкі
жердегі өндіріс жағдайымен анықталады, яғни 1 центнерге 30 тг. бірлігі
келуі керек (қосымшадағы 1-кестені қараңыз).
Демек, құнарлығы бойынша І-ші дифференциалды рента — ауыл шаурашылығы
өнімі өндірісінің қоғамдық бағасы арасындағы айырмашылыққа тең. Сондықтан
ол нашар участкі жағдайымен және олардың ең құнарлы жердегі өндірістің жеке
бағасымен анықталады.
Сондықтан І-ші дифференциалды рента жер участкісінің рынокқа алыс-жақын
орналасуымен, ауыл шаруашылығы өнімін өңдеу орыныңың алшақгығы салдарынан
тууы мүмкін. Өткізу пунктіне жақын орналасқан шаруашылықтар өз өнімдерін
біркелкі қоғамдық өндіріс бағасымен сата отырып, қосымша пайда табады — ол
орналасуы бойынша І-ші дифференциалды рентаны құрайды.
Егер дифференциалды рента топырақтың табиғи құнарлылығымен байланысты
болса, ІІ-ші дифференциалды рента топырақтың жасанды құнарлылығымен
байланысты. Ол топырақ құнарлылығын қосымша капитал жұмсау арқылы
жақсартумен түсіндіріледі.
Айталық, үшінші (жақсы) жер участкісіне қосымша 100 тг. бірлігі
сапасында капитал жұмсалды делік, ол осы участкінің кұнарлылығын және өнім
түсімділігін арттыруға ықпал етеді. Егер бірінші жұмсалған капитал 1 га. 6
центнер берсе, екіншісі түсімділігін 8 центнерге дейін көтерді.
Сөйтіп, ІІ-ші дифференциалды рента 120 тг. (ақша) бірлігіне тең.
Топырақтың экономикалық күнарлылығын арттыру дегеніміз — экстенсивті
жерді игерудің орынына интенсивтіліктің келуі. Бұл бұрыннан белгілі
участкіге қосымша өндіріс құрал-жабдығы мен еңбекті жұмсау арқылы жүзеге
асады. Немесе оны былай түсінеміз: жаңа мәшинені қолдану, өсімдіктің
түсімділігі мол сорттарын шығару, тыңайтқыштарды кеңінен пайдалану, мәдени
өсімдіктер ауруымен күресу үшін химиялық құралдарды қолдану, суғаратын және
құрғататын каналдар салу.
Бұрыннан бар участкіні қосымша каржылау бірінші қаржылауға қарағанда
қосымша пайда әкелуі мүмкін, сосын барып ол ІІ-ші дифференциалды рентаға
айналады.
Арендалық (жалгерлік) шарттың мерзімі біткенше арендатор қосынды
пайданы өзі иеленеді. Арендалық қатынастары дамыған елдер практикасы
көрсеткендей, үшінші учаскіні арендаға жаңадан бергенде жер меншіккері
арендалық төлемге барлық қосымша пайданы енгізеді. Бұл кезде арендалық
төлем арендаторға емес, жер иесіне түседі. Сондықтан жер иесі мен арендатор
арасында аренда мерзімі үшін күрес жүреді. Арендаторлар мерзімнің ұзақ
болғанын қалайды, себебі олар осы кезде жерге қосымша капитал салады және
сол салымның жер участкілерін қысқа мерзімге өткізуге тырысады, себебі
жиірек қосынды пайданы ІІ-ші дифференциалды рента түрінде алуға ұмтылады.
Аренда (жалгерлік) мерзіміне күрес жер тиімділігінің дамуына кері
әсерін тигізеді. Арендаторлар жерді қысқа мерзімге ала отырып, қосымша
капитал шығындарын жұмсаудан бас тартады, бұл болса жерді тиімді игеруге
кедергі жасайды. Ауыл шаруашылығы өндірісінде ғылыми-техникалық
революцияның жетістіктерін интенсивті қолдану кезінде ІІ-ші дифференциалды
рентаның ынталандырушы маңызы барынша артады.
Осы қайшылықты шешу үшін Қазақстан Республикасы Жер туралы Заңының
104-бабы 1-пунктінде былай делінген: Жер участкілерінің меншіккері мен
жерді қолданатындар топырақ күнарлылығын калпына келтіру және арттыру
бағытындағы шараларды жүргізуге міндетті.
Сондықтан да жер участкілерін арендалау шартында арендаторлардың
арендалайтын жерге қосымша капитал салуына материалдық мүлделілігі
ескерілуі қажет.
Арендалық қатынастардың өзіне тән көп жылғы тарихы бар. Жерге жеке
меншік пайда болған кезде жерге аренда туындаған.
Әлемдік қауымдастық елдерінде жерге аренданың негізінен екі түрі бар:
капиталистік, пайда табу мақсатындағы түрі. Бұл Англия,
Бельгия, Голландияда тараған;
шаруалық, бұл түріндегі жер ұсақ шаруагердің және оның
отбасының тұтыну қажеттілігін қанағаттандыру үшін арендаланады.
Бұл түрі Орта Шығыс пен Латын Америкасы елдерінде кең тараған.
АҚШ-да 150 млн. гектарға дейін жер арендаланады, ал фермерлердің
ренталық төлемдері 20 млрд. долларға жетеді. Сондықтан да арендаторлар жер
құнарлылығын жақсартуға шығындар жұмсайды.
Әлем қауымдастығындағы дамыған елдердің жерді және жерді қолдануды
тиімді пайдалануы бүгін бір ауыл шаруашылығы жұмыскерінің мұнша адамды
асырай алатындығын көрсетеді:
Белгияда — 100 адамды;
Англияда - 95 адамды;
АҚШ-да - 80 адамды;
Голландияда - 60 адамды;
- Канадада - 55 адамды;
Германияда - 50 адамды;
Данияда — 40 адамды;
Францияда - 40 адамды.
Жер рентасының теориясын К. Марқс толық зерттеген. Дифференциалды
рентаның теориясын жасауда классикалық экономикалық теорияның өкілі Давид
Рикардо (1772-1823 жж.) ерекше үлес қосты. Ол дифференциалды рентаның нашар
участкідегі ауыл шаруашылығы өнімінің құнымен және ауыл шаруашылығы
енімінің жақсы участкідегі құны арасындағы айырмадан құралатындығын жіктеп
берді. Д. Рикардо өзінің дифференциалды рента теориясын топырақ-
құнарлығының төмендеу заңымен байланыстырды. Осы заңға сай, жерге еңбек пен
капиталдың әрбір қосынды (қосымша) жұмсалуы өндірілетін өнім санының
төмендеуімен бірге жүріп отырады.
Айталық, фермер шаруашылығында астық өндіреді. Химиялық тыңайткыштарды
қолданбаған кезде бір гектардан 20 ц өнім алынды. Енді химиялық
тынайткыштарды қолданғанда (басқа факторлар өзгермей тұрғанда) өнім өсе
түседі, бірақ үшінші кезде тыңайтқышты салуды ұлғайтқанда астық өнімділігін
есуі төмендеу қарқынымен жүріп, нолге дейін жетеді.
Осыны енді мысалмен қарастырайық.
Мысал: Қайтарымды төмендету заңы.
Кесте 2.
Тыңайтқыш (мөлшері) саны (қап) 0 1 2 3 4 5 6 7 Астық өнімі, ц
20 25 35 43 50 55 57 57 Әрбір участкі гектарынан өнімнің өсімі
5 10 8 7 5 2 0 Кейінірек барлық маржинализм теориясының
өкілдері (шекті пайдалылық, шекті өнімділік, шекті өндіріс шығыны) осы
занды куаттады. Экономикс оқулығының авторлары К.Р. Макконнелл мен
С.Л. Брю осы занды Қайтарымды төмендету заңы деп атады. Олар Қайтарымды
төмендету заңын ауыл шаруашылығы емес салаларға да қолдануға болады деп
есептеді. Жерге жеке меншіктің болуы кезінде жерге монополиялық жеке меншік
те болады, осы жағдай абсолюттік рентаны туғызады. Оның пайда болуының
себебі ауыл шаруашылығындағы капиталдың органикалық құрылысының
өнеркәсіппен салыстырғандағы тым төмен болуында.
Белгілі жай сол, қосымша құн барлық авансталған капиталмен жасалмайды,
тек оның өзгермелі бөлігінен жасалады. Жерге қатысты капиталдың органикалық
құрылысы бойынша (тіпті қазіргі ауыл шаруашылығы механизациясы жоғарғы
деңгейдегі елдерде де) ондағы өзгермелі капиталдың үлес салмағы өнеркәсіпке
қарағанда әлдеқайда көп. Бұл дегеніміз өнеркәсіпке қарағанда, ауыл
шаруашылығына салған әрбір капитал бірлігіне қосымша құн көп
өндірілгендігін білдіреді. Алайда қосымша құнның бұл бөлшегі (артығы)
коғамдағы салалалар арасында үлестірілмейді, жерге монополиялық жеке
меншіктің болуына байланысты ауыл шаруашылығында қалып қалады. Қосымша
құнның бұл бөлшегі барлық участкіден алынған абсолюттік рента түрінде жер
иегері иеленеді. Ол жерді иегерлер арендаға берген болатын.
Абсолюттік рента — пайданың орташа пайдадан артық бөлігі және ол барлық
участкіде, сондай-ақ жердің сапасы нашар участкісінде де туындайды, ол
жақсы және орташа участкіден тағыда қосымша I-ші және ІІ-ші дифференциалды
ренталар алынады.
Дифференциалды және абсолютті ренталардан басқа жекелеген кейбір жер
участкісінде монополиялық рентаның болуы мүмкін. Оның пайда болуы
монополиялық бағамен түсіндіріледі, себебі ондай баға кейбір сирек ауыл
шаруашылығы өнімдеріне белгіленеді. Мысалы, цитрустық өнімдерге және сирек
кездесетін пайдалы қазбаларға.
Кең өнеркәсібінде рентаның үш түрі болуы мүмкін: дифференциалды,
абсолютті және монополиялы. Сондай-ақ құрылыс участкісіндегі ренталар да үш
түрде болады. Мұндағы айқындайтын басты фактор участкісінің орналасуы болып
табылады.
Жер адамның іс-әрекетінің өнімі емес, оның құны жоқ бірак табыс
әкеледі, сатып алынады және сатылады, сондықтан бағасы бар.
Оның бағасы қарыз пайызы мөлшеріне тікелей тәуелділікте болады. Жер
участкісі ақшаның сондай сомасына сатылады, сөйтіп келешекте банкке салынып
өзінің иегеріне пайыз түрінде сондай табыс әкеледі. Бұл табыс жердің рента
түрінде бергеніндей болады.
Жердің бағасы мынандай формуламен анықталады:
Мысалы: айталық, рента = 20 мың. долл., қарыз пайызы = 4 %, онда жердің
бағасы мынаған тең:
Бұл жер иегеріне жерді сондай есеппен сатуға ықпал жасайды, сөйтіп
карыз пайызы мөлшерінің (нормасының) 4%-ке тең болғанында жер иегері банкке
500 мың долл. салып, жыл сайын сол бұрынғы жылғы табысты алады.
Қазіргі жағдайда жер бағасы өсу тенденциясына ие болуда. Ол жер
рентасының өсуімен, жер участкісіне деген бағаның өсуімен түсіндіріледі.
Осы аталған жерлерде ерекшеленген ауыл шаруашылық ннімдері өндіріледі және
сирек кездесетін пайдалы қазбалар алынады.
1.3. Аграрлық өндірістің ерекшелігі
Бір қарағанда қарапайым көрінетін ауыл шаруашылығы өндірісі — өте нәзік
жеңіл үзілетін және көп аялауды қажет ететін жүйе, ол қатаң қалыпқа
салғанды көтермейді. Ауыл шаруашылығы өндірісі басшылықтың білікті
болғанына, жұмысшылардың белсенді күш-жігеріне қарамастан көптеген
факторлардың әсерінен азапқа түскен адамдай ауыр халды басынан кешіреді.
Мысалы, әзірге адамның бақылауына аз көнетін табиғи фактор, оның ішінде ауа
райының жағдайын алайық. Қуаңшылық, бұршақ жауу және басқа қолайсыз
құбылыстар жұмысшылардың барлық ұмтылысына айтар-лықтай зиян әкеледі немесе
тіпті жоққа шығарып тынады.
Нарықтық экономика ауыл өндірушілерінің табысын маусымдық ауытқулар мен
ауа райы климаттық қолайсыздықтардан қорғаудың белгілгі бір тегершігін
жасады. Биржалық бизнесмендердің тұтас бір тобы пайда болды. Олар ауыл
шаруашылығы табыстарының қолайсыздығын өз мойындарына алады. Алайда, мұның
өзі жеткіліксіз, сондықтан да көптеген мемлекеттерде ауыл шаруашылығы
өнімдерін сатып алу және фермерлік табыстарды қолдаудың мемлекеттік жүйесі
кеңінен тәжірибеге енгізілген.
Аграрлық өндірістің тағы бір ерекшелігі дұрыс пайдаланған жағдайда
тозбайтын, қайта керісінше құнарлана түсетін, өндірістің айырбастауға
келмейтін ең басты мәңгілік қоры — жердің алабөтен орны болып табылады.
Жердің құнарлығындағы айырмашылық еңбек пен капиталды бірдей жұмсағанның
өзінде де өндіріс пен табыстың көлеміндегі айырмашылықты туғызады. Осыдан
барып жер рентасы және табысты реттеу, сондай-ақ жақсы ауыл шаруашылық
жерлерінің шектелу проблема-лары туады.
Өндірістің ерекше саласы ретінде ауылшаруашылығының ерекше белгісі онда
өндірілген өнім (тұқым, жем, малдың төлі, орғаникалық тыңайтқыш және
басқалар) онан әрі өнімді көбейту үшін қолданылатындығы болып табылады.
Биологиялық факторлар мен тірі орғанизмдерді пайдалануға негізделетін
ауылшаруашылығында бұл жағдай оның өндіріс технологиясының да ерекшелігін
білдіреді.
Өнеркәсіпте өндіріс және еңбек процесі көбінесе үздіксіз жүреді. Бұлай
болатын себебі техниканың, технологияның және өндірісті ұйымдастырудың
жетілдірілуін қамтамасыз етуде жатыр. Агроөнеркәсіптік өндірісте
экономикалық процесс өнім шығаруды жеделдету мен көбейтуді төтенше
шектейтін табиғи-биологиялық факторлармен тығыз байланысты. Көп жағдайда
ауыл шауашылығындағы бірқатар табиғи про-цестерді қысқарту өте қиын, тіпті
мүмкін емес. Мысалы, ауыл шаруашылығы дақылдарының пісіп-жетілу мерзімі
немесе саулық малдың күйлеу мерзімін айтсақ та жеткілікті.
Табиғи-биологиялық фактор өндірістің тиімділігін анықтауда,
технологияны таңдауда ең басты факторы болып саналады. Мал мен өсімдіктер
дамуының табиғи заңдылықтарын сақтамау басқа өндірістік экономикалық
ресурстардың тшмділігінің төменділігіне әкеліп соқтыратын болғандықтан
техника, еңбек ұйымдастыру жүйесі аталмыш факторға қарай ыңғайланады. Осы
жерден келіп, әміршіл-әкімшіл экономика кезеңінде өсімі төмен мал өсіру мен
нашар жем-шөп базасы жағдайында ірі мал ша-руашылығы кешендеріне, қарапайым
агротехникалық, талаптарды сақтамаған жағдайда жерді мелиорациялауға
жұмсалған орасан шығын ауыл шаруашылығының өнімдері мен шикізатын жоғалтуға
алып келді.
Ең жетілдірілген техника, озық технология және өндірісті білікті
ұйымдастырудың өзі де өнім өндіруді белгілі бір „биіктіктен" асыруға
мүмкіндік бермейтін мал мен өсімдіктің табиғи-генетикалық, потенциалы
сияқты ауыл шаруашылығының осындай биологиялық факторын жеңе алмайды.
Ауыл шаруашылығының маусымдық қасиеті оның табиғи ерекшеліктері болып
табылады. Мұның өзі өндіріс кезеңі мен жұмыс кезеңінің тура келмеуін
тудырып, жыл бойы жұмысшы күші мен материалық-техникалық ресурстардың тепе-
тең пайдалануына қолбайлау жасап, табыстың түсуін де ала-құла қылады.
Салыстырмалы түрде аз ғана уақыт жұмыс істейтін техниканы пайдаланудың
қажеттілігі, сондай-ақ өндірістің қуат көздерін көп керек ететіндігі
тұрақты капиталдың жоғары үлесін қажет етеді. Өндіріс жалға алған жерде
жургізілетін жағдайда тұрақты шығынның деңгейі сонымен бірге жалға
төленетін ақы есебінен де өсіп отырады.
Тұрақты шығынның жоғары үлесі шаруалар мен олардың өндірістік
стратегиясьша да әсер етеді. Өнеркәсіпшіге қарағанда, ауылдағы іскерге
нарықтық конъюнктура тиімсіз болған жағдайдың өзінде де өндірісті күрт
қысқарту тиімсіз, өйткені тұрақты шығындар өндіріс көлеміне қарамастан
өтелуге тиісті.
Табыстың түсуінің маусымдық мәнде болуы барлық өндірістік циклдың өн
бойында шығарылатын шығынның орнын толтырудың өте қажет көзі ретінде ауыл
шаруашылығы өіідірісін несиелік ресурстар алуға итермелейді. Көптеген ауыл
шаруашылық салаларында бұл циклдың ұзақ уақытқа созылуы ұсыныс көлемінің
қысқа мерзім ішінде азайтылуына немесе көбейтілуіне мүмкіндік бермейді.
Осының өзі ауыл шаруашылығы өндірісі мен аграрлық рыноктің тағы бір маңызды
ерекшелігі болып табылады.
Алайда, бұл факторлар — ауыл шаруашылығы өндірісіндегі қиыншылықтардың
мұзтаудың су бетінде көрініп тұрған басындай ғана. Мұнымен қатар мұзтаудың
су астында көрінбей тұрған бөлігіндей тағы басқа көптеген қиындықтар бар.
Мұның қатарында „шаруа — еңбек — жер" жүйесін құрайтын әлеуметтіқ
экономикалық және психологиялық қарым-қатынастар аясындағы қиыншылықтар —
ең күрделі қиыншылықтар.
Қызметкердің немесе өнеркәсіп жұмысшысының, құрылысшының еңбегін
ұйымдастыру, есебін жүргізу, бақылау және әділетті еңбек ақысын төлеу өте
оңай шаруа. Ал, тек қана жұмыс уақытысы емес, барлық өмірі ауыл
шаруашылығын жүргізу жағдайына бағындырылған ауыл еңбеккерінің жағдайы
тіптен басқаша.
Ауыл шаруашылығы жұмыстарының қарбалас кезеңдерінде шаруа уақытпен
санаспай, демалыссыз, демалыс және мерекелік күндерсіз, ауа райының қолайлы
сәттерін қалт жібермей, қымбат уақытты тиімді пайдала-ну үшін жан-тәнін
салып жұмыс істейді. Оның есесіне кейбір кезеңдерде, әсіресе қысқы уақытта
шаруа адамы апталап, тіпті айлап бос болады. Жалпы алғанда, шаруа норма
немесе жоспар үшін емес, түпкі нәтиже үшін жұмыс істейді. Соіідықтаи да
ауыл шаруашылығы еңбеккерінің психологиясында, табиғатында әрбір дән немесе
түп үшін жауапкершілік жүгі қаланған. Егістікті өңдеу барысында ол бірде-
бір өсімдікті аяғымен таптамайды, ал егін жинау кезінде өнімнің ысырап
болуына барынша жол бермейді. Ауыл шаруашылығы өндірісінің тиімділік көзі
дәл осында жатыр деп батыл айтуымызға болады.
Сөз жоқ, шаруаның еңбегі өте ауыр, бірақ ол шығармашылық мазмұнға мол
болғандықтан, адамды өзіне тартып, қуаныш сыйлай біледі. Өнеркәсіп
жұмысшысы мен қызметкерден ауыл еңбеккерінің бір айырма-шылығы — ол өз
жұмысына бар жан-тәнін сала отырып, тұқым себуден бастап өнім алуға дейінгі
жасампаз еңбек процесіне бастан аяқ қатысады.
Алайда, соңғы онжылдықтарда ауылшаруашылығында қалыптасқан өндірістік
қарым-қатынастар шаруа еңбегінің осы тұстарын есепке алмай, ғасырлар бойы
келе жатқан әдеттер мен дәстүрлерді құртып тынды. Ұжымшарларда немесе
кеңшарларда шаруалар бүгін бір егістік басында жұмыс істесе, ертесіне басқа
жерді өңдеуте жегілетін болды. Сондай-ақ оның еңбек құралы да жиі
ауыстырыла берді. Соның қортындысында ол өз еңбегінің түпкі нәтижесін көре
алмай, бірте-бірте жер мен өндіріс құралдарына деген өзінің қожайындық
(тіпті ұжымдық қожайындық) сезімін жоғалта бастады. Онан соң тек ілкі
сәттегі табыс үшін ғана, бүгінгі еңбекақы үшін ғана жұмыс істеуге бойын
үйретіп алды.
Оның үстіне әр шаруашылықта кездесетін төмендегідей жағдайлар да
шаруаның жақсы жұмыс істеуіне мұрындық бола алмады. Мысалы, іскер шаруа
егістіктегі өзінің бөлігін жақсы өңдейді ал оның қасындағы жалқау шаруа өз
жұмысын жүрдім-бардым атқарады. Мұндай жағдайда әлгі жауапкершілікпен жұмыс
істейтін ауыл шаруашылығын жүргізу жағдайына бағындырылған ауыл
еңбеккерінің жағдайы тіптен басқаша.

немесе жоспар үшін емес, түпкі нәтиже үшін жұмыс істейді. Сондықтан да ауыл
шаруашылығы еңбеккерінің психологиясында, табиғатында әрбір дән немесе түп
үшін жауапкершілік жүгі қаланған. Егістікті өңдеу барысында ол бірде-бір
өсімдікті аяғымен таптамайды, ал егін жинау кезінде өнімнің ысырап болуына
барынша жол бермейді. Ауыл шаруашылығы өндірісінің тиімділік көзі дәл
осында жатыр деп батыл айтуымызға болады.

жасампаз еңбек процесіне бастаы аяқ қатысады.

істейтін еңбеккер өз көршісін адами және диқандық абыройға кір келтірмеуге
шақырып, әңгіме айтқан болады. Бірақ, бұдан ол ешқандай нәтиже шықпайтынын,
сондай-ақ өндірістік-экономикалық қарым-қатынастар пәрменді материалдық
және моральдық шара қолдануға ешқандай да мүмкіндік бермейтінін түсінгеннен
кейін бірте-бірте өзіне келіп, бейжайлыққа бойын үйретеді. Ал, содан кейін
әлгі еңбекқор шаруаның өзі түпкі нәтиже үшін емес, тек бүгінгі тапсырманы
орындаумен шектеліп, жалақы жазылатын құжаттан өз аты-жөнін табу үшін ғана
жұмыс істейді.
Аграрлық өндірістің жоғарыда айтылған ерекшеліктері, оның қоршаған
ортамен тығыз байланысы, ауа райы мен жер бедері жағдайларының әр
түрлілігі, шаруа еңбегінің ерекше мәнде болуы өз бойында іскер-қожайын,
басқарушы-менеджер және жұмысшы-орында-ушы сияқты үш қасиетті жинақтаған
ерекше жұмысшының жұмыс істеуін талап етеді. Агробизнес дамыған елдердің
фермерлік шаруашылықтарындағы тұрақтылық пен тиімділік дәл соларға арқа
сүйейді. Шаруалық отбасылық шаруашылықтар көптеген ауыл шаруашылықтары үшін
ең ыңғайлы өндірістік шаруашылық бірлігі болып табылады. Өйткені мұнда ауыл
шаруашылығы өндірісі мен еңбектің ерекшеліктері толық қарастырылған. Отбасы
өндірістік ұжым ретінде өз бойына өндірістік қызметтің іскерліқ басқару
және орындаушылық міндеттерін тамаша жинақтай біледі. Отбасылық еңбек ұжымы
пайдалана алатындай өндіріс ресурстарын (жердің, техниканың жәые
басқалардың көлемін) сол кезеңдегі өндірістің техникалық және технологиялық
мүмкіндіктері айқындайды. Сондықтан да бір фермаға шаққанда өндіріс және
өндіріс ресурстарының көбейюі ғылыми-техникалық өркениеттің дамуымен жүзеге
асады. Агроөнеркәсіптің жоғарыдағы ерекшеліктері негізінен алғанда
әлеуметтік-саяси жүйесіне қарамастан, барлық елдер мен аймақтарда көрініс
тапқанындай, объективті мәнде болады. КСРО тарағаннан кейін бұрынғы одақтық
республикалар орнына пайда болған жас мем-лекеттерде бұдан басқа өз кезінде
тоталитарлық жүйе туғызып кеткен субъективтік қиыншылықтар да кездеседі.
Агроөнеркәсіп өндіріске тұтастай, әсіресе ауыл шаруашылығының дамуына
өз кезінде „жоғарыдан" жүргізілген сансыз тәжірибелер, көшпенді халықты
отырықшылыққа жедел зорлаған ұжымдастыру болсын, барлық аймақтарда табиғат
жағдайлары ерекшеліктері ескерілместен кез келген сәйкес келмейтін
дақылдарды өсіруге зорлау болсын, соңына дейін түпкілікті ойластырылмаған
тың және тыңайған жерлерді игеру болсын, ұжымшарларды келісімсіз
кеңшарларға көшіру болсын, ауыл шаруашылығын басқаруды сан мәрте қайта құру
болсын, міне осының бәрі үлкен зиян әкелді. 80-жылдардың өнбойында жеміс
және көкөніс шаруашылығы министірлігі құрылды, одаи кейін ауыл шаруашылығы
министрлігі екеуі жойылып, басқа аралас салалық министрліктер және
комитеттермен бірігіп, Мемлекеттік аргарлық өнеркәсіп комитеті болып қайта
құрылды. Осы суперминистрліктің туы астында ел тұрғындарының жартысына
жуығы және өндірістік саланың үштен екі ұйымы жұмыс істеді. Көп уақыт өтпей-
ақ бұл алып құрылым екі жылға жуық қана өмір сүрген аудандық агро-
өнеркәсіптік бірлестіктер жойылғаннан кейін таратылды.
Егер бұл жағдайға тұрақты түрде болып тұратын кадрларды алмастыруды
қоссақ, басқару ұйымдарында жағдайдың қандай күйде болғаны айтпаса да
түсінікті. Көп жағдайларда басшылық, жұмыстарға мамандар емес, ең алдымен
идеялық және саяси жағынан әсіресенімді кадрлар жіберілді. Олар өнім
өндіруді білгеннен көрі, шаруалардан нан тартып алуды әлдеқайда жақсырақ
білгенін айтсақ, ауылдың ішкі терең құлдырауының табиғатын түсіну қиын
болмайды. Әсіресе, үй іргесінде ша-руашылықты шектеу үлкен зиян әкелді.
Жеке шаруашылық үшін бір жарым ондық (десятка) жерден аспайтын учаске ғана
бөлініп, бір сиыр және он қойдан артық үй іргесінде мал ұстауға тыйым
салынды. Міне, осындай шектеулер шаруа психологиясындағы меншіктік сезімге
соңғы соққы болып тиді.
Кеңестік кезеңнен кейінгі кеңістікте пайда болған елдерде, оның ішінде
Қазақстанда агроөнеркәсіптік өндіріс дамуының, агробизнестің қалыптасуы мен
онын, жұмыс істеуіндегі қиыншылықтардың объективті шарттары мен субъективті
себептері, негізінен алғанда, міне осындай. Алдыңғы талдау көрсеткеніндей,
нарықтық қатынастарға өту және бизнесті, әсіресе агробизнесті дамыту,
кейбір мамандар болжағандай, соншалықты жеңіл болмайды. Дегенмен, басқа жол
жоқ. Қазіргі экономикалық дағдарыстан өтіп, барлық елдер мен халықтар жүріп
өткен нарықтық қатынастардың кең даңғыл жолына түпкілікті жаңғыру мсн
бизиесті, экономиканың барлық салаларында оның, ішінде ең алдымен
агроөнеркәсіптік өндірістегі бизнесті игерудің негізінде түсе аламыз.

2.1. Агробизнес және агроөнеркәсіптік интеграция
Әлемдегі дамыған елдер ауыл шаруашылығы өндірісінің машиналы стадияға
өтуіне байланысты оның өнеркәсіп, транспорт, саудамен және т.б.
интеграциялық байланысы нығая түсті.
Интеграциялық процестің аса маңыздылығына бағаны ХХ-шы ғасырдың 50-шы
жылдарында АҚШ Ауыл шаруашылығы Министрлігің орынбасары Джон Дэвис берген.
Ол экономикалық ғылымға алғашқы рет жаңа термин агробизнесті ендірді,
кейінірек ол жалпылама мойындауға ие болды.
Джон Дэвистің ойынша, ... агробизнес барлық фермерлік онерациянын
жиынтығын құрайды, оған фермерлік шаруашылықты қамтамасыз ету үшін өндіріс
пен өнімді бөлуді қосасыз, табысты (максимилизациялау) барынша ұлғайту
мақсатымен және рынок сүранымын қанағаттандыру үшін ауыл шаруашылығы өнімін
тасымалдау, сақтау, қайта өңдеу мен бөлуге байланысты барлық операцияларды
да қосамыз.
Американ экономистері Джон Дэвис пен Рей Голдберг 1957-ші жылы
Агробизнес тркырымдамасы кітабын шығарып, агробизнес теориясының негізін
қалаушылар болды. Бұрынғы Одақта ХХ-шы ғасырдың 60-шы жылдарында аграрлы-
өнеркәсіптік кешен (АӨК) термині пайда болды, ол агробизнес терминіне
пара-пар еді.
Агроөнеркәсіп кешені - бұл ауыл шаруашылығы өнімін өндіру, оны сақтау,
өңдеу, тұтынушыға жеткізумен айналысатын халық шаруашылығы салаларының
жиынтығы. Сөйтіп, АӨК-ні үш саланы өзіне өндіреді:
— Ауыл шаруашылығына өндіріс құрал
жабдығының өндірісі;
— ауыл шаруашылығы;
— дайын өнімді өңдеу мен өткеру.
АӨК-інің қалыптасу негізін агроөнеркәсіптік интеграция құрайды - ауыл
шаруашылығында қызмет жасайтын және онын өнімін тұтынушыға жеткізетін, ауыл
шаруашылығы процесінің аралас-құралас салаларын косу.
Агроөнеркәсіптік интеграция өндіргіш күштердін дамуы, қоғамдық еңбек
бөлісінің терендеуі, маманданудың нәтижесі болып табылады. Бұл жайлы К.
Маркс былай деген: Капиталистік өндіріс әдісі егін-шаруашылығы мен
өнеркәсіптің алғашқы отбасылық одағының алшақтығын жояды, сөйтіп олардың
дамымаған сәби нышандарын бір-бірімен қосады. Сондай-ақ ол өз кезегінде
жаңа, жоғарғы синтездің материалдық алғы шарттарын — олардың қарама-қарсы
дамыған түрлерінің негізінде егін шаруашылығы мен өнеркәсіп одағын құрады.
Интеграциялық процестің сипатына жеке салалар ерекшілігі барынша әсер
етеді — ауыл шаруашылығы кәсіпорынының мамандануы, осы территория
шенберінде ауыл шаруашылығына қызмет көрсететін салалардың жиынтығы және
т.б.
Барлық ел масштабында және ірі аймақтарда агроөнеркәсіптік интеграция
ауыл шаруашылығы сала аралық байланыстарды нығайтуға, агроөнеркәсіп
кешенінің салалық пен аймактық қалыптасуында жүзеге асады. Қазақстан
Республикасында 70-ші жылдардың ортасында мынандай кешендер қалыптасты:
– Батыс-Қазақстан аграрлы-өнеркәсіп кешені, ол мал шаруашылығы және
егін шаруашылығы өнімін өндіру мен өңдеуге негізделген;
– Оңтүстік-Қазақстан аграрлы-өнеркәсіп кешені, ол мал шаруашылығы, қой
шаруашылығы, бау-бақша шаруашылығы, жүзім шаруашылығы өндірісіне
негізделген;
— Солтүстік-Казақстан аграрлы-өнеркәсіп кешені, ол аса дамымаған
өнеркәсіп жеңіл және тамақ өңдеуге негізделген;
- Шығыс-Қазақстан аграрлы-өнеркәсіп кешені, ол мал
шаруашылығы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz