Салық міндеттемесін шет мемлекеттерде қолдану ерекшеліктері


Салық міндеттемесін шет мемлекеттерде қолдану ерекшеліктері
Канадада табыс салығы туралы бірінші әскери Заң 1917 жылы елдің бірінші дүниежүзілік соғыстағы шығындарын қаржыландыру мақсатында қабылданды. 1948 жылы табыс салығы туралы Заң қабылданып, 1972 жылы оған маңызды өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. 1981 жылы салық салу саласында үлкен реформалар жүргізу жобаланған Үкімет бағдарламасы қабылданды. Нәтижесінде 1988 жылы реформаның бірінші кезеңі табыс салығына байланысты өткізілді. Бұл реформа нышандары жағынан 1986 жылы өткізілген АҚШ реформасына ұқсас болды. Ол реформа бюджеттің негізгі кіріс көзін құрайтын табыс салығы мен пайдаға салынатын салыққа қатысты көптеген өзгерістерді қамтыды. Осы реформаның нәтижесінде осыған дейін федералдық деңгейде қолданылған табыс салығыныың он ставкасының орнына үш салық ставкасы енгізілді; көптеген салық жеңілдіктері салық разрядтарына ауыстырылды; экономиканың әр түрлі саласы үшін салық ауытпалығы оңайлатылды, провенциялық деңгейдегі табыс салығына ставка тағайындау жергілікті орындарға берілді, т. с. с.
Канаданың салық жүйесі үш деңгейден тұрады:
- Федералдық (мемлекеттік бюджет кірісінің 48 пайызын құрайды) ;
- Профенциялық (мемлекеттік бюджет кірісінің 42 пайызын құрайды) ;
- Жергілікті (мемлекеттік бюджет кірісінің 10 пайызын құрайды) .
Федералдық бюджет кірісінің басым бөлігін халықтан алынатын табыс салығы, әлеуметтік сақтандыру қорына салық құрайды. Одан кейін федералдық Үкімет дотация түрінде салықтық түсімдерді провинциялар арасында бөледі.
Провинциялық кірістердің негізгі бөлігі:
- сатуға салынатын салық;
- корпорация табысына салынатын салшық;
- акциздер;
- мұра мен сыйға салынатын салық тәрізді көздерден құралады.
Жергілікті бюджеттің кірісі негізінен мүлікке салынатын салық пен кәсіпкерлікке салынатын салықтан тұрады.
Бұл елде салықтық реттеудің нақты жүйесі қалыптасқан. Салық саясатын Қаржы министрлігінің бюджеттік саясат және экономикалық талдау бөлімі жасайды. Салықтардың уақытылы және толық көлемде бюджетке түсуіне Ұлттық кіріс министрлігі басшылық жасайды. Салыққа қатысты туындайтын даулы мәселелер Салық соты деңгейінде шешіледі. Салық саласына қатысты мәселелердің құқықтық негізін «кіріске (табыс) салынатын салық туралы», «Жұмыссыздықтан сақтандыру туралы», тәрізді заңдар мен заңнамалық актілер құрайды.
Халық тура және жанама салықтар төлейді. Тура салықтарға табыс салығы, капитал өсіміне салынатын салық, жылжымайтын мүлікке салынатын салық, отын салығы, т. б. жатады. Салықтардың көпшілігі федералдық және провинция деңгейінде төленеді.
Табыс салығы федералдық және провинция деңгейінде алынады. Табыс салығына халықтан табыс салығы мен корпорация табысына салынатын салық жатады.
Халықтан алынатын табыс салығын төлеу жауапкершілігіне Канадада тұратын, жұмыс жасайтын, бизнеспен айналысатын және ел аумағында меншігі бар тұлғалар тартылады. Бейрезидент тұлғалар Канадада алған табыстары бойынша салық төлеу жауапкершілігіне тартылады. Халықтан алынатын табыс салық төлеу салу барысында оның объектісі ретінде табыс қарастырылады. Ол өз кезегінде жиынтық табыс пен оны алуға кеткен шығындар арасындағы айырма негізінде анықталады. Салық төлеушінің жиынтық табыс еңбекақысы, кәсіпкерлік қызметтен алған табысы, капитал өсімі, мүлікті жалға беруден алған табысы, дивидендтер, т. б. табыстары жатады. Табыстан зейнетақы қорына жасалған аударымдар, кәсіподаққа аударылған жарна, асырауындағы адамдарға (қарттарға, балаларға, мүгедектерге) берілетін салық салынбайтын минимум шегеріліп тасталады. Федералдық табыс салығы 17-29 пайыз аралығында прогрессивтік шкаламен төленеді. Провинциялық табыс салығы (Квебектен басқа) федералдық табыс салығынан пайыз түрінде есептеліп алынады. Халықтан алынатын табыс салығынан басым бөлігі жұмыс жасайтын жерінде еіңбекақыдан ұсталып қалды.
Халықтан алынатын табыс салығының жүйесінде активтердің нарықтық құнының өсіміне салынатын салықтың алатын орны зор. Бұл салықтың нақты ставкасы 30 пайызға тең.
Корпорация табысына салынатын салық федералдық және провинциялық бюджет кірісіне түседі. Федералдық табыс салығының ставкасы Канада заңымен 12 және 28 пайыз мөлшерінде барлық провинцияларға біртұтас болып бекітілген. Өңдеу өнеркәсібіндегі кәсіпорындар үшін федералдық табыс салығының ставкасы 23 пайыз мөлшерінде белгіленген. Профинциялық табыс салығының ставкалары провинцияның заң шығару мәжілісінде бекітілді. Салық ставкасы әр провинцияда әр түрлі болып келеді және оның өзгеруі федералдық табыс салығынан ставкасының өзгеруіне әсер етпейді. Мунципалитеттердің корпорацияларға салық салу құқығы жоқ. Канадада шағын бизнестің өркендеуіне басым көңіл бөлінеді. Бұл елдің заңнамасына сәйкес, жылдық табысы 200 мың долл. құрайтын және жалдамалы жұмыскерлерінің саны 100 адамды құрайтын компаниялар шағын бизнес субъектісі болып танылады. Қазіргі кезде барлық компаниялардың ішіндегі олардың үлесі орта есеппен 80-85 пайызды құрайды. Шағын компаниялар негізінен қызмет көрсету, бөлшек сауда, құрылыс салаларында жұмыс жасайды. Шағын бизнестегі компаниялар 12 пайыздық төмендетілген ставкамен табыс салығын төлейді.
Корпорация салық салу барысында мынадай салық жеңілдіктері беріледі:
- инвестициялық салықтық несие;
- жеделдетілген амортизация;
- салық төлеу мерзімін ұзарту;
- экспорт операцияларын салықтан босату және т. б.
Бұл жеңілдіктер, сондай-ақ ауылшаруашылығын, ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды дамытуды, жаңа технологияларды өндіріс процесіне енгізуді ынталандыру мақсатында да беріледі. Инвестициялық салықтық несие негізінен арнайы бөлінген аудандарға беріледі.
Өндіріс процесінде залал туындаған жағдайда, ол жеті жыл мерзімге кейінге шегеріледі.
Ауыл және балық шаруашылығының дамуын ынталандыру, сондай-ақ фермерлердің балаларын ауыл шаруашылығындағы жұмысқа тарту мақсатында арнайы салық жеңілдіктері қарастырылған. Атап айтқанда, баланың ата-анасы қайтыс болған жағдайда, салық төлеу міндеті кейінге қалдырылады; жұмыс барысында күрт ауытқулар туындаған жағдайда салық төлеу міндеті бес жыл мерзімге; залал сомасы жеті жыл мерзімге шегеріледі.
Сатудан алынатын салық Канаданың барлық өнеркәсіп тауарларына және импортталған тауарларына салынады. Салық федералдық және провинция бюджеттеріне түседі. Сатудан алынатын салықтың өзіне тән мынадай ерекшелік белгілері бар:
а) өндірістік процесс салықтан босатылып, тек тұтынуға қолданылады;
ә) кең базаға сүйенеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz