Еңбекақы ұғымы және еңбекақыны есептеу тәртібі


Мазмұны.
Кіріспе . . . 3
Негізгі бөлім.
І-бөлім. Еңбекақы ұғымы және жіктелу тәртібі . . . 5
1. 1. Еңбекақы түрлері және оны реттеу әдістері . . . 5
1. 2. Еңбекақы төлеу жүйесінің ерекшеліктері. . . . 13
1. 3. Қызметкерлерге кепілдіктер беру мен өтемақы төлеу тәртібі. . . . 27
ІІ-бөлім. Банктегі еңбекақының мөлшерін есептеу
заңдылықтары . . . 31
2. 1. Мерзімді және кесімді еңбекақыны есептеу. . . . 31
2. 2. Қызметкерлердің орташа еңбекақысын есептеу тәртібі. . . . 36
2. 3. Банктегі еңбекақының аналитикалық және синтетикалық
есебінің талдауы. . . . 41
Қорытынды . . . 45
Қолданылған әдебиеттер . . . 47
Қосымша . . . 48
Кіріспе
Менің курстық жұмысымның тақырыбы - «Еңбекақы ұғымы және еңбекақыны есептеу тәртібі».
Курстық жұмысымның құрылымы кіріспеден және негізгі бөлімнен тұрады. Негізгі бөлімге тоқталатын болсам, яғни І бөлімде, еңбекақы ұғымы және жіктелу тәртібі бойынша көрсетілген еңбекақы түрлері және оны реттеу әдістерін, еңбекақы төлеу жүйесінің ерекшеліктерін, қызметкерлерге кепілдіктер беру мен өтемақы төлеу тәртібі туралы толық қарастырдым.
Ал, ІІ бөлімге тоқталатын болсам, банктегі еңбекақының мөлшерін есептеу заңдылықтары бойынша мерзімді және кесімді еңбекақыны есептеу ережелерін, қызметкерлердің орташа еңбекақысын есептеу тәртібін, банктегі еңбекақының аналитикалық және синтетикалық есебінің талдауын жүргіздім.
Курстық жұмысты жазудағы мақсатым, еңбекақы ұғымын, түрлерін, ең Курстық жұмысты жазудағы мақсатым, еңбекақы ұғымын, түрлерін, еңбекақы төлеу жүйесінің ерекшеліктерін және есептеу тәртібін, оның адам өміріндегі маңызы мен рөлін ашып көрсету.
Елімізде тұратын халықтың көпшілігі үшін еңбекақы кірістің негізгі бөлігі болып табылатыны бәрімізге мәлім. Сондықтан оны көтеру адамдардың қалыпты тұрмыс деңгейін қамтамасыз ету үшін аса маңызды. Нарықтық экономикаға бағдарландырылған еңбекақыны мемлекеттік нормалаудың жаңа жүйесі еңбек ресурстарын тиімді пайдалану мақсатында және қызметкерлердің еңбек белсенділігін арттыру мен материалдық ынталандырудың механизмін әзірлеудің бастапқы базасы болып табылады. Кез-келген кәсіпорындар мен ұйымдардағы жұмыстарды орындап, қызметтерді атқарып жүрген адамдардың еңбегін дұрыс төлеу қай ұйымның болмасын күрделі мәселелерінің бірі. Қызметкердің айлық еңбекақысының мөлшері қызметкердің біліктілігіне, орындалатын жұмыстың күрделелілігіне, санына және сапасына, сондай-ақ еңбек жағдайларына қарай сараланып белгіленеді. Сонымен қатар, белгілі бір кезеңге белгіленген жұмыс уақытының нормасын толық атқарған және еңбек нормаларын, яғни еңбек міндеттерін орындаған қызметкердің айлық жалақысының мөлшері Қазақстан Республикасының заңында белгіленген айлық еңбекақысының ең төменгі мөлшерінен кем болмауға тиіс.
Курстық жұмысты жазу барысында С. Б. Мақыш, А. Ә. Ілияс, Қ. К. Кеулімжаев, З. Н. Әжібаева әдебиеттеріне және тағы да басқа басылымдарға сүйене отырып жаздым.
Курстық жұмысқа соңынан қысқаша қорытынды жасадым.
І-бөлім. Еңбекақы ұғымы және жіктелу тәртібі
1. 1. Еңбекақы түрлері және оны реттеу әдістері.
Еңбекақы дегеніміз - жеке еңбек шартының негізінде орындалған еңбек үшін оның күрделілігіне саны мен сапасына сәйкес жұмыс беруші төлеуге міндетті сыйақы.
Жалпы жұмысшылар мен қызметкерлерге есептелетін еңбекақы негізгі және қосымша деп аталатын екі түрге бөлінеді.
Негізгі еңбек ақы - жұмысшылар мен қызметкерлердің нақтылы жұмыста болған уақытына, яғни олардың істеген жұмысына, атқарған қызметіне төленеді. Негізгі еңбекақыға мына төмендегі аталғандар жатады:
1. Мерзімді және кесімді еңбекақы.
2. Сыйлықтар мен сыйақылар.
3. Үстеме сыйлықтар.
Қоосымша еңбекақыға - еңбек заңына сәйкес шарттарда қаралып белгіленген, жұмысшылар мен қызметкерлердің жұмыс істемеген, қызмет атқармаған уақытына төленетін төлемдер жатады. Бұндай төлемдер қатарына:
- Жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбек демалысы үшін төленетін төлемдер.
- Жұмысшылар мен қызметкерлердің мемлекеттік, қоғамдық жұмыстарды атқарғаны үшін төленетін төлемдер.
- Жас сәбилі аналарға берілетін демалысқа, баланы тамақтандыру үшін берілетін үзілістерге төленетін төлемдер.
- Жас өспірімдердің қысқартылған жұмыс уақытына төленетін төлемдер.
- Жұмысшылар мен қызметкерлердің кінәсіз жұмыстың тоқтап қалған уақытына төленетін төлемдер.
- Тегін көрсетілген немесе тегін берілетін қызметтер мен заттың құны.
- Жоғары немесе арнаулы оқу орындарында және басқа да мамандығын көтеру курсына жіберілген уақытына байланысты жұмысшылар мен қызметкерлерге төленетін төлемдері.
- Әскери жиындарға қатысқаны үшін сондай-ақ демалыс немесе мейрам күндері кезекшілік атқаратын адамдарға төленетін төлемдер және тағы да басқалар жатады.
Өндіріс пен құрылыста халық шаруашылығының басқа да салаларында еңбекақы есептеудің және оны төлеудің мерзімді және кесімді деп аталатын екі нысаны қолданылады.
Мерзімді еңбекақы жұмысшылар мен қызметкердің жұмыс істеген уақытына, сағаттық немесе күндік еңбекақы мөлшері бойынша өнім өндіргені немесе өндірмегеніне қарамастан, яғни оның жұмыста болған уақытына төленеді. Мерзімдік еңбекақы өндірген өнімі мен істеген жұмысын мөлшерлеуге болмайтын, яғни атқарған жұмысының көлемі мен санын анықтау мүмкін емес болып есептелетін инденерлік - техникалық жұмыстағы жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы төлеуге негізделген.
Мысалы: автоматтандырылған өндірісте машина жөндейтін жұмысшылар мен қызметкерлерге ұйымның басшыларына қаржы және есеп бөлімінің қызметкерлеріне, тағы басқаларға. Мерзімдік еңбекақының төмендетілген түрлері бар:
- Жай мерзімді;
- Мерзімді сыйлықты.
Жай мерзімді жүйесі бойынша - жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы жұмыс істеген уақытына тарияте немесе штатта көрсетілген мөлшері бойынша төленеді.
Мерзімді сыйлықты - жұмысшылар мен қызметкерлерге олардың тарифте немесе штатта көрсетілген тұрақты еңбекақысына қосымша олардың өндірген өнімдерінің көлеміне, санына, сапасына және тағы да басқа көрсеткіштердің өсуіне қарай сыйлық беру болып табылады.
Кесімді сыйақы - жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбек өнімділігін өсіруге, өнімді өндіруге кеткен еңбек уақытын қысқартуға ынталандыру мақсатына қолданылады. Еңбекақы есептеудің және төлеудің кесімді түрін қолданғанда жұмысшылар мен қызметкерлерге тиісті еңбекақы, олардың өндірген өнімінің көлемін немесе санын тариф бойынша белгіленген өлшем бірлігіне қарастырылған яғни белгіленген кесімді бағаға көбейту арқылы табылады. Кесімді баға белгіленген жұмыс уақытына өндірілуге тиісті өнім көлемі мен сапасына негізделіп белгіленеді. Уақыт мөлшері бір жұмысты орындауға керекті, яғни қажет болатын, адам/сағат, адам/күн мөлшерінде көрсетілген уақыт болып саналады. Өнім өндіру мөлшері жұмысшылар мен қызметкерлердің белгілі бір уақыт аралығында жасап шығаратын, өндіретін өнімнің санымен немесе көлемімен анықталады.
Кесімді еңбекақының мынадай жүйелері бар:
- тікелей кесімді;
- кесімді сыйлықты;
- үдемелі кесімді;
- аккордтық;
- жанама кесімді.
Жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақыны есептеудің тікелей кесімді жүйесі бойынша бір жұмысшының немесе бір бригаданың өндірген өнімінің, істеген жұмысының бәрі тек қана белгіленген еңбек бағасымен есептеледі. Бұл жүйе бойынша еңбекақы мөлшері - бұл құжатта көрсетілген, өндірілген өнімнің санын сол өнімнің бір данасына қарастырылған яғни белгіленген еңбек бағасына көбейту арқылы табады.
Кәсіпорындарда жұмысшылар мен қызметкерлерге кесімді сыйақылар өндірісте өнім өндіруді санымен сапалық жағынан артығымен орындағаны, өнім өндіру барысында шикізаттар мен материалдарды, отындар мен энергияны үнемді де ұтымды пайдаланғаны үшін оларға төлеуге тиісті еңбекақысына қосымша сыйақы ретінде төленеді. Ұйымдарда немесе оның бөлімшелерінде жұмысшылар мен қызметкерлерге сыйақы төлеу жайлы ереже болуы қажет.
Кәсіпорындарда жұмысшылар мен қызметкерлерге кесімді еңбекақыны есептеудің үдемелі кесімді жүйесі бойынша төлем - өнім өндіруге белгілі бір мөлшерден артық көлемде өндірген өнімдері үшін қосымша сыйақы ретінде төленеді. Бұл жүйе көп жағдайда қиын де - күрделі, ауыр болып саналатын операциялар мен жұмыстарды орындағандары үшін және еңбек өнімділігін белгілі бір дәрежеден артық орындау қиынға түсетін өндіріс орындарында қолдынылады. Жалпы бұл жүйе кез келген орындарында қолданылады. Жалпы бұл жүйе кез келген ұйымдарда қолданыла бермейді.
Кесімді еңбекақының аккордтық жүйесі - ұйымдарда жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы төлеуге қолданылады. Кесімді еңбекақының бұл жүйесі жоғары сапалы өндірген өнімнің және орындаған жұмыстың санына, көлеміне қарай алдын ала кесімді баға қоюды қажет етеді. Сондай-ақ бұл жүйе бойынша еңбекақы төлеу үшін алдын ала атқарылатын жұмыстың көлемі мен сапасы анықталуы тиіс. Кесімді еңбекақының аккордтық жүйесі бойынша жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы есептеу көбіне құрылыс салушы ұйымдарда, жөндеу жұмысымен айналысатын өнеркәсіп орындарында қолданылады. Бұл жүйе бойынша еңбекақы есептеу шаруашылықта жұмысшылар мен қызметкерлер санын қысқартып еңбек өнімділігін арттыруға мүмкіншілік береді.
Халық шаруашылығының әр түрлі салаларындағы кәсіпорындарда жұмысшылар мен қызметкерлерге кесімді еңбекақы есептеудің тағы бір жүйесі жанама кесімді жүйе болып табылады. Бұл жүйе бойынша қосымша еңбекақы шаруашылықтың негізгі жұмысшылары мен қызметкерлеріне емес, оларға қызмет ететін көмекші өндірістің жұмысшыларына төленеді. Яғни бұл жүйе бойынша еңбекақы ұйымдағы станоктардың, жабдықтардың, тағы да басқа құралдардың тоқтамай жұмыс істеп, белгіленген мөлшерден артық өнім өндіргені үшін слесарьларға, операторларға және жөндейтін және оларды жұмысқа дайындайтын басқа да жұмысшыларға төленеді.
Еңбекке ақы төлеуді құқықтық реттеу екі әдіспен: орталықтандырылған және жергілікті әдіспен жүзеге асырылады. Жалақыны реттеудің мемлекеттік орталықтандырылған әдісі қызметкерлер тобының біліктілігін жіктеудің разрядаралық тарифтік коэффициенттерін, барлық қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеудің Бірыңғай тарифтік кестесін, жалақы тарифтерін енгізу арқылы жүргізіледі. Еңбекке ақы төлеудің орталықтандырылған әдісі мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар мен кәсіпорындарда қолданылады.
Материалдық салада еңбек ететін адамдар мен бюджеттен қаржыландыратын ұйымдарда жұмыс істейтін қызметкерлерге еңбекақысы деңгейлерін жақындастыру үшін жаңа Бірыңғай тарифтік кесте белгіленеді. Ол экономикалық барлық саласының қызметкерлерін қамтиды. Бұл орайда разрядтар аумағы бұрынғысынша қалды - бірінші разрядтан 21 разрядқа дейін, алайда тарифтік коэффициенттер айтарлықтай өзгеріске ұшырады. Мәселен, бұрын Бірыңғай тарифтік кестедегі бірінші разрядтың тарифтік коэффициенті - 2-ге, ал жиырма бірінші разряд - 13, 08-ге тең болса, жаңа тарифтік кесте бойынша олар тиісінше - 1 және 4-24-ті құрайды.
Бірыңғай тарифтік кестенің негізіне еңбекке ақы төлеудің принципті жаңа жүйесі алынған.
Еңбек ақы төлеу жүйесінің негізі ретінде «1 разряд ставкасы» көрсеткішін, ал әлеуметтік төлемдер жүйесінің негізіне бюджетте бекітілетін «айлық есептік көрсеткішті» қабылдау жолымен әлеуметтік төлемдер жүйесін және еңбекке ақы төлеу жүйесінің аражігін ажырату - кірістер саясатын реформалаудың басты қағидасы болып табылады. Ол бұрын заң жүзінде қалыптасқан «ең аз жалақы» ұғымындағы қайшылықтарды жойды.
Өндіріс саласындағы қызметкерлердің жалақысының көзі салықты және басқа да төлемдерді бюджетке төленгеннен кейін қалған пайда, ал өндірістік емес қызметкерлердікі - әдетте, бюджеттік бөлінетінің қаржы болып табылады.
Мемлекеттің еңбекке ақы төлеуді қатаң реттеуден бұл саладағы кең құқықтарды кәсіпорындардың өзіне берілуге көшуі нарықтық қатынастарды дамытудың жағдайларындағы ерекшелік болып табылады.
Сонымен бірге еңбекке ақы төлеу мөлшері барлық жағдайларда Қазақстан Республикасында белгіленген ағымдағы жылдың мемлекеттік бюджеті туралы заңмен белгіленетін минимумнан болмауы керек.
Қызметкерлерге қойылатын біліктілік талаптары мен жұмыстардың белгілі бір түрлерінің күрделілігі жұмыстар мен жұмысшылар кәсіптерінің біліктілік анықтамалығы, қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығы негізінде белгіленеді. Аталған анықтамалықтарда әзірлеу мен қолданудың тәртібін еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілейді. Орындалған жұмыстарды белгілі бір күрделі жұмысқа жатқызуды және қызметкерлерге біліктілік разрядтарын беруді жұмыс беруші жұмыстар мен жұмысшылар кәсіптерінің біліктілік анықтамалығына және қызметшілер лауазымдарының анықтамалығына сәйкес дербес жүргізеді.
Тарифтік мамандық анықтамалық - белгілі бір саладағы барлық кәсіптер мен мамандықтардың, жұмыстардың түрлері енген және оларға біліктілік сипаттамалары берілген тізбе.
Экономика саласында тарифтік-мамандық анықтамалықтартың екі түрі: салалық және кірме мамандықтардың Бірыңғай тарифі - біліктілік анықтамалықтары қолданылады.
Салалық тарифтік - мамандық анықтамалығы белгілі бір өнеркәсіп саласының немесе өндірістің өзіндік жұмыстары мен мамандықтарын анықтайды. Анықтамалықта мамандық атауы, тарифтік разряд, біліктілік разрядын тағайындау үшін талап етілетін біліктілік сипаттамасы көрсетіледі.
Кірме мамандықтардың Бірыңғай тарифтік-мамандық анықтамалығы экономиканың әр саласында кездесетін біртекті жұмыстар мен мамандықтар тізбесін құрайды.
Әр үш жыл сайын кәсіпорындарда белгіленген мерзімдерде қызметкерлер қайта тарифтеуден өтеді.
Бірыңғай тарифтік кесте негізінде айлық тарифтік ставкалар есептелінеді.
Тарифтік кесте (сетка) тарифтік разрядтар мен тарифтік - коэффициенттерден тұрады. Тарифтік разряд қызметкердің атқаратын жұмысының күрделілігіне қарай мамандық дәрежесін көрсетеді. Демек, разряд жоғарылаған сайын төленетін жалақы да өсе түседі. Олай болса, жоғары разрядқа көтеріңкі тарифтік коэффициент белгіленеді. Бірыңғай тарифтік кесте 21 тарифтік разрядтан тұрады және жұмыс істейтін барлық қызметкерлерге тарайды. Бірыңғай тарифтік кестенің алғашқы 8 разряды жұмысшыларға, ал 2 және 18 разрядтары - қызметшілерге арналған.
Тарифтік ақы (ставка) . Белгілі бір саладағы немесе өндіріс орнындағы жұмыстың күрделілігіне қарай еңбекке төленетін ақы мөлшерін көрсетеді.
Бұл бір сағатқа, бір тәулікке немесе бір айға сәйкестендірілген белгіленеді. Тарифтік ақы разрядқа қарай анықталады. Көптеген салаларда еңбекақы жүйелері ескеріле отырып, әрбір разрядқа екі түрлі тарифтік ақы қойылады: бірі - мерзімдік еңбекақы үшін, екіншісі кесімдік еңбекақы үшін.
Ақы мөлшері, жоғарыда айтылғандай, атқарылатын жұмыстың қиындығына қарай өсіп отырады. Мысалы, жер астында, ыстық цехтарда немесе еңбек жағдайы денсаулыққа зиянды жұмыс орындарында істейтін еңбеккерлердің ставкалары көтеріңкі болады. Қазіргі кезде тарифтік кестелер (бюджеттік саладан басқа) мен ставкаларды ұйымдар өздерінің ұжымдық шарттары мен келісімдерінде немесе басқа да жергілікті нормативтік актілерінде белгілейді.
Тарифтік жүйенің элементтеріне үстемелер мен қосымшалар кіреді. Олар орталықтан, яғни заңдары белгіленген және жергілікті - ұжымдық шарттармен, келісімдермен немесе жеке еңбек шарттарында көзделген үстемелер мен қосымшалар болып екіге бөлінеді. Үстемелер белгілі бір аудандарда, мамандықтарда істейтін еңбеккерлерді материалдық ынталандыру мақсатын көздесе, қосымшалар еңбектің жоғары үдемелігі, қолайсыз жағдайдағы жұмыс, кезекті ауысым әдісімен орындалатын, дала жағдайындағы жұмыстар т. б. үшін берілуі мүмкін.
1. 2. Еңбекке ақы төлеу жүйесінің ерекшеліктері
Еңбек ақы есептеу жүйесінің маңызды элементі болып еңбектің күрделігіне, жұмысшылар мен қызметкерлердің мамандық дәрежесіне қарай жұмыстың әр түріне кететін жұмыс уақытының мөлшерін анықтау болып саналады. Жұмыстың күрделелігіне қарай еңбекақының мөлшері тарифтік жүйеде қаралады. Тариф жүйесінің негізгі элементтері болып мыналар табылады.
- тарифтік кесте;
- тарифтік еңбекақы мөлшері;
- тарифтік мамандық анықтамалары.
Осыларға негізделіп жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбекақы мөлшерінің үлгілі кестесі жасалады. Тариф жүйесінің көмегімен жұмыстың барлық түрі күрделілігіне және көп еңбек сіңіруді қажет ететіндігіне қарай топтастырылады және жұмысшылар мен қызметкерлердің мамандық дәрежесіне қарай оларға тариф бойынша әр түрлі еңбекақы мөлшері белгіленеді. Тарифте мамандықтар бойынша өндірістің қай саласында болмасын негізгі жұмыстың әрбір түріне, жұмыстың күрделілігімен қаншалықты еңбек етуіне керекті ұқыптылықпен жауапкершілікке қарай берілген разрядтар көрсетіледі. Сонымен қатар тарифте әрбір атқаратын жұмыстың нақты түрлерін мінездеме беріледі және жұмысшылар мен қызметкерлердің өзіне берілген разрядқа ие болуына керекті еңбек дағдысы мен біліміне де мінездеме береді.
Тарифтік кестеде - жұмысшылар мен қызметкерлердің әрбір топтарының арасында төленуге тиісті еңбек мөлшерінің арақатынасы айқындалады. Тарифтік кестеде: тарифтік еңбекақы осы өндіріс, саласында өте қарапайым және жеңіл бірінші дәрежелі болып саналатын жұмысқа төленетін мөлшерде бекітіледі. Жоғары дәрежелі еңбекке төленетін еңбекақы мөлшерімен осы қарастырып отырған дәрежелі еңбектің арақатынасының тарифтік коэффициентін, бірінші дәрежелі еңбекке төленетін еңбекақы мөлшеріне көбейту арқылы анықталады.
Тарифтік кестеде тарифтік еңбекақы жұмыстың түріне қарап кесімді және мерзімді еңбекақы болып екіге бөлінеді.
Тарифтік мерзімді еңбекақы мөлшері бір сағатқа белгіленеді. Кесімді еңбек белгілі тарифтік баға бойынша бір сағатқа белгіленген немесе бір сағатқа тиісті еңбекақы мөлшерін сол сағатта өндірілген өнім көлеміне, орындалған жұмыстың мөлшеріне бөлу арқылы табылады немесе бір өнімге кеткен уақытқа көбейту арқылы табылады. Уақыт мөлшері мен өндірілетін өнім мөлшері, көлемі, барлық өндіріс саласында техникалық мөлшерлей үдірісін жүргізу кезінде анықталады.
Банктер еңбекақыны төлеу кезінде уақытпен төлеу нысанын қолданады. Осы нысан бойынша еңбекақыны есептеу күндік мөлшерлеме бойынша жүзеге асырылады, еңбекақы көлемі істелген жұмыс уақытын белгіленген тарифтік мөлшерлемеге көбейту арқылы табылады.
Бухгалтерияға келіп түскен құжаттар тексеріліп, одан әрі өңдеуге жіберіледі. Еңбекақыны есептеу үшін банк бухгалтериясында еңбекақыға арналған кітап қолданылады. Одан әрбір жұмысшының еңбекақы сомасын, зейнетақы қорына жіберілген сомалар және тағы басқалар көрсетіледі.
Еңбекақы бойынша есеп айырысулар еңбекақыны төлеу үшін немесе еңбекақы және төлем тізімдемесін бойынша кітапта қолданылатын есеп-төлем тізімдемесінде жүргізіледі.
Еңбекақы айына бір рет жеке және ұжымдық шартта белгіленген күнде төленеді. Егер төлеу күні демалыс немесе мереке күніне сәйкес келетін болса, онда алдын ала бір күн бұрын төленеді. Жұмыс берушінің кінәсі бойынша ақшаны беру кешіктірілген кезде, ол міндеттемені орындау күні бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің қайта қаржыландыру мөлшерлемесі бойынша әрбір мерзімі өткен күнге өсімпұл төлейді.
Еңбекақы мөлшері еңбек шартында белгіленеді және заң актілерімен белгіленген минимумнан төмен болмайды.
Жұмысшыларға еңбекақыдан басқа, қосымша Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 22 бабы бойынша еңбекақының ең төменгі мөлшері белгіленген.
Жұмыс істеген уақыт есебі жұмысшылар мен қызметкерлердің жұмысқа келуі, олардың жұмыс істегені, жұмыстың тоқтап қалуы және де жұмысқа келмеген жұмысшылар мен қызметкерлердің сипаттары бойынша табельде алфавит бойынша реттік номірі санына қарай жүргізіледі. Жалпы табельдер жұмыс істеген уақыты бойынша жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбекақысын есептеуге арналған.
Табельдерде кәсіпорынның әр құрылымының өкілдері бойынша жұмысшылар мен қызметкерлердің жұмысқа келмегені, жұмыстың тоқтап қалғанына байланысты белгіленген шартты белгілерді қою арқылы толтырылады. Жұмысшылар мен қызметкерлердің уақытша жұмысқа жарамай қалғаны туралы құжаттары осы табельге қосымша тіркеледі.
Жұмысшылар мен қызметкерлердің демалысқа шығуы, іссапарда болуы, жұмысқа себепсіз кешігуі, тағы басқа жағдайлар табельде тиісті белгіленген белгімен көрсетіледі. ОЛ үшін әріптік, мысалы:
- іс-сапарындағы жұмысшы-қызметкерлер үшін -і
- демалыстағы жұмысшы - қызметкерлер үшін -д
- жұмыстан себепсіз кешіккен жұмысшылар үшін -с
тағы да басқа белгілер қолданылады.
Табельдер жұмысшылар мен қызметкерлердің тек қана жұмысқа келген немесе жұмысқа келмеген күнін белгілеп қана қоймай, олардың жұмысқа кешіккенін, мерзімінен тыс жұмыс істеген уақытын, жұмыс істеудің белгіленген уақытын, тағы басқа себептерді есептеу үшін белгілер қойылады.
Табельдер мен оларға негіз болған алғашқы құжаттар еңбекақы есептеуге және жұмысшы қызметкерлердің жұмыс істеген уақытын есептеу үшін пайдаланылады. Сонымен қатар цехтар мен бөлімшелер бойынша жинақталған деректер жұмыс уақытының балансын жасауға, нақтылы жұмыс істелген уақыты жайлы статистикалық есеп беруге пайдаланады. Бұл көрсеткіштер еңбектің өнімділігін анықтау үшін ғана емес, сонымен қатар жұмыс уақытының пайдалану нәтижесінде анықтау үшін де қажет болып табылады.
Жеке еңбек шарты бойынша істейтін қызметкерлерге жұмыс орны мен орташа жалақысын сақтай отырып жыл сайынғы төленетін еңбек демалысы беріледі. Қызметтер сол банкте 12 ай үздіксіз жұмыс істегеннен кейін кезекті демалысқа шығуға құқылы. Еңбек демалысына төленетін төлем демалыс басталғанға дейін үш күн бұрын төленуі қажет. Демалыс мерзімі ұжымдық келісімшарттар мен ережелерге сәйкес белгіленеді, бірақ ол 18 күнтізбелік күннен аз болмауы керек. Жұмыскердің қалауы бойынша еңбек демалысы бөлініп берілуі мүмкін.
Еңбек демалысы мен пайдаланылмаған демалыс күндеріне өтемақы төлеу үшін орташа жалақы мөлшері 12 күнтізбелік айға сәйкес жалақы есебінен анықталады. Егер қызметкер демалысқа шығар алдында ұйымда бір жылдан аз уақыт еңбек еткен болса, онда еңбек демалысы кезінде сақталатын орташа жалақысы демалысқа шығар алдындағы айдан бастап жұмыс істеген күнтізбелік айналарына байланысты анықталады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz