Қазақстан Республикасындағы еңбек нарығы туралы


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 37 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе

І ТАРАУ. Еңбек нарығының қызме ету механизмі теориялық аспект

1. 1. Еңбек нарығының мәні мен мазмұны

1. 2. Еңбек нарығының типтері, нысадары және сигменттері

1. 3. Еңбек нарығы және жұмыссыздық

ІІ ТАРАУ. Қазақстан Республикасындағы еңбек нарығын талдау

2. 1. Қазақстан Республикасын еңбек нарығы қалыптасуының экономикалық-құқықтық алғышарттары

2. 2. Қазақстан Республикасын еңбек нарығының ерекшеліктері мен мәселелері

2. 3. Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздық және жұмыспен қамтылуын талдау

2. 4. Қазақстан Республикасындағы еңбек нарығындағы еңбекке ақы төлеу

ІІІ ТАРАУ. Қазақстан Республикасындағы еңбек нарығын дамыту

3. 1. Қазақстан Республикасындағы еңбек нарығының проблемалары

3. 2. Еңбек нарығындағы кәсіподақтардың ролі

3. 3. Еңбек нарығының даму перспективалары

Қорытынды

Пайданылған әдебиеттер

Қосымшалар


Кіріспе

Нарықтық қатынастар жүйесінде басты орынды еңбек нарығы алады. Бұл нарықта еңбекке жарымды адамдар мен мемлекеттік, қоғамдық, жеке ұйымдардан уәкілдік ететін жұмыс берушілердің арасында қарым-қатынастар орнайды. Еңбек нарығының механизмі арқылы халықтың жұмыспен қамтылу және еңбек ақы денгейі қалыптасады.

Курстық жұмыстық өзектілігі: Еңбек нарығы дүниежүзілік және ұлттық нарықтық цивилизацияның ең маңызды звеносы болып табылады, онда қоғамдық күнделікті дамуын жүзеге асыратын шығармашылық типтің еңбек ресурстары қалыптасады. Бұл халықтың қызмет ету технологиялары мен тәсілдерінің жүзеге асырылуына ұмтылысы. Сондықтан бұл курстың тақырыбы қазіргі уақытта өзекті.

Курыстық жұмыстың мақсатары: түпнегізі сұраным мен ұсыным, жұмыс күшін жалдау мен оны өмір сүру қаражаттарына айырбастау қатынастары болып табылатын динамикалық жүйе ретіндегі еңбек нарығына түсінік беру және оның іс-әрекет механизмін ашу. Осы мақсатқа жету үшін мынандай міндеттер орындалады:

-еңбек нарығының мәні мен мазмұның зерделеу;

-жұмыспен қамту және жұмыссыздық сияқты екі әлеуметтік-экономикалық мәселені талдау;

-жұмыс берушілер мен жұмысшылардың өзара қарым-қатнасын қарастыру.

Курстық жұмыста теориялық экономикаға сүйеніп, Қазақстан Республикасының статистикалық мәліметтері бойынша, әр жылғы көрсеткішіне тоқтала отырып, халықты жұмыспен қамту саясатын бақылау жүргіздім.

Жалпы курстық жұмыстың құрылымы мынадай: бірінші тарау «Еңбек нарығының қызмет ету механизмі теориялық аспект» деп аталады. Мұнда еңбек нарығының мәні мен мазмұны, еңбек нарығының типтері, нысандары және сегменттеріне, еңбек нарығы және жұмыссыздыққа тоқталдым. Бұл тарау еңбек нарығының сұраным мен ұсыным заңдары бойынша дамуын зерттейді.

Екінші тарау «Қазақстан Республикасындағы еңбек нарығын талдау» деп аталады, яғни бұл тарауда Қазақстан Республика еңбек нарығының қалыптасуының экономикалық-құқықтық алғышарттары, ерекшеліктері мен мәселелері қарастырылады. Сонымен қатар жұмыссыздық және жұмыспен қамту мәселелері талданады. Жұмыспен қамту саясатының еңбек нарығына тигізетін пайдасы ашып көрсетіледі. Еліміздегі жұмыспен қамту түрлеріне қатысты көптеген өзгерістер сипатталады және де жұмыссыздар мен жұмыспен қамтылғандар санының негізгі көрсеткіштері белгіленген.

Үшінші тарау «Қазақстан Республикасындағы еңбек нарығын дамыту» деп аталады, Қазақстан Республикасындағы еңбек нарығының проблемаларына тоқталдым. Сонымен қатар еңбек нарығының даму перспективалары қарастырылады. Бұл жалпы курстық жұмысымда негізінен В. В. Адамчук, О. В. Ромашов, М. Е. Сорокина «экономика и социология труда» - М: издательство «Юнити», 1999. А. М. Нурмагамбетов «Рынок труда: правовые проблемы и пнрспективы» - А: издательство «Босна», 1998. С. Дмитрова «Труд в Казахстане», «Закон о труде и конвеции МОТ о занятости населения», 1/2002. Г. Усенова «Труд в Казахстане», «Государственное регулирование рынка труда», 10/2002. оқулықтарын пайдаландым. Сонымен қатар басқа көтеген оқулықтарда пайдаланылды. Қазақстан Республикасы бойынша 2004 жылдың деректері қосымшамда көрсетілген.

І тарау Еңбек нарығы қызмет ету механизмі: теориялық аспект

  1. Еңбек нарығының мәні мен мазмұны

Еңбек нарығы жұмыс берушілер және жолдамалы жұмыс күнінің көзқарастарының келісіміндегі қоғамдық қатынастар жүйесі болып табылады.

Еңбек нарығының қызмет етуінде бірнеше принципиалды жағдайларды атап өтуге болады. Біріншіден, бұл еңбек нарығындағы жұмыс күшіне деген сұраным мен ұсыным арасындағы экономикалық қатынастар бірлігі. Екіншіден, бұл әртүрлі экономикалық және әлеуметтік көзқарастар мен қызметтердің қиылысу орны. Үшіншіден, кәсіпорын тұрғысынан - бұл оның қызметкерлерінің, яғни потенциалды немесе нақты жұмысшылардың, бірақ жаңа жұмыс орнына көшу туралы ойлайтын жұмысшылардың өзара қарым-қатынастарының аймағы.

Нарықтық құрылымы мен мәнін қарастырудан бұрын, еңбек нарығында не сатылып және сатып алынатындығын анықтау қажет: «Жұмыс күші» немесе «еңбек», маркстік нарықтық қатынастар теориясын жақтаушылардың айтуынша, еңбек нарығында жұмыс күші сатылады, яғни жұмыс беруші пайдаланатын, қолданатын еңбекке қабілеттілік. Қазіргі заманғы экономикалық теория еңбек нарығында дәл осы еңбек сатылып және сатып алынатындығын, еңбекке төлеген ақы жалақы болып табылатындығын дәлілдейді. Үшінші көзқарастың жақтаушылары еңбек нарығын ресурстық нарық деп санайды. Сатыпалу-сату процесінің негізгі субъектілері ретінде еңбекті сатып алатын - жұмыс беруші, сонымен қатар еңбек ресурстарын сататын - құқықтық еркін және қорғалған, жеке меншік иесі табылады. Соңғысы өзінің жұмыс күшінің, яғни еңбек қызметінің белгілі бір түрлеріне деген өзінің қабілетінің бірлігін тасушысы және жеке иесі болып табылады. Бұл - спецификасы және меншік иесімен физикалық біртұтастығы болып табылатын, ерекше ресурс, ал бұл еңбек нарығындағы сатып алу-сату объектілерінде байқалады. Мұнда нарықтық мәміленің объектісі болып, белгілі бір уақыт аралығында және белгілі бір жағдайда белгілі бір сапалы еңбек ресурсының бірлігін пайдалануға құқығы табылады.

Еңбек нарығындағы еңбек бағасы жұмыс беруші мен жолдамалы жұмысшы арасындағы келісім-шартта айтылған жалақы мөлшерлемесі түрінде көрсетіледі. Осы негізде нарықтық баға еңбең нарығындағы сұраным мен ұсынымның өзара қатынасына байланысты құралады. Нәтижесінде еңбек бағасы жалақының тепе-теңдік мөлшерлемесін көрсетеді.

Еңбек нарығының қызмет етуіне әсер ететін бірнеше маңызды ерекшеліктері бар:

  1. Тауарға деген жеке меншіктің құқығы мен оның иесінің біртұтастығы. Еңбек жұмыс күшін өзінің тасушысынан анықтау процесі болып келеді, еңбекті сатып алу-сату процесінде ерекше қатынастар орнайды.
  2. Сатушы мен сатыпалушы арасындағы қатынастың ұзақтығы. Еңбек нарығында орнаған мәміле сатушы мен сатып алушы арасындағы ұзақ қарым-қатынастардың басы болып табылады.
  3. Мәміленің ақшалай емес аспектілерінің әрекеті. Бұл ең алдымен еңбек жағдайлары, коллективтегі микроклимат, жұмыстағы жетістіктер мен профессионалдық өсу.
  4. Ерекше институционалдық құрылымның көп болуы. Бұған еңбектік заң шығару жүйесі; әртүрлі жұмыспен қамтуды реттейтін мекемелер; еңбекке байланысты мемлекеттік бағдарламалар жатады.
  5. Мәмілені жоғары деңгейі. Олар алуан түрлілігімен ерекшеленеді, себебі әрбір жұмысшысының өзіндік ерекшеліктері бар, ал әрбір жұмыс орнының басқасынан айырмашылығы болады және де ол үміткерлерге өзіндік талаптар қояды.

Еңбек нарығының негізгі субъектілері болып жұмыс беруші және жалдамалы жұмысшылар табылады.

Жұмыс беруші - меншік қарым-қатынасының заңдандырылған құрылымына байланысты әртүрлі «фигуралармен» көрсетіле алатын жолдаушы. Жұмыс беруші болып мемлекеттік кәсіпорындар, акционерлік қоғам, қоғамдық ұйымдар, колхоздар, жеке кәсіпкерлік, кооперативтер, жеке жолдаушылар бола алады.

Жолдамалы жұмысшылар - бұл басты тіршілік ету көзі жолдамалы жұмыс болып табылатын, еркін, еңбекке қабілеті бар азаматтар. Жұмыс берушілерге олар жынысына, жасына, біліктілігіне және т. б. байланысты бағалы болып табылады.

Еңбек нарығы мынадай қызметтер атқарады:

  • жұмыс берушілер мен жолдамалы жұмысшылардың кездесулерін ұйымдастыру;
  • еңбек нарығындағы жұмыс берушілердің арасындағы бәсекелестікті, сонымен қатар жолдамалы жұмысшылардың арасындағы бәсекені қамтамасыз ету;
  • жалақының тепе-теңдік мөлшерлемесін орналастыру;
  • халықты жұмыспен қамтамасыз ету мәселелерін шешу;
  • жұмыссыздарды әлеуметтік қолдауды халықты жұмыспен қамтамасыз ету және халық шаруашылығындағы жұмыс күшін бөлу жолымен жүзеге асыру;

Бәсеке еңбек нарығында сатып алушылар мен сатушылар санының көп болуымен сипатталады. Олардың еңбек нарығына еркін кіріп және шығуына жағдай жасайды. Сонымен қатар бәсеке нарығы белгілі бір еңбек түрін жалдау кезінде өзара бәсекелесетін сатып алушылар санының көп болуымен сипатталады.

Сапалы қызмет етуі үшін еңбек нарығына дамыған инфрақұрылым қажет. Еңбек нарығының инфрақұрылымы - бұл мемлекеттік мекемелер, кәсіпорындар мен фирмалардың кадрлық қызметтері, қоғамдық ұйымдар, қорлар және т. б. Осылар еңбек нарығындағы сұраным мен ұсынымның арасындағы неғұрлым тиімді өзара әрекетін жүзеге асырады. Инфрақұрылым жұмыс күші бағасына байланысты жұмыс беруші мен жұмысшы арасындағы қатынастарды реттеу, сонымен қатар еңбек нарығындағы жұмыс беруші мен жолдамалы жұмысшылардың құқықтарын қорғау процестерін ұйымдастырып, реттеу үшін қолданылады.

  1. Еңбектің нарығының типтері, нысандары және сигменттері

Кез-келген тауарлы нарық сияқты еңбек нарығы да сұраным және ұсыным заңдары бойынша дамиды. Еңбек нарығы дегеніміз - бұл ең алдымен жұмыс күшіне сұраным мен ұсыным.

Жұмыс күшінің ұсынымы - бұл жолдамалы жұмыс алудағы еңбекке қабілетті тұрғындардың әртүрлі топтарының қажеттілігі. Еңбек ұсынымы төмендегідей факторларға негізделеді:

  • халықтың, ең алдымен, еңбекке қабілетті халық санына;
  • белгілі бір уақыт аралығындағы жұмыс сағатының орташа мөлшеріне;
  • халық құрамының мөлшеріне, оның квалификацияланған деңгейіне, сәйкес құрылымына.

Жұмыс күшіне сұраным әрбір берілген уақыт сәтіндегі жұмысшылардың белгілі бір мөлшеріне экономиканың қажеттілігін сипаттайды. Еңбекке сұраным осы сұранымды тудыратын экономикалық құбылыстар мен процестерден тұратын көрсеткіш болып табылады және жұмыс орындары санының көлеміне байланысты пайда болады.

Еңбек нарығындағы сұраным қисығы өнімге деген капитал бағасы мен сұраным деңгейі өзгеріссіз қалған жағдайдағы, жалақының белгілі бір мөлшерлемесіне жұмыс берушінің қанша жұмысшы алғысы келетіндігін көрсетеді. Еңбектің ұсыным қисығы жалақы басқа мамандықтар бойынша тұрақты болған жағдайда, әрбір жалақы мөлшерлемесі деңгейінде нарыққа қанша жұмысшы шыға алатындығын көрсетеді. Бұл қисықтар бір графикте орналаса алады және де қызықты ақпарат береді.

Демек, нарықтық жалақы W 1 -де орнықты. Мұндай төмен жалақы болғанда сұраным өседі де, ұсыным төмен болады. Мұндай жағдай жұмыс берушілер нарықта жұмысшылар үшін бәсекелеседі, нәтижесінде жұмысшылар тапшылығы орнайды. Фирмалардың жұмысшыларды өзіне қарату үшін олар жоғары деңгейлі жалақы ұсынады, нәтижесінде нарықта ұсынылатын жалақының жалпы деңгейі көтеріледі.

Осыдан екі құбылысты байқауға болады. Біріншіден, егер жалақы өссе, онда жұмысшылар нарыққа шығып, жұмыс іздеуге кіріседі (ұсыным қисығы бойымен қозғалу) . Екіншіден, ол жұмысшылар санының аз ғана бөлігін іздеуге мәжбүр етеді (сұраным қисығы бойымен қозғалу) . Егер жалақы W 2 -ге дейін көтерілсе, онда ұсыным сұранымнан көп болады. Жұмыс берушілерге көп жұмысшылар қажет болмайды, сондықтан нарықтағы үміткерлердің тек кейбіреулері ғана жұмыс орнына ие болады. Нәтижесінде жұмыс орындарына үміткерлердің саны көбейіп кетеді. Біршама уақыт өткен соң жұмыс берушілер аз көлемді жалақы төлеп, жұмыс орындарын біліктілігі жоғары жұмысшылармен толтыра алатынына көздері жете бастайды. Осыдан кейін олар аз көлемді жалақы төлеу арқылы, жұмысшы санын көбейткісі келеді. Осыған кейбір жұмысшылар келіседі, себебі олар жұмыс тапқанына қанағаттанады, ал басқалары нарықтан шығып, бөтен жерлерден жұмыс іздейді. Жалақы W 2 деңгейінен төмен түскенде сұраным мен ұсыным тепе-теңдікке жақындайды.

Жалақы W 0 -ге тең болған жағдайда, жұмыс берушілер барлық жұмыс орындарын толтыра алады, ал барлық жұмыс іздеп жүрген азаматтар жұмыс орнына ие болады. Нарық тепе-теңдікте болады.

Еңбек нарығы теориясы осы нарықтардың типтерін, нышандарын, алуан түрлілігін оқытады. Типтерді сыртқы немесе профессионалды еңбек нарығы және ішкі - фирмаішілік дәстүрлі және икемді түрлері бар. Алуан түрлілігіне ашық және жасырын еңбек нарығы жатады. Әрбір нарық сегменттер деп аталатын, бірнеше бөліктерге бөлінеді. Енді осы жағдайды қарастырайық.

Сыртқы-кәсіби еңбек нарығы мемлекет, аймақ, сала масштабтарындағы еңбекті сатушы мен сатып алушылар арасындағы қатынастарды сипаттайды. Бұл нарық түрі кадрлар ағымы арқылы іске асырылады, яғни ол бір жұмыс орнынан екіншісіне еркін көшуге мүмкіндік жасайды.

Еңбек нарығындағы білім беру жүйесі әртүрлі кәсіпорындар мен салаларда пайдаланыла алатын жұмысшылардың аяқталған кәсіби дайындығына негізделеді.

Сыртқы нарықта жұмысшыларды мамандықтары бойынша біріктіретін салалық кәсіподақтар қызмет етеді. Сыртқы еңбек нарығы жұмысшылардың бір кәсіпорыннан, екіншісіне көшуін қамтамасыз етеді, ол жұмыссыздықты тудырады.

Ішкі еңбек нарығы кәсіпорын ішіндегі бір қызметтен келесіне көшуіне байланысты қалыптасады. Бұл қозғалыс горизанталь бойымен жүре алады, яғни екінші жұмыс орнына лауазымын көтермей көшу және вертикаль бойымен, яғни лауазымын көтеру арқылы көшу. Кәсіпорын, егер оған қарсы қандай да бір себеп болмаса, өндірісінің спецификасын білетін адамдарды сақтап қалуды талап етеді. Сондықтан ішкі нарықтың дамуы кадрлар ағымының төмендеуіне әкеледі.

Кәсіподақтар кәсіпорын жұмысшыларын, олардың мамандығына қарамастан біріктіреді, сондықтан мұнда, сыртқы нарыққа қарағанда, жұмыспен қамту жоғары деңгейде кепілдік етіледі.

Сыртқы және ішкі еңбек нарықтары өзара тығыз байланысты, ал оларды бөлу, айыру шартты сипат алады. Бірақ белгілі бір ұлттық еңбек нарығында нарықтың қай түрі басым екенін көруге болады.

Икемді еңбек нарығының даму жолында пайда болатын нарықтық қатынастарды өнеркәсібі дамыған еледрдің экономикасының қайта құрылымына еңбек нарығының бейімделу түрі ретінде сипаттауға болады.

Осындай жағдайдың болу мүмкіндігі ғылыми-техникалық прогресс, технологиялық ревалюция, еңбек және өндірістің ғылыми ұжымдарының жетістіктерін пайдалану негізінде ауыл шаруашылығы, құрылыстағы, өнеркәсіптегі еңбек өндірісінің елеулі өсімін зерттеу нәтижесінде дәлелденді. Өнеркәсіпте басым болған, жұмыс уақытын қатаң реттеудің орнына қызмет ету сферасында кең етек алған жұмыс уақытының икемді режимдері мен жұмыспен қамтамасыз етудің икемді түрлері келді. Оларды қолдану өндіріс тиімділігінің өсуіне келіп соқты, себебі олар әртүрлі сатылы жұмысшыларды, мысалы, балаларды бар әйелдер, қарт адамдар, мүгедектерді және т. б. олардың мүмкіндіктеріне байланысты пайдалануға көмектеседі.

Жұмыспен қамтамасыз етудің икемді түрлері кәсіпорындарда, фирмаларда, жұмыс уақыты толық емес режимде жұмыс істейтін мекемелерде, сонымен қатар жұмысшыларды уақытша жұмысқа алуға байланысты жүзеге асады.

Еңбек нарығының типтері мен түрлерін басқа, еңбек ресурстарын толық есепке алу үшін оның кейбір алуан түрлілігін бөліп көрсетуге болады. Олардың қатарына ашық және жасырын еңбек нарығы жатады.

Ашық еңбек нарығы - осы берілген нарықта ұсынылатын бүкіл еңбекке қабілетті адамдарды қамтиды. Ашық нарықтың бірнеше бөлімдері бар:

  1. Ұйымдастырылған немесе ресми. Бұл бөлімде халықты жұмыспен қамтамасыз етудің тұрақты қызметі қарастырылады, сонымен қатар өзіне ресми немесе мемлекеттік білім орталықтарының түлектерін қосады.
  2. Бейресми немесе жай бөліміне осы кәсіпорынмен тікелей қатынас жолы арқылы өз кәсібімен айналысатын азаматтар жатады.

Жасырын еңбек нарығы кәсіпорындар мен мекемелерде жұмыс істейтін, бірақ осы жұмыстарынан айырылып қалу қаупі бар жұмысшылардан құралады. Еңбек нарығының бұл түріне кәсіпорындарда формальды түрде белгіленіп, бірақ жұмыс істемейтін және жалақы алмайтын жұмысшылар жатады.

Еңбек нарығы - белгілі бір мақсатты ұстанатын нарық түрінде бірнеше бөліктерден тұратын күрделі қатынастар жүйесі болып табылады. Осы бөліктерді сегменттер деп атаймыз.

Сегменттік еңбек нарығы - бұл бөлік сегменттері айқын белгіленген және осы бөліктерінде өзара бәсекелесетін жұмысшылардың белгілі бір сатылары болатын нарық. Мұндай сегменттер, мысалы, мүгедектер еңбегі, қарт еңбектенуші және қатаң еңбек нарығында қалыптасады.

Еңбек нарығын сегменттеудің нарықты толдауда, оның құрылымы мен сыйымдылығын зерттеуде, еңбек ұсынымы мен сұранымын тудыратын контингентті анықтауда, еңбек нарығының перспективаларын анықтауда маңызы зор. Осындай зерттеулер еңбек нарығы маркетингінің мазмұнын құрайды.

  1. Еңбек нарығы және жұмыссыздық

Соңғы жылдары еліміздің қоғамдық-саяси және экономикалық өмірінде әлеуметтік-еңбектік сфераны қайта құрған радикалды қозғалыстар болды. Еңбектің міндеттілігі мен жалпыға бірдей принципіне сай келетін толық жұмыспен қамтудан, нарықтық шаруашылық критерийлеріне жауап беретін экономикалық белсенділік жүйесіне көшу жүзеге асырылады. Кәсіптік жұмыспен қамту дискретті және жұмыс күшіне деген сұраным мен ұсынымның бір-біріне сай келмеуі көші-қон жұмысыздықтың елеулі масштабтарының себебі болып табылады. Кәсіпорындар мен ұйымдарда жұмыспен қамтамасыз етуді реттеу әртүрлі жолдармен жүзеге асырыла бастады: қысқартылған жұмыс графиктері, жұмыспен қамтудың уақытша түрлері пайдаланыла бастады.

Осы аталған себептерден уақытша жұмыс істемеу және жұмыссыздық заң бойынша ақталды, ал жұмыс жұмыс іздеу экономикалық белсенділік элементі ретінде қарастырылды.

Жұмыспен қамтылғандар категориясына байланысты, кез-келген еңбек нарығына кірушілердің түрлері анықталады.

Еңбек нарығының демографиялық категориялары мыналарға бөлінеді:

  • жастар
  • әйелдер
  • қарт еңбек етушілер
  • мүгедектер еңбек нарығы

Жастардың жұмыспен қамтылуы және оның кәсіптік қызметке дайындығы әлеуметтік және экономикалық жоспарда маңызы зор. Жастар арасындағы жұмысыздықтың жоғары деңгейі бүкіл дүние жүзінде байқалады. Бұл ең алдымен жастардың тәртіп ерекшеліктеріне байланысты: жұмыс орындағы табыс көлемінің төмендігіне байланысты, олардың осы жұмысын сақтауға деген қызығушылығы төмен болады. Олар өздерінің ең алғаш еңбек тәжірибесін белгілі бір жұмыс орнында емес, оларды алмастыру арқылы әртүрлі қызмет ету орындарында алуға тырысады. Сонымен қатар бұл жұмыс берушілердің тәртібіне байланысты: кемшіліктер байқала бастаса, олар ең алдымен аз тәжірибелі қызметкерлер ретінде жас жұмысшылардың санын қысқартады.

Еңбек нарығындағы әйелдердің жағдайы ақшалай көмек үшін қоғамдық еңбекте қатысуын аналық және отбасылық міндеттерді атқаруымен сәйкестендіру, үйлестіру қажеттілігімен анықталады. Бұл міндеттер әйелдердің білім алу, кәсіпшілік дайындық, мамандығына сай жұмыс табу мүмкіндіктерін шектейді. Осындай жағдайлар кәсіпорындардан ең алдымен әйелдердің жұмыстан шығарылуына әкеліп соғады. Әйел адамдар арасындағы жұмыссыздық деңгейі ер адамдар арасындағы жұмыссыздыққа қарағанда жоғары, ал жұмыс іздеу процесі ұзақ жүреді.

Әйел жұмыс күшінің осындай жағдайы барлық елдерге тән, сондықтан жұмыс істеп жатырған әйел адамдардың еңбек және жұмыспен қамту жағдайы халықаралық деңгейдегі қалыпты реттеу құралы болып табылады.

Қарт еңбек етушілерді жұмыспен қамту мәселесі барлық нарықтық экономика елдерінде белгіленген. Қарт жұмысшылардың еңбек нарығында кездесетін көптеген қиыншылықтарының негізінде жас ерекшелік дискриминациясы жатыр. Жұмыс берушілер қарт еңбек етушілерді қызметіндегі жаңа дағдыларды меңгере алмайтын, еңбекті ұйымдастырудың жаңа түрлерінің талаптарына жауап бере алмайтын жұмысшылар деп санайды.

Қарт еңбек етушілерді жұмыспен қамтуға жәрдемдесу маңызды әлеуметтік-экономикалық тапсырма болып табылады. Бұл тапсырманы қарт жұмысшылардың көбінесе жоғары мамандандырылғанын және жұмыста үлкен тәжірибесі бар екендігін және т. б. ескере отырып шешу қажет.

Мүгедектер - мемлекеттің және қоғамның белсенді көмегін мұқтаж ететін адамдар категориясының бірі.

Мүгедектерді жұмысқа орналастырудың қиыншылықтары мемлекет тарапынан арнаулы шараларды талап етеді: мүгедектердің мүмкіндіктеріне байланысты еңбекті ұйымдастыру; жалпыға бірдей жұмыс табу мүмкіндіктері болмағандықтан, мүгедектерге арналған арнаулы кәсіпорындардың түрлерін құруға көмек көрсету.


II тарау Қазақстан Республикасындағы еңбек нарығын талдау

  1. Қазақстан Республикасын еңбек нарығы қалыптасуының экономикалық-құқықтық алғышарттары

ТМД елдерінде, Қазақстанда экономикалық және құқықтық реформа нарықтық экономиканы қалыптастыруға бағытталған.

Қазақстандағы нарықтық қатынастар жекешелендіру, ақша айналымы және қаржыны сауықтыру және т. б. тұратын көптеген қосылғыштардан қалыптасады. Алайда, еңбек қатынастарының нарықтық принциптеріне көшу анықтаушы болып табылады, өйткені еңбек өзгерістері экономикалық мүддеге байланысты. Сондықтан меншік қатынастарының өзгерістері жағдайында әрбір жеке тұлғаның жұмыс күші меншік ретінде қарастырылады. Осындай жағдайларда әрбір адам еңбекке деген өз меншігін басқара алады, қоғамдық өндірісте жұмыс істеу немесе істелуі өз еркінде.

Соңғы жылдары ТМД елдері қабылдаған нормативті құқықтық актілері экономикалық сферада еңбек нарығы қалыптасуының негізі болып табылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЕҢБЕК НАРЫҒЫН РЕТТЕУ МЕХАНИЗМДЕРІН ЖЕТІЛДІРУ
Еңбек нарығының ерекшелігі
Қазақстан Республикасындағы еңбек нарығы жайлы
Еңбек нарығы әлеуметтік жағдайды қалыптастыратын фактор ретінде
Еңбек биржасы және халықты жұмыспен қамту
Қазақстан Республикасындағы еңбекақы төлеу мәселелерін талдау
Сұраныс пен ұсыныстың тепе - теңдігі
Еңбек нарығының қалыптасуы мен қызмет етуінің теориялық негізі
Жұмыссыздықтық экономикалық және әлеуметтік зардаптары
Қазақстандағы жұмыспен қамту бағдарламалары және нәтижелері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz