Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2011 - 2014 жылдарға арналған бағдарламасы



Кіріспе
1. Сәулеттік.құрылыстық бөлім
1.1 Құрылыс аймағы туралы қысқаша мәліметтер.
1.2 Бас жоспар шешімі
1.3 Ғимараттың көлемдік.жоспарлау және конструкциялық шешімдері
1.4 Ғимараттардың көлемдік жоспарлау шешімі
1.5 Жылу техникалық есеп
1.5.3. Сыртқы қабырға қабаттары.
2. Есептік.конструктивтік бөлім.
2.1. Монолитті қырлы жаппаның есебі.
2.3 Құрама темірбетонды баспалдақы есептеу.
Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2011 - 2014 жылдарға арналған бағдарламасы.Бағдарламаның негізгі мақсаты Қазақстан Республикасында құрылыс индустриясын индустриялық-инновациялық дамытуды, құрылыс материалдарының орнықты және теңгерімді өндірісін қамтамасыз ету болып табылады. Құрылыс индустриясы ұғымы мынаны білдіреді: құрылыс саласын техникалық реттеу жүйесін реформалау, өңірлерді аумақтық жоспарлауды жетілдіру және елді мекендердің қала құрылысын дамыту, мемлекеттік инвестицияның қатысуымен құрылыстағы сметалық баға белгілеу жүйесін жетілдіру, өнеркәсіптік және азаматтық құрылысты дамыту.
Азаматтық, өнеркәсіптік және арнайы құрылысты дамытумен қатар тұрғын үй құрылысы Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясының басым бағыттарының бірі болып танылады және жалпы ұлттық сипаттағы ең маңызды міндеттердің бірі болып табылады.
1. Буртаев Ж. «Құрылыс жұмыстары технологиясы» Алматы: «Мектеп» 1987.
2. Н.Н. Данилов , С.Н. Булгаков, М.П. Зимин «Технология и организация строительного производства»-М.: Строиздат, 1988.
3. Хамзин С.К, АБишев А.К. «Технология строительных процессов» -Алматы: «Баспагер» 1995.
4. «Охрана труда и техника безопасности» учебное пособие.- Астана: Фолиант, 2007.
5. Буга П.Г. «Гражданские промышленные и сельскохозяйственные здания» - Высшая школа
6. С.Қ.Хамзин «Үймереттер мен ғимараттардың құрылыс технологиясы. – Алматы: Білім, 1994
7. Н.Разақов «Ғимараттар мен имараттардың құрылымдары» - Астана,Фолиант, 2010.
8. ХамзинС.Қ, Жанаев А.Б. «Құрылыс өндірісінің технологиясы» Алматы -1995.
9. И.И.Нефадьёв «Основы экологии в строительства» - М.-Недра,1988 ж.
10. СНиП 2.01.05.-84. «Бетонные и железобетонные конструкций» - М.-Стройиздат,1984 ж.
11. СНиП II–6-85. «Нагрузки и воздействия» - М.Стройиздат,1984ж.-576.
Қосымша:
12. Дикман Л.Г. Организация жилищно-гражданского строительства.-М.: Стройиздат. Байков В.Н., Сигалов Э.Е. «Железобетонные конструкций. Общий курс.» М.:Высшая школа., 1991 г.
13. Сидоров В.И. «Технология строительного производства»
14. Расчетные нормативы для составления проектов организации строительства.-ч.6.-М.: Стройиздат., 1976.

Пән: Құрылыс
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 48 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе
Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2011 - 2014 жылдарға
арналған бағдарламасы.Бағдарламаның негізгі мақсаты Қазақстан
Республикасында құрылыс индустриясын индустриялық-инновациялық дамытуды,
құрылыс материалдарының орнықты және теңгерімді өндірісін қамтамасыз ету
болып табылады. Құрылыс индустриясы ұғымы мынаны білдіреді: құрылыс саласын
техникалық реттеу жүйесін реформалау, өңірлерді аумақтық жоспарлауды
жетілдіру және елді мекендердің қала құрылысын дамыту, мемлекеттік
инвестицияның қатысуымен құрылыстағы сметалық баға белгілеу жүйесін
жетілдіру, өнеркәсіптік және азаматтық құрылысты дамыту.
Азаматтық, өнеркәсіптік және арнайы құрылысты дамытумен қатар тұрғын
үй құрылысы Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясының басым
бағыттарының бірі болып танылады және жалпы ұлттық сипаттағы ең маңызды
міндеттердің бірі болып табылады.
Тұрғын үй құрылысы ауданының сейсмикалығы Сейсмикалық, аудандардағы
құрылыс 2.03-30-2006 ҚР ҚНжЕ сәйкес анықталады.
Құрылыс салынатын аудандарда тиісті инженерлік-коммуникациялық
инфрақұрылымның: жылумен, сумен, газбен және электрмен жабдықтаудың квартал
ішіндегі инженерлік желілерінің, кәріздің, инженерлік құрылыстар мен
жолдардың болуы салынып жатқан тұрғын үйді пайдалануға уақтылы беруді
қамтамасыз етудің негізгі факторы болып табылады.
Тұрғын үй құрылысы салынатын аудандардың инженерлік-коммуникациялық
инфрақұрылымын дамытуды аула ішіндегі аумақтарды, кіреберістер мен үйге
кіретін жолдарды абаттандыруды қоса алғанда, тұрғын үй құрылысы салынатын
аудандарда инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жобалауға, дамытуға
және (немесе) сметалық құн бойынша жеке құрылыс салушылардан сатып алуға
бөлінетін республикалық бюджеттің қаражаты есебінен жүзеге асырылып отыр.
Мемлекет басшысының 2010 жылғы 29 қаңтардағы Жаңа онжылдық - жаңа
экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері атты Қазақстан
халқына Жолдауына сәйкес тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесін және жалпы
тұрғын үй коммерциялық секторын дамыту жөніндегі жұмыстар басталып кетті.
Тәуелсіз мемлекетіміз Қазақстан Республикасында, осындағы халықтың
қажеттілігіне байланысты құрылыс жұмыстары жүргізіледі.
Бұл құрылыстарға жоғары талаптар қойылады:
- үймереттер мен ғимараттардың сәулеттік – құрылыстық шешімдері қазіргі
заманға сай шешілуі;
- құрылыс конструкциялары мен пайдаланатын шикізаттардың тиімділігі және
құнының төменділігі;
- құрылыс монтаждау жұмыстарында қазіргі заман озық технологияларын
қолдануды дамыту;
- материал сыйымдылығының төмендеуі;
Осыған байланысты қазіргі құрылыста және ары қарай құрамалы – монолитті
жұқа қабырғалы кең тараған төбе жабындар тиімді түрде қолданылады. Мұндай
төбе жабын құрылымдары алымдардың барлық жерлерін ұзартуға және алаңдарды
аралық тірексіз-ақ жабуға мүмкіндік береді.
Жобалынып отырған дипломдық жоба Тараз қаласындағы 6 қабатты монолитті
тұрғын үйді жобалау тақырыбы бойынша орындалып отыр. Дипломдық жұмыстың
маңыздылығына, қазіргі таңда өндіруші өнеркәсіпте және қызметтер көрсету
саласында бәсекеге қабілетті ірі экспортқа бағдарланған тауарларды,
жұмыстар мен қызметтер көрсетуді өндіру, сондай – ақ өндірілетін өнімге
халықаралық сапа стандарттарын енгізу керек, және құрылыс саласын серпінді
дамыту үшін жағдайлар жасау және халықтың қалың қауымы, соның ішінде -
әлеуметтік қорғалатын жіктері үшін тұрғын үй құрылысы қарқынын арттыру
болып табылады.

1. Сәулеттік-құрылыстық бөлім
1.1 Құрылыс аймағы туралы қысқаша мәліметтер.
Құрылысты индустрияландыру принципінің негізгі мақсаты - құрылыс
құралымдарын, бөлшектерін зауыттарда жасап шығару және ауыр қол еңбегін
механикаландыру, яғни құрылыс объектісін құрастырып-жинақтау алаңына
айналдыру.Индустриялық әдіспен құрастыратын объектілердің саны мен сапасын
арттыру үшін құрастырмалы құралымдар мен бөлшектердің өлшемелерін біркелкі
топтастыру қажет.
Өндірістік үймереттер биіктігі бір және көп қатарлы болады, оларды
құрастырудың өзіндік ерекшеліктері бар.
Көп кабатты өндірістік үймереттер негізінде болат қорыту, машиналар
құрастыру және т.б. өндірістеріне арналған үймереттер. Олардың сәулеттік
ерекшелігі - ішкі құрылыстар кең және биік болуы қажет, себебі ауыр
салмақты, көлемді және өте биік құрал-саймандар орнатылады. Осыған орай бір
қабатты өндірістік үймереттер салудың ерекшіліктері бар.
Мұндай кең өлшемді үймереттерді әр түрлі өндіріс саласына пайдалануға
болады.Бұл үймереттердің бағаналары болаттан, темір-бетоннан, темірбетон
мен болат аралас материалдардан жасалады. Іргетастарды құрастырмалы темір-
бетоннан құймалы және қада қағылып жасалады.
Құрылысты жүргізілетін ауданның ауа райының жағдайы Тараз қаласы үшін
Оңтүстік Қазақстан облыстық метеостанция мәліметтері бойынша алынады және
келесі мәндермен сипатталады:
1. Құрылыстың климаттық ауданы – IV климаттық аудан
2. Географиялық кеңістік - 42°53′00″ с. ш.
3. Географиялық ұзақтық - 71°22′00″ в. д.
4. Ауаның ең жоғарғы абсолюттік температурасы -(+36)
5. Ауаның ең төменгі абсолюттік температурасы -(-35)
6. Ауаның ең суық бес күндіктің орташа температурасы - (-16)
7. Желдің орташа жылдамдығы - 2,3 мс
Құрылыс алаңының техникалық-экономикалық шешімдерін жобалау үшін 1993 жылы
Қазақстан республикасы құрылыс жобалау жұмыстарының комитеті істеген
инженерлік –геологиялық зертеулердің нәтижелерін қолданамыз. Құрылыс
алаңының геологиялық – метеологиялық құрылымының шарттары мынадай:
Көрсеткіштер бойынша инженерлік геологиялық ізденістер кезінде,іргетас
негіздеріне:
• суглинки (орташа тығыздық 2,06 гсм3, байланысуы,тіркелуі
40кПа, керісуі – 22,0, модульдік деформация - 6,5 мПа)
• тасты құм (орташа тығыздық 2,0см3,
байланысуы,тіркелуі 1Па,– ішкі бұрыш керісуі 38,модульдік деформация–21
мПа)
• қиыршық тасты топырақ (орташа тығыздық 2,05гсм3, есептік
кедергісі 350кПа)
• сазды топырақ (орташа тығыздық 2.18гсм3,
байланысуы,тіркелуі 41.0кПа, ішкі бұрыш керісуі 29, модульдік деформация
10мПа)
• ұсақ тасты топырақ (есептік кедергісі 400кПа, тығыздық
2.12гсм3)
Шағын құрылыс аймағы бұл жылы аймаққа жатады. Алаңдағы топырақ суы
0.95-1.10м тереңінде орналасқан.Топырақ суының агрессивті сатысына
байланысты W4бетон маркасына қатынасы портландцементте әлсіз агрессивтелген
және күшті агрессивтелген,темірбетонды конструкцияға қатынасы - әлсіз және
күшті агрессивтелген. Бірінші қабат еденінің шартты аталуы 0.000.
1.2 Бас жоспар шешімі
Жобаланған ғимарат Жамбыл облысы Тараз қаласында орналасқан.
Жергілікті тұрғындары тыныш. Жер беті тегіс.Тротуарлар және көшелері
асфальтбетоннан орналасқан.Барлық бос жолдар,тротуарлар және алаңдар
газонмен,ағаштармен,бұталармен көгалдандырылды. Көше шаңдары және шулары
осылардың көмегінен әсері азаяды. Ғимарат осы талаптарға сай
жобаланған.Бөлшек жобасы соғылу кезінде ерте салынған ғимарат шешіміне
байланысты және шаруашылық ауласын бірігіп қолдануды ұйғарады.Ғимарат салу
кезінде өрт қауіпсіздігін ережесін қадағалау СниП бойынша нормаларға
сәйкес болуы керек.Мысалға: ғимарат арасындағы өрт жарылыстары.Өрт
машиналарының подьезд алдына еш кедергісіз келу мүмкіншіліктері
қарастырылуы қажет.
Кесте-1.1
рсАталуы Саны Ауданы шаршы метр
1 Жобадағы 6 қабатты үймерет 4 296.07x4=1184.28
2 Жолдың алаңы - 9037.21
3 Алты қабатты үймерет 4 9800
4 Бес қабатты үймерет 1 382.79
5 Бес қабатты үймерет 1 425.25
6 Алты қабатты үймерет 2 596.2
7 Мектеп 1 1024
8 Спорт алаңы 1 304.20
9 Бес қабатты үймерет 1 380.79
10 Электр станциясы 1 196
11 Бес қабатты үймерет 1 309.20
12 Қоқыс жәшігі 2 16х2=32
13 Күзетші бөлмесі 2 9х2=18
14 80 көлікке арналған көлік тұрағы 1 2196
15 Жеті қабатты үймерет 1 577,21
16 Бес қабатты үймерет 1 1241
17 Дүкен 2 960
18 Балалар алаңы 1 256,85
19 Су атқыш (фонтан) 1 420

Бас жоспар шешімі
Қарапайым ғимараттың пішіні жарықтың және күн сәулесінің бөлмеге түсуін
бойлайды.Ішкі ауланы оңтүстік батыстан соққан жел желдетеді.Барлық ойын
алаңдарында дүкендер және гүлбақшалар болады.Алаңдар қысқа бұталармен
аралары бөлінген,сонымен қатар,тұрғын үй алаңында жеке автомобиль
жүргізушіге арналған автокөлік тұрағы жобаланған. Авто тұрақ көше
жиектеріне бұталар отырызылған.
Аймақ сәндік және қорғаныс көшеттерімен отырғызылғандығы
көрсетілген.Аймақты сумен қамтамасыздандыру су құбырлары арқылы орналасады.
Кесте-1.2
Технико-экономикалық көрсеткіштері
рсАталуы Ауданы шаршы метр
1 Жалпы құрылыс алаңы 24426,46
2 Жобадағы үймереттің алаңы 1184,28
3 Спорт және ойын алаңы 904,88
4 Жаяу жол және жол алаңы 14010,63
5 Соғылған ғимарат алаңы 8126,41
6 Көгеріс алаңы 190,26

Кесте-1.3
1.3 Ғимараттың көлемдік-жоспарлау және конструкциялық шешімдері
Жобаланатын үймереттің жинақ құрамына, жоба талаптарына сай, келесі
ғимараттар мен қажеті бөліктер енеді:
рс Аталуы Өлшем бірлігі Саны Ауданы
1 Жалпы бөлме ш.м. 43 820,3
2 Қонақ бөлме ш.м. 48 983,2
3 Жатын бөлме ш.м. 48 710,4
4 Ас бөлмесі ш.м. 26 254,8
5 Кіре беріс ш.м. 91 417,6
6 Санузел ш.м. 92 220,8
Жер төледегі желдеткіш ш.м. 2 34,0
7 бөлмесі(құбыры)
8 Баспалдақ алаңы ш.м. 28 430,4
9 Лифт алаңы ш.м. 24 372,0
10 Шкаф ш.м. 48 62,4
11 Дәліз ш.м. 4 28,8
12 Балкон ш.м. 84 353,0
13 Электр шиті ш.м. 1 23,0
14 Үлкен кіре беріс ш.м. 24 334,4
15 Бір қабаттағы бір пәтерлі ш.м. 3 48,3
16 Типтік қабаттағы бір ш.м. 8*5=40 772.0
пәтерлі
17 Бір қабаттағы екі ш.м. 8 139,2
пәтерлілер
18 Типтік қабаттағы екі ш.м. 8*5=40 844,0
пәтерлілер
19 Барлық пәтерлер саны ш.м. 91 1803,5

1.4 Ғимараттардың көлемдік жоспарлау шешімі
Жобаланған ғимарат алты қабатты монолитті,қаңқалы,жоспардағы өлшемі
80,800х14300м. .Жоспардағы бірінші және соңғы қабаттары ұқсас. Бірінші
қабатта 11 пәтер орналасқан,онын ішінде бір қабаттағы бір пәтерлі-3,бір
қабаттағы екі пәтерлі –8. Екінші және алтыншы қабаттарда бір пәтерліден
-40, екі-пәтерліден – 40.Барлық пәтер саны 91
Пәтер жоспары қазіргі барлық талаптарға пәтерге қатысты: үлкен кіре
беріс және асхана,жалпы бөлме,қонақ бөлме,жатын бөлме, санузел, әр пәтерде
өз балкондары орналасқан.
Сонымен қатар ғимаратта тізбек төсенішіне және инженерлік құрылғыларға
арналған жер төле орналасқан.Әр қабаттың биіктігі 3 метр,жер төле биіктігі
1,200 метр,шатыр биіктігі 2,140м.
1.5 Жылу техникалық есеп
Қоршалған конструкцияның жылу өткізудегі кедергісі Ro үймеретті
жобалауына байланысты қабылдау ,қажетті белгісіне байланысты, Rтро,
санитарлы гигиеналық және ыңғайлы жағдайлары және энергия жинақтары
анықталған.
Мына формула бойынша жылу периодының тәуліктік градусын анықтаймыз:
ГСОП = (tв -
tот.пер.) zот.пер.,
Мұнда tв –ішкі ауа температурасының шешімі, (С, ГОСТ 12.1.005-88* бойынша
қабылданған және үймереттің және ғимараттың қажетті жобалау нормасы;
tот.пер.,zот.пер. –орташа темпераура, (С, және жалғастырылуы, тәул,
тәуліктік орташа ауа температурасының төмен немесе тең периоды 8 (С

ГСОП =(20-7,5)*212=2687,5

Қоршалған конструкцияның жылу өткізудегі кедергісі Ro=2,34 м2*(СВт
Қажетті кедергі қоршаған конструкциясының санитарлы гигениалық және
ыңғайлы жағдайлары мына формула бойынша анықталады:

, (2)
Мұнда: п - коэффициент, сыртқа жоғарғы қоршаған конструкциясының сыртқы
ауаға қатынасы.
tв= -ішкі ауа температурасының шешімі , (С, қабылдануы бойынша ГОСТ
12.1.005-88 және ғимараттар және үймереттерге қатысты жобалау нормасы;
tв= - қысқы сыртқы ауа температураны есептеу, (С, бескүндік суық орташа
температураның тең қамтамасыздандырылуы 0,92. СНиП РК 2.04-01-2001
(tн – ішкі ауа температурасының және ішкі жоғарғы қоршалған
конструкцияның арасындағы нормативті температураның төмендеуі, СНиП
РК 2.04-03-2002 қолданылды.
(в – қоршаған конструкцияның ішкі жоғарғы жылу беру коэфиценті,СНиП РК
2.04-03-2002 қолданылды.
Rтро=(20+16)*14,0*8,7=1,58 м2*(СВт
Жылу берудегі қажетті қарсыласу Rтро есіктер төмен болмауы керек
0,6Rтро үймерет қабырғасы, формула бойынша анықталады (2) қысқы
температура кезіндегі сыртқы ауаның,орташа температурада
теңестірілген суық бескүндіктің қамтамасыздандырылуы 0,92.
1.5.1 Қабырғаның жылу – техникалық есебі.
Жоғарыда пайдаланған климаттық мәліметтерді пайдалан отырып сыртқы
қабырғаның жылу – техникалық есебін құрастырамыз.
Сыртқы қабырғаның материалы ретінде жеңіл(ұяшықты) бетон, қалыңдығы 25
мм.-сырты және 20 мм. ішкі қабаты. Жылытқыш қабат ретінде жылуоқшаулағыштар
қолданылған, қалындығы 120 мм. Сыртқы және ішкі әрленуі күрделі цементті-
құмды ерітіндіден жасалынған, сыртқы қабатының қалыңдығы – 15 мм, ал ішкі
қабаты – 10 мм.
1.5.2.Қабырға.
Ғимарат қабырғасы- ГОСТ 13579-78*бойынша ғимарат қабырғасына
арналған жинақтамалы бетон блоктарынан төле қабырғасына арналған, М50
цементті құм ерітіндісі. Сонымен қатар қаралатын ГИ-1 ГОСТ 7514-86 гидро-
изолды екі қабатты горизонтальды гидроизоляциядан,битумды мастикадан МБК-Г-
65 ГОСТ 2889-80.
- цемент-құмды ерітінді ( = 1800 кгм3.
- жеңіл(ұяшықты) бетон қабатты ( =1850 кгм3.
- жылу сақтайтын (керамзитобетон) қабатты ( = 500 кгм3

1-сурет

1.5.3. Сыртқы қабырға қабаттары.
Әр қабаттың материалдарының сипаттамалары және жылу сақтау
қассиетерінің көрсеткіштерін СНиП бойынша қабылдаймыз.
Жобаланып отырған бұйымның жылу өткізгіштік көрсеткішін формула
бойынша анықтаймыз.
Шарты орындалады, сондықтанда сыртқы қабырғаның қалыңдығын 500 мм. етіп
қабылдаймыз.
1. Құрылыс ауданы - Тараз қаласы
2. Ылғалдылық аймағы – ылғалды (А)
3. Үймереттің эксплуатациялық режимі – жақсы (Б)
4. Суық бескүндік қысқы температуралық – t = 16C
1.6 Төбе жабын жылу сақтау қабатын есептеу.
Теміртау қаласында салынатын өндірістікқоғамдық үймереттің жамылғысы
үшін қажетті жылу сақтайтын бұйымның қалындығы анықталуы қажет. Ол үшін
метеостанция мәліметтерін пайдалануымыз керек. Олар:
- ең суық бескүндіктің орташа температурасының көрсеткіші – -16 0С
- ең суық тәуліктің орташа температурасының көрсеткіші – -20 0С
- ең төмен абсолюттік температурасының көрсеткіші – -35

Үймерет ішіндегі ылғалдық қөрсеткіші – 50%, ал температурасы - 18 0С-
ға, СНиП талаптарына сәйкес болуы керек. Бұл пайдалану шарттары бойынша
құрғақ, ал жылу өткізу бойынша және жылу қабылдау коэфф.- деп
есептелінеді.
Қабылдаған коэффициенттер, қолданатын материалдар түріне байланысты
СНиП бойынша келесідей болды:
- битумдық мастика негізінде істелінген 4 қабат рубероид.
- цементтік тегістеу қабатты = 18 кгм3
- жылу сақтайтын бүйым қабатты = 5 кгм3
Алдын ала қабылданған жылу сақтау бұйымының қалыңдығы = 16
см.

СНиП ІІ-3-79 мәліметтеріне сай жылу инерциясына қойылатын талапқа жауап
береді.Үймерет жамылғысы төмен қатарына жататын болғандықтан = -26
0С. деп қабылдаймыз.
Жылу өткізгіштікке қажетті кедергіні анықтаймыз: (1.2)
Мұндағы: - қабаттар қалыңдығы, см.;
- ішкі температурасы;
- сыртқы температурасы;
- нормативтік жылу жоғалту көрсеткіші;
- жылу жоғалту коэффициенті.
Жалпы жамылғының жылу өткізгіштік кедергісін келесі формула бойынша
анықтаймыз:
Мұндағы: - әр қабаттың жылу өткізгіштік кедергі көрсеткіші;
- жылу жоғалту коэффициентінің барлық қабаттарға
ортақ мәні.

Сандық мәндерін алдындағы есептеу нәтижелерінен алып формулаға қоямыз:
Жылу сақтау бұйымдарының қалындығын есептеу нәтижесі бойынша =
100 мм. деп қабылдаймыз.

2. Есептік-конструктивтік бөлім.
2.1. Монолитті қырлы жаппаның есебі.
Кесте-3
2.1.1. Қабат аралық монолитті қырлы темірбетон жаппасына түсетін күш
Жүктің түрлері Межелік Күш сенімділік Есептік күш Hм2
күш Hм2 коэффициенті
Тұрақты: 200 1,1 320
Плиталы еденнен қалыңдығы
t=0.015м
Тығыздығы 2000кгм3
Цементті ерітіндіден 400 1,3 520
t=0.02м
ρ=2000кгм3
t=0.03м 4500 1,3 520
ρ=1500 кгм3
Құлбетоннан
Барлығы: g=1150
Q=1440
Уақытша тапсырма бойынша
ұзақ мерзімі Fld 6500 1.2
7800
қысқа мерзімді Pcd 1500 1.2
1800
Барлығы: ρn= 8000
ρ=9600

Плитаның қалыңдығын есепке алғанда 8 см мынандай болады:

Q=(g+p)в=3640+9600
Кесілмеген плитаны есептегенде, иілу моментінің мәнін пластикалық
деформациясын еске алып аралықты тен не айырмасы 20% үлкен болмаса, уақытша
күштің қалай түскеніне қарамай есептеуге болады, шеткі аралықта:
Ортаңғы аралықта және ортаңғы таяныштың үстінде Шеткі екінші
таяныштың үстінде:
Плитаның арматурасының қимасын тіктөртбұрышты ауқымы вxh=100x8см
темірбетонды иілу элементі үшін келтірілген. Қиманың жұмыс биіктігі В-1,5
6,5см мұндағы а – арматурадағы бірдей күшпен ең тақау қырға дейінгі аралық
сым Вр-І класы арқылы пісірілген тормен арматуралау варианты үшін
андай болады: Шеткі құлашта болғанда формула арқылы:

Мұнда 100 көбейткіш жақшадағы МПа-ді Hсм келтіру үшін жасалған:

Мұндағы бетонның жұмыс жағдайының коэффициенті
коэффициентін табамыз, одан кейін арматураның қимасының ауданын
формуласымен табамыз:

Ортадағы құлашты және ортадағы таяныштың үстінде

Шеткі екінші таяныштың үстінде

Пісірілген торлы сортамент бойынша аралық үшін және орталығы таяныштың
үсті үшін торлы типтік алыммен 150*250 мм бойлық жұмыс арматурасының
диаметрін 5 мм6мм орнына яғни, тип деп аламыз.

Сортаментте келтірілген басқа диаметрмен өзгертіп торлы жобалауда ГОСТ 8473-
81 І-ескертпесінде 8 бабында рұқсат етіледі тек стержендердің аттамы
өзгермесе болады.
Шеткі құлашты және шеткітаяныш үстінде қосымша тормен арматуралаймыз.
Маркасы
Сонда арматураның барлық ауданы:

Қосымша торды біріншші ортадағы таянышқа Il аралығының 50см ендіріледі.
Плитаны айналдыра монолитті байланыстырған арқалықпен қоршап тұрғанын
ескеріп ортаңғы аралықта ортадағы таянышта иілу моменті 20% кемітіп
мұндағы 0,8 плитаның шетінен арқалыққа байланысқан иілу моментінің
кемуін ескеретін коэффициент. Моменттің кішіреюін еске алып ортадағы таяныш
үстін С-3 және С-1 тор орналасады.
Маркасы
Жұмыс арматурасының диаметрі 5 мм аттамы 200. онда шеткі аралыққа керекті
және екінші таяныштың үстінде I м ұзындығына С-3,С-4 және С-6
торы жеке төселеді, егер тор оралған болса оны арқалықтың бойымен
тарқатады.
2.1.2. Қосымша арқалық
Қосымша арқалықтың есептеу схемасы плитаның есептеу схемасындай бір
қалыпты жайылма күш түскен кесілмеген көп аралықты арқалық. әзірше қосымша
арқалықтың қимасының ауқымын 45х20 см деп белгілейміз. Есептік арасын табу
үшін бас арқалықтың ауқымын белгілейміз.

Қосымша арқалықтың есептік ұзындығы ортадағы құлаш бас арқалықтың шетінен
қабырға таянған таяныштың ортасына кейінгі арқалық

Мұндағы 3-қабырғаға танған арқалықтың таяну ұзындығы: а-осьті қабырғаның
ішкі шетімен байланыстырған арқалық.
2.1.3. Күшті жинау
Арқалықтың І м ұзындығына келетін күшті күш ауданшасының енін 2 м деп
алады қосымша арқалықтың осьтерінің арасы.
Арқалықтың ауданы мен салмағын есепке алып оның есептік күшінің мәнін
табу керек.

Мұндағы 0,87 0,2м-арқалықтың қимасының ауқымы, плитаның h=8 см алып
тастағандағы: 2500кгм3 бетонның тығыздығы: 1,1 күштің сенімділік
коэффициенті.
P=2*9600=19200Hм

Тең моментті схема бойынша есептік момент:
Шеткі құлашта
Ортадағы құлашта және ортадағы таяныштың үстінде:

Шеткі екінші таяныштың үстінде:
Қосымша арқалықтың моментінің оралымды эпюрасын салу. Екі түрлі тиеу
схемасының моменттерінін эпюрасы:
1) Дақ аралықта толық жүк жұп аралықта тұрақты жүк
2) Жүк аралықта толық жүк дақ аралықта тұрақты жүк
Сонымен ең ұлкен момент аралықта және таянышта кесілмеген плитаға ұқсас
бірдей момент схемасымен анықталады.
Моменттің оралымды эпюрасы:
Бірінші аралықта
Екінші аралықта
Шетінен үшінші аралықта немесе барлық ортадағы аралықта

Жоғарыдағы көрсетілген моменттерге арматураны есептегенде плитадағы
көлденең арматураға сәйкес арқалықтағы қаңқаның көлденең арматурасы алынды.
2.1.4. Арматураны алу
Оң моментке арқалықтың кесіндісін есептегенде аралықтақиманың
профильін тавр деп сөресін плита қысылу аймағына деп есептейді.Бұл жағдайда
сөренің ені в=200 см өйткені СНиП 2.03.01 81-нің 3 бабы бойынша см

Теріс моментке есептегенде қиманың тіктөртбұрышты 45х20 см көп аламыз
өйткені плита соғылу аймағында ол есепке кірмейді. Арматуралау үшін А-ІІ
класына пісірілген қаңқаны аламын.
230 МПа қиманың жұмыс биіктігі есептейміз.
Шеткі аралықта М1=87000 Hм формуламен қимадағы қысылу аймағының
шекарасын анықтаймыз.
және деп:

теңсіздік орындалады қысылу аймағының шекарасы сөреде, олай болса қиманың
ені вj деп есептейміз формуламен.

таблица арқылы және коэффициентін табамызда
формуламен шартты тексереміз:

Формуламен

Мұндағы кіші болғанда жағдайды тексеріміз:

Екі қаңқа үшін 4 диаметрі 16 А-ІІ аламыз
Ортадағы аралықта

Екі қаңқа үшін 2 диаметр 18 А-ІІ
теңсіздігі орындалады,

Шеткі екінші таяныштың үстінде 83 800H-м әсер етеді (Мв)

теңсіздігі орындалады,

Қосымша арқалықтың таяныш үстіндегі тартылу арматурасы қосымша
арқалықтың осьтерінің арасына орналасқан тордағы жұмыс стержені болып
табылады. С-7 екі торлы аламыз көлденең жұмыс арматурасының қимасының
ауданы арқалықтың І м ұзындығына келетін:

Ол тор мына маркасына дәл келеді:

Ортадағы таяныш үстіндегі

теңсіздігі орындалады, өйткені
Екі орамалы торлы С-В аламыз, оның көлденең жұмыс арматурасының қимасының
ауданы арқалықтың 1м ұзындығына келетін:
Ол мына тордың маркасына дәл келеді.
, С-7,С-8 торын таяныш осінен Р4 болғанда біреуін l3 және екіншісін
l4 қылып асырып аламыз.
2.1.5.Ортаңғы аралықтағы ең үлкен көлденең күш

Қаңқаны унификациялау үшін конструкциялық жағдайда арқалықты ортаңғы
аралықтың К-2-ні көлденең стерженнің диаметрі 5 мм аттамы 15 см және 20 см,
шеткі аралықтағы К-І маркасы сияқты.
К-І К-2 қаңқасы таянышта қосымша стерженымен жалғасады да таяныштан 15d1
ұзындыққа не S+150мм кем қылмай асығып жібереді.
2.1.6.Арматураның қимасын табу
Бойлық арматура А-ІІ класы, Rs=280 МПа көлденең арматура А-І класы,
Rsco=175МПа. Бетон В-25 класы, Rв=11.5МПа Rвс=0.9МПа Момент MВ=186кНм
ар0ылы есептелген ригельдің қимасының ауқымымен формуламен деп:

бұл бұрынғы см-ден кіші, яғни теңсіздік орындалады.
Аралықтағы арматураның сөресі қысылу аймағындағы тавр қимасы деп сол
формуламен, ал таянышта қима тіктөртбұрышты деп есептейді.
Шеткі аралықтағы арматураны М1=288кН м; тавр кесіндісінің ені
вj=(6006)2+30=230см; ho=60-4.5=55.5 см; деп табамыз; арматураны екі қатар
орналастырамыз да қысылу шекарасын формуламен табамыз.

28800000*0,9511,5*(100)*230*8(95,5- 0,58)һ98500000Н см: теңсіздік
орындалады, яғни қысылу бөлігінің шекарасы сөре арқылы өтеді, қиманы
тіктөртбұрыш деп есептейміз вj=230см:

деп арматураның қимасының ауданын табамыз

6 диаметрі 20 А-ІІ, Аs=18,86 см2 деп алып және К-3 К-4 қаңқасын жасаймыз
Ортаңғы аралықта M2=162кН м

К-4 қаңқасындағы арматураны екі еселеп 2 қаңқа алған тиімді, әр қаңқада 2
диаметрі 18 А-ІІ, 2 қаңқада 4 диаметрі 18 А-ІІ, Аs=18 см2
Ортадағы аралықта жоғарғы арматураны М2min=-67.2 кН м қимасын 60х30 см деп
ho=60-4.5=55.5 см;

2 диаметрі 18 А-ІІ, Аs=5.09 деп аламыз К-5 қаңқасын В таянышындағы Мв-
186кНм арқылы арматураны қабылдаймыз,қимасы 60х30 см; ho=60-6=54 см,

2 диаметрі 20 А-ІІ және 2 диаметрі 22 А-ІІ деп, Аs=6.28+7.6=13.88см2
болады.
К-6 К-7 қаңқасы болып келеді.
2.2. Құрама сатының элементтері. Сатының конструкциялық шешімдері.
Сатыны бас және көмекші деп, ал бір қабатқа келетін баспалдақтың
санына қарай екі баспалдақты, үш баспалдақты, ашпалы болып бөлінеді.
Баспалдақтың ең кіші ені – а, көлбеуі ί=lh әртүрлі ғимараттарға мынандай
болады: Екі, үш қабатты тұрғын үйлердің сатысы үшін α=1,2 м, ί=11,5; төрт
және одан да көп қабатты тұрғын үйлердің сатысы үшін α=1,3 м, ί=11,75;
бірінші қабаттан жер астынғы қабатқа түсетін сатының баспалдағының ені
α=0,9 м, ί=11,5; ал шатырға шығатын саты үшін α=0,9м, ί=11,25.
Өндірістік ғимараттар үшін α=1,2-2,2 м, ί=11,5;
Саты баспалдағының ең үлкен ені 2,4. бір баспалдақта үштен кем
табандама және 16 табандамадан көп болмауы керек. Баспалдақтағы
табандаманың санын бірінші қабатта төменгі қабатқа немес шатырға шығатын
болса көбейтуге болады. Саты ауданшасының енін баспалдақтың енінен кем
болмауы керек.
Темірбетон құрама саты элементтері әр уақытта ені баспалдақты болады.
Ол екі түрлі конструкциялық элементен тұрады: ауданша плитасы айнала
монолиттелген қыры бар арқалық және баспалдақ табандасымен. Баспалдақ
ауданшаның шығып тұрған консолді сол жақ қырына таянады және оар бір-
бірімен жапсырма бөлшектер арқылы кем дегенде екі жерден пісіріліп
бекітілуі керек.Аралығы үлкен болса көлбеу проекциясы 3 м жоғары баспалдақ
екіге бөлінеді деп жобаланады: қосауыр және табандама. Ірі панелді үйлерде
саты іріленіп, жарты ауданша мен баспалдақ бір элемент болып келуі мүмкін.
Құрама баспалдақ табандамамен тұтас монолитті, немесе жұқа қабырғалы
бүкпелі табандама 30% бетонды үнемдейді.

2 -сурет. Сатының конструкциялық шешімі. А-екі баспалдақты,б-үш
баспалдақты, в-ашпалы.

3-сурет. Құрама екі баспалдақты сатының бөлшектері.
А-баспалдақтар,б-бөлшек түйіні І және ІІ, І-баспалдақ,2-табандама,3-алдыңғы
арқалық қыры,4-ауданша қырлы плита.
2.2 Сатының баспалдағын және ауданша плитасын есептеу.
Іріленген баспалдақпен ауданша плитасы иілуге жұмыс жасайтын
темірбетонды қырлы плита деп есептеп, қимасы сөресі қысылу бөлігіндегі тавр
деп қарастырылады. Касауыр, жеке баспадақ элемент еркімен таянған оған әсер
ететін күшті олардың қисық тұрғанын еске алып жинайды. Құрама темірбетон
стаысынын элементтеріне түсетін уақытша күш ол ғимараттардың түрлеріне
сәйкес 3-5 кHм2 аралығында болады. Құрама темірбетон сатысының
элементтеріне жаппа панелі сияқты беріктікке бірінші шектік күйде және
деформацияға екінші шектік күйде есептейді.
2.3 Құрама темірбетонды баспалдақы есептеу.
Тұрғын үйдің ені 14,3 м темірбетон баспалдағын есептеп құрастыру
керек. Қабат биіктігі 3 м, баспалдақтан көлбеу бұрышы α=300, табандамасының
ауқымы 15*30 см. Класы В25 бетон, қаңқа үшін класы А-ІІ арматура, тор үшін
класы Вр-І сым қолданылады.
Күштерді анықтау

4-сурет. Баспалдақты есептеу, үшін а-есептік схема б,в-анық және
келтірілген қимасы.
Баспалдақтың өзінің салмағын азаматтық, тұрғын үй құрылысына арналған
индустриалды заттар ИН-03 катологында көрсетілгендей көлбеу жазықтықта
салмағының проекциясын g=3.6kHм тұрғын үй сатысныа уақытша күш Рn=3
kHм2.Күш сенімділік коэффициенті γf=1.2 ұзақ мерзімді уақытша күш:

Баспалдақтың 1 м ұзындығына келетін есептік күш:

Баспалдақтың ортасындағы есептік иілу моменті:

Таяныштағы көлденең күш:

2.3.1. Баспалдақтың қимасының ауқымын алдын-ала белгілеу.
Зауыттың қалпының ауқымына сәйкес плитаның қалыңдығы табандаманың
арасындағы h= 30мм. Қырдың биіктігі косоурдың h=170 мм, қалыңдығы h= 80 мм.
Анық қиманы есептік қимаға сөресі қысылу бөлігінде тавр түріне ауыстырамыз.
В=2вr=2*8C=160 мм; Сөренің ені вj егер көлденең қыры болмаса вί=2
(lв)+в=2(3006)+16=116см; немесе вj=12һ+Вj=12*3+6=52см; Олай болса
вj=52см.
2.3.2. Бойлық арматураның қимасының ауданын табу.
Тавр кесіндісінің қандай жағдайда есептелетінін шартпен (Х=h болғанда)
тексереді.133000014,5*100*0,9*52*3 *(14,5-0,5*3)=2640000 Hсм бейтарап
ось сөремен етеді, шарт орындалады. Олай болса арматураның қимасы
тіктөртбұрышты ені вj =52см деп есептейміз;

2диаметр І4 А-ІІ, А5=3.08 cv2-4.5% кем алуға болады,ал 2 диаметр І6 А-ІІ,
А5=4,02 см2+25 бұл көп. Әр қырға бір жазық қаңқа К-1 орналастырамыз.

5-сурет. Баспалдақты арматуралау.
2.3.3. Еңіс қиманы көлденең күшке есептеу.
Таяныштағы көлденең күш Qmax=17.8*0.95=17кH.Еңіс қиманың бойлық оське
проекциясын С табамыз.

Мұндағы

Есептік еңіс қимада олай болса 2.50 формуламен бұл 2h=29 см
ден көп, олай болса с=29 см деп аламыз. бұл Qmax=17кH
Конструкциялық жағдаймен ¼ аралыққа таяныштан көлденең арматураның
стерженнің класы А-I диаметрі 6 мм, аттамы деп аламыз,ол h2=1702=85
см көп емес. деп алып екі қаңқа үшін

Қаңқаның ортаңғы бөлігінде көлденең арматураның аттымын конструкциялық
жағдайын s=200 мм деп аламыз.
Еңіс қиманың жарықшақ аралығының беріктігін мына формуламен табамыз:

Мұндағы
шарт орындалды, яғни еңіс қиманың беріктігі қамтамасыз етілген. Әрі
қарай иілу мөлшерін және жарықшаққа есептейміз.
Баспалдақтың плитасын диаметрі 4-6 аттамын 100300 мм тормен
арматуралайды. Плита табандамен монолитті түрде байланысқан, табандама
конструкциялық түрде арматураланған және оның плитамен бірге жұмысының
арқасында беріктігі қамтамасыз етілген. Косоурға таянған табандама өз
бетімен таянған қимасы үшбұрышты арқалық деп есептелінеді. Жұмыс
арматураланған диаметрі тасымалдау және монтаждау кезіндегі әсерді ескеріп
табандаманың ұзындығына сәйкес белгіленеді:
егер:
ал хамыттың диаметрі 46 мм аттамасы 200 мм арматурамен жасайды.
2.4 Темірбетон саты ауданша плитасын есептеу.
Екі баспалдақты сатының қырлы ауданша плитасын есептеп құрастыру
керек. Плитаның ені 1350 мм қалыңдығы 60 мм. Саты торының ені 3м. Уақытша
межелік күш 3 кHм2, күш сенімділік коэффициенті .Материалдардың
маркалары:Бетон класы В-25, қаңқадағы арматураның класы А-ІІ, тордағы
арматураның класы Вр-І.
Плитаның өзінің межелік салмағы h=6см болғанда g=0.006*25000=1500Hм2.
есептік салмағы g=1500*1.1=1650Hм2.
Алдындағы қырдың есептік салмағы плитаның салмағын алып тастағанда
q=0.29*0.11+0.07*0.07*1.25000*1.1=1 000Hм. Іргедегі қырдың салмағы
қабрғадағы
Есептік уақытша күш:P=3*1.2=3.6кHм2.
Ауданша плитасын есептегенде сөресін қырға серпімді байланған деп
алдыңғы қырды оған баспалдақ таянған іргедегі қырды плитаның жарты
аралығының күшін өзіне қабылдайтын жеке-жеке есептейді.
2.4.1. Плитаның сөресін есептеу.
Плитаның сөресін егер қыры жоқ болса оны таянышта ептеп қатты
байланған арқалық деп есептейді. Есептік аралық қырдың арасына тең 1,13м.
Аралықта және таянышта иілу моментінің пластикалық топса пайда болуына
сәйкес моменттердің тенесетінің ескеріп
Мұндағы q=lв+рв=1650+3600*1=5250Hм.
в=1м=100см болғанда және hо=h-a=6-2=4см деп алып:

мына мәндер бойынша

Арматурасының диаметрі 3 мм Вр-1 аттамы j=200мм. І м ұзындығына қимасы І-І.
Аs=0.36см2 тор С-І орналастырамыз.
2.4.2. Алдыңғы қырды есептеу.
Алдыңғы қырға мынандай күштер әсер етеді:
Аралықтың жартысынан тұрақты және уаұытша жайылма күшпен өзінің
салмағы Алдыңғы қырға таянған баспалдақтың бірқалыпты жайылма күші

Алдыңғы қырдың баспалдақ таянышын шығып тұрған бөлігіндегі моменті
Қырдың аралығының ортасындағы есептік иілу моменті Qt-ді барлық аралыққа
бірдей әсерде дейміз.
M=(Q+Qt)l=(4560+1320)*3.228=7550Hм .
деп, көлденең күштің есептік мәні

Алдыңғы қырдың есептік қимасы сөресі қысылу аймағында тавр деп қараймыз.
Қысылу аймағының ені:
Қыр сөремен монолитті байланған, сондықтан қырдан шығып тұрған
конструкцияның моментін өзіне қабылдайды, олай болса алдыңғы қырға әсер
етіп тұрған тек қана иілу моменті М=7550Hм болады.
Жалпы иілу элементін есептеу жолымен мынаны табамыз. Сенімділік
коэффициенті деп аламыз.
Бейтарап осьтің орнын шартпен деп алып;
шарт орындалды, яғни бейтарап осб сөремен өтеді.

мына мәндер бойынша

Конструкциялық жағдаймен 2 диаметрмен ІОО=1.57*10012*31.5=0.42%
2.4.3. Алдыңғы қырдың еңіс қимада көлденең күшке есептеу.
Q=8.93кH Еңіс қиманың бойлық оське проекциясые С табамыз.

Мұндағы
Есептік еңіс қимада олай болса
Олай болса көлденең арматура есеп бойынша қажет емес. Конструкция шарты
бойынша хамыттын диаметрі д мм класы А-І, аттамы 150см қаңқа К-І.

6-сурет. Саты ауданшасының плитасын есептеу.
а-жалпы көрініс және плитаны арматуралау; б-плитаның есептік схемасы; в-ол
да алдыңғы арқалық қыр г-ол да іргедегі қыр; д-ол да алдыңғы арқалық
қосауыр таянғанда.Алдыңғы қырдың шығып тұрған консолін оған құрама
баспалдақ таянады диаметрі 6 мм класы А-І арматурамен жасалған С-2 тормен
арматуралаймыз. Бұл тордың көлденең стержені қаңқа К-І-дің хамытымен
байланысады. Екінші бойлық іргедегі қырды дәл осы алдыңғы қырдың есебіндей
шығарамыз.
3. Құрылыстың технологиясы және ұйымдастырылуы.
3.1 Жалпы жағдайлар
Үймереттер, ғимараттар, тұрғын үйлер, инженерлік, ауылшаруашылық
құрылыстарын салуды ұйымдастырудың әдіс-тәсілдері бар. Құрылыс-құрастыру
жұмыстарын ұйымдастырудың тиімді жолы - құрылысты кешенді әдіспен және
технологиялық ретімен жүргізу.Құрылыс технологиясы құрылыс жұмыстарына және
процестерге бөлінеді.
Құрылыс жұмыстары - жер жұмыстары, бетон темірбетон, құрастыру, әрлеу
және тағы басқа құрылыс процестеріне бөлінеді. Мысалы, жер жұмыстары
жүргізу үшін мына процестерді орындау қажет: жердің өсімдік қабатын
(қыртысын) бульдозермен тіліп, жер бетін тегістеу, топырақты көлікке тиеп
қазу, ордың түбін тазалау және тағы басқа.Аталған құрылыс жұмыстары мен
оның процестері белгіленген технологиялық ретімен істелуі қажет.
Құрылыс жұмыстары үш кезеңге болінеді: дайындық жұмыстары - жер
астындагы құрылыстар (нөлдік цикл), жер үстіндегі құрылыстар және әрлеу
жұмыстары (сылақ,бояу).
Құрылысқа мөлшерленген уақытты қысқарту үшін құрылыс кезеңін тасқынды
әдіспен жүргізу қажет. Бүл әдіс құрылыстың өзіндік құнын кемітеді, еңбек
өнімділігін арттырады және машина-механизмдерді тиімді пайдалануға
мүмкіндік береді. Құрылыс мерзімін қысқартуға құрастыру процестері ерекше
әсер етеді. Сондықтан жоғарыда аталған процестерді жүргізу мерзімдері
құрастыру процестеріне тікелей байланысты. Атап айтқанда, құрастыру
процесін жеделдету дегеніміз - жалпы құрылыс мерзімін қысқарту.Осы
процестің даму қарқынына орай басқа жұмыстардың реті мен әдістері де
өзгереді. Құрылыс өндірісінің құрамы мен қарқының белгілеу жэне оны
біркелкі үздіксіз ұйымдастыруды жақсартып, технологиясын жетілдіруге
болады. Құрылыста тасқынды әдіспен жүргізудің негізі - құрылыс процестерін
тоқтатпай, бір мезгілде әр түрлі жұмыстарды бірден атқару. Ол үшін
объектідегі барлық жұмыстарды кезекті ретімен істелетін процестерге бөліп,
құрылысшылардың мамандық дәрежесіне лайықты звено, бригадалар құрамын
тағайындап, жалпы құрылыс көлемін тепе-тең ауқымдарға (учаске, кесінді,
алым) бөліп жоспарлау қажет. Тең бөлінген көлемі мен істелінетін жұмыс
мерзімдері бірдей болу керек. Бұл бөлімдер тасқын ырғағы деп аталады.
Құрылыс өндірісі құрылыс-құрастыру жобаларымен қамтамасыз етілуі қажет. Ол
жобалар құрылыс өндірісін ұйымдастыру нұсқаулығына сәйкес
орындалады.Құрылыс мөлшерлері және оның ережелері (ҚМжЕ) құжаттарда
сипатталады. Құрылыста қолданған жобалар мен құжаттар ұзақ жылдар бойы
зерттеліп дәлелденген әдіс-тәсілдерге, ғылым мен техниканың соңғы
жетістіктеріне жасалуы қажет. Құрылыс құжаттарында жоспарды асыра орындау,
шикізат пен еңбек шығынын азайту, бөлінген қаржыны ұтымды пайдалану жолдары
көзделеді.
Құрылыс құжаттарына: құрылысты ұйымдастыру жобасы (ҚҰЖ), жұмыстар
өндірісін жобалау (ЖӨЖ), технологиялық карталар (ТК) және еңбек
процестерінің карталары (ЕПК) жатады. Аталған құжаттардың көлемі, түрі,
мазмұны және оларды бекіту тәртібі Мемлекеттік құрылыс комитетінің
шешімдерінде сипатталады.
Құрылыс жобаларының негізгі құжаттарына, құрылысты ұйымдастыру
жобасына (ҚҰЖ) жұмыстар өндірісінің жобаларына (ЖӨЖ) сипаттама берейік.
Құрылысты ұйымдастыру жобасы (ҚҰЖ) құрылысты жобалау тапсырмасының
құрамына еніп, негізгі жоба ретінде есептеледі. ҚҰЖ - күрделі, ұзақ жылдар
салынатын және кешенді құрылыстарға жасалады. Онда салынатын объектілердің
реті мен аяқталатын мерзімі, жылдық орындалатын жұмыстардың көлемі және
бөлінген қаражаттың мөлшері, дайындық жұмыстардың көлемі, объектілердің
салыну кезегінін реті негізгі құрылыс жұмыстарын салу әдістері, қажетті
мамандардың саны, шикізат, техникалық жэне электр қуаттарының қажеттілігі
көрсетіледі.
Жұмыстар өндірісінің жобасы (ЖӨЖ) объектілердің дайындық және негізгі
құрылыс жұмыстарын орындауға жасалады. Оның құрамына ҚҰЖ-да қабылданған
шешімдер енеді және жергілікті техникалық - ұйымдастыру шаралары
қолданылады. ЖӨЖ-ның құрамына төменде аталған көрсеткіштер енеді:
- дайындық жұмыстарын жүргізу реті;
- негізгі құрылыс-құрастыру жұмысының озат технологиясы мен кешенді
механикаландыру жолы;
- құрылыс жұмыстарын тасқынды әдістермен жүргізу;
- жұмысшылардың бригада, звено құрамын мамандық дәрежелеріне сәйкес
анықтау және оларды құрылыстың барлық кезеңінде бірдей жұмыспен
қамтамасыз ету;
- қауіпсіздікті сақтау және еңбек қорғау шараларын белгілеу;
- объектілік жұмыс өндірісінің мерзімдік жоспары;
- дайындық жұмыстарының кестесі, көлемі жэне оның тізімі; құрылыстың бас
жоспары (объектінің жер асты элде жер үсті құрылыстарына
арналған);
- қажетті шикізат, құралымдар мен бөлшектердің тасымалдау кестесі (егер
құрастыру көлікке қатысты болса - тасымалдау көліктердің сағаттық
кестесі);
- құрылыс процестерінің технологиялық картасы, жобаға берілетін
түсініктеме және оның техника-экономикалық корсеткіштері;
Кұрылыстың технологиясын жобалағанда оның ерекшеліктерін ескеру қажет.
Мысалы, ғимараттардың типтері, құралымдық айырмашылықтары, өндірістің
негізгі технологнялық және ұйымдастыру принциптері және т. б.
Жүргізілетін құрылысты ұйымдастыру барысында салынатын үймереттер үшін
құрылыс технологиясын дұрыс, яғни тиімді түрлерін пайдалану керек.
Салынатын ғимараттар құрылыс жобалары мен техниканың ең жаңа жетістіктері
негізінде тұргызылуы қажет. Барлық құрылыс монтаждау жұмыстары сапалы әрі
қысқа мерзімде асырылуы тиіс.
Салынатын құрылысты жеделдету, құрылыс жинақтау жұмыстарының өзіндік
құнын төмендету және құрылыстардың еңбек құнын арттыру үймереттерді ең
қолайлы деген құрылымдық шешімдерімен қамтамасыз етуге тікелей
байланысты.Салынатын құрылысты барынша қүрделі индустрияландыру, құрылыс
өндірісіне дайын құрылмалар мен бұйымдар пайдалану, кұрастыру жұмыстарын
кешенді механикаландырылған үздіксіз
процесске айналдыру, жетілдірілген жұмыс әдістері мен механизмдер қолдану
салынтын ғимараттардың сапалы болуын қамтамасыз етеді.
Жер жұмыстарының өнімдері ғимараттар салудың бүкіл технологиялық процесінің
барлық негізгі және қосымша операциялары машиналармен алмастырылады және
атқарылған жағдайда бұлар кешенді- механикаландырылған жұмыстар деп
есептеледі.
Керекті машиналардьң жинағын және жер жұмыстары өндірісінің әдістерін
таңдау топырақтың түріне, жер бедері мен гидрогеологиялық жағдайларға,
тұрғызылып жатқан ғимраттың түрімен көлеміне , топырақты тасымалдаудың
алыстығымен көлік түрлеріне, құрлыстың мерзімдеріне және басқа да
себептермен жағдайларға байланысты.
3.2 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тұрғын үй-коммуналды шаруашылықтың теориялық аспектілері
Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы
Тұрғын үй құрылысын дамыту
Құрылыс нарығын қаржыландырудың теориялық-әдістемелік негізі
Қазақстан Республикасының тұрғын үй құрылысы жүйесін дамытудағы аналитикалық талдау (ОҚО мысалында)
«НҰРЛЫ КӨШ» – «СОРЛЫ КӨШке» айналды ма?
Алматы қаласы мемлекеттік сәулет-құрылысы
Қазақстан Республикасындағы банктердің ипотекалық несиелеуі
Қазақстан Республикасында ипотекалық несиелеу жүйесін жетілдіру бойынша ғылыми-теориялық және тәжірибелік ұсыныстар дайындау
Қазақстан Республикасының туристік индустриясының перспективті бағыттарын дамытудың 2010-2014 жылдарға арналған бағдарламасы
Пәндер