«Нұрлы көктем» (Шым Ши)



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Тақырыптың көкейтестілігі.
І. бөлім.Ши тоқу және оның маңыздылығы мен ерекшеліктері.
1.1 Қазақ қолөнер зерттеушілер пікірі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.2 Қазақ халқының қолөнер саласындағы шидің дамуы ... ... ... .
1.3 Шиден тоқылған әр түрлі бұйымдармен танысу ... ... ... ... ...
ІІ. Қазақтың қолөнер саласындағы шым шидің алатын орны.
2.1 Қазақ қолөнеріндегі шидің тоқылуына жалпы сипаттама ... ... ... ... .
2.2 Шым шидің дәстүрлі жасалу технологиясы
2.3 Шым ши өнерімен шұғылданатын қазіргі заман суретшілердің жұмыстарын талдау
2.4 Дипломдық жұмысқа ізденіс жұмыстарының жүргізілуі
2.5 Нұрлы көктем композициясынын құрылымы және түр. түс ерекшеліктері
Қортынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Пайдаланған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Графикалық жұмыс ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Зерттеу жұмысының көкейтестілігі. Қазақ халқының сәндік қолданбалы өнерінің көп ғасырлық тарихы бар. Халық қол өнерінің бай мұралары бүгінгі күннің алтын қорына айналып отыр.
Халықтың мәдени дәрежесі өскен сайын ұлттық колөнерінің озық үлгілері әлемдік мәдениеттен де өз орнын алды. Бұл саланы ұзақ уақыт бойы зерттеген ғалымдар баршылық. Атап айтқанда: академик Әлкей Марғұлан, зерттеуші этнографтар С. Қасымов, Ө. Жәнібеков, Х. Арғынбаев тағыда басқа «Қол өнер – мол өнер» дейді халық. Халықтың қол өнер бұйымдарын өрнектеу үшін де бейнелеу өнерінің маңызы зор. Әрбір бұйымдар мен заттардың үйлесімділігі мен дәлдігі, олардың жарасымды болып жасалуы үлкен талғаммен және шығармашылықпен көрсетуі тиіс.
1 . Арғынбаев халел . қазақ халқының қолөнері – алматы «өнер» 1987ж.
2 . С . Төленбаев М . Өмірбекова . қазақтың ою - өрнектерінің жасалу жолдары – Алматы «Қанағат П Т Д» 1993ж .
3 . Мұқанов .М.С .қазақ халқының түрмысындағы көркемдік кәсіп . Алматы . 1979 ж.
4 . Мұқанов . М . С . қазақ ұйы . Алматы . 1981 ж.
5 . Х .Арғынбаев . қазақ халқының қолөнері Алматы : өнер . 1987 ж.
6 . Қ . Әмірғазин . Қазақ қолөнері Алматы 2004 ж .
7 . Қасиманов Садық . Қазақ халқының қолөнері – Алматы Қазақстан . 1995 ж .
8 . Әбдітапарова Т .( Оюлы текеметті ойдыр әже) Ана тілі – 1994 ж .
9 . Ақайқызы З . ою - өрнек ой айтар . Алматы : рауан 1996 ж .
10 . Ақайқызы сырмақ Қазақстан әйелдері . 1997 ж .
11 . Е . Малиновская «Қазақстан мен Орта Азияның дәстүрлі және қазіргі өнері » үш қиян : 2004 ж .
12 . ж . дәуренбеков «Көзінде қиял оты ұшқыны атқан » Қазақстан өнері : Алматы өнер 1984 ж .
13 . « қазақстан сәндік өнері XX ғасыр Алматы » 2002 ж .
14 . Б . Е . Өмірбеков « Қ . Р . Ә . Қастеев атындағы мемелекеттік өнермузейі»өнер2003ж. .
15 . Тәжімұратов Әбдікас « Шебердің қолы ортақ » Алматы : Қазақстан , 1995 ж .
16 . Жанибеков .У . Культура Қазахского ремесла . Алма – а та . 1982 ж .
17 . Жәнібеков Ә . Уақыт Керуені . Алматы : жазушы 1992 ж .
18 . Ибраева К . қазахскаий орнамет , - Алма – Ата : өнер . 1994 ж .
19 . Маргүлан . Ә . Х . Қазахское народное прикладное искусотва Т . - . Алматы . 1987 ж .

Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Дипломдық жұмыс

Тақырыбы: НҰРЛЫ КӨКТЕМ (ШЫМ ШИ)

Алматы

Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Тақырыптың көкейтестілігі.
І. бөлім.Ши тоқу және оның маңыздылығы мен ерекшеліктері.
1.1 Қазақ қолөнер зерттеушілер
пікірі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ...
1.2 Қазақ халқының қолөнер саласындағы шидің дамуы ... ... ... .
1.3 Шиден тоқылған әр түрлі бұйымдармен танысу ... ... ... ... ...
ІІ. Қазақтың қолөнер саласындағы шым шидің алатын орны.
2.1 Қазақ қолөнеріндегі шидің тоқылуына жалпы сипаттама ... ... ... ... .
2.2 Шым шидің дәстүрлі жасалу технологиясы
2.3 Шым ши өнерімен шұғылданатын қазіргі заман суретшілердің жұмыстарын
талдау
2.4 Дипломдық жұмысқа ізденіс жұмыстарының жүргізілуі
2.5 Нұрлы көктем композициясынын құрылымы және түр- түс ерекшеліктері
Қортынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ...
Пайдаланған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ...
Графикалық
жұмыс ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... .

Кіріспе.

Зерттеу жұмысының көкейтестілігі. Қазақ халқының сәндік қолданбалы
өнерінің көп ғасырлық тарихы бар. Халық қол өнерінің бай мұралары бүгінгі
күннің алтын қорына айналып отыр.
Халықтың мәдени дәрежесі өскен сайын ұлттық колөнерінің озық үлгілері
әлемдік мәдениеттен де өз орнын алды. Бұл саланы ұзақ уақыт бойы зерттеген
ғалымдар баршылық. Атап айтқанда: академик Әлкей Марғұлан, зерттеуші
этнографтар С. Қасымов, Ө. Жәнібеков, Х. Арғынбаев тағыда басқа Қол өнер –
мол өнер дейді халық. Халықтың қол өнер бұйымдарын өрнектеу үшін де
бейнелеу өнерінің маңызы зор. Әрбір бұйымдар мен заттардың үйлесімділігі
мен дәлдігі, олардың жарасымды болып жасалуы үлкен талғаммен және
шығармашылықпен көрсетуі тиіс.
Қай халықтың болса да тұрмыс-тіршіліне қажетті әдемі бұйымдар мен
заттарды дүниеге әкелген қолөнері болады. Солардың ішінде біздің қазақ
халқы қолөнерінің дамуы өзінше ерекше.
Қолөнер – халық өмірі мен тұрмыс-тіршілігімен біте қайнасқан өміршең
өнер. Шебердің қолынан шыққан қолөнер туындыларын халықтың өмірі мен
тұрмысынан бөліп қарау мүмкін емес. Бұл заттар ел тұрмысына сән беріп,
адамдарға рухани ләззат әкелген. Қолөнер бұйымдарына салынған түрлі түсті
өрнектерден адамзат дүниесінің табиғатыпен біте қайнасқан қарым-қатынасын,
бөлінбес бірлігін көруге болады. Қолөнер шеберлері сол табиғат сұлулығын
өнер туындыларына арқау ете білген.
Қазақ қолөнерінің бүгінгісімен болашағын айтар болсақ, ұлттық
өнеріміздің өзіндік ерекшелікпен қалыптасуына үлкен әсерін тигізген жағдай
– көп ғасырларға созылған көшпелі өмір. Демек, күнделікті тұрмысқа қажетті
қолөнер бұйымдары, көшіп-қонуға қолайлы, пайдаланатын орнына сәйкес сыртқы
формасын тауып, әр шебердің талғамына, ой-өрісіне тән ою-өрнекпен
нақышталып отырған. Адамзат дамуының қай сатысында болсын қоғаммен бірге
дамыған қолөнері әр дәуірде өзінің өшпес ізін қалдырды.
Зерттеу жұмысының мақсаты: Сәндік қолөнерде дәстүрлі шим ши өнерін
дамыту және жаңа мүмкіндіктерін ашу.
Дәстүрлі өнерге деген көпшіліктің қызығушылығы мен сүйіспеншілігін
дамыту.
Зерттеу объектісі: Шиге салынған түрлі түсті өрнектерден адамзат
дүниесінің табиғатпен біте қайнасқан қарым- қатынасын, бөлінбес бірлігін
корсету.
Зертеу жұмысының міндеті: Шым шидің тоқылуын сәндік қолданбалы өнердің
інжу-маржандары кәзіргі ұлтты көркемдік талғамын дамытуға, шиге деген
көзқарасын арттырып, қызықтырып ,бұрынғы өнеріміз бен бүгінгі өнеріміздің
жалғасуына дәнекер ету.
Ғылыми жаналығы: "Нұрлы көктем " композициясындағы жүн мен жіптің
рельефті байланысуы.
Теориялық негізінде ши тоқудың қолданылатын сән бағыты, шидің шығу
тарихы кезеңдерінің ерекшеліктері. тоқылуы, құрал жабдықтары, бағалану
құны, қауыпсіздік ережесі қарастырылған.
Тәжірбиелік негізде шидің сызбасы, сызу ерекшелігі, тоқылу әдістері,
эскиздерінің орындалу барысы қарастырылады.

І. Ши тоқу және оның көкейкестілігі.
1.1 Қазақ қолөнерін зерттеушілер пікірі.
Қазақ қолөнерінің өсу жолы, өзіне тән даму тарихы бар. Ол тарих сонау
көне замандардан басталады. Оған Қазақстан жерінде бұрын-соңды жүргізілген
археологиялық зертеулердің нәтижесінде анықталған ежелгі мәдениеттің
үлгілері дәлел бола алады. Мұның өзі қазақ өнерінің республика жерінде
мекендеген сақ, үйсін, қыпшақ, ғұн, қарлұқ және тағы басқа көне түркі
тайпаларының мәдениеті мен төркіндестігінің айғағы.
Қазак халқы – кен-байтақ республика жеріндегі ертеден қалыптасқан көне
мәдениеттің тікелей мұрагері және сол дәстүрді дамытушы, жаңғыртып
байытушы.Бұл процеске әр кезеңде Қазақстан жеріне жан-жақтан келген
көшпелі тайпалар мен халықтардың, сондай-ақ, Солтүстік-Сібір, Орта Азия мен
орыс халқының да мәдениеті әсер етті. Сайып келгенде, жергілікті көне
мәдениет сырттан келген мәдениет элементтерінің сан толқынын бойына
сіңіріп, үнемі жақсарту, жаңғырту үстінде болды. Осындай толассыз дамудың
натижесінде XIX-XX ғасырдың басында қазақ халқының дәстүрлі қолөнері өз
дамуында айтарлықтай жоғары деңгейге көтерілді .
Қазақтың мәдени дәрежесі өскен сайын ұлттық қолөнердің озық үлгілері
әлемдік мәдениеттен де өз орнын алады. Бұл саланы ұзақ уақыт бойы зертеген
ғалымдар баршылық. Атап айтқанда академик Ә.Марғұлан, зерттеуші этнографтар
С. Қасиманов, Ө. Жәнібеков, Х. Арғынбаев тағы басқалар.
Революцияға дейінгі қолөнердің дамуына қазақ қауымының әлеуметтік –
экономикалық жағдайды, көшпелі өмірі, біртіндеп отырықшылыққа көшу процесі,
бұрын үстем болып келген тұйық шаруашылықтың ыдырай бастауы, көрші
елдермен, әсіресе Россиямен, сауда қатынасының шаруашылық және мәдени
байланыстың арта түсуі,тағыда басқа көптеген ішкі сыртқы факторлардың
әсері айтарлықтай ықпал жасады. Ол кездегі қазақ ауылдарының көпшілігінің
қаламен байланысы болмады. Сондықтан олардың өзіне қажетті үй бұйымдарының
басым көпшілігін аларлықтай мүмкіндігі болмағандықтан, негізінен халық
шеберлерінің қолына қарады. Қазақ қолөнер шеберлері, көбінесе, кедейлер
әулетінен шықты. Олардың белгілі бір қолөнер түріне мамандана кәсіп ету
шеберлердің негізгі күн-көріс көзіне айналатын . Соның өзінде қолөнер
шеберлерінің өнерлі еңбегі, тіпті ғажап туындылардың өзі де жете
бағаланбады. Сондықтан, қолөнерді кәсіп етуші шебер жандардың өзі жоқшылық
зардабынан қол үзе алмады. Кейде өнер иесі еңбегін алдын ала сатып, ауқатты
адамдардан, айтарлық: Балаңа ер қосып берем немесе Сықырлауық жасап
берем,- деп қарызға мал алып, қажетіне жұмсады. Нәтижесінде, айтулы
шеберлердің өзі малды адамдарға қарыздар болып соны өтеу жолында өмірлері
өтетін-ді.
Қазақ қолөнер шеберлерінің күнделікті еңбегінің тым ауырлығының бір
себебі - олардың басым көпшілігінде жабдықталған арнайы шеберханалардың
болмауы. Әсіресе, ершілер, зергерлер, етікшілер, тоқымашылар тағы да басқа
ұсақ- түйек бұйымдар жасайтын шеберлер, көбінесе, қысы жазы өзінің тұрғын
үйінде немесе жасатушының мекен – жайында жатып істеді. Мұндай шеберлердің
бұйым жасайтын шикізаты да, құрал- саймандары да көшіқонға қолайлы шағын
сиымды болды. Сондықтан, олар жаздыгүні елмен бірге жайлауға көшіп, өзінің
шағын киіз үйінде-ақ істей берді. Ал енді, киіз үй сүйегін жасайтын үйшілер
арба шана, жерағаш сияқты көлемді құралдар мен бұйымдар істейтін шеберлер,
темір ұсталары, тас өңдеушілер, көбінесе, мекенінен кете алмай қалды.
Сондықтан, бұлардын кейбіреулерінде, әсіресе ұсталарда арнайы қарапайым
дүкендер болды.
Қазіргі уақытта революцияға дейінгі қазақ халқының қолөнер табиғатын
жан-жақты этнографиялық тұрғыда зерттеудің ғылым үшін де, өмірлік тәжірибе
үшін де маңызы өте зор. Өйткені,қазақтың қол өнері жалпы халық мәдениетінің
ішіндегі негізгі салалардың бірі. Қай халық болсын дүниежүзілік мәдениет
қорына өз әлінше үлес қосады. Олай болса, қазақ халқының да ұлттық
мәдениеті, оның ішінде қолөнер шеберлерінің дәстүрлі өнерді де жан-жақты
қажет ететін бағалы мұра.

1.2 Қазақ халқының қолөнер саласындағы шидің дамуы.
Ши тоқу өнері көшпелі және жартылай көшпелі тіршілік еткен Орта Азия
халықтарына көне заманнан белгілі. Күнделікті тұрмыс пен шаруашылық
қажетіне тоқылған ши қазірге дейін кең түрде пайдаланылып келеді.
Оны киіз үйдің құрамдас бір бөлігі ретінде кереге сыртына тұтуға,
сондай-ақ үйдің ішіндегі аяқ-табақ, ошақ басын қоршап қою үшін де
қолданған. Тоқылған шиді үйдің есігіне ұстау үшін пайдаланған. Сондай-ақ
киіз үйге төселген киіздің ылғал тартып бүлінбеуі, тез тозып қалмауы үшін
төсеніш ретінде киіз астына төсеген. Тоқылған шиді қазақтар сияқты көшпелі
басқа шығыс халықтары да кеңінен қолданған. Ши өңдеу, тоқу өнерімен
қазақтар, қырғыздар, сондай-ақ Орта Азиядағы басқа да халықтарда көбінесе
әйелдер айналысқан. Ақ шиден өзіне керекті күнделікті тұрмыста пайдаланатын
затты әр бір әйел өздері тоқып алған. Шиді күзге қарай дайындаған. Қысқасы
тоқылған шым шиді қазақтар өте жоғары бағалайды және оны өте ұқыпты
тұтынған. Өйткені, оны жасау үшін көп уақыт және айтарлықтай қаражат
жұмсалады.
Қолөнер саласының басқа да түрлері сияқты шым ши тоқытып, үйретілетін
арнаулы орын бұрынғы кезде болмаған. Тек ұрпақтан – ұрпаққа дәстүр бойынша
қалып отырған.
Қазақтың өрнекті шым шиі ең алдымен өзінің декоративтік жарқын
бейнелілігімен ерекшеленеді. Бұл орайда айта кететін бір жай ши өңдеп,
өрнектеп, шиге түр салу өнерінде қазақ шеберлеріне, туысқан халықтар
ішінде, көршілес қырғыз халқы шеберлерінің өрнек үлгісінің ең жарқын,
кейбір ұқсастық белгісінің мол екендігін байқаймыз. Мәселен, Қырғыз
Республикасының Талас аңғары, Тянь- Шань, Тоғыз – Торау, Ат- Башинский,
Джалал – Абад, Ош аймақтарында бұл үлгілердің кең тарағанын, музей
коллекциялары мен әдебиет материалдарының негізінен аңғаруға болады. Әрине,
бұлар бірі – бірінің көшірмесі емес. Ши тоқу үшін ашасы бар екі ағашты
белгілі қашықтықта тіке қадап, екі ашаға көлденең ағаш қойып, арнайы
жасалған қарапайым станок пайдаланылады. Оны үйдің ішіне, жабық қораға
немесе бастырманың астына орнатады. Киіз үйдің ішінде станоктың екі
жағындағы ашалы ағашы керегеге байланып төменгі жағы жай ғана жерге
бекітіледі. Ашаның үстінен көлденең қойылған сырықтың биіктігі түрегеліп
тұрып істеуге ыңғайлы болуы тиіс. Өйткені, қой жүнінен көбінесе қоңыр
жүннен иіріп, тас немесе басқадай салмақты зат байланған және жіптің екеуін
екі қолмен ұстап тұрып, кезекпе - кезек қарсы бағытта сырықтың үстінен
асырып отырады.
Қазақтың қолөнер саласындағы ұлттық өнердің ерекше бір түрі. Өрнектеп
шым ши тоқуда болсын, халықтың қолөнерінің қайсыбір саласында болмасын,
қазақ әйелдерінің шеберлік, көркемдік талғамы өзінің табиғи шынайлығымен
көз тартады.
Шым ши тоқуда, негізінен, оюдың композициялық құрлысының маңызы ерекше.
Бұл саладағы қазақ шеберлерінің қолданып жүрген қазіргі барлық ою түрлерін
композициялық жағынан: толық жекелеген және тұтас ою, бір беткей ұзындық
ою, екі жақты ұзындық ою,( компоненттері бойлай да, көлденең де тепе –
теңдіктегі ұзындық ою) болып бөлінеді. Шым ши тоқу өнерінде кездесетін
қазақ оюларының ішіндегі жоғарыдағы аталған жекеленген және тұтас ою
формасын Шаршы оюдеп те атайды. Оған белгілі геометриялық фигурадағы төрт
бұрышты, дөңгелек, үшбұрышты, тағы басқа көп бұрышты оюларды жатқызуға
болады. Олар шым шидің бетін тұтас сәндеуге қолданылады. Бұл сияқты шым ши
бетін әшекейленетін қазақ, қырғыз оюларының негізі – кейбір геометриялық
мотивтегі мен өсімдік және зооморфтық, тағы басқа оюладан құралған да,
деген ой келеді. Шым ши тоқуда геометриялық ою элемттері ромбы, төртбұрышы,
шаршыдағы жұлдыз, үшбұрыш, көпбұршты немесе сүйірлі бұрыштанып келген крест
тәрізді болып келеді. Бұдан геометриялық ою элеметтері шым ши тоқу өнерінде
ғана сақталған екен деген ой тумау керек. Алайда геометриялық оюдың шыққан
тегі анықталды деп үзілді – кесілді айтыу қиын. Дегенмен, мұндай оюлардың
түрі алғаш рет еңбек құралдарын бейнелеу, кейінгі бақташылық дәуірде үй
жануарлары мен жабайы аңдарды белгілі жерге дағдыландыру орындарын
суреттейтін: Шәми Айтмағамбетова, Дариға Жантоқова, Бибі Сәрсенбаеваларды,
т. б . ерекше атауға болады. Өнердің мұндай түрімен орта Азиядағы басқа
халықтардың ішінде қырғыз халықтарыда да ертеден айналысқан. Өркендеп шым
ши тоқыудың технологиясы мен әдістері кейбір кавказ халықтарына да
белгілі, мәселен, Азербайжан тұрғындары кұрылыстарда шатырдың қабырғасын
әсемдеуге пайдаланды. Өрнекпен ши тоқу өнерін де қазақ шеберлері қолдаған.

1. 3. Шиден тоқылыған әр түрлі бұйымдармен танысу.
Қазақ халқының қолөнер саласында ши өңдеу, оған жүн орап, өрнектеп
безендіру, түр салып тоқу ісі де ғасырлар бойы атадан балаға мирас қалып
келе жатқан ұлттық өнері болып табылады. Ши бұйымының жалпы сырт көрінісіне
қарай: ақ ши, ораулы ши, шым ши деп үш топқа бөлуге болады. Мұндай ши
түрлері қазақ арасында әрқайсысы өз орынымен әр түрлі мақсатқа
пайдалынылады. Мысалы қабығынан, тазартылған ақ шиді көбінесе құрт,
ірімшік, т. б. жаю үшін, сондай – ақ сүзгіш шыпта жасау, үйдің төбесін
біртегіс салуға ыңғайлы болу үшін қолданатын болса, ұзына бойы түсті жүнмен
немесе жібекпен оралған шым ши киіз үйдің сәнді жиһазының бірі болып
есептеледі. Ал өн бойы тұтас оралмай әр жерінен аралатып оралатын шиді
орама ши немесе ораулы ши деп атайды.
Демек киіз үйдің керегесін орай тұтуға көбінесе жоғарыдағы айтылған
шидің соңғы екі түрі: шым ши мен орама ши пайдаланылады. Шым шиді кейде
жез ши депте атайды (бұл ерте уақыттағы жез оралған кезден қалған атау
болса керек).
Шиден жасалатын негізгі заттар:
Ақ ши, алаша ши, ас шиі, аяқ қап, ау, етқана, есік, жолым, кілем ши,
киіз басатын ши, күреке, күзу шиі, қазан жапқыш, қара ұстағыш, қабырғалық,
мал соятын ши, масақана, саба төсеніш, сақар ши, терезе жапқыш, түс ши, ши
қора, ши қалпақ, ши есік, шом, шым ши, шыны қап, шыпта, ораулы ши болып бір
қанша түрлерге бөлуге болады.
Өркендеп ши тоқу өнерін де қазақ шеберлері қолданған. Олардың ши бетіне
салған түрлері жүзтеру деп аталады. Әр қайсысы шаршыға тең алты шаршыдан
кейін, оның екі жағынан шыбық ши, одан кейін алақан ши жалғасады. Алақан
шиге түр салынбайды. Көшіп – қонғанда түр салынған жағы түтіліп, тез тозып
қалмау үшін, алақан ши шым шидің екі жағынан салынады. Кереге сыртынан бір
босағадан екінші босаға дейін, шиді айналдыра тұтуды – ши ұстау деп атайды.
Ұсталған шидің екі шетіндегі кереге байлайтын жіпті шибау дейді. Халық
шеберлері табиғаттың байлығын өздерінің күнделікті түрмысында қажетке
жаратыуға өте ұста болғанын ертеден – ақ білеміз. Даланың шиін өңдеп,
тоқып, кәдеге жаратыу қиын да жұмыс болмағанымен оны көркемдеп, мәнерлеп,
әдемі кілем іспетті дүние ету оңай да іс емес. Әйелдер халқымыздың қалаулы
шеберлері жасаған шым ши киіз үйдің керегесін сыртынан жауып, киіз есіктің
ішкі жағынан тұтылады. Шидің әрбір сабағына түрлі – түсті жүннен, кейде
жібектен оралған белгілі ою - өрнектермен түгелдей безендірліп өрнекті де
әсем заттар мен бұйымдар жасау ертеден мәлім, ши өңдеу мен тоқуға қатысты
қалыптасқан терминдер де бар. Мысалы, Аршу деп тоқыудың алдында ши
сабағының қабығын аршуды атайды. Шиді әр шумен бірге оның ішінде жүн орауға
жарамдысы да, жарамсызы да болады. Сондықтан жарамдысын таңдап, бөлектеп
аршып алуды сұрыптау деп атайды. Сұрыпталған шиді әрбір иненің тұрқы
жеткенше өткізіп қоюды тізу дейді, ал шиге өрнек саларда оны алдын ала
өлшеп алып, жіп оралатын жерін белгілеуді сызу деп атайды. Оны көбінесе
пышақпен, қарындашпен, сондай –ақ отпен де күйдіріп белгілейді. Сызылған
белгі бойынша инеге өтгізілген шиге түрлі түсті жүннен орап үлгі салып
шығуды түр салу деп атайды. Оралған шиді, салынған белгісіне қарай, өрнек
бойынша ши сабақтарын дұрыс орналастыруды да шеберлер тізу деп атаған. Ши
тоқу – ши сабақтарын белгіленген, яғни күйдіріп белгіленген жеріне қарай
бірінен кейін бірін қарапайым құрал арқылы 12- 15 жерден жіппен шалып
байланыстырыуды ши тоқыу дейді.
Шаршы – бір түтас өрнекті қамтыған шидің бөлігі, шаршыға әр түрлі өрнек
түрі мүмкін, оның жүзтеру, патшайы, қошқар мүйіз дейтін атаулары бар.
Шыбық – шаршы гүл түрі салынған шетінен шидің өн бойына бір түсті әр
трлі жүннен оралған шидің бөлігі – шыбық деп аталады.
Ала қанат – шидің өрнегі тозып, қажалып кірлемеу, көшіп қонғанда
бүлінбеу үшін шыбын қанатқа жалғастыра ақ шиден сиректеу етіп, шидің екі
жағынан 20- 40 см шамасында тоқылады. Осы тоқылған бөлігі алақанат деп
аталады.
Ши есік – шым шиді киізге тігу әдісімен киіз үй есігінің ішкі жағын
әсемдеу үшін пайдаланады. Етек жағы әшекейленбей жай ғана әдіптеліп
көркемделеді. Бұдан басқа Р. Қарутцтың айтуы бойынша қазақтың Адай
тайпасында түрлі зат қою үшін текше сөре жасауға да пайдаланған. Өрнекті
шым ши тоқу үшін шиді дайындағанда өте ұқыпты түрде, ши сабағының әрі ұзын,
әрі жіңішкесін сұрыптап жинайды. Оны бір – бірлеп түрлі түске боялған қой
жүнімен немесе көктемгі көпсіп тұрған түйе жүнімен орайды. Дәулетті,
тұрмысы жақсы кісілер жібекпен де орайтын болған. Мұны ши орау дейді.
Қазақтың өрнекті шым шиі ең алдымен өзінің декоративтік жарқын
бейнелілігімен ерекшеленді. Әрине, бұдан жайнаған және көп түсті бояумен
берілгендіктен деген ұғым тумау керек, қайта, қолөнер саласындағы бұл
өнердің ерекшелігі, оюлаына сәйкес келіп, бояу түсінің қатаң
сақталатынында. Декоративті ши тоқуда салынған өрнек түрлерінің ірі болып,
бояу түстерінің сәйкес келуі, көбінесе қызыл, ақ, көкшіл сілемінің
басымдылығынан көрінеді. Басқа сары, жасыл, қоңыр түстер бос қалған жерлер
мен жиектерін толықтыру үшін түсірілетін кейбір майда түрлер салу үшін
қолданылған.
Тоқылған ши түрін қарастыра келіп, композициясы, негізгі түрі жағынан
бірнеше топқа бөлуге болады: 1. Тоқылған шидегі барлық кеңістікті жауып
түратын түрлер 2. Торкөзді түрлер (кеңістіктің тікбұрышты немесе көлбеу
торланып келуі) 3. Тұйық композициялы түрлер. Тоқылған ши түрлерінің
құрлысы жағынан жоғарыдағыдай орналасу тәртібін сипаттай келе, мұндағы
көрсетілген үлгілерін түгел қамтып, құрлысы жағынан жіктеп, қағаз бетіне
түгел түсіру мүмкін емес.
Бұл орайда айта кететін бір жай ши өңдеп, өрнектеп, шиге түр салу
өнерінде қазақ шеберлеріне, туысқан халықтар ішінде, коршілес қырғыз халқы
шеберлерінің өрнек үлгісінің ең жақын, кейбір ұқсастық белгісінің мол
екендігін байқаймыз. Мәселен, Қырғыз республикасының Талас аңғары, Тянь –
Шань, Тоғыз – торау, Ат – башинский, Джалал – Абад, Ош аймақтарында бұл
үлгілердің кең таралғанын, музей коллекциялары мен әдебиет материалдарының
негізінен аңғартуға болады. Әрине, бұлар бірі – бірінің көшірмесі емес.
Бояу реңін қолдану жағынан композициялық құрлысы мен көркемдеу тәсілі
сияқты өзіндік, ұлттық ерекшеліктері барлығы сөзсіз. Өйткені, шебердің түр
өрнегін белгілі дәстүр бойынша ши бетіне түсіргенімен, әрбір шебердің ой -
өрісі, талғамына сәйкес, өзінше әр түрлі жаңалықтар ендіріп, бояуының
түсіне, кейбір түрлерді орналастыру, жиектку, әдіптеу, жалпы көркемдеу
шешіміне байланысты ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Төлеген Қажыбайдың сөз өрнегі
Соғыс жылдарындағы ақын жазушылардың шығармалары
Ши тоқу өнері
Сыныптан тыс жұмыстарын бейнелеу өнерінде пайдалану
Киіз үй мәдениетінің тарихы
ҚОЛӨНЕРДІ ХАЛЫҚ ТҰРМЫСЫНДА ПАЙДАЛАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Бүгінгі күннің талабына сай сәндік - қолданбалы өнер түрлері сан алуан
Қазақтардың өте ертедегі тұрақты тұратын үйлерінің бір түрі
Көркем еңбек сaбaғындa оқушылaрдың дәстүрлі қолданбалы өнер дaғдылaрын дaмыту
Табиғат лирикасының қазақ әдебиетіндегі көріністері
Пәндер