Австралия



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1. Австралияға жалпы шолу
1.1. Географиялық орналасуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
1.2. Австралияның зерттелу тарихы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
1.3. Табиғатының қалыптасуының негізгі кезеңдері ... ... ... ... ... ... ... ..5
2. Австралияның табиғат жағдайлары
2.1. Жер бедері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7
2.2. Климаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9
2.3. Табиғат зоналары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13
2.4. Ішкі сулары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16
2.5. Топырақ және өсімдік жамылғысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .18
2.6. Жануарлар дүниесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...23
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.
Австралия ауданы бойынша континенттер ішіндегі ең кішісі (ауданы – 7,7 млн. км2), өзіндік табиғатымен ерекшеленеді. Бұл бедері жағынан да, ежелгі латериттік қыртыстардың кең таралуы жағынан да, флорасы мен фаунасының жоғары эндемизмдігі мен ежелгілігі жағынан алып қарағанда да реликттердің материгі болып саналады.
Австралия ландшафтысының өзіне тән айрықша белгілерінің таралуы ең алдымен ұзақ уақыт бойы басқа материктерден жабық жағдайда дамуына байланысты. Қазірдің өзінде оның солтүстік бөлігін есептемегенде, Австралия басқа континенттерден үлкен мұхиттық кеңістіктер арқылы қашық орналасқан.
Австралия – ішкі жазықтарды қамтыған шқлдер мен шөлейттердің, құрғақ сирек ормандардың материгі. Оның жер беті құрылуында 3 облыс анық байқалады: биіктігі 400-500 м-лік Батыс Австралиялық жайпақ таулар, Орталық жазық, мұнда материктің ең төменгі нүктесі Эйр көлі орнласқан (-12м) және шығыстағы биіктігі орташа Үлкен Суайрық жотасы, мұнда материктің ең биік нүктесі Косцюшко тауы (2228м) орналасқан.
Қоршап жатқан мұхиттық кеңістіктер жағалық сызықтың аз тілімденуінен ландшафттарға көп әсерін тигізбейді. Ірі шығанақтар екеу ғана – Карпентария солтүстікте және Үлкен Австралиялық оңтүстікте. Австралия құрамына енетін аралдар (Тасмания, Кенгуру, Кинг, Мелвилл және бірнеше ұсақ аралдар) ауданы – 73 мың км2. Солтүстік-шығыс жағалаудың бойымен 2000 км-ге жуық созылған ұсақ су асты және су үсті аралдар мен маржанды рифтер топтасып жатыр, мысалы, Жер бетінде теңдесі жоқ Үлкен Маржан Рифі.
1. В.Власова, М.А.Аршинова, Т.А.Ковалева «Физическая география материков и океанов». Москва, 2005 г.
2. С.Қаженбаев, С. Махмутов «Табиғатты қорғау» Алматы, 1990 ж.
3. В.А Коринская, В.А Щенев «Материктер мен мұхиттар географиясы» Алматы «Рауан» 1982 ж.
4. «Қазақстанның Ұлттық Энциклопедиясы» І том.
5. Австралия. Общий обзор. Москва «Мысль», 1979 г.
6. А.М.Рябчиков «Физическая география материков и океанов». Москва «Высшая школа», 1988 г.
7. Г.М.Игнатьев «Австралия». Москва, 1965 г.
8. Т.Ю.Притула, В.А.Еремина, А.Н.Спрялин «Физическая география материков и океанов».Москва «Владос ИМПЭ им.А.С.Грибедова»,2003 г.

Пән: География
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

КіріспЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...31. Австралияға жалпы шолу
1.1. Географиялық орналасуы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
1.2. Австралияның зерттелу тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... .4
1.3. Табиғатының қалыптасуының негізгі кезеңдері ... ... ... ... ... ... .. ... 5
2. Австралияның табиғат жағдайлары
2.1. Жер бедері ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7
2.2. Климаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9
2.3. Табиғат зоналары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
2.4. Ішкі сулары ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16
2.5. Топырақ және өсімдік жамылғысы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ...18
2.6. Жануарлар дүниесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .20
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..23
Пайдаланылған әдебиеттер.

КІРІСПЕ.

Австралия ауданы бойынша континенттер ішіндегі ең кішісі (ауданы - 7,7 млн. км2), өзіндік табиғатымен ерекшеленеді. Бұл бедері жағынан да, ежелгі латериттік қыртыстардың кең таралуы жағынан да, флорасы мен фаунасының жоғары эндемизмдігі мен ежелгілігі жағынан алып қарағанда да реликттердің материгі болып саналады.
Австралия ландшафтысының өзіне тән айрықша белгілерінің таралуы ең алдымен ұзақ уақыт бойы басқа материктерден жабық жағдайда дамуына байланысты. Қазірдің өзінде оның солтүстік бөлігін есептемегенде, Австралия басқа континенттерден үлкен мұхиттық кеңістіктер арқылы қашық орналасқан.
Австралия - ішкі жазықтарды қамтыған шқлдер мен шөлейттердің, құрғақ сирек ормандардың материгі. Оның жер беті құрылуында 3 облыс анық байқалады: биіктігі 400-500 м-лік Батыс Австралиялық жайпақ таулар, Орталық жазық, мұнда материктің ең төменгі нүктесі Эйр көлі орнласқан (-12м) және шығыстағы биіктігі орташа Үлкен Суайрық жотасы, мұнда материктің ең биік нүктесі Косцюшко тауы (2228м) орналасқан.
Қоршап жатқан мұхиттық кеңістіктер жағалық сызықтың аз тілімденуінен ландшафттарға көп әсерін тигізбейді. Ірі шығанақтар екеу ғана - Карпентария солтүстікте және Үлкен Австралиялық оңтүстікте. Австралия құрамына енетін аралдар (Тасмания, Кенгуру, Кинг, Мелвилл және бірнеше ұсақ аралдар) ауданы - 73 мың км2. Солтүстік-шығыс жағалаудың бойымен 2000 км-ге жуық созылған ұсақ су асты және су үсті аралдар мен маржанды рифтер топтасып жатыр, мысалы, Жер бетінде теңдесі жоқ Үлкен Маржан Рифі.
Елді игеру тарихының салыстырмалы қысқа кезеңінде (200 жылдан аса) табиғи ландашафттар территорияның көп бөлігінде (ең алдымен Солтүстік Австралияның тропигінде және ішкі аридті аудандарда) өз бейнесін сақтап қалды. Ал экономикасы дамыған және халық көп тұратын шығыс жағалаудағы, Муррей-Дарлинг бассейніндегі және т.б. облыстардағы табиғат кешендері үлкен өзгеріске ұшырады.
Жұмыстың өзектілігі: Австралияның географиялық орналасуының табиғат жағдайына қалай әсер ететіндігінің зерттелуінде.
Жұмыстың мақсаты: Австралия материгіне жалпы сипаттама бере отырып, оның табиғатының қалыптасуындағы өзіндік ерекшеліктерін қарастыру.
Жұмыс міндеттері:
материкті физикалық-географиялық тұрғыда жалпы сипаттау;
жер бедерінің климатқа әсерін анықтау;
басқа аудандардан ерекшелігін байқау.
Жұмысты орындау барысында негізгі әдебиет көзі ретінде Т.В.Власова, М.А.Аршинова, Т.А.Ковалеваның Физическая география материков и океанов кітабы пайдаланылды.
1 - ТАРАУ АВСТАРЛИЯҒА ЖАЛПЫ ШОЛУ.

1.1. Географиялық орналасуы.
Австралия - Жер шарындағы ең кіші материк. Онымен бірге қосылып саналатын аралдармен бірге түгелге жуық оңтүстік жарты шарда орналасқан.
Австралияны оңтүстік тропик кесіп өткенде оның солтүстік бөлігіне кішкентай бөлігі ғана енеді. Материктің ең шеткі нүктелерге солтүстікте - Йорк мүйісі (10041о.е.), оңтүстікте - Саунт-Ист-Пойнт мүйісі (39011о.е.), батыста - Стип-Пойнт мүйісі (113005ш.б.), шығыста - Байрон мүйісі (153034ш.б.).
Австралияның солтүстіктен оңтүстікке созылуы - 3200 км, батыстан шығысқа қарай созылуы - 4100 км шамасында. Ауданы - 7614,5 мың км2. Материктің қазіргі атауы карта бетінде ХІХ ғасырдың 20-жылдарында ғана көрінді.
Австралияның солтүстік жағалауында Мелвилл, Батерст, Грут-Айленд, т.б., аса ұсақтары оңтүстікте - материктік қайраңнан алыс орналасқан аралдар Тасмания, Кинг, Флиндерс, Кенгуру. Батысында ең ірі арал - Дерк-Хартог, шығысында Фрейзер.
Австралияны Тынық және Үнді мұхит сулары шайып жатыр. Ол құрлық арқылы ешқандай материкпен байланыспайды. Сондықтан да Австралияны материкті арал деп атайды. Австралияның өзіндік табиғаты бар. Оны ландшфттың ежелгілігі, органикалық дүниенің эндемикалығы, адамдардың табиғи жағдайларды өзгерту мен игеру ерекшелендіреді. Солтүстікте және шығысқа қарай Тынық мұхитының оңтүстік-батыс бөлігінде материктік, кораллдық және вулкандық шығу тегі бар ірілі-ұсақты аралдар орналасқан. Бұл аралдарды біріктіріп Океания ( Мұхиттық аралдар) деп атайды. Океания аралдарының жалпы ауданы 1,3 млн км. Негізінен Океанияны бірнеше бөліктерге бөледі. Ең ірілері және Австралияға ең жақыны батыс аралдар, Жаңа Зеландияны қоспағанда Меланезия деп аталады.
Австралияны солтүстігінде Тимор және Арафур эпиконтинентальді теңіздер шайып жатыр. Сонымен бірге ең ірі Карпентария шығанағы бар. Ұсақ сулы жолақ батыс және жағалауды бойлай созылған. Шығысында Австралияға Маржанды және Тасман теңіздері қосылып жатыр. Онда терең қазаншұңқырлар орналасқан ( 5000 м аса).

1.2. Австралияның зерттелу тарихы.
Европалықтар Австралияны адам тұратын материктердің бәрінен кейін ашты. Европадан шалғай әрі оқшау орналасуы оның ашылуына кедергі келтірді. Ежелден-ақ ғалымдар оңтүстік тропиктен оңтүстікке таман жатқан жер бар деп жорамалдаған. Бұл жерді голландықтар ашқан. ХVІІ ғасырдың бірінші жартысында оларға материктің бүкіл солтүстік, батыс және оңтүстік - батыс жағалауы түгелдей дерлік белгілі болған. Австралияны жақсы білу үшін голландиялық теңізде жүзуші Абель Тасман экспедициясының зор маңызы болды. Ол материктің солтүстік және солтүстік-батыс жағасын зерттеп, 1642ж.кейін өзінің атымен аталған Тасмания аралын ашты. Австралияның шығыс жағалауын ХVІІІ ғасырдың екінші жартысында ағылшынның аса көрнекті теңізде жүзушісі және зерттеушісі Джеймс Кук ашқан болатын. Кук зерттеулерінің нәтижесінде оңтүстікте үлкен материктің бар екндігі туралы аңыз біржолата жоққа шығарылды және Австралияның бұрын жұрттың ойлағанындай белгісіз Антарктикалық материктің бөлігі емес, дербес материк екені дәлелденді.
ХҮІІІ ғасырдың аяғынан бастап Австралияны игеру жұмысы басталды. Ағылшын үкіметі әуелі Австралияға қылмыскерлерді жер аударды. Материктің оңтүстік - шығысында айдалған адамдардың қонысы ретінде сидней қаласы бой көтерді. Австралияда мал өсіру үшін пайдалануға болатын жақсы жайылымдар европалықтардың назарын аударды. Сондықтан материктің ішкі аудандарын зерттеу европалық қоныс аударушылардың малдары үшін жайылымдар мен су іздестіруден басталды.
Аса бай алтын кен орындарының ашылуына байланысты ХІХ ғасырдың ортасында Австралияға көптеген бақыт іздеушілер ағылды. Осы кезде Англия бүкіл материкті өзінің отары деп жариялады.

1.3. Табиғатының қалыптасуының негізгі кезендері.
Австралия материгінің негізі ежелгі платформа. Құрлық ежелгі Гондвана құрамынан дербес құрлық ретінде юраның сонында бөлінді. Алғашқы пішіні қазіргіге толық сай келмейтін. Солтүстік - батыс бөлігін Үнді мұхитының суы шайып, солтүстік - шығысы Жаңа Гвинеяның оңтүстігіне дейін созылып жатты. Шығысы және онтүстік шығысынан ежелгі Австралия платформасына Шығыс Австралия аймағының қатпарлы құрылымы жанасып жатты.
Бұл қатпарлы аймақ мезозойдың басында платформа сипатына ие болып, Австралияның ежелгі платформасымсн тұтасып кетті.
Бор және палеоген дәуірлерінде ежелгі және жас платформалардың түйіскен жерінен Карпентария шығанағы, Үлкен Артезиан басссейні мен Муррей өзені алаптарының синиклизалары пайда болды.
Австралияның оқшаулғы,батысы мен шығыс аудандарының бір - бірімен байланыссыз жатуы және климытында аридтік жағдайдың басымдылығы органикалық дүниесінің дамуында эндемизм мен архайзмнің қалыптасуына негіз болды.
Мезозойдың соңы мен кайназойда құрлықтың Тыңық мұхиты шегінде тау жасалу процесі жүрді. Бұл процес Жаңа Гвинея мен Жаңа Зеландия аралдары аралығында тау құрылысы қалыптасуына әсер етті.
Тынық мұхит белдеуі шегінде тау түзілуімен байланысты Оңтүстік - шығыс Азия мен Австралия арасындағы құрлық едәуір ұлғайды.
Кұрлық жер бедерінің жазық болуының басты себебі, платформалық кұрылымның басым болуымен байланысты. Австралия - аумағына жер бедерінің жазық пішіні тән. Құрлықтың орташа биіктігі 215 м. Батыс бөлігінің жер бедері қыратты, таулы үстіртті, орталық бөлігі жазықты болып, шығыс бөлігі көтерінкі биік таулы болып кследі.Соған байланысты құрлық аумағын Батыс Аустралия таулы үстіртгі, Орталық жазық және Үлкен Суайрық жотасы алып жатыр.
Австралия пайдалы қазбаларға өте бай. Платформаның магмалық кристалды жынысты бөлігінде темір, қорғасын, мырыш, мыс, уран, титан рудалары кездеседі. Сондай-ақ құрлықтан тас көмір, мұнай, табиғи газ, фосфорит және ас тұзының кен орындары ашылған [1].

2 - ТАРАУ. АВСТРАЛИЯНЫҢ ТАБИҒАТ ЖАҒДАЙЛАРЫ

2.1. Жер бедері.
Қазіргі жер бедерінің даму жолдарын белгілеген геологиялық құрылымдар, материктің батыс және шығыс бөліктерінің беткі пішінінің аса ірі айырмашылығын анықтаған. Платформалы батыста жазықтар мен үстірттер басым, ал шығыстың палеозойлық қатпарлы құрылымында биіктігі орташа қатпарлы-шомбал таулар тұтастырылған. Морфоұрылымдық элементтердің беткі қабатындағы жер бедерінің аса ұсақ бөлшектері, ежелгі және қазіргі экзогендік процестердің әсеріне байланысты қалыптасқан. Әсіресе, неоген мен плейстоцендегі плювиальді және аридті дәуірінің алмасуы маңызды рөл атқарады.
Кембриге дейінгі платформаның жазықтары мен қыраттары. Платформалы Австралияның жер бедерінің ерекшелігі - құрылымның ежелгілігі мен денудацияның ұзақтығы нәтижесінде аласа тегіс жазықтар қалыптасқан. Тек жайпақ шыңды қалдықтар ежелгі аса биік тау массивтерінің болғанына дәлел. Көбінесе Ұлы Австралия пенепленінің беткі қабаты кең таралған, оның қалыптасуын зерттеушілер бор дәуірінің аяғы және миоценге дейінгі кезеңге жатқызады. Жаңа қозғалыстар платформаның шығыс беткі бөлігін 200 м дейін, батысын 300-500 м дейін көтерген.
Жер бедерінің типтері платформа шамасында ежелгі іргетастың тереңдікте жатуына байланысты жіктеледі ( дифференциацияланады). Ең ірі морфоқұрылымдық облыс - бірнеше денудациялық кезеңдерде тегістелген Батыс Австралиялық жайпақтаулар. Ол Батыс Австралияның қалқанына сәйкес ежелгі жер бедерінің облысы болып табылады.
Аумақтың едәуір бөлігін жоғарғы протерозойлық шөгінді жыныстардың горизонтальды қалыңдықпен жапқан, жаңа қозғалыстарда 350-600 м дейінгі деңгейге көтерілген үстірттер алып жатыр.
Батыс-Австралиялық жайпақтаулардың шеттері жиі жақпарлы сілемдер, жайпақшыңды қалдық таулар мен ұсақтаулар сияқты үнемі 1000 м жоғары көтеріліп отырады. Шығысында мах биіктігі шамамен Масгрейв және Макдоннел қатпарлы-жақпарлы тауларына дейін жетеді, олардың негізінде кембриге дейінгі қатпарлы құрылымдар жатыр. Батыс-Австралиялық жайпақтаулардың морфоқұрылымы арасында ерекше орынды кембриде базальтты лаваның төгілу нәтижесінде қалыптасқан Антрим вулкандық үстірті алады.
Қазіргі жер бедерінің қалыптасу процесінде құмды шөлдерде ұзындығы бірнеше мыңдаған қаштыққа созылған, биіктігі 10-12 м дейін жететін қырқаларды құрайтын, эолдық аккумуляция басым. Австралияда гиббер деп аталатын сахаралық хаммадтың жер бетінде тас-түйіршікті аналогы кең таралған. Осы типтес шөлдер шамасында түпкі жыныстардың физикалық үгілуі маңызды орын алады. Жайпақтаулардың оңтүстік-шығыс бөлігінде қазіргі кезде сазды-сортаңды жазыққа айналған ежелгі көлдік қазаншұңқырлар бар. Плейстоценнің ылғалды климатының дәлелі ретінде Үнді мұхит жағалауындағы ежелгі арналардың жүйесі де бола алады. Батыс-Австралиялық жайпақтаулардың оңтүстігінде Австралияның ең ірі карстық ауданы Налларбор жазығы орналасқан. Ол миоценнің горизонтальді әктастрынан құралған [5].
Австралиялық платформа іргетасының меридианальді иілім зонасында екінші морфоқұрылым облысы саналатын Орталық ойпат орналасқан. Мұнда аккумулятивті және аккумулятивті денудациялық жазықтар мен ойпатты жер бедері басым. Мұндай бедердің қалыптасуы теңіздік және көлдік режимнің және шөгінді жыныстардың интенсивті жиналуының болғанымен байланысты. Аккумулятивті жазықтар солтүстігінде және шығысында биіктеу келген денудациялық жазықтармен жаласқан ойпатты аккумулятивті жазықтың бір түрлілігі төрткүл қалдықтармен бұзылады. Олар плейстоцендегі су ағындарының эрозиялық әрекеттерінің нәтижесінде қалыптасқан. Криктердің ежелгі арналары жазықтарға тән морфологиялық белгі. Бедердің эрозиялық пішіндері солтүстік және оңтүстік-шығыс жағалық аудандарға тән. Плейстоценнің ылғалды климатының дәлелі ретінде үлкен бөлігі сор жазықтарға айналған ежелгі көлдердің қазаншұңқырларында ( Эйр, Торренс, Герднер, т.б. ) бола алады.
Орталық ойпаттың үлкен бөлігінде қазіргі таңдағы экзогенді процестердің, эолды аккумулятивті процестердің рөлі зор.
Қатпарлы белдеулердегі таулы облыс бедері. Австралиядағы таулы типті бедердің таралуы шектеулі. Бұлар көбінесе материктің шығысындағы эпиполеозой платформаларының таулары. Оңтүстік-шығыста Батыс-Австралия жайпақ тауына Флиндерс және Маунт-Лофти аласа шомбал таулар ( 700-900 м) қосылып жатыр. Жайпақ шыңды таулар теңіз деңгейінен төмен кеткен ойыстармен бөлінген. Олар Спенсер және Сент-Винсент шығанақтарын құрайды.
Таулардың шығыс беткейлері тік, батысы жайпақ сатылы. Олар тау алды төбелі зона арқылы Орталық Австралия жазығына айналады. Үлкен Суайрық Жотасының ерекшелігі негізгі суайрықтың биік шығыс жоталарынан жайпақ шыңды аласа тауларға және батыстағы жанартауларға және үстірттерге ауысуы болып саналады.
Материктің шығыс шеттеріндегі плейстоцендік көтерілімдер өзен жүйесінің қайта құрылуына әкелді. Өзендердің тереңдік эрозиясы басталып өзінің шатқалдарымен суайрықты кесіп өтті.
Үлкен Суайрық жотасының солтүстік және оңтүстік бөліктері биіктігі және геоморфологиялық белгілері бойынша қатты ерекшеленеді. Солтүстік бөлігіндегі таулар ( Квинсленд штатындағы) аласа және орта биік таулар меридианальді бағытта созылған. Жағалық орташа биік кристалдық үстірттер жайпақ беткейлі суайрық жотасынан жалпақ ұзынша қазаншұңқырлармен ажыратылған. Базальтты жыныстар кең таралған. Кейбір жанартаулық үстірттер биік емес жекелеген массивтері 800 м дейін жетеді (Атертон үстірті).
Үлкен Суайрық жотасының оңтүстік бөлігі ( Жаңа Оңтүстік Уэльс және Виктория штатында) жоғарағы биіктігі мен белдеулігімен ерекшеленеді. Жаңа Оңтүстік Уэльс шекарасында жоталары меридианальды бағытта созылса, Викториялық тауларда шұғыл ендік бағытқа ауысады. Лавалық жамылғылар кең таралып, негізінен базальтты төгінділер Ливерпул жоталарын құрайды, Ньью-Ингленд тауларында кездеседі. Неоген лаваларының ағыны мұхит жағасына қарай аққан жанартаулық Виктория жазығын құрайды. Карстанудың белгілері құмайтты-әктасты Голубой таауларында кездеседі. Австралия альпілері ( Косцюшко үстірті) мен Тасман тауларының биік массивтерінде плейстоцендік мұздық денудациялық пішіндері таралған ( трогты аңғарлар, карлар, мұздық көлдер).
Австралия бедерінің сипаты көп жағдайларда кез келген жер ісіне қолайлы саналады. Жер өңдеу ісінің дамуына шек қоятын жалпы ылдилы беткейлердің үлесі 14% ғана. Бұл негізінен шығыс және оңтүстік-шығыс аудандар. Алайда, бұл аймақтың алювиальды жазықтары мен жанартаулық үстірттері жыртуға жарамды [8].

2.2. Климаты.
Австралияның және көршілес аралдардың климаттық жағдайлары олардың көпшілік бөлігінің экватор мен тропикке жақын біршама жылы су бассейндерінің қоршауында жатқанына байланысты болады және жылына 140-тан 180-ккал см2-ге дейінгі күн радиациясының жоғарғы жиынтығымен сипатталады. Тек 350 оңтүстік ендіктен оңтүстікке қарай жатқан Тасмания мен Жаңа Зеландия аралдары ғана 120 ккал см2-ден кемірек алады. Австралияның климат жағдайларының қалыптасуында Тынық Мұхит пен оның үстіндегі солтүстік және оңтүстік жарты шардың пассатты ауа ағыстары жүйесінің, сондай-ақ қыста едәуір салқындап, жазда күшті ысып кететін Австралияның континентті массивтерінің ролі зор.
Өзінің географиялық жағдайы мен орографиялық ерекшелігі бойынша Австралия 100 оңтүстік ендіктен оңтүстікке қарайғы Африкаға біршама ұқсас келеді, климат жағдайларының қалыптасу заңдылықтары да біркелкі болады.
Тынық мұхиттың экваторға жақын шығыс бөлігіндегі атмосфераның айналым жағдайы январь мен июльде біршама болады. Алайда материктің батысында атмосфера айналымында елеулі өзгерістер байқалып, жылдың маусымдары арасында үлкен айырмашылық туғызады. Июльде экваторлық қолат және бүкіл пассаттық айналым жүйесі солтүстікке қарай ығысады. Бұл оңтүстік жарты шардан, солтүстік жарты шарға қарай, Азия құрлығы жақта ауа тасқындары жүйесін жасайды. Солтүстік жарты шар пассатты Азияға жақындаған сайын материктің үстіндегі төменгі қысым аймағына қарай ауытқуға ұшырайды және оңтүстік шығыс жазығы муссонына ауысады. Оңтүстік жарты шардың пассаты осы себептердің әсерінен солтүстік жарты шарға оңтүстік батыс экваторлық муссоны түрінле келеді. Ылғалдың негізгі массасын бұл кезеңде солтүстік жарты шар алады. Оңтүстік жарты шарда жауын-шашын оңтүстік шығыс пассат өз жолында тауға кездескен жерлерде ғана жауады. Австралияның көптеген аудары мен аралдарында бұл кезде қуаңшылық болады. Австралияның қиыр оңтүстігі, Тасмания мен жаңа Зеландия шілдеде бұл аудандардың барлығына едәуір мөлшерде жауын-шашын әкелетін қоңыржай ендіктер айналымның ықпалына ұшырайды. Қаңтарда, Австралия неғұрлым күшті ысып, Азия салқындаған кезде ауа ағысының бөліну реті өзгереді. Австралиядағы төмендегі қысым аймағына тек оңтүстік жарты шардан ғана емес, сондай-ақ солтүстік жарты шардан да ауа келеді. Солтүстік жарты шар пассаты жердің айналу әсерінен ауытқуға ұшырайды және экваторға таяу жерде меридиан бағытына жақындайды. Экватордан өткеннен кейін солтүстік батысқа қарай бағыт алып, Австралияның солтүстік бөлігі мен оңтүстік жарты шар аралдарына ылғалды экваторлық муссон түрінде өтеді. Оңтүстік жарты шар пассаты бар минимумы бойынша ең төмен өлшемнің ықпал етуіне қарай Австралия үстінде айрықша күшті әсер етеді, әрі Тынық мұхиттың батыс бөлігі мен Австралияның шығыс жағалауларында тура шығысқа қарайғы дерлік бағыт алады, бұл жерлерде мол ылғал қалдырады. Шығыс Австралия тауларынан асып, ол біршама құрғақ ауа тасқынына айналады [3].
Сөйтіп, Австралия материгінің шеткі бөліктері мен аралдарында қаңтарда көп мөлшерде жауын-шашын түседі, ол кезде солтүстік жарты шарда жауын-шашын мөлшері күрт азаяды. Австралияның оңтүстік батысы мен оңтүстігі январьда оңтүстік-Үнді максимумның шеткі шығыс аймағының және жауын-шашын бермейтін оңтүстік желдердің ықпалына ұшырайды.
Тасмания мен Жаңа Зеландияның оңтүстігінде қыстағыдай ауа массасының батысқа ауысуы басым болып, жаңбыр жауады. Аралдардың температуралық, типті экватордан едәуір қашықтықта, жыл бойына бірқалыпты болады. Бірақ Австралия әсіресе оның ішкі бөлітері үшін температураның жылдық, тәуліктік едәуір ауытқуы тән.
Австралия мен көрші аралдар мынадай климаттық белдеулерге енеді:Шегінде ұқсас аралдар мен Жаңа Гвинея солтүстік бөлігі жатқан экваторлық белдеуде ылғалды экваторлық ауа массасы үнемі басым болады және ауа ағыны өрлей түседі. Бұл жауын-шашынның, оның жылдық қосындысының бірқалыпты таралуын және ылғалданудың бірқалыпты болуын қамтамасыз етеді. Температура жыл бойына өзгермейді дерлік. Теңіз деңгейінен шамалы биіктіктегі орташа айлық температура +24 пен +280 С арасында ауытқиды. Биіктеген сайын температура төмендейді, алайда оның барысы бірқалыпты болып қалады.
Субэкваторлық белдеудің шегіне Австралияның солтүстігіне Жаңа Гвинеяның оңтүстігі мен көрші ұсақ аралдар кіреді. Климаты маусымдылығының айқын білінуімен, әсіресе материкте айқын білінуімен сипатталады. Жауын-шашын жазда көп мөлшерде жауады. Қысқы кезең құрақ келеді, алайда аралдарда мол пассатқа қатысты алғанда ық жақтағы тау баурайларында ғана айқын байқалады. Алайда таудың жел жақ баурайларында жауын-шашын қыста да жауады, әйткенмен жазбен салыстырғанда оның мөлшері едәуір азаяды. Жылдық жауын-шашын мөлшері бұған рельефі қолайлы ықпал жасайтын аудандарда өте көп. Материкте температураның ауытқу амплитудасы едәуір, алайда ең салқын айдың орташа температурасы 200 С-ден төмен болған емес дерлік. Аралдардағы темпераеуралық айырмашылық экваторлық белдеудегі сияқты соншалықты аз.
Австралиядағы тропикалық белдеу аридтік жағдайлардың басым болып келетіндігімен сипатталады. Тропиктік белдеудің Шығыс бөлігі, яғни солтүстігі мен оңтүстік-шығысынан басқа жағалаулары мен Шығыс-Австралия таулары бүкіл жыл бойына Оңтүстік - Тынық мұқит максимумы мен пассаттық айналымның батыс аймағының ықпалына ұшырайды және бірқалыпты ылғал климаты келеді. Австралияның шығысында жауын-шашын бүкіл жыл бойына мол жауады. Құрғақ кезең болмайды, бірақ жауын-шашын қысқа қарағанда жазда едәуір көп жауады. Бұл жауын-шашын әкелетін оңтүстік - шығыс пассаты әрекетінің қысқа қарағанда едәуір интенсивті келуімен түсіндіріледі.
Температураның ауытқу амплитудасы Австралияның солтүстігіне қарағанда анағұрлым көп климатқа сондай-ақ таулы рельефтердің де әсері бар.
Материктің ішкі аудандарында бүкіл бойына континентальды тропиктік ауа басым болады және жылдық жауын-шашын қосындысы 250 миллиметрден аспайды.Салыстырмалы ылғалдылық 30-40 %-ке тең, ал жылдық әсіресе тәуліктік температуралық амплитуда өте үлкен (соңғысы 35-400 С-қа жетуі мүмкін). Қыста оңтүстіктен суық ауа массасының енуіне байланысты суық бірден түседі. Топырақ бетіндегі аяз - 50 С-ге жетеді.
Австралияның қиыр оңтүстігі, Тасманияның солтүстігі мен Жаңа Зеландияның Солтүстік аралдары субтропиктік климат белдеуінің алабына енеді. Материктің оңтүстік-батысында жауын-шашын тек қыста жауады дерлік және оның мөлшері батыстан шығысқа қарай кеми береді. Жазда аймақ Оңтүстік Үндінің максимумының ықпалыеа ұшырайды. Температура жағдайы әсіресе жазда өте тұрақсыз. Әдетте оның бұзылыуы солтүстіктен күшті ысыған ауаның кіруіне байланысты, ол кейде 400С-ден де асып түседі, алайда оңтүстіктен жиі-жиі келетін суық пен ылғалды желдер бұл жылы ауа ағысын ауыстырып тұрады [7].
Австралияның оңтүстік-шығысында, Тасманияның солтүстігі мен Жаңа Зеландияда климат бірқалыпты ылғалды, жауын-шашын жазда ең көп жауады; оны шығыс және солтүстік-шығыс желдері тікелей теңіз жақтан әкеледі. Қыста жауын-шашын полярлық фронтқа байланысты. Тропикалық фронттан бұл аймақ қыста орташа температурасының неғұрлым төмен болуымен ерекшеленеді. (+5,+100С). Тауда аяз -200С-ге дейін болады.
Австралияның оңтүстік жағалауларының орта бөлігі Эйр түбегінің екі жағынан жауын-шашынды өте аз алады және маусымдық температураның едәуір айырмашылығымен сипатталады. Жауын-шашын онда қыста аз мөлшерде жауады.
Тасманияның оңтүстік бөліктері мен Жаңа Зеландия қоңыржай белдеуге енеді. Бұл аралдардың климат жағдайлары үлкен ылғалдылық және температурасының бір қалыптылығымен көзге түседі. Батыс айналымының тұрақты әсері әсіресе жауын-шашынның батыс жағалауларда және таудың батыс баурайларында мол түсуіне жағддай туғызады. Қыстағы аяз -5, 70С-ге дейін болатын таулы аудандардан өзге жерлерде жаз бен қыстағы температураның айырмашылығы шамалы болады.
Австралия жерінің көбі тропиктік (18-300 оңтүстік ендік), солтүстігі субэкваторлық, оңтүстігі субтропиктік ендікте жатыр. Шығыс жағалауының климаты (солтүстіктен 300 оңтүстік ендікке дейін) тропиктік, теңіздік. Күн радиациясы үнемі жоғары болады: 590-750 кдж (см2*жыл); сондықтан Австралияның барлық аудандарында температура тұрақты болады. Австралия түгелімен дерлік 20, 280 С жазғы және 12, 200 С қысқы изотермалар аралығында жатыр. Солтүстік Австралияның климаты ыстық болады: жаздың ең жылы айы январь иен қыстың ең суық айы июль температурасының айырмашылығы шамалы.
Тропиктік ішкі аудандар мен субтропиктік белдеулерде температураның маусымдық ауытқуы анық байқалады. Январьдың температурасы 400 С-тан жоғары болатын ең ыстық аудан солтүстік облыста. Температураның абсолют максимумы Клонкарриде (Квинсленд) 53,10 С, абсолют минимумы Австралияның ішкі аудандарында -40, -60 С-қа дейін. Тұрақты аяз (-220 С-қа дейін) тек оңтүстік-шығысындағы Австралия Альпісінде болады. Австралия жағалауының аз тілімденуі, құрлықтың батыстан шығысқа қарай созылып жатуы, үлкен Суайрық жотаның Тынық мұхиттан соғатын ылғалды жерге бөгет жасауы орталық аймақта климаттың құрғақ болуына әсерін тигізеді. Австралия жерінің 38%-де жауын-шашынның жылдық мөлшері 250мм-ден аспайды.
Солтүстік пен оңтүстіктен соғатын ылғалды желге қарсы тұратын кедергінің жоқтығынан Австралияда ұзаққа сзылатын қуаңшылық болмайды. Құрлықтың солтүстігі мен шығысындағы 500 мм-ден 2000 мм-ге дейін жетеді. Солтүстігіне жауын-шашынды солтүстік-батыстан соғатын экваторлық ылғалды муссон, ал шығысына Шығыс Австралия жылы ағысы үстінде пайда болатын ылғалды ауаны Тынық мұхиттан соғатын пассаттар әкеледі. Жауын-шашынның ең көп жері - Кэрнс қаласының маңы (2243-ммдей). Үлкен суайрық жотадан батысқа қарай жауын-шашын мөлшері күрт азайып, батыс жағалауында 250 мм шамасында ғана болады.
Австралияда тропиктік құрғақ климат басым. Оның территориясының 13 - іне ғана жауын - шашын жекілікті немесе мол түседі. Австралия - барлық жағынан ұланғайыр су айдыны қоршап жатқан шағын материк. Ол неліктен ең құрғақ материк болады? Бұл ең алдымен материктің физикалық - географиялық орнына байланысты болатынын енді сендер білесіңдер: оны дәл ортасынан дерлік Оңтүстік тропик кесіп өтеді, демек, материктің көп бөлігінде жоғары атмосфералық қысым белдеуі басым болады. Бұл белдеуде төмендейтін ауа ағындары, пассаттар мен жауын - шашынсыз, бұлтсыз ауа райы басым болып тұрады.
Австралия Оңтүстік Африка алып жатқан климаттық белдеулерде орналасқанымен, мұнда температура жоғары, ал жауын - шашын әлдеқайда аз түседі. Оның себебі: материк батыстан шығысқа қарай едәуір созылып жатқандықтан, континенттік ауа массалары қалыптасады,сондай - ақ материктің мұхит деңгейінен биіктігі де шамалы.
Материкте жауын - шашын қалай бөлінеді және оны қалайша түсіндіруге болады? Солтүстік Австралия субэкваторлық климаттық белдеуде жатыр. Жазда (желтоқсан - ақпан) бұл белдеуге ылғалды экваторлық ауа массалары мол жауын - шашын әкеледі. Қыста (маусым - тамыз) мұнда төмендейтін ауа ағындары бір тропиктік құрғақ ауа басым болатындықтан, жауын - шашын аз түседі.
Тропиктік белдеудің шығысында ылғалды, ал батысы мен орталығында - құрғақ аймақтар қалыптасады. Үлкен Суайрық жотаның шығыс беткейлері жыл бойы Тынық мұхиттан келетін теңіздік ауа массаларының ықпалында болады. Мұхиттың жылы ағысының әсерімен ауаның ылғалға қанығуы күшейе түседі.Сондықтан тау беткейлерінде жауын - шашын мол түседі. Материктің ішкі жазық бөліктеріне пассаттар құрғақ күйінде келеді, оларда жыл бойы жауын - шашын аз түседі.
Африканың табиғат зоналарының орналасуындағы сияқты, Австралияның табиғат зоналарының орналасуында да ендік зоналық жақсы байқалады. Африкадағы секілді, Австралияда да саванналар мен шөлдер зонасы кең алқапты алып жатады. Материктің орталық және батыс бөліктерінде шөлдер мен шөлейттер орналасқан. Бұл зонаны солтүстігінен, шығысынан, оңтүстік- шығысынан және оңтүстік-батысынан саванналар қоршап жатады [2].

2.3.Табиғат зоналары
Австралия табиғи үш аймаққа бөлінеді: суы тапшы, табиғаты негізінен тропиктік шөл және шөлейт келктін Батыс Австралияның таулы үстірті - тұғырлы, таулы қырат, географиялық зоналылығы анық байқалатын, ішкі аудандарына қарай климаттың континенттігі арта беретін, саванна мен селдір ормандар бірте-бірте шөлейт пен шөлге айналатын Орталық ойпат - аккумулияциялық ойпатты жазық, таулы орманды ландышафты басым, құрлықтың негізгі су айырығы әрі климаттық шекара - Үлкен Суайырық жота.
Аустралияның табиғат зоналары орналасуы жағынан оңтүстік жарты шардың басқа құрлықтарымен ұқсас болып келеді. Бірақзоналар алып жатқан ауданы мен тіршілік дүниесінің құрамы жөнінен үлкен айырмашылық жасайды. Бұл айырмашьшық Аустралияның басқа құрлықтардан өте ертеден бөлініп кетуіне байланысты. Сондықтан құрлықта басқа ешбір жерде табиғи жағдайда кездеспейетін эндемик өсімдіктер мен жануарлар тіршілік етеді. Құрлықтағы өсімдіктердің 75%-ы, ал жануарлардың 90%-ы тек қана Аустралияға тән. Құрлықа жергілікті жыртқыштар, сонымен қатар гондваналық құрлықтардың арасында байланыс болғанын дәлелдейтін кейбір ортақ түрлері де бар.
Австралияда құрлықтың жалпы ауданымен салыстырғанда шөлдердің үлесі өте көп, керісінше орман басқа құрлықтармси салыстырғанда аз аумақты қамтиды.
Құрлықтың басым бөлігін тропиктік шөл зонасы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Австралия туралы
Австралияның экономикалық- географиялық жағдайы
Австралия материгі
Австралия Одағы
МАТЕРИКПЕН МҰХИТТЫҚ АРАЛДАРДЫҢ ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ОРНЫНА СИПАТТАМА
АВСТРАЛИЯ ТАБИҒАТЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ. Географиялық орнының физикалық географиялық ерекшелігі
Ауыстраля одағы
Австралияның географиялық орны
Жер бедері
Австралия және мұхит аралдары
Пәндер