Қарыз алушының несие қабілеттілігін бағалау
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1. ТАРАУ. НЕСИЕНІҢ НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАДАҒЫ АЛАТЫН ОРНЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.1.Несиенің мәні және оның түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.2.Несие құжаттамасы және несие беру процедурасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.3 Коммерциялық банктердің несие саясаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2. ТАРАУ. ҚАРЫЗ АЛУШЫНЫҢ НЕСИЕЛІК ҚАБІЛЕТІН ТАЛДАУ...
2.1. Заңды тұлғаның несиелік қабілетін бағалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.2. Жеке тұлғаның төлем қабілетін бағалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.3. Несиелік қабілетті және тәуекелді бағалаудағы шетел тәжірбиесі ... ... ... ...
3. ТАРАУ. «АТФ Банк» АҚ.ның несие операциялары ... ... ...
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Курстық жұмысымның тақрыбы – «Қарыз алушының несие қабілеттілігін бағалау». Бұл тақырыпты таңдаған мақсатым –несиенің дамуы еліміздің экономикалық-қаржылық жағдайының дамуына айтарлықтай маңызы зор.
Курстық жұмыстың мақсаты – Қазақстан Республикасында несиелік операциялардың ұйымдастыру жағдайын қарастыру, қарыз алушылардың несие қабілеттілігін талдау, сонымен қатар еліміздегі несиелік операциялардың жүргізілу тәртібі мен даму мәселелерін қарастыру болып табылады.
Бірінші тараудың тақырыбы - Несиенің мәні мен түрлері, яғни бұл тарауда – несиенің мәні мен түрлерін, несие құжаттамасы және несие беру процедурасын, коммерциялық банктердің несиелік саясаты ашып көрсетілген. Коммерциялық банктердің несие саясаты нарықтық қатынастар жағдайында несие беру тәжірбиесін жетілдіру, банк ссудаларының қайтарылуын қамтамасыз ету, банктердің тәуекел шығындарын жоюы мақсатында жасалады.

1. Закон РК «О национальном банке РК »
2. «Инструктивно-нормативные акты Национального банка Казахстана.» Алматы 1999-2002
3. «Банк құқығы! С.М. Найманбаев Алматы 2004 125-беттер
4. С.Б. Мақаш, А.Ә.Ільяс « Банк ісі » Алматы 2004 93-беттер
5. Хамитов А.Х « Банк ісі» Алматы 2005 63-беттер
6. Хамитов А.Х « Банктік менеджмент» Алматы 2005 96-беттер
7. А.М.Тавасиев, В.П. Вичков, В.А.Москвин «Банковское дело ».Базовые операций для клиентов. Москва. «Финансы и статистика », 2005 145-беттер
8. Е.П. Жарновская «Банковское дело » Москва, 2006 88-беттер
9. « Банковское дело » под ред. О.И. Лаврушин, И:Д. Мошокова, Н.И. Валенцева, 1998 14-беттер
10. Антонов,Пессель–Денежные обращение,кредиты, банки.Москва 1997
11. Абрамова,Александрова – Финансы, денежные обращение и кредит.Москва 1999
12. 3.Борискин – Деньги, кредит, банки.Алматы 1996
13. 4.Долан Э.Д. – Деньги, денежно – кредитная политика.Москва 1998
14. 5.Жуков – Общая теория денег и кредита.Москва 1998
15. 6.Искакова З.Д. – Банк ісі. Алматы 2006
16. 7.Искакова З.Д. Абдильманова Ш.Р. - Банковская система и ее правовые основы.Караганда 1997
17. 8.МадияроваД.М.Основы современного банковского дела.Алматы 1997
18. 9.Маркова О.М. Коммерческие банки и их операции. ЮНИТИ 1994
19. 10.Мақыш Р.Р. Банк ісі.
20. 11.Рит. Э. Коммерческие банки.Москва 1999
21. 12.Роуз.Л.С. Банковский менеджмент.Москва 1995
22. 13.Роде.З. Банки, биржи, валюта современного капитализма .М: Финансы и статистика 1986
23. 14.Сейткасымов – Деньги, кредит, банки.Алматы 1996
24. 15.Современный маркетинг.В.В.Корнеева И.В. – Финансы и статистика.
25. 16.Усоскин В.М. – Современный коммерческий банк.
26. 17.Уткин Э.А. – Банковский маркетинг.Москва 1995
27. 18.Аль-Пари №10,2005ж № 2,2006
28. 19.Банки Казахстана № 11,2005
29. 20.Қаржы – қаражат № 9,2005

ЖОСПАР
Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1- ТАРАУ. НЕСИЕНІҢ НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАДАҒЫ АЛАТЫН
ОРНЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.1.Несиенің мәні және оның
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
.
1.2.Несие құжаттамасы және несие беру
процедурасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.3 Коммерциялық банктердің несие
саясаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2- ТАРАУ. ҚАРЫЗ АЛУШЫНЫҢ НЕСИЕЛІК ҚАБІЛЕТІН ТАЛДАУ...
2.1. Заңды тұлғаның несиелік қабілетін
бағалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.2. Жеке тұлғаның төлем қабілетін
бағалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.3. Несиелік қабілетті және тәуекелді бағалаудағы шетел
тәжірбиесі ... ... ... ...
3- ТАРАУ. АТФ Банк АҚ-ның несие операциялары ... ... ...
Қорытынды

... ... ... ... ... ... ... ... ..
Қолданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... .
Кіріспе
Курстық жұмысымның тақрыбы – Қарыз алушының несие қабілеттілігін
бағалау. Бұл тақырыпты таңдаған мақсатым –несиенің дамуы еліміздің
экономикалық-қаржылық жағдайының дамуына айтарлықтай маңызы зор.
Курстық жұмыстың мақсаты – Қазақстан Республикасында несиелік
операциялардың ұйымдастыру жағдайын қарастыру, қарыз алушылардың несие
қабілеттілігін талдау, сонымен қатар еліміздегі несиелік операциялардың
жүргізілу тәртібі мен даму мәселелерін қарастыру болып табылады.
Бірінші тараудың тақырыбы - Несиенің мәні мен түрлері, яғни бұл
тарауда – несиенің мәні мен түрлерін, несие құжаттамасы және несие беру
процедурасын, коммерциялық банктердің несиелік саясаты ашып көрсетілген.
Коммерциялық банктердің несие саясаты нарықтық қатынастар жағдайында несие
беру тәжірбиесін жетілдіру, банк ссудаларының қайтарылуын қамтамасыз ету,
банктердің тәуекел шығындарын жоюы мақсатында жасалады.
Несиенің мәні оның қозғалысының заңдылықтарымен тағы толығырақ
ашылады. Төмендегідей түрде несиенің қозғалысын көрсетуге болады:несиені
орналастыру – қарыз алушылардың несиені алуы, несиені пайдалану –
ресурстардың босауы уақытша алынған құнның қайтарылуы - несие формасында
орналастырылған қаражаттарды қарызгердің алуы.
Қазіргі несиелеу жүйесі қарыз алушының несиелік қабілетін анықтау
әдістерінде де негізделеді. Айта кету керек қарыз алушының несиелік
қабілеті – бұл коммерциялық банк балансының өтімділігін қолдау әдісі болып
табылады.
Несиелеу процесі белгіленген мерзімде сауданың қайтарылмай қалуға
себепкер болатын көптеген тәуекел факторлардың іс әрекетімен байланысты
болып келеді. Сондықтанда, банк ссудасының берілуі алдын – ала ықпал ететін
факторларды оқып – үйрену арқылы несиелік қабілетті оқып үйренуге жағдай
жасайды.
Қарыз алушының несиелік қабілеті – бұл қарыз алушының өзінің қарыздық
міндеттемелері бойынша толық және уақтылы есеп айырысу қабілеті.
Екінші тарауда – Заңды тұлғаның несиелік қабілетін бағалау, жеке
тұлғаның төлем қабілетін бағалау ж әне несиелік қабілетті және тәуекелді
бағалаудағы шетел тәжірбиесінің көрсеткіші қарастырылған.
Үшінші тарауда – АТФ Банк АҚ-ның несие операцияларының дамуы
қарастырылады.
Курстық жұмысты жазу барысында отандық және шет елдік экономист-
ғалымдардың несие жүйесіне байланысты жазған еңбектері пайдаланылды. Олар:
Искакова, Мақыш,Антонов,Пессель.
Сонымен қатар, “Банки Казахстана”, “Ақтөбе”, “Қаржы-қаражат” “Аль-
Пари” атты мерзімді баспалар және интернет сайттары курстық жұмысымның
қайнар көздері болып табылады.
1- ТАРАУ. НЕСИЕНІҢ НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАДАҒЫ АЛАТЫН ОРНЫ
1.1.Несиенің мәні және оның түрлері
Ақшадан кейін ізінше несиені ойлап шығару – адамзаттың данышпандық
табысы.
Себебі несиені пайдалану нәтижесінде шаруашылық қажетін және жеке
қажеттілікті өтеу уақыты қысқарады.Қарыз алушы кәсіпорынның несие алу
арқылы өз өндірісін кеңейтуге, ал жеке тұлғаның өз ісін ұлғайтуға, не
болмаса қажетті заттарды болашақта емес қазір алуға мүмкіндігі туады.
Несие қатынастары алғашқы қауымдық құрлыстың мүліктік жіктеліп ыдырауы
нәтижесінде бір қауымның бай отбасы және кедей отбасы болып бөлініп,
біреуінде артық қалған өнімнен оны кейін қайтарып беруге келісіп,екіншісі
өз мұқтажын өтеуге алуынан пайда болды.Бұл кейінірек,өсімқорлық несие деп
аталды.
Өсімқорлық несиеге тән белгілер: несие берушілер-
көпестер,саудагерлер, салық жинаушылар, шіркеу иелері мен үлкен діни
ордалар, ал қарыздар – ұсақ өнім өндірушілер, құл иеленушілер мен
феодалдар. Шаруалар мен кәсіпкерлер несиені ағымдағы тұтыну мұқтажын өтеуге
ғана алса, ал билеуші топтар қанаушылық, жауыздық іс-әрекеттерге жұмсады.

Несиені орналастыру - оның қозғалысындағы маңызды кезең. Қарызгер
өзінің ресурстары анағұрлым тиімді формада орналастырғанына сенімді болуы
керек. Банктер несие беруші ретінде аяқтаушы кезеңнің талаптарына сәйкес
несие береді - қарыздың қайтарылуы, демек оның тиімді пайдаланылуы. Қарыз
алушының несиені алуы қарызға берілген құнның белгілі бір уақытқа
ұсынылғанын білдіреді.несиені пайдалану процесінде берілу объектісі ретінде
оның тұтыну құны өткізіледі. Ресурстардың босауы қарыз алушының шаруашылық
процессінде құнның шеңбер айналымы актінің аяқталуымен сипатталады.
Сондықтан, несие қозғалысының бұл кезеңі оның шеңбер айналымының келесі
жаңа фазасына өтеуі үшін материалдық алғы шарт болып табылады.
Несие экономикалық категория ретінде формаларға ие. Несиенің формасы –
бұл несиелік қатынастар құрылымының, олардың негізгі қызметтерінің, яғни
әралуан сыртқы және ішкі өзгерістер барысында толық сақталатын көрінісін
білдіреді.
Несиенің екі формасы бар: тауарлы және ақшалай. Мұндағы тауар түрінде
берілетін несиені – коммерциялық, ал ақша түріндегі несиені - банктік деп
атайды. Несиенің қалған түрлері осы екі форманың тәжірибеде қолдануынан
туады.
Коммерциялық несие – бұл қарыз берушінің қарыз алушыға қарызға берген
тауарын білдіреді.
Коммерциялық несие – бұл вексель айналысының пайда болуына себеп
болған, экономикадағы несиелік қатынастардың алғашқы формасы. Несиенің бұл
формасының басты мақсаты – тауарлардың өту процесін жеделдету, сондай-ақ
одан пайда табу. (3: 8-беттер)
Мұнда қарыз алушы да және оны берушілер ретінде кәсіпкерлер м ен
бизнеспен айналысатындар бола алады. Коммерциялық несие көбіне тауарды
сатып алушыда нақты ақшаның болмай қалуы барысында туындайды. Мұндай
жағдайда айналыс құралы ретінде қарыз алушының көрсетілген соманы уақытында
төлейтіндігін куәландыратын арнайы қарыздық міндеттеме – вексель
қолданылады.
Коммерциялық несиенің банктік несиеден айырмашылығы мынадай:
• Қарыз беруші ролінде банктік мекемелер емес, яғни тауар немесе
қызметті сатумен айналысатын кез-келген заңды тұлға бола алады;
• Коммерциялық неси тек қана тауар формасында беріледі;
• Қарыз капиталы өнеркәсіптік немесе сауда капиталымен байланысты;
• Коммерциялық несиенің орташа құны сол кезеңдегі банктік пайыз
мөлшерімен салыстырғанда төмен болады;
• Қарыз беруші мен қарыз алушы арасындағы несиелік мәміленің заңды түрде
рәсімделуі барысында, бұл несие үшін төленетін ақы тауар бағасының
құнына қосыллады.
Банктік несие – бұл банктік мекемелерден қарыз алушыларға ақшалай
түрде берілетін несиені білдіреді.
Банктік несие – бұл экономикадағы кеңінен таралған несиелік
қатынастардың формасы болып табылады. Банктік несие бойынша несиелік
қатынастың құралына несиелік шарт немесе несиелік келісім жатады. Банктік
несиеде несие беруші: банк және арнайы қаржылық мекеме болса, ал қарыз
алушылар ретінде: кәсіпкерлікпен және бизнеспен шұғылданатын қаржы
ресурстарына деген сұранысы бар кез-келген заңды ұйым болып табылады.
Мұндағы қарыз берушінің басты мақсаты – бұл пайыз түрінде табыс алу.
Несиенің түрлері кммерциялық және банктік несиеден туындайды.
Коммерциялық банктер өздерінің клиенттеріне әртүрлі несиелер береді.
Олар мынадай белгілеріне байланысты жіктеледі:
I. Қарыз алушылар категорияларына қарай:
1. Қаржылық институттарға берілетін несиелер:
- мақсатты қорларға;
- банктерге;
- қаржы-несиелік мекемлеріне.
2. Қаржылық емес агенттерге берілетін несиелер:
- өнеркәсіп салаларына;
- ауыл шаруашылығына;
- саудаға;
- дайындау ұйымдарына;
- жабдықтау-сату ұйымдарына;
- кооперативтерге;
- жеке кәсіпкерлерге.
3. Тұтыну мақсатына берілетін несиелер.
II. Мерзіміне қарай:
- қысқа мерзімді (1 жылға дейін);
- орта мерзімді (1 жылдан 3-5 жылға дейін);
- ұзақ мерзімді (5 жылдан жоғары).
III. Тағайындалу және пайдалану сипатына қарай:
- негізгі қорларға жұмсалатын;
- айналым қаражатына жұмсалатын.
IV. Қамтамасыз ету дәрежесіне қарай:
Қамтамасыз етілген:
- кепілхатпен;
- кепілдемемен;
- кепілдікпен.
Сақтандырылған.
Қамтамасыз етілмеген:
- сенім (бланктік) несиесі.
V. Қайтарылу дәрежесіне қарай:
1) Стандартты несие – қайтарылу уақыты жетпеген, бірақ қайтуында
ешқандай күмән жоқ несиелер;
2) Күмәнді несиелер - қайтарылу уақыты кешіктірілген, мерзімі
ұзартылған және банк үшін тәуекел туғызатын несиелер. Соңғы қабылданған
активтердің жіктеу ережесіне сәйкес, күмәнді несиелер ішінара бөлінеді: 1-
санатты күмәнді, 2-санатты күмәнді, 3-санатты күмәнді, 4-санатты күмәнді, 5-
санатты күмәнді.
3) Үмітсіз несиелер – қайтару уақыты кешіктірілген, мерзімі өткен
ссудалар шотына жазылған несиелер. (7: 25-беттер)
VI. Валютамен берілуіне қарай:
- ұлттық валютамен;
- шетел валютасымен.
VII. Берілу шартына қарай:
1. Тұтыну несиесі – бұл жеке тұлғаларға тұтыну тауарларын сатып алу үшін
және тұрмыстық қызметтерді өтеуге берілетін несие.
2. Ипотекалық несие – бұл қозғалмайтын мүліктерді (тұрғын үйді, өндіріс
ғимараттарын, жерді және т.с.с.) кепілге ала отырып, ұзақ мерзімге
берілетін несие.
3. Овердравт несиесі – клиенттің шотынан қаражатты шегеру, дебеттік қалдық
бойынша берілетін қысқа мерзімді несиенің формасы.
4. Овенайт несиесі - өнімділікті қолдау мақсатында бір түнге берілетін
банкаралық несиенің түрі.
5. Онкольдық несие – кредитордың алғашқы талабы бойынша өтелетін қысқа
мерзімді несие.
6. Банкаралық несие – банктердің бір-біріне беретін несиесі.
7. Ломбардтық несие – тез іске асатын бағалы заттарды немесе бағалы
қағаздарды кепілге алып, берілетін несие.
8. Лизингтік несие – құрал-жабдықтарды жалға алумен байланысты берілетін
несие.
9. Рамбурстық несие – шикізаттарды ішке алып кіру және жартылай фабрикат
пен дайын өнімдерді сырқа шығару тәжірибесінде пайдаланылатын несие.
10. Сенім несиесі – банктің сеніміне кірген, төлем қабілеті жоғары
клиенттерге берілетін несие.
11. Маусымдық несие – жабдықтаушының қаржыландыру уақыты мен түсімді алу
мерзімі арасындағы уақыт бойынша алшақтықты жабуға арналған несие.
VIII. Несиелеу обьектісіне қарай:
- меншікті айналым қаражаттарын толықтыруға;
- материалды қорлар жиынтығы мен өндіріс шығындарына;
- сыртқы экономикалық қызметке байланысты тауарларды экспорттау мен
импорттауға;
- азаматтардың жеке қызметтері үшін шикізаттар, құралдар және басқа
да мүліктер алуына;
- ломбардтық, кепілдік және ссудалық операцияларға;
- театрлар және демалыс үйлерінің кірістері мен шығыстары арасындағы
маусымдық үзілістерге;
- күрделі жұмсалымдарды қаржыландыруға;
- тез өтелетін тиімділіг жоғары тауарларға. (11-59-беттер)
Сонымен қатар несиенің халықаралық несие атты түрі бар. Ол мерзімді
белгілеу, процент төлеу және кейін қайтару келісімімен тауар және валюта
ресурстарын беруге байланысты халықаралық экономикалық қатынастар аясындағы
қарыз капиталының қозғалысын айтады.
1.2 Несие құжаттамасы және несие беру процедурасы
Қарыз алушы ссуда алу үшін негізгі жазбаша түрдегі өтінішпен банкке
жүгінеді, онда ссуданың мақсатты бағыты, оның соммасы, қайтару мерзімдері,
сондай-ақ несие берілетін шараның қысқаша шарты сипаттамасы атап
көрсетіледі.Өтініш үш дана етіп толтырылады:бірінші және екінші дана
(проводка) үшін негіз болып қызмет етеді, үшінші данасы несие қызметкерінің
ісінде қалады. Ссудалық есеп шоты банкте, негізінен банктің есеп шоты
ашылған жерде ашылады. Клиентке басқа банк қызмет көрсететін болған
жағдайда.соңғы банк - несие берушінің сұратқан бүкіл қажетті құжаттарын
тапсыруға міндетті.
Қарыз алушы төмендегідей құжаттар пакетін тапсырған жағдайда несие
беру жүзеге асырлады:
1.Несие берілетін шараның техникалық – экономикалық негіздері:
- өтініш білдірушінің қызметіне және оның өндіретін өніміне сипаттама;
- несие есебінен өндірілетін өнімдердің (қызметтердің) тізімдемесі,
оның экспорттық мүмкіндіктері, ішкі және әлемдік нарықта шығарылатын ұқсас
өнімдермен салыстырмалы сипаттамасы;
-экспортқа шығарылады деп болжанған өнімдердің өткізу нарықта талдау
жасау, соған сәйкес өнімдер үрдісі мен оған сұраныс, бәсекелестік,нарыққа
шығу стратегиясы, өнімдерді экспортқа шығару туралы (контрактілер, шарттар)
шетелдік фирмалармен келісімдердің болуы;
-қарыз алушының өнімдер экспортына меншік құқығын бекітетін құжаттар,
ссудаға берешекті қайтаруға бағытталған түсімдер;
-өнімдерді экспортқа шығаратын лицензиясының болуы;
-жобаны жүзеге асыру мерзімдері (құрылыс салу және алаңдарды
аббатандыру, жабдықтар жасау және оларды жеткізу, құрастыру, оны
пайдалануға беру және жобалық құнына қосылу мерзімдері бойынша);
-импорт төлемдерінің балансы мен экспорттан түсетін түсімдерді қоса
алғандағы өзін-өзі ақтау есептері;
- қажет болған жағдайда жоғарыда келтірілген деректерді бекіткен
басқа ұйымдардың ақпараттары. (9: 14-беттер)
2.Барлық қосымшалармен контрактылардың,шарттардың,келісімд ердің
көшірмелері (сыртқы сауда контрактысына – орыс тіліне аударылуы).
3.Бухгалтерлік есеп, пайдалар мен шығындар туралы есеп, кірістер
туралы декларациялар және белгілі бір кезеңдегі қарыз алушының қаржылық
жағдайы мен несие төлеу қабілетін анықтау үшін өзге де мәлеметтер.
4.Қажетті деңгейде рәсімделген,ссуда беруге тапсырыс.
5.Қарыз алушы туралы ақпарат.
6.Тауар- материалдық құндылықтардың қозғалысы туралы мәлімет.
7.Шұғыл міндеттемелер.
8.Несие шарты.
9.Қамтамасыз ету туралы ақпарат, сондай-ақ бизнес-жоспар.
Банкпен несие қатнасын орнатқан, жақсы беделге ие қарыз алушыларға
несие алу үшін тапсыруға тиіс құжаттардың тізімін банк қысқартуы мүмкін.
Қажеттілік болған жағдайда банк қарыз алушының қаржылық- шаруашылық қызметі
туралы аудиторлық ұйымдардың қортындысын, қарыз алушының есеп
айрысу,ссудалық және валюталық есеп шоттары ашылған банктердің атауын,
олардың ссудалық қоржынындағы қарыздардың жіктеуі көрсетілуімен ссудаға
берешектерінің көлемін, сондай-ақ банк тәжірбиесінде қабылданған үлгілер
бойынша несиені уақтында қайтаруды қамтамасыз ету жөніндегі
міндеттемелерді: кепілдік міндеттемесін, кепілдік беру хатын, қарсы
кепілдікті, кепілдік берушілікті талап етуі мүмкін.
Банктің несие бөлімі несие беру мәселелері бойынша құжаттарды
дайындау және өткізумен байланысты бүкіл жұмысты басқарады, несие берумен
байланысты өзге де қызметтердің жұмысын үйлестіреді және қарыз алушылар
тапсыратын мәлеметтердің жеделдігі мен сенімділігіне жауап береді.
Несие беру кезінде несие бөлімі мамандарының құзырына несие
ресурстарының болуын, несие алу үшін қажетті тапсырылған құжаттардың
толықтығын қарау, тапсырылған техникалық - экономикалық негіздеу
есептерінің шынайылығын анықтау мен қарыз алушының несие төлеу қабілетін
талдау, сондай-ақ ссуданы қайтармауға әкелуі мүмкін факторларды зерттеу
кіреді.
Несие бөлімінің қызметкерлері заң бөлімінің заңгер мамандарымен
бірлесе отырып, олардың құқықтық мәртебиесі мен өкілеттерін айқындау үшін
клиенттердің заңдық істерін зерттейді. Контрактілер мұқият зерттеледі және
оған жеткізудің базистік жадайлары, мерзімдері, төлем валюталары, төлем
(есеп айрысу) формалары бойынша құқықтық баға беріледі және ол бойынша
қажетті заң талаптарының сақталған,сақталмағандығы анықталады. Сол арқылы
қарызды кепілге берушінің немесе мүлкі арқылы кепілдік берушінің меншік
құқығы белгіленеді. Банктің заң қызметі несие алу өтініштерін қарау, несие
келісімдерін кепілдік шартын жасау қойылған мүлікті өткізу кезінді құқықтық
қолдау көрсетеді.
Қандай бір себептермен ссуданы беру мүмкін болмаған жағдайларда, бұл
туралы жаэбаша түрде дәлелдіқортынды беріледі және ол банк жетекшісінің
немесе банктің алқалы органы – несие комитетіне беріледі.
Несие бөлімнің және банктің басқа қызметтерінің қортындысы несие беру
туралы мәселені ұсыну үшін негіз болып саналады несие комиссиясына немесе
банк басқармасына. Несие комиссиясы немесе банк басқармасы, жекелеген
жағдайларда банктің жетекшісі оң шешім шығарған кезде, заң қызметкерлері
кепілдік туралы шартты, ал несие бөлімі – содан кейін банк жетекшісі қол
қоятын несие келісімін(шартты) дайындайды.
Клиенттерге ссудалар беру ссуданың (несие шарты)мақсатты
бағыттаушылығына қатысты ашылатын жеке ссудалық есеп шоттар арқылы жүзеге
асырылады. Осыған орай өнімдерді өткізуден түскен түсімдер мен ақша
қаражаттарының бүкіл басқа түсімдерін банк қарыз алушының ағымдағы есеп
шотына жаэады.
Ссуда негізінен тауар-материалдық құндылықтар мен көрсетілген
қызметтерге төлеуге қарыз алушының есеп шотында қаржысы жоқ болған кезде,
аккредивтер ашуға және несие шартында айқындалған қарыз алушының өзге де
қажеттіліктеріне беріледі. Қажет болған жағдайларда ссуда банк жетекшісінің
өнімі бойынша тауар - материалдық құндылықтар мен көрсетлген қызметтер
үшін ақы төлеуге берілуі мүмкін. Ссудаларды беру несие шартында айқындалған
біржолғы, күнделікті және өзге де мерзімдерде жүргізіледі.Бір жолға ссуда
сондай-ақ реттік контрактілер мен шарттар бойынша есептерді (счеттарды)
төлеуге беріледі.
Несие шартында қаралған несиені беру және қайтарудың тәртібі мен
жағдайларына сәйкес банктің несие бөлімі оны беруге үкім дайындайды.
Ссуданы беру кезінде банкке бірнеше рет өтініш білдірген қарыз алушы
өзін куәләндіруі тиіс, өйткен аталмыш қарыз алушының Жарғысында оның
шаруашылық шарттарын жасауға басшылық жасау құқығы қаралған.
Ссудалар негізінен аудару тәртібі түрінде беріледі. Дегенмен, қажет
болған жағдайда, банк шешімі бойынша азаматтармен есеп айрысу үшін, сондай-
ақ тұтыну несиелерін беру кезінде ссудалар қол ақшамен берілуі мүмкін.
Несие берудің қазіргі тәжірбиесінде банк несиесін ссудалық есеп
шоттардың әр түрлі үлгілерінен (типтерінен) беру мүмкіндігіне рұқсат
етіледі. Мұндай жағдайлар кезінде түсімдер арнайы ссудалық есеп шотқа
қабылданып, содан кейін өткізілген тауарлар мен өнімдердің жалпы
кірістерінің үлесі шаруашылық органдарының банктік есеп шоттарына
аударылады. Тауар-материалдық құндылықтардың айналым жасаушылығын
баяулатуға жол бермейтін және өтпейтін, жатып қалан материалдық
құндылықтарды жинақтайтын сауда, дайындау, жабдықтау және өткізу ұйымдарына
несие осындай тәртіпте берілуі мүмкін.
Тұтас алғанда клиенттің иелігіне түсетін несиенің мөлшері көптеген
жағдайларға қатысты болады. Мынаны еске сала кетейік: несиенің мөлшері
несие келісіммен белгіленген. Осы келісімде белгіленген сома, әдетте клиент
есепке алатын ең жоғары сома болып саналады. Аталмыш сома негізі бойынша
несие беру лимиті болып табылады. Оны: несие бағыты, бақылау цифрі деп те
атайды. Тұтастай алғанда несие беру (несие бағыты) лимитін отандық және
шетелдік банк тәжірбиесінен туындайтын жағдайларға сүйене отырып, келесі
түрде жіктеуге болады:
Тағайындалуына байланысты (от назначения) төленбеген қарыз лимитіне,
берілетін лимит болып бөлінеді. Бірінші ссудалық төленбеген қарызды бір
күнге лимиттейді, ал екінші (қалдықты емес) жолы берілетін ссуданың көлемін
(ссудалық есеп шоттың дебеті бойынша) белгіленеді.
Қолдану мерзімдері бойынша шығатын және жыл ішіндегі (тоқсан
ішіндегі, ай ішіндегі) лимиттерге бөлінеді. Шығатын лимиттер – бұл
клиенттер сол арқылы белгілі бір кезең шетінен шығу құқығына ие лимиттер
(мысалы жылдың немесе тоқсанның басында). Лимиттердің екінші түрі қарыз
алушының тиісті кезең шегінде (жыл ішінде ссуданы пайдалану құқығы, клиент
жоспарлы кезеңнің шегінен шығып кететін шекті сомадан жоғары болуы мүмкін)
ссуданы пайдалану құқығын белгілейді.
Қарыз алушыға берілетін несие көлемінің өзгеру дәрежесі бойынша азая
түсетін (өзгермелі) және өсе түсетін лимиттерге бөлінеді.Бұл лимиттер
ссудаға қажеттіліктін тарудың нақты кестесін белгілеуге мүмкіндік береді.
Несие пайдалану (жұмсау) мүмкіндіктері бойынша тұрақты лимит, қосымша
лимит, оның мөлшерін арттыру құқығына ие лимит, еркін лимит ара жіктері
ажыратылады. Тұрақты лимит ссуданы алудың жоғары құқығын белгілейді, оның
банктің айрықша өкімінсіз арттыруға мүмкін емес болады. Тұрақты лимитте
белгіленгеннен жоғары қосымша ссудалар алу қосымша лимитпен белгіленеді.
Тұтастай алғанда бірқатар жағдайларда несие беру лимитті қатаң болып
саналмайды, оны көбейту үшін клиентке мүмкіндік береді. Әрине, мұндай
мүмкіндіктер мүлде шексіз емес (ірі несиелер үшін белгіленген, бір қарыз
алушыға берілетін нормативтер шектеу болып қызмет етуі мүикін). Әрбір
жекелеген жағдайда ссуданы пайдалану құқықғы коомерциялық банктің
ережелерімен реттеледі және несие келісімде белгіленеді.
Несие шартынан туындайтын, беруге жататын несие мөлшерін анықтау- бұл
мәселенің заңды жағы ғана.Клиентке берілетін несие көлемі несиенің өз
өтінішіне қатысты болады.Сонымен бірге клиенттің белгілі мөлшерде ссуда
беру туралы өтініші несиені қайтарудың нақты мүмкіндіктермен, банктің нақты
мүмкіндіктерімен,банктің нақты есептеулерімен сәйкес келмеуі мүмкін.
Несие мөлшері экономикалық жағдайларға, оның ішінде:
-қарыз алушының төлем айналымдағы айырмашылық көлемінде;
- несиені қамтамасыз етуге түсетін тауар- материалдық құндылықтардың
нақты жиынына және оның өтімдік дәрежесәне;
- қаржылыр деңгейіне;
- ресурстардың белгілі бір көлемінің банкте болуына қатысты болады.
1.3Коммерциялық банктердің несие саясаты
Коммерциялық банктердің несие саясаты нарықтық қатынастар жағдайында
несие беру тәжірбиесін жетілдіру, банк ссудаларының қайтарылуын қамтамасыз
ету, банктердің тәуекел шығындарын жоюы мақсатында жасалады.
Коммерциялық банктер несие саясатының жалпы қағидаларын (меморандум)
әзірлеп – жасайды, оның басты мақсатын және несие берудің негізгі
бағыттарын қалыптастырады. Банктер тәуекелге жол бермеуге, сапалы несие
қоржынын қалыптастыруға мүдделік танытады.
Несие саясаты несие беру және рәсімдеу, оны басқаруға жауап беретін
стандарттар мен параметірлерді анықтайды. Ақылды несие саясаты несие
қатынастарын дамытуға арналған несие стратегиясы мен тактикасын жасаудағы
директорлар кеңесі мен несие бөлімі қызметкерлерінің дұрыс әрекетін атап
көрсетеді. Банктің айқын несие саясаты несие тәуекелдерін дұрыс басқаруда
негізгі бағыт сілтеуші броып саналады.
Коммерциялық банктер ішкі несие саясатын жасау кезінде белсенді болуға
тиісті, өйткені несие операциялары банктердің негізгі қызметі болып
саналнды.
Несие саясатын анықтау кезінде несие стратегиясын клиенттердің құрамы
ретінде, сол сияқты оларға берілетін ссудалардың (көрсетілетін
қызметтердің) спектыры ретінде ұйымдастыру көзделеді. Банктің несие
саясатының мақсаты құқықтық реттеудің белгілі бір элементтерін, қаржыларды
алу мүмкіндігін, рұқсат етілетін тәуекел дәрежесін, несие қаржысының
балансын қамтуы тиіс.
Банк тәжірбиесінде несие саясатына мыналар өз әсерін
тигізеді:капиталдың болуы,ссудалардың жекелеген түрлерінің тәуекел
дәрежесі, депозиттердің тұрақтылығы, ссудалардың пайдалылығы, жалпы
экономикалық ахуал, банк қызметкерінің тәжірбиесі, банктен қарыз
алушылардың несиені қажетсінушілігі, банкті басқарудың сапасы және т.б.
Несие саясатын айқындау кезінде директорлар кеңесі мен банктің жоғарғы
деңгейдегі қызметкерлерінің алдында жол беруге болатын тәуекел деңгейі мен
банктің кірістілігін анықтау қажеттілігі туындайды.Кез-келген коммерциялық
банктің несие саясатында өзі қызмет көрсететін ауданның (аймақтың) несиеге
деген қажеттілігін қанағаттандыруы аса маңызды болып табылады,олай
болмағанда банк өз мағынасын өзінен өзі жоғалтады.
Коммерциялық банктер несие саясатының негізгі элементтері
саналатындары: қызмет жасау ауданы, несие түрлері мен саланы (клиенттерді)
таңдау, қолайлы түрде қамтамасыз ету мен несие төлеу қабілеті, ссуданы
қайтару мерзімдері және олардың тәуекелмен өзарабайланысы, банктің өтімдігі
несие берудің ең жоғары шектен асып кетуі, есеп шоттағы өтемақықалдығы,
қарыз алушыға ссудалар берудегі банк міндеттемесі,ссуда қоржынының көлемі.
Коммерциялық банктер несие саясаты банк менеджментінің маңызды
бағыттарын мазмұнын ашатын мынадай жағдайлар арқылы қалыптасады:
1.Несие қоржынын қалыптасудағы банктің мақсаты (несиелердің
түрлері,қайтару мерзімдері,несие көлемі, несиелердің сапасы);
2.Несие комитетінің (қызметкерлерінің)несиенің ең жоғары сомасы мен
түрлерін анықтауға өклеттігі;
3.Қызметкерлердің міндеттері және ақпараттар беру,тексеру, бағалау
және клиенттердің несиеге тапсырыстары бойынша шешімдер қабылдаудағы
олардың құқығы;
4.несие процессі үшін қажетті құжаттардың жиыны (қаржылық есеп,
шарттар,кепілдіктер,міндеттемелер және т.б.);
5.Қабылдау ережесі, бағалау және несиемен қамтамасыз етуді жүзеге
асыру;
6.Пайыздық ставкалар саясатын сипаттау, ставкалар мен комиссияларды
белгілеу,несиелерді қайтару жағдайлары;
7.Несиелер сапасының стандарттарын, несие салымдарының ең жоғары
мөлшерін сипаттау,проблемалықнесиелерді анықтау және талдау. (5: 49-беттер)
2- ТАРАУ. ҚАРЫЗ АЛУШЫНЫҢ НЕСИЕЛІК ҚАБІЛЕТІН ТАЛДАУ
2.1. Заңды тұлғаның несиелік қабілетін бағалау

Қарыз алушының несиелік қабілетінің, оның төлем қабілетінен бір
айырмашылығы – онда өткен кезеңдегі немесе қандай да бір күндегі
төлемсіздікті есепке алмайды, яғни мұнда алдағы уақыттардағы қарызды өтеу
қабілетін болжанады. Өткен уақыттардағы қарыз алушының төлем
қабілетсіздігінің дәрежесі клиенттің несиелік қабілетін бағалау барысында
иек артатын ең бір формальды көрсеткіш болып табылады. Егерде қарыз
алушының мерзімі өткен қарыз болып, ал баласы өтімді және меншікті
капиталдың мөлшері жеткілікті болса, онда банкке өткен уақыттағы
төлемдердің бір рет кешіктірілуі, клиенттің несиелік қабілетсіздігі туралы
қорытынды үшін негіз болып табылмайды. Несиелік қабілетті бар клиенттер
банкке, жабдықтаушыларға, бюджетке ұзақ төлемсіздіктің болуын жібермейді.
Клиентің несиелік қабілетінің деңгейі, банктің нақты қарыз алушыға
беретін нақты ссудасымен байланысты қарапайым тәуекелдерінің дәрежесін
көрсетеді.
Қарыз алушының қаржылық тұрақтылығын объективті бағалау және несиелік
операцияларға байланысты мүмкін болар тәуекелдерді есепке алу банкке
несиелік ресурстарды тиімді басқаруға және пайда табуға мүмкіндік береді.
Әлемдік және отандық банктік тәжірбие қарыз алушының несиелік
қабілетінің мынадай критерийлерін бөліп қарайды: қарыз алушының
мінездемесі, қаражатты қарызға алу қабілеті; ағымдағы қызметі барысында
қарызды өтеу үшін қажетті қаражатты табу қабілеті ( қаржылық мүмкіндігі ),
капиталы, несиенің қамтамасыз етілуі, несиелік мәміле жасалатын жағдай,
бақылау ( қарыз алушының қызметінің заңдылық негізі, банк стандарты мен
қадағалау ұйымдарына ссуданың сипатының дәл келуі ).
Қарыз алушының мінездемесі деп оның заңды тұлға ретіндегі беделі және
менеджерлерінің беделі, қарызды қайтарудағы жауапкершілігі және несиенің
мақсатының банктің несиелік саясатына сай келуі түсіндіріледі.
Қарыз алушының заңды тұлға ретінде беледі оның сол аяда ұзақ уақыт
қызмет етуінен, экономикалық көрсеткіштерінің орташа салалық көрсеткіштерге
сай келуінен, оның несиелік тарихынан, оның серіктестерінің (
жабдықтаушылары, сатып алушылары, несие берушілері ) іскерлік әлеміндегі
беделінен тұрады. Менеджерлерінің беделі олардың кәсіби жарамдылығына (
білімі, жұмыс тәжірбиесі ) моральдық сапасына, жеке қаржылық және жанұялық
жағдайына, оның басқаратын құрылымы мен банк арасындағы қарым – қатынастар
нәтиежесіне байланысты негізделеді.
Қаражатты қарызға алу қабілеті қарыз алушының несиеге өтініш беруге,
несиелік келісім – шартқа қол қоюға немесе келіссөздер жүргізуге құқының
болуын, яғни кәсіпорынның немесе фирманың өкілдерінде белгілі бір
өкілеттіліктерінің болуын білдіреді.
Қарыз алушының несиелік қабілетінің ең негізгі критерийлерінің бірі –
оның қарыз өтеу үшін ағымдағы қызметінің жүргізілуі барысында қаражат табу
қабілеті болып табылады.
Қарыз алушының капиталы оның несиелік қабілетінің біршама маңызды
критерийі болып саналады. Оны бағалауда төмендегідей екі шарттың маңызы
зор:
1) Оның жеткіліктігі, яғни Орталық банктің тарапынан жарғылық
қордың ( акционерлік капиталдың ) ең төменгі мөлшеріне
қойылатын талабы және қаржы левераж коэффициенті негізінде
талданады;
2) Несиеленетін операцияларға меншікті капиталдың жұмсау
дәрежесі, яғни ол банк пен қарыз алушының арасында тәуекелдің
бөлінуін куәландырады. Қаншалықты меншік капитал жұмсалымы
көбірек болса, соғұрлым қарыз алушының несиелік тәукеліне
ықпал ететін факторларды қадағалап отыруға мүмкіндік туады.(6:
149-беттер)
Несиенің қамтамасыз етілуі – қарыз алушының активтерінің құны және
несиелік келісім – шартта көрсетілетін қарызды өтеуде екінші қосымша
көздердің ( кепіл, кепіл – кепіл – хат, кепілдеме, сақтандыру қағаздарының
) болуы. Мұндағы қосымша көздер қарыз алушының басына қаржылық
міндеттемелерін уақтылы орындауына кепілдік береді. Кепілдік сапасы,
кепіл – хат беруші, қарыз алушының ақшалай қаражаттың жеткіліксіздігі
жағдайында аса маңызды.
Несиелік операциялар жасалатын жағдайларға елдегі, аймақтағы,
салалардағы ағымдық немесе болжанған экономикалық жағдай, саяси фокторлар
жатады. Бұл жағдай банктің сыртқы тәуекел дәрежесін анықтайды.
Соңғы критерий – бақылау, бұл мынадай сұрақтарды ескереді: қарыз
алушының қызмет етуі және несиелік шаралардың жүзге асырыуы үшін заңды және
несиелік шаралардың жүзеге асырылуы үшін заңды және нормативтік негіз бар
ма? Заңдардағы күтілетін өзгерістер ( мысалы салық заңды ) қарыз алушының
қызметінің нәтиежесіне қалай әсер етеді? Несиелік өтініште көрсетілген
қарыз алушы және ссуда туралы мәліметтер, банктің стандартына, сол сияқты,
ссудалардың сапалылығын бақылап отырып, банктік қадағалау ұйымдарының
стандарттарына қаншалықты сәйкес келеді?
Аталып өткен, банк клиентінің несиелік қабілетін бағалау критерийлері
несиелік қабілетті бағалау тәсілдерінің мазмұнын анықтайды. Ондай тәсілдер
қатарына жататындар:
• Іскерлік тәуекелді бағалау;
• Менеджментті бағалау;
• Қарыз алушының қаржылық тұрақтылығын бағалау;
• Қаржылық коэффициенттерді бағалау;
• Ақша тасқынын талдау;
• Қарыз алушы туралы ақпарат жинақтау;
• Орналасқан жеріне бару арқылы, қарыз алушының жұмысын қадағалап отыру.
Отандық банктік тәжірибеде қарыз алушының несиелік қабілетін
бағалаудағы басты факторға оның қаржылық жағдайы жатады. Ол қарыз алушының
қызметін көрсететін көрсеткіш ретінде қызмет ете отырып, меншікті және
заемдық қаражаттарды орналастыру және пайдалану құрылымдарымен, сондай –
ақ пайданы алу, бөлу, және тиімді пайдаланумен сипатталады.
Қарыз алушының несиелік қабілетін бағалау оның қаржылық жағдайына
баға беруді сипатайды. Қарыз алушының қаржылық жағдайы оның мынадай төлем
қабілетінен байланысты:
1) Шаруашылық шарттарына сәйкес төлем талаптарын уақтылы қанағаттандыру;
2) Несиені қайтару;
3) Жұмыскер мен қызметкерлерге жалақы төлеу;
4) Бюджетке төлемдерді және салықтарды төлеу.
Қарыз алушының қаржылық жағдайы жақсы болса, ол барлық міндеттемелері
бойынша есеп айрыса алады.
Қарыз алушының несиелік қабілетін банктік талдау шектеулі және кең
көлемде жасалады. Қарыз алушының несиелік қабілетін талдау үшін оның
тиімділігін, төлем қабілет – тілігін, шаруашылық – қаржылық қызметін жан –
жақты бағалауға мүмкіндік беретін көрсеткіштер жүйесін ұсынатын көптеген
әдістемелер қолданылады. ҚР – да ҚР Ұлттық банкіндегі перспективалық
зерттеулер орталығы дайындап, ҚР Ұлттық банк Директоратының 27 қыркүйек
1994 ж. мәжілісінде №26 қаулы бойынша бекітілген Қарыз алушының несиелік
қабілетін банктердің талдауына байланысты әдістемелік нұсқауы , сондай –
ақ АҚШ – та және басқада елдерде пайдаланатын әдістемелер де біршама
танымал.
Кәсіпорынның қаржы – экономикалық жағдайын талдау үшін негізгі көздер
ретінде қаржы Министрлігі бекіткен келесідей жылдық бухгалтерлік есеп
формалары қызмет етеді: кәсіпорын балансы ( №1 форма ); Қаржы
нәтиежелері және оларды пайдалану туралы есебі ( №2 форма ); Кәсіпорын
балансына қосымша бет ( №3 форма ); сондай – ақ ҚР статистикалық есеп
формасы Кәсіпорынның қаржылық қызметінің негізгі көрсеткіштері туралы
есебі ( №1 – Ф – мерзімді тоқсандық формалары ) және Кәсіпорынның
(ұйымның, мекеменің ) өнімінің (жұмыстар, қызметтер ) кеткен шығындары
есебі( №5 – з – мерзімді - тоқсандық жылдық формалары ).
Қарыз алушының несиелік қабілетін бағалауда мынадай негізгі
көрсеткіштер пайдаланылады. ( 1 – кесте ):
Қарыз алушының несиелік қабілетін бағалау көрсеткіштері
Көрсеткіштер аттары Есептеу алгоритмі
Ағымдағы өтімділік Ағымдағы активтер ағымдағы
коэффициенті міндеттеме
Мерзімдік өтімділік Ағымдағы активтер – запастар
коэффициенті ағымдағы мңндеттеме
Активтер рентабельдігі Пайда кәсіпорын активтері
Рентабельділік сауда Өнімді сатудан түскен пайда өнімді
сатудан түскен түсім
Негізгі құралдар мен басқа Пайда негізгі құралдар + айналымнан
айналымнан тыс активтер тыс активтер
рентабельдігі
Меншікті капитал Пайда меншікті капитал
рентабельдігі
Ұзақ мерзімді міндеттеме Пайда ұзақ мерзімді несие жіне
рентабельдігі займдар
Қаржы тұтқасы коэффициенті Заемдық қаражаттар меншікті
қаражаттар
Тіркемелі активтерді өтеу Тіркемелі активтер ( ғимараттар және
коэффициенті құрылғылар – амортизация )
қамтамасыз етелген несиелер
Қарызға қызмет ету Пайда қарыз бойынша шығындар
коэффициенті
Қор қайтарым Жалпы пайда – түсім активтер
Осы көрсеткіштердің ішіне аса көңіл аударатын бұл баланс өтімділігіне
байланысты көрсеткіштер.
Өтімділік деп кәсіпорынның барлық төлем түрлері бойынша өз
міндеттемесін орындай алу қабілетін түсіндірді. Өтімділік жалпы қарыз және
өтімді қаражаттар ( ақшалай қаражаттар, алашақ қарыз, запастар ) көлеміне
байланысты болып келеді. Баланс өтімділігі актив баптарындағы ақшалай
қаражаттарға айналу мүмкіндігіне байланысты топтастырылған қаражаттарды,
пассив баптарындағы төлеу мерзіміне қарай топтастырылған міндеттемелермен
салыстыру арқылы анықталады.
Баланс активінің баптары олардың өтімділік дәрежелеріне қарай үш
топқа бөлінеді:
1. ақшалай қаражаттар ( есеп айрысу шотындағы және банктегі басқада
шоттардағы қаражаттар қалдығы; касса; басқа да ақшалай қаражаттар;
арнайы қорлардың қаражатттары; күрделі қаржы жұмсалымдарына
пайдаланылған қаражаттар қалдықтары );
2. жеңіл іске асатын талаптар ( өтлейтін мерзімі жетпеген, жөнелтілген
тауарлар және тапсырылған жұмыстар; берешектермен есеп айрысулар;
өзінің жүйесіндегі кәсіпорындардан оларға қаржылай көмек ретінде
берілген қаражаттар бойынша есеп айырысулар; банк ссудалары және
кәсіпорынның арнайы қорларынан берілген ссудалар бойынша жұмысшылары
және қызметкерлерімен есеп айырысу ). Жеңіл іске асатын талаптар
қатарына мерзімінде төленбеген жөнелтілген тауарлар мен тапсырылған
жұмыстар жатпайды.
Берешектермен есеп айырысу құрамында үш айға дейінгі қарыздар есепке
алынбайды. Мұнда өзінің жүйесіндегі кәсіпорындармен оларға қаржылай көмек
ретінде берілген қаражаттар бойынша есеп айырысу бабында жақын арадағы үш
ай ішінде қайтарылатын қарыздар есепке алынады.
3. жеңіл іске асатын тауар – материалдық құндылықтар ( арзан бағалы тез
тозатын заттарды шегеріп тастағандағы өндірістік қорлар; аяталмаған
өндіріс; алдағы уақыт шығыстары; дайын өнім; басқа да айналым
қаражаттары).
Қарыз алушылардың салалық ерекшеліктеріне байланысты өтімділік
коэффициентінің біршама оңтайлы мәні 1, 2 мен 1, 5 аралығын құрайды.
Көрсетсеткіштің мәнінің 1 –ден төмен болуы жарамайды. Өтімділік
коэффициенті қарыз алушының қарызды өтеу үшін жедел түрде шаруашылық
айналымнан ақшалай қаражаттарды босатуын сипаттайды. Қаншалықты бұл
коэффициенттің мәні жоғары болса, соғұрлым қарыз алушы тұрақты келеді.
Бірақ та алашақ қарыздың сипатын ескеру қажет. Алашақтар ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz