Аймақтық нарықтың дамуы және қалыптасу ерекшеліктері



Кіріспе.
1.ТАРАУ. Аймақтық нарықтың дамуы және қалыптасу ерекшеліктері.
1.1. Әлеметтік.экономикалық дамуды басқарудағы аймақтардың ролі.
1.2. Аймақтық дмуды мемлекеттік реттеудегі оталық атқарушы органның реттеуші қызметтері.
1.3. Әлеуметтік.экономикалық дамуды басқадағы аймақтың ролі.
1.4. Қазақстан Республикасындағы аймақтық басқарудың ерекшеліктері.
2.ТАРАУ. Аймақтық басқару кезіндегі эффективті менеджментті пайдаланудың мәселелері.
2.1. Аймақты басқаруда басқару принциптерін пайдалану.
2.2. Басқарушының аймақтық бақылау процессін жүзеге асырудағы мәселелер
2.3. Аймақтық дамуды мемлекеттік реттеу механизмі мен құрылымы.



Қорытынды.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі.
Басқару – мемлекеттік және қоғамдық ұйымдарда, қоғамдық құрылыстың барлық саласында қолданылып, аз шығындармен, барынша тиімділікке қол жеткізуді көздейді. Сондықтан да басқару теориясы мен тәжірибесі барлық деңгейлерге тән. Басқару – процесс ретінде жалпылама сипатқа ие болып, табиғаттың барлық құбылыстарында, яғни өлі табиғатқа (өндірістік құралдар мен еңбек заттарын басқаруда), тірі табиғатта (биологиялық жүйелерді) және қоғамдағы әлеуметтік жүйені басқару процестерінде орындалады. Осыған байланысты басқару ісі барлық бірдей территориялық бөліктерде, әлеуметтік-экономикалық жүйелерде объективті түрде жүзеге асырылады.
1. Қазақстан Республикасының Коституциясы.
2. Фишер; Дорнбуш. "Экономика" :М 1998г.
3. Костьюк В.Н. "Макроэкономика" :М 1998г.
4. Черников Д. "Макроэкономическая теория" :М 1997.
5. Макконел Брю. Экономика: принципы, проблемы и политика. 2том :М,1992. 1.Әубәкіров Я, Экономикалық теория негіздері. Оқулық, 1996 21-бет.
6. Әбдіразақов Т. Нарык және басқару проблемалары. // Журнал, "Ақиқат" 1,2000ж.
7. Экономика, Учебник/ Под. ред А.С Булатова - М, 1999 549-558стр. Бункина, Семенов. Макроэкономика: основы экономической политики. :М 1999г.
8. Гайнуллин М.А "Экономическая политика" :А, 1998г.
9. Иванов М. Роль государства в экономике - Журнал, "Экономист",
1995г.
10. Клас Энклунд Эффективная экономика. Шведская модель,
:М,1991г.
11. Н.Бачурин А.В. Укрепление взаимосвязи плана и рынка.-
Журнал "Экономист", 1991г.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар.

Кіріспе.
1-ТАРАУ. Аймақтық нарықтың дамуы және қалыптасу ерекшеліктері.
1.1. Әлеметтік-экономикалық дамуды басқарудағы аймақтардың ролі.
1.2. Аймақтық дмуды мемлекеттік реттеудегі оталық атқарушы органның
реттеуші қызметтері.
1.3. Әлеуметтік-экономикалық дамуды басқадағы аймақтың ролі.
1.4. Қазақстан Республикасындағы аймақтық басқарудың ерекшеліктері.
2-ТАРАУ. Аймақтық басқару кезіндегі эффективті менеджментті пайдаланудың
мәселелері.
2.1. Аймақты басқаруда басқару принциптерін пайдалану.
2.2. Басқарушының аймақтық бақылау процессін жүзеге асырудағы мәселелер
2.3. Аймақтық дамуды мемлекеттік реттеу механизмі мен құрылымы.

Қорытынды.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі.

Кіріспе.
Басқару – мемлекеттік және қоғамдық ұйымдарда, қоғамдық құрылыстың
барлық саласында қолданылып, аз шығындармен, барынша тиімділікке қол
жеткізуді көздейді. Сондықтан да басқару теориясы мен тәжірибесі барлық
деңгейлерге тән. Басқару – процесс ретінде жалпылама сипатқа ие болып,
табиғаттың барлық құбылыстарында, яғни өлі табиғатқа (өндірістік құралдар
мен еңбек заттарын басқаруда), тірі табиғатта (биологиялық жүйелерді) және
қоғамдағы әлеуметтік жүйені басқару процестерінде орындалады. Осыған
байланысты басқару ісі барлық бірдей территориялық бөліктерде, әлеуметтік-
экономикалық жүйелерде объективті түрде жүзеге асырылады.
Сонымен қатар менеджмент басқару процесіне объективті түрде қатыса
отырып, өзінің қалыптасуы мен қызмет барысында қолайлы жағдай жасауды талап
етеді. Осының есебінде басқару әрекетінде әрбір территорияның ерекшелігін
барынша ескеру, жергілікті экономиканың дамуы мен қызмет жасауын реттеуді
қалыпты орынға қою талап етіледі. Кәсіби ммемлекетті құру барысында ісіне
адал әрі біздің басты мақсаттарымызға қол жеткізуде халықтың өкілдері
болуға қабілетті Қазақстанның мемлекеттік қызметшілерінің ықпалды және осы
заманғы корпусын жасақтау.
Осы ұзақ мерзімді басымдықтардың әрқайсысы үшін бір жылдық, үш, ал
кейіннен бес жылдық жоспарларда белгіленеген нақты іс-қимылдарға күш-
жігерді жұмылдыра отырып оны дәйекті түрде іске асыру қажет.

1-ТАРАУ. Аймақтың басқару жүйесінің құрылу принциптері және қалытасу
ерекшеліктері.
1.1. Әлеуметтік –экономикалық дамуды басқарудағы аймақтардың рөлі.
Қазіргі таңда мемлекеттік даму барысында аймақтардың және олардың
билік ететін органдарының рөлі арта түсуде. Оған себеп жағдайлар мыналар:
• әлеуметттік және адам факторының басым рөлі атқаруы
• аймақтардың өзара байланыстарынң ұлғаюы
• аймақтардың өндіріс құрылыс пен инфрақұрылымдық күрделене түсуі
• территориялық еңбек бөлінісі әрі оның тереңдей түсуі мен халықаралық
маңызының арта түсуі.
Мұндай жағдай Қазақстанға да тән, себебі мемлекеттік тәуелсіздік құру
экономикалық дамыған аймақтарсыз, кеңейтілген әлеуметтік инфрақұрылымсыз
мүмкін емес. Қандай да болсын мемлекеттің аймақтық саясатын анықтау өте
үлкен қажетті заңдылық.
Мұндай саясаттың негізгі көрсеткіші болып өндірушілер мен тұтынушылардың
экономикалық бостандығы мен іскерлігі есептелінеді. Аймақтар мен шаруашылық
бірліктеріні дамуы үшін қажетті жағдайлар өзін-өзі басқару, өндіріс құрал-
жабдықтарының нарығы, валюталық қаражат және бсқа элементтер. Сонымен
қатар, аймақтық басқару жалпы республиканың және облыстарының
ерекшеліетерінің барлық түрлерін қамтуы тиіс.
Жаңа кезеңде әлеуметтік-экономикалық дамуда аймақтық басқару саласы дамып
келеді.
Аймақтық нарықты объект ретінде екі жағынан қарауға болады..
1. Ол елдің халық шаруашылық нарығының ажыратылмайтын бөлігі;
2. Дербес жүйе.
Аймақтық басқарудағы маңызды мәселелерінің бірі – амақтық басқарудың
әдістерін жетілдіру. Бұл мәселе өзін-өзі басқарумен байланысты.
Жетілдірудің негізгі жолдарының бірі – экономикалық әдістерге
көшу.萕Өйткені жергілікті өкімет органдарына көптеген өкілеттілік беріліп
отыр. Нақты айтқанда қаржының бірталай үлесін, материалдық қорларды
өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымға бағыттауды басқару болып
табылады.
Аймақтық басқарудағы күрделі мәселелердің бірі әлеуметтік-экономикалық іс-
әрекеттің үш түрін жедел дамыту болып табылады.
а) аймақтық - салалық өзара байланыстар (әлеуметтік және өндірістік
инфрақұрылымдарының дамуы, қоршаған ортаны қорғау т.б.);
ә) тоталитарлық жүйе кезінде облыстардың жағдайына орталықтандырылған
басқарушылық тарапынан мүлде көңіл бөлінбеуі;
б) салааралық байланыстар (салааралық өндірістің дамуы, ресурстарды қайта
пайдалану, өндірістік кооперация) аймақтың шеңберінде;
в) жоғарыға қарайтын кәсіпорындарда өндірістерді дамыту (жоспарларды
үйлестіру, олардың орынддарын бақылау, халықтың тұтыну тауарларын өндіру).

1.2. Аймақтық дамуды мемлекеттік реттеудегі орталық атқарушы органның
реттеуші қызметтері.
Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы, келешек өркендеуі көбінесе
оның аймақтарының, облыстарының даму деңгейін сипаттайды. Қазақстанның әрбр
облысы өзінше қалыптасқан күрделі, аумақты, өз ерекшелігі мол әкімшіліггггг
– шаруашылық кешен. Көптеген облыстық органдардың орталықсыздандырылуы
пайдалана отырып көптеген мселелерд өз бетмен бақылау жне оны тез шешуге
мүмкндг мол. Экономикалық, леуметтк, саясаттық процестің қандай жағдайында
өтіп жатқаны туралы мәліметтер аумақ шеңберінде тез пайдаланып керекті
басқару шешім қабылданады. Мұндай жағдай экономикалық бостандықтың белгісі.

Осыған байланысты қазіргэкономика ғылымының шұғылданатын мәселесі: нақылы
облыстар, райондар,қалалардағы шаруашылықтың құбылыстары мен процестерін
зерттеу болып табылады. оған мынадай жағдайлар әсер етеді:
• теталитарлық жүйе кезінде облыстардың жағдайына орталықтандырылған
басқарушылық тарапынан мүлде көңіл бөлінбеуі;
• Республикада салалық негіздердіңң әлсізденуі, технологиялық бірлігінің
ажырауы.
2. Жоғарғы ғылыми өндірістік потенциалды ауыр өнеркәсіптік саланы
мамандандыру және жоғарғы технологиялық ғылыми сиымды өндіріс құру үшін
жағымды экономикаылқ шарттары мен жағдайы мен облыстар
3. Агроөнеркәсіптік кешен (АӨК) салаларында маманданған аймақтар. Олар
республикада азық-түлік қорларының негізі болып табылады.
4. Жағымсыз климаттық, әлеуметтік-экономикалық жағдаймен, сонымен қатар
халық шаруашылығының салалық құрылымдарының тиімсіздігі және экономикалық
дағдарыстағы аудандар мен депрессиялық облыстар.
Бірінші топтағы аймақтарды аймақтық инфрақұрылымды, нарық
инфрақұрылымын құру, сонымен қатар шетел инвесторларының қатысуымен
мемлекеттік қолдау жүйесінің маңызы зор.
Екінші топтағы аймақтарды мелекеттік реттеу, аймақ экономикалық
құрылымын қайта құру шаралары арқылы жүзеге асырылады.
Үшінші топтағы аймақтарды меншіетің әртүрлі нысандарының дамуы
қаржылық – экономикалық механизмдермен ынталандырулар, ауыл шаруашылығы
өндірісін реформалау бағытын жалғастыру іс-әрекеттері арқылы жүзеге
асырылады.
Төртінші депрессиялық топтардағы облыстарда, аймақтарда мемлекеттік
реттеу әдістері басым болып табылады., яғни белгілі бір жобаға сәйкес
қаржылық көмек көрсету және олардың пайдалануына қатаң бақылау жүргізеді.
Қазіргі кезде республикада әртүрлі макрэкономикалық көрсеткіштер
бойынша аймақтар мынадай топтарға бөлінеді:
1 топ, яғни жан басына шаққандағы ұлттық табыс деңгейі республика
деңгейінен жоғары. Оған: Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қарағанды,
Маңғыстау, Павлодар облыстары, Алматы қаласы.
2 топ, жан басына шаққандағы ұлттық табыс республика деңгейінен сәйкес:
Атырау, Жезқазған, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары.
3 топ, ең төмен деңгейлі: Алматы облысы, Жамбыл, Батыс Қазақстан,
Қызылорда, Семей, Талдықорған, Оңтүстік Қазақстан облыстары.

1.3. Әлеуметтік-экономикалық дамуды басқарудағы аймақтың рөлі.
Экономикалық дамудың шешуші нгізгі факторының бірі – аймақтық даму. Кез
келген экономикалық саясаттың басым бағыттарының бірі экономикалық
механизмдерді аймақтандыру, соның нәтижесінде экономикалық бәсекеге
қабілеттілігін арттырып, жалпы экономикалық потенциалды жоғарлату. Қазіргі
кезде мемлекеттік даму барысында аймақтың және олардың билік-атқарушы
органдарының рөлі арта түсуде. Себебі:
• әлеуметтік және адам факторларының басым роль атқаруы;
• аймақтың өзара байланысының ұлғаюы;
• территориялық еңбек бөлінісі және оның тередей түсуі мен халықаралық
маңызының артуы;
• аймақтың өндіріс және құрылыс пен нарық инфрақұрылымының күрделене
түсуі және т.б.
Аймақтық дамудағы орталық атқарушы органдарының реттеуші қызметтері
мнадай факторлармен байланысты: 1. аймақтық шаруашылық субъектілердің
қызмет еті үшін заңдық, құқықтық және нормативтік базаны қалыптастыру. 2.
республиканың ең төмеңгі өмір сүру деңгейіндегі топтарына жататын
тұрғындарды мемлекеттік кепілдіктермен қамтамасыз ету. 3. ел экономикасы
үшін аймақтардың экономикаылқ дамуындағы басым салалардың тұрақты дамуын
қамтамасыз ету және т.б.
Жергілікті атқарушы органдардың реттеуші қызметтері мынадай жағдайды
қамтамасыз етеді:
• экологиялық факторларды ескере отырып аймақтың әлеуметтік-экономикалық
тепе-теңдігінің дамуы;
• жергілікті шаруашылық қызметтерді ұйымдастыру, тұрғындарға әлеуметтік-
мәдени қызметтер көрсету және оларды әлеуметтік қорғау;
• қоршаған ортаны қорғау, табиғи, еңбек және т.б. аймақтық ресурстарды
тиімді пайдалану;
• кәсіпкерлік қызметті дамыту. Қолайлы инвестициялық ахуалды
қалыптастыруға байланысты жағдайлар жасау;
• аймақтық дамудың ұзақ мерзімді болжамдарымен индикативтік жоспарларына
ұсыныстар жасау.
Аймақтық органдардың тікелей реттеуші қызметтері муниципалды меншікке
жүргізледі. Ал басқа секторлар объектілерін реттеу экономикалық жанама
әдістер арқылы жүзеге асырылады.
Аймақтық күрделі мәселелерінің бірі әлеуметтік-экономикалық іс-
әрекеттердің 3 бағытын жедел дамыту болып табылады:
а) аймақтық-салалық өзара байланыстар, яғни әлеуметтік және өндірістік
инфрақұрылымның дамуы, қоршаған ортаны қорғау, ұдайы өндіріс процесін
қамтасыз ету;
ә) салааралық байланыста, яғни мұнда салааралық өндірістің дамуы,
ресурстарды қайта пайдалану, өндірістік кооперация т.б. аймақ деңгейінде
жүзеге асыру;
б) жоғарыға қарайтын кәсіпорындарда өндірісті дамыту, жоспардың орындалуын
бақылау, қоғамдық тұтыну тауарларының өндірісін қамтамасыз ету.

1.4. Қазақстан Республикасындағы аймақтық басқарудың ерекшеліктері.
ҚР әлеуметтік-экономикалық дамуы оның аймақтарының, облыстарының даму
деңгейімен сипатталады. Мемлекеттік реттеу әртүрлі аудандарда арнайы
әдістерді жасау арқылы олардың потенциалды мүмкіндігін ашу мақсатында
әзірленеді. Осы тұрғыдан Қазақстанның барлық аймақтары 4 топқа бөлінеді.
Олар:
1-ші топ - стратегиялық сипаттағы минералдық ресурутардың мол қоры
және өндірістік потенциалдың қарқынды даму мүмкіндігі бар аймақтар;
2-ші топ – жоғары ғылыми - өндірістік потенциалды, ауыр индустриалды
саладағы мамандандыру, жоғары технологиялық ғылыми көлемді өндіріс құру
үшін жағымды экономикалық шарттары мен жағдайы бар облыстар;
3-ші топ – АӨК салаларында мамандандырылған облыстар. Олар
республикада азық-түлік қорларының негізі болып табылады.
4-ші топ – экстремалды табиғи климаттық, әлеуметтік-экономикалық және
техника-технологиялық жағдайлармен, халық шаруашылық салалық құрылымының
тиімсіздігі және де экономикалық дағдарыстағы аудандармен көрсетілген
депрессиялық облыстар.
Бірінші топтағы аймақтарда аймақтық инфрақұрылымды, нарық
инфрақұрылымын құру, сонымен қатар, шетел инвесторларының қатысуын немесе
мемлекеттік қолдау жүйесінің маңызы бар.
Екінші топтағы аймақтарда мемлекеттік реттеу аймақ экономиканың
құрылымын қайта құру ке薘 көлемдегі жекещелендіру арқылы бағыттайды.
Үшінші топтағы аймақтарда меншіктің әртүрлі нысандарының дамуы,
экономикаылқ тетіктер мен ынталандырулар ауыл шаруашылығы өндірісін
реформалау бағытын жалғастыру төңірегіндегі шоғырландыру іс-әрекеттері
көрсетіледі.
Депрессиялық (4-ші) топтағы облыстарда мемлекеттік реттеу әдістері
басым болып табылады, яғни белгілі жобалауға сай қаржылық көмек көрсету
және де олардың пайдалануына қатаң бақылау жүргізу.

2-ТАРАУ. Аймақтық басқару кезіндегі эффективті менеджментті пайдаланудың
мәселелері.
2.1. Аймақты басқаруда басқару принциптерін пайдалану.
Ұжымға басшылық ету процесінде, әлеуметтік-экономикалықтан басқа,
әлеуметтік-психологиялық қатынас та қалыптасады. Бұл ең алдымен ұйымның
әртүрлі статустары, иерархиялық құрылымдары (бір жұмыскердің екіншісіне
бағынуы арқылы көрінетін) және жеке адамдар арасындағы қарым-қатынас,
олардың әлеуметтік-психологиялық мазмұны, бірін-бірі мойындау, ықпал ету,
стиль, мүдделік т.б. болып саналады. Басқарудың дұрыс стилін таңдай білу
әлеуметтік-психологиялық проблеманың өзектісі. Басқармадағы жұмыскердің
шынайы мәдениетіне неғұрлым толық, әрі түбегейлі баға басшы жұмысының стилі
бойынша жүзеге асады. Басқару қызметіндегі әрбір басшы тек өзіне ғана тән
стильде қызмет міндетін орындайды. Адамдардың қарым-қатынасында, соның
ішінде басқару қызметін жүзеге асыруда стильге ерекше мән беріледі.
Честерфольд стиль – ой дүниесі десе, Бьюфурон стиль – адамның өзі деп
тұжырымдайды.
Бұл нақым сөздердің дұрыстығын қазіргі жұмыс стилінің түсінігі де
дәлелдей түседі. Қазіргі кезде стильді басшының басқару қызметін тиімді
орындау мақсатында өзінің қарамағындағыларға ықпал етуі бойынша бағалайды.
Сонымен, басшылық стилінің мәні сол, басшы қандай әдістермен ұжымның
қарқынды және творчестволықпен өзіне бекітілген жұмысты орындауына ықпал
ете алатындығында, қарамағындағылардың іс-әрекеті нәтижесін қалай
бақылайтындығында. Қабылдаған стиль ұжымда ерекше жағдай мен қарым-қатынас
туғызады.
Басшылық стилі тұрақтылығымен, амалдарды жиі-жиі қайталамауымен
ерекшеленеді. Бірақ мұндай тұрақтылық салыстырмалы түрде, өйткені көптеген
мамандардың бағалауынша стильге әдетте ырғақтылық тән,
олардыңтұжырымдауынша ең дұрыс басшылық – бұл ырғақтылық және де
басшылық ет білу – бұл басшылық силін өзгерте білу.
Басшы жұмысының стилі – оның басқару поцесінде пайдаланатын
тәсідердің, амалдардың іс-әрекетерінің жиынтығ. Басшының стилі – бұл шешім
қабылдау және қызметкерлерге тапсырма беру әдісі.
Басшылық стилі басқару тәсілімен белгілі бір ара қатынаста және өзара
әрекетте болады. Алайда олар бірдей ұғымда емес. Басқару тәсілі – басқару
ісін жүзеге асырудың жиынтық әдстері, амалдары, жұмыскерлер мен еңбек
ұжымына ықпал ету, басқару қызметін орындау процесінде олардың іс-
әрекеттерінүйлестіруі қамтамасыз ету. Бұл ұғымның ең әділ, дұрыс бағасы
мынадай: Тәсіл мен стильді музыка шығармаларын орындау нотасымен және
мәнерімен салыстыруға болады: нота барлығына бірдей, алайда әрбір орындаушы
шығарманы өзінше бейнелейді.
Басшының дербес және жалпы стилі болады. Әрбір басшының дербес стилі
бар, мұның өзі оның іс-әрекетінде көрініп, басқару аппаратының және бүкіл
ұжымның жұмысына елеулі ықпал етеді. Дербес стиль нақты құбылыс – оны
түгелдей, егжей-тегжейлі қайталауға болмайды. Басшының дербес стилі алуан
түрлі объективтік факторлардың ықпалымен қалыптасады:
1. Іс-әрекет сипаты;
2. Басшы мен бағыныштылар арасындағы өзара байланыс;
3. Психологиялық қасиеті;
4. Орындау тәртібінің жағдайы т.б.
Басшы мен бағыныштының өзара қарым-қат麳нас жасауы ұжымның ықпал ету
нәтижесінде басшы стилі үнемі жетілдіріп отырады.
Стильдің қалыптасуы – бұл ұзаққа созылатын, күрделі, мақсатты прцесс.
әрбір басшы және өзінің қарамағындағыларға алуан сипатта тексерілетін
тәсілдер мен амалдарды қолдана білуі тиіс.
Стиль дегеніміз әлеуметтік құбылыс, өйткені, біріншіден, онда басшының
көзқарасы мен сенімі бейнеленеді, екіншіден, ол түптеп келгенде, жүйенің
қалыпты жұмыс істеуінің ақырғы нәтижесін ойластырады. Басшы ұстанған стилі
оның қарамағындағылардың ұдайы назарында болып, олар мұны өзінше бағалап,
өзінше қабылдайды. әдетте, басшы стилі бүкіл жүйеге таралады, өйткені
жұртшылық оның жүріс-тұрысына, ісіне зер салады, соған еліктейді, содан
үлгі-өнеге алуға, үйренуге талаптанады.
Басшыға ұжымның барлық мүшелерін қанағаттандыратын жұмыс стилін
қалыптастыру оңайға түспейді. Бағыныштыларына ықпал етудің кейбір амалдары
алуан түрлі бағалануы мүмкін. Егер бір басшы оларға сенім көрсету арқылы
ықпал ететін болса, екіншісі тиістісің, міндеттісің секілді қағиданы
басшылыққа алады. Кейбір басшылар бағыныштыларына қатаң тәртіп орнатып,
оларды өзінен аулақ ұстайды да, ұсақ-түйек мәселеге дейін өзі шешеді.
Енді бір басшылардың есгі әрқашанда ашық, оған кез келген мәселе туралы
пікірлесуге, ұсыныс айтуға болады. Бір директор күн ссайын бригадаларды
аралап отырады, ал екінші біреуі мұны қажет санамайды. Басқару стилінің
типі түбелікті қалыптаспаған, сондықтан да отандық және шет елдік
әдебиеттерде оның өзі түріше жіктеледі. Мәселен, Х.Кох (Германия) басшы
стилін былайша бөледі:
1. Бір жақты автократтық стиль;
2. Билікті біркелкі қолдана отырып басқару стилі;
3. Өндіріс процесіне немесе тұтастай жұмыс процесіне біркелкі қатыса
отырып басқару стилі;
4. Парламенттік сипаттағы басқау стилі;
5. Бағыныштылар негізінен дербе, жоғарғы башылардың тікелей қатысуынсыз-
ақ әрекет ететін басқару стилі.
Автократтық және парламентаралық стильдер қолайсыз деп саналады, өйткені
алғашқысында бағыныштылар тарапынан ешқандай дербестік болмайды, ал
екіншісінде жұмыс жоспарсыз жүргііліп,бағыныштылар мүлде дербес әрекет
етеді.
Ең қолайлысы кооперативтік стиль – жақсы ынтымақтастыұқ, ұйымдасып
әрекет ету, қиын-қыстау жағдайда өзара бірлесе, ынтымақтаса отырып күш
біріктіру. Басшы жұмыскерлерді мұқият тыңдайды, олардың ұсыныс пікірлерін
ескереді, нақты міндеттер қойып, шешімді жоспарлайды. Мұндай стильде
қойылған міндеттер іскерлікпен орындалады, өйткені дәл осындай жағдайда
қызметкерлер өзін іске қатыстымын деп есептейді.
АҚШ-та мынадай стильдер белгілі (басқару жүйесі деп аталады):
1. Қызметті беру стилі
2. Міндеттті бөлісіп басқару
3. Ерекшелеу тәсілімен басқару
4. Жүйені ретке келтіру арқылы басқару.
1. Қызметті беру стилі әрбір қызметкерге, өзі басқара алатын нақты істі
тапсыруды көздейді. Бұл қызметкер өзіне бекітілген іске толық жауап береді,
ал оның бастығы басқару жауапкершілігін саналы түрде шектейді.
2. Міндеттті бөлісіп басқару жүйесінде басшы мен бағыныштылар алдағы
міндеттерді бірлесіп қарастырады да әрбір адамның міндет аясы белгіленіп,
нәтижесіне орай жауапкершілігі айқындалады.
3. Ерекшелеу тәсілімен басқару басшының міндеті өз қызметкерлерінің
мүмкіндікті тиімді пайдалануына қолайлы жағдай туғызу болып саналады.
Төменгі лауазымдағы қызметкерлер белгіленген еңбек нормасына және жұмыс
нәтижесін бағалау межелеуіштеріне сәйкес көмек қажеттігін хабарлайды, ал
көмек қажет бола қалса, қай уақытта екендігін мәләмдейді.
4. Жүйені ретке келтіру арқылы басқару белгіленген тәртіпті қатаң
басшылыққа алу, жұмыс процестері мен еңбек тәсілдерінің шаруашылық –
экономикалық қызметін жеңілдету көзделеді.
Демек, басқару стилінің жіктелуі алуан түрлі екендігін аңғарамыз, оның
үстіне осы жіктеулердің қай-қайсысы болмасын басқарудың сан қырлы стилін
толық қамтымайды. Бізде басқару стилінің ондаған түрі бар.
Басшы стилін жіктеу негізіне, әдетте, басшы мен бағынышты аралығындағы
қарым-қытынас сипаты алынады. Басшының жеке-дара ерекшеліктеріне, оның
саяси, ұйымдық, педагогикалық, моарльдық-этикалық, кәсіптік салалары
жатады. Басшының стиль ерекшеліктері осы аталған компоненттердің (құрылым
тармақтарының) қайсысы басым болтындығына байланысты. Практикада көбінесе
басқарудың классикалық үш стилі кездседі: либералдық, авторитарлық және
демократтық.
Либералдық стиль: мұндай жұмыс стилінде басшы ерекше белсенділік
танытпайды, іс-әрекетінде кездейсоқтық басым, жүйелілік болмайды. Мұндай
типтегі басшылар принципсіз мәселелердің өзінде, өзінен жоғары
қызметтегілерге қарайлайды.
Мұндай стильдеі басшы тәртіп бұзушыға қатаң талап қоймайды,
қарамағындағылардың білімінің төмендігіне, жұмысты орындауына және еңбек
тәртібіне онша мән бермейді.
Мәселелерді немқұрайлы талқалайды, ашық пікірлесуге, сын-ескртпелерге
бара бермейді. Мұндай басшы кез келген келіспеушілікті жағымсыз құбылыс
ретінде қабылдайды. Ұжымда мұндай басшының беделі онша болмайды, әрі
кәсіпорында тиімді жұмыс істей алмайды. Соның салдарынан жауапсыздық,
беркесіздік, тәртіптің бетімен кетушілігі орын алады.
Авторитарлық стильдің негізгі макиавеллизм деп аталады. Бұл стиль Николо
Макиавеллидің құрметіне қойылған. 1532 жылы ол Принц кітабында билеушіге
ақырғы нәтижеге жету үшін амал таңдаудың қажеті жоқ, өйткені мақсат
тәсілді өтейді деген идея ұсынады.
Авторитарлық стильде (Батыста мұны тиімсіз деп есептейді және де мүлде
дерлік кездеспейді) шешімді бір адам қабылдайды, ол жарлық, бұйрық түрінде
келеді (менің айтқаным бойынша істе). Бұйрық талқыланбайды, күдіктенуге
хақың жоқ.
Автократ бағыныштыларының іс-әрекет өз жауапкершілігіне алады тек қажетті
мәліметтер жөнінде ғана пікір алысып, өз жоспары туралы әңгіме қозғамайд
мәліметті тым көп жинайтындықтан жұмыс басты болады.
Автократ басшылар сыртай бұйрығы, үнемі жұмысты ойлайтын адам сияқты
көрінеді, олардың жүзінде жұмыс бастылық, іске үлкен жауапкершілік
сезіледі. Д.Браунның сипаттауынша, ...автократ, секірген жылу жүйесі
секілді, қоршаған орта климатына, дәл мағынасында эмоционалдық климатқа
көңіл бөлмейді.
Мәжілісті көбінесе бағыныштыларына нұсқау беру түрінде өткізеді. өзінің
қармағындағыларды жиі-жиі қатты сынайды. Ол ұжымдағы кез келген бей ресми
топтарды қатаң айыптайды. Мұндай стиль тиімсіз, творчестволық белсенділік
туғызбайды. Дегенмен, мұндай стиль өміршең келеді. Оның өзі басшының жеке
басының сапасына немесе ол басқарып отырған ұжымның құрылымына байланысты.
Егер басшы өз ісін жетік білмесе, әрі кәсіби білім дәрежесі өзі басқарып
отырған адамдардан төқмен болса, онда ол авторитарлық стильді пайдалануға
мәжбүр болады. Алайда автократтардың барлығы бірдей біліксіз, білімсіз
емес. Кейде ұжымға кәсіби білімі өте төмен адамдар жинақталады. Мұндай
жағдайда тәжірибелі басшылардың өзі де авторитарлық стиль элементтерін
қолдануына тура келеді.
Авторитарлық стильдің алуан түрлі нышаны болады:
Патриархалдық; барлық жанұя мүшелері басшыға бағынуы тиіс, ал басшы
бағыныштыларын әлі жетілмеген деп есептейді;
Харизматикалық (харизм – Құдай шапағаты): Лидерді ең көрнекті, дана деп
есептейді, ал оның өзі бағыныштыларына өте қатал, аяусыз, әрі оларға
қамқорлық жасауды қажет деп санамайды;
Автократтыөқ; жеке адамдардан гөрі институтқа (мемлекетке, кәсіпорынға)
тән. Басшылықты аппараттағы бағынышты инстанциялар арқылы жүзеге асырып
жанама түрде автократтық шешімді жүзеге асырады;
Бюрократтық (төрешілдік) – бұл туралы төменде толығырақ баяндалады.
Демократтық стильде (Батысты кооперативтік стиль деп аталады) мәселенің
көпшілігі ұжымда талқыланып, сонда шешіледі, бұйрықтар осындай талқылаудан
кейін беріледі. Проблеманың көпшілігі ұжымда шешіліп, сонан кейін
бекітіледі (мадақтау және жазалау, қоғамдық өмір мәселелері, жұмысқа
қабылдау және жұмыстан шығару т.б.).
Демократ басшы ұжымдағы мәселелер туралы, алда ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Нарық – қоғамның экономикалық өмірінің негізі және оның постсоциалистік экономикада қалыптасу механизмі
Лизинг және әлемдік лизингтік нарықтың қалыптасуы
Нарықтық экономикадығы әрекеттер мен табыстар және әлеуметтік негізгі саясат
Экономиканы мемлекеттік реттеу объектісі
Қазақстан нарық қатынастардың қалыптасуы мен даму кезендері
Қазақстанда рыноктың қалыптасу ерекшеліктері мен заңдылықтары
Лизинг жайлы
Нарық қоғамның экономикалық өмірінің негізі
Нарық жүйесі
Франчайзингтың теориялық аспектілері
Пәндер