Ақшалай қаражаттарды бағалы қағаздарды түгендеу



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 3
І. Ақша қаражаттары мен бағалы қағаздар операцияларын есепке алуды ұйымдастыру.
1.1. Ақша қаражаттарымен бағалы қағаздар операциясының міндеттері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
1.2. Ақшалай қаржылармен бағалы қағаздар мен есептеудің құжатталуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10
1.3. Ақша қаражаттарымен бағалы қағаздардың шот корреспонденциясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 11

ІІ. Ақша қаражаттары мен бағалы қағаздар есебінің аудиті
2.1. Бағалы қағаздар шотындағы ақша есебінің аудиторлық тексеру бағдарламасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17
2.2. Бағалы қағаздар шотындағы ақша есебінің аудит сатылары ... ... ... ... 22
2.3. Бағалы қағаздар шотындағы ақша есебінің аудиторлық қорытындысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .23

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 25
Қосымшалар
Қолданылған әдебиеттер
Тақырыптың өзектілігі, қазіргі нарықтық экономиканың дамуына сай кәсіпорындар мен ұйымдардың, фирмалардың арасындағы ақшалай қарым-қатынас, соның ішінде алашақ және берешек операциялары кезіндегі есеп айырысу шотындағы болатын ақшалай қаражаттарының қозғалысын талдау болып табылады. Көбіне мұндай қозғалыстар есептесудің қолма-қол ақша және қолма-қол ақшасыз төлеу жолы арқылы жүргізілгендігінен болады. Қолма-қол ақшамен есеп айырысу Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк мекемесі белгілеген ережелер мен тәртіпке сай жүргізілуі тиіс.
Курстық жұмыстың өзектілігін негізге ала отырып, оның мақсаттарына тоқталар болсақ: біріншіден - ақша қаражаттары мен есеп айырысу операцияларын есепке алуды ұйымдастыру туралы жазу. Екіншіден, есеп айырысу шотындағы қолма-қол және қолма қолсыз ақшаның есебі туралы жазу. Есеп айырысу кезінде құжаттың дұрыс толтырылуын, дұрыс жүргізуін нақты, дұрыс көрсету.
1.Қазақстан республикасының 26. 12. 95 ж № 2732, «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы» Заңы
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық комиссиясы бекіткен бухгалтерлік есеп стандарты
3. Халықаралық қаржылық есеп стандарты
4. Қазақстан Республикасының министрінің бұйрығымен, «Бухгалтерлік есеп Типтік шот жоспарын бекіту туралы».
5. Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің міндеттерін атқаратын «Бухгалтерлік есеп типтік шот жоспарын қолдану әдістемелік ұсыныстарын бекіту жөнінде» бұйрығы
6. Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігінің Халықаралық Қаржылық есеп стандартына сай жүргізілетін ұйымдар үшін «Бухгалтерлік есеп шот жоспарын өңдеуге нұсқау» бұйрығы.
7. В. В. Родостовец, В. К. Родостовец. «Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп принципі»
8. А. П. Толпоков. «Принципы бухгалтерского учета».
9. Э. О. Нурсейтов, «Бухгалтерский учет предприятий»
10. Назарова «Бухгалтерлік есеп»
11. С. Б. Баймуханов «Бухгалтерлік есеп»
12. К. Ш. Дюйсенбаев «Анализ и аудит финансовый отчетности»
13. А. О. Абленов «Аудит негіздері»
14. С. Р. «Толық экономикалық орысша - қазақша сөздік» 1 – 2 бөлім

Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 3
І. Ақша қаражаттары мен бағалы қағаздар операцияларын есепке алуды
ұйымдастыру.
1.1. Ақша қаражаттарымен бағалы қағаздар операциясының міндеттері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1.2. Ақшалай қаржылармен бағалы қағаздар мен есептеудің
құжатталуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
1.3. Ақша қаражаттарымен бағалы қағаздардың шот
корреспонденциясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... 11

ІІ. Ақша қаражаттары мен бағалы қағаздар есебінің аудиті
2.1. Бағалы қағаздар шотындағы ақша есебінің аудиторлық тексеру
бағдарламасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 17
2.2. Бағалы қағаздар шотындағы ақша есебінің аудит
сатылары ... ... ... ... 22
2.3. Бағалы қағаздар шотындағы ақша есебінің аудиторлық
қорытындысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .23

Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... .. 25
Қосымшалар
Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе

Курстық жұмыстың тақырыбы Ақшалай қаражаттарды бағалы қағаздарды
түгендеу деп аталады.
Тақырыптың өзектілігі, қазіргі нарықтық экономиканың дамуына сай
кәсіпорындар мен ұйымдардың, фирмалардың арасындағы ақшалай қарым-қатынас,
соның ішінде алашақ және берешек операциялары кезіндегі есеп айырысу
шотындағы болатын ақшалай қаражаттарының қозғалысын талдау болып табылады.
Көбіне мұндай қозғалыстар есептесудің қолма-қол ақша және қолма-қол ақшасыз
төлеу жолы арқылы жүргізілгендігінен болады. Қолма-қол ақшамен есеп айырысу
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк мекемесі белгілеген ережелер мен
тәртіпке сай жүргізілуі тиіс.
Курстық жұмыстың өзектілігін негізге ала отырып, оның мақсаттарына
тоқталар болсақ: біріншіден - ақша қаражаттары мен есеп айырысу
операцияларын есепке алуды ұйымдастыру туралы жазу. Екіншіден, есеп айырысу
шотындағы қолма-қол және қолма қолсыз ақшаның есебі туралы жазу. Есеп
айырысу кезінде құжаттың дұрыс толтырылуын, дұрыс жүргізуін нақты,
дұрыс көрсету.
Курстық жұмысым 2 бөлімнен тұрады: 1 бөлім Бухгалтерлік есепті
ұйымдастыру; Мұнда ақша қаражатының, бағалы қағаздардың міндеттері,
құжатталуы көрсетіледі. 2 бөлім есеп аудиті. Мұнда ақша қаражатының,
бағалы қағаздардың аудиторлық тексеру бағдарламасы, оның аудиторлық
сатылары және аудиторлық қорытынды көрсетіледі. Соңында жалпы курстық
жұмыс бойынша жалпы қорытынды жазылады.
.

І. Ақша қаражаттары мен бағалы қағаздар операцияларын
есепке алуды ұйымдастыру
1.1. Ақшалай қаржылармен бағалы қағаздар операциясының міндеттері

Бағалы қағаздар мақсаты – нарықтық қатынастардың нығаюына, жиынтық
қоғамдық өнімнің қозғалысқа түсуіне ықпал ету, кірістер мен шығыстардың
шама шарқынша есеп айырысу қатынастарын өзара ынталандыруға жағдай жасау
болып табылады.
Нарықтық экономикада кәсіпорындар арасында еңбек құралдары мен
заттарын сатып алу, өнімдерді, жұмыстар мен қызметтерді сату жөніндегі
мәмілелер тұрақты түрде жасалып отырады. Есептесу 2 нысанда жүргізіледі:
1. Банк жүйесі арқылы қолма қолсыз ақша аудару жолымен.
2. Қолма-қол ақшамен төлеу түрінде.
Ақшаларды сақтау және қолма-қол ақшасыз есеп айырысуды жүргізу үшін
Қазақстан Республикасының банк мекемелері:
1) ҚР Әділет министрлігінде тіркеуден өткен заңды тұлғаларға есеп айырысу
шоттарды;
2) штелдік валютадағы қаражаттардың қолда бары мен қозғалысын есепке алу
үшін заңды тұлғаларға валюталық шоттарды;
3) бюджеттік мекемелерге, олардың бюджеттен тыс қаражаттары бойынша,
қоғамдық ұйымдарға, өндірістік коммерциялық қызметпен айналысатын жеке
тұлғаларға ағымдық шоттарды;
4) республикалық бюджетте тұрған мекемелерге бюджеттік шоттарды;
5) ұлттық банк мекемелеріндегі екінші деңгейдегі банктерге
корреспонденттік шоттарды ашады.
Касса – есеп айырысу операцияларын банк арқылы өткізу мемлекеттік
заңды тұлғалардың қаржы-шаруашылық қызметіне бақылау жасауына мүмкіндік
береді. Банк субъектінің бюджетпен салықтар мен алымдар бойынша уақтылы
есеп айырысуын, жеткізушілердің шоттарының уақтылы төленуін бақылап,
әртүрлі мақсаттар үшін кәсіпорынға қарыз береді және олардың қайтарылуын
қадағалайды. Банк арқылы қолма қолсыз ақша аудару жолымен төлем жасау есеп
айырысудың негізгі нысаны болып табылады.
Ақша қаражаттарының бір бөлігі қызметкерлермен еңбекақы бойынша қолма-
қол есеп айырысу үшін, қолма-қол ақшаға құндылықтарды сатқаны үшін есеп
беретін адамдар пайдаланады. Мұндай қаражаттар кассада сақталып, сол арқылы
айналымға түседі. Есеп айырысу операцияларының тиімділігі көбіне ақша
қаражаттарының бухгалтерлік есебінің жағдайына тәуелді.
Ақша қаражаттарының, есеп айырысулырдың және несие операцияларының
бухгалтерлік есебінің міндеттері:
1. Қолма қолсыз ақша аудару жолымен және қолма қол ақшамен қажетті
есеп айырысуларды уақтылы және дұрыс жүргізу.
2. Ақша қаражаттарының қолда бары мен қозғалысын және есеп айырысу
операцияларын есептік тіркелімдерде толықтай және жедел түрде көрсету.
3. Бөлінген лимиттерге, қорларға және сметаларға сәйкес ақша
қаражаттарын мақсаты бойынша жұмсаудың қолданыстағы ережелерін сақтау.
4. Белгіленген мерзімдерге ақша қаражаттары мен есеп айырысудың
жағдайына түгендеуді ұйымдастыру және жүргізу. Мерзімі кешігетін дебиторлық
және кредиторлық берешектердің туындауын болдырмаудың мүмкіндіктерін
іздестіру.
5. Кассадағы,есеп айырысу шотындағы және банктегі басқа шоттардағы
ақшалардың бар-жоғы мен сақталуына бақылау жасау.
6. Есеп айырысу – төлем тәртібінің сақталуына, материалдық
құндылықтар мен қызметтер үшін сомалардың уақтылы аударылуна, сондай-ақ
несие тәртібінде алынған ақша қаражаттарының қайтарылуына бақылау жасау.
Банк шоттары теңгемен де, шетелдік валютасы мен де ашылуы мүмкін. Банк
келісім бойынша ағымдағы немесе корреспонденттік шоттарын ашқан кезде, шот
иесінің пайдасына келіп түсетін ақшаны қабылдауды, оның өзіне немесе үшінші
тараптарға (жақтарға) тиесілі ақша сомаларын аудару (беру) жөніндегі
ұйғарымын орындауды және басқа да қызмет түрлерін көрсетуді өз міндетіне
алады. Банк шоттары бойынша жасалған келісім-шарты келесі мәліметтерден
тұрады: (жақтардың) реквизиттері; келісім мәні немесе келісім-шарттың
жасалған нәрсесі; салық қызметі органдары берген салық төлеуші-шот иесінің
тіркеме нөмірі; банктің көрсететін қызметінің шарты және оларды төлеу
тәртібі. Келісімде жақтар тарапынан келісілген басқа да жағдайлар
қарастырылуы мүмкін.
Банк пен Қазақстан Республикасының резиденті – заңды тұлға мен оның
жекелеген құрылымдық бөлімшесі (филиал мен өкілдігі) арасында келісім жасау
үшін: қойылған қол үлгілері және мөр таңбасы (оттискісі) бар құжатты (мұның
үлгісі төменде келтіріліп отыр); клиенттің салық есебіне қойылғанын
растайтын, салық қызметі органдары берген, белгіленген үлгідегі құжаты
(жеке тұлғаның үлгісі де төменде келтірілген); аудандық еңбек және халықты
әлеуметтік қолдау бөлімі берген шаруашылық жүрізуші субъектінің Қазақстан
Республикасының Зейнеткерлік қорына жарналар төлеуші ретінде тіркелгендігі
жөніндегі фактісін растайтын белгіленген үлгідегі құжаты; мемлекеттік
тіркеуден (қайта тіркеуден) өткендігін растайтын, өкілетті органдар берген
белгіленген үлгідегі құжаттың көшірмесі немесе оған теңестірілген құжаттың
көшірмесі; Қазақстан Республикасы заң тәртібімен бекітіліп, куәландырылған
құрылтайшылық құжаттың (құжаттардың) көшірмесі (көшірмелері) тапсырылады.
Банкте жинақ шоттарын ашқан кезде, банктер салымдарды салушылардан
қабылдауға келісім-шартта көрсетілген тәртіпте, оларға марапаттау төлеуге
және әрекет етіп тұрған заң актілері мен келісім-шартта қарастырылған
тәртіпте және келісілген жағдайында салымдарды қайтаруға өз міндетіне
алады.
Егер де банкте шот иесінің пайдасына жаңылыс аударылып кеткен ақша
қаражатының фактысы анықталса, онда ол сол қаражаттарды шот иесіне
хабарламай-ақ қатесін жөндеуге құқылы. Бірақ бұл жағдай келісім-шартта
қарастырылғаны жөн.(қосымша-1)
Банктегі шоттардың көшірмесін беру келісім-шартқа сәйкес банктер
арқылы жүзеге асырылады. Банк шот иесіне олардың есеп шоттарының
көшірмелерін беру (жеткізу) қызметін электрондық тәсілмен, егер бұл
келісімде қарастырылған болса, арнайы адам жұмсау арқылы атқаруға құқылы.
Банктердегі есепшоттары бойынша операцияларды тоқтату (кірістерден басқа)
Қазақстан Республикасының заңына сәйкес, шот иесінің ақша қаражаттарының
жұмсалынбауына (тосқауыл қою) немесе алуға тыйым салу құқығы бар өкілетті
органдардың тиісті шешімдерінің негізінде жүзеге асады. Банкідегі
есепшоттары бойынша операциялардың жаңартылуы осы шешімдерді (қаулыларды)
қабылдаған тиісті органдардың жазбаша хабарландыруының немесе қаулыларының
негізінде жүзеге асырылады.
Жаңадан ашылатын заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңына
сәйкес жарлық капиталын төлегенін қуаттайтын құжаттарды ұсынуы тиіс, ол
үшін банк келісім-шарттың негізінде оларға уақытша жинақ шоттарын ашады. Ал
мемлекеттік тіркеуден өткен соң заңды тұлғаға ағымдағы шоттар ашады.
Есеп айырысу және басқа да шоттарды рәсімдеу үшін банкте келесі
құжаттар пайдаланылады.
Қолма-қол ақша жарнасына берілетін хабарлама. Шот иесінің банктегі
шотына қосып есептеу үшін түсім қаражаттарын және қолма-қол ақшамен
салынатын басқа да сомаларды банкке қабылдау жөніндегі бұйрығы. Хабарлама
сиямен бір дана етіп жазылады; қабылданған ақшаға банк түбіртек береді және
ол кассаның шығыс ордеріне қоса тіркеледі.
(қосымша-2)
Есеп айырысу шоты бойынша операциялардың есебі 441 Есеп айырысу
шотындағы қолма-қол ақша шотында жүргізіледі. Субъектілер шоттары бойынша
банк екі дана етіп бет есебін ашады. Бірінші дана бет есептің көшірмесі
болып табылады және ол бастапқы құжаттармен бірге шаруашылық жүргізуші
субъектіге беріледі, екіншісі – бет есебі болып қалады.
Көшірме атқарушының қойған қолымен және банктің көшірме үшін
мөрінің таңбасымен (оттискісімен) расталынады.
Көшірмелердегі әрбір түзету атқарушы мен бас бухгалтердің немесе оның
орынбасарының қойған қолдарымен куәландырылуы және банк мөрінің таңбасымен
бекітілуі тиіс. Көшірмелерге қоса тіркелінген құжаттарда көшірмеге қол
қойған операцияны жүргізуші қызметкердің қолымен бірге штамп және осы
құжаттардың бет есебі бойынша келтірілген жазбалардың күні (датасы)
көрсетілген календарлық штемпелі қойылуы тиіс. Көшірмелер бірінші немесе
екінші болып қол қою құқығы бар адамдарға субъектінің келісімі бойынша
бекітілген мерзімде беріледі. Көшірмелер субъектілерге почта арқылы
жіберілуін немесе банк клиенттері үшін қолайлы жерде орналастырылған
абоненттік жәшік арқылы жіберілуі мүмкін.
Клиент өкілінен көшірмені алғаны жөнінде бет есепте немесе жеке
карточкада қойған қолы болуы керек.
Банк көшірмелері оған қоса тіркелген құжаттармен тексеріледі. Банкінің
қате аударған сомаларының мән-жайын анықтағанға дейін 441- Есеп айырысу
шотындағы қолма-қол ақша шоты кредитінен 334 – Басқа да дебиторлық
қарыздар шотының дебетіне есептен шығарылады, ал есепке алынған сомалар
441-шоттың дебеті және 687-Басқа да кредиторлық қарыздар шотының кредиті
бойынша көрініс табады.
Банк шоттары оның иесінің өтініші бойынша жабылады.
Заңды тұлға – шот иесін тарату немесе қайта ұйымдастыру кезінде,
немесе заңды тұлғаның шотын бір жылдан астам, ал жеке тұлғалардың шотына үш
жылдан астам кезеңде ақша келіп түспеуіне байланысты банкі шоттары
жабылады, ал басқа жағдайда оны жабуға тыйым салынады.
Банкідегі есепшот жабылғаннан кейін субъект осы жөнінде он күндік
мерзім ішінде шот иесінің банкідегі есепшоты жабылғандығы туралы хабарлама
жасауы тиіс.
Есепшоты жабылған кезде сондай-ақ иесінің аты немесе есепшоттың
нөмірі өзгергенде – шот иесі қолдарындағы пайдаланбаған чектерді банкіге
қайтаруы керек. Банктен шот ашқан мезгілде кәсіпорын мен банк арасында
келісім-шарт қарым-қатынасы туындайды. Банк төмендегілерге қатысты
операцияларды орындайды:
- шот ашқан ақша иесіне еркін және кедергісіз өз ақша
қаражаттарына иелік етуге құқық беру;
- шот иесінің пайдасына қарай, ақша сомасын қабылдау;
- шот иесінің тапсырмасымен немесе үшінші тұлғаның қатысуымен ақша
сомасын алып тастау;
Банк шоттарындағы операциялар келесі негізде жүзеге асырылады:
- шот иесінің тапсырысы
- шот иесінің ризалылық білдіріп, қойылған қолымен (акцепт) үшінші
тұлғаның талабы;
- Шот жүргізуші банктің Қазақстан Республикасының заңына сәйкес және
шот иесінің пайдасына қарай иелік етуі;
Банктен берілетін ақша міндетті түрде келісім-шартқа негізделеді.
Банктегі есеп айырысу операциялары келесі құжаттардың көмегімен
рәсімделеді:
1) Ақша салуға хабарлама. Ол үш бөлімнен тұрады.
- ақшаны салғаны туралы банкте негіздеме ретінде қалатын

хабарлама.
- ақшаны салғанын дәлелдейтін банктен берілетін түбіртек.
- ақша қаражатының қайдан келгендігі туралы банкте қалатын хабарлама.
Үш бөлім де ақшаны салушының қолымен толтырылады.
2) Төлем тапсырмасы. Төлем тапсырмасы бойынша банк онда көрсетілген
ақша сомасын аударады.
3) Чек. Чек көмегімен шот иесі өзінің әртекті шығындары үшін ақша ала
алады (іссапар шығындары, шаруашылық және т.б. шығындар)
4) Есептесу чегі – чек берушінің шотынан алушының шотына чекте
көрсетілген соманы аудару туралы банкке берілетін жазбаша тапсырма.

1.2. Ақшалай қаражаттар мен бағалы қағаздарды есептеудің
құжатталуы
Қазақстан Республикасында қолма қолсыз есеп айырысудың мынадай негізгі
түрлері ұсынылады: төлем тапсырмасы, чектер, аккредитивтер, төлем және
талап тапсырмалары, көлікпен есеп айырысу жөніндегі жиынтық талаптар.
Төлеуші мен қаражатты алушының арасындағы есеп айырысу нысаны шартпен,
келісіммен немесе жекелеген келісімдермен анықталады.
1. Төлем тапсырмасымен есеп айырысу тауар-көліктік немесе тауардың
босатылуын немесе қызметтің көрсетілуін растайтын өзге құжаттың нөмірі мен
күніне сілтеме жасалған жағдайда алынған тауарлар мен қабылданған қызметтер
үшін, сондай-ақ тауарлық емес операциялар бойынша жүргізіледі.
Төлем тапсырмалары:
1. Мерзімді (төлем өнімді жөнелткенге дейін немесе жөнелткеннен
кейін, ішінара төлем).
2. Мерзімнен бұрын (алдын ала төлем).
3. Кейінге қалдырылған болуы мүмкін.
ІІ. Төлем талап-тапсырмаларымен есеп айырысу. Мұндай нысан болған
кезде жеткізуші жөнелтілген өнімге төлем талап-тапсырмасын ресімдейді де,
оны төлеушіге бағыттайды. Ол бұнымен танысқаннан кейін төлем жайында шешім
қабылдайды. Төлемге шешім қабылдағаннан кейін төлеуші оған қолын қояды,
мөрін басады және оны өзінің банкіне өткізеді. Төлеушінің банкі ақшаны оның
есеп айырысу шотынан есептен шығарады және оны жеткізушінің шотына есептеу
үшін соның банкіне аударады. Есептен шығарылған және есептелген сомалардың
бухгалтерлік жазбалары есеп айырысу шотынан банк беретін көшірменің
негізінде жүргізіледі.
ІІІ. Аккредитивтермен есеп айырысу. Есеп айырысудың мұндай нысанында
төлеуші аккредитив ресімдейді. Мұндағы мәлімдеме өз банкінің бөлімшесіне
өзіне жіберілген ТМҚ шоты үшін төлем жасауға арналған аккредитив қоюды
тапсырады. Белгілі бір жеткізушілерге:
1. Жабық (депоненттелген) немесе жабылмаған (кепілденген);
2. Шақырылып алынатын және шақырылып алынбайтын аккредитивтер ашылуы
мүмкін;
Аккредитив алу үшін төлеуші өзінің банкіне шарттары көрсетілген
өтініш береді. Оны орындаған кезде жөнелтілген тауарлар немесе орындалған
қызметтер үшін жеткізушінің есептік құжаттары төленуі мүмкін. Аккредитив
мерзімін сатып алушы 25 күн шамасында белгілейді. Қажет болған кейбір
жағдайларда жеткізудің шарты бойынша жеткізушінің банкіндегі аккредитивтің
әрекет мерзімі алушының банкінің рұқсатымен 45 күнге дейін ұзартылып
белгіленуі мүмкін. Мерзімді әдетте жеткізуші мен төлеуші белгілейді. Шоттар
бойынша төлем тауар үшін шоттар тізілім көрсетілген бойда жеткізушінің
банкіне төленеді. Аккредитив мерзімі аяқталғаннан кейін төлем жасауға
рұқсат етілмейді. Жеткізушінің банкіндегі аккредитивті жабу мынадай
жағдайларда жүргізіледі:
1. Аккредитив мерзімі аяқталғаннан кейін;
2. Жеткізуші аккредитивті одан әрі пайдаланудан бас тартқан кезде;
3. Алушының өз банкі арқылы жасаған өкімі бойынша.

1.3. Ақша қаражаттары мен бағалы қағаздардың шот корреспонденциясы

Аккредитивпен есеп айырысудың есебі активтік 421 - Аккредитивтердегі ақша
қаражаттары шотында жүргізіледі
№ Операциялардың мазмұны КБЕС ХҚЕС
Дт КТ ДТ КТ
1 Аккредитивке қаражат
есептеу
- меншікті қаражаттар 431 441 451
есебінен
- меншікті қаражаттар 421 601
есебінен
2. Өнімдер мен қызметтер үшін 671 421
жеткізушілердің,
мердігерлердің төлем
құжаттарын төлеу
3. Ағымдағы жал бойынша 687 421
берешекті аккредитивпен
жабу
4. Пайдаланылмаған аккредитив 431 601 441 421
қаражаттары сол үшін
аударым жасалған шотты
қалпына келтіреді

ІV. Чектермен есеп айырысу. Есеп айырысудың бұл нысаны бойынша шоттың
иесі (чек беруші) өзінің шотынан сатып алушының (чек ұстаушы) шотына
қаражаттың белгілі бір сомасын аудару жөнінде өзіне қызмет көрсететін
банкке чек түрінде жазбаша тапсырма береді. Чектер алынған өнімдер,
Көрсетілген қызметтер үшін есеп айырысқанда және Қазақстан Республикасында
чектермен есеп айырысу ережесінде көзделген басқа жағдайларда қолданылады.
Чек кітапшасын алу үшін банкке өтініш беріледі. Лимиттелген чек кітапшасы
иесінің жеке шотындағы қаражатты депоненттеуге арналған, субъектінің шоты
бойынша операциялар жасауға арналған құжаттарға қол қоюға құқығы бар
адамдардың қолы қойылған төлем тапсырмасы мөртаңбасы қойылып, оған қоса
беріледі. Чек кітапшасының лимиті чек жазылып беріле алатын және банк
төлеуге тиіс шекті соманы білдіреді. Ол банк белгілеген сомадан кем болуы
мүмкін емес, бірақ тауарлар мен қызметтерді төлеуге арналған қаражаттардың
айлық тұтынысынан әдетте көп болуы да мүмкін.

Чектермен есеп айырысу есебі активтік 422- Чек кітапшаларындағы ақша
қаражаттары шотында жүргізіледі.
№ Операциялардың мазмұны КБЕС ХҚЕС
Дт КТ ДТ КТ
1 Лимиттелген чек кітапшасы 422 441 601
онда көрсетілген лимит 431
сомасында алған кезде
2 Банктен алынған чек 671 422 687
кітапшалары бойынша сомалар
субъект берген чектердің
төленуіне қарай есептен
шығарылады, яғни
жеткізушілер, өзге де
кредиторлар ұсынған чекті
банктің өтеу сомасы
3 Пошта-телеграф шығындары 821 422
чекпен төленеді
4 Іссапарға жіберілген 333 422
адамдар үшін жол жүру
билеттері сатып алынады
5 Чек кітапшасы лимиттің 441 431 601 422
пайдаланылмаған қалдығы,
қаражаттар депоненттелген
шотқа есептелді

422, 423-шоттардың кредиті бойынша және 42-бөлімшенің басқа шоттары
бойынша операциялар банк көшірмесінің негізінде № 3 журнал-ордерде
(кредитінде) көрсетіледі.
V. Инкассалық тапсырмалармен есеп айырысу (қаражаттарды даусыз
есептен шығару өкімі).
Бұл нысан кәсіпорынның шотындағы қаражатты оның келісімінсіз есептен
шығарған кезде қолданылады.
1. Бюджетке төлемдер бойынша қарызды, айыппұлдарды өндіріп алған
кезде және өндіріп алушының өкімі бойынша қаражатты есептен шығарудың
даусыз тәртібі белгіленген өзге жағдайларда;
2. Атқарушы және оған теңестірілген құжаттар (шаруашылық істері
жөніндегі алқаның бұйрығы, соттың атқарушы құжаттары және басқалар)
бойынша.
Қаражаттарды щоттан даусыз тәртіппен есептен шығару өндіріп алушылар
төлем талап-тапсырмасының бланкісінде ұсынған өкімнің негізінде
жүргізіледі.
Соманы есептен шығаруға мынадай бухгалтерлік жазбалар жасалады:
№ Операциялардың мазмұны КБЕС ХҚЕС
Дт КТ ДТ КТ
1 Төленген айыппұл сомасы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кассалық операциялар есебі
Инвестициялардың жіктелуі және ұғымы
Инвестициялық және қаржылық қызметтерге байланысты ақша қаражатының қозғалысын анықтау
ҚР да ақша қаражатының өзекті мәселелері және оларды шешу жолдары
Түгендеуді ұйымдастыру есебі
Кассадағы ақша қаражат есебі, оның құжатталуы
Ақша қаражатының түсінігі
Ақша қаражаттары есебі жайлы
Ақша қаражаты, құнды қағаздар, ақшалы құжаттар мен қатаң түрдегі есеп беру бланкілерді түгендеу
Кәсіпорын кассасындағы ақша қаражатының шығысқа шығарылуы
Пәндер