Қазақстан Республикасының ауылшаруа-шылық өндірісі



Кіріспе 3

І.ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АУЫЛШАРУА.ШЫЛЫҚ ӨНДІРІСІ 5
1.1. Қазақстандағы ауылшаруашылық өндірісінің дамуы 5
1.2. Қазақстан Республикасындағы ауылшаруашылық өндірісінің құрылымы 7

ІІ.ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АУЫЛШАРУА.ШЫЛЫҚ ӨНДІРІСІН ЖЕКЕШЕЛЕНДІРУ ШАРАЛАРЫ 16
2.1. Қазақстан Республикасындағы ауылшаруашылық өндірісін
жекешелендіруді дамытудың негізгі ережелері 16
2.2. Шаруа қожалықтарын қалыптастыру және дамыту проблемалары 20

ІІІ.ТАРАУ. ІІ.ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ
АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ ӨНДІРІСІН ЖЕКЕШЕЛЕНДІРУДІҢ
ТӘРТІПТЕРІ 27
3.1. Қазақстан Республикасындағы ауылшаруашылық өндірісін мемлекеттік реттеу. 27
3.2. Қазақстандағы ауылшаруашылық өндірісіндегі кластерлер 29

Қорытынды 33
Пайдаланылған әдебиеттер 35
Қосымша 36
Әміршіл-әкімшіл экономикадан нарықтық қатынастарға көшуді жүзеге асырған алғашқы жылдардың тәжірибесі мен практикасы көрсеткендей, өндірістік қатынастарды, оның ішінде ең алдымен меншікті шын мәнінде терең жаңғыртпай, ешқандай нәтижеге жету мүмкін емес.
Шексіз мемлекеттік монополия бұрын-соңды болып көрмеген мемлекеттік меншіктің жоғары үлесін тудырып, азаматтардың меншіктегі үлес салмағын, бейнелеп айтсақ, үңірейтіп қойды. Бұрынғы КСРО-ның негізгі қоры 2,8 трлн. рубль болса, оның 2,5 трлн. рублі, яғни 89,3%-і мемлекеттік меншікті құрады. Егер оған мәні жағынан мемлекеттендірілген ұжымшарлардың 189 млрд. рубль негізгі қорын қоссақ, онда бұл көрсеткіш 96%-ке дейін көтеріледі.
1. Қазақ ССР-нің экономикасын тұрақтандыру және нарыққа көшу бағдарламасы, Алматы, 1991.
2. Н.Назарбаев "Қазақстан Егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы". Алматы, 1992.
3. Н. Назарбаев. Қазақстан 2030. Барлық Қазақстандықтардың өсіп - өркендеуі, Қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы. Алматы 1997.
4. Қазақстан Республикасының "Жер туралы" заңы. Егемен Қазақстан 22 маусым 1999ж.
5. Қазақстан Республикасында мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің ұлттық бағдарламасы. "Егемен Қазақстан" 1993. 10.03.
6. Қазақстанда жекешелендіруге қатысты құжаттар мен материалдар. Алматы. «Атамұра-Қазақстан» -1994ж. І, ІІ, ІІІ-томдар.
7. М.Т. Оспанов., Р.Р.Аутов., Х.Ертазин. Агробизнес теориясы мен тәжірибесі. Алматы «Білім».-1997ж.
8. Т. Қожаниязов, Ж. Қожаниязова. Нарықтық қатынастарға көшу жағдайында қандай болғаны жөн? (ауыл ажары) "Ақ жол", 2001, 6 ақпан.
9. Қазақстан агроөнеркәсіп кешенің мемлекеттік ауылшаруашылық және басқа кәсіпорындары мен ұйымдарының ұйымдастыру жөндегі ұсыныс-кеңес. "Егемен Қазақстан" 2003, № 1, 9, 24, 26 қараша, 1 желтоқсан.
10. Чаянов А.В. Крестьянское хозяйство: избранные труды. — М.: Экономика, 1999, с. 62.
11. Тулепбаев Б.А. Преобразования сельского хозяства в Средней Азии и Казахстане. М., Наука, 2005, с. 99.
12. «Народное хозяйство Казахстана», 2002, N6 - 7, с. 4.

Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

Кіріспе 3

І-ТАРАУ. Қазақстан РеспубликасынЫҢ ауылшаруа-шылық өндірісі 5
1.1. Қазақстандағы ауылшаруашылық өндірісінің дамуы 5
1.2. Қазақстан Республикасындағы ауылшаруашылық өндірісінің құрылымы 7

ІІ-ТАРАУ. Қазақстан Республикасындағы ауылшаруа-шылық өндірісін
жекешелендіру ШАРАЛАРЫ 16
2.1. Қазақстан Республикасындағы ауылшаруашылық өндірісін
жекешелендіруді дамытудың негізгі ережелері 16
2.2. Шаруа қожалықтарын қалыптастыру және дамыту проблемалары 20

ІІІ-ТАРАУ. ІІ-ТАРАУ. Қазақстан Республикасындағы
ауылшаруашылық өндірісін жекешелендірудің
тәртіптері 27
3.1. Қазақстан Республикасындағы ауылшаруашылық өндірісін мемлекеттік
реттеу. 27
3.2. Қазақстандағы ауылшаруашылық өндірісіндегі кластерлер 29

Қорытынды 33
Пайдаланылған әдебиеттер 35
Қосымша 36

Кіріспе

Әміршіл-әкімшіл экономикадан нарықтық қатынастарға көшуді жүзеге
асырған алғашқы жылдардың тәжірибесі мен практикасы көрсеткендей,
өндірістік қатынастарды, оның ішінде ең алдымен меншікті шын мәнінде терең
жаңғыртпай, ешқандай нәтижеге жету мүмкін емес.
Шексіз мемлекеттік монополия бұрын-соңды болып көрмеген мемлекеттік
меншіктің жоғары үлесін тудырып, азаматтардың меншіктегі үлес салмағын,
бейнелеп айтсақ, үңірейтіп қойды. Бұрынғы КСРО-ның негізгі қоры 2,8 трлн.
рубль болса, оның 2,5 трлн. рублі, яғни 89,3%-і мемлекеттік меншікті
құрады. Егер оған мәні жағынан мемлекеттендірілген ұжымшарлардың 189 млрд.
рубль негізгі қорын қоссақ, онда бұл көрсеткіш 96%-ке дейін көтеріледі.
Азаматтарға барлық негізгі қордың бар-жоғы 2,8%-і ғана немесе 7 9 млрд.
рубль (әр адамға 280 рубльден) тиесілі болды. Мұндай жағдайда, екі жерден
өз бетінше жұмыс істесін, үш жерден бостандықта еңбек етсін, бәрібір
әлгіндей кедей меншік иелерімен нарықтық қатынастарға көшу қиял-ғажайып
ертегідей естілетіні сөзсіз. Өндіріс қорларынан аластатылған өндірушінің
оны жалға алуға да ниеті болмады. Өйткені, ол бәрібір қожайын бола алмайтын
еді. Жоспарлау, басқару, қаржыландыру реформаларымен де, шаруашылық есептің
моделдерімен де өндірүшіні, егер өндіріс қорлары оның меншігінде болмаса,
жақсы жұмыс істеуге зорлай алмайсың. Міне, сондықтан да әміршіл-әкімшіл
жүйенің билік құрған кезеңдерінде барлық экопомикалық реформалар табысқа
жете алмады және жалпы экономиканың, әсіресе агроөнеркәсіп өндірісінің
дамуына айта қаларлықтай әсер ете алмады.
Бұл проблемалар экономиканың аграрлық секторы үшін өте маңызды. Олай
дейтініміз, ауыл шаруашылығының және онымен сабақтас агроөнеркәсіп кешені
салаларының жай-күйінен нарықтық бағдарламалардың табысқа жетуі байқалады.
Бұл қағиданың нақтылығы сондай, ол қосымша құжатты қажет етпейді.
Еліміздің аграрлық секторын, соның ішінде ауылшаруашылығын дамыту
арқылы халықты азық-түлікпен қамтамасыз етуді жақсарту әлеуметтік абыржуды
тоқтатуға немесе барынша байыпты арнаға түсіруге мүмкіндік беріп, этностық
проблемаларды шешуде толқуларды басып, мұнай, газ және басқа орны толмас
табиғи ресурстарды сыртқа шығаруды қысқартып, инфляцияны ауыздықтап,
қаржылық және ақша жүйелерін сауықтырады.
Агроөнеркәсіптік өндірісі дамыған елдердегі эволюция меншікке құқық пен
жерде шаруашылық жүргізу құқығын бір-бірінен бөліп тастау болмайтын іс
екенін дәлелдеп берді. Міне, дәл осындай себептен аграрлық өндірістің
кеңшар-ұжымшар моделі көпшіліктен қолдау таппай, бұрынғы Кеңес Одағының
елдерінде дами алмады.
Ал Қазақстанның бүгініне келер болсақ, еліміздегі соңғы 15 жылдықтағы
елеулі оң өзгерістердің ең маңыздысы болып табылатын жекешелендіру
реформаларының, соның ішіндегі ауылшаруашылығы өндірістерін жекешелендіру
барысына, дамуына және маңызына кеңірек тоқталу бұл курстық жұмыстың басты
мақсаты болмақ.

І-ТАРАУ. Қазақстан Республикасындағы ауылшаруашылық өндірісін
жекешелендірудің негізі

1.1. Қазақстандағы ауылшаруашылық өндірісінің дамуы

Ауыл шаруашылығы өндірістерінде аграрлы қатынастар экономикалық теория
мен практикада ең маңызды әрі күрделі мәселе болып табылады.
Аграрлы деген ұғым латын сөзі (аgrаrіа - жер деген мағынаны
білдіреді). Жерді иелену және қолданумен байланысты әлеуметтік-экономикалық
қатынастарды аграрлы қатынастар дейміз.
Бұл қатынастардың ерекшелігінің өзі сонда, кебінесе бұлар экономикалық
және табиғи факторлардың өзара іс-әрекетімен, аграрлы еңбек өнімділігін
арттырудағы өнеркәсіп ролінің өсуімен анықталады. Сондай-ақ жерді игеру
және жерді қолданумен де өте тығыз байланысты.
Бүкіл халықтық референдумда 1995-ші жылы 30-шы тамызда қабылданған
Қазақстан Республикасы Конституциясында былай делінген: Жер және оның
қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи
ресурстар мемлекет меншігінде болады. Жер, сондай-ақ Заңда белгіленген
негіздерде, шарттар мен шектерде жеке меншікте де болуы мүмкін (6 бап, 3-
ші пункт).
Осындай заңға 1995-ші жылы 25-ші желтоксанда кабылданған Қазақстан
Республикасының Жер туралы заңын жатқызамыз. Онда жерді иеленудің және
жерді қолданудың детальдары дәйектілікпен ашылған. Алдыменен кез-келген
шаруашылық субъектілерін (ұжымдық немесе жекелеген) қызықтыратын нәрсе ауыл
шаруашылығы өндірісі жағдайының ерекшеліктері. Сондықтан осы ерекшеліктерді
барынша ашуымыз керек.
Ауыл шаруашылығы өндірісі өнеркәсіп өндірісінен біршама ерекшелігі бар.
Біріншіден, мұнда басты өндіріс құрал-жабдығы жер болып табылады. Ауыл
шаруашылығына жарамды жер көлемі өте шектеулі. Одан басқа жерлерді: тундра,
орман, тау, құм, су бассейндері, қала және ауылдық тұрғындар қосыны,
өнеркөсіп пен транспорт объектілері алады.
Екіншіден, ауыл шаруашылығына жарамды жерлер-табиғи және экономикалық
(жасанды) кұнарлылығы бойынша бөлінеді.
Үшіншіден, кәдімгі өндіріс құралдарынан: мәшине, ірі құрылыстар,
жабдықтардан жердің айырмашылығы сол, ол қайта өндіруге болмайтын өндіріс
құралдары болып табылады. Егер оған қамқорлықпен дұрыстап қараса жақсаруы
әбден мүмкін.
Төртіншіден, ауыл шаруашылығы өндірісі процесіне жердің сапасы ғана
әсер етіп қоймайды, сондай-ақ табиғи факторлар – ауа-райы, күннің ұзақтығы,
жауын-шашын мөлшері және температурадағы құбылыстар да ықпал жасайды.
Бесіншіден, ауыл шаруашылығы өндірісі циклында сезондық айырмашылық
болады. Ауыл шаурашылық өндірісіндегі: сезондылық мәшине мен жабдықтарда
қолдануға кері әсерін тигізеді. Ауыл шаурашылық мәшинелері тек кана жерде
жұмыс істеген кезеңде ғана қолданылады: сонда жылына 20 күндей, сеялка 5-10
күндей, астық жинайтын комбайындар - 10-20 күндей, трактор парқі - 50-60
күндей ғана пайдаланылады. Сондықтан өнеркәсіпке қарағанда, негізгі
өндірістік мерзім айналымы әлде қайда жай жүреді. Мұнда ескіні жөңдеуге
және жаңа ауыл шаруашылығы мәшинелерін алуға қажетті амортизациялық қор
баяу қалыптасады. Осының барлығы резервтік және сақтандыру қорының құрылуын
талап етеді. Егін болмаған жылдары ауыл шаруашылығы өндірушілері банкке
несие үшін, ал мемлекетке субсидия үшін қол жаюына тура келеді.
Алтыншыдан, аграрлық қатынастардың тарихы басқа жерді (мейлі ол оброк,
жерде жұмыс істеу немесе арендалық төлем) қолданған үшін ақы төлеудің
ерекше экономикалық маңыздылығын барлығын куәландырады.
Жерді қолданғаны үшін төлем арендалық төлемнің мазмұны болып табылады,
ал оның экономикалық қайнар көзі – дифференциалдық және абсолюттік рента.
Жер рентасының осы екі түрі де жерге деген меншіктің экономикалық
өткерілуін көрсетеді.
Жер туралы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес 34-ші баптың 3-ші
пункті Жеке меншік құқығын өткізуде жер учаскесінің иесі сол жерді
уақытша пайдалануға - жер учаскісін уақытша пайдалану шарты негізде беруге
құқылы.
Мемлекет меншігіндегі жерді уақытша пайдалануға беру 38-ші баптың 4-ші
пунктіне сай жүзеге асады. Жердің уақытша пайдалануға берілуі жер
учаскісінің арендалық шарты негізінде жүргізіледі. Мемлекет жүзеге
асыратын жерге деген төлем (8 бап, 4 п.), жер салығы ретінде немесе
арендалық төлем түрінде алынады, ол жер учаскісінің сумен қамтамасыз етілуі
және орналасуы, сапасына байланысты анықталады.

1.2. Қазақстан Республикасындағы ауылшаруашылық өндірісінің құрылымы

Бір қарағанда қарапайым көрінетін ауыл шаруашылығы өндірісі — өте нәзік
жеңіл үзілетін және көп аялауды қажет ететін жүйе, ол қатаң қалыпқа
салғанды көтермейді. Ауыл шаруашылығы өндірісі басшылықтың білікті
болғанына, жұмысшылардың белсенді күш-жігеріне қарамастан көптеген
факторлардың әсерінен азапқа түскен адамдай ауыр халды басынан кешіреді.
Мысалы, әзірге адамның бақылауына аз көнетін табиғи фактор, оның ішінде ауа
райының жағдайын алайық. Қуаңшылық, бұршақ жауу және басқа қолайсыз
құбылыстар жұмысшылардың барлық ұмтылысына айтар-лықтай зиян әкеледі немесе
тіпті жоққа шығарып тынады.
Нарықтық экономика ауыл өндірушілерінің табысын маусымдық ауытқулар мен
ауа райы климаттық қолайсыздықтардан қорғаудың белгілгі бір тегершігін
жасады. Биржалық бизнесмендердің тұтас бір тобы пайда болды. Олар ауыл
шаруашылығы табыстарының қолайсыздығын өз мойындарына алады. Алайда, мұның
өзі жеткіліксіз, сондықтан да көптеген мемлекеттерде ауыл шаруашылығы
өнімдерін сатып алу және фермерлік табыстарды қолдаудың мемлекеттік жүйесі
кеңінен тәжірибеге енгізілген.
Аграрлық өндірістің тағы бір ерекшелігі дұрыс пайдаланған жағдайда
тозбайтын, қайта керісінше құнарлана түсетін, өндірістің айырбастауға
келмейтін ең басты мәңгілік қоры — жердің алабөтен орны болып табылады.
Жердің құнарлығындағы айырмашылық еңбек пен капиталды бірдей жұмсағанның
өзінде де өндіріс пен табыстың көлеміндегі айырмашылықты туғызады. Осыдан
барып жер рентасы және табысты реттеу, сондай-ақ жақсы ауыл шаруашылық
жерлерінің шектелу проблема-лары туады.
Өндірістің ерекше саласы ретінде ауылшаруашылығының ерекше белгісі онда
өндірілген өнім (тұқым, жем, малдың төлі, орғаникалық тыңайтқыш және
басқалар) онан әрі өнімді көбейту үшін қолданылатындығы болып табылады.
Биологиялық факторлар мен тірі орғанизмдерді пайдалануға негізделетін
ауылшаруашылығында бұл жағдай оның өндіріс технологиясының да ерекшелігін
білдіреді.
Өнеркәсіпте өндіріс және еңбек процесі көбінесе үздіксіз жүреді. Бұлай
болатын себебі техниканың, технологияның және өндірісті ұйымдастырудың
жетілдірілуін қамтамасыз етуде жатыр. Агроөнеркәсіптік өндірісте
экономикалық процесс өнім шығаруды жеделдету мен көбейтуді төтенше
шектейтін табиғи-биологиялық факторлармен тығыз байланысты. Көп жағдайда
ауыл шауашылығындағы бірқатар табиғи про-цестерді қысқарту өте қиын, тіпті
мүмкін емес. Мысалы, ауыл шаруашылығы дақылдарының пісіп-жетілу мерзімі
немесе саулық малдың күйлеу мерзімін айтсақ та жеткілікті.
Табиғи-биологиялық фактор өндірістің тиімділігін анықтауда,
технологияны таңдауда ең басты факторы болып саналады. Мал мен өсімдіктер
дамуының табиғи заңдылықтарын сақтамау басқа өндірістік экономикалық
ресурстардың тшмділігінің төменділігіне әкеліп соқтыратын болғандықтан
техника, еңбек ұйымдастыру жүйесі аталмыш факторға қарай ыңғайланады. Осы
жерден келіп, әміршіл-әкімшіл экономика кезеңінде өсімі төмен мал өсіру мен
нашар жем-шөп базасы жағдайында ірі мал шаруашылығы кешендеріне, қарапайым
агротехникалық, талаптарды сақтамаған жағдайда жерді мелиорациялауға
жұмсалған орасан шығын ауыл шаруашылығының өнімдері мен шикізатын жоғалтуға
алып келді.
Ең жетілдірілген техника, озық технология және өндірісті білікті
ұйымдастырудың өзі де өнім өндіруді белгілі бір „биіктіктен" асыруға
мүмкіндік бермейтін мал мен өсімдіктің табиғи-генетикалық, потенциалы
сияқты ауыл шаруашылығының осындай биологиялық факторын жеңе алмайды.
Ауыл шаруашылығының маусымдық қасиеті оның табиғи ерекшеліктері болып
табылады. Мұның өзі өндіріс кезеңі мен жұмыс кезеңінің тура келмеуін
тудырып, жыл бойы жұмысшы күші мен материалық-техникалық ресурстардың тепе-
тең пайдалануына қолбайлау жасап, табыстың түсуін де ала-құла қылады.
Салыстырмалы түрде аз ғана уақыт жұмыс істейтін техниканы пайдаланудың
қажеттілігі, сондай-ақ өндірістің қуат көздерін көп керек ететіндігі
тұрақты капиталдың жоғары үлесін қажет етеді. Өндіріс жалға алған жерде
жургізілетін жағдайда тұрақты шығынның деңгейі сонымен бірге жалға
төленетін ақы есебінен де өсіп отырады.
Тұрақты шығынның жоғары үлесі шаруалар мен олардың өндірістік
стратегиясына да әсер етеді. Өнеркәсіпшіге қарағанда, ауылдағы іскерге
нарықтық конъюнктура тиімсіз болған жағдайдың өзінде де өндірісті күрт
қысқарту тиімсіз, өйткені тұрақты шығындар өндіріс көлеміне қарамастан
өтелуге тиісті
Табыстың түсуінің маусымдық мәнде болуы барлық өндірістік циклдың өн
бойында шығарылатын шығынның орнын толтырудың өте қажет көзі ретінде ауыл
шаруашылығы өіідірісін несиелік ресурстар алуға итермелейді. Көптеген ауыл
шаруашылық салаларында бұл циклдың ұзақ уақытқа созылуы ұсыныс көлемінің
қысқа мерім ішінде азайтылуына немесе көбейтілуіне мүмкіндік бермейді.
Осының өзі ауыл шаруашылығы өндірісі мен аграрлық рыноктің тағы бір маңызды
ерекшелігі болып табылады.
Алайда, бұл факторлар — ауыл шаруашылығы өндірісіндегі қиыншылықтардың
мұзтаудың су бетінде көрініп тұрған басындай ғана. Мұнымен қатар мұзтаудың
су астында көрінбей тұрған бөлігіндей тағы басқа көптеген қиындықтар бар.
Мұның қатарында „шаруа — еңбек — жер" жүйесін құрайтын әлеуметтіқ
экономикалық және психологиялық қарым-қатынастар аясындағы қиыншылықтар —
ең күрделі қиыншылықтар.
Қызметкердің немесе өнеркәсіп жұмысшысының, құрылысшының еңбегін
ұйымдастыру, есебін жүргізу, бақылау және әділетті еңбек ақысын төлеу өте
оңай шаруа. Ал, тек қана жұмыс уақытысы емес, барлық өмірі ауыл
шаруашылығын жүргізу жағдайына бағындырылған ауыл еңбеккерінің жағдайы
тіптен басқаша.
Ауыл шаруашылығы жұмыстарының қарбалас кезеңдерінде шаруа уақытпен
санаспай, демалыссыз, демалыс және мерекелік күндерсіз, ауа райының қолайлы
сәттерін қалт жібермей, қымбат уақытты тиімді пайдала-ну үшін жан-тәнін
салып жұмыс істейді. Оның есесіне кейбір кезеңдерде, әсіресе қысқы уақытта
шаруа адамы апталап, тіпті айлап бос болады. Жалпы алғанда, шаруа норма
немесе жоспар үшін емес, түпкі нәтиже үшін жұмыс істейді. Сондықтан да ауыл
шаруашылығы еңбеккерінің психологиясында, табиғатында әрбір дән немесе түп
үшін жауапкершілік жүгі қаланған. Егістікті өңдеу барысында ол бірде-бір
өсімдікті аяғымен таптамайды, ал егін жинау кезінде өнімнің ысырап болуына
барынша жол бермейді. Ауыл шаруашылығы өндірісінің тиімділік көзі дәл
осында жатыр деп батыл айтуымызға болады.
Сөз жоқ, шаруаның еңбегі өте ауыр, бірақ ол шығармашылық мазмұнға мол
болғандықтан, адамды өзіне тартып, қуаныш сыйлай біледі. Өнеркәсіп
жұмысшысы мен қызметкерден ауыл еңбеккерінің бір айырма-шылығы — ол өз
жұмысына бар жан-тәнін сала отырып, тұқым себуден бастап өнім алуға дейінгі
жасампаз еңбек процесіне бастан аяқ қатысады.
Алайда, соңғы онжылдықтарда ауылшаруашылығында қалыптасқан өндірістік
қарым-қатынастар шаруа еңбегінің осы тұстарын есепке алмай, ғасырлар бойы
келе жатқан әдеттер мен дәстүрлерді құртып тынды. Ұжымшарларда немесе
кеңшарларда шаруалар бүгін бір егістік басында жұмыс істесе, ертесіне басқа
жерді өңдеуте жегілетін болды. Сондай-ақ оның еңбек құралы да жиі
ауыстырыла берді. Соның қортындысында ол өз еңбегінің түпкі нәтижесін көре
алмай, бірте-бірте жер мен өндіріс құралдарына деген өзінің қожайындық
(тіпті ұжымдық қожайындық) сезімін жоғалта бастады. Онан соң тек ілкі
сәттегі табыс үшін ғана, бүгінгі еңбекақы үшін ғана жұмыс істеуге бойын
үйретіп алды.
Оның үстіне әр шаруашылықта кездесетін төмендегідей жағдайлар да
шаруаның жақсы жұмыс істеуіне мұрындық бола алмады. Мысалы, іскер шаруа
егістіктегі өзінің бөлігін жақсы өңдейді ал оның қасындағы жалқау шаруа өз
жұмысын жүрдім-бардым атқарады. Мұндай жағдайда әлгі жауапкершілікпен жұмыс
істейтін ауыл шаруашылығын жүргізу жағдайына бағындырылған ауыл
еңбеккерінің жағдайы тіптен басқаша.
Ауыл шаруашылығы жұмыстарының қарбалас кезеңдерінде шаруа уақытпен
санаспай, демалыссыз, демалыс және мерекелік күндерсіз, ауа райының қолайлы
сәттерін қалт жібермей, қымбат уақытты тиімді пайдала-ну үшін жан-тәнін
салып жұмыс істейді. Оның есесіне кейбір кезеңдерде, әсіресе қысқы уақытта
шаруа адамы апталап, тіпті айлап бос болады. Жалпы алғанда, шаруа норма
немесе жоспар үшін емес, түпкі нәтиже үшін жұмыс істейді. Сондықтан да ауыл
шаруашылығы еңбеккерінің психологиясында, табиғатында әрбір дән немесе түп
үшін жауапкершілік жүгі қаланған. Егістікті өңдеу барысында ол бірде-бір
өсімдікті аяғымен таптамайды, ал егін жинау кезінде өнімнің ысырап болуына
барынша жол бермейді. Ауыл шаруашылығы өндірісінің тиімділік көзі дәл
осында жатыр деп батыл айтуымызға болады.
Аграрлық өндірістің жоғарыда айтылған ерекшеліктері, оның қоршаған
ортамен тығыз байланысы, ауа райы мен жер бедері жағдайларының әр
түрлілігі, шаруа еңбегінің ерекше мәнде болуы өз бойында іскер-қожайын,
басқарушы-менеджер және жұмысшы-орында-ушы сияқты үш қасиетті жинақтаған
ерекше жұмысшының жұмыс істеуін талап етеді. Ауылшаруашылық өндірісі
дамыған елдердің фермерлік шаруашылықтарындағы тұрақтылық пен тиімділік дәл
соларға арқа сүйейді. Шаруалық отбасылық шаруашылықтар көптеген ауыл
шаруашылықтары үшін ең ыңғайлы өндірістік шаруашылық бірлігі болып
табылады. Өйткені мұнда ауыл шаруашылығы өндірісі мен еңбектің
ерекшеліктері толық қарастырылған. Отбасы өндірістік ұжым ретінде өз бойына
өндірістік қызметтің іскерліқ басқару және орындаушылық міндеттерін тамаша
жинақтай біледі. Отбасылық еңбек ұжымы пайдалана алатындай өндіріс
ресурстарын (жердің, техниканың жәые басқалардың көлемін) сол кезеңдегі
өндірістің техникалық және технологиялық мүмкіндіктері айқындайды.
Сондықтан да бір фермаға шаққанда өндіріс және өндіріс ресурстарының
көбейюі ғылыми-техникалық өркениеттің дамуымен жүзеге асады.
Агроөнеркәсіптің жоғарыдағы ерекшеліктері негізінен алғанда әлеуметтік-
саяси жүйесіне қарамастан, барлық елдер мен аймақтарда көрініс тапқанындай,
объективті мәнде болады. КСРО тарағаннан кейін бұрынғы одақтық
республикалар орнына пайда болған жас мем-лекеттерде бұдан басқа өз кезінде
тоталитарлық жүйе туғызып кеткен субъективтік қиыншылықтар да кездеседі.
Агроөнеркәсіп өндіріске тұтастай, әсіресе ауыл шаруашылығының дамуына
өз кезінде жоғарыдан жүргізілген сансыз тәжірибелер, көшпенді халықты
отырықшылыққа жедел зорлаған ұжымдастыру болсын, барлық аймақтарда табиғат
жағдайлары ерекшеліктері ескерілместен кез келген сәйкес келмейтін
дақылдарды өсіруге зорлау болсын, соңына дейін түпкілікті ойластырылмаған
тың және тыңайған жерлерді игеру болсын, ұжымшарларды келісімсіз
кеңшарларға көшіру болсын, ауыл шаруашылығын басқаруды сан мәрте қайта құру
болсын, міне осының бәрі үлкен зиян әкелді. 80-жылдардың өнбойында жеміс
және көкөніс шаруашылығы министірлігі құрылды, одаи кейін ауыл шаруашылығы
министрлігі екеуі жойылып, басқа аралас салалық министрліктер және
комитеттермен бірігіп, Мемлекеттік аргарлық өнеркәсіп комитеті болып қайта
құрылды. Осы суперминистрліктің туы астында ел тұрғындарының жартысына
жуығы және өндірістік саланың үштен екі ұйымы жұмыс істеді. Көп уақыт өтпей-
ақ бұл алып құрылым екі жылға жуық қана өмір сүрген аудандық агро-
өнеркәсіптік бірлестіктер жойылғаннан кейін таратылды.
Егер бұл жағдайға тұрақты түрде болып тұратын кадрларды алмастыруды
қоссақ, басқару ұйымдарында жағдайдың қандай күйде болғаны айтпаса да
түсінікті. Көп жағдайларда басшылық, жұмыстарға мамандар емес, ең алдымен
идеялық және саяси жағынан әсіресенімді кадрлар жіберілді. Олар өнім
өндіруді білгеннен көрі, шаруалардан нан тартып алуды әлдеқайда жақсырақ
білгенін айтсақ, ауылдың ішкі терең құлдырауының табиғатын түсіну қиын
болмайды. Әсіресе, үй іргесінде шаруашылықты шектеу үлкен зиян әкелді. Жеке
шаруашылық үшін бір жарым ондық (десятка) жерден аспайтын учаске ғана
бөлініп, бір сиыр және он қойдан артық үй іргесінде мал ұстауға тыйым
салынды. Міне, осындай шектеулер шаруа психологиясындағы меншіктік сезімге
соңғы соққы болып тиді.
Кеңестік кезеңнен кейінгі кеңістікте пайда болған елдерде, оның ішінде
Қазақстанда агроөнеркәсіптік өндіріс дамуының, ауылшаруашылық өндірісітің
қалыптасуы мен онын, жұмыс істеуіндегі қиыншылықтардың объективті шарттары
мен субъективті себептері, негізінен алғанда, міне осындай. Алдыңғы талдау
көрсеткеніндей, нарықтық қатынастарға өту және бизнесті, әсіресе
ауылшаруашылық өндірісін дамыту, кейбір мамандар болжағандай, соншалықты
жеңіл болмайды. Дегенмен, басқа жол жоқ. Қазіргі экономикалық дағдарыстан
өтіп, барлық елдер мен халықтар жүріп өткен нарықтық қатынастардың кең
даңғыл жолына түпкілікті жаңғыру мсн бизиесті, экономиканың барлық
салаларында оның, ішінде ең алдымен агроөнеркәсіптік өндірістегі бизнесті
игерудің негізінде түсе аламыз.
Бәрімізге белгілі, тоталитарлық жүйе үшін қоғамдағы, ресми
идеологиядағы және саяси партиядағы монополизм, барлық қоғамдық ұйымдар мен
азаматтардың тоталитарлық мемлекеттегі басқарушы құрылымдардың мақсаттарына
шексіз бағынуы және олардың бұқаралық ақпарат құралдарына монополия орнатуы
сияқты қасиеттер тән болды. Барлық әкімшілік-әміршілдік жүйенің болсын,
азаматтардың қоғамдық құрылымдары болсын-бәрінің жұмыс істеуін қамтамасыз
ететін негізгі мемлекеттік-құқықтық және саяси институттар ел дамуының
қажеттіліктерін де, қоғамдық құрылымдар дамуының қажеттіліктерін де өтей
алмады.
Бұл қатарда ұлттық саясатқа ерекше орын бөлу керек. Ұлттық проблемалар
көп жылдар бойы белсенді түрде ой елегінен өткізіліп келсе де, соңғы
кездері жаңаша көзқарасты талап ететіндей күйге түсті. 80-жыл-дардың
ортасына дейін жаңартылмаған ғылыми, идеологиялық концепция кеңестік
мемлекет кезеңінде жинақталған ұлттық мәселені шешу тәжірибесін қайта
қарауды қажет етті, СОКП съездерінің шешімдерінде интернационалдық-
патриоттық тәрбиенің деңгейін арттыру қажеттілігі ғана көрсетіліп,
шовинизм, антисемитизм, ұлтшылдық айыпталып, халықтар достығын нығайтуға
шақыратын ұрандар айтылды. Алайда, бұл қаулылар мен шақырулар формальды
түрде қабылданып, оны жүзеге асыру бақылауға алынбады. Міне, осының бәрі
этносаралық қарама-қайшылықтың күшеюінің себебіне айналды және қоғамдық
өмірді қайта құру жағдайында жариялы-лықтың жарық шамына түсті. „Біз
халықтар мен ұлыстар дамуының объективті факторларын есепке алмай, біртұтас
кеңес халқын қалыптастыруға ұмтылдық. Әрине, қоғамды демократиялық жолмен
реформалау процесінің басты бағыты, демократия этностық келіспеушілік
минимумға жеткізілген елдерде ғана барынша табыстырақ нәтижеге
жететіндіктен, ұлттық саясаттың жаңа концепциясын жасау болды.
ІІ-ТАРАУ. Қазақстан Республикасындағы ауылшаруашылық өндірісін
жекешелендірудің тәртіптері

2.1. Қазақстан Республикасындағы ауылшаруашылық өндірісін
жекешелендіруді дамытудың негізгі ережелері

1. Бұл Тәртіп Қазақстан Республикасында мемлекет иелігінен алу мен
жекешелендірудің 1993-1995-жылдарға (II кезең) арналған Ұлттық
бағдарламасына, сон-дайақ меншік қатынастарын реттейтін басқа да зан.
актілеріне сәйкес, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің оныншы
сессиясында қабылданған өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып
әзірленді. Ол мемлекеттік ауыл шаруащылық дайындау, ұқсату және қызмет
көрсету кәсіпорындарын қайта құрудың жолдары мен ерекшеліктерін белгілейді.
2. Агрөнеркәсіп кешенінің (бұдан әрі – АӨК) кәсіпорындарын қайта құру
әрбір қызметкердін, мүліктік үлесін анықтау арқылы орталықтандырылған-
жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшу үшін қажетті жағдайлар
жасау жолымен өндірістік қатынастарды өзгертуге бағытталған.
3. Ауыл шаруашылығы кәсіпорындары мен олардың құрылымдық бөлімшелерін
әкімдердің және басқа басқару органдарының шешімімен өнеркәсіп орындарына
беруге болмайды.
4. АӨК кәсіпорындарын қайта құру Қазақстан Республикасы Мемлекеттік
мүлік жөніндегі мемлекеттік комитетінің және оның жергілікті жерлердегі
органдарының (бұдан әрі – Комитет) Ұлттық бағдарлама шеңберінде мемлекет
иелігінен алынуға және жекешелен-дірілуге тиісті кәсіпорындардың
министрліктермен, ведомстволармен, ұйымдармен және әкімшілік-аумақтық
бөліністердің басшыларымен келісілген тізбелерін жа-сауынан басталады.
Бұл орайда үнемі шығынмен жұмыс істейтін ауыл шаруашылық кәсіпорындары
(соңғы бес жыл бойы пайдасыз жұмыс істейтін, өтпейтін балансы бар,
қызметкерлерге зан, жүзінде бекітілген жалақынын, ең аз мөлшерін төлеуге
мүмкіндігі жоқ кәсіпорындар) бірінші кезекте жекешелендірілуге тиісті
объектілер тізбесіне қосылады.
Мемлекеттік ауыл шаруашылық кәсіпорындары объектілерінің тізбесін жасау
кезінде Комитет әкімшілік-аумақтық бөліністердің өкілдерімен бірге ең
алдымен өндірістік инфрақұрылымды жекешелен-діруге және оның жұмыс істеуін
қамтамасыз етуге байланысты мәселелерді шешеді. Өндірістік инфрақұрылым
объектілерінің жұмысты одан әрі жалғастыруына кепілдік жоқ болған жағдайда
мемлекеттік ауыл шаруашылық кәсіпорны жекешелендіру тізбесінен шығарылып
тасталады. Жасалған тізбені Комитет қарап, бекітеді. Бекітілгеннен кейін
тізбе күшіне еніп, орындалуы міндетті құжат болып табылады.
5. АӨҚ кәсіпорындарын мемлекет иелігінен алу мен жекешелен-діруді
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлік жөніндегі мемлекеттік комитеті
мен оның аумақтық органдары құратын комиссия (бұдан әрі – Комиссия) жүзеге
асырады. Комиссияның құрамына жергілікті әкімшілік-аумақтық бөліністердің,
кәсіпорын әкімшілігінің, еңбек ұжымының, Комитеттің, қаржы органдарының,
банкінің, Мем-жеркомның және өзге де мүдделі органдардың өкілдері кіреді.
Комиссияның төрағасы болып меншік иесінің өкілі тағайындалады.
Комиссия объектіні жекешелендіруге әзірлеу барысында кәсіпорынды
(ұйымды) қайта құру жөнінде ұсыныстар әзірлейді, оларда мыналар қамтылады:
жекешелендіруді өткізу мерзімдері. Мерзімдерді белгілеу кезінде ауыл
шаруашылық өндірісінің маусымдылығы мен циклділігін ескеру және оларды
өсімдік шаруашылығы салаларында көктемгі егіс жұмыс-тары басталғанға дейін,
бір мезгілде төл алуға байланысты мал шаруа-шылығы салаларында төл енесінен
айырылатын кезде табынның қалып-тасуына дейін жыл бойы төл алатын мал
шаруашылығы салаларында
күнтізбелік жылдың басына дейін белгілеу қажет;
жекешелендірілетін мүліктің құнын және сатылатын бағасын белгілеу;
жекешелендірілетін мүлікті одан әрі пайдаланудың шарттары мен бағыттары;
есеп айырысудың нысандары мен мерзімдері;
—сатып алушыға қосымша жеңілдіктер беру, соның ішінде
жекешелендірілетін мүліктің бір бөлігін тегін беру мүмкіндіктері;
—жекешелендірілмейтін мүлікті одан әрі пайдалану мүмкіндіктері;
—жекешелендірілетін мемлекеттік кәсіпорынның еңбек ұжымындағы түсіндіру
жұмысының шаралары.
Жоспарды меншік иесі қарап, бекіткеннен кейін комиссия оны жүзеге
асыруға кіріседі.
6. Агроөнеркәсіп кешенінің кәсіпорындарын қайта құру кезеңінде
кәсіпорын әкімшілігі оның одан әрі жұмыс істеуі үшін, сондай-ақ мүліктің
сақталуы үшін қолданылып отырған заңға сәйкес жауапты болады.
Мемлекеттік ауыл шаруашылық кәсіпорындарын (кеңшарлар мен басқа да
мемлекеттік шаруашылықтарды) мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіру
тәртібі төмендегідей жүргізіледі:
1. Кеңшарлар мен басқа да мемлекеттік ауыл шаруашылық кәсіпорындарының
мүлкін жекешелендіру Комитеттің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қала өсімдіктеріне ауыр металдардың түсуі
Қазақстандағы жұмыссыздық
Жер ресурстары жайында
Өрт жайлы
«Қазақстан және дүниежүзі азық-түлік мәселесі»
Пестицидтер туралы жалпы мәлімет. Қоршаған ортаның пестицидтермен ластануы, олардың мутагендік әсері
Оңтүстік Қазақстын Облысының агроөнеркәсіпті дамытудағы инновацияның рөлі немесе оның қызметін жетілдіру жолдары
Қазақстан халқының табысы және оның түрлері
Топырақ өңдеудің «нөлдік» технологиясының теоретикалық негізі
Капиталды ұдайы өндірісі және оның мәні
Пәндер