Пайданың мәні және оның теориялық аспектілері
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 2
І.тарау. Пайданың мәні және оның теориялық аспектілері.
1.1. Кәсіпорын пайдасы түсінігі, мәні және түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
1.2. Пайданың қалыптасуын басқару ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
1.3. Пайданы жоспарлау, бөлу және пайдалану тәртібі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12
ІІ.тарау. «Асар» ЖШС.ң экономикалық көрсеткіштерін талдау.
2.1. «Асар» ЖШС.нің жалпы сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15
2.2. «Асар.Трейд» ЖШС.ң экономикалық көрсеткіштері ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18
2.3. ЖШС «Асар . Трейд» .ң пайдасын талдау және бөлінудің ерекшеліктері..30
ІІІ.тарау. Кәсіпорынның пайдасын жоғарлатудың негізгі бағыттары.
3.1. Шекті шамаларды қолдану негізінде пайданы барынша жоғарлату. ... ... ...31
3.2. Кәсіпорын пайдасын жоғарлату жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..33
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..34
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 35
Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..38

Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорынның өндірістік дамуы мен жұмысшылардың материалдық және әлеуметтік қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жоғары пайда табу мақсатында коммерциялық қызметтің мәні өсуде.
Әрбір кәсіпорынның жиынтық көрсеткіші пайда түсімі болып табылады. Пайда дегеніміз – тауар өткізуден және қызмет көрсетуден алынған ақшалай кіріс пен оны өндіруге және сатуға жұмсалған шығындардың айырмасы.
Нарық жағдайында пайда табу әрқашанда тәуекелге байланысты- кәсіпорынға күнде салынған капиталды жоғалту қауіпі тұрады. Осыған сәйкес тәжірибеде «кәсіпкерлік пайда» ұғымы қолданылады.
Пайда – бұл өндірістің айналымының қаржылық қорытындысын білдіретін кәсіпорын қызметінің нәтижелі экономикалық көрсеткіші.
Пайданың жалпы массасы, бір жағынан өнімге қойылған баға деңгейімен сату көлеміне, екінші жағынан өндіріс шығындары деңгейінің қаншалықты қоғамдық қажетті шығындарға сәйкес келетіндігіне тәуелді.
Жалпы түрде өнім бағасы мен өзіндік құны арасындағы айырма ретінде көрсетіледі, ал кәсіпорын бойынша өткізілген өнімнен түсіммен өткізілген өнімнің өзіндік құны арасындағы айырманы көрсетеді.

1. Кәсіпорын экономикасы. А.Қ. Мейірбеков, Қ.Ә.Әлімбетов Алматы-2003ж. 319-322б.
2. Экономика предприятия. О.И. Волков, О.В.Девяткин Москва-2003г. 223-227б.
3. Экономика предприятия. В.П.Грузинов, В.Д.Грибов. Москва-2001г. 100-116б.
4. Экономика предприятия. В.Я.Хрипач,Г.З.Суша Е.И.Андросович.Минск-200г. 263-264б.
5. Экономика предприятия. Н.А. Сафранов. Москва-2001г. 495-498б.
6. Экономика предприятия. В.П. Грузинов. Москва-2000г. 345-348б. 351-355б.
7.Экономика предприятия. Е.Л.Кантор.Питер-2003г. 268-273б.
8. Экономика предприятия.О.И Волков, В.К.Скляренко. Москва-2001г. 216-220б.
9. Экономический анализ предприятия. К.К.Жуйриков, Т.Б Баяхметов, М.Ш. Ергазина. Ақтөбе-2005ж.
10. Салық Кодексі. Алматы-2002ж. 33-35б.
11. «Жедел жаңару жолындағы Ұлттық экономиканың бәсеке қабілеттілік саясаты» конференция материалдары. Ақтөбе-Орынбор-2005ж. 26б.
12. «Қазақстан және Ресей экономикасы сапалық өсу жолында» конференция Ақтөбе-Орынбор-2004ж. 86б.
13. ЖШС «Асар-Трейд» -ң есебі.Ақтөбе-2009- 2010ж.

Жоспары
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 2
І-тарау. Пайданың мәні және оның теориялық аспектілері.
1.1. Кәсіпорын пайдасы түсінігі, мәні және
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
1.2. Пайданың қалыптасуын
басқару ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
...8
1.3. Пайданы жоспарлау, бөлу және пайдалану
тәртібі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12
ІІ-тарау. Асар ЖШС-ң экономикалық көрсеткіштерін талдау.
2.1. Асар ЖШС-нің жалпы
сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15
2.2. Асар-Трейд ЖШС-ң экономикалық
көрсеткіштері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ..18
2.3. ЖШС Асар – Трейд -ң пайдасын талдау және бөлінудің ерекшеліктері..30
ІІІ-тарау. Кәсіпорынның пайдасын жоғарлатудың негізгі бағыттары.
3.1. Шекті шамаларды қолдану негізінде пайданы барынша жоғарлату. ... ...
...31
3.2. Кәсіпорын пайдасын жоғарлату
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..33
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 34
Қолданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..35
Қосымша
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...38
Кіріспе.
Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорынның өндірістік дамуы мен
жұмысшылардың материалдық және әлеуметтік қажеттіліктерін қанағаттандыру
үшін жоғары пайда табу мақсатында коммерциялық қызметтің мәні өсуде.
Әрбір кәсіпорынның жиынтық көрсеткіші пайда түсімі болып табылады.
Пайда дегеніміз – тауар өткізуден және қызмет көрсетуден алынған ақшалай
кіріс пен оны өндіруге және сатуға жұмсалған шығындардың айырмасы.
Нарық жағдайында пайда табу әрқашанда тәуекелге байланысты-
кәсіпорынға күнде салынған капиталды жоғалту қауіпі тұрады. Осыған сәйкес
тәжірибеде кәсіпкерлік пайда ұғымы қолданылады.
Пайда – бұл өндірістің айналымының қаржылық қорытындысын білдіретін
кәсіпорын қызметінің нәтижелі экономикалық көрсеткіші.
Пайданың жалпы массасы, бір жағынан өнімге қойылған баға деңгейімен
сату көлеміне, екінші жағынан өндіріс шығындары деңгейінің қаншалықты
қоғамдық қажетті шығындарға сәйкес келетіндігіне тәуелді.
Жалпы түрде өнім бағасы мен өзіндік құны арасындағы айырма ретінде
көрсетіледі, ал кәсіпорын бойынша өткізілген өнімнен түсіммен өткізілген
өнімнің өзіндік құны арасындағы айырманы көрсетеді.
Пайда құрамында тауарлық өнімді өткізуден түскен пайда, басқа да
өнімдер мен қызметтерді өткізуден түскен пайда, мүлікті өткізуден түскен
пайда және жоспарланған өткізуден тыс кірістер қарастырылады. Нарықтық
экономикада пайданың айтарлықтай бөлігі салық нысанында алынады, мемлекет
оны бюджет кірісін толықтыруға бағыттайды.
Пайданы жоспарлаудың басты мақсаты – кәсіпорынның өз қажеттіліктерін
қаржыландыру мүмкіндіктерін анықтау болып табылады. Жоспарлау обьектісі
болып баланстық пайданың нормаланатын элементтері, өткізілген өніммен,
көрсетілген қызметтен түскен пайда табылады.
Пайданың бөлінудің мақсаты – кәсіпорынның өзін-өзі қаржыландыру мен
капитал өсуінің позициясынан пайданың қаншалықты тиімді пайдаланылуы мен
бөлінуін бекіту болып табылады.
Курстық жұмыстың тақырыбы Кәсіпорындағы пайданың қалыптасуы мен
пайдаланылуының тәртібі. Оның мақсаты – пайданың мәнін ашу және қалыптасуы
мен пайдаланылуын талдау.
Осы мақсатқа жетуге келесі міндеттер қойылады:
- пайда түрлері мен түсінігін ашу;
- пайданың қалыптасуын басқаруды қарастыру;
- пайданы жоспарлау, бөлу, пайдалану тәртібін көрсету;
- кәсіпорын пайдасын жоғарлату бағыттарын анықтау.
Бұл курстық жұмыс үш тараудан тұрады. Оның бірінші тарауында пайда
түсінігінің мәні, түрлері, пайданың қалыптасу және оны жоспарлау, бөлу,
пайдаланылу тәртібі қарастырылған. Сонымен қатар, тікелей талдау әдісінің
формулалары тіркелген. Екінші тарауда, ЖШС Асар-Трейд сипаттамасы, оның
пайдасын талдау және бөлу ерекшеліктеріне, жалпы экономикалық
көрсеткіштеріне талдау жүргізілді. Және таза пайдасының жұмсалуы кесте
түрінде көрсетілді. Үшінші тарауда, кәсіпорын пайдасын жоғарлатудың негізгі
бағыттары қарастырылды. Мұнда пайданы барынша жоғарлатуды есептеу жолдары
көрсетілген.

1.1. Кәсіпорын пайдасы түсінігі, мәні және түрлері.
Пайда – кәсіпорынның кәсіпкерлік қызметінің ақырғы қаржылық
нәтижесі болып табылады. Жалпы түрде өнім бағасы мен өзіндік құны
арасындағы айырма ретінде көрсетіледі, ал кәсіпорын бойынша өткізілген
өнімнен түсіммен өткізілген өнімнің өзіндік құны арасындағы айырманы
көрсетеді.

Пайда экономикалық категория ретінде кәсіпкерлік қызмет процесінде
материалдық өндіріс саласында қалыптасқан таза табысты көрсетеді, ал
тауарлық-ақша қатынастары жағдайында таза табыс кәсіпорын деңгейінде пайда
нысанын иеленеді.Пайда кәсіпкерлік қызметтің негізгі нәтижесі ретінде
кәсіпорынның, оның қызметкерлері мен мемлекеттің қажеттілігін қамтамасыз
етеді.
Нарықтық қатынастарда пайда экономикалық санаты ретінде құрылған
материалдық өндіріс саласының таза пайдасын қамтиды.

кіріс пен оны өндіруге және сатуға жұмсалған шығындардың айырмасы. Былайша
айтқанда, пайда – бұл өндірістің айналымының қаржылық қорытындысын
білдіретін кәсіпорын қызметінің нәтижелі экономикалық көрсеткіші. Кез
келген кәсіпорында жалақы ұжымға оның жұмсаған еңбегінің тек бір бөлігінің
ғана орнын толтыратыны, ал оның басқа бөлігі – қосымша еңбек-қосымша өнім
немесе құн жағынан алғанда, пайда құрайтыны осыдан келіп шығады.
Пайда нарықтық қатынастардың негізгі категориясы ретінде келесі
қызметтерді орындайды:
• шаруашылық қызметтің қаржылық нәтижесін сипаттайтын көрсеткіш
ретінде. Алайда нақты кезеңдегі кәсіпорынның шаруашылық қызметінің
ақырғы қаржылық нәтижесін сипаттайды;
➢ бөлу мен пайдалану процесінде болып табылатын ынталандырушы қызметін
атқарады. Бұның мәні мынада, пайда бір уақытта кәсіпорынның қаржылық
ресурсының негізгі элементі және қаржылық нәтижесі болып табылады;
➢ әртүрлі деңгейдегі бюджеттердің кіріс бөлігін қалыптастырушы көзі
ретінде. Пайдаға салынатын салық бюджет құралдарын толықтыратын
негізгі көздері болып табылады.
Пайда баланстық, есептеулік, жалпы, салық салынатын, таза пайда
түрлеріне бөлінеді. Жалпы баланстық пайда мынадан құралады:
• Тауарлы өнімдерді сатудан түскен пайда;
• Тауарлы өнімнің құрамына жатпайтын басқа өнімдерден және қызмет
көрсетуден түскен пайда немесе зиян;
Сатылатыннан тыс операцияларды жоспарлаудан түскен пайда немесе зияндар.
Оған жататындар: айыппұлдар, сыйлықтар және т.б.
Есептеулік пайда – бұл негізгі өндірістік және айналмалы нормативтік
қорларды және банктерден алған несиелерді шегергендегі бюджетке түсетін
жалпы баланстық пайда.
Пайдаға салынатын салық – кәсіпорынның таза өнімінің (табысының)бір
бөлігін бюджетке алу нысаны. Кәсіпорындардың (компаниялардың, фирмалардың,
ұйымдардың) өндірістік және коммерциялық шығынды (жалақыны, банк несиесі
бойынша процентті, жарнамаға жұмсалған шығынды қоса), сондай-ақ
қолданыстағы заңдарға сәйкес салық салудан толық немесе ішінара босатылатын
шығынды шегеріп тастағанда өнімді өткізуден түскен жалпы түсімге тең салық
салынатын пайдасынан алынады.
Жалпы пайда – баланстық пайда мен негізгі қорлар операцияларының
қаржылық нәтижесі, материалды емес активтер мен басқа да мүліктердің
айырмасы болып табылады. Жалпы пайданың негізгі жиынтық элементтеріне
жататындар:
➢ өнімді сатудан, қызмет атқарудан, қызмет көрсетуден түсетін пайда;
➢ негізгі қорларды, сол сияқты басқа да кәсіпорынның мүліктерін сатудан
түсетін пайда;
➢ өткізуден тыс операциялардың қаржы нәтижелері.
Таза пайда – салық салынатын пайда мен пайдаға салық арасындағы
айырма. Кәсіпорын таза пайдадан девиденттер, әртүрлі әлеуметтік салықтарды
төлейді және қорлар қалыптастырады. Нәтижесінде бөлінбейтін пайда қалады.
Бөлінбейтін пайда капиталдануға, яғни өндірісті қайта инвестициялау үшін
арналған. Ол кәсіпорынның өндірістік дамуын қамтамасыз етеді.
Нарықтық экономика жағдайында, әлемдік тәжірибеде көрсетілгендей пайда
алудың екі негізгі көзі бар: 1) осы немесе басқа бірегейлі өнім шығаратын
кәсіпорынның монополиялық жағдайы. Мұнда жоғарғы деңгейдегі жаңартуларды
енгізуді ұсынады. Бұл жерде қарсы әрекет етуші күштерді, яғни мемлекеттің
монополияға қарсы саясатын, басқа кәсіпорындар бәсекелестерінің өсуін
ескеру қажет. 2) өндірістік және кәсіпкерлік қызметке байланысты, мұны
пайдаланудың тиімділігі нарық конъюктурасын игеру мен өндірістің дамуына
күнделікті икемделуіне байланысты.Бұл жағдайда пайда шамасы төмендегілерге
тәуелді болады:
1) өнімді шығару бойынша кәсіпорынның өндірістік бағытының дұрыстығынан
(тұрақты және жоғары сұранысқа ие өнімді таңдау);
2) өздерінің тауарларын сату мен қызмет көрсетудің бәсеке қабілеттілік
жағдайын қалыптастырудан (баға, тұтынушыларға қызмет көрсету, сатудан
кейінгі қызмет көрсету);
3) өндіріс көлемінен (сату көлемі көп болса, соншалықты пайда массасы
көп болады);
4) өнім ассортиментін және өндіріс шығындарын төмендеуден.

Кәсіпкерлік пайда шамасы кәсіпорын басшылары мен акционерлер
жиналысында қабылданатын кәсіпорынның даму стратегиясы есебінен анықталады.
Кәсіпкерлік пайданы есептегенде төмендегілер ескеріледі:
- тұрақты кеңейтілген қайта өндіруді қамтамасыз етуші шығындар –
негізгі қорларға капитал салымы және айналым құралдарының өсімі;
- НИОКР-ң дамуына (ғылыми-зерттеушілік және тәжірибе-құрастыру
жұмыстары) ҒТП-ті қамтамасыз ететін, пайдадан алынатын шығындар;
- пайдадан қаржыландырылатын әлеуметтік қажеттіліктерге ағымдық
шығындар;
- әртүрлі ассоциацияларға, ұйымдарға аударымдар;
- акция бойынша дивиденттер төлеу;
- пайдадан төленетін салықтарға аударымдар;
- тұрғын үй және басқада әлеуметтік құрылыстарға шығындар.
Кәсіпкерлікке шығындар, ҚҚС, акциз, кәсіпорындар үшін шғындар болып
табылады. Себебі, олардың сомасын бюджетке енгізеді.
1.2. Пайданың қалыптасуын басқару.
Кәсіпорынның жоғары жетістіктерінің нәтижесі пайданың қалыптасу,
бөліну және пайдаланылу процестерін басқаруды болжайды.
Басқару құрамына: пайданы талдау, оны жоспарлау, пайданы жоғарлатудың
мүмкіндіктерін іздестіру кіреді.
Экономикалық талдау – бұл кәсіпорынның алдағы қаржылық ресурстарын
болжау мен жоспарлауды, оларды тиімді пайдаланудың негізі болып табылады.
Талдау нәтижелері кәсіпорынның басқару деңгейінде басқарушылық шешім
қабылдау үшін негізгі қызмет атқарады және қаржылық менеджерлердің
жұмыстары үшін бастапқы материал болып табылады.
Кәсіпорынның пайдасы әртүрлі қызмет түрлерінен алынуы мүмкін. Өнім
өткізуден, қызмет көрсетуден түскен пайда кәсіпорынның баланстық пайданың
құрылымында айтарлықтай үлеске ие. Оның шамасы 3 негізгі факторлар әсерінен
қалыптасады: өнімнің өзіндік құны, өткізу көлемі және өткізілген өнімге
қолданыстағы баға деңгейі.
Баланстық пайда элементтеріне:
- өнім өткізуден, қызмет көрсетуден, жұмыстарды орындағаннан
түскен пайда;
- негізгі қорларды өткізуден, кәсіпорынның басқа да мүлкін
өткізуден түскен пайда;
- өткізуден тыс операциялардан түскен қаржылық нәтижелер.
Натуралды көріністегі өткізілген өнім көлемінің жоғарлауы пайданың
өсуіне әкеледі. Сұранысқа ие, өнім өндірісінің көлемінің өсуіне капитал
салымының көмегімен жетуге болады. Бұл пайданы өндіргіш жабдықтарды сатып
алуға, жаңа технологияларды игеруге өндірісті кеңейтуге жұмсалуын талап
етеді.
Баланстық пайданы жоғарлату резерві болып негізгі қорлар мен
кәсіпорынның басқа да мүлкін өткізуден түсетін пайда табылады. Егерде
бұрын негізгі қорларды шығарумен байланысты операциялар қаржылық
нәтижелерге елеусіз әсер еткен болса, ал қазіргі кезде кәсіпорын өз
қарамағындағы артық мүлкін, орнатылмаған жабдықтарды сатуға немесе жалға
беруге құқығы бар. Сонымен қатар, материалды емес активтерді сатудан пайда
алынуы мүмкін. Олардың сатылу бағасы пайда әкелу қабілеттілігімен
анықталады. Пайданы есептеу үшін сату бағасынан материалды емес активтерді
сатып алумен байланысты шығындар алынады.
Кәсіпорындар бағалы қағаздарды әртүрлі мақсаттарға сатып алады. Олар
өтімді құралдарға жататындықтан, кәсіпорын оларды тез ақшаға айналдырып
міндеттемелерін өтеуі, төлемдер мен есептерін жүргізе алады. Бағалы
қағаздарды сатып аларда оларды дұрыс таңдау қажет. Егерде бағалы
қағаздардың курстық құнының өсуіне толық сенім болса, онда оларды сатып
алуға болады, оларды сату оңды қаржылық нәтиже береді. Курстық құн
төмендегенде бағалы қағаздарды сату мүмкін емес, табысты болмаса, мұндай
салым түрін активтер емес зиян деп есептеуге болады.
Өткізуден тыс операциялар құрамында қаржылық салымдар айтарлықтай
табысты болуы мүмкін. Қаржылық салымдардың құрылымы мен нақты бағыты
олардың тиімділігінің нақтыланған бағалары негізінде кәсіпорынның
ойластырған саясатының нәтижесі болуы қажет. Бұл сұраққа дұрыс қарамау
басқа кәсіпорынның жарғылық капиталына немесе бірлескен қызметіне салынған
салымдардың жоғалуына әкелуі мүмкін.
Қазіргі уақытта қаржылық салымдардың тәсілі болып ақшаны депозиттік
шотта сақтау немесе депозиттік сертификаттарды сатып алу табылады. Бұл
жағдайда екі жағдай ескерілуі керек: инфляция қарқыны, егерде
сертификаттарды сатып алу жөнінде болса, және алынған пайдадан салықтың
пайыз ставкасы. Бірінші жағдайда кірістер пайдаға, жалпы салық ставкасы
алынды, жиісінде- 15% ставка бойынша, себебі сертификаттар бағалы
қағаздарға жатады.
1.3. Пайданы жоспарлау, бөлу және пайдалану тәртібі.
Пайданы жоспарлау – кәсіпорындағы экономикалық-қаржылық жұмыстарының
негізгі аумағы және қаржылық жоспарлаудың негізгі бөлігі болып табылады.
Пайданы жоспарлау – кәсіпорын қызметінің барлық түрлері бойынша жеке
жүргізіледі. Бұл тек жоспарлауды ғана жеңілдетіп қоймайды және де пайдаға
салынатын салық шамасын анықтауға мүмкіндік береді.

қаржыландыру мүмкіндіктерін анықтау болып табылады.
Жоспарлау обьектісі болып баланстық пайданың нормаланатын элементтері,
өткізілген өніммен, көрсетілген қызметтен түскен пайда табылады.
Жоспарлы пайда есебі инвестициялар мен инновацияларды қаржыландыруды,
ұйымдастырудың тиімді жүйесін қалыптастыру және еңбекті ынталандыруды,
бюджетке уақытында салықтарды төлеуді орындауға болатындай экономикалық
негізделген болуы керек. Кәсіпорындағы пайданы жоспарлау тек кәсіпкерлерге
ғана емес сонымен қатар жалпы ұлттық экономика үшін үлкен мәні бар.
Пайда барлық түрлері бойынша жеке жоспарланады:
• тауарлық өнімдерді өткізуден түскен пайда;
• басқа да өнімдер мен тауарлық емес сипаттағы қызметтерді өткізуден
пайда;
• негізгі қорлар мен басқа да мүліктерді өткізуден алынған пайда;
• өткізуден тыс кірістерден түскен пайда.
Пайданы жоспарлаудың негізгі әдістеріне төмендегілер жатады:
- тікелей есептеу әдісі;
- талдамалы әдіс (аналитикалық);
- қоса есептеу әдісі.
Тікелей есептеу әдісі – шаруашылық жүргізудің қазіргі жағдайындағы
кәсіпорында кең таралған. Тікелей есептеуде алдағы кезеңде өткізуге жататын
өнімге жоспарланатын пайда (ҚҚС-сіз, акцизсіз, тауарлық және өткізу
түсімдерсіз) мен алдағы кезеңде өткізілетін өнімнің толық өзіндік құны
арасындағы айырма ретінде есептеледі. Бұл есептеу әдісі өнімнің көп емес
ассортиментін шығаруда тиімді болып табылады. Тікелей есептеу әдісін жұмыс
істеп тұрған кәсіпорынды кеңейтуге, жаңасын құруға немесе белгілі бір
жобаны жүзеге асырғанда қолданылады.
Жоспарлы пайда мына формуламен есептеледі:
П=(В*Ц)-(В*С)
Мұндағы, П – жоспарлы пайда;
В – жоспарлы кезеңде натуралды көріністегі
тауарлы өнім шығару;
Ц - өнім бірлігінің бағасы (ҚҚС-сыз, акцизсіз);
С - өнім бірлігінің толық өзіндік құны.
Тікелей есептеу әдісі қарапайым, оны қысқа мерзім кезінде пайданы
жоспарлауда қолданылады. Тікелей есептеу әдісінің бір түрі ассортимен
бойынша пайданы жоспарлау әдісі болып табылады. Бұл әдісте пайда барлық
ассортименттік позиция бойынша еселенеді. Алынған нәтижеге жоспарланған
кезең басында өткізілмеген дайын өнім қалдықтарына пайда қосылады. Пайда
жоспарын құруда басқа да әдістер қолданылады. Мысалы, рентабельділіктің
лимиттік талдау, нормативтік әдіс, экстраполяция әдісі болып бөлінеді.
Рентабельділіктің лимитін талдау әдісіКапитал айналымындағы шығындар
шамасының ауытқуларға қатысты жоспарлы пайда мен кәсіпорын икемділігінің
өзара байланысын бағалауға мүмкіндік береді. Есептеу келесі формуламен
жүргізіледі:
Минимальды айналым=тұрақты шығындар пайызы 100%
немесе
Минимальды айналым =1 - ауыспалы шығындар жоспарлы
капитал айналымы
Шығындарды жабуға қажетті минимальды айналым мен жоспарланған айналым
арасындағы алшақтық, кәсіпорынның капитал айналымын жоспарлаудағы еркіндік
деңгейін сипаттайды.
Салынған капиталдың рентабельділігін болжау әдісі келесідей
шамалардың қатынастарын талдауға негізделген.
Айналым құралдары + капитал салымы = салынған капитал.
Капитал айналымының коэфициенті = айналым құралдары
салынған капитал
Пайда коэфициенті = капитал айналымы өзіндік құн
Рентабельділік коэфициенті = пайда капитал айналымы
Капитал рентабельділігі= капитал айналымысалынған
капитал* пайдакапитал айналымы + 100%
Өтімділікті тоқтатуды талдау әдісі-амортизация мен кәсіпорынның
ақшалай шығындарының қатынасына негізделген. Бұл жағдайда кәсіпорынның
өтімділігін сақтау үшін қажетті капитал айналымының ең төменгі шамасы
анықталады.
Пайданы жоспарлаудың нормативтік әдісі – нормативтер көмегімен
жоспарлы пайданы есептеуге негізделген. Мұндай нормативтерге келесілер
қолданылады:
• өзіндік капиталға пайда нормасы;
• кәсіпорын активіне пайда нормасы;
• өткізілген өнім бірлігіне пайда нормасы.
Экстрополяция әдісі – жоспарлы кезеңде пайданы болжау мен даму
тенденциясын анықтау, динамикаларды талдау мүмкіндігін береді. Бұл әдісте
қысқа мерзімді кезеңде жоспарлауға болады.
Талдамалық әдіс – пайданы жоспарлаудың бұл әдісі шығарылатын өнімнің
кең ассортиментіне және тікелей есептеу әдісіне толықтыру ретінде
қолданылады. Ол жоспарлы пайдаға жеке факторлардың әсерлерін анықтауға
мүмкіндік береді.
Талдамалық әдісте пайда жоспарланған жылға шығарылатын өнімнің әрбір
түрі бойынша емес, жалпы өнімді салыстыру бойынша есептейді.
Салыстырмайтын өнімге пайда жеке анықталады.
Пайданы талдамалық әдіспен есептеу 3 кезеңнен тұрады:
➢ ағымдылық өнімділікті күтілетін пайданы есептік кезеңдегі
салыстырылатын тауарлық өнімнің толық құнымен анықтау;
➢ есептік жылдың өзіндік құны бойынша жоспарланған кезеңдегі тауарлық
өнімнің көлемін есептеу және ағымдылық өнімділік есебінен тауарлық
өнімнің пайдасын анықтау;
➢ жоспарланған пайдаға әсер ететін әртүрлі факторлар есебі:
салыстыратын өнімнің өзіндік құнының төмендеуі, оның сапалылығы мен
сорттарын арттыру, ассортименттерінің бағасын өзгеруі.
Жалпы пайда құрамында тауарлық өнімді өткізуден түскен пайда, басқа
да өнімдер мен қызметтерді өткізуден түскен пайда, мүлікті өткізуден түскен
пайда және жоспарланған өткізуден тыс кірістер қарастырылады. Сонымен
қатар, дәстүрлі түрдегі және арнайы әдістер (эксперттік, статистикалық,
экономика-математикалық) қолданылады.
Пайданы жоспарлауда қолданылған тікелей есептеу әдісімен талдамалық
әдіс,яғни қоса есептеу әдісі қолданылады. Бұл жағдайда екі әдістің
элементтері қолданылады, яғни жоспарланған жылдағы бағадағы тауарлық
өнімнің құны мен есептік жылдың өзіндік құны бойынша тікелей есептеу
әдісімен анықталады. Ал, жоспарлы пайдаға мұндай факторлардың әсерін,
өзіндік құнның өзгеруі, сапаның жоғарлауы, ассортименттің өзіндік бағасы
т.б. талдамалық әдіс арқылы анықтайды.
Жоғарыда аталғандардан басқа қаржылық әдісі бар, ол оперативтік және
стратегиялық жоспарлау мақсатында қолданылады.
Пайданы бөлу обьектісі кәсіпорынның баланстық пайдасы болып табылады.
Оны бөлуді пайданың бір бөлігін бюджетке жолдау деп түсінуге болады.
Пайданы үлестіру заңдылығы – салық және басқа да төлем шарттары түрінде
түрлі деңгейде бюджетке түсетін бөлігі. Пайданы үлестірудің бағытын
анықтау, кәсіпорынның қарауында қалатын, құрылым статьясын пайдалану
кәсіпорынның құзіретіне жатады.
Пайданы үлестілудің принциптері:
• кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық және қаржы қызметі нәтижесінен
алынған пайданы шаруашылық субьектісі ретінде мемлекет пен
кәсіпорынның арасында бөлінеді;
• мемлекет алған пайданың бөлігі салық және алым ретінде бюджетке
түседі, мөлшерлеменің өзгеруі емес. Салықтың құрамы және алымы, оларды
есептеудің және бюджет жарнама тәртібі заңды түрде белгіленеді;
• салықтан кейінгі кәсіпорынның қарауында қалатын пайда мөлшері өнім
көлемінің артуы және өндірістік-шаруашылық және қаржы қызметінің
жақсаруына оның мүдделілігі кемімеуі керек;
• кәсіпорынның қарауында қалатын пайда әуелі кәсіпорынның одан әрі
дамуын қамтамасыз ететін қорланымға бағытталады, ал қалған бөлігі тек
тұтынуға кетеді.
Кәсіпорынның қарауында қалатын барлық пайда екі бөлікке бөлінеді.
Біріншісі – кәсіпорынның мүлкін көбейтеді және тұтыну процесіне
қатысады.Екіншісі – тұтынуға пайдаланатын пайда үлесін сипаттайды. Сонымен,
тұтынуға бағытталған барлық пайданы толық пайдаланудың қажеті жоқ. Мүлікті
көбейтуге байланысты пайдаланбай қалған пайда қалдығының үлкен маңызы бар
және алдағы жылдардағы мүмкін болатын залалдарды, түрлі шығындарды
қаржыландырудың орнын толтыруға бағытталады.
Бөлінбеген пайда кең мағынада пайда ретінде тұтынуға пайдаланған және
өткен жылдардағы пайдаланбаған пайда кәсіпорынның қаржы орнықтылығын,
кейінгі дамуы үшін қаржы көздерінің бар болуын дәлелдейді.
Кәсіпорындарда пайданы үлестіру және пайдалану тәртібі оның жарғысында
тіркеліп қойылады және оны кәсіпорын басшысы бекітеді.
Таза пайданы бөлу – фирма ішілік жоспарлаудың бір бағыты болып
табылады. Таза пайда НИОКР-ды қаржыландыруға, өндірісті жаңартуға, өнім
сапасын жоғарлатуға, өндірісті қайта құру мен техникалық жарақтандыруға
бағытталады.
Кәсіпорындағы пайданың бөлінуі мен пайдаланудың тәртібі кәсіпорын
жарғысында тіркеледі. Экономикалық-қаржылық бөлімшелермен әзірленеді,
кәсіпорынды басқарушы органдармен бекітіледі. Кәсіпорын жарғысына сәйкес
пайдадан қаржыландырылатын шығындар сметасын құруға немесе арнайы бағыттағы
қорларды құруға байланысты: жинақтау қоры және тұтыну қоры.
Пайдадан қаржыландырылатын шығындар сметасы құрамына: өндіріс дамуына
шығындар, еңбектік ұжымның қызметкерлерін материалдық марапаттау,
қайырымдылық мақсаттар кіреді.
Өндірістің дамуына бағытталған шығындарға: ғылыми-зерттеушілік
жұмыстар, жобалық, конструкторлық-технологиялық жұмыстар, жаңа өнім
түрлерін игеру мен өндіруді қаржыландыру, өндірісті ұйымдастыру мен
технологияны жетілдіру бойынша шығындар т.б. жатады. Мұнда табиғатты қорғау
шараларын орындау үшін шығындар жоспарланады.
Әлеуметтік қажеттіліктерге пайданы бөлу келесі бағыттарға жұмсалады:
кәсіпорын балансындағы әлеуметтік-тұрмыстық обьектілерді пайдалану бойынша
шығындар, өндірістік емес құрылыс обьектілерін, ұйымдар мен қосалқы ауыл
шаруашылықтың дамуын қаржыландыруды, сауықтыру, мәдени шараларды өткізуге.
Материалдық марапаттау шығындары құрамына: аса маңызды өндірістік
тапсырмаларды орындағаны үшін бір жолғы марапаттау, жаңа техниканы
енгізгені, игергені, құрғаны сыйақы төлеу, қызметкер мен жұмысшыларға
материалды көмек көрсеткендері үшін шығындар, зейнеткерлікке шыққандарға
бір жолғы пособие т.б. жатады.
Кәсіпорында қалған барлық пайда екі бөлікке бөлінеді: Біріншісі,
кәсіпорын мүлкін жоғарлатады және қорлану процесіне қатысады. Екіншісі,
тұтынуға бағытталған пайда мөлшерін сипаттайды. Қорлануға бағытталған
пайдаланудың барлығын пайдалану қажет емес, мүлікті жоғарлатуға жұмсалмаған
пайда қалдығының маңызы резервтік мағынасы бар. Ол алдағы жылдардағы мүмкін
шығындарды жабуға, әртүрлі шығындарды қаржыландыруға бағытталуы мүмкін.
ІІ-тарау. Асар-Трейд ЖШС-ң экономикалық көрсеткіштерін талдау.
2.1. Асар-Трейд ЖШС-нің жалпы сипаттамасы.
Асар-Трейд ЖШС –і жоғары пайда табуға бағытталған, жарғылық қоры бар
жеке фирма болып табылады. Асар-Трейд ЖШС-ң кәсіпкері Орынбасаров Қаныш
Ыдрысұлы болып табылады. Ол бұл мекеменің қызметін дамытуға үлкен үлес
қосты.
Жеке құрылыс компаниясы Асар-Трейд ЖШС Ақтөбе қаласы, Жургенова 1-
124 көшесінде орналасқан және 1997 ж. құрылды. 1997-1999 ж. Компания қызмет
ету сферасын кеңейтеді, яғни тек Ақтөбе облысы бойынша ғана емес, сонымен
қатар Атырау облысы бойынша жол салу құрылысымен айналысады. 2000 ж. Ақтөбе
қаласында жеке тұрғын үй комплексі (S-7500 кв.м) салынды. 2001 ж. Асар-
Трейд автожол құрылысымен айналысады. 2000-2004 ж. Ақтөбе қаласында
асфальттік-бетондық заводын құрастыру және модернизациялауды жүзеге
асырады. Сонымен қатар Асар-Трейд компаниясының автотранспорттық паркі
мен жол құрылысы техникасын жаңартты. 2005 ж. қарашада Абулхаир хан
проспектінде екінші тұрғын үй комплексі (S-7700 кв.м) салынды. 2005 ж.
желтоқсанда Атырау қаласындағы Атырау атты қонақ үйі жоғары деңгейде
салынды. Осыған сәйкес Асар-Трейд ЖШС жыл сайын қызмет көрсету деңгейінің
өскенін көреміз.
Компанияның негізгі қызмет түрлері:
- тұрғын үй құрылысы;
- офистер мен қонақ үйлерді тұрғызу;
- автожол құрылысы;
- мүлік арендасы;
- қонақ үй бизнесі.
Асар-Трейд ЖШС-ң құрылу кезеңінен бастап мынадай негізгі жұмыстарды
қамтиды:
- ішкі экономикалық қызметті жүзеге асыру;
- маркетингтік, диллерлік қызмет;
- коммерциялық,ақпараттық және жарнамалық қызмет;
- сауда филиалдарын ашу (Атырау).
Нарықтық экономика жағдайында кез келген құрылыс компаниясы құрылысты
бәсекелестерден сапалы және тез жасауға тырысады. Асар-Трейд ЖШС өз
қызметінде табиғи материалды және ресурстарды өңдеу бағытын кеңейтуге
тырысты.
Асар-Трейд тұрғын үй комплексінің құрылысы барысында белгілі бір жер
учаскесін иеленеді. Сөйтіп белгілі бір құжаттарды жинау кезінде Асар-
Трейд құрылыс комитетінде тұрғын үй комплексін салуға рұқсат алды. Бүгінгі
таңда Асар-Трейд Ақтөбе, Атырау облысы бойынша дамыған комплекс болып
табылады.
2.2. Асар-Трейд ЖШС-ң экономикалық көрсеткіштері.
Кез келген кәсіпорын қандайда болмасын қызметін жүзеге асыру үшін
меншігінде негізгі қорлары болу қажет. ЖШС Асар-Трейд өздерінің құрылыс
операцияларын жүзеге асыруда негізгі қорларды иеленеді. Оларға келесілер
жатады: сақтау, әртүрлі тиеу-түсіру жұмыстарын орындау.
ЖШС Асар-Трейд негізгі қорларын натуралды көріністе өлшеу арқылы
анықтауға болады:
• ЖШС Асар-Трейд 3 дайын өнім қоймасы бар. Ең ірі қойма Ақтөбе
облысының 41-разъезінде орналасқан. Бакалейторг базасы, оның жалпы
ауданы 8000 кв.м, онда қордың ең көп көлемін сақтауға болады;
• Шеберхана 1000 кв.м. ауданды;
• Көлік құралдары 25 дана шамасында, олардың түрлері: арбаларымен
тіркемелерімен Кам АЗ (20 тонна),супермозалар (25 тонна), зил
самосвал, ЗИЛ (бортовой), УАЗ, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz