Жаза тағайындаудың жалпы негіздері


МАЗМҰНЫ

Кіріспе 3

  1. Жаза тағайындаудың жалпы негіздері 5
  2. Жауаптылықты жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар 10
  3. Қатысып жасалған қылмыс үшін жаза тағайындау 30
  4. Қылмыстардың жиынтығы бойынша жаза тағайындау 32
  5. Қылмыстардың қайталануы жағдайында жаза тағайындау 38
  6. Үкімдердің жиынтығы бойынша жаза тағайындау 40
  7. Мерзімдерді қоса кезінде оларды белгілеу тәртібі және жаза мерзімдерін есептеу және жазаны есепке алу 44
  8. Белгілі бір қылмыс үшін көзделген жазадан гөрі жеңілірек жаза тағайындау 46
  9. Шартты түрде соттау 50

Қорытынды 53

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 55

КІРІСПЕ

Зерттеу жұмысының жалпы сипаттамасы. Қылмыстық жаза мемлекеттік күштеу шараларының бірі болып табылады және ол мемлекеттің қылмыспен қарсы күрес жүргізу құралдарының бірі ретінде қолданылады. Мемлекет қылмысқа қарсы күрес жүргізуде әр түрлі ұйымдастырушылық, тәрбиелік, экономикалық, рухани шаралардың барлық түрін кеңінен қолданады, сөйтіп қылмыстан сақтандыру мәселелеріне ерекше көңіл бөледі. Сондықтан да біздің жас, тәуелсіз мемлекетіміз қылмысқа қарсы күрес қылмыстық жазаны қолдануда ең негізгі басты күрес деп саналмайды, бұл құбылысқ қарсы күресте шешуші мәселелер жоғарыда аталып өткен экономикалық, ұйымдастыру, тәрбие, қоғам мүшелерінің белсенділігін, олардың құқылық сана-сезімін жетілдіру арқылы жүзеге асырылады. Сондықтан да қылмыстық шара мемлекеттік күштеу шарасы ретінде тек арнаулы, заңда көрсетілген жағдайда ғана жүзеге асырылады. Қылмыс істеген адамдарға мұндай шараны қолдану мемлекеттің атқаратын функцияларының бірі ретінде қарастырылады. Әсіресе ауыр, өте ауыр қылмыс істегендерге соған сәйкес ауыр қылмыстық-құқылық күштеу шараларын қолдану мемлекеттің міндеті болып табылады. Мемлекеттік күштеу шаралары сан алуан. Оларға тек қылмыстық құқылық шаралар ғана емес, азаматтық, әкімшілік, тәртіптік шаралар да жатады. Қылмыстық шара мемлекеттік күштеу шараларының жеке бір түрі бола отырып, өз ерекшеліктерімен оқшауланады.

Қылмыстық жаза кнәлі адамға мемлекет атынан белгіленеді, жеке немесе лауазымды адамдар сот тағайындаған жазадан ешкімді де босата алмайды, заңды күшіне енген сот үкімі мемлекеттік, жеке кәсіпорын, ұйым, мекеме, лауазымды және жай адамдардың орындауы үшін Республика аумағында індетті болып табылады.

Курстық жұмыстың тақырыбы - қазіргі өзекті мәселелердің бірі - жаза тағайындаудың мәселелері.

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Курстық жұмыс барысында жаза тағайындаудың негізгі ұғымын, оның негізгі түрлері мен нысандарын және жаза тағайындаудың негізгі аспектілерінің бірі - жауаптылықты жеңілдететін, ауырлататын мән-жайларға, қылмыс жиынтығына, қылмыстың қайталануына анықтама беріп, оның элементтеріне талдау жасадық.

Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеті. Курсттық жұмыстың негізгі мақсаты мен міндеті - жаза тағайындаудың қыр-сырын ашып, толық сипаттама беру мүмкіндігі.

Зерттеу жұмысының нысаны. Жаза тағайындаудың адамның нақты жүрыс-тұрысымен, оның өмірімен байланыстылығын көрсету, бағалау.

Зерттеу жұмысының пәні. Курсттық жұмыстың негізгі көтерген мәселесі - жаза тағайындаудың мәселелерін жан-жақты ашу, талдау.

Зерттеу жұмысының теориялық және методологиялық негізі. Курсттық жұмыс жазу барысында негізінде Ағыбаев А. Н., Әбілезов Е. Т., Жүнісов Қ. Т. сияқты авторлардың «Қылмыстық құқық. Жалпы бөлім» кітаптарын, сонымен қатар «Тура би», «Заң және заман», «Заңгер» сияқты мерзімді баспа басылымдарында жарияланған бірқатар мақалаларды қарастырдық.

Зерттеу жұмысының әдіс-тәсілдері. Курсттық жұмыс жазу барысында негізгі жалпылау, сараптау, талдау, зерттеу, жинау әдіс-тәсілдері қолданылған.

1 ЖАЗА ТАҒАЙЫНДАУДЫҢ ЖАЛПЫ НЕГІЗДЕРІ

Қылмыстық құқық жаза тағайындағанда кінәлінің жеке-дара жауапкершілік принципін негізгі басшылыққа алады. Осы мәселеге байланысты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 1999 жылғы 30 сәуірдегі «Қылмыстық жаза тағайындаған кезде соттардың зандылық тыс ақтауы туралы» № 1 нормативтік қаулысында былай делінген:

Қылмыстық кодекстің 52-бабында жаза тағайындаудың жалпы негіздері көрсетілген. Онда былай делінген:

52-бап. Жаза тағайындаудың жалпы негіздері.

1. Қылмыс жасауға айыпты деп танылған адамға осы Кодекстің Ерекше бөлімінің тиісті бабында белгіленген шекте және осы Кодекстің Жалпы бөлімінің ережелері ескеріле отырып, әділ жаза тағайындалады.

2. Қылмыс жасаған адамға оның түзелуі және жаңа қылмыстардың алдын алу үшін қажетті және жеткілікті жаза тағайындалуға тиіс. Егер жасалған қылмыс үшін көзделген жазаның онша қатаң емес түрі жазаның мақсатына жетуді қамтамасыз ете алмайтын болса ғана ол үшін көзделгеңдері арасынан неғұрлым қатаң жаза тағайындалады. Жасалған қылмыс үшін осы Кодекстің Ерекше бөліміндегі тиісті баптарда көзделгеннен неғұрлым қатаң жаза осы Кодекстің 58 және 60-баптарына сәйкес қылмыстардың жиынтығы бойынша немесе үкімдердің жиынтығы бойынша тағайындалуы мүмкін. Жасалған қылмыс үшін осы Кодекстің Ерекше бөліміндегі тиісті баптарда көзделгеннен қатаңдығы төмеңірек жаза тағайындау үшін негіз осы Кодекстің 55-бабында белгіленеді.

3. Жаза тағайындау кезіңде қылмыстың сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесі, айыпкердің жеке басы, сонымен бірге оның қылмыс жасағанға дейінгі және одан кейінгі мінез-құлқы, жауаптылық пен жазаны жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар, сондай-ақ тағайындалған жазаның сотталған адамның түзелуіне және оның отбасының немесе оның асырауындағы адамдардың тіршілік жағдайының ықпалы ескеріледі.

Қылмыстық заңның осы бабында көрсетілген талаптарды бірнеше топқа бөлуге болады. Оның біріншісі, әділ жаза тағайындалуы болып табылады. Әділеттілік принципі Қылмыстық кодекстің 3-бабында арнайы көрсетілген. Осы бапқа сәйкес адамның қылмыс құрамының белгілері бар іс-әрекеті ғана қылмыстық жауаптылықтың негізі болады. Бір қылмыс үшін ешкімді де қайтадан қылмыстық жауапқа тартуға болмайды делінген. Жазаның әділеттілігі істелген қылмыстың ауырлығына, оны істеу жағдайларына және кінәлінің жеке басының кім екендігіне сай келуі қажет. Тағайындалған жаза қылмыскердін іс-әрекетінің зандылық зардабы, нәтижесі болуы керек. Жазаның шегі оның іс-әрекетінің шегіне сайма-сай дәл келуі керек. Осыған байланысты тым жеңіл немесе тым ауыр жаза тағайындалуға жол берілмеуі керек. Тағайындалған жаза істелген қылмысына пара-пар келетін әділ болғанда ғана ол өз мақсатына жетері анық.

Жаза Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің тиісті бабында белгіленген шекте тағайындалады. Яғни, сот жаза тағайындағанда кінәлінің істеген қылмысы үшін жазаның мөлшерін, түрін сол баптың санкциясы көрсеткен шектен шықпай тағайындауға міндетті. Сондықтан да әділ жаза тағайындаудың алғышарты іс-әрекетті дұрыс саралау, яғни істелген іс-әрекеттің белгілерінің нақты қылмыс құрамы белгілеріне дәлме-дәл сай болуын анықтау өте қажет, Қылмысты дұрыс сараламау әділетсіз жаза тағайындауға әкеліп соғады. Қылмыстық заңның нақты құрамының санкциясында көрсетілген жаза мөлшерінің ең жоғарғы шегінен шығып, жаза тағайыңдауға заң ешқандай жол бермейді. Керісінше, сот жаза тағайындағанда қылмыстық заңның 55-бабында көрсетілген шарттарды еске ала отырып, кінәліге белгілі бір қылмыс үшін көзделген жазадан гөрі неғұрлым жеңіл жаза тағайындауға құқылы.

Сондай-ақ сот жаза тағайындағанда Ерекше бөлімнің нақты бабының санкциясының шегін ескермеумен бірге Кодекстегі Жалпы бөлімнің ережелерін де басшылыққа алуға міндетті. Яғни, сот адамды қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін алдымен оның іс-әрекетінде қылмыс құрамы бар ма, жоқ па осы мәселені анықтайды. Егер қылмыс құрамы бар болса, ол біткен немесе бітпеген қылмыс па, қылмыскер оны жеке өзі немесе басқалармен бірге істеді ме деген мәселелерді анықтайды. Бұл сұрақтарға жауап алу үшін ең алдымен Қылмыстық кодекстің Жалпы бөліміндегі қылмыстың ұғымы, оның сатылары, қылмысқа қатысу ұғымы, іс-әрекеттің қылмыстылығын жоятын жағдайлар, қылмыстық заңның уакыттағы, кеңістіктегі, қылмыс жасаған адамдарға қатысты қолданылуы сияқты мәселелерді анықтау керек. Қылмыстың құрамы бар іс-әрекеттерге жаза тағайындағанда сот ең алдымен адамды қылмысты жауаптылықтан және жазадан босатуға негіздер бар ма, жоқ па деген мәселелерді анықтауға міндетті1. Егер сот жасаған қылмысы үшін жаза тағайындау қажет деп тапса, онда ол Қылмыстық кодекстің Жалпы бөлімінен жаза туралы бөліміндегі негізгі қағидаларды - жазаның ұғымы мен мақсаты, жазалау түрлері, жаза тағайындаудың жалпы негіздерін басшылыққа ала отырып біткен немесе бітпеген қылмыстарға, қайталанған, қатысып жасалған қылмыс үшін, қылмыстардың, үкімдердің жиынтығы үшін жаза тағайындаудың ерекшеліктерін ескереді. Сондай-ақ мерзімдерді қосу кезінде оларды белгілеу, жаза мерзімдерін есептеу және жазаны есепке алу туралы Жалпы бөлімінің ережелері негізгі басшылыққа алынады.

Егер жасалған қылмыс үшін көзделген жазаның онша қатаң емес түрі жазаның мақсатына жетуді қамтамасыз ете алмайтын болса ғана сол үшін көзделгендердің арасынан неғұрлым қатаң жаза тағайындалады. Бұл жерде балама санкцияларды қолдану туралы сөз болып отыр. Қылмыстық кодекстің 39-бабында жазаның түрлерінің тізбегі онша қатаң еместен, қатаң түріне қарай тізбектеліп берілген. Осыған орай сот жазаның мақсатына жету үшін қажет деп тапса, санкцияда көрсетілген балама жазалардың қатаң түрін тағайындауға құқылы. Қылмыстық кодекстің 48-бабының 3-бөлігіңде қылмыстардың және үкімдердің жиынтығы бойынша жазаның қатаң түрін тағайындаудың тәртібі және оның шегі арнайы көрсетілген.

Сот жаза тағайындағанда істелген қылмыстың сипатын және қоғамға қауіптілік дәрежесін, айыптының жеке басының кім екендігін, істің жауаптылықты женілдететін және ауырлататын мән-жайларын еске алады. Осы айтылған факторлардың ішінде есепке алынатын екі негізгі белгі бар. Ол біріншіден, істелген қылмыстың қоғамға қауіптілік дәрежесі, екіншіден, кінәлінің жеке басының кім екендігі, басқа айтылған жағдайлар мен мән-жайлар бұл жоғарыда айтылған екі факторлардың мазмұнын нақтылап толықтыратын, оларға бағынышты түсінік болып табылады.

Осы жоғарыда айтылған екі негізгі факторға сипаттама берелік. Бірінші, істелген қылмыстың қоғамға қауіптілік дәрежесін анықтау арқылы жаза тағайындау. Заң бойынша әрбір істелген нақты қылмыстың қоғамға қауіптілігі екі жағынан: сапалық (қоғамға қауіптілік сипаты) және сандық (оның дәрежесі) белгілері арқылы белгіленеді. Қылмыстың қоғамға қауіптілік дәрежесі қылмыстың объективтік және субъективтік белгілері арқылы анықталады. Мұның ішінде объективтік белгілері (қылмыстың объективті зардабы, іс-әрекеттің мәні, қылмыстың істелген уақыты, тәсілі, оның жағдайы), субъективтік белгілері, кінәнің формасы, қылмыстық ниет немесе мақсат жан-жақты еске алынады.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 1999 жылғы 30 сәуірдегі «Қылмыстық жаза тағайындаған кезде соттардың заңдылықты сақтауы туралы» нормативтік қаулысының 2-тармағында: «Соттардың назары ауыр және аса ауыр қылмыс, әсіресе қылмысты ұйымдасқан топ немесе қылмыстық қауымдастық болып жасаған, коррупциялық қылмыстар жасағаны үшін кінәлі болып танылған, сондай-ақ бұрын сотталған, бірақ түзелгісі келмейтін адамдарға занда көрсетілген жазалаудың қатаң шараларын міндетгі түрде талқылап, қолдану керектігіне аударылады.

Жасалған қылмыстың қоғамдық қауіптілігінің дәрежесін анықтағанда, соттар қылмыстың ауырлығын анықтау тәртібін реттейтін ҚК-нің 10-бабының талаптарын, сондай-ақ нақты қылмыстық әрекет (кінәнің түрі, себебі, тәсілі, жасаған қылмыстық жағдай мен кезеңі, одан болған ауыртпалық, сотталушылардың әрқайсысының қылмысқа қатыстылығының дәрежесі мен сипаты, т. б. ) жағдайының барлығы ескерілуі тиіс», - деп жоғарыда айтылған заң талаптарының мазмұны ашып көрсетілген.

Қылмыстық кодекстің 52-бабының келесі бір маңызды талабы айыптының жеке басының кім екеңдігін анықтау болып табылады. Өйткені оны сипаттайтын мән-жайларды дұрыс анықтаудың жазаны даралаудағы маңызы зор.

Осы мәселеге байланысты жоғарыда аталған Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысының 3-тармағында:

«Соттар жазаның түрі мен мөлшерін белгілеу үшін елеулі мәні бар сотталушының жеке басының мәліметтерін жан-жақты, толық және объективті түрде тексеруі керек. Атап айтқанда, сотталушының денсаулығын, еңбекке қабілеттілігі мен қатыстығын, білімін, сотталғандығы туралы мәліметтерді анықтау керек. Сотталушының отбасы жағдайы анықталғаннан кейін, соттар ҚК-нің 52-бабының 3-бөлігіне сәйкес жазаны тағайындаған кезде тағайындалған жаза оның отбасы немесе оның асырауындағы адамдардың жағдайына қандай әсер ететінін ескеруі керек», - деп ескертілген.

Сот нақты жағдайларға байланысты әр уақытта да кінәлінің жеке басын сипаттайтын әлеуметтік мәні бар барлық жайттарды анықтауы қажет. Оның ішінде кінәлінің қылмыс істегенге дейінгі немесе одан кейінгі мінез-құлқы, оның енбекке, оқуға деген көзқарасы, өмір сүру салты, өзін қоршаған ортаға қатынасы, оны сипаттайтын оң немесе теріс мән-жайлардың бәрі де ескерілуге жатады2. Бұрын сотталғандарға, ішімдікпен, нашақорлықпен әуестенушілерге, қоғамдық тәртіпті бұзушыларға, қатыгездікпен немесе сыбайласып қылмыс жасағандарға шектен тыс жеңіл жаза тағайындауға болмайды. Керісінше, мемлекет, қоғам, отбасы алдындағы өз міндеттерін адал орындап жүрген, өндірісте, тұрмыста жағымды мінездерімен сипатталатын адамдардың бірінші рет қылмыс жасауы олар үшін жеңілірек жаза тағайындауға негіз бола алады.

2 ЖАУАПТЫЛЫҚТЫ ЖЕҢІЛДЕТЕТІН ЖӘНЕ АУЫРЛАТАТЫН МӘН-ЖАЙЛАР

Әрбір нақты қылмыс үшін жаза тағайыңдағанда соттар қылмыстың қоғамға қауіптілігінің дәрежесін және жазаны даралау үшін жауаптылықты жеңілдететін немесе ауырлататын мән-жайларды анықтауға міндетті. Істелген қылмыстың түрі мен қоғамға қауіптілігінің дәрежесін, істің мән-жайын, кінәлінің жеке басын және оның жауаптылығын жеңілдететін немесе ауырлататын жағдайларды ескере отырып, жаза тағайындау кезінде соттар оған жеке тұрғыдан қарау жөнінде заң талаптарын бұлжытпай орындауға тиісті. Жаза занды, негізді және әділ болуы үшін Қылмыстық кодекстің 53, 54-баптарында көрсетілген жауаптылықты жеңілдететін де, ауырлататын да мән-жайлар толық есепке алынуы керек.

Жауаптылықты жеңілдететін немесе ауырлататын мән-жайлар қылмыстық заң арқылы белгіленеді. Қылмыстық занда (53-бап) жауаптылықты жеңілдететін мән-жайлардың үлгі тізбегі ғана берілген, өйткені жаза тағайындағанда жауаптылықты жеңілдететін, занда көрсетілген басқа мән-жайларды да соттың еске алуына болады. Ал жауаптылықты ауырлататын мән-жайлардың (54-бап) заңда көрсетілген тізбегі тұжырымды, сот осы занда көрсетілген мән-жайлардан басқаларды жауаптылықты ауырлататын мән-жай деп тануға құқылы емес3.

Жауаптылықты жеңілдететін немесе ауырлататын мән-жайларды қылмыс құрамының қажетті, жетілген немесе жеңілдетілген белгілерімен шатастыруға болмайды. Мазмұны немесе атауы жөнінен олар бір-біріне сәйкес болады. Мысалы, басқа біреудің мүлкін қорқытып алушылықта ұйымдасқан топ жасаған қылмыс осы қылмыстың жетілдірілген құрамының белгісін көрсетеді. Сонымен бірге ұйымдасқан топ болып қылмыс жасау жауаптылықты ауырлататын мән-жайларға жатады. Сондыктан да мұндай мән-жай қылмыстың құрамының белгісі ретінде көрсетілсе, ол тағы да жауаптылықты ауырлататын мән-жайлар ретінде жаза тағайындағанда есепке алынбайды. Ол туралы Қылмыстық кодекстің 3-бабында «бір қылмыс үшін ешкімді де қайталап қылмыстық жауапқа тартуға болмайды», - деп көрсетілген. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 1999 жылғы 30 сәуірдегі № 1 нормативтік қаулысының 4-тармағында:

«ҚК-нің 54-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген жауапкершілік пен жазаны ауырлататын мән-жайлардың тізімі түпкілікті болып табылады. Осыған орай, қылмыс жасалған кездегі немесе сотталушыны сипаттайтын басқа да сот анықтаған жағдайлар (маскүнемдікке салыну, қоғамдық тәртіпті бұзу, от-басына, жұмысына, оқуына немқұрайлы қарау т. б. ) жаза тағайындалған кезде ескеріледі, жауапкершілік пен жазаны ауырлататын мән-жай ретінде танылмайды», - деп көрсетілген.

Егер ҚК-нің 53 немесе 54-баптарында көрсетілген мән-жайлар қылмыстың бір белгісі ретінде Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің Ерекше бөліміндегі баптың диспозициясында көрсетілген болса, онда ол сол қылмыс үшін жаза тағайындаған кезде жауаптылықгы жеңілдететін немесе ауырлататын мән-жай ретінде ескерілмейді. Мысалы, жан күйзелісі үстінде ашумен кісі өлтіруде жан күйзелу осы қылмыс үшін жаза тағайындағанда жауаптылықты жеңілдететін мән-жай ретінде есепке алынбайды4.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 53-бабында қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жайлар болып мына төмендегілер есептелінеді:

а) мән-жайлардың кездейсоқ тоғысуы салдарынан алғаш рет кішігірім ауырлықтағы қылмыс жасау;

б) айыпкердің кәмелетке толмауы;

в) жүктілік;

г) айыпкердің жас балалары болуы;

д) қылмыс жасағаннан кейін зардап шегушіге тікелей медициналық және өзге де көмек көрсету, қылмыс салдарынан келтірілген мүліктік залал мен моральдық зиянның орнын өз еркімен толтыру, қылмыспен келтірілген зиянды жоюға бағытталған өзге де іс-әрекеттер;

е) жеке басындық, отбасылық немесе өзге де ауыр мән-жайлар тоғысуының салдарынан не жаны ашығандық себебімен қылмыс жасау;

ж) күштеп немесе психикалық мәжбүрлеу салдарынан не материалдық, қызметтік немесе өзге де тәуелділігі себепті қылмыс жасау;

з) қажетті қорғанудың құқыктық дұрыстығының шартын бұзу, аса қажеттілік, қылмыс жасаған адамды ұстау, негізді тәуекел, бұйрықты немесе өкімді орындау жағдайларында қылмыс жасау;

и) қылмыс жасау үшін түрткі болып табылған жәбірленушінің заңға қайшы немесе адамгершілікке жатпайтын қылығы;

к) шын жүректен өкіну, айыбын мойындап келу, қылмысты ашуға, қылмысқа басқа қатысушыларды әшкерелеуге және қылмыс жасау нәтижесінде алынған мүлікті іздеуге белсенді жәрдемдесу.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделмеген мән-жайлар да жаза қолдану кезінде жеңілдетуші ретінде ескерілуі мүмкін.

3. Егер жеңіддететін мән-жай осы Кодекстің Ерекше бөлімінің тиісті бабында қылмыс белгісі ретінде көзделген болса, ол өзінен-өзі жаза тағайындау кезінде қайталап ескеріле алмайды.

4. Осы баптың бірінші бөлігінің д) және к) тармақтарында көзделген жазаны жеңілдететін мән-жайлар болған және ауырлататын мән-жайлар болмаған жағдайда, жаза мерзімі немесе мөлшері осы Кодекстің Ерекше бөлімінің тиісті бабында көзделген жазаның неғұрлым қатаң түрінің ең жоғары мерзімінің немесе мөлшерінің ауыр немесе орташа ауыр қылмыс жасаған кезде - жартысынан, ауыр қылмыс жасаған кезде - үштен екісінен, аса ауыр қылмыс жасаған кезде - төрттен үшінен аспауға тиіс.

Енді осы жеңілдетілетін мән-жайлардың ішкі мазмұнына тоқталайық:

1. Мән-жайлардың кездейсоқ тоғысуы салдарынан алғаш рет онша ауыр емес қылмыс істеу. Бұл жерде іс-әрекетті жеңілдететін мән-жайға жатқызу үшін біріншіден, қылмыс тұңғыш рет істелуі, екіншіден, ол қылмыс онша ауыр емес қылмыс санатына жатқызылуы, үшіншіден, қылмыс кездейсоқ жағдайға байланысты істелуі керек. Кездейсоқ жағдайда, мысалы, өте өнегелі адамның қылмыстық топқа кездейсоқ қатысып, қылмысқа қатысуы. Іс-әрекетті кездейсоқ жағдайға жатқызу немесе жатқызбау нақты жағдайға байланысты шешіледі.

2. Айыпкердің кәмелетке толмауы, жасы он сегізге толмай қылмыс істегенде көп жағдайда өмірлік тәжірибенің жеткіліксіздігінен, ересектердің теріс ықпал етуінен немесе үлкендерге еліктеп я болмаса басқалардан қалмау мақсатымен, өзінің тентектігін көрсету арқылы істеледі. Бұл жерде бұлардың ақыл-ойының әлі жетіліп, қалыптаспағаны жастықтың салдарынан ұстамдылық жасамай қылмыс жасайтыны еске алынып, олардың кәмелетке толмай қылмыс жасауы жауаптылықты жеңілдететін мән-жайларға жатады. Республика Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысында барлық соттарға жасы толмағандарға жаза тағайындағанда олардың қылмысын өте мұқият зерттеп, оларды мүмкіндігінше қоғамнан оқшауламайтын жаза түрін немесе жазаға жатпайтын тәрбиелік мәні бар шараларды кеңінен қолдану туралы бірнеше ұсыныстар берген. Жаңа Қылмыстық кодексте (VI бөлім) кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы жеке берілген.

3. Жүкті әйелдің қылмыс істеуі. Қылмыстық заң адамгершілік принципін басшылыққа ала отырып, ана мен баланың мүддесін қорғайды. Жүкті әйелдің істеген қылмысын жауаптылықты жеңілдететін мән-жайларға жатқызу - осының айғағы. Жүкті күйдегі әйелде психологиялық, физиологиялық өзгерістер болады. Осыған байланысты мұндай жағдайда олардың өзін-өзі ұстауы кеміп, ашуланшақ, міншіл, кінәмшіл күйде болады. Көрсетілген жағдайларда жүкті әйелдер өзін-өзі ұстауы кеміп, қылмыс жасайды. Олардың бұл әрекеті жазаны женілдететін мән-жайға жатады5.

4. Айыпкердің жас балалары болуы.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жаза тағайындау түсінігі
Қылмыстық жазалардың түрлері мен қылмыстық - атқару жүйесіндегі қылмыстық ықпал ету шараларын орындаудың түсінігі
Жазаны тағайындаудың жалпы негіздері
Қылмыстық құқықтағы жаза тағайындау
Қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар.
Жаза туралы тусінік оның белгілері және мақсаты. Қылмыстық құқықтағы жаза тағайындау
Қылмыстық құқықтағы жазаның түрлері мен мақсаты
Қылмыстық жауаптылық және жаза
ЖАЗА ҰҒЫМЫ МЕН ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ЖАЗАНЫ ТАҒАЙЫНДАУ
Жаза тағайындау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz