Салық төлеуден жалтарыну


Салық төлеуден жалтарыну
Салық төлеуден жалтарыну - салық төлемдерін толық немесе ішінара төлемеу мақсатымен салық төлеушінің салық салу объектісін ( табысын, пайданы, тауар айналымын, мүлікті) әдейі жасыруы және азайтуы. Салық төлеушілерді мұндай заңсыз іс-әрекеті мемлекет мүддесіне айтарлықтай нұқсан келтіреді: мемлекеттік бюджет едәуір қаражаттарды ала алмайды, салық заңнамасын бұзушылар кірістерінің қосымша криминалдық көздері жасалынады, кәсіпкерлік қызмет сферасында, салада, өңірде және т. б. құн қозғалысының негізгі үйлесімдері бұрмаланады.
Салық төлеуден жалтарынудың себептері әр түрлі болуы мүмкін:
- Шаруашылық, кәсіпкерлік немесе өзге де қызметті қалыпты жүргізуге мүмкіндік бермейтін елеулі салық ауыртпалығы; салықтардың көптігі және жоғары мөлшерлемелері салық салынатын субъектінің «көлеңкелі» («қалтарыстағы») экономикаға кетуіне көмектеседі;
- Салық заңнамасының күрделігі, сонымен бірге анық еместігі, нұсқаулықтар мен ережелердің қағидалары мен нормалардың түрліге түсіндіретін ондағы толықтырулардың, өзгертулердің, түзетулердің көптігі;
- Салық службасын ұйымдастырудағы кемшіліктер: жұмыскерлердің төмен біліктілігі мен біліксіздігі, экономикалық білімдер мен құқықтық мәселелердің шектес салаларын жеткіліксіз білу; тексерулер кезіндегі жұмыскерлердің адалдыққа жатпайтын іс-қылықтары;
- Салық сомаларын баю немесе көлеңкелі бизнестегі инвестициялау мақсатымен субъектілердің оларды төлемеуге қасақана, әдейі ұмтылуы және т. б.
«Көлеңкелі экономиканың» орасан зор ауқымы, басқа елдердің банк мекемелеріне ақша аудару, кәсіпкерлік қызметтіқ шын ауқымын, мүлік құнының мөлшерін өемендету жөніндегі табысты үкш салулары - мемлекет бақылауынан салық түсімдерінің аса ірі сомаларын шығарады.
Кейбір мәліметтер бойынша Қазақстандағы құпия экономика жалпы ішкі өнімінің үштен бірінен 40 пайызына дейін құрайтын көрінеді. Құпия экономикадағы жаман жағдай оның салық базасын мемлекеттің қаржы ресурстарын молайту үшін пайдалануға мүмкіндік бермейді.
«Қосарланған» есеп жүргізудің практикасы қалыптасқан: ресми органдар үшін және кәсіпкерлердің меншікті пайдалануы үшін:біріншісінде қызметтің тек аз болуы мүмкін нәтижелері, екіншісінде басқару мен бизнесті дамытуға қажетті, ақиқатты нәтижелер көрсетіледі.
Белгіленген тәртіптен әр түрлі ауытқулар кезінде немесе салықты есептеу және төлеу кезіндегі әкімшілік қағидалар мен салық органдары іс-
әрекетінің нұсқаулары анықталған; мысалы бухгалтерлік есепті жүргізу тәртібін бұзған жағдайда, есеп-қисап құжаттарын жою немесе жоғалту кезінде, мағлұмдалған табыстың жеке тұтынуға арналған шығыстарға,
мүліктің мөлшеріне сәйкес келмеуі жағдайында салық салу объектісін анықтаудың әдістері.
Салықтарды мәжбүрлі өндіріп алудың шаралары белгіленген. Салық төлеушінің белгіленген мерзімде орындалмаған салықтық міндеттемесін орындау: 1) төленбеген салық және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдер сомасына өсімпұл есептеу; 2) банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру; 3) салық төлеушінің салық берешегі есебіне мүлікке билік етуіне шек қою, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік тәсілдерімен қамтамасыз етілуі мүмкін.
Өсімпұл сомасы мен салық берешегін өтеу бойынша салықтық міндеттемені мәжбүрлеп орындату шараларын, сондай-ақ салық заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылықтың өзге де шараларын қолдануға қарамастан есептеледі және төленеді. Өсімпұл салық және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдер төлеу мерзімі күнінен кейінгі күнінен бастап, өткен әрбір күн үшін Ұлттық банк белгілеген қайта қаржыландыру ресми мөлшерлемесінің 1, 5 еселенген мөлшерінде бюджетке төленген күнді қоса алғанда, мерзімі өткен әрбір күн үшін септеледі.
Заңи тұлғаның және дара кәсіпкердің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру заңнамалық актілерде белгіленген тәртіппен: салық төлеуші салық есептемесін тапсыру мерзімі аяқталғаннан кейін 10 жұмыс күні ішінде оны табыс етпеген; белгілен ен төлеу мерзімі күнінен бастап отыз жұмыс күні ішінде салық берешегі өтелмеген жағдайда салық берешегі есебіне мүлікке билік етуді шектеу жүргізіледі.
Салық органдары салық төлеушіге мерзімінде орындалмаған салықтық міндеттемені орындауды қамтамасыз ету тәсілдерін қолданғаннан кейін, мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қолдануға құқылы. Салықтарды мәжбүрлеп өндіріп алу мынадай тәртіппен: банк шоттарындағы ақшаның есебімен; қолма-қол ақшаның есебімен; дебитордың шоттарынан; билік ету шектелген мүлкін өткізу есебінен; акциялардың қосымша эмиссияларын мәжбүрлеп шығару арқылы жүргізіледі.
Алайда аталған шаралардың бәрі салықтан жалтарынудың проблемаларын жоймайды. Тек салық службасының органдары тексерулерінің нәтижелері бойынша есептелінбеген төлемдердің сомасы бюджет кірістерінің үштен бірін құрайды. Салық төлеушілер салық салынатын объектілер мен табыстарды жасырудың аса жетілдірдген әдістерін қолданады, салық службаларына бұрмалаған мәліметтерді беру жағдайлары жиілеп барады.
Салық салудан жалтарынудың әралуан әдістері болады. Тура салықтарды төлеуден жалтарыну көбірек таралған. Жанама салықтар бойынша оларды
өндіріп алудың ерекшелігіне байланысты жасырыну қиынға түседі. Бірақ банктердің қатысуынсыз тауар-ақша операцияларын жасау, яғни сатып
алу - сату операцияларын есепке алудан іс-жүзінде жасыру акциздерді, қосылған құн салығын төлемеуді мүмкін етеді.
Табыстарға салық салу бойынша жалтарынудың неғұрлым сипатты әдісі өндіріс немесе айналыс шығындарын ( шегерімдерді ) арттыру арқылы табыстың мөлшерін азайту болып табылады; материалдық шығындарды жалған ( көтеріңкі ) баға бойынша мысалы, оларды еркін бөлшек сауда бағасы бойынша сатып алынғанына сілтеме жасау, немесе тікелей жалған есеп-қисап құжаттарын жасау жолымен өнімнің ( жұмыстың, қызметтің ) өзіндік құнына жазады. Осылайша амортизациялық аударымдардың сомасын көтеріңкілеу мақсатымен жабдықтың және басқа негізгі құралдардың құны көтеріңкіленуі мүмкін.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz