Клавицепстоксикоз қоздырғышының спораларының морфологиясы және ерекшеліктері, қоздырғыш қандай қоректік ортада өседі


ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Ветеринария факультеті
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Клавицепстоксикоз қоздырғышының спораларының морфологиясы және ерекшеліктері, қоздырғыш қандай қоректік ортада өседі
Орындаған: Кенжегали Н
Тексерген:
АЛМАТЫ, 2015 ж.
Жоспары:
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
1. Клавицепстоксикоз қоздырғышына жалпы сипаттама
2. Клавицепстоксикоздың патогенезі, симптомдары, патологиялық - анатомиялық өзгерістер
3. Клавицепстоксикозды емдеу және сақтандыру шаралары
III. Қорытынды
IV. Пайдаланған әдебиеттер
І. Кіріспе
Патогенді саңырауқұлақтар ағзаға әсер ету механизміне байланысты 2 топқа бөлінеді:
- Микоздар - саңырауқұлақтардың тікелей малдарды уландыруы.
- Микотоксикоздар - адамдар және жануарлардың ағзасына микоз тәріздес уытты заттардың (саңырауқұлақтар) енуі нәтижесінде пайда болатын ауыл шаруашылық малының аурулары, зең саңырауқұлақтарымен зақымданған жем - шөптермен улану.
Ықпал ететін жағдайлар 18-30 пайызды ылғалдылық көбінесе дәнді - дақылдар, беде, жоңышқа зақымдалады. Зең саңырауқұлақтарымен зақымдалған жем шөптердің түсі қараяды және бурыл түсті болады, қышқыл иісті.
Микотоксиндер топырақта көп кездесетің фитопатогенді және сапрофитті саңырауқұлақтардың көбісімен продуцирленеді. Олармен продуцирленетің микотоксиндер жинаудың, сақтаудың және өндеудің қолайсыз жағдайларында ауылшаруашылық дақылдарында жинақталады.
Әсіресе жануар текті азықтарда микотоксиндердің анықталуына көп көніл бөлу керек (ет - сүтті тағамдар, жұмыртқа) . Микотоксиндер қоректін құрамында көгеру болмаса да болуы мүмкін. Жануарлардың улануы күзде және ерте көктемде болуы мүмкін. Микотоксиндер сыртқы орта факторларына төзімді болып келеді, оның ішінде суыққа, жоғары температураға, құрғатуға, ультрофиолет және ионды сәуле әсері.
Ең тараған адам мен жануардағы алиментарлы микотоксикоздардың бірі: фузариотоксикоздар, , фузариограминеаро- токсикоз, фузарионивале-токсикоз. Қоздырғышы болып трихоцетен тобының токсиндерін продуцирлейтің Fusarium тұқымдастығына жататың саңырауқұлақтар болып саналады
Ауыл шаруашылығы жануарларының улы микроскопиялық саңырауқұлақтармен зақымдалған жем - шөппен азықтануы себепті пайда болатын ауру түрілерін микотоксикоздарға жатқызады. Осы аурулар тобына клавицепстоксикоз, эрготизм, жылқының дендродохиотоксикозы, стахиботритоксикоз, фузариотоксикоз көгеріп кеткен өсімдік токсикоздары жатады. Микотоксикоздарды қоздыратын саңырауқұлақтар көбіне жетілмегендер қатарына және қалталылар қатарына жатқызылады.
ІІ. Негізгі бөлім
2. 1. Клавицепстоксикоздың қоздырғышына жалпы сипаттама
Клавицепс саңырауқұлағының уымен улану ауруы клавицепстоксикоз деп аталады, саңырауқұлақ Paspalum туысы жабайы дәнді дақылдарда паразиттік тіршілік етеді.
Морфологиясы. С. Paspalі саңырауқұлағының склероцийлері шар тәрізді, жарты шар тәрізді және сопақша болады. Түсі сарғыш қоңыр. Склероцийлердің диаметрі 1, 4-3, 2 мм. Өніп - өсіп тұрған склероцийлер бірнеше стром құрайды, олар цилиндр тәрізді, аяқшаларының ұзындығы 15-16 мм болады, бас жағы шар тәрізді, оның диаметрі 1-2 мм, түсі сары. Перитецийлер көбіне сопақша болып келеді, цилиндр тәріздісі сирек кездеседі. Әрбір перитецийдің цилиндр тәрізді көптеген қалташығы болады. Осы қалталарда жіпше тәрізді, түссіз споралар (аскоспоралар) өсіп - өнеді. Перитецийлердің, қалталардың, споралардың мөлшері даму жағдайына байланысты. Конидийлер түссіз, сопақша, мөлшері 8, 5-11, 65*4-4, 5 мкм. Склероцийлер 10-нан 25-27°С температурада өсе бастайды. Стромдардың пайда болып, жетілуі 18-20 күнге созылады.
Культурасын өсіру. Саңырауқұлақ паспалум, сәбіз, бидай ботқасында, Сабуро ортасында және басқаларда 23-25°С, рН-6, 4-7 жағдайында өніп - өседі.
Төзімділігі. Саңырауқұлақтың конидийлері өсімдік масағында 7-8°С температурада, бір қалыпты ылғалдылық сақталса, 235 күнге дейін тіршілігін сақтайды, ал 22-23°С температурада 165 күн тіршілік ете алады.
Зардаптылығы. Саңырауқұлақтар тек склероций сатысында улы болады. Олардан токсин эфир, спирт, хлороформ және су қолдану арқылы алынады. Негізінен майлы фракция ғана ауру қоздырады. Табиғи жағдайда саңырауқұлақтың уына есек, жылқы, қой, ірі қара және шошқа, ал лабораториялық жануарлар ішінен үй қояны, теңіз шошқасы, тышқан сезімтал келеді. Мысық пен ит те уланады. Склероцийлерді үй қоянына бергенде аурудың көзге көрінерлік белгілері (бұлшық етінің дірілдеуі, құрысу, сал болып қалу) 24 сағаттан кейін білінеді. Эксперимент жолымен экстракт немесе склероцийлерді енгізгенде теңіз шошқасы токсикозға ұшырайды.
Жануарларда клавицепстоксикоздың 2 түрі кездеседі:
- Эрготизм
Астық тұқымдастарының дәндерінде пайда болатын қастауыш алкалоидтарынан улануды - эрготизм деп атайды. Жауын - шашын жылдары мәдени өсімдіктердің, арпа, сұлы дәндерінің, диірмен қалдықтарының қастауышпен ластануы жиі кездеседі. Малдар үшін қауіптісі саңырауқұлақтың құрамында болатын уы - склероцин. Уытты бастамасы - эрготоалкалойдтар: эрготоксин, эрготамин, эргозин. Олар бірыңғай салалы бұлшықеттерге әсер етеді. Қарашықты тарылтады, қан тамырларын тарылтып, ұлпалардың қоректенуін бүлдіреді, симптоматикалық жүйке жүйесін тежейді.
- бұл жануарлардың бірден көптеген бөлігінде болатын ауру. Ол жайылым кезінде де, сондай - ақ байлаулы кезінде де байқалады.
Патогенезі. Саңырауқұлақтың склероцийінде у болады, ол қайнатқанда да, көп сақтағанда да уытын жоймайды. Малдың улануы осы улағыш заттардың азықпен бірге түсуінен болады.
Қанға сіңгеннен кейін улағыш заттар орталық жүйке жүйесінің қызметін бұзады, әсіресе қимылдатқыш өрісі орталығының жұмысын төмендетеді. Кілегейлі қабықтар қабынады.
Саңырауқұлақтың токсикалық заттарында орталық жүйке жүйесін зақымдайтын нейротропты уы болады. Ішкі мүшелерінің өзгерісі шамалы байқалады, гемодинамикасы өзгеріп, белок дистрофиясына ұшырайды. Тек ішек - қарын жолы қабынады. Диагноз пішен мен шөпке склероцийлерді табу арқылы қойылады. Жайылым мен жем - шөпті саңырауқұлақтардың бар - жоқтығына тексереді. Керек болған жағдайда лабораториялық жануарларға биосынама қою арқылы анықтап, тексереді.
Симптомдары. Улану кезінде орталық жүйке жүйесі зақымдалады, үздіксіз тремор байқалады, рефлекстік қозғыштығы күшейеді және статикалық атаксия мен құрысу орын алады. Бұл ауру жануарларда жіті және созылмалы түрде өтеді.
Ірі қара малда үркектік пайда болады, басын шайқай береді, атаксия, бұлшықеттерінің дірілдеуі, парездер қалыптасады. Созылмалы түрінде зат алмасу бұзылып, арықтайды, өсімталдығы төмендейді. Малдар арықтайды, тәбеті бұзылмаса да сиырдың сүті азаяды.
Қойлар уланған кезде бастарын шайқайды, тәлтіректеп жүреді, дірілдейді, қорқақтық пайда болады. Қатты жүрген кезде мал сүрініп құлайды, көмексіз тұра алмайды. Сілекей ағады, малдың тамыр соғысы мен тыныс алуы жиілейді.
Жылқыларда жалпы әлсіреу, атаксия, бұлшықеттің дірілдеуі (тремор) және әр түрлі салданулар білінеді. Кілегейлі қабықтары қызарып, тамыр соғуы жиілейді, дене температурасы төмендейді.
Эрготизм кезінде де улану жіті және созылмалы түрде өтеді. Жіті түрінде ас қорыту жолының қызметі бұзылады, сілекейі ағады, ауыз қуысының кілегейлі қабықтары қабынады, құсады, коликтер, іш өту, сезімталдықтың төмендеуі немесе жойылуы, сіреспелер байқалады. Бұлшық еттері дірілдеп, тартылып қалады. Көз қарашығы кеңейеді, қозғалысы нашарлайды.
Созылмалы түрінде - құрғақ гангрена түрінде білініп, құстардың айдары мен сырғалығы, ірі қара малдың желінінің ұштары, құйрығы, кейде тұяқтары, шошқалардың тұмсығы, бас терілері шіріп, түсіп қалады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz