Өнім сапасын арттырудың экономикалық тиімділігі



I.ТАРАУ. ӨНIМ САПАСЫН КӨТЕРУДIҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ
ӘДIСТЕМЕЛIК НЕГIЗДЕРI

1.1 Өнiм сапасының көрсеткiштерi мен оған әсер ететiн факторлар ... ... ... ..
1.2 Өнiм сапасын көтеру мен экономикалық тиiмдiлiгiнiң мәнi мен
маңызы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.3 Өнiмнiң бәсекеге қабiлеттiлiгi, оның маңызы және анықтау
әдiстерi ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

II.ТАРАУ. «НУР» ЖШС КӘСIПОРНЫНДА ӨНIМ САПАСЫН
БАСҚАРУ ТИIМДIЛIГIН БАҒАЛАУ

2.1 «НУР» ЖШС кәсiпорнының экономикалық жағдайын талдау ... ... ... .
2.2 «НУР» ЖШС кәсiпорнының каржылык жағдайын талдау ... ... ... ... ..
2.3 «НУР» ЖШС кәсiпорнында өнiм сапасын көтерудiң экономикалық
тиiмдiлiгiн бағалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

III.ТАРАУ. KӘСІПОРЫНДА ӨНIМ САПАСЫН ЖЕТIЛДIРУ
ЖОЛДАРЫ

3.1 Кәсiпорында өнiм сапасын арттыру жолдарының мүмкiншiлiгi ... ... ... .
3.2 «НУР» ЖШС кәсiпорнында өнiм сапасын жақсартудағы негiзгi
бағыттар мен алғышарттар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3.3 Өнiм сапасын арттыруда шетелдiк үлгiнi қолданудың
маңыздылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Соңғы он жылдықта сапа менеджмент аясында ең бiр маңызды идеялардың бiрi болды. Қазақстанда өнiм және қызмет сапасын жоғарылату мәселесiн шешусiз нарықтың қалыптасуы мүмкiн емес. Сапасыз фирманың тұрақтылығына және шығарылған өнiмнiң бәсекеқабiлеттiлiгiне жетуге болмайды. Қазiргi жағдайдағы өнiм сапасы мен бәсекелестiк бүкiл әлемге жан-жақты тән нәрсе, ол ұлттық байлықтың өсуiнiң жаңа көзiне айналуда.
Сапаның жалпы экономикалық белгiлерi адамдардың жағдайы мен сатылған тауардың бәсекеге қабiлеттiлiгiнiң ролiмен түсiндiрiледi. Өз кезегiнде сапа мәселесiн шешу республика нарығының қалыптасуы үшiн және бәсекелестiк күрестi жеңуге шақырады.
Тұтынушылардың әртүрлiлiгi өнiмге, қызметке, персоналдарға талаптар және менеджмент әдiстерi «сапа» түсiнiгiн жаңа мазмұндармен толықтырды. Өнiмдi сапалы әрi арзан етiп шығару әртүрлi ұйым бөлiмшелерiнде сапаны көтеру үшiн жасалынатын iстер сапаны толығымен көтередi.
Кәсiпорында шығарылатын өнiмдердiң сапасы нарықтық жағдайда қызметтiң негiзгi факторы болып табылады. Себебi, нарықтық саралымды кеңейтудi, кәсiпорынды жандандыруды, пайданың артуын қамтамасыз етедi. Халықаралық тәжiрибе көрсеткендей, сапалылықты арттыру қызметi жүйелiк басқару шеңберiнде жүргiзiлуi мақсатқа сай болғаны дұрыс, өйткенi, жобалаудан бастап, жұмысшыларға және кәдеге жаратуға дейiн ол өнiмнiң барлық өмiршеңдiк кезеңiн қамтиды.
1. ҚР Президентi Н.Ә.Назарбаевтiң 2007 жыл 28 ақпандағы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты халыққа Жолдауы.
2. ҚР Үкіметінің Қазақстан Республикасының ұлттық стандарттау және сертификаттау жүйелерін дамытудың 2004-2005 жылдарға арналған бағдарламасы. Қазақстан Республикасының Президенті және Үкіметінің актілер жинағы, 2005, №6 34-60 бет.
3. Нурпейсова М.М. «Качество-ключ к завоеванию рынка» Учебн. пособие // КазЭУ. Алматы. Экономика. 2001 год.
4. 2003-2015 жылдардағы Қазақстан Республикасының индустриалды-инновациялық даму стратегиясы. Қазақстан Республикасының.Президенті және Үкіметінің актілер жинағы
5. Ерімбетов И.Р. «Сапаны жақсарту стандарттан басталады» // Егемен Қазақстан 2006, 27 қыркүйек, 2002, №30.
6. Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары. ҚР-ның Президентінің үкімімен 2001 жылдың 4 желтоқсанында расталған, №735, Астана 2001.
7. А.Абдрахманов, член Правления МО "СовАсК"
Ш.С.Тажибаев Институт стандартизации, метрологии и сертификации, «Проблемы и перспективы управления качеством в Республике Казахстан» : Алматы, 2006г.
8. ҚР-ның Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан», «Егемен Қазақстан» 2007, 1 наурыз.
9. «Стандарттау мен сертификаттау туралы» ҚР-ның Заңы // «Егемен Қазақстан» // 1993, 17 ақпан.
10. Нұрпейісова А.С. Кластерлік талдау – микродеңгейде бәсекелік қабілетті басқару базасы // «ҚазЭУ Жаршысы», «Экономика» 2006, №3, 72-76 беттер.
11. Узун А. Өнім даярлау стандарттары мен сертификаттары инновациялық менеджменттің негізі ретінде // Ізденіс 2006 жыл №2, 262-264 бет.
12. Жанаев Д.А. Зарубежный опыт повышения конкурентноспособности промышленной продукции // Транзитная экономика 2006год. № 5
13. Ибрагимов С.Р.Сертификация ИСО 9001- это вполне реально // Бухгалтер и налоги 2006год, №11.
14. Ермекова Ж.К. «Качество, конкурентноспособность продукции и ценообразование // Вестник КазЭУ 2003, №4, с. 8-13.
15. Дулатов Б.Н. ИСО 9000- Всемирный стандарт систем обеспечения качество // Бухгалтер и налоги 2006 год, №11.
16. Ж.Е Басовский . «Управление качеством» Учебник. Москва. 2002г.
17. Азгальдов Г.Г. Теория и практика оценки качества товаров. – М.: Экономика, 1982.
18. Огвоздин В.Ю. Управление качеством: основы теории и практики. учебн. пособие. Москва. 1999 год. 160 стр.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 70 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Өнім сапасын арттырудың экономикалық
тиімділігі

Мамандығы 050506 Экономика

Алматы

МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

I-ТАРАУ. ӨНIМ САПАСЫН КӨТЕРУДIҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ
ӘДIСТЕМЕЛIК НЕГIЗДЕРI

1.1 Өнiм сапасының көрсеткiштерi мен оған әсер ететiн
факторлар ... ... ... ..
1.2 Өнiм сапасын көтеру мен экономикалық тиiмдiлiгiнiң мәнi мен

маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.3 Өнiмнiң бәсекеге қабiлеттiлiгi, оның маңызы және анықтау

әдiстерi ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

II-ТАРАУ. НУР ЖШС КӘСIПОРНЫНДА ӨНIМ САПАСЫН
БАСҚАРУ ТИIМДIЛIГIН БАҒАЛАУ

2.1 НУР ЖШС кәсiпорнының экономикалық жағдайын талдау ... ... ... .
2.2 НУР ЖШС кәсiпорнының каржылык жағдайын
талдау ... ... ... ... ..
2.3 НУР ЖШС кәсiпорнында өнiм сапасын көтерудiң экономикалық
тиiмдiлiгiн
бағалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... .

III-ТАРАУ. KӘСІПОРЫНДА ӨНIМ САПАСЫН ЖЕТIЛДIРУ
ЖОЛДАРЫ

3.1 Кәсiпорында өнiм сапасын арттыру жолдарының
мүмкiншiлiгi ... ... ... .

3.2 НУР ЖШС кәсiпорнында өнiм сапасын жақсартудағы негiзгi
бағыттар мен
алғышарттар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ..
3. Өнiм сапасын арттыруда шетелдiк үлгiнi қолданудың

маңыздылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ...

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

КIРIСПЕ

Соңғы он жылдықта сапа менеджмент аясында ең бiр маңызды идеялардың
бiрi болды. Қазақстанда өнiм және қызмет сапасын жоғарылату мәселесiн
шешусiз нарықтың қалыптасуы мүмкiн емес. Сапасыз фирманың тұрақтылығына
және шығарылған өнiмнiң бәсекеқабiлеттiлiгiне жетуге болмайды. Қазiргi
жағдайдағы өнiм сапасы мен бәсекелестiк бүкiл әлемге жан-жақты тән нәрсе,
ол ұлттық байлықтың өсуiнiң жаңа көзiне айналуда.

Сапаның жалпы экономикалық белгiлерi адамдардың жағдайы мен сатылған
тауардың бәсекеге қабiлеттiлiгiнiң ролiмен түсiндiрiледi. Өз кезегiнде сапа
мәселесiн шешу республика нарығының қалыптасуы үшiн және бәсекелестiк
күрестi жеңуге шақырады.

Тұтынушылардың әртүрлiлiгi өнiмге, қызметке, персоналдарға талаптар
және менеджмент әдiстерi сапа түсiнiгiн жаңа мазмұндармен толықтырды.
Өнiмдi сапалы әрi арзан етiп шығару әртүрлi ұйым бөлiмшелерiнде сапаны
көтеру үшiн жасалынатын iстер сапаны толығымен көтередi.

Кәсiпорында шығарылатын өнiмдердiң сапасы нарықтық жағдайда қызметтiң
негiзгi факторы болып табылады. Себебi, нарықтық саралымды кеңейтудi,
кәсiпорынды жандандыруды, пайданың артуын қамтамасыз етедi. Халықаралық
тәжiрибе көрсеткендей, сапалылықты арттыру қызметi жүйелiк басқару
шеңберiнде жүргiзiлуi мақсатқа сай болғаны дұрыс, өйткенi, жобалаудан
бастап, жұмысшыларға және кәдеге жаратуға дейiн ол өнiмнiң барлық
өмiршеңдiк кезеңiн қамтиды.

ҚР Президентi Н.Ә.Назарбаевтiң 2007 жыл 28 ақпандағы Жаңа әлемдегі
жаңа Қазақстан атты халыққа Жолдауында Бәсекеге қабілеттілік-Қазақстан
әлемдік экономика мен қоғамдастыққа табысты кірігуінің кілті. Қазақстанның
экономикалық дамуындағы сапалық серпiлiстi әлемдiк экономикаға кiрудiң
қажеттi шарты ретiнде пайымдай отырып, халықаралық маңыздағы серпiлiстiк
жобаларды iске асыру, индустрияны дамыту, әлемдiк рыноктың белгiлi бiр
тауашаларында бәсекеге қабiлеттi бола алатын тауарлар мен қызметтер
өндiрудi негiзгi бағыттардың бiрi ретiнде оларға баса назар аудару керек
делiнген[1].

Тек шикiзатқа ғана бағдарланған ел болып қалмау үшiн бiз жеңiл және
тамақ өнеркәсiбiн, инфрақұрылымды, мұнай мен газ өңдеудi, химия мен мұнай
химиясын, машина жасаудың жекелеген шағын салаларын, ғылымды қажет ететiн
түпкiлiктi өндiрiстердi, қызмет көрсету саласын, туризмдi бұрынғыдан да
iлгерi қарқынмен дамытуға тиiспiз.Қазiргi импорт кезiнде қатаң бәсекелестiк
жағдайында өндiрiстер мен бүтiндей салалардың нарыққа бейiмделу үрдiсi
жүрiп жатқан кезде, бiз өндiрiстiң ауыр шикiзаттық құрылымына қарай
құлдырай беремiз, ал бүкiл өркениеттi және дамушы әлем бұған тiкелей қарама-
қарсы жүрiп барады.

Тоғыз жолдың торабында орналасқандықтан, шекарамыздың өн бойында өз
өнiмiмiздi өткiзудiң аса iрi нарықтарының орасан зор әлеуетiне ие болып
отырмыз. Таяу жатқан көршi елдердiң бiрен-сараны болмаса, кез-келгенi
Қазақстан өнiмдерiн, оның сапасы халықаралық стандарттарға сай болған және
тиiстi көлiк арналары дамыған жағдайда жуытып қоюға қабiлеттi.

Осындай факторларды ескере отырып, дипломдық жұмысымның мақсаты ретiнде
Қазақстан кәсiпорындарында өндiрiлетiн өнiмдердiң және көрсетiлетiн
қызметтiң сапасын арттыру жолдарын iздеудi қарастырдым. Дипломдық жұмыс
обьектiсi болып НУР ЖШС болып табылады.

Мiндеттерi ретiнде:

• Нарық экономика жағдайында өнiм сапасын жоғарылатудың
маңыздылығын анықтау;

• Кәсiпорында өндiрiлетiн өнiмдердiң экономикалық тиiмдiлiгiн арттыру;

• Өндiрiлетiн өнiм сапасын бағалау;

• НУР ЖШС-не жалпы зкономикалық жағдайына талдау жасап, оның қаржылық
жағдайын бағалау.

• Кәсiпорындарда өнiм сапасын арттырудың жолдарын iздестiру секiлдi
мәселелердi зерттеу, баға беру, ұсыныстар жасау болып табылады.

Бiрiншi тарауда өнiм сапасын жоғарылатудың теориялық мәселелерi
қарастырылады.Оған әсер ететiн факторлар мен көрсеткiштерге қысқаша
тоқталып өтемiз.Сондай-ақ өнiмнiң бәсекеқабiлеттiлiгiн көтеру жолдарының
мәнi және оны есептеу әдiстерi анықталады. Өнiм сапасын көтеру мен оның
экономикалық тиiмдiлiгiнiң мәнi мен маңызына толық сипаттама берiледi.

Екiншi тарауда құрылыс саласы өнiмдерiн өндiру саласында аянбай қызмет
етiп келе жатқан НУР ЖШС қызметiне жалпы сипаттама берiлiп, қаржы-
экономикалық жағдайына талдау жасалады. Кәсiпорын өндiретiн өнiмдердiң
сапасына баға берiледi. Мұнда ҚР-ның Мемлекеттiк Стандарттарына сүйене
отырып өнiмдi сұрыптарға бөлу, НУР ЖШС –де өндiрiлген өнiм сапасына
талдау жасалынды.

Үшiншi тарауда жалпы өнiм сапасын жоғарылату жөнiндегi iс-шаралар
бағыты қарастырылған. НУР ЖШС-де өнiм сапасын арттыруда ұсынылған арнайы
технологияларды қолдану барысында оң нәтижеге жететiндiгi жөнiнде ұсыныстар
қарастырылды. Сондай-ақ, Қазақстанда өнiм сапасын арттыруда шетелдiк үлгi,
тәжiрибелердi қолдану қажеттiлiгi қаралған.

Талдаулар мен зерттеулердiң әдiстемелiк негiзi ретiнде ҚР-ның Заңдары,
Президент Жолдаулары, статистика мәлiметтерi, сапаны көтеру тақырыбында ой
қозғаған шетелдiк және отандық ғалым-экономистердiң және мамандардың ой-
пiкiрлерi мен еңбектерi қолданылды.

I- ТАРАУ. ӨНIМ САПАСЫН КӨТЕРУДIҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘДIСТЕМЕЛIК НЕГIЗДЕРI

1.1 Өнiм сапасының көрсеткiштерi мен оған әсер ететiн факторлар

Қазiргi нарықтық экономика шығарылған өнiмнiң сапасына басқалай
талап қояды. Бұл қазiргi заманда кез-келген кәсiпорынның өмiршеңдiгi, оның
тауарлар нарығындағы және қызмет көрсетудегi орнықты жағдайы бәсекеге
жарамдылық деңгейiн көрсетедi.
Өз кезегiнде бәсекеге жарамдылық екi көрсеткiшке байланысты – баға
деңгейiне және өнiм сапасы деңгейiне. Ал екiншi фактор бiрте-бiрте бiрiншi
орынға шығады. Еңбек өнiмдiлiгi, ресурстардың барлық турлерiн үнемдеу
өнiмнiң сапасына тiкелей орын бередi.
Өнiм сапасы кәсiпорын қызметiнiң ең маңызды көрсеткiштер қатарына
жатады. Сапа – бұл өнiм сапасының өзiн-өзi ақтауы, қажеттi жағдайда
тұтынушының қажетiне сәйкес нақты қанағаттандыруы болып табылады.
Сапа - өнiм қасиеттерiнiң жиынтығын көрсетедi. Қасиеттер жиынтығы
жақсы да жаман да болуы мүмкiн емес, сапа тек қатысты болуы мүмкiн.Егер
өнiм сапасына баға беру қажет болса, онда қасиеттер жиынтығын қандай да бiр
эталонмен салыстыру қажет. Эталон техникалық жағдаймен немесе бекiтiлген
стандартты ең күштi отандық немесе халықаралық үлгiде болуы мүмкiн. Осы
жерде сапа деңгейi (шетел әдебиеттерiнде қатысты сапа , сапа көлемi
) деп аталатын термин қолданылады[2].
Әйгiлi Американдық ғалым А. Фейгенбаум өзiнiң өнiм сапасын бақылау
деп аталатын кiтабында өнiм сапасы мен қызметi жөнiнде былай дейдi
Өнiмнiң және қызметтiң сапасы өнiм мен қызметтiң техникалық, технологиялық
және эксплуатациялық сипатының жалпы жиынтығын анықтайды және бұйым мен
қызмет көрсету арқылы тұтынушылардың талаптарына жауап бередi. Содан кейiн
автор мынаны айтады сапа жалпы басқару әдiстерiнiң көмегiмен емес,
тұтынушылар бойынша анықталады.
Кейбiр мамандар өнiм сапасын ғылыми-техникалық және тауартанушылық
қана емес, ол ең маңыызды экономикалық категория. Экономикалық категория
ретiнде ол тұтынушылар нарығымен тығыз байланысты. Егер тұтынушылар нарығы
– жалпы тауар пайдалылығы болса, онда өнiм сапасы– нақты жағдайда өнiмдi
пайдаланудың тұтынушылық тұрақтылығының пайда болуын көрсетедi. Сапа
тұтынушы тұрақтылығымен тығыз байланысты ғана емес,одан бөлiнбейдi,
дегенменде оған тең емес.Сапа қоғамдық қажеттiлiктердi қанағат тандырумен
байланысты бiр уақыттағы бiрнеше тұтынушылар нарығының қоғамдық пайдалылық
деңгейiн сипаттайды.
Өнiм сапасы – бұл белгiлi мұқтаждылықты қанағаттандыруға үлкен
себепшi болатын өнiмнiң пайдалылығының жиынтық ерекшелiгi. Өнiмнiң
сапалылығы тек техникалық тауартану ғана емес, сонымен қатар ең маңызды
экономикалық санаты болып табылаты.Экономикалық санаты ретiнде ол тұтыну
құнына тығыз байланысты.Егер де тұтыну құны бұл жалпы алғанда тауардың
пайдалылығы болса, ол өнiмнiң сапалылығы – бұл оны пайдаланудағы нақтылы
жағдайда тұтыну құнының деңгейiндегi көрiнуi.Сапа бұл көпғасырлық даму
жолдарынан өткен, яғни 1-кестеде көрсетiлгендей.

1 кестеде көрiп отырғандай халықаралық стандарт сапаны тек
экономикалық категория ретiнде ғана қалыптастырып қойған жоқ, ол сапа
көрсеткiштерiнiң жан-жақты әдiстемелiк мағынасын белгiледi.

ИСО 9000-2000 халықырылық стандарттары бойынша сапа талаптары
орындаушы жеке қасиеттердiң жиынтық деңгейiн көрсетедi.
Сонымен қатар сапаның мынындай анықтамаларын кездестiруге болады:
сапа- бұл тұтынушының өнiмiмен және қызымет көрсету мен
қанағаттандыру;

1 кесте
Сапаның тарихи дамуы

Авторлар Сапа анықтамасының қалыптасуы
Аристотель (б.э.д. 3 ғ.) Бұйым арасындағы айырмашылық жақсы-жаман
белгiлерi бойынша жiктеу
Гегель (б.э.д. 19 ғ) Сапа ең бiрiншi кезекте тепе-тең белгiнi
бiлдiред
Қытай ойшылдары Сапа екi элементен тұрады – тепе-теңдiк
және ақша (сапа тепе-теңдiк + ақша), одан
кейiн сапа жоғары класты, қымбат деген
түсiнiктi бiлдiрген
Шукарт (1931 жыл) Сапа 2 аспектiнi бiлдiредi- объективтiк
физикалық сипатты, субъективтi сипатты
Исикава К. (1950 жыл) Сапа тұтынушылар қажеттiлiгiн нақты
қанағаттандырады.
Джуран Дж.М. (1974 жыл) Сапа – тұтынушыны қанағаттандыру тиiс.
Өндiрушi өнiмiн сату үшiн тұтынушының талабын
бiлу қажет және оның өнiмiн тұтынушы талабын
қанағаттандыру керек.
ГОСТ 15467 - 79 Өнiм сапасы - өнiм қасиеттерiнiң жиынтығы
Халықаралық стандарт ИСО Сапа - өнiмнiң немесе қызыметтiң сипатының
8402- 86 немесе қасиетттерiнiң жиынтығы

1-ші кестеде көрiп отырғандай халықаралық стандарт сапаны тек
экономикалық категория ретiнде ғана қалыптастырып қойған жоқ, ол сапа
көрсеткiштерiнiң жан-жақты әдiстемелiк мағынасын белгiледi.

ИСО 9000-2000 халықырылық стандарт терменi бойынша сапа талаптары
орындаушы жеке қасиеттердiң жиынтық деңгейiн көрсетедi[4].
Сонымен қатар сапаның мынындай анықтамаларын кездестiруге болады:
сапа- бұл тұтынушының өнiмiмен және қызымет көрсету мен
қанағаттандыру;
сапа- бұл дүкенге тауардың емес тұтынушылардың оралуы;
сапа- бұл бұйымды өндiруде және пайдалануда энергияның және
материалдардың аз мөлшерде жұмсалуы.
Қоғам дамуының әр деңгейiнде сапаға деген талаптар күшейе бастайды.
Қазiргi кезде сапа туралы өте кең мағынада айтылады және оны кiрiс,
құндылық көрсеткiштерi және өнiм сапасын көтеру сияқты категориялармен
байланыстыруға болады.
Мысалы Жапондық сапа тұжырымы сапаның 4 деңгейiн қарастырады:
Бiрiншi деңгей- Стандартпен сәйкестiгi. Бұл деңгейде сапаның
мемлекеттiк стандарт, техникалық жағдай, коммерциялық келiсiм және тағы
басқа бойынша бағалануы.Өнiм сапасын тексеру процедуралары және стандартты
бекiту талаптарын бiлу қажет және де сапаға мiндеттi түрде бақылау жасау
қажеттiгi айтылады.
Екiншi деңгей- Пайдалану сәйкестiгi.Өнiм стандартқа сәйкестенiп
қана емес, ол қолдану талаптарын қанағат- тандыру керек. Сонда ғана ол
нарықта сұраныс ретiнде қолданылады. Өнiмдi пайдаланудың барлық
варианттарымен сәйкес келу үшiн, оның сапасы тек қана фирманың өндiрiстiк
бөлiмшелерiмен ғана емес, маркетинг қызметiмен, зерттеу жәәне өңдеу,
жоспарлау, сапаны бақылау, өтiм және сервис жұмыстарын да қарастыру қажет.
Нарықты талдау және халықаралық функционалды басқару әдiстерi Жопонияда 60
жылдардың соңында, 70 жылдардың басында пайда болған көрiнедi.
Үшiншi деңгей- Нарық талаптарымен сәйкестiгi.Бұл жерде жоғары
сапалы тауар төмен бағада болғандығы көрiнедi.
Төртiншi деңгей- Жасырын тұтынушылықпен сәйкестiгi Iрi бай елдерде,
мысалы Жопония, Ұлыбритания, АҚШ және тағы басқа елдерде нарық
тұтынушылардың айқын талаптарын қанағаттандыратын барлық тауарларға толы
болады. Сондықтан өтiм кезiнде жасырын қажеттiлiк ескерiлiп, тауар
артықшылық алады.Тұтынушы өзiне не қажет екенiне еш күдiктенбейдi. Тек оған
нақты бiр күтпеген тауарды сатып алуға ұсынғанда ғана ол осы тауарды өзiне
ұнағанын және керек екенiн түсiнедi. Барлық елде қазiр өркендеушi фирмалар
осы деңгейге жету үстiнде.
Сапа- икемдi және өзгермелi түсiнiк. Бұл сапа категориясының
қалыптасуына себепшi болды. Американдық ғалым Ральф Недер сапа сатып
алушылардың қажеттiлiгiн қанағаттандырады деп анықтады. 1987 жылы
француздың мемлекеттiк стандарты Өнiм мен қызмет сапасы фирманың өмiрге
қабiлеттiлiгiн сипаттайды.
Белгiлi француз маркетологы Жан-Жак Ламбен былай деп түсiндiредi,
сапа- ол әр өндiрiстiк тауардың нарықта ең анықталған деңгейге жетуi. Ал
Ресейлiк экономистер Д.С. Львов Ю.А. Зыков былай деп қарастырады: Сапа-
тұтынудың белгiлi жағдайында нақты қажеттiлiкпен сәйкестiгiн анықтау
деңгейi, параметрлеердiң жиынтығы. А.Я. Боярский, В.И. Сиськова, Д.С.
Львова, В.И. Седов, М.П. Рабинович, Г.И. Кузнецовтың еңбектерiнде сапа -
қоғамдық қажеттiлiктердi қанағаттандыру деңгейi, өнiмдi тұтыну шарттары
және өнiм параметрлерiнiң сәйкестiгi, нарықта бәсекенiң сәйкестiгi
ретiнде қарастырылады
Өнiм сапасы оны тұтынудағы қасиеттерiнiң жиынтығының сәйкестiк
деңгейiмен анықталады.
Қасиет- бұл өнiмнiң тұтынылуындағы немесе пайдалануындағы,
бағалауда және оның құрылуындағы обьектмвтi ерекшелiгi.
Өнiмнiң қасиетi жай және күрделi болып бөлiнедi. Жай қасиет- өнiмнiң
бiр ғана обьективтi ерекшелiгiн сипаттайды ( мысалы түсi, қаттылығы және
тағы басқа) Күрделi қасиет- бұл өнiмнiң бiрнеше обьективтi ерекшелiгiн,
яғни жай қасиеттердiң жиынтығын бiлдiредi (мысалы сыртқы түрi жай
қасиеттердi қосады: формасы, түсi, жоғарылау жағдайы және тағы басқа).
Қасиет шартты түрде негiзгi жәнее жалғаспалы болып бөлiнедi.
Негiзгi қасиет- өнiмнiң және оның белгiлерiмен сәйкестiгiн
сипаттайды, (мысалы, жиhаз үшiн- оны қолданудағы қолайлылық, ұзаққа
төзiмдiлiгi, сыртқы түрiнiң әдемiлiгi).
Жалғаспалы қасиет- негiзгi қасиеттердi нығайтады және түсiредi.
(мысалы, жиhаз үшiн- оның салмаағы).
Өнiмдi тұтынуда және пайдалану процесi кезiнде пайда болатын өнiм
қасиетiн тұтынушылық қасиет деп атаймыз. Тұтынушылық қасиеттердiң
жиынтығы өнiмнiң пайдалылығын анықтайдй. Өнiмнiң тұтынушылық қасиеттерiне
технологиялық және экономикалық қасиет, әлеуметтiк және функционалды белгi,
техникалық сипаттамамен параметрлер, пайдаланудағы қасиеттер сенiмдiлiк,
қауiпсiздiк, экологиялық, эргономикалық және эстетикалық қасиеттер және
т.б. жатады.
Өнiм сапасының деңгейi оның салалық көрсеткiштер жүйесi негiзiнде
анықталады. Бұл деңгейдi анықтау үшiн мұның әрбiр көрсеткiштерiнiң сандық
маңызын бiлу және ұқсастық өнiм көрсеткiштерiмен салыстыру қажет.Сапаның
көрсеткiштерiн анықтау оның сандық маңызын өзiн-өзi түсiну болып табылады.
Ол үшiн практикада өнiмнiң өзiндiк ерекшелiгiне байланысты мына төмендегi
әдiстер пайдаланылады:
Өлшеушi әдiс- (құрал-саймандардың, аспаптардың көмегiмен
жүргiзiледi).
Тiркеу әдiсi- бұл тiркеуге және есептеуге негiзделген. Тiркеу әдiсi
мынадай көрсеткiштермен, атап айтқанда: қауiпсiздiк, патенттiк-құқұқтық,
стандарттау және сәйкестендiрумен анықталуы мүмкiн.
Есептеу әдiсi- өнiмнiң сапасы жөнiндегi көрсеткiштердi анықтау үшiн
арнайы математикалық үлгiлердi қолдануға негiзделедi.

Органолептикалық әдiс- адам мүшесiнiң сезу, көру, дәм сүйсiнудi
талдауды қамтиды. Табылған маңыздылықтың дәлдiгi мен растылығы адамдардың
бiлiктiлiгiне, заңдылығына және қабiлеттiлiгiне байланысты.
Әлеуметтiк әдiс- өнiм, оны нақты немесе тұтынушылардың
мүмкiншiлiгi туралы пiкiрлердi талдау және жинау негiзiнде жүзеге
асырылады.
Сарапшылық әдiс- мамандар тобы арқылы iске асырылады, мысалы,
дизайнерлер, дәм айырушылар және т.б.
Тәжiрибеде өнiмнiң сапа деңгейiн бағалау үшiн көрсеткiштер
жүйесi пайдаланылады. Онда өзiне қорытындылау және өнiмнiң сапасы
жөнiндегi жеке көрсеткiштер қосылады.
Өнiм сапасының көрсеткiштерi- бұл өнiмдi тұтыну, пайдалану және
құрылу жағдайындағы бiр немесе бiрнеше өнiм қасиеттерiнiң сандық сипаты.
Көрсеткiштердi таңдау өнiмнiң белгiлерiнде, пайдалану жағдайындағы
және т.б. анықталады. Өнiмнiң әр түрi оның белгiлерiне байланысты сапа
көрсеткiштерiнiң анықталған номенклатурасы негiзiнде сипатталады. Өнiм
сапасының көрсеткiштерi әр түрлi өлшем бiрлiктерi бойынша да
анықталады, мысалы, жылдамдық кмсағ; бояудың төзiмдiлiгi- балл және т.б.
сондай-ақ өлшеусiз болуы да мүмкiн.
Өнiм сапасы көрсеткiштерiнiң көптеген түрлерi бар:
Жалпылама көрсеткiштер өнiм сапасы деңгейiн сала бойынша немесе
кәсiпорын бойынша толық сипаттайды. Бұл көрсеткiштерге мыналар жатады:
тауардың сұрыпы, маркасы, класы, пайдалы заттардың мазмұны, өнiм
мөлшерi, әлемдiк стандартқа сәйкестiгi және т.б.
Бiрлiк көрсеткiштер- өте әртүрлi және басқа өнiмдерден
ерекшелiктерiне байланысты, оларды 2 үлкен топқа бөлуге болады: бiрiншi
еңбек заттарының бiрлiк көрсеткiштерi; екiншi еңбек құралдарының бiрлiк
көрсеткiштерi.
Еңбек затының бiрлiк көрсеткiштерi еңбек затының ерекшелiгiне
байланысты ерекше болып келедi. Мысалы, темiркендi шикiзат темiрдiң
маңыздылығын, iрiлiгiн, оның пайдалы және пайдасыз қоспалары сияқты және
т.б. көрсеткiштердi сипаттайды.
Еңбек құралдарының жеке-дара көрсеткiштерi олардың алуан
түрлiлiгiне қарамастан келесiдей топтарға бөлуге болады: технологиялық,
пайдалану шылық, эстетикалық, эргономикалық, патенттi-құқықтық,
экономикалық бұлардың әрқайсысы еңбек құралдарының сапасын анықтауды
сипаттайды.
Технологиялық көрсеткiштер өнiмдi дайындауда және жөндеуде еңбек
өндiрiсiн жоғарғы дәрежеде конструкторлық технологиялық жағынан
қамтамасыз етудi шешу тиiмдiлiгiмен сипатталады. Мысалы машина жасау
өнiмдерi құрылысының технологиясы өте көп бiрлiк және кешендi
көрсеткiштермен бағаланады. Бұлардың санына мынадай көрсеткiштер:
бұйымның жинағы, еңбек сиымдылығы, материал сиымдылығы, прогрессивтi және
экономикалық материалдарды пайдалану деңгейiнiң көрсеткiштерi, бұйымның
бiрiңғай және стандартты көрсеткiштерi жатады.
Пайдаланушылық көрсеткiштер еңбек құралдарын олардың пайдала ну
процесiн сипаттайды.Олардың iшiнде ең маңыздылары:өндiрiстiк, күштiлiк,
сенiмдiлiк, жылдамдық көрсеткiштерi және т.б. болып табылады.
Эргономикалық көрсеткiштер негiзгi 4 топқа бөлiнедi: Гигиеналық
(температура, қысым көтерiлу, дымқылдық т.б.), антропологиялық, физиоло
гиялық және психологиялық.
Патенттiк-құқықтық көрсеткiштер өнiмнiң тазалық және патенттiк
қорғау жағынан сипаттайды және бәсекелестiк бейiмдiлiктi анықтау факторына
қатысты болып келедi. Патенттiк-құқықтық көрсеткiштi анықтауда өнiмнiң
жаңа техникалық шешiмiнiң қолда болуы өз елiндегi өндiрушiмен сыртқа
шығаратын елдерге өнеркәсiптiк үлгiлер мен белгiсiнiң тiркелуiнiң есепке
алууын қажет етедi.
Эстетикалық көрсеткiштер ақпараттар беру, формасы жағынан
тиiмдiлiгi, композициялық бiрлiгi, өнiмнiң тауарлық түрi жағынан, өнiмнiң
сыртқы түрiнiң түпнұсқалылығы, келiстiлiгi, бүтiндiлiгi, ортаға
сәйкестiлiгi жағын жетiлдiрумен сипатталады.
Экологиялық көрсеткiштер бұл өнiмдi өндiру және iске қосу
барысында қоршаған ортаға әсерiн тигiзетiн зиянды әрекеттердiң деңгейi,
мысалы зиянды қоспалардың сақталуы, зиянды бөлшектердiң сыртқа шығуы,
газдар, өнiмдi тасымалдау және қосу барысында, сақтау барысында бөлiнетiн
зиянды заттар.
Стандарттау және унификациялау көрсеткiштерi – бұл өнiмнiң
стандартты, бiрiңғай және түпнұсқалы құрамын, сондай-ақ басқа өнiмдермен
салыстырғанда унификация деңгейiнiң молшылығын сипаттайды. Өнiмнiң барлық
бөлшектерi стандартты, жүйеге келтiрiлген, үлгiлi және нақтылы, бiрiңғай
және стандартты болып бөлiнедi. Стандартты және бiрiңғай бұйымдар
коэффициентi жоғары болған сайын өндiрiс тиiмдiлiгi жоғары болады[6].
Тағайындау көрсеткiштерi- бұл өнiмдi пайдалану аймағында белгiлi
атағы шыққан және тағайындалған өнiмдi пайдаланудан пайдалы, тиiмдi
эффектiлермен сипатталады.
Үмiткерлiк көрсеткiштер- бұл қарсы болмау, сақтау, жөндеуге
жарамдылық, сондай-ақ өнiмдi ұзақ уақытқа пайдаланушылық, бағаланған
өнiмнiң ерекшелiктерiне қарай үмiткерлiк сипаты үшiн барлық төртеуi сияқты
пайдалануға болады. Кейбiр өнiмдер де адамдар қауiпсiздiгi үшiн қарсы
болмау негiзгi болуы мүмкiн.
Қауiпсiздiк көрсеткiштер- өнiмбi сатып алуда және пайдалану
барысында, сақтауда, жөндеуде, құрастыруда және қызмет көрсетудегi
қауiпсiздiгi т.с.с. сатып алушы мен қызмет көрсетушi қауiпсiздiгi
ерекшелiктерiмен сипатталады.
Экономикалық көрсеткiштер- өнiмдi экономикалық жағынан (өзiндiк
құн, сату бағасы, түсiм, тиiмдiлiк, тұтыну бағасы) сипаттайды.
Жоғарыда көрсетiлген көрсеткiштер жиынтығы өнiм сапасын
қалыптастырады. Өндiрiлген өнiм сенiмдi, эстетикалық жағынан талапқа сай,
өз қызметiн дұрыс атқаратын, иеленушiнiң қажетiн өтейтiн болуы тиiс.
Сапа көрсеткiштерi сондай-ақ қасиеттердiң ұсынылуына байланысты
абсолюттi және қатысты көрсеткiштер болып бөлiнедi.
Абсолюттi көрсеткiштер әртүрлi өлшем бiрлiктегi немесе өлшеусiз
көлемдегi сапа көрсеткiштерiнiң мәнiн көрсетедi.
Қатысты көрсеткiштер- бұл абсолюттiк көрсеткiштердiң базалық
көрсеткiштерге қатысын сипаттайды.
Қатысты сапа көрсеткiштерi мына формуламен сипатталады:
q=PiPiб;
( 1)
q = Pi Piб i = 123 ... ..n
( 2 )
Мұндағы: n- өнiм көрсеткiштерiнiң саны
Жоғарыдағы 1 формула өнiм сапасын жоғарылатудағы көрсеткiштер үшiн
қолданылады.
Халықаралық стандарт сапаны экономикалық категория ретiнде ғана
қалыптастырып қойған жоқ, сондай-ақ оның кестеден көрiп отырғандай, яғни
сапа көтсеткiштерiн әр түрлi жағынан бiр қалыпты әдiстемелiк негiздерiн
белгiледi, және оларды стандарттаушы және реттеушi деп екiге бөлдi. (2
кесте)
2 кесте
Тауар сапасының бiрқалыпты көрсеткiштерi

Сапа көрсеткiштерi

Стандарттаушы Реттеушi
белгiлеу Патенттiк-құқықтық
экономикалық Қауiпсiздiк
техникалық Экологиялық
органолептикалық физика-химиялық
басқалар Басқалар

Өнiм сапасы көрсеткiшi тура және жанама көрсеткiш болып бөлiнедi.
Тура көрсеткiштер өнiм сапасының және қасиеттерiнiң сипатын бiлдiредi
(мысалы, бөлек заттарбың массалық үлесi). Жанама көрсеткiштер- бұл негiзгi
қасиеттермен байланысты өнiм сапасын жанама түрде сипаттайды, ал ұн
өнiмдерi- оның тауарлық сұрыпын жанама сипаттайды.
Өнiм сапасы оған әсер ететiн факторларға немесе жағдайларға және
оның қасиеттерiнiң деңгейiне байланысты.
Факторларға шикiзат, материалдар, станок, машина, құрал-жабдықтар,
аспаптар, белгiлеу құралдары жатады. Сонымен қатар адам факторлары және
жұмысшылардың бiлiмдiлiгi жатады.
Өнiм сапасына әсер ететiн барлық факторлар обьективтi және
субьективтi болып бөлiнедi.
Обьективтi факторлар тобы көп түрлi және өнiмнiң шығуы және қолдану
өндiрiсiнде, еңбек ұйымының әдiсiмен және формасымен, техникалық
құралдардың қасиеттерiмен, сипатымен байланысты. Бұлардың қатарына:
• бұйым құрылымы;
• өндiрiстiк базаның техникалық деңгейi;
• жаңа өнiмдердi ұйымдастырудағы дайындық;
• өндiрiстiң механикалануы және автоматтандырылуы,
• бақылаудың техникалық және технологиялық құралдары;
• қолдану базасының техникалық деңгейi.
Сонымен қатар iшкi факторларға мынадай факторлар қосылады:
техникалық, ұйымдық, экономикалық, әлеуметтiк, психологиялық.
Техникалық факторлар- өнiм сапасына ерекше әсер етедi. Сондықтан
жаңа техника мен технологияларды енгiзу, жаңа материалдарды, өте сапалы
шикiзаттарды бәсекеге қабiлеттi өнiмдердi материалдық негiзбе шығаруды
қолдану.
Ұйымдық факторлар- өндiрiстi және еңбектi ұйымдастыруды
жетiлдiрумен, өнiм сапасына жауапкершiлiктi және өндiрiстiк тәртiптi
жоғарылатумен, өндiрiстiк мәдениеттi қамтамасыз етумен, бiлiктi мамандар

деңгейiнiң сәйкестiгiмен, сапаны басқару жүйесiн қолданумен
байланысты.
Әлеуметтiк-психологиялық факторлар едәуiр көлемдегi ұжымдағы
әлеуметтiк-психологиялық климаттың құрылуына, жұмыс жағдайының жақсы
болуына, персоналдардың кәсiпорында жұмысқа деген ынталылығын бағалау,
жұмысшылардың жұмысқа деген қарым-қатынасының адал болуын моральдық
ынталандыруға әсер етедi. Бұлардың бәрi бәсекеге қабiлеттi өнiмнiң шығуы
үшiн маңызды. Кейде техникалық немесе әлеуметтiк, психологиялық
факторлардың мәселесiн шешуге қандай факторлар маңызды екенiн түсiну
қиынға соғады.
Экономикалық факторлар- өнiмдi пайдаланудағы қолайлылықты
бiлдiредi, сонымен бiрге өнiмдi шығарудағы және өткiзудегi шығындармен,
жоғарғы сапалы өндiрiсте персоналдарды экономикалық ынталандыру жүйесiмен
бағалау саясатымен байланысты.
Субьективтi факторлар тобына адамның өндiрiстiк қызметiмен
байланысты факторлар жатады. Олар адамдардың өндiрiстiк функцияларды
орындау қабiлеттiлiгiне байланысты. Оларға мыналар жатады:
- профессионалдық шеберлiк;
- жалпы бiлiм беру деңгейi;
- адамның психологиялық ойы;
- еңбек қызығушылығы.
Тәжiрибе көрсеткендей, жұмысшының профессионалдық шеберлiгi
неғұрлым жоғары болған сайын, солғұрлым ол жоғары өнiм шығарады. Ал
жұмысшылардың жеке өндiрiстiк қызығушылықпен сәйкес келедi және де
жұмысшылардың жоғары сапалы өнiмдi шығаруда ынталылығымен қызығушылығы
болса, онда еңбек сапасы артады тұрақты болады.
Өнiм сапасы оның өмiрлiк кезеңiнiң барлық кезеңдерiнде
қажеттiлiктi анықтаудан бастап, оны қанағаттандыруды бағалауға дейiн
(зерттеу және жобалау; дайындау және өндiру; сақтау және транспорттау;
пайдалану немесе тұтыну; утилизациялау) қалыптасуы керек. Содан кейiн осы
келтiрiлген барлық стадиялар бойынша сапаны басқаруды қамтамасыз ету
қажет[8].
Зерттеу стадиясында техникалық және экономикалық қағидалар
қаралады, өнiмнiң жобалық және тәжiрибелiк үлгiлерi құрылады. Құрылымдық-
технологиялық жұмыстар стадиясында өндiрiсте өнiмдердi шығару дайындалады.
Зерттеу стадиясының маңызды рөлi маркетингке қатысты, онда нарықты
таңдау және iздеу функциясы, өнiм сапасы талаптарын бекiту, тауардың
қажеттiлiгiн анықтау, нарық сиымдылығы, берiлген нарық сигментiнде
тұтынушыларға толықтай сипаттама беру жұмыстары қарастырылады. Бұл ақпарат
қажеттi тауар санының шығуы, және сапа жөнiнде сатып алушылардың
сұранысының ерекшелiгiнiң толық сәйкестiгi үшiн қажет.
Бүгiнде нарықтық экономика жағдайында сапа тұтынушылардың
позициясынан көрiнедi.Өнiм нарықта келесi талаптарға жауап беруi тиiс:
• тұтынушылардың талаптарын қанағаттандыру;
• қолдану және белгiлеу аясында анықталған қажеттiлiктерге толық
жауап беру;
• стандартпен немесе техникалық жағдаймен сәйкестену;
• бәсекеге қабiлеттi баға бойынша тұтынушыға ұсыну;
• өндiрушiге пайда әкелу.
Бұл мәселелердi шешуде кәсiпорында өндiрiстiң техникалық деңгейiне
әкiмшiлiк және адамгершiлiк қарым-қатынасты бақылау, сапасыз өнiмдердiң
шығуын қысқарту және т.б. жағдайларды қарастыру керек.
Сапа жұмысы фирманы функционалдауды қамтамасыз етумен тығыз
байланысты. Сапа жұмысы шығарылған өнiммен байланысты болып келедi
(технологиялық үрдiстiң сапасын бақылау және т.б.) Өнiм сапасы сапа
жұмысының құраушысын және iзденушiсiн бiлдiредi. Осы кезеңде жылдық өнiм
және тұтынушының көзқарасы бағаланады.
Қазiргi заманғы теория мен тәжiрибеде сапаны басқарудың 5 негiзгi
кезеңдерi бар:
• Не өндiредi? және техникалық нормативтiк база шешiмiн қабылдау;
• Ұйымдық жауапкершiлiктi бөлу және өндiруге дайындығын тексеру;
• Өнiмдi дайындау процесiн қалыптастыру;
• Өзгерiстi бақылау және өндiрiстi ақпаратпен қамтамасыз ету;
• Сапа туралы ұзақ мерзiмдi жоспарды өңдеу.
Осы келтiрiлген кезеңдер кәсiпорынның барлық басқару органдары және
бөлiмдерiнiң iс-әрекетiнсiз қалыптасуы мүмкiн емес. Осындай өзара iс-
әрекет сапаны басқару жүйесiн қамтамасыз етедi.
Сапаны басқару үшiн өнiм сапасына тиiмдi әсер ететiн жағдайларды
анықтау қажет.
ИСО 9000:2000 стандартына сәйкес Сапаны басқару терминi сапа
талаптарын орындауға бағытталған сапа менеджментiнiң бөлiгi. Сапаны басқару
жүйесiнiң ұйымдастырушылық құрылымы фирма қызметiнiң жалпы басқару
процесiнде көрiнедi[14] (1 сурет ).
Өнiм сапасын қамтамасыз ету жүйесi өнiмнiң өмiрлiк кезеңiнiң барлық
сатыларында таралады, және өнiм сапасы көрсетiлген барлық талаптарға сәйкес
келуi керек.
Өнiмнiң өмiрлiк кезеңi- тауарды пайдалану және модификациялаудағы оның
тұтынушылық тұрақтылығының құрылуымен байланысты кезең және операция. Ол
келесi 11 стадиядан тұрады:
• Маркетинг. Нарықты бiлу және iздеу;
• Өнiмдi өңдеу және жобалау;
• Материалдық-техникалық;
• Технологиялық процестi өңдеу және дайындау;
• Өнiмдi өндiру;
• Тексеру және бақылау;
• Қораптау және сақтау;
• Өткiзу және бөлу;
• Монтаждаужәне пайдалану;
• Қызмет көрсетудегi техникалық көмек,
• Пайдаланудан кейiнгi утилизациялау.

1 сурет - Сапаны қамтамасыз ету

Сапа iлгiшi- өнiм сапасының әртүрлi стадиясында әсер ететiн
қызметтiң өзара тәуелдi түрiнiң схемалық үлгiсi.(1 сызба)

1 сызба - Өнiмнiң өмiрлiк циклiнiң кезеңдерi

ИСО 9004 стандартында сапа философиясы сапаны қамтамасыз ету
жүйесiнде жұмыс жасауы керек, ондағы мәселелердi ескеру қажет. Содан кейiн
кәсiпорында сапа туралы жұмыстарды орындауда өнiм сапасын басқарудың
жүйелiк әдiстемесiнiң қажеттiлiгi туындайды.
Сол сияқты сапа өндiрiстiң барлық деңгейiнде жинақталады. Сапа
пирамида түрiнде көрiнуi мүмкiн.(2 сурет)
Пирамиданың негiзi болып өнiм сапасы табылады. Онда кәсiпорынның
барлық қызметi қарастырылады. Жұмыстың сапасы фирманы функционалдаумен
тығыз байланысты. Бұл басқару және жетiлдiру сапасы (жоспарлау, талдау,
бақылау). Жоспарлау сапасынан (стратегияны өңдеу, саясатты қалыптастыру,
мақсатты жоспарлау жүййесi және т.б.) сапа аумағына қойылған мақсаттарға
қол жеткiзiледi.
Пирамиданың жоғарғы жағында TQM (Total Qualitу Management)
(жалпылама) сапа менеджментi, тек сапаны қамтамасыз ету, яғни өндiрiстiң
жоғары ұйымдық-техникалық деңгейiн талдау, еңбек жағдайын жоспарлау және
бақылау жүйесiн талдау қарастырылады.

Сапа
Фирманың сапасы
Басқару жуйесiнiң сапасы
Ұйым сапасы
Персоналдардың сапасы
Жетекшiлердiң сапасы
Жұмыстың сапасы
Материалдардың сапасы
Құрал-жабдықтар сапасы
Процестердiң сапасы
Жұмысшылардың сапасы
Жұмыс жағдайларының сапасы
Өнiм сапасы
Үлгiнi өңдеудiң сапасы
Сервис сапасы

2 сурет - Сапа пирамидасы

2. Өнiм сапасын көтеру мен экономикалық тиiмдiлiгiнiң мәнi мен
маңызы

Соңғы он жылдықта сапа менеджмент аясында ең бiр маңызды идеялардың
бiрi болды. Тұтынушылардың әртүрлiлiгi, өнiмге, қызметке, персоналдарға
талаптар және менеджмент әдiстерi сапа түсiнiгiнде жаңа мазмұнмен
толықтырылады. Арзан әрi тез өнiмдi өндiрiсте және қызмет көрсетуде жаңа
қағидалар пайда болды: сапалы етiп өнiм шығару, ең тиiмдi әдiс оны тез әрi
арзан етiп жасау, осылардың бәрi кез-келген ұйымдар бөлiмшелерде сапаны
толықтай кеңейту үшiн жасалынады.

Сапаны көтеру тұрақты даму өндiрiсiнде техникалық деңгейдi
жоғарылату және өнiмдi дайындау сапасы, сапа менеджментi және өндiрiстiк
жағдайды кеңейту бойынша түсiндiрiледi.

Өнiм сапасын тұрақты түрде көтерудiң мақсаты тұтынушылардың iшкi
және сыртқы талаптарына сәйкес өнiмдерi жоғары деңгейде болуы керек.
Сапаны тұрақты түрде көтеру фирманың сапа саясатының бөлiгi болып
табылады.

Сапаны жоғарылату өнiмдi дайындау сапасын және техникалық деңгейiн
көтерудiң тұрақты жұмысында, сапа менеджментi жүйесiн жетiлдiру және
өндiрiс жағдайын көтеруде көрiнедi. Сапаны тұрақты жоғарылатудың мақсаты
тұтынушылардың iшкә және сыртқы талаптарына сәйкес келетiн өнiмдер
деңгейiн көтеру болып табылады, сапаны тұрақты түрде көтеру фирманың сапа
жөнiндегi саясатының бөлiгi болып табылады.

Қазақстан Республикасында сапаны көтеру мәселесiн шешпей тұтынушылық
тауар әлемдiк нарықта ғана емес, сондай-ақ iшкi нарықта да бәсекеге
қабiлеттi бола алмайды. Бәсекеге қабiлеттiлiк әрқашанда сапа-баға-
сервистен кейiн тұрады, республикада баға-сапа- сервис аумағы
құрылған.Қазақстанда ( нарықтық экономикаға өту кезеңiнде) сапа үшiн
атқарылар жұмыстар төмендедi. Сол себептен Қазақстанда тұтынушылық тауар
сапасын көтеру мәселесiн шешу сапаны реттеушi заңнамалық базаның және
тауар сапасы жүйесiнiң құрылуын талап етедi. Отандық тауарлар сапасына
бақылау жүргiзу Қазақстандық кәсiпорындар өнiмдерiнiң
бәсекеқабiлеттiлiгiн жоғарылатады. Оның үстiне, соңғы жылдары
республикамызға келiп жатқан және әлi де келетiн сапасыз шетелдiк
өнiмдердiң саны көбейiп жатыр. Сондықтан өнiм сапасын көтеру мәселесi
елiмiздiң ең басты бағытының бiрi болып отыр.[13] Сол үшiн, яғни отандық
өнiмдердiң сапасын көтеруде келесi негiзгi бағыттарды ұсынамыз:

- сапа тұтынушы талабына сәйкес екi методикалық әдiстеменi орындау
керек

- кәсiпорын өзiнше өз өнiмдерiнiң сапа деңгейiн анықтау керек, халықтың
қауiпсiздiгi үшiн, бәсекенi қамтамасыз ету үшiн, республикамызға заңдық
нормаларды, реттеушi және стандартты әдiстемелердi енгiзу қажет;

- сапа жәй ғана бақыланып қоймау керек, ол тауарлардың бiрнеше
түрi бойынша барлық өндiрiсте қамтамасыз етiлу керек. Өндiрiстiк процесте
қамтамасыз етiлмеген тауар сапасын және сапасыз өнiмдердi жарнамалағаны
үшiн үшiн әкiмшiлiк және қылмыстық жаза қолданылу керек;

- тауар сапасының төмендiгi және оны тез арада жоғарылату
жолдарын iздестiру .

Өнiм сапасын жөғарылату қоғамдық өндiрiстерде және жеке
кәсiпорындарда тиiмдiлiктi көтерудiң ең маңызды бағыты болып табылады[15].

Өнiм сапасын жоғарылатудағы экономикалық тиiмдiлiк келесiдей
формуламен анықталады:

Тиiмдiлiк=сапа сату көлемi шығындар
(8)

Өндiрiс тиiмдiлiгi ол сату көлемiнiң қысқару кезiнде де жоғары болуы
мүмкiн, ол тек мынадай жағдайда, егер өнiм сапасы өте тез қарқынмен өссе
онда сату және шығару көлемiнiң қарқыны төмен болады. Тәжiрибеде мұндай
әдiстеме өндiрiсте өнiм сапасын көтерудегi тиiмдiлiктi анықтауда
қолданылмайды.

Өнiм сапасын көтерудегi экономикалық тиiмдiлiктi анықтау үшiн
келесiлердi ескеру қажет:

- Кәсiпорында өнiм сапасын жоғарылату үшiн қосымша ағымдағы
мерзiмдi шығындар талап етiледi;

- Өнiм сапасын көтерудегi экономикалық тиiмдiлiк өнiмдi дайындаушыдан
емес, оны тұтынушыдан көрiнедi;

- Кәсiпорын өнiм сапасын көтеру кезiнде өнiмдi шығаруды және сатуды
кеңейтуден, сату бағасының өсуiнен, экспортты кеңейтуден экономикалық
пайда алады.

Соңында бұның бәрi кәсiпорынға қосымша пайда түскенде көрiнедi. Ол
мына формуламен анықталады.

П=П+Пу±(Сд–Сбр)
(9)

Мұндағы: П- өнiм сапасын жақсартудан түскен қосымша жалпы түсiм.

Пv- кәсiпорынның өндiрiс көлемiн және өнiмдi өткiзу көлемiн
кеңейтуден түскен қосымша түсiм.

Пу- сату бағасының өсуiнен түскен қосымша түсiм.

Сд- өнiм сапасын көтерумен байланысты өндiрiсте өнiмдi
өткiзудегi қосымша шығын.

Сбр-өндiрiстiк ақаулардың қыскаруымен байланысты шығынның
төмендеу көлемi.

Көлемдi есептеудiң әдiсi П мына формуламен анықталады:

П=(Цн-Сн)(Цст-Сст)Vст
(10) Мұндағы:
Цн, Цст- жаңа және ескi сату бағасы

Сст, Сн- өнiм сапасын көтеруге дейiнгi және кейiнгi өнiм
шығару көлемi

Өнiм сапасын
көтерудегi жылдық экономикалық тиiмдiлiк (Э) былай
анықталады:

Э=П-ЕнК
(11)

Мұндағы: Е- ақша қаражаттары тиiмдiлiгiнiң нормативтi коэффициентi

К- өнiм сапасын көтеру үшiн кәсiпорынға қажеттi
қосымша ақша қаражаты.

Ақша қаражаттарының экономикалық негiзделуi үшiн (К) өнiм сапасын
көтеру үшiн ақша қаражатының (Е) тиiмдiлiгiнiң абсолюттi коэффициентiн
анықтау керек және оны нормативтi көлеммен (Ен) немесе кәсiпорындардың
активтер тиiмдiлiгiмен (Rа) салыстыру керек:

Е=ПК
(12)

Егер ЕЕн немесе Е Rа болса, онда мұндай жағдайда кәсiпорында өнiм
сапасы тиiмдi және керiсiнше.

Өнiм сапасына әсер ететiн факторлар негiзiнде өнiм сапасының және
оның бәсекеге қабiлеттiлiгiн көтерудiң негiзгi жолдарын анықтау қиын емес.
Олар келесiдей:

• Өндiрiстiң техникалық деңгейiн көтеру;

• бiлiктi мамандар деңгейiн көтеру;

• өндiрiстi және еңбектi ұйымдастыруды жетiлдiру, оның iшiнде
өндiрiстi мамандандыруды дамыту;

• кәсiпорынға түсетiн шикiзат, материал комплект детальдардың сапа
сына бақылау жүргiзу;

• ОТК жұмысының тиiмдiлiгiн көтеру, бұнда негiзгi тәртiп дайындалған

өнiмнiң ақаулығына емес, ол сапасыз өнiмнiң шықпасы үшiн өндiрiсте

алдын-ала жасалынуы қажет,

• кәсiпорында метрологиялық қызметтiң техникалық деңгейiн көтеру;

• персоналдарды өз мiндеттемелерiн жоғары сапада отындағаны үшiн

материалды және моральдық ынталандыру;

• маркетинг қызметiн құру;

• өнiмдi дайындауда барынша сапалы жаңа материалды енгiзу;

• өнiмдi өндiруде және сатуда шығынды төмендету;

• тұтынушылардың өнiм сапасына және нарық коньюнктурасы талаптарын
зерттеу, бiлу;

• жарнамалау, тарату;

• тиiмдi сату бағасын бекiту және т.б.

Бұлардың әрқайсысы өнiм сапасының жоғарылауына алып келуi мүмкiн,
бiрақ сапа мәселесiн толықтай шеше алмайды. Сол үшiн осы мәселелердi
шешуде кешендi әдiстеменi қолдану талап етiледi, яғни әр кәсiпорында
(әсiресе iрi және орташа) ИСО 9000 стандартымен сәйкес келетiн өнiм
сапасын басқару жүйесi енгiзiлуi және дамытылуы керек.

Қазақстан экономикасын қайта қалыптастырудағы ең бiр маңызды
мәселелердiң бiрi- отандық өнiмдердiң сапасын қамтамасыз ету механизiмiн
құру. Әлемдiк тәжiрибе көрсеткендей, осы механизмнiң маңызды элементi ИСО
9000 сериялы халықаралық стандартымен сәйкес келетiн сапа жүйесiн енгiзу
және ұйымдастыру болып табылады.

Қазақстан экономикасына инвестиция тарту және оның көлемiн ұлғайту
мақсатында ҚР Үкiметi 2001 жылы 590-шы Қаулысымен 2001-2005 жылдарға
арналған республикалық сапа бағдарламасы қабылданған болатын. Бағдарламаның
негiзгi мақсаты Қазақстан Республикасының кәсiпорындарында сапа жүйесiн
енгiзу және тауарлардың, жұмыстар мен қызмет көрсетулердiң сапасын арттыру
болып табылады.

Республикалық Сапа бағдарламасының негiзгi мiндеттерi:

* көзделген өткiзу рыноктары стандарттарының талаптарына сай және
тұтынушылардың сұранысын қанағаттандыратын, iшкi және сыртқы
рыноктарда сапалы және бәсекеге қабiлеттi тауарлар өндiру үшiн жағдай
жасау;

* шет елдермен саудада техникалық кедергiлердi жою жолымен отандықдық
тауар өндiрушiлердiң экспорттық әлеуетiн арттыруға көмек көрсету

* және осы негiзде әлемдiк экономикаға Қазақстан Республикасының
ықпалдасуы проблемасын шешу;

* өнiмнiң сапасын арттыруға жәрдемдесетiн құқықтық,
экономикалықұйымдастырушылық және әлеуметтiк жағдайлар жасау;

* сапа саласындағы нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру;

* отандық өнiмдердiң бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыруға бағытталған
ғылыми- техникалық прогресс жетiстiктерiн енгiзу;

* сапаны арттыру саласында iс-шаралар ұйымдастыру және насихаттау
болып табылады.

Қазiргi жағдайда сапа жүйесiнiң сертификациясы және енгiзiлуi- бұл
кәсiпорынның экономикалық тұрақтылығы және сенiмдiлiгi, өнiмнiң
бәсекеқабiлеттiлiгiнiң артуы және тұтынушылар сенiмдiлiгiн жаулап алды.

Шетелдiк мамандардың айтуынша, сапа жүйесiне сәйкес келетiн сертификат
кәсiпорынға көп пайда мен артықшылық алып келедi дейдi. Кәсiпорынға сапа
жүйесiн енгiзудiң қорытындысында еңбек сапасы, орындаушылық қабiлет,басқару
процесi жоғарылайды және әртүрлi жоғалтулар қысқарады, сапаны қамтамасыз
ету шығындары төмендейдi, сондай-ақ кәсiпорынның нарықтағы жағдайы
нығаяды, өндiрiстiк мәдениет жоғары деңгеймен қамтамасыз етiледi.[ 1 ]

Сапа жүйесi елiмiздiң Бүкiл әлемдiк сауда ұйымына кiру мүмкiндiгiн
анықтайтын және нарықтағы бәсекеқабiлеттiлiгiн арттыратын маңызды
факторға жатады. Қазiргi таңда ҚР-да кәсiпорындардың сапа жүйесi және оны
шығаратын өнiмнiң сапасын бақылау 1999 жылы қабылданған стандарттау және
сертификаттау туралы заңның аясында жүргiзiледi.

Стандарттау туралы халықаралық ұйым 1979 жылы сапаны басқару және
Сапаны қамтамасыз ету жөнiнде техникалық комитет құрған болатын. 1985 жылы
бұл ұйым сапаны қалыптастыру мақсатында 5 халықаралық стандарттаудың
жобасын дайындады. Ал 1986 жылы Британдық стандарттарға сүйене отырып ИСО
-9000 сериялы стандартын дайындап шықты. Бұлардың қатарына:

• ISO-9001- жобалау, дайындау, өндiрiс, жөндеу және қызмет көрсету;

• ISO-9002- нақты өндiрiс;

• ISO-9003- өнiмдi бақылау және тексеру,

• ISO-9004- сапаны және сапа жүйесiн жалпы басқару.

Қазiр бұл стандарттар әлемнiң 151 мемлекетiнде енгiзiлген.

Бiздiң мемлекетте осы ИСО -9000 стандарттардың талаптары негiзiнде
ҚР СТ ИСО -9000-2001 сериялы стандарттарын дайындап шықты.[ 2 ]

3. Өнiмнiң бәсекеге қабiлеттiлiгi, оның маңызы және
анықтау әдiстерi

Егемендi ел болып, тәуелсiздiгiмiздi алып нарықтық экономикаға
көшуiмiзге байланысты ел экономикасы түбегейлi өзгерiстерге душар болды.
Әсiресе елiмiздiң экономикалық өмiрiндегi шаруашылық қатынастар жүйесiндегi
терең әрi ауқымды өзгерiстер көрiнiп, еркiн бәсеке, бәсекеге қабiлеттiлiк
деген ұғымдар ене бастады. Ал өз кезегiнде ұйымдық-құқықтық формалардың,
яғни, әртүрлi шаруашылық жүргiзушi субьектiлердiң жұмыс жасауы, қызмет
көрсетуi, өнiм өндiруi бәсекеқабiлеттiлiк ұйымдарын одан әрi өрбiте түстi.
Қазiргi кезде көптеген кәсiпорындар үшiн кәсiпорынның бәсекеге
қабiлеттiлiгiн арттыру ең негiзгi мәселе болғандықтан, көпшiлiк тарапынан
осы бiр мәселеге көбiрек назар аударады. Ол сату нарықтары, өткiзу
көлемдерi, қосымша табыс табуты көздейтiн өндiрушiлердiң экономикалық
стратегияларының басты ажырамас құралына айналды. Осыған сәйкес
кәсiпорындар әрi шығарылатын өнiмдердiң бағаларын төмендету арқылы әрi
нарықта бар өнiмдерден сапалық көрсеткiштерi жағынан ерекшеленетiн
өнiмдерiн өндiру арқылы бәсекелестердi ығыстыруға және нарықтағы
жағдайларын нығайтуға ұмтылуы қажет.
Бәсекеге қабiлеттiлiк ұғымы көпжақты болып, кәсiпорын iс-әрекетiнiң
тауар секiлдi құрамдас бөлiктерiн сондай-ақ оның негiзгi сипаттамалары
болып табылады және өндiрiс технологиясын қамтиды.
Кәсiпорынның бәсекеге қабiлеттiлiгi- қатысты өлшем, өйткенi ол сату
уақыты мен нарықта бәсекеге түсетiн ұйымдардың салыстырмалы нәтижелерiнде
көрiнуi мүмкiн.
Кәсiпорынның бәсекеге қабiлеттiлiгi- бұл экономикалық,
ұйымдастырушылық техникалық мүмкiндiктердiң жиынтығы. Ол бәсекелестiк
күрес жағдайында өзiнiң алып отырған нарықтық үлесiн сақтап қалуға немесе
кеңейтуге жеткiлiктi әлеуетi.
Бәсекеге қабiлеттiлiгiнiң 2 жағы бар. Бұлардың бiреуi, оның элементi
және құраушы бөлiктерi (тауардың жоғарғы сапасы, тауардың қосымша қызметi
т.б.) және нақты жағдайдағы тауар сату мiндеттерiнiң нақты шешiмi (жеке
қабiлеттiлiктерi бар нақты сатып алушы мүмкiндiгi және өзiндiк талғамы
бойынша нарықта бәсекелесушi кәсiпорындардың iшiнен ұнайтынын шешуi,
сатушының жеке қасиеттерi)
Кәсiпорынның бәсекеге қабiлеттiлiгiнiң деңгейiне негiзiнен мынандай
басты факторлар әсер етедi:
• өндiрiстiк технологияны жетiлдiру дәрежесi мен ғылыми-техникалық
деңгейi;
• жаңа өнер табулар мен жаңашылдықтарды қолдану;
• қазiргi заманға сай автоматтандырылған өндiрiс құралдарын енгiзу.

Нарықтық қатынастар жағдайында өнiм сапасы оның
бәсекеқабiлеттiлiгiнiң ең маңызды көрсеткiшi болып табылады. Сапасыз
тауардың шығуы кәсiпорынға тура жоғалтуларды, өндiрiске қатыссыз
шығындарды, қайта жөндеудi, материалдар мен шикiзаттарға деген шығындарды
алып келедi.
Өнiмнiң бәсекеге қабiлеттiлiгi- тұтынушының нақты қажеттiлiктерiн
қанағат тандыру дәрежесi және оны сатып алу мен атқару деңгейi бойынша
өнiмнiң баламалы өнiмдерден айырмашылығы сипаттамаларының жиынтығы. Ал сапа-
бәсекенiң ең маңызды көрсеткiшi, оның нақты реттеушiсi болып табылады.
Сондықтан экономикалық әдебиеттерде тауардың бәсекеге қабiлеттiлiгi және
оның экономикалық, техникалық жағынан басқа тауарлармен салыстырмалылығы
жөнiнде өте көп қарастырылады. Өнiмнiң бәсекеге қабiлеттiлiгi нарықтың
ерекше шарттарын қанағаттандыруға жол берумен, тұтынушылық (сапалы және
санды) сипатпен анықталады. Бәсекеге қабiлеттi өнiмдер нарықта өте тез
және жеңiл сатылады. Шын мәнiнде тауар қоғамдық қажеттiлiктi қанағаттандыру
деңгейiнде тексеруге өтедi.Олар тұтынушылардың анықталған тобы арасында
дәмi және артықшылылығы жөнiнен нарыққа шығарылады, сондықтан бәсекеге
қабiлеттiлiк деген түсiнiк әрқашанда нақты. Нарық жағдайында тұтынушының
қанағаттануы тауарға деген өзiнiң ерекшелiгiнiң жиынтығы сатып алу мен
сату актiсiнде көрiнедi. Мұндай ерекшелiктiң үйлесуi, өндiрушi мен
тұтынушының мүдделерiнiң сақталуы негiзiнде тауарлар және тұтынушылар
талабының сипаттамасын,сол сияқты нарық жағдайында тауардың толық
сәйкестiгiн бәсекенiң жарамдылығы деп атайды.
Өнiмнiң бәсекеге жарамдылығы ерекше жағдайын қанағаттандыруына
мүмкiндiк беретiн тұтыну кешенiнiнiң сипаттамасын анықтайды. Бәсекеге
жарамды өнiм нарықта жеңiл әрi тез сатылады. Әрбiр сатып алушы өзiнiң жеке
мұқтажын ең жоғары қанағаттандыратын тауарды ғана алады. Жалпы алғанда,
сатып алушылар бағалармен салыстырғанда қоғамдық мұқтажына толық сәйкес
келетiн тауарды сатып алады. Сондықтан, сатып алушының тауарға деген
қанағаттанушылық деңгейiнде жеке-дара көрсеткiштер пiкiр жиынтығын
құрайды, ол тағы да нарықтың пайда болу қарсаңында қалыптасады.
Сонымен, тауарға бәсекенiң жарамдылығын, оның сапалық және құндық
сипаттамасының жиынтығы деп түсiнуге болады. Ол сатып алушының нақтылы
мұқтажын қанағаттандыруды қамтамасыз етедi және сатып алушы үшiн
тиiмдiлiгi ұқсас тауар бәсекелестер ерекшеленедi.
Бәсекелестiкте жалпы 2 түсiнiктi бөлiп қарастыруға болады:
1. Кәсiпорынның бәсекеге қабiлеттiлiгi
2. Тауардың бәсекеге қабiлеттiлiгi
Кәсiпорынның бәсекеге қабiлеттiлiгi- бұл кәсiпорынның қаржылық,
өндiрiстiк және еңбек мүмкiндiктерiн тиiмдi пайдалану шеберлiгi арқасында
бәсекеге қабiлеттi өнiмдi шығару мүмкiншiлiгi.
Тауардың бәсекеге қабiлеттiлiгi- бұл тұтынушылар үшiн тиiмдi және
тұтынушылардың нақты қажеттiлiктерiн қанағаттандыруды қамтамасыз ететiн
тауардың сапалы және құндық ерекшелiктерiнiң жиынтығы.
Тауардың бәсекеге қабiлеттiлiгiн анықтау тәжiрибесi тауар
ерекшелiктерiнiң жиынтығы, тұтыну бағасы бойынша және нақты қажеттiлiктi
қанағаттандыру деңгейi бойынша тауар бәсекемен салыстырмалы талдауда
негiзделедi.
Өнiмнiң бәсекеге қабiлеттiлiгi бәсекеге қабiлеттiлiк көрсеткiшi
арқылы мөлшерлi болуы мүмкiн.
Осы маңызды көрсеткiштi анықтаудың бiрнеше әдiстерi белгiлi.
Олардың ең көп таралуына байланысты тоқталып өтейiк:
Бiрiншi әдiс. Техникаға бәсекенiң жарамдылығын анықтайтын белгiсi-
бұл тауарды тұтыну бағасы болып табылады. Ол мынадай формуламен анықталады:

Бт=Бс+Шт
(3 )
Мұндағы: Б –тұтыну бағасы.
Б – сатылу бағасы
Ш – бұл өнiмдi тұтынушылардың шығындары (оның
барлық нормативтiк мерзiм iшiндегi қызметi).
Тұтынушылар үшiн барлық шығындар 2 негiзгi категорияға бөлiнедi.
Бiрiншiден, бұл тұрақты шығындар ұзақ уақыт бойы өзiнiң мөлшерiн
өзгертпейтiн, яғни, өнiмнiң сату бағасы. Орнатуға, монтаждауға кеткен
шығындар және т.б. бiруакытта орындалады. Екiншiден, бұл ауыспалы шығындар
өнiмдi пайдалану процесi кезiнде қалыптасады, сонымен бiрге пайдалану
шығындары (энергия, шикiзат, жұмыс күшi )
ағымдағы жөндеу және қызмет көрсету кезiнде iске асырылады.

Заңды тұлғалар үшiн ауыспалы шығындар көлемiн (Ип ) мына ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өндірістің экономикалық тиімділігін анықтайтын көрсеткіштер
Мұнай өндірісінің тиімділігін көтеру
Өнімнің сапасын көтерудің негізгі бағыттары
Өнім сапасын басқаруды ұйымдастыру
Нарық талабына сай мал шаруашылығы өнімдерінің өндіріс тиімділігі
Ұлттық экономика жүйесіндегі кәсіпорын
Өндіріс тиімділігін арттырудағы қаржының негізгі принциптері
Мақта кешенінің бәсекелестікке қабілеттігін арттыру проблемалары
Өндірістің экономикалық тиімділігін бағалау көрсеткіштері
Құрылыс кәсіпорнының қызмет ету тиімділігін арттыру жолдары
Пәндер