Лизингтік қызмет көрсетудің теория-әдістемелік негіздері


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: «ЛИЗИНГТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУДІҢ ТЕОРИЯ-ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ»
Мамандығы 050506 «Экономика»
Алматы
МАЗМҰНЫ
Кіріспе. 3
Ι ТАРАУ. ЛИЗИНГТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУДІҢ ТЕОРИЯ-ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ. .
1. 1 Лизингтің экономикалық мәні және оның түрлері. .
1. 2 Лизингтік төлемдер және олармен есеп айырысу әдістері………. .
1. 3 Қазақстан Республикасындағы лизингтік мәмілелерді құқықтық қамтамасыз ету.
ΙΙ ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЛИЗИНГТІК НАРЫҚҚА ТАЛДАУ ЖАСАУ.
2. 1 Қазақстан Республикасындағы лизингтік нарықтың қалыптасуы мен оның даму ерекшеліктері. .
2. 2 ҚР-ғы лизингтік операциялардың динамикасын талдау…….
III ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЛИЗИНГТІҢ ДАМУЫНА КЕДЕРГІ КЕЛТІРЕТІН НЕГІЗГІ МӘСЕЛЕЛЕР ЖӘНЕ ЛИЗИНГТІ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ. .
- Қазақстан Республикасындағы лизингтің дамуына кедергі келтіретін негізгі мәселелер.
3. 2 Қазақстан Республикасындағы лизингтік механизмді жетілдіру…….
Қорытынды. .
Пайдаланған әдебиеттер тізімі. .
КІРІСПЕ
Бәрімізге белгілі Қазақстан нарықтық қатынастарға еселеніп отырған дағдарыс кезеңінде өткен. Бұл дағдарыс өндірістің құлдырауы мен сауда-экономикалық қатынастардың жаппай бұзылуының, бағалардың қарқынды өсуі мен инфляцияның өршей түсуінің салдары, мұның нәтижесінде инвестициялық белсенділік күрт төмендеді.
Мұндай жағдай ең алдымен мемлекеттің стратегиялық мүддесін сипаттайтын экономика салалаларына зиянын тигізді. Ең өзектісі бұл - құрал-жабдықтардың табиғи және моральдік жағынан тозуы болып табылады. Ал, бұл дегеніміз өндірістік кәсіпорындардың сапасы жақсы тауар өндіруге мүмкіндігі жоқтығын көрсетеді, себебі бұрынғы кеңес уақытынан қалған құрал-жабдықтар өте ескі. Ал өндірістік кәсіпорындардың жаңа, сапалы және қымбат тұратын, сонымен қатар ғылыми-техникалық прогресс күшінде тез жаңарып және ескіретін құрал-жабдықтар сатып алуға қаражаттары жетіспейді. Құрал-жабдықтарды несиеге алу қарыз қаражаттарының қымбат болуынан, сондай-ақ қиындықтар туғызып отыр. Сондықтан да, мұны ескере отырып, дүние жүзілік нарықта бәсекеге қабілетті болатын өндіріс құрылысы жайлы сөз қылмауға да болады. Осыған орай негізгі құрал-жабдықтарды жаңартудың тиімді әдістерінің бірі күрделі құрылысты қаржыландырудың және инвестицияның ерекше формасы лизинг болып табылады.
Лизинг (қаржылық жалдау) бизнесі кәсіпкерлік қызметтің ерекше саласына жатады. Лизинг шетелдерде кең тараған. Демек, лизинг дамыған шет мемлекеттердің қазіргі заманғы озық технологиясын, құрал-жабдықтарын алудың тиімді жолдарының бірі. Сонысына қарай оны отандық өндірісті, ауыл шаруашылығын, көлік пен байланыс салалаларын, қызмет көрсету ісін дамытудың таптырмайтын тәсілі деуге де болады.
Зерттеу жұмысының мақсаты: Қазақстан Республикасындағы лизингтік бизнесінің ағымдағы жағдайын талдай отырып, Қазақстанның лизингтік нарығының дамуын анықтау. Осы мақсатқа сәйкес келесі міндеттер қойылған:
- лизингтің теориялық негізін зерттеу; Сонымен қатар Қазақстан Республикасында қолданылатын лизинг түрлерін қарастыру.
- лизингтік төлемдермен есеп айырысу әдістерін қарастыру және «Лизинг Групп» компаниясының лизингтік төлемдермен есеп айырысу әдістерін зерттеу.
Лизингтік қаржыландыруға қатысты заңдық актілерді зерттеу және осы актілердегі енгізілген өзгерістерді анықтау. Жүргізілген зерттеулер мен мәліметтер негізінде Республикадағы лизингтік нарыққа талдау жүргізу. Қазақстан Республикасындағы лизингтік нарықтың дамуына кедергі келтіретін мәселелерді анықтау.
Зерттеу жұмысының обьектісі - Қазақстан Республикасының лизингтік нарығы. Зерттеу жұмысының пәні - Қазақстан Республикасының нарықтық
экономика субьектілері арасында пайда болатын лизингтік қатынастар.
Бұл дипломдық жұмыстың экономика-теориялық негізі ретінде - Ресейлік экономист, теоретиктері: Чекмарёва Е. Н., Горемыкин В. А., лизингтік төлемдердің есеп айырысу әдістерінің негізін салушы Прилуцкий Л., негізінен лизингтік операциялардың құқықтық аспектілерін зерттеуші Кабатова Е. В., батыс елдеріндегі лизингтің дамуын зерттеуші Юсупова А. Т., Бочаров В. В., Сушкевич А. Е., Гольдштейн Р. П., және лизингтік бизнестің әр түрлі аспектілерін зерттеуші отандық ғалымдар: Смағұлов А. С., Сағадиев К. А., Мырзахметов А. И., Абдраим Р., Ошақбаев Р., Тағашев И., Левкович А., Бархатов А. П., Пермяков Н. Ю. және тағы басқалардың еңбектері алынды.
Сонымен қатар Қазақстан Республикасында шығарылатын ғылыми газет-журналдардың мақалалары мен «Лизинг Групп» компания қызметінің кейбір аспектілерінің талдаулары қолданылды.
Бұл дипломдық жұмыс кіріспеден, 3 тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Бірінші бөлімде лизингтің экономика-теориялық негізі қарастырылады. Лизингтің әртүрлі анықтамалары келтіріледі, лизингтің түрлері мен әртүрлі негіздер бойынша классификациясы келтіріледі. Теориялық білім мен дүние жүзілік тәжірибе негізінде лизингтік операциялардың обьектілері мен субьектілері анықталады. Алынған білім негізінде несие мен құрал жабдықтарды сатып алумен салыстырғанда лизингтің артықшылықтары мен кемшіліктері көрсетіледі. Сонымен қатар метаметикалық формулаларды келтіру арқылы лизингтік төлемдердің есеп айырысу әдістері мен «Лизинг Групп» компаниясының лизингтік төлемдермен есеп айырысу әдісі қарастырылады. Және Республикадағы лизингтік нарықтың құқықтық базасына талдау жасалынады.
Екінші бөлімде Қазақстанның лизингтік нарығының қалыптасуымен және оның даму ерекшелігі қарастырылады. Сонымен қатар Қазақстандағы лизинг нарығының дамуына талдау жасалынады. Яғни Қазақстанда қанша лизингтік компания жұмыс істейді, жасалынған лизингтік мәмілелердің көлемі және олардың қаржыландыру көздері. Мемлекеттегі лизингтік қызметтің ерекшелігі қарастырылады.
Үшінші бөлімде Қазақстан Республикасындағы лизингтің дамуына кедергі келтіретін негізгі мәселелер қарастырылады. Яғни жүргізілген зерттеулер нәтижесінде тежеуіш факторлар бөлініп көрсетіледі. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасындағы лизингті жетілдіру жолдары қарастырылады.
Қорытындыда бүкіл жұмыс бойынша негізгі тұжырымдар беріледі, сонымен қатар Қазақстан Республикасындағы лизингтік нарықтың дамуына көмектестін ұсыныстар келтіріледі.
Ι ТАРАУ. ЛИЗИНГТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУДІҢ ТЕОРИЯ-ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ
- Лизингтің экономикалық мәні және оның түрлері
Лизинг сөзі “to lease” ағылшын етістігінен аударғанда “жалға беру” дегенді білдіреді. Лизингтің жалға беруден айырмашылығы - жалға беруде
екі тарап қатысады, жалға беруші және жалға алушы, ал лизингте үш қатынасушы лизинг беруші, алушы және жабдықтаушы.
Жалпы лизинг терминіне берілетін анықтамалар өте көп. Лизингті арендалық қызмет көрсетулерге, құрал - жабдықтарды реализациялау формасы мен оны жабдықтау формасына және ұзақ мерзімді аренда формасына, сонымен қатар экспортты несиелеу, қаржыландыру формасы мен ішкі экономикалық қызметтің түріне жатқызады.
Дамыған елдерде лизинг - инвестициялық қаржыландырудың бірден-бір өзекті механизмі, әрі банк бизнесінің баптарында айналымы жүздеген миллиард долларды құрайтын жоғары табыс көзі болып есептелінеді.
«Лизинг» мағынасын кеңінен түсіндірудің мәні алынған мүліктерді ұзақ мерзім (бір жылдан 15-20 жылға) пайдаланғаннан соң, оны қайта өткізуден туындайтын кешенді мүліктік қатынасқа байланысты. Қашан мүлікті иелену құқығынан пайдалану құқығы алшақтап, кәсіпорынды пайда табу үшін ұзақ мерзімді капитал салушылардың қаржыландыру қызметі бейімділігінің ерекшелігі өзгерген шақта экономикадағы лизинг мәні өзінен-өзі әртүрлі көріністегі тауарлық үлгіге ауысады [1] .
Лизинг - бұл лизинг берушінің өзіне тиесілі құрал-жабдықтарды, машиналарды, ЭЕМ ұйымдастыру техникаларды, өндірске, сауда-саттыққа және қоймаға арналған құрылғыларды лизинг алушыға лизингтік төлем төлеу шартымен, белгіленген мерзімге пайдалануға беруін қарастыратын жалға беру шартын білдіреді.
Банктердің лизингтік операциялары несиелік операциялармен өте ұқсас болып келеді. Алайда, лизингтің несиеден айырмашылығы келісім-шартта көрсетілген төлемдер төленіп, мерзімі аяқталғаннан кейін де, лизинг обьектісінің лизинг берушінің меншігінде қала беруінен көруге болады. Ал, несиеде банктің меншік обьектісі ретінде қарыз алушының берген кепілдігі қалады.
Лизингтік мәміле - бұл лизинг беруші, лизинг алушы және сатушы (жабдықтаушы) арасындағы лизингтік келісім-шартты жүзеге асыру үшін қажетті келісім шарттар жиынтығы. Лизингтік мәмілеге келесі субьектілер қатыса алады:
- Лизинг беруші - лизингтік мәмілені іске асыру барысында меншікті немесе тартылған ақша-қаржаттары есебінен лизинг обьектісін сатып алып, лизинг алушыға белгілі төлемге, белгілі уақытқа және шарттар негізінде уақыты біткен кезде меншік құнының ауысуымен немесе ауысуынсыз уақытша пайдалануға беретін жеке немесе заңды тұлға.
- Лизинг алушы - лизинг келісім-шартына сәйкес лизинг обьектісін белгілі бір төлемге, белгілі уақытқа және шарттар негізінде уақытша пайдалану үшін алуға міндетті жеке немесе заңды тұлға.
- Мүлікті сатушы (жабдықтаушы) - лизинг берушімен сату-сатып алу шарты негізінде лизинг берушіге немесе лизинг алушыға белгіленген уақытта лизинг обьектісін сатушы жеке немесе заңды тұлға.
- Банк (немесе басқа да несиелік мекеме) - лизинг обьектісін сатып алуға қажетті қаржы ресурстарын беретін заңды тұлға. Сонымен қатар лизинг нарығындағы арнайы субьектілерді көрсетуге болады, оларға:
- Сақтандыру компаниясы - лизинг мәмілесін іске асыру кезінде пайда болатын әр түрлі тәуекелдерді сақтандыратын заңды тұлға. Лизингтің кез-келген субьектісі Қазақстан Республикасының резидент немесе резидент емес тұлға болуы мүмкін, сонымен бірге ол шетел инвесторларының қатысуымен құрылған кәсіпкерлік қызметтің субьектісі де бола алады.
Қазақстан экономикасының нақты секторын дамытуға қолайлы лизинг механизмінің сызбасы ұсынылады:
Сызба 1 - Өндірісті дамытуда қолданылатын лизингтік несиелеу механизмінің сызбасы [2]
Лизингтік несиелеу сызбасының қолданылуы:
1. Банк пен Лизинг компаниясы арасында несиелік келісім-шарт жасалып, несие беріледі;
2. Лизинг компаниясы алған несиені құрал-жабдық үшін жабдықтаушыға төлейді;
3. Жабдықтаушы Лизинг компаниясына құрал-жабдығын сатады;
4. Лизинг компаниясы мен лизинг алушы кәсіпорын арасында лизингтік келісім-шарт жасалады;
5. Жабдықтаушы құрал-жабдықпен жабдықтайды;
6. Лизингті алушы кәсіпорын пайдаланғаны үшін лизингтік төлемдер жүргізеді;
7. Лизинг компаниясы банкке несие үшін төлемдер төлейді;
8. Сақтандыру компаниялары құрал-жабдықты сақтандырады.
Лизинг обьектісі ретінде ғимараттар мен құрылыстарды, машиналарды, құрал-жабдықтарды, транспорттық құралдарды, жер учаскелерін және тағы басқа тұтынылмайтын затттарды қарастыруға болады. Бағалы қағаздар мен табиғи ресурстар лизинг обьектісі болып табылмайды.
Дамыған мемлекеттердегі қаржы лизингінің жағдайын талдай отырып, лизингке берілетін обьектілерді келесі топтарға бөлуге болады:
- Транспорттық (ұшақтар, автомобильдер, су кемелері, темір жол вагондары және тағы басқа) ;
- Байланыс құралдары (радиостанциялар, спутниктер және тағы басқа)
- Ауыл шаруашылық құрал-жабдықтары;
- Құрылыстық топ (крандар, бетон араластырушылар және тағы басқа)
- Басқа құралдар.
Лизингтің артықшылықтары мен кемшіліктерін келесі пунктермен көрсетуге болады:
- Лизинг көмегімен кепілге берілетін мүлкі жоқ, ұсақ кәсіпорындарды несиелеуге болады. Бұл былай: лизингтік мәміле жасалған мерзім бойына лизинг обьектісі лизингке берушінің меншігінде қалады да, лизинг алушы банкротқа ұшыраған жағдайда несиелік тәуекел деген болмайды;
- Лизинг 100 %-ға дейін несиелеуді ұсынады, яғни кәсіпорынға қысқа мерзім ішінде өзінің меншікті капиталын жұмсамай-ақ, жаңа құрал-жабдықты пайдалана отырып, өнеркәсіптік өнім шығаруға және пайда табуға мүмкіндік береді;
- Кәсіпорынға мүлікті ссудаға сатып алғаннан, лизинг бойынша алған қолайлы, себебі, бұл жерде ол кепіл ретінде болады;
- Құрал-жабдықтың лизинг берушінің меншігінде болатындығына байланысты, өнімнің құнына лизингтік төлемдер ғана қосылып, мүлікке салынатын салықты жалға беруші өзі төлейді;
- Негізгі қаржылардың импорты, лизинг беруші әкелген қаржы лизинг тасымалдау үшін және соңғы лизинг алушы қосылған құн салығын төлеуден босатылады. Мұндай негізгі қаржы құралдардың тізімі республиканың үкіметімен бекітіледі;
- Қаржылық лизинг марапаты қосылған құн салығының қосылуынан босатылады;
- Лизинг алушы эксплуатацияны пайдаланудың бірінші жылында эксплуатация үшін екі норма амортизациясы бойынша төлейді, және осылай салық төлеуден босатылады;
- Лизинг алушы корпоративті табыс салығы, жер салығына және лизингке салынатын салығы бойынша инвестиционды салық преференциясын алу мүмкіндігі бар;
- Несие берушінің көзқарасымен қарағанда, несиенің мақсатты пайдалануына ешқандай да қадағалау болмайды.
Сонымен қатар лизингтің кемшіліктерін де бөліп көрсетуге болады:
- Жалға алушы құрал-жабдықтың қалдық құнының жоғарлауынан
(әсіресе инфляциядан) ештеңе ұтпайды;
- Ұйымдастырудың күрделілігі;
- Лизинг құны ссудаға қарағанда жоғары, бірақ та ескірген құрал-жабдықтан туындайтын тәуекелділіктің лизинг берушінің басында болатынын ұмытпау қажет, сондықтан да ол осындай шығынның орнын толтыру үшін коммиссияны көбірек алуға тырысады;
Лизингтің түрлерін бөліп көрсету олардың жіктелу белгілеріне байланысты болады. Олар келесідей сипатталады:
1. жалға алынатын обьектіге қатысы бойынша;
2. лизинг операциясын қаржыландыру түрі бойынша;
3. лизингке берілетін мүліктің түрі бойынша;
4. лизингтік мәмілеге қатысушылардың құрамына байланысты;
5. лизингтік мүліктің өтелу дәрежесіне байланысты;
6. лизингтік операциялар жүргізілетін нарық секторына байланысты;
7. салықтық, кеден және амортизациялық жеңілдіктер мен преференцияларға қатысына байланысты;
8. лизингтік төлемдердің ретіне байланысты;
Жалға алынатын обьектіге қатысы бойынша лизинг:
- Таза лизинг - бұл жағдайда мүлікті ұстау бойынша барлық шығындарды лизинг алушы төлейді және ол лизинг берушіге тек таза немесе нетто төлемдерді аударып отырады. Отандық лизингтік нарықтағы қызметтердің көбісі таза лизинг болып табылады.
- Толық лизинг - бұл жағдайда лизинг беруші мүлікті ұстау бойынша барлық шығындарды қаржыландырады. Бағасы бойынша толық лизинг ең қымбат болып табылады, себебі лизинг берушінің мүлікті ұстау бойынша, қажетті шикізаттарды әкелу бойынша шығыстары өседі.
- Бөлшектік (частичный) лизинг - бұл жағдайда лизинг беруші мүлікті ұстау бойынша тек кейбір қызметтерді ғана өзіне алады.
Қаржыландыру түрі бойынша лизинг келесідей бөлінеді:
- Бір жолғы (срочный) лизинг - яғни мүлікті беру бір рет ғана жүзеге асырылады.
- Қайталанатын (возобновляемый) лизинг - бұл жағдайда бір лизинг келісім-шартының мерзімі біткен кезде, лизинг келісім-шарты жаңа кезеңге жасалады. Сонымен бірге белгілі уақыттан кейін обьектінің тозуына және лизинг алушының қалауына байланысты жаңа мүлік берілуі мүмкін. Қайталанатын лизингтің тағы бір түрі - бас лизинг. Бас лизинг - лизингтің бұл түрі лизинг алушыға жаңа келісім-шарт жасамай-ақ жалға алынатын мүлік тізімін толтыруға мүмкіндік береді.
Лизингтік мәмілеге қатысушылардың құрамы бойынша лизинг:
- Тура лизинг - бұл жағдайда мүліктің иесі өзі обьектіні лизингке береді. Негізінен мұндай мәмілені классикалық лизингтік мәмілеге жатқызуға болмайды, себебі лизингтік компания көрініс таппайды.
- Жанама лизинг - бұл жағдайда мүлік лизингке белгілі бір делдал арқылы беріледі. Бұл мәміле классикалық лизингтік мәмілеге ұқсас болып
келеді, себебі мұнда лизинг алушы, лизинг беруші және жабдықтаушы көрініс табады.
- Бөлек (раздельный) лизинг (көп жақты) - лизингтің бұл түрі күрделі, үлкен обьектілерге (әуе техникасы, теңіз кемелері, теміржол техникасы, бұрғылау қондырғылары) қаржы салымдарын жасау үшін қолданылады. Лизингтің бұл түрі топтық немесе акционерлік лизинг деп те аталады, себебі мұнда бірнеше лизинг беруші, банктер жұмыс істеуі мүмкін [2] .
Мүлік түріне байланысты лизинг:
- Жылжымайтын мүлік лизингі (ғимараттар мен құрылғылар) ;
- Жылжымалы мүлік лизингі (автомобиль, самолет, кемелер, техника, құрал-жабдықтар) ;
Мүліктің өтелу дәрежесіне байланысты лизинг:
- Толық өтелетін лизинг (немесе толық өтелуге жақын) лизинг, яғни лизинг келісім-шартының мерзімі аралығында мүліктің толық немесе толыққа жақын амортизациясы есептеліп, лизинг берушіге мүліктің толық құны төленеді.
- Толық өтелмейтін лизинг - бұл жағдайда лизинг келісім-шартында көрсетілген мерзімде, мүлік тек белгілі бір дәрежеде ғана амортизацияланып, оның тек бір ғана бөлігі өтеледі.
Өтеліну мерзіміне қарай лизинг:
Шұғыл лизинг - бұл мүліктің қызмет мерзіміне қарағанда, оның пайдалану мерзімінің қысқалығын және мүліктің құнын толық өтемеуімен сипатталады.
Қаржы лизингі - бұл уақытша пайдалануға берген лизинг затының мерзімі ішінде өзінің толық амортизациялық құнын төлеп шығуымен немесе өзін-өзі өтеуімен байланысты сипатталады. Қаржы лизингі үлкен күрделі қаржы жұмсалымын талап ететіндіктен де, оларды банктермен ынтымақтаса отырып жүзеге асырады.
Лизингтік операциялар жүргізілетін нарық секторына байланысты лизинг:
- Ішкі лизинг - бұл, оның қатысушыларының бір елден болып келуімен байланысты сипатталады. Халықаралық лизинг - бір тарап немесе барлық тараптардың әр елден болып келуін сипаттайды. Сыртқы лизинг - экспорттық және импорттық болып бөлінеді. Экспорттық лизингте шетел лизинг алушы болса, импорттық лизингте шетел лизинг беруші болып табылады.
Ішкі лизинг Қазақстан Республикасының заңдарымен реттеледі және субьектілері Қазақстан Республикасының резиденттері болады.
Егер де лизинг беруші Қазақстан Республикасының резиденті болса, яғни лизинг обьектісі Қазақстан Республикасының резидентінің меншігінде болса, онда халықаралық лизинг келісім-шарты Қазақстан Республикасының заңдарымен реттеледі. Ал, егер керісінше болса, онда халықаралық лизинг келісім-шарты сыртқы экономикалық қызмет облысындағы заңдарымен реттеледі. Қазіргі кезде дамыған мемлекеттердің шаруашылық тәжірибесінде
лизингтің көптеген түрлері көрініс табады. Олардың ішінде негізгілері болып:
1. Шұғыл лизинг
2. Қаржы лизинг
3. Қайтарылатын (возвратный) лизинг
4. Үлестік лизинг
5. Тура лизинг
6. Сублизинг
Шұғыл лизинг - ағымдағы жал туралы келісім. Әдетте бұл келісімнің мерзімі активтің толық амортизациялық кезеңінен аз болады. Яғни, келісім-шартта көрсетілген жал төлемдері активтің толық құнын өтемейді, сондықтан актив лизингке бірнеше рет беріледі.
Шұғыл лизингтің ең негізгі ерекшелігі - лизинг алушының келісім-шартты уақытынан бұрын тоқтата алуы. Сонымен бірге бұл келісімде лизингке берілетін обьектіге ағымдағы техникалық қызмет көрсету және басқа қызметтер түрін көрсету туралы шарттар қарастырылады.
Шұғыл лизингтің негізгі обьектілері тез тозатын (моральді) құралдар (компьютерлер, көшірме техникасы, оргтехниканың көптеген түрлері) және техникалық күрделі, үнемі қадағалауды қажет ететін техника (жеңіл және жүк автомобильдері, әуе кемелері т. с. с. ) .
Жалпы лизингтің бұл түрі лизинг алушы үшін үнемді. Себебі уақытынан бұрын келісім-шартты тоқтату моральді ескірген құралдарды жаңа бәсекелестік қабілеттігі жоғары құрал-жабдықтармен ауыстыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар егер лизинг алушы бір жолғы жобаларды іске асыру үшін мүлікті алған болса, оның одан әрі мүлікті ұстау және сату жөніндегі қиындықтары туындамайды. Лизинг берушінің ағымдағы технкалық қызмет көрсетуі артық персональды ұстаудағы қажеттілікті төмендетеді.
Сонымен бірге шұғыл лизингтің келесі кемшіліктері бар:
- Басқа лизинг түрлеріне қарағанда қымбаттылығы, жал төлемдерінің жоғары болуы;
- аванстар мен алдын-ала төлемдері салу қажеттілігі;
- уақытынан бұрын өтеу кезінде айып пұлдың төленуі;
- мүлік иелерінің тәуекелді төмендету мақсатында жасаған басқа да шарттары;
Қаржы лизингі - жалға алушының төлемдері негізінде жалға алынатын мүліктің толық амортизациялануын қарастыратын келісім. Келісімнің уақытынан бұрын жалды тоқтатуын қарастырмағандықтан, бұл келісім мүлік иесінің құралды сатып алу, оған техникалық қызмет көрсету бойынша барлық шығындардың орнын толтырып, қажетті табыс деңгейін қамтамасыз етеді. Лизингтің бұл түрі кезінде құралдарды орнату және ағымдағы қызмет көрсету бойынша барлық шығындар жалға алушы есебінен қаржыландырылады. Сонымен қатар көбінде бұл лизинг түрінде келісім уақыты біткен кезде жалға алушы негізгі құралды қалдық құны бойынша
сатып алуға құқылы.
Шұғыл лизингке қарағанда қаржы лизингі кезінде мүлік иесінің тәуекелі едәуір төмен болады. Былай қарағанда бұл келісім банктің ұзақ мерзімді несиесіне өте ұқсас болып келеді. Себебі құрал-жабдықтың құнының толық өтелуін, кезеңдік төлемдердің төленуін және жалға алушының өз міндеттерін орындамаған жағдайда оны банкрот деп жариялау құқығын қарастырады.
Қаржы лизингінің обьектілеріне: жылжымайтын мүлік (жер, ғимараттар, мен құрылғылар), сонымен қатар ұзақ мерзімді өндіріс құралдары жатады. Қаржы лизингі қайтарылатын және үлестік лизингтің базасы болып табылады.
Қайтарылатын лизингті - екі келісімнен тұратын жүйе ретінде қарастыруға болады. Бұл келісім кезінде құралдың иесі оны үш тұлағаға сатады да, сол сәтте үш тұлға жалға алушымен ұзақ мерзімді жал келісім-шартына отырады. Бұл кезде сатып алушы ретінде әдетте коммерциялық банктер, инвестициялық, сақтандыру немесе лизингтік компаниялар көрініс табады. Яғни келісімнің нәтижесінде мүлік иесі ғана ауысады, ал пайдаланушы өзгермейді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz