Ағылшын тілін оқыту технологиялары


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 70 бет
Таңдаулыға:   

КІРІСПЕ

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Жұмыстың кіріспе бөлімінде зерттеудің өзектілігі, мақсаты мен міндеттері, нысаны, зерттеу барысында қолданылған әдістер, зерттеудің теориялық және практикалық құндылығы айқындалады. Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар анықталып, зерттеу жұмысының талқылануы мен жариялану барысы баяндалады.

Негізгі бөлімде білім беру жүйесіндегі жаңа технологиялардың алатын орны, мектепте оқушылардың ауызекі сөйлесу әрекеттерін белсендіру мен қарқынды дамытудың, сапалы әрі тиімді жолы ретінде коммуникативті оқыту технологиясын ағылшын тілі сабағында қолдану жолдары ғылыми-теориялық тұрғыдан баяндалған. Екінші бөлімде тәжірбиелік жұмыстардың әдістемесі мен материалдары талқыланған. Коммуникативті оқыту технологиясын енгізе отырып оқушылардың тілге қызығушылығын арттыру тәсілдері айтылған. Эксперимент жұмыстарының нәтижелері берілген. Қорытындыда жалпы жұмыстың мазмұны педагогикалық, әдістемелік теориялар мен дидактикалық қағидаларды басшылыққа ала отырып жасалғандығы көрсетілген.

Зерттеудің өзектілігі. Тілді тек тілдік бірліктер мен олардың өзара байланысының қатаң құрылымды жүйесі деп түсінуге болмайды, тіл ең алдымен қатысым құралы болып табылады.

Тіл адамдардың қарым-қатынас құралы болғандықтан, ол сөйлеу әрекетінің арқауы болып табылады. Тіл ұлт пен ұлтты жақындастыратын өзгеше қатынас. Тілмен сөйлесу адамзат баласы үшін тысқары бір дүние емес, ол ішкі құбылыс. Сөйлеу тек адамға ғана тән. Адам тіл арқылы бір-бірімен қатынаса алады. Қазіргі таңда, еліміз өз егемендігін алып, дербес мемлекет ретінде танылуда. Сондықтан, еліміздің өркениетін көтеру мақсатында шет тілдерін меңгеру, шет елдермен қарым-қатынас орнатудың маңызы зор екендігін көрсетіп отыр. Бұл дегеніміз қазақстандықтар үшін, жастар үшін ағылшын тілін үйрену-ғылымды, экономиканы, бизнесті одан әрі дамыту қажеттілігін туындатып отыр. Білім-адамзат қазынасы, халықтың білімділігі-елдің байлығының ең маңызды бөлігі. Тәрбиелеу мен оқыту жүйесінде білім арқылы ең озық мәдениет пен дүние таным қалыптасады.

Сөйлеу әрекетінің жан-жақты ғылыми тұрғыдан зерттелуі тіл білімінде ХХғасырдан бастау алады. Тіл білімі үшін сөйлеу әрекетін зерттеу үлкен мәселелердің бірі екендігін швед лингвисі Фердинанд де Соссюр алғаш болып көрсеткен. Бала тілін зерттеген ғалымдар: Л. Щерба, Е. Кубрякова, Е. И. Пассов, И. Л. Бим, И. Ф. Комков, А. А. Леонтьев. И. В. Рахманов, С. Канцнельсон, Н. И. Жинкин, Г. В. Колшанский, Э. П. Шубин. т. б. Қазақстандық ғалымдар: Т. А. Аяпова, Э. Д. Сүлейменова, Ф. Ш. Оразбаева. т. б. Л. Щерба: «Сөйлеу әрекеті дегеніміз-үзіксіз үрдіс және ол сөйлеу үрдісі мен тыңдаудан тұрады», деген, ал Т. Аяпова «Адам баласының сөйлеуі-баланың алғашқы сөйлеуі және тілдік ортада түсінуі, белгілі бір жағдаятқа байланысты, мақсатты, қажетті болып табылатындығын айқындайды», - деді.

Тілдің қарым-қатынас қызметі жеке бірліктер түрінде емес, өзара хабар алысатын саналы әрекет түрінде жүзеге асатыны белгілі. Сондықтан тілдің әртүрлі деңгейіндегі тілдік бірліктердің ерекшеліктері, сөйлеудің коммуникативті түрлері, сөйлесімдер мен мәтіндердің коммуникативтілігіне негіз болып отыр. Қоғам талабына сай шетел тілдерін оқытуда берілетін білім мазмұны мен оқыту әдістерін жаңалау қажет ететіндігі айқындалды.

Ондағы мақсат оқушыларды қарапайым болса да өз ойларын еркін жеткізіп қана қоймай, өзара тіл табысып, пікір алысуға үйрету, себебі жалпыға білім беретін орта мектеп білімнің негізгі мақсаты оқушының шетел тілінде сөйлеу қабілетін жетілдіру.

Соңғы жылдардағы тілші, әдіскер ғалымдардың зерттеу жұмыстарының нәтижесіне сүйенсек, мектеп оқушыларының көпшілігінің сөздік қоры жұтаң, сөз тіркестерін, сөйлем және мәтін (топик) құрауда дәрменсіздік танытатындығын, ойын жүйелі түрде жеткізе алмайтындығын, ауызша сөйлеу дағдысының төмендігін байқауға болады деген пікірді тілге тиек етіп отыр. Қазіргі кезде оқушылардың ауызша сөйлеу әрекетін қалыптастыру- бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып табылады. Тіл дамытуда мынадай тілдік материалдарды пайдалануға болады:

а) Тіл дамыту жұмыстарын көркем-әдеби үлгілермен емес, таза «бала тілін» бақылау арқылы жүргізу.

ә) Тіл дамытуда газет-журналдардың, ресми іс-қағаздардың тілін пайдалану.

б) Тіл дамытуда көркем-әдебиет тілінен үлгі алу.

Тіл дамыту жұмыстарын үш салаға бөледі; 1. сөздікпен жұмыс; 2. сөз тіркесі және сөйлеммен жұмыс; 3. байланыстырып сөйлеуге дағдыландыру жұмыстары.

Зерттеу жұмысында коммуникативті оқыту технологиясының теориялық негіздері қарастырылады. Ғалымдар көзқарасымен, ауызекі сөйлеудің өлшемдері мен оған қойылатын талаптары баяндалады. Екінші бөлімінде оқушыларды ауызекі сөйлеуге үйретудегі коммуникативтік әдістер және шет тілін оқыту әдістемесі оқу курсының сабақ бөлімі бойынша мазмұнын сұрыптау сөз болады. Мұның басты себебі, оқушының сөйлеу формаларын игеру дағдысының әлі қалыптаспағандығын, білімнің жеткіліксіздігі деп санаса, кейбір зерттеушілердің пікірінше, мектептегі тіл дамыту жұмыстарының өз дәрежесінде жүргізілмейтіндігінде деп есептейді.

Зерттеудің мақсаты :

Жалпы білім беретін мектепте міндетті пән болып табылатын ағылшын тілін оқыту барысын ақпараттандыру ағылшынша сөйлейтін, тыңдап түсінетін, жазатын тілдік тұлғаны қалыптастыруға қажетті дағды мен біліктің жаңашалануын қажет етеді. Ол үшін ағылшын тілін жаңа технология негізінде оқытудың әдіс-тәсілдерін, сабақтар жүйесін әзірлеу мен қолданудың технологиялық болымысын жүйелеу. Оқушылардың ағылшын тілінде қарым-қатынас барысында тілді пайдалана алуы мен тілдік ауызша сөйлеу дағдысын қалыптастыру.

Зерттеудің міндеттері :

-әдістемелік әдебиеттерді пайдаланып, ауызекі сөйлеуді қалыптастыруға байланысты талдаулар жүргізу;

-оқушылардың ағылшын тілі сабағында ауызша сөйлеу дағдыларын жаңа технологиялар негізінде меңгерту барысында қалыптастырудың технологиялық ерекшеліктерін анықтау;

-оқушы тілін дамыту әдістемесінің ұтымдылығын эксперимент нәтижелеріне сүйеніп дәлелдеу.

Зерттеу әдіс-тәсілдері : Жұмыста баяндау, тұжырымдау, талдау-жинақтау, қорыту, талқылау, бақылау, эксперименттік т. б. әдістер қолданылады.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы.

-Жалпы білім беретін мектептегі ағылшын тілін ақпараттық коммуникативтік технологиясы негізінде оқушылардың сөйлеу дағдысын дамыту үшін маңызды болып табылатын әдістемелік қағидалар жиынтығы топтастырылады. Олардың дәйектілігі педагогикалық тәжірибе эксперимент өткізу барысында дәлелденді.

- Ағылшын тілі жүйесінің ішкі құрылымынан қажетті тілдік минимумды анықтап, оны ағылшын тілінде сөйлесу, пікірлесу, жазу, сұхбаттасу т. б. қызметтерінде жүзеге асыра білуге керекті дағды, біліктерді ақпараттық коммуникативтік технологиялар жүйесімен оқыту арқылы қалыптастыру жолы мен ерекшеліктері айқындалды.

-Ағылшын тілін ақпараттық коммуникативтік технология жүйесімен оқыту

жеке тұлғаның дамуына әсер етуші фактор ретінде танылып, әдістемелік- теориялық негіздерге сүйене отырып анықталды. Соның ішінде интерактивті, белсенді оқыту әдістерінің маңызды роль атқаратыны анықталды.

-Жалпы білім беретін мектептерде ақпараттық коммуникативтік технологиялармен оқыту үдерісін ұйымдастырудың ерекшеліктері осы бағыттағы ағылшын тілі сабақтары жүйесін негіздеп, олардың педагогикалық,

психологиялық шарттарын жасау арқылы айқындалды.

Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар. Коммуникативті оқыту технологиясы негізінде оқушылардың сөйлеу дағдысын дамытуда оқытудың ең тиімді ақпараттық инновациялық технологияның әдістерімен жолдары өзара тығыз байланыса қаралып, олардың өзіндік айырмашылықтары мен сабақтастығы зерттеледі.

- ағылшын тілін қазіргі заманға сай сапалы, тиімді үйретуге мүмкіндік беретін заманауи әдіс-тәсілдер зерттеледі;

-зерттелген заманауи әдіс -тәсілдер эксперименттік тәжірбиеде жүзеге асырылады;

-инновациялық технологиялар жүйесімен оқыту-мақсатты түрде жобаланып саналы түрде ұйымдастырылатындығы зерттеу барысында нақтыланады;

-ақпараттық технологиялар жүйесімен оқытуда көрсетілетін әдістердің өзара байланыса, араласа қолданылуы зерттеуде айқын көрінеді.

  1. АҒЫЛШЫН ТІЛІНЕ ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫНЫҢ ТЕОРИЯСЫ МЕН ТӘСІЛДЕРІ

Орта мектепте ағылшын тілін оқытудың тарихы 1947 жылдан басталады. Сол жылы Министрлер Кеңесінің «Орта мектепте шет тілін оқытуды жақсарту туралы» қаулысы шетел тілін оқытудың әрі қарай дамуына ықпал еткен құжаттардың бірі болды. Содан кейінгі 1961 жылы шыққан «Шетел тілдерін оқытуды жаңарту» туралы қаулы кейінгі онжылдықтағы мақсат-міндеттерді айқындап берді. 1977 жылы «Орта мектепте оқытуды, тәрбиелеуді дамыту туралы»қаулыдан кейін көптеген өзгерістер болды [1. 7] . Оқытудың бірінші кезеңі қарым-қатынас ретінде тілдің негізін қалаудан басталады, әрі қарай шетел тілін оқып үйрену жалғастырылады Тілді пайдалану үшін тілді тыңдау, сөйлеу, жазу, оқуды білуі керек. Бірінші кезең- тілді оқып үйренуде өте маңызды кезең, осы кезеңде оқу қалай басталса, солай жалғасады. Ағылшын әдіскері Г. Пальмер бұл кезең туралы былай деген екен:»Take care of the first two stages and the rest will take care of itself» [2. 6] Орта мектепте шет тілін оқыту 3 немесе 5 сыныптан басталды. Бұл кездегі бағдарламада оқыту, түсіну және шет тіліндегі мәтінді аудара білу. Ауызша сөйлеуді түсіну, ауызша мен жазбашаның негізін қалау. Бағдарламада бөлімнің екі түрін рецептивті және өнімділікті айқындайды. Алғашқы кезеңге бірінші орынға оқып-түсіну және аударма қойылады.

-оқушылар таныс емес сөздерді оқып білу

-cөздіксіз мәтінді оқып түсіне білу

-шетел тілін өз ана тіліне ауызша аудара білу

-жазбаша аудара білу Жазбаша оқытуда мынадай талаптар қойылды:

-мәтінді көшіріп жаза білу

-қысқа сөйлеуді жаза білу

1961жылғы қаулыдан кейінгі өзгерістер. Бұл кезеңдегі бағдарлама бойынша бірінші орынға тәжірибелік мақсат қойылды. Ауызша сөйлеуде өз ойын айта алу және ауызша хабарлама жасауға(монолог) және ағылшын тілінде әңгіме жүргізе білуге(диалог) мән берілді. Оқуға қойылатын талап та өзгерді.

Орта мектепте мынадай талаптар қойылды: ағылшын тілінде әңгімелесе білу; сөздіксіз күрделі емес мәтінді оқып-түсіну; оқи білу.

Жазуға көмекші рөлі берілді. Лексиканың көлемі азайды. Бағдарламада тілді тәжірибелік білу жағына басты назар аударылды.

Тіл - сыртқы дүние мен қоршаған орта туралы білім алу көзі. Пәнді оқытуда оқушылар ағылшын тіліндегі атаулармен, құбылыстармен танысады. Танысу ауызша және жазбаша түрде жүреді. Осы екі түрді меңгеру ағылшын тілін игерудің тәжірибелік мақсаты болып табылады. Яғни, оқушы ағылшын тілін ауызша және жазбаша түрде пайдалана білуі тиіс. Ағылшын тілін тыңдап түсіне білу және сөйлей білу ауызша түрге жатады. Жазбаша түрге тілдің жазбаша түрін пайдалана білу немесе жазу және ағылшын тілінде жазылған мәтінді оқи білу жатады. Тіл қатынас құралы, ол ауызша және жазбаша түрде жүзеге асады. Ауызша түрге: тыңдау, түсіну және сөйлеу әрекеті жатады. Жазбаша түрге: оқу және жазу әрекеті жатады.

Тыңдау, сөйлеу, жазу және оқу дағдыларын қалыптастыру оқушының тілді ауызша да, жазбаша да жақсы меңгеруіне тікелей әсер етеді. Оқушы тілді жақсы меңгеру үшін осы төрт дағдының негізі берік қалануы керек [3. 27] .

ХХІ ғасыр табалдырығын білім мен ғылымды инновациялық технология бағытымен дамыту мақсатымен аттауымыз үлкен үміттің басты нышаны болып табылады. Жас ұрпаққа саналы, мән-мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру бүгінгі күннің талабы.

Сондай-ақ халықаралық қатынастар аясында болып жатқан әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени өзгерістердің әсерінен қоғамда ағылшын тілінің рөлі өзгерді. Ол қарапайым оқу пәнінен заманауи білім беру жүйесінің негізгі элементіне айналды. Осыған орай қазіргі заманға сай ағылшын тілін тиімді үйретуге мүмкіндік беретін көптеген әдістер пайда болды.

Сондықтан, әр мұғалім өзінің шығармашылығын дамыта отырып озық іс- тәжірибелерді пайдалана білуі тиіс. Сонымен, еліміздің мектептерінің оқу үрдісі түбегейлі өзгеріп оқытудың жаңа түрлері, әдістері, жаңа бағыттағы инновациялық педагогикалық технологиялар пайда болып, олар білім мазмұнының толығымен жаңаруына себепші болуда.

Білім беру жүйесінің алдындағы жаңа міндеттердің бірі инновациялық педагогикалық оқыту технологияларын пайдаланып білім сапасын арттыру. Ағылшын тілін ақпараттық технологиялар жүйесімен оқытудың ерекшелігі: оқу материалдарының ақпараттық-коммуникативтік технологиялар арқылы оқушылардың оқу іс- әрекетін мұғалімнің көмегімен немесе компьютер арқылы меңгерілуі. Жеке тұлғалардың қалыптасуын қамтамасыз ететін деңгейлеп, саралап оқыту, жобалап оқыту, коммуникативті оқыту, ақпаратты-коммуникациялы оқытудың негізгі-қағидалары балаға өз бетімен ықпал ету, өзіндік пікірлерін анық жүйелі жеткізе алатын жеке тұлға қалыптастыру, оқушылардың, танымдық, шығармашылық қабілетін дамыту болып табылады. Оқытудың мақсаты оқу бағдарламасымен айқындалады.

Оқытудың негізгі үш түрі бар:

1. тәрбиелеу,

2. ағарту,

3. дамыту.

Оқытудың тәрбиелік мақсаты. Оқушылардың көпшілігінің ағылшын тілін оқуға деген үлкен қызығушылықпен кірісуі, олардың ағылшын тілінде қалай сөйлейтінін естігісі және сөйлегісі келеді. Олар алғашқы кезде амандасып, қоштасып үйренеді, заттардың атауларын біле бастайды. Осы кезеңде қарым-қатынас екі жақты болуды талап етеді себебі, олар тыңдай білуге де, сұрай білуге де үйретілуі керек. Оқытудың ағартушылық мақсаты. Кез -келген тілдің ағартушылық қызметі зор. Әрбір тіл сол тілде сөйлейтін халықтың мәдениетінің тікелей көрсеткіші және сол тілде сөйлейтін ел туралы хабардар болуы; өз ойын дұрыс жеткізе алуды үйренеді. Оқытудың дамыту мақсаты. Оқу-ұйымдастыру білігі мен дағдысын қалыптастыру дамытушылық мақсаттарының негізі болып табылады. Себебі, оқушының тіл білімі деңгейін жоғарылату және сол тілде ойлауды дамыту-тіл білімін дамытудың басты міндеті.

Ағылшын тілін оқытудың басты мақсаты - оқушылардың ағылшын тілінде қарым-қатынас жасай алу негіздерін меңгеруі болып табылады.

Бірінші тараудың екінші тарамшасында ағылшын тілін инновациялық технологиялар жүйесімен оқыту әдістемесі сипатталады.

Еліміздегі білім беру саласында оқытудың жаңа түрлері, әдістері, жаңа бағыттағы технологиялар пайда болып, олар білім мазмұнының жаңаруына себепші болуда. Осындай оқыту әдістемесіндегі заман талабына сай бағдар деп инновациялық, технологиялық білім беру жүйесін айтуымызға болады. «Инновация», «Технология» терминдеріне жеке-жеке тоқталатын болсақ, инновация дегеніміз- жаңа мазмұнды ұйымдастыру, жаңалық енгізу, яғни инновациялық үрдістерді мазмұнды ұйымдастыруды анықтайды. Қазіргі әдістемелік әдебиеттерде «технология» (technology) деген ұғым «оқыту» деген ұғыммен қатар қолдананылады »Технология» термині тәсілдер жүйесі деген мағынаны білдіреді [6. 73] .

Оқыту технологиясы дегеніміз- оқыту техникасы туралы ғылым, сондықтан, оқыту ғылыми түрінде жүзеге асуы керек, яғни мұғалім қалай оқыту, неге олай оқыту керек деген білім бірліктілігін білуі тиіс. Оқыту технологиясы қалай оқыту керек деген ғылыми тұжырымдамамен тығыз байланысты, яғни қандай үдерістер арқылы, қандай әдістер арқылы, қандай оқыту құралдары арқылы, оқытуды қалай ұйымдастыру керек, қандай факторларды ескеру қажет және ағылшын тілін үйретуде қалай ескеру керек деген сұрақтарға жауап іздейді. Сонымен, тәжірибелер мен зерттеулер нәтижесі бізге шетел тілінен берілетін білім мазмұны мен оқыту әдістерін жаңалау керек екендігін көрсетті.

Ақпараттық технологиялар жүйесімен оқытуда көрсетілетін әдістердің барлығы өзара байланыста, араласа қолданылады. Ақпараттық жүйемен оқытуда түсіндіру әдісі кино, диафильмдер көрсету арқылы жүзеге асады. Мәтін, елтануға байланысты, мақал-мәтелдер т. б. түсіндіру осы әдіс арқылы жүзеге асады. «Мәтінді тыңдап қайтадан оқып шығу», «Диалогты тыңдап, қайтадан кейіпкерлердің соңынан қайталап отыру» сияқты тапсырмалар компьютер арқылы меңгеріледі.

Оқу материалын толықтыру, қорытындылау, қайталау, ал ең бастысы оның практикалық қолдану дағдысы мен шеберлігін қалыптастыруда бұл ең тиімді әдістердің қатарына жатқызылады.

Бірінші тараудың үшінші тарамшасында ағылшын тілін үйретудегі коммуникативтік оқыту әдісінің негізгі ерекшеліктерінің сипаты ашылады.

Қазіргі кезде тілді коммуникативтік оқыту мәселесіне ерекше назар аударуда. Ағылшын тілін оқытудың жаңа технологиясы тілдің коммуниктивтік қызметін ескере отырып, оны коммуникативтік танымдық жағынан
меңгертуді көздейді. Қатынастық әдіс ХIХ ғ 60-70жылдарында ағылшын тілі халықаралық қатынастық тіл статусын алған кезде Британияда пайда болды.

Бүгінгі тәуелсіз мемлекетімізде білімге деген көзқарас түбегейлі өзгеріп, оқытудың жаңа түрлері, әдістері, жаңа бағыттағы технологиялар пайда, болып, олар білім мазмұнының толығымен түбегейлі жаңаруына себепші болуда.

Оқыту әдістемесіндегі заман талабына сай әдістердің бірі коммуникативтік оқыту технологиясы. Осы мәселе жөнінде, яғни ағылшын тілін оқытудағы коммуникативті біліктілік деңгейді Германияның оқу бағдарламасын жасаған неміс ғалымдары Г. Нойнер, Г. Хунфельд былай түсіндіреді: коммуникация тіл және іс-қимыл (күлу, дауыс ырғағы сияқты) әрекеттер арқылы болады. Ол алдын-ала жоспарланған, дайындалған болуы немесе жоспарланбаған болуы мүмкін. Сабақ үстінде әдетте дайындалған, жоспарлы сөйлеу коммуникациясына көп көңіл бөлінеді.

Оқушылардың сабақта айтылған хабарлардың мағынасын түсінуі, олардың түпкі мақсатын танып білуі және өзінің жеке мақсатын іске асыруы өте маңызды іс. Осы біліктілік коммуниктивтік біліктілік деп аталады [7. 105] .

Коммуникативтік біліктілік мынадай оқу мақсаттарын қамтиды:

1. Когнитивті мағыналық мақсат, яғни оқушы коммуникативтік жағдаяттарды

әңгімелесу, сөйлесу, қарым-қатынас туындайтын жағдайларды таба білуі керек. Ол өзінің іс-әрекетінің, сөйлесуінің, қарым- қатынас жасауының барысында - осы жайттарды ескеруге дағдылануы, үйренуі қажет.

2. Әлеуметтік мақсат, оны жүзеге асыру кезінде оқушы өзін өзі қалай ұстайтынын біле отырып, өз іс-әрекетіне жауап бере алады. Алға қойған мақсатына басқалармен бірге жетуге ұмтылады, сондай-ақ қарым-қатынас жасайтын әріптесімен жеке тұлға ретінде тең жағдайда болуға тырысады.

3. Лингвистикалық біліктілік мақсат. Бұл мақсатқа сәйкес оқушы ойларын, іс-әрекетін сөйлеп жеткізе алуға ынталы болады.

Бұл үш компонент бөлек-бөлек емес, керісінше өзара тығыз байланыста болады деп пайымдайды Г. Нойнер [8. 89] .

Осы аталған коммуникативтік біліктілікке қалай қол жеткізу жолын жолын іздестіруші әдіскерлердің бірі Е. И. Пассовтың пікірінше шетел тілін оқытуда мына жайттарды ескергенде коммуникативтілікке ие болатынын байқаймыз:1 коммуникативтік сипаттағы оқыту тәсілдерін пайдалану; 2. арнайы жаттығулар жасау; 3. бүкіл оқу процесін мақсатты түрде ұйымдастыру;

Коммуникативтік әдістің жаңалығы неде, ол оқыту ісін қалай ұйымдастырады оның ерекшеліктері мынада: 1Коммуникативтілік оқу процесіндегі білік, дағдыны жетілдіруге бағытталады. Ағылшын тілінде үнемі сөйлеу оқушылардың тілді білмеймін деген ойдан арылтып оқуға деген қызығушылығын арттырады. Ол үшін барлық жаттығулар сөйлеуге жетелейтін мақсатта болуы керек. Коммуникативтік бағытта оқыту оқушының жеке бас ерекшелігін ескеруді көздейді, яғни баланың бойындағы барлық жеке қасиеттері ескрілуі керек. Бұл оның белсенділігін арттырып, оқуға ұмтылу үшін ең басты құралы болып саналады.

3. Коммуникативтілік функционалдықпен де байланысты, себебі кез келген сөз коммуникация процесінде белгілі бір қызмет атқарады. Оқушы тілді үйрене бастағаннан бастап сөздерді іс жүзінде сөйлеу барысында қолданып жаттықпаса, кейін оларды есіне түсіре алмай, дұрыс пайдалана алмайды.

4. Коммуникативтілік, коммуникативті бағытта оқыту әдісі оқытудың ситуативті болуын талап етеді. Өйткені, ситуативтілік сөйлеу дағдысының табиғи қасиеті болып есептеледі. Ситуативтілік сөйлеуге ынталандырудың бір түрі ретінде, сөйлеу біліктілігін жетілдіретін әдіс ретінде әрі белгілі бір мақсатқа, нәтижеге жету жолы екендігі бұрыннан әдіскер ғалымдардың көптеген еңбектерінде қаралып келеді [9. 112] .

Коммуникативтік оқыту технологиясы дегеніміз пікір алысуға негізделген әдістеме. Ал, адамдар тілді сөйлем түрінде қолданғанда ғана бірін-бірі түсініп, пікірлесе алады. Оқушыларды белгілі бір дәрежеде ағылшын тілінде сөйлеуге, өз ойын басқаға жеткізе алатын, біреудің сөйлеген сөзін, жазғанын түсіне алатын дәрежеге жеткізу үшін, ағылшын тілі алғашқы сабақтан бастап сөйлем түрінде үйретілуі тиіс. Себебі, жеке атау тұлғалы сөздер де, грамматикалық формалар да өзара бір-бірімен байланысып, сөйлем құрамына енгенде ғана тұтас аяқталған ойды білдіре алады [10. 77] .

Коммуникативтік әдіс мұғалім мен оқушының арасындағы психологиялық кедергіні бұзады. Коммуникативтік біліктілікке қалай қол жеткізу жолын іздестіруші әдіскерлердің бірі Е. И. Пассов оқытудың коммуникативтік әдісінің негізгі белгілері деп мыналарды атап көрсетті:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ағылшын тілі сабағын оқыту барысында жаңа инновациялық технологияларды тиімді пайдалану
ОҚЫТУДЫҢ ЖАҢА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ
ХИМИЯ САБАҒЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫ АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕ ОҚЫТУДА CLIL ӘДІСТЕМЕСІН ПАЙДАЛАНУ
ТІЛ ҮЙРЕНУДІҢ ӘДІСТЕМЕСІ
Ағылшын тілін инновациялық технологиялар жүйесімен оқыту әдістемесі
Шетел тілін оқытудағы жоба технологияларының әдістері
Ойынның сабақтың тәрбиелік мақсатына сәйкестігі
Шет тілі сабақтарының ұйымдастырылу ерекшеліктері
Шет тілінде коммуникативті оқыту технологиясы
Ағылшын тілін оқытудың құрылымы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz