Қалдықтарды қайта өңдеу


Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министірлігі

Семей қаласы Шәкәрім атындағы мемлекттік университеті

СӨЖ

Тақырып: Қалдықтарды қайта өңдеу.

Орындаған : Қожабекова Б. Б

Топ : ТК-223

Тексерген: Бауыржанова А. З

Семей қ . 2015жыл

Жоспар:

1. Қалдықтар туралы түсінік.

2. Былғары және мех өндірісіндегі қалдықтар.

3. Майлы қалдықтарды қайта өңдеу.

4. Пайдаланылған әдебиеттер.

Қалдықтар -табиғи шикізатты өңдеу нәтижесінде пайда болатын заттар мен өндірістік жарамсыз шығарылымдар. Қалдықтардың барлық түрлерін есептегенде өндірілетін табиғи заттар мен энергияның тек 2%-ы ғана пайдаға асырылады. Қалған 98%-ы әр түрлі қалдықтарға айналады.

Адам баласының кез-келген шаруашылық әрекеті әр түрлі қалдықтармен биосфераны ластайды, бұл халықтың денсаулығы мен өміріне, флора мен фауна түрлерінің қысқаруына, қоршаған ортадағы тепе-теңдікке қауіп-қатер тудырады. Кең үйінділерін, өнеркәсіп тастандыларын, қоқыстарды, қала шөп-шаламдарын тек қоршаған ортаны бұзатын ластағыштар деп санауға болмайды, олар құнды шикізат көздеріне жатады. Қазіргі кезеңдегі ғылым мен техниканың даму деңгейіне сәйкес әбден жетілдірілген технологияның жоқтығына байланысты, оларды өндеп құнды өнімдер алу әзірше жолға қойылмаған, сондықтан бұларды сақтауға, жоюға, тасуға, көмуге, зиянсыз түрде айналдыруға көптеген қаражат, энергия, уақыт жұмсалып отыр. Қалдықтар шығаратын негізгі көздерге өнеркәсіп, ауыл-шаруашылығы, үй-жай шаруашылығы жатады.

Былғары және мех өндірісінің ерекшелігі онан шығатын қалдықтардың көп молшерде болуында. Мысалы, былғары өндірісінде сиыр терісінің шикізатындағы (спилокты қосқанда) белокты заттардың былғарыға тек 49, 3 % ғана өтеді екен. Ал, қалғаны қалдыққа кетеді. Қалдықтардың үлкен бөлігі қайта қолданылады, оны қайтымды қалдықтар деп атайды. Ал қолданылмай кететін қалдықтарды қайтымсыз деп атайды.

Былғары және мех өндірісіндегі қалдықтарды 3 топқа бөлуге болады.

1. Ет комбинаттары және шикізат зауыттарында теріні өңдеуде шығатын қалдықтарға кесінді, ерін, шеміршек; кератинді (сүйек) қалдықтарға мүйіз, тұяқ жатады.

2. Былғары және мех өндірісіндегі қалдықтарға шел, кесінді, тері майы, жүн; илеуден кейінгі қалдықтарға сүргілеуден шыққан жаңқа, кесінді; құрамында белокты заттар жоқ қалдықтарға майлар, илегіш заттар, шайынды су және т. б болады.

3. Былғары және мех бұйымдарын жасау кездегі шығатын қалдықтар аяқ киім, галантерея өндірісі бөлшектерді дайындауда пайда болады.

Қалдықтарға стандартқа жатпайтын шикізат та жатады. Былғары өндірісінде қалдықтар шикізат түріне, химиялық құрамына пайдалану мақсатына және дайын былғары түріне байланысты бөлінеді. Шикізаттың түріне байланысты қалдықтарды: мүйізді ірі қараның жылқы, ешкі, қой, шошқа және тағы басқа жануарлардың қалдықтары деп бөледі.

Былғары және мех өнеркәсібінде шикізатты, жартылай фабрикаттарды өңдеу және қалдықтарды қайта өңдеу кезінде көптеген мөлшерде майлы заттар қалады. Бөлінген май өндіріске асамаңызды, бағалы шикізат болып атбылады және де былғары өндірісінде майлауға қолдануға болады. Май шошқа және қой терілерінде көп болады. Шошқа терісін сүргілеуден шығатын қалдықта майлы заттар өте көп болады. Тері салмағына шаққанда 40-50 ٪ -ке дейін техникалық май шығады. Шел мен спилоктік кесіндіде 10-20 % және 10-15%-тей майлы зат болады. Сүргілеуден кейінгі тері қиқымдарында(жаңқасынан) 15% -ке дейін техникалық май алынады. Қой терісінің шел қабатында көп мөлшерде май болады, негізінен ол, шикізаттың түріне байланысты. Майдың мөлшері шел салмағының 6-16% -тін құрайды. Шелдеуден 3-4% май алынады. Жібіту, майсыздандыру, күлдеу процестерінен кейін қой және шошқа терілерін өңдеуде, шайынды судың құрамында жібіту күлдеуден кейін(шошқа терісінде) 10г/л-дей майлы заттар болады. Шайынды судың құрамындағы майлы заттар арнаулы майұстағыштармен жиналады. Эмульгациядан кейінгі алынған май, юфть және аяқ киімнің төменгі бөлігіне арналған былғарыны майлау үшін қолданылады., ал сульфаттаудан алынған май хромды былғарыны майлауға қолданылады. Қатты қалдықтардың (шел, кесінді) құрамындағы майлы заттарды тұщыту арқылы бөліп алады. Мех өндірісінің қалдықтарын қайта өңдеу нәтижесінде: жүн, майлы заттар, ал коллагенді қалдықтардан- желім, белокты гидролизат, малға арналған жем және тағы басқаларды алуға болады. Жүн қалдықтарын арнайы жинағыштарға салып, оны басқа қосындылардан ағаш үгіндісінен, шаңнан тазалап тендерге престейді. Канализациялық жүндерді шайынды судың құрамынан арнайы аппараттар көмегімен ұстап, тазалап, жуып, престейді. Жүнді теріден бөліп алу тері өзеңін бұзу арқылы орындалады. Мех кесіндісіндегі жүнді ферментативті өңдеуде, жоғары сапалы жүн алынады. Үлкен кесіндіні өңдеу кезінде ферментативті жүннен арылту әдісі жүргізіледі, онан кейін терідегі жүнді жүнсыдырғыш машиналарда алып тастайды.

Пайдаланылған әдебиетте

1. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Экология және табиғат қорғау / Жалпы редакциясын басқарған - түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А. Қ. Құсайынов. - Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002 жыл. - 456 бет.

2. www. google. kz

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Пластик қалдықтардың түрлері мен таңбалануы
Құрылыс қалдықтарының мәселелері
Қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдеу тарихы
Қалдықтарды жою ережелері
Тұрмыстық қатты қалдықтарға арналған полигондар
Қалдықтардың басқарылуы
Экологиялық қауіпсіздік пен қоршаған ортаның тұрақтылығын сақтау үшін, қалдықтар жүйесін жан-жақты зерделеп, қалдықтарды басқару жүйесін жетілдіру жолдарын қарастыру
Тұрмыстық қалдықтардың қоршаған ортада ыдырау мерзімі
Өнеркәсіп саласы
Радиоактивті қалдықтарды көмуді әлемдік тәжірибеде талдау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz