Қазақстан Республикасы жекешелендіру мәні, кезеңдері және оны жүргізу әдістері


Қазақстан Республикасы
Білім және Ғылым министрлігі
Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті
СӨЖ
Тақырыбы: “ Қазақстан Республикасы жекешелендіру мәні, кезеңдері
және оны жүргізу әдістері ”
Орындаған: Нұржанова С. Н.
Тобы: ВТ-405
Тексерген: Готман Л. А.
Семей қаласы
2015 жыл
Мазмұны
1. Кіріспе . . . 3
2. Негізгі бөлім . . . 4-9
2. 1 Жалпы мәлімет . . . 4
2. 2 Қ. Р. жекешелендіру мәні . . . 6
2. 3 Жекешелендіру кезеңдері . . . 7
2. 4 Мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру түрлері және тәсілдері . . . 8
3. Қорытынды . . . 10
4. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 11
Кіріспе
Жекешелендіру - нарықтық қатынасқа өтудің мәселесі. Ол жеке меншік секторы мен акционерлік қоғамдардың және бірлескен кәсіпорындардың алдыңғы позицияларды алуын көрсететін қозғалысты анықтайды. Оның жүргізуді нарықтық қатынастың пәрменділігіне байланысты болады. Жекешелендіру - меншіктің барлық түріне мемлекеттік, ұжымдық және жеке меншіктің теңдігі мен құқығына қалыпты жағдай жасайды. Адамдарға меншікті қайтарумен байланысты өндірушілерден бәсекелесуге жарамды өнім түрлерін өндіруге деген ынтасының арта түсетініне сенім білдіруге болады.
Жекешелендіру кейде дүниежүзілік жаулап алып бара жатқан бейбіт революция деп те бейнелеп атайды. Шынында да, процеске даму дәрежесі әр түрлі деңгейдегі 50-ден астам мемлекет қатысады. Бұл елдердегі мемлекеттік кәсіпорындар жекешелендіріліп, ауыл шаруашылығы ұйымдары мен өндіріс орындары тікелей мемлекет иелігінен алынып, жалға берілуде. Бқл процестің ауқымы мен қарқыны, әсіресе 1991 жылдан бастап күшейді және қазір ол, нарыққа көшкен дамудың әр қилы деңгейдегі мемлекеттерде жүріп жатыр. Жекешелендіру ТМД елдерінде әр түрлі деңгейінде жүргізіліп келеді, бұл бағытта шет елдік тәжірибелер де ескерілуде, қателіктерге де ол берілуде, бірақ уақыт басқа таңдаудың жоқтығын көрсетіп отыр. Бүгінгі таңда мемлекеттік кәсіпорындар пайданы қорландырумен үнемді, тиімді жұмыс істей алмай, ұлттық байлықты ысырап өтіп келеді деген көзқарас қалыптасты.
Жалпы мәлімет
«Жекешелендіру» термині мемлекеттік меншіктің жеке меншікке өтуін білдіреді.
Жекешелендіру мақсаты :
- өтпелі мақсатты алға тартып, жеке меншік топтарын құру.
- мемлекеттік кәсіпорын мүліктерін жеке адам мен коммерциялық
құрылымдарға мемлекеттік бюджетті толтыру үшін сату.
Мемлекеттік меншікті жекешелендірудің халықаралық практикасы көрсеткендей, жекешелендірудің екі варианты бар:
- «қатаң» вариантты жекешелендіру қарқынды жүргізу;
- «жұмсақ» вариантты жекешелендіру ақырындап жүргізу.
Қазақстандағы жекешелендіру процесі Чехословакияда қолданылған
моделге ұқсастығын жүзеге асырылады.
Жекешелендіру екі кезеңмен жүргізіледі: бірінші кезеңде тұрғындардан қайтаруды қажет етпейтін тұрғын-үй купонын қолдана отырып, үйлерді жекешелендіру жүзеге асты, екінші кезеңде тұрғындар қайтарылмайтын жекешелендіру купонын алды. Оларды тек қана инвестициялық жекешелендіру қоры арқылы қолдану мүмкіндігі жасалды. Ондай қор Қазақстанда 120-дан болды.
Кейбір есептеулер бойынша 1984 жылы II дүниежүзілік соғыстан кейін бірінші рет Батыс Еуропа 19 елінде экономикада мемлекет үлесі төмендей бастағаны байқалған. Жекешелендіру Еуропада кең қанат жайды, өйткені мемлекеттік меншік еңбекшілердің мүддесіне сай келмеді. Күрделі мәселелер күрмеулі күйінде қалды.
Жекешелендіру «революциясында 1 орынға Ұлыбритания шықты», өндіріске қатынастардың 1\3 бөлігі немесе жалпы 600 мың адамдық жұмыс орындарын мемлекеттік компанияларды стау нәтижесінде жекеменшік секторында берілді. Бұл шара мемлекеттік үй қорын қосқанда Бриган қазынасына 26 млрд. Доллар пайда әкеліп, мемлекеттік ішкі өндірістегі үлесін 10-нан 6 пайызға төмендетті. Мысалы, кейбір мемлекеттік кәсіпорындарғы қолдағы акцияларын жұмысшылары мен қызметкерлеріне сатып немесе тегін беруге ұсыныс жасалды.
Меншiк құқығы
дегенiмiз субъектiнiң заң құжаттары арқылы танылатын және қорғалатын өзiне тиесiлi мүлiктi өз қалауынша иелену, пайдалану және оған билiк ету құқығы.
Жылжымайтын мүлікке меншік құқығы оған мемлекеттік тіркеуді өткізгеннен кейін жүзеге асады
Меншiк иесi
өзiне тиесiлi мүлiкке қатысты өз қалауы бойынша кез келген әрекеттер жасауға, соның iшiнде бұл мүлiктi басқа адамдардың меншiгiне берiп, иелiгiнен шығаруға, өзi меншiк иесi болып қала отырып, оларға мүлiктi иелену, пайдалану және оған билiк ету жөнiндегi өз өкiлеттiгiн тапсыруға, мүлiктi кепiлге беруге және оған басқа да әдiстермен ауыртпалық түсiруге, оларға өзгеше түрде билiк етуге құқылы.
Азамат өлген жағдайда оған тиесілі жылжымайтын мүлік меншігіне құқық, мұрагерге немесе заңға сәйкес басқа тұлғаларға өтеді.
Заңды тұлғаның таралуы жағдайында оған тиесілі жылжымайтын мүлік меншігіне құқық, қайта құрылған заңды тұлға құқық мұрагері заңды тұлғаларға өтеді.
Қайта құрылған жылжымайтын мүлікке меншік құқығы мемлекеттік тіркеуді өткізгеннен бастап жүзеге асады.
Мүлік иегерінің қалауынсыз, иегердің мүлігін басқа тұлғаға меншікке беру жол берілмейді, Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінде көрсетілген жағдайлардан басқа (бұдан әрі ҚР АК)
Жарна қорына құқығы бар, пәтерге, саяжайға, гаражға, басқа да жайға өзінің пай жарнасын толық қосқан бұл тұлғаларға кооперативпен қолдануға берілген тұтынушы кооператив мүшелері (үй-жайлық, үй-құрылыстық, саяжайлы немесе гаражды) және басқа да тұлғалар көрсетілген мүлікке меншік құқығына иелікті алады.
Жеке тұлғаның:
- айырбастау келісім-шарты
- сыйға тарту келісім-шарты
- өмірінің соңына дейін бағу шартымен мүлікті меншіктен шығару келісім-шарты
- тегін беру келісім-шарты
- неке келісім-шарты
- (заң бойынша) мұра бойынша өсиеттікке құқық туралы куәлік
- жекешелендіру келісім-шарты
- заңды күші бар сот актілері
- мүшенің пай жарнасы соммасын толық салғаны туралы үй-құрылысты кооперативінің анықтамасы
- тегін беру туралы келісім-шарты
- реквизиция немесе бұзу барысында өтемақы түрінде мүлікті беру келісім-шарты
- соғылған обьектіні пайдалануға қабылдау туралы қабылдау комиссиясының акті немесе мемлекеттік қабылдау комиссиясының акті
- тіркеу куәлігі
- жарғылық капиталынан үлесті бөлі есебіне мүлікті беру туралы заңды тұлғаның шешімі
- атқарушы органдардың құқықтық актілері
Заңды тұлғаның:
- сатып алу - сату келісім-шарты;
- айырбастау келісім-шарты;
- тегін беру келісім-шарты;
- келісім - шарт міндеттерінің күшіне жылжымайтын мүлікті беру;
- реквизиция немесе бұзу барысында өтемақы түрінде мүлікті беру келісім-шарты
- бөлінетін баланс немесе беру актісі;
- өз күшіне енген сот актілері;
- соғылған обьектіні пайдалануға қабылдау туралы қабылдау комиссиясының акті немесе мемлекеттік қабылдау комиссиясының акті;
- жарғылық капиталына жылжымайтын мүлікті салу туралы шешім (құрылтайшы келісім-шарты, басқосу хаттамасы) ;
- мүлікті заңды тұлға балансына беру туралы шешім;
- атқарушы органдарының құқықтық актілері
Құқықты орнатушы құжаттар тіркеуге екі данада беріледі, біреуі түпнұсқа немесе нотариалды расталынған болуы тиіс. Бұл құжаттардың түпнұсқалары (немесе нотариалды расталынған көшірмесі) тіркеуден кейін өтініш берушіге қайтарылады.
Жер учаскесіне меншік құқығын тіркеу кезінде, құқықты орнатушы құжаттан басқа жер учаскесіне жеке меншік құқығына актісін беру тиіс.
Жекешелендірудің мәні
Кәсіпорын - халық шаруашылығының бастапқы ұясы. Материалдық және материалдық емес игіліктер, қызмет көрсету кәсіпорындарында жасалады. Сондықтан кәсіпорындар экономикасы, олардың орталықпен, банктермен және басқа несие беретін мекемелермен қарым-қатынасы өтпелі кезеңдегі теория мен практиканың қатты көңіл бөлетін нысанасы болу керек. Бұл орайда кәсіпорын іс-әрекетінің тиімділігін арттыру үшін олардың мәртебесін өзгерту қатаң жұмыс ырғағы бар мемлекеттік кәсіпорындарды біршама кең көлемді дербестікке ауыстыру керек.
Кәсіпорындарды жекешелендіру кезінде ең қиын оның әдістері мен түрлерін (ақцияландыру, жалға беру т. б. ) анықтау ғана емес, сонымен бірге мемлекеттік және жергілікті басқару мекемелерімен кәсіпорын арасындағы қарым-қатынас механизмін жасау болып табылады. 1990 жылы мемлекетке өндірістік қорлардың 90-95 пайызы тиесілі болған. 1992 жылдан бастап мемлекеттендіру, жекешелендіру мен бәсеке туралы, монополиялық іс-әрекетті шектеу туралы заңдардың қабылдауынан мемлекеттік кәсіпорындар үлесінің едәуір азайғанын байқауға болады. Сонымен қатар орталық пен кәсіпорын қарым-қатынас механизмін, бастапқыда ойлағандай, қалыптастыру оңай болмай шықты.
Шынында ондаған жылдар бойы орталықтың тікелей нұсқаулары бойынша жұмыс істеген кәсіпорындардың бағыт-бағдары орталықтың қалауына қарай келген болса, қазіргі жағдайда қалыптасқан ахуалды кұрт өзгерту оңай шаруа емес. Мәселелердің ауқымы күткендегіден анағұрлым күрделі болды. Бұлардың ішінде басқару кадрлары мен материалдық - техникалық жабдықтау, өндірушілер монополиясы да бар. Әңгіме ең алдымен басқарушылардың жұмыс істеу қабілеттілігіне қатысты болып отыр:
- Біріншіден, дербестік жағдайда басшы өзі ғана шешім қабылдауы қажет;
- Екіншіден, өз қарамаңғындағы қызметшілердің жаңа бастамаларын көтеруге үнемі қолдап отыру;
- Үшіншіден, рынок жағдайында өнімді көп шығару оның өтімділігінің кепілдігі болмайтындығын ескеріп, сұранысты зерттеп отыру керек.
Жекешелендіру кезеңдері
Жекешелендіру - бұл меншікті жекелеген азаматтар мен заңды тұлғалардың жеке меншігіне беруде көрініс табатын мемлекеттік меншіктен шығару бағыттарының бірі.
Қазақстан Республикасындағы 10 жыл аралығында мемлекеттік меншіктен шығару және жекешелендіру үрдістерінде әрқайсысына өзіндік мақсаттары мен міндеттері тән төрт кезеңді бөліп көрсетуге болады. Бұл үрдістердің басталуы Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасу кезеңіне сәйкес келеді.
I кезең 1991-1992 жылдарды қамтиды.
I кезеңдегі жекешелендіру үрдісінің негізгі бағыты болып, кәсіпорындарды ұжымдық немесе акционерлік меншікке беру, бұл кәсіпорындардың еңбек ұжымдарына жеңілдіктермен және сауда, қызмет көрсету объектілерін сату (соның ішінде тұрмыстық купондар) жолымен жүзеге асқан орталықтанған-жоспарлыдан нарықтық экономикаға өту талаптарын қамтамасыз ету мақсатында кең масштабты мемлекеттік меншіктен шығару табылады.
II кезең 1993-1995 жылдар аралығын қамтиды.
Берілген кезең 1993 жылдың 5 наурызындағы Қазақстан Республикасы Президентінің Бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасындағы 1993-1995 жылдарға деген мемлекеттік меншіктен шығару және жекешелендірудің ұлттық бағдарламасына» сәйкес жүзеге асырылды.
Жекешелендірудің екінші кезеңіндегі бағдарлама институционалды реформалардың негізгі бағыттарын анықтады:
- - Кіші сауда кәсіпорындары, коммуналды шаруашылықтар, тұрмыстық қызмет көрсету аукциондары мен сайыстары арқылы жүзеге асырылған «кіші жекешелендіру».
- - Инвестициялық жекешелендіру купондары үшін 200-ден 5000-ға дейін жұмысшылары бар орташа кәсіпорындардың «жалпылама жекешелендірілуі».
- - Ірі және уникалды мүліктік кешендердің (5000 адам жұмысшылары бар кәсіпорындардың) жеке жобалары бойынша жекешелендіру.
- - «мемлекеттік ауыл шаруашылық кәсіпорындарының жекешелендірілуі».
III кезеңі 1996-1998 жылдарды қамтиды.
№246 1996 жылдың 27 ақпанынан Қазақстан Республикасы Үкіметінің жарғысымен бекітілген «1996-1998 жылдардағы Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік меншіктен шығару және жекешелендіру Бағдарламасына» сәйкес жүзеге асырылды. Бұл кезеңнің негізгі мақсаты болып, жекешелендіру үрдісін аяқтау жолымен Қазақстан Республикасы экономикасындағы жеке меншік сектордың басымдылығына қол жеткізу және бекіту табылды.
IV кезең 1999-2000 жылдарды қамтиды.
№683 1999 жылдың 1 маусымынан Қазақстан Республикасы Үкіметінің жарғысымен бекітілген «1999-2000 жылдарға Мемлекеттік мүлікті жекешелендіру және басқару тиімділігін көтеру бағдарламасына» сәйкес жүзеге асырылды.
Бағдарламасының негізгі мақсаты болып, мемлекеттік мүлікті жекешелендіру және басқарудың құқықтық негіздерін жетілдіру, мемлекеттік мүлікті сайыстық жекешелендіруді басқару және қамтамасыз ету тиімділігін көтеру, есебін арттыру болып табылды.
1991-2000 жылдары жалпы республика бойынша мемлекеттік мүлік пен жекешелендіру Комитеті және оның облыстық бөлімшелері мен мемлекеттік меншік объектілерінің 34, 5 мыңы жекешелендірілді.
Мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру түрлері және тәсілдері
Мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру - бұл нарыққа бет алған шаруашылық құралдарын дамуына қажет жағдайларды қамтамасыз етуді, тиімді және жауапты меншік иелерін қалыптастыруды, нақты бәсеке ортаны қалыптастыруды қамтамасыз етуге тиіс. Мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің формалары әр қилы.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz