Сан есім


САН ЕСІМ
Заттың санын, ретін, мөлшерін, бөлшегін білдіретін сездердің қанша? неше? нешінші? деген сұрақтарға жауап беретін тобын сан есім дейді. Мысалы, бір, екі, жиырма бес, қырық, бір мың тоғыз жүз тоқсан, біреу, жетеу, бірінші, бес-алты, жиырма шақты т. б.
Сан есім тұлғасына қарай дара және күрделі сан есім болып екіге бөлінеді. Дара сан есімдер бір сөзден тұрады. Олар: бес, он, елу, бесінші, екеу, жүз, мың, миллион т. б. Күрделі сан есімдер екі не одан да көп сан есімдерден құралады. Олар: он бес, тоқсан тоғыз, жүз бес, қырық-елу, екі мың төртінші, отыз қаралы, үштен бірі т. б.
Сан есімнің өзге соз таптарынан ерекшелігі: ол басқа сөз таптарынан жасалмайды.
САН ЕСІМНІҢ МАҒЫНАЛЫҚ ТҮРЛЕРІ
Мағыналық ерекшелігіне қарай сан есім алты топқа бөлінеді: есептік , реттік, жинақтық, болжалдық, топтау, бөлшектік сан есімдер.
Заттың дәл, нақты санын білдіріп, қанша? неше? деген сұрақтарға жауап беретін сандық ұғымдағы сөздерді есептік сан ес ім дейді. Мысалы, бір, екі, үш, он, мың, отаз үш, тоғыз жүз тоқсан т. б. Сан есімнің басқа түрлері есептік сан есімдерден жасалады.
Заттың рет санын білдіріп, нешінші? деген сұрауға жауап беретін сан есімнің түрі реттік сан есім деп аталады. Ол есептік сын есімге -ыншы,
-інші жұрнағы жалғану арқылы жасалады. Мысалы, Отыз бес-інші, қырқ-ыншы, бір-інші, жет-інші т. б.
Заттың жинақталған санын білдіріп, нешеу? деген сұраққа жауап беретін сан есімді сан есім дейді. Жинақтық сан есім есептік сан есімге -ау, -еу жұрнағы жалғану арқылы жасалып, жетіге дейінгі сандарды қамтиды. Мысалы, бір-еу, екеу, үш-еу, төрт-еу, бес-еу, алт-ау, жет-еу. Екі, алты, жеті сан есіміндегі соңғы -ы, -і дыбыстары дауысты дыбыстан басталған қосымшаның әсерінен түсіп қалған.
Заттың санын топтап көрсететін, қаншадан? нешеден? деген сұраққа жауап берстін сан есімді топтау сан есімі дейді. Топтау сан есімі дара сан есімдер мен қосарланған сан есімдер мен екінші сыңарына шығыс септігінің жалғауы жалғану арқылы жасалады. Мысалы, елу-ден, алпыс-тан, бес-бестен, он-оннан т. б.
Заттың санын дәл атамай шамамен, болжалмен көрсетіл, қанша? неше? қаншадан, қай шамалы? деген сұрақтарға жауап беретін сан есімнің түрін болжалды сан есім дейді. Болжалды сан есім септік сан есімдерге -лаған, -леген, -даған, -деген, таған-теген, лап - леп, -дап, -деп, -тап, -теп, -дай, -дей, -тай, -тей жұрнақтары жалғану арқылы: мың-даған, жүз-деген, мың-деп, жүз-деп, мың-дай, жүз-дей; есептік сан есімдерге көптік және жатыс септігінің жалғауы жалғану арқылы: жиырма-лар-да, жүз-дер-де, елу-лер-де жасалады. Болжалды сан есімдер есептік сан есімдердің қосарлануы арқылы да: отыз-қырық, бес-алты, отыз-қырықтарда және есептік сан есімдерге шамалы, шақты, қаралы, жуық, таман, тарта деген сөздердін тіркесуі арқылы да жасалады: жүзеге тарта, елу шақты, мың қаралы, отызға тарта т. б.
Бүтін санның білгілі бөлшектерін есепке алып қанша? неше? деген сұраққа жауап беретін сан есімнің бір түрі бөлшектік сан есім аталады. Бөлшектік сан есім есептік сал есімдерге жарым, жарты, ширек сөздерінің тіркесуінен: бес жарым, екі жарты, төрт ширек және жай бөлшек түрінде: онның екісі немесе оннан екі 10, 2 жүздің бесі немесе жүзден бес 100, 5 т. б. жасалады.
САН ЕСІМНІҢ ЕМЛЕСІ
1. Кұрделі тіркескен сан есімдер сөзбен жазылғанда әр сыңары бөлек-бөлек жазылады. Мысалы, екі мың төртінші жыл, жиырма бес, отыз тоғыз, алпыс үш т. б.
2. Күрделі қосарланған сан есімдер сөзбен жазылса да, цифрмен (санмен) жазылса да (-) дефис арқылы жазылады: еш-екіден, отыз-қырық, алпыс-жетпістей, 2-2-ден, 30-40-тан, 60-70-тей.
3. Цифрмен таңбаланатын дара, күрделі сан есімдерге жалғанатын қосымшалар (-) арқылы жазылады. Мысалы, Менің жасым 60-қа жақындады. Сағат 6-да келемін.
4. Рим цифрымен таңбаланған реттік сан есімге -ыншы жұрнағының орнына дефис (-) қойылмайды. Мысалы, I курс, ІV т ом І. Есенберлиннің ІІ томын оқыдым.
5. Араб цифрымен таңбаланған реттік сан есімге -ыншы жұрнағының орнына (-) дефис қойылады. Мысалы, Абайдың 1-томын оқыдым , 4-курс т. б. Ал сөзбен жазылғанда -ыншы жұрнағы қосылып жазылады: бірінші том, төртінші курс.
6. Реттік сан есім араб цифрымен жазылып, күн, жыл аттарымен тіркесіп келгенде (-) дефис жазылмайды. Мысалы, 2004 жылдың 8 наурызы, 1986 жыл, 16 желтоқсан т. б.
7. Есептік сан есім мен зат есім тіркескенде бөлек-бөлек жазылады. 2 жігіт - екі жігіт, 10 бала - он бала т. б.
8. Цифрмен жазылған болжалды сан есімге қосымша (-) дефис арқылы жазылады. Мысалы, Сағат кешкі 7-лерде келдім. Базарға 100-деген мал айдалды.
9. Жарым, жарты сөздерімен жасалған бөлшектік сан есім сөзбен жазылса да, цифрмен жазылса да бөлек жазылады. Мысалы, Сабақ сегіз жарымда басталады.
Сан есімдердің ішінде дара, күрделі есептік және реттік, жинақтық сан есімдер зат есімдер сияқты септеледі: бестің, беске, бестен, беспен; бесіншінің, бесіншіге, бесіншіні, бесіншіде, бесіншіден, бесіншімен; бесеудің, бесеуге, бесеуді, бесеуде, бесеуден, бесеумен т. б.
САН ЕСІМНІҢ СӨЙЛЕМДЕГІ ҚЫЗМЕТІ
Сан есім барлық сөйлем мүшесінің қызметін атқара береді. Ең алдымен заттың санын, мөлшерін, ретін білдіріп анықтауыш болады. Біздің факультетте бір мың студент оқиды деген сөйлемде бір мың сан есімі қ анша? деген сұрауға жауап беріп, анықтауыш тұр.
Сан есімдер көбінесе етістіктің алдында келіп, қашан? қалай?
дегеп сұрақтарға жауап беріп, пысықтауыш болады. Партаға екі-екіден жайғастық деген сөйлемдегі екі-екіден топтау сан есім алдында қалай? жайғастық деген сұрауға жауап беріп пысықтауыш қызметінде жұмсалған.
Сан есім заттық мағанада қолданылып көптік, септік, тәуелдік, жіктік жалғауда келсе сөйлемде бастауыш та, баяндауыш та, толықтауыш та бола береді. Мысалы, Үшеуі ақылдасып шешті. Білікті бірді білімді мыңды жеңеді (мақал) . Арман жиырма бірде, мен елу алтыдамын деген сөйлемдердегі үшеуі - атау тұлғада, кім? деген сұраққа жауап беріп кімді? бастауыш, бірді, мыңды - табыс септігіңде кімді? деген сұраққа жауап беріп толықтауыш, жиырма бірде, елу алтыдамын деген жіктік жалғаулы сан есім қаншадамын? деген сұрауға жауап беріп баяндауыш болып тұр.
ЕСІМДІКТІҢ МАҒЫНАЛЫҚ ТҮРЛЕРІ
Есімдік мағынасына қарай: жіктеу есімдігі, сілтеу есімдігі, сұрау есімдігі, өздік есімдігі, белгісіздік есімдігі, болымсы: есімдігі және жалпылау есімдігі болып жеті топқа бөлінеді.
Жіктеу есімдігі жақтық ұғымда қолданылып, сөйлеушіні, тыңдаушыны және бөгде адамды білдіріп, кім? не? деген сұрақтарға жауап береді. Жіктеу есімдігі үш жақта, жекеше, көпше, анайы, сыпайы түрде айтыдады. Жіктеу есімдіктеріне: мен, сен, сіз, сіздер, ол, олар, біз, біздер. Мысалы, Мен студентпін. Ол оқушы. Жіктеу есімдігі көптеледі: біз-дер, сіз-дер, о-лар, жіктеледі: мен-мін, сен-сің және сентеледі. Жіктеу есімдігінің септелуінде ерекшеліктер мол. Атап айтқанда, мен, сен, ол есімдіктері ілік, табыс, шығыс септіпнің жалғауын жалғағанда түбірдегі л, н дыбыстары түсіп қанады; жатыс септігінде л дыбысы н -ға (ол -о-нда) айналады; барыс септігінде жалғау жуанданып -ған түрінде, түбірдегі н дыбысы жалғау құрамына сіңісіп жалғанады; көмектес септігінде түбірмен жалғаудың арасына дәнекер -ы, -і дыбыстары пайда болады. Зерттеушілердің айтуынша, көмектес жалғауы ілік септігінің өзгеріске түскен - ны (ң), ні (ң) тұлғасына жалғанады.
Атау. мен сен ол
Ілік. ме-нің се-нің о-ның
Барыс. ма-ған са-ған о-ған
Табыс. ме-ні се-ні о-ны
Жатыс. мен-де сен-де о-нда
Шығыс. ме-нен се-нен о-дан
Көмектес. мені-мен сені-мен оны-мен
Ол есімдігі жіктеу есімдігіне де, сілтеу есімдігіне де жатады. Жіктеу есімдігінде жақтық мағына берсе, сілтеу есімдігі болғанда сілтеу мағынасын береді. Жіктеу есімдіктері тәуелденбейді. Ол, олар есімдігі тек сілтеу мағынасында ғана тәуелденеді.
Сілтеу есімдігі сілтеу, нұсқау, мегзеу мағаналарын білдіреді. Сілтеу есімдігі мыналар: сол, сонау, ана, анау, бұл, осы, осынау, мына, мынау, әні, міні. Мысалы, Бұл - халықтар достығының көрінісі. Қонақты мына үйге кіргізіңдер.
Сілтеу есімдігі көптеледі. осы-осы-лар, сол-со-лар; тәуелденеді: осы-м, осы-ң, осы-сы, осы-мыз, осы-ңыз; септеледі: осы, осы-ның, осыған, осы-ны, осы-нда, осы-дан, осы-мен.
Өздік есімдігіне бір ғана өз сөзі жатады. Мысалы, Өзің адал бол, кісіге қиянат жасама. Өздік есімдігі үнемі тәуелдеулі тұлғада
қолданылады: өз, өз-ім, өз-ің, өз-іңіз, өз-і, өз-іміз, өз-деріңіз және тәуелденіп барып септеледі: өз-ім, өз-ім-нің, өз-ім-е, өз-ім-ді, өз-ім-де , өз-ім-нен, өз-ім-мен өздік есімдігі жіктік жалғауын да жалғайды: Мен өзімнің, Сен өз-ің-сің, Ол өз-і.
Сұрау есімдігі жауап алу мақсатында қолданылады. Олар: кім? не? неше? нешеу? қанша? қайсы? қалай? қандай? қайда? қайдан? Қашаннан? Қайдағы? Мысалы, Қанша адаммен дәмдес болдым. Қайда барасың? Сұрау есімдігі зат есімнің орнына қолданғанда тәуелденеді: не-м, не-ң, не-сі; көптеледі: кім-дер, не-лер; септеледі: не, не-нің, не-ге, не-ні, не-де, не-ден, не-мен; кейбіреуі жіктеледі: Мен кім мін, сен кімсің, ол кім, мен қандай-мын, сен қайдай-сың, ол қайдан?
Белгісіздік есімдігі затты не құбылысты нақты атамай, жорамалдап көрсетеді. Белгісіздік есімдігіне мынлар жатады: біреу, кейбіреу, әркім, әрне, әлдекім, әлдене, бірдеме, әр, әрбір, бірнеше, біраз, әлденеше, әрқалай, әлдеқалай, әлдеқайдан, әлдеқашан, кімде-кім, бір. Мысалы, Біреу келді. Әлдекімнің даусы естілді. Белгісіздік есімдігінің бірқатары көптеледі: біреу-лер, әлдене-лер, тәуелденеді: біреу-ім, біреу-ің, біреу-і тәуелденіп те, тәуелденбей де септеледі: біреу, біреу-дің, біреу-ге, біреу-ді, біреу-де, біреу-ден, біреу-мен, бірдеңе-м-нен, бідеңе-м-мен.
Болымсыздық есімдігі басқа сөздердің орнына қолданылып, болымсыздық мағына білдіреді. Мысалы, Үйге ешкім келмеді. Оның ештеңемен жұмысы жоқ. Болымсыздық есімдігі мыналар: Ешкім, ештеңе, ешқендай, ештеме, ешбір, ешқандай, ештеме, ешбір, ешқайсысы, ешқашан, ешқандай, дәнеме, дәнеңе. Болымсыздық есімдігінің зат есім орнына жұмсалатындары тәуелденеді: ешкім-ім, ешкім-ің, ешкім-і септеледі: ешкім-нің, ешкім-ге, ешкім-ді, ешкім-де, ешкім-нен, ешкім-мен.
Жалпылау есімдігі
Жинақтау, жалпылау ұғымын беретін есімдіктердің түрін жалпылау есімдігі дейді. Мысалы, Бүкіл халық тыңды игеруге күш салады. Барлық қиыншылық артта қалды. Жалпылау есімдігінің, бәрі баршасы, барлығы, бар, күллі, бүкіл, түгел, тегіс сөздері жатады. Жалпылау есімдігінен, Бәрі, баршасы барлығы, ьар, күллі, бүкіл, түгел, тегіс сөздері жатады. Жалпылау есімдігінен барлық, барша, бар сөздері ғана тәуелденеді: Барлығ-ым, барлығ-ың, барлығ-ы, бар-ым, бар-ың, бар-ы; тәуелденген жалпылау есімдіктеріне септік жағалаулары жалғанады: барлығ-ым-ның, барлығ-ым-а, барлығ-ым-ды, барлығ-ым-да, барлығ-ым-нан, барлығ-ым-мен. Жалпылау есімдігі жіктелмейді.
ЕСІМДІКТІҢ ЕМЛЕСІ
Кейбір есімдіктердің, әсіресе белгісіздік, болымсыздық есімдіктерінің жазылуы қиындық тударады. Сол үшін оның жазылу заңдылығын білу керек. Кейбір есімдіктермен әр, еш, кей, қай, қайсы, әлде, бір сөздері бірігіп, белгісіздік, болымсыздың есімдігін жасайды да, бірге жазылады: әркім, ешкім, кейбір, қайбір, қайсыбір, ешқашан, ешқайда, әлдеқашан.
Басқа сөз таптарымен, соның ішінде зат есім және қатыстық сын есіммен тіркесіп келген, әр, еш, кей, қай, қайсы, бір сөздері бір-бірінен бөлек жазылады: әр адам, еш нәрсе, еш уақытта, кей адам, кей шақта, қайсы қыз, бір бала, бір күні, бір жолы.
ЗАТ ЕСІМ
Айнала қоршаған заттар мен құбылыстың атын білдірстін, заттық ұғымда қолданылатын атау сөздер зат есім деп аталады. Зат есім кім?, не?, кімдер?, нелер? деген сұрауларға жауап бареді. Қазақ тілінде кім? деген сұрау тек адамға ғана қойылады. Оған кісі аттары мен адамның кәсібіне байланысты сөздер жатады. Мысалы, Арман, Балжан, Әсем, нағашы, жиен, ата-ана, әке-шеше, мұғалім малшы, ұшқыш т. б. Не? деген сұрау адамнан басқа заттардың бәріне қойылады, Оған жанды, жансыз заттардың атаулары жатады. Сондай-ақ зат деген ұғымға көзбен көріп, қолмен ұстауға болатын нақтылы заттардан басқа, табиғат пен қоғамда кездесетін, көзбен көріп, қолмен ұстауға болмайтын дерексіз ұғымдар мен түсініктердің атаулары да енеді.
ЗАТ ЕСІМНІҢ МАҒЫНАЛЫҚ ТОПТАРЫ
Зат есімдер мағынасына қарай деректі, дерексіз және жалқы, жалпы есім болып бөлінеді.
Көзбен көріп, қолмен ұстауға болатын заттың атауы деректі ит есім деп аталады. Мысалы, бала, гүл, үй, есік, ағаш, кітап, қалам, мектеп т. б. Көзбен керіп, қолмен ұстауға болмайтын, тек адамның ақылы, ойлау кабілеті арқылы, топшылаумен ғана түсінілетін заттық ұғымдардың атауы дерексіз зат есім деп аталады. Мысалы, қуаныш, қайғы, ақыл, ес, қиял, жақсылық, сана, ми, ой, қанағаг, байлық, бақыт т. б.
Біртектес заттық ұғымдардың жаллы атауын жалпы есім дейді. Мысалы, оқушы, студент, қала, ағаш, адам, кітап, су, көше, т. б. Біркелкі заттардың ішінен жекелеп, даралап атайтын зат есімдерді жалқы есім дейді. Мысалы, Абай Құнанбаев, Мұқтар Әуезов, Сырдария, Іле, "Талапты" ауылы, Отырар ауданы, Айгүл, Меруерт, "Жас Алаш" газеті т. б.
Жалқы есімдер үнемі бас әріппен жазылады. Олар мыналар:
1. Кісінің аты-жөні, фамилиясы: Шоқан Уәлиханов, А. С. Пушкин, Мұхтар Шаханов.
2. Географиялық, астрономиялық атаулар: Орта Азия, Күн, Қазақстан, Алатау.
3. Газет, журнал, кітап, ән-күй атаулары: "Қазақстан әйелдерің журналы, "Кісен ашқан" күйі, "Егемен Қазақстан" газеті
4. Мекеме, ұйым, елді-мекен атаулары: Шымкент қорғасын зауыты, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімшілігі, "Шие лі" ауылы.
5. Хайуанаттарға қойылған атаулар: Құлагер, Тайбурыл, Бөрібасар, Ақтас.
ЗАТ ЕСІМНІҢ ЖАЛҒАУЛАРЫ
Қазақ тіліндегі төрт жалғау, көптік, тәуелдік, септік және жіктік жалғаулары жалғанып зат есім түрленіп отырады.
Көптік жалғаулары Зат есімге жалғанып (-лар, -лер, -дар, -дер, -тар, -тер), заттың көптігін білдіретін жалғау көптік жалғау деп аталады: бала-лар, мектеп-тер, оқушы-лар, гүл-дер т. б. Көптік жалғауы жалғанбай-ақ көптік ұғым беретін зат есімдер де бар: шаш, ұн, топырақ, құм, су т. б.
ТӘУЕЛДІК ЖАЛҒАУЛАРЫ
Тәуелдік жалғауы бір заттың екінші бір затқа (адамға) тәуелді, меншікті екенін білдіріп, иелік мағынаны береді. Тәуелденетін сөз үш жақтың бірімде тәуелдене, меншіктеле айтылады. Тәуелдік жалғауы өзі жалғанған сөзді ілік септік жалғаулы сөзбен байланыстырып тұрады. Мысалы, I. Менің ана-м, II. сенің ана-ң, сіздің ана-ңыз, III. оның ана-сы.
Зат есімнің тәуелденуі екіге бөлінеді: ортақ тәуелдеу, оңаша төуелдеу.
Бір я бірнеше заттың көп затқа немесе көп адамға меншікті екенін білдіруді ортақ тәуелдеу дейді. Керісінше бір я бірнеше заттың бір ғана затқа немесе бір адамға меншікгі екенін білдіруді оңаша тәуелдеу дейді.
ОРТАҚ ТӘУЕЛДЕУ
I. Біздің бала-мыз, үйлер-іміз, балалар-ымыз
II. Сендердің бала-лар-ың, үйлер-ің
Сіздердің бала-лар-ыңыз, үйлер-іңіз
III. Олардың балалар-ы, үйлер-і
ОҢАША ТӘУЕЛДЕУ
I. Менің бала-м, үй-ім, балалар-ым, үй-лер-ім
II. Сенің бал-аң, үй-ің, бала-лар-ың, үй-лер-ің
Сіздің бала-ңыз, үй-іңіз, бала-лар-ыңыз, үй-лер-іңіз
III. Оның бала-сы, үй-і, бала-лар-ы, үй-лер-і
СЕПТІК ЖАЛҒАУЛАРЫ
Септік жалғауы зат есімге жалғанып, әр түрлі грамматикалык мағына үстеп, сөйлемдегі сөздерді байланысқа түсіреді. Қазақ тілінде жеті септік бар: атау, ілік, барыс, табыс, жатыс, шығыс және көмектес септіктері.
Атау септігі . Бұл септіктегі сөз кім? не? деген сұрақтарға жауап береді. Мысалы, ана, бала, кітап. Атау септігі өзге септіктерге негіз болады. Бұл септіктегі сөздің тәуелдік жалғауын жалғауына қарай сұрақтардың да кімім? нем?, кімің? нең? кімі? несі? болып өзгере бсруі мүмкін. Атау септігіндегі сөз көбінесе бастауыш болады. Мысалы, Қанат шанада отыр. Сөйлемнің соңында келгенде атау септігіндегі сөз баяндауыш қызметін де атқарады: Сәрсен - оку озаты. .
Ілік септігі. Бұл септіктегі сөздер кімнің? ненің? қай? қандай? деген сұратарға жауап береді. Жалғаулары: -ның, -нің, -дың, - дің, -тың, -тің. Бұл жалғаулар буын және дыбыс үндестігі заңдылықтарын сақтап жалғанады. Мысалы, кітап-тың, күрек-тің, ауыл-дың, үй-дің, өзен-нің т. б. Ілік септігіндегі сөз негізінен анықтауыш қызметін атқарады. Жолдасымның (кімнің?) бөлмесінде әңгімелесіп отырмыз. Сөйлемдегі жолдасымның деген сөз ілік септік жалғауында тұрып, кімнің? деген сұраққа жауап беріп анықтауыш болып тұр. Ілік септігінің жалғауы кейде түсіріліп, жасырын түрде де қолданылады. Мысалы, ұжымның мүшесі - ұжым мүшесі, қаланың көшесі - қала көшесі.
Барыс септігі. Барыс септігіндегі сөз кімге? неге? қайда? деген сұрақтарға жауап береді. Жалғаулары: -қа, -ке, -ға, -ге, -а, -е, -на, -не. Мысалы, кітап-қа, гүл-ге, ауыл-ға, атам-а, әкем-е, қарындасы-на т. б. Барыс септігіндегі сөз кімге? неге? деген сұраққа жауап бергенде толықтауыш, қайда? деген сұраққа жауап бергенде пысықтауыш қызметін атқарады. Жерлесі Маратқа (кімге?) хат жазып отыр. Сөйлемдегі Маратқа зат есімі кімге? деген сұраққа жауап беріп толықтауыш болып тұрса, Ауылға (қайда?) бардым деген сөйлемдегі ауылға зат есімі қайда? деген сұраққа жауап беріп пысықтауыш қызметін атқарып тұр. Табыс септігі . Септіктегі сөздер кімді? нені? деген сұраққа жауап береді. Жалғаулары: -ны, -ні, -ды, -ді, -ты, -ті. Мысалы, үй-ді, кеме-ні, хат-ты, жүк-ті, баласы-н, кітабы-н т. б. Табыс септігіндегі зат есім тура толықтуыш қызметін атқарады. Мына қарбызды (нені?) мен көтеріп жүрейінші деген сөйлемдегі қарбызды деген зат есім нені? деген сұраққа жауап беріп, тура толықтауыш қызметінде қолданылып тұр. Табыс септік жалғауы кейде түсіріліп те айтыла береді. Мысалы, Мен кітап(ты) оқыдым.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz