Герметикалық материалдардың қасиеттері мен құрылыс саласындағы рөлі


Пән: Құрылыс
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

Студенттің өздік жұмысы №4

Тақырыбы: «Герметикалық материалдар, қасиеттері мен құрылыстағы орны. »

Орындаған: Сабырбаева М. Е. СТ-409

Тексерген: Уркинбаева Ж. И

Семей қ. 2015 жыл

Жоспар

  1. Кіріспе бөлім
  2. Негізгі бөлім

Құрылыс материалдарын топтастыру

Герметикалық материалдар

  1. Қорытынды бөлім
  2. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Құрылыс материалдары өздерінің қасиеттеріне байланысты əртүрлі бұйымдар, конструкциялар жасау үшін қолданылады. Ол бұйымдар құрылыста қолдану шартына сай алуан түрлі. Мысалы, көп қабатты үй салу үшін мынадай бұйымдар, конструкциялар пайдаланылады: фундамент, баған, арқалық, қабатаралық жəне төбелік жабындар, сыртқы жəне бөлмеаралық қабырғалар. Үй құрылысында бұлардан басқа, жылу-дыбыс-ылғал өткізбейтін бұйымдар да қолданылады. Пайдаланылатын орнына, атқаратын міндетіне байланысты құрылыс материалдары екі топқа бөлінеді.

Бірінші топқа: үйлерге басқа да ғимараттарға түсетін күшке төтеп бере алатын, конструкциялар деп аталатын материалдар жатады. Олар:

1) табиғи тас материалдар;

2) минералды шикізаттарды термиялық əдіспен өңдеу арқылы алынатын материалдар - керамикалық бұйымдар, шыны ситалдар, байланыстырғыш заттар, металдар;

3) минералды байланыстырғыш заттардың негізінде дайындалатын материалдар - бетондар, темірбетондар, құрылыс ерітінділері, автоклавта өндірілетін бұйымдар;

4) органикалық материалдар - ағаш материалдар, органикалық байланыстырғыш заттар, полимерлер;

5) композициялық материалдар - асбестцемент, бетонполимер, фибробетон, шыныпластик.

Екінші топқа: арнаулы міндет атқаратын конструкцияларда (бұйымдарда) пайдаланылатын “арнаулы орындарда қолданылатын” материалдар жатады. Бұлар - бұйымдардың эксплуатациялық қасиеттерін жақсарту, үйдің ішін - жайлы, ал сыртын көркемдеу мақсатымен, əрі конструкцияларды зиян келтіретін ортадын қорғау үшін қолданылады. Олар:

1) жылу өткізбейтін жылуизоляциялық материалдар (шыныдан істелінген мақта, ағаш талшықты плиткалар, арболит, т. б. ) ;

2) дыбыс өткізбейтін материалдар (тесіктелген - перфорацияланған ағаш жоңқалы тақталар, акмигран, фибролит) ;

3) тыстағыш (өңдегіш) материалдар (табиғи тастардан істелінген үйдің ішін, сыртын əшекейлейтін, оларға өң беретін мəрмəр, гранит тақталар мен жасанды материалдар - керамикалық тақталар, т. б. ) ;

4) коррозияға төзімді материалдар (сыр, лак, бояулар, металл бұйымдарының бетіне тысталатын - қондырылатын заттар) ;

5) төбе конструкцияларын жабатын су, ауа өткізбейтін гидроизоляция-лық жəне герметикалық (саңылаусыздандырғыш) материалдар (рубероид, толь, мастикалар, герметиктер) ;

6) отқа төзімді кірпіштер (динас, шамот, т. б. ) ;

7) радиоактивтік сəулеге төзімді материалдар (ауыр толтырғыштар - барит, металл жоңқалар, т. б. негізінде дайындалған өте ауыр бетондар) .

Герметикалық материалдар - үймереттер мен ғимараттардың құрылымдық элементтерінің түйістері мен қосылыстарының өткізбеушілігін қамтамасыз ету үшін колданылатын икемді не пластикалы икемді материалдар.

Герметикалық материалдар - құрылыс бұйымдары мен конструкциялары өзара қиылысқан жері ылғал жəне ауа өткізбеуі үшін пайдаланылады. Олар мастикалы, погонажды жəне жапсырмалы болады. Мысалы, бутилкаучукті мастика паста түрінде жапсарға өндірілгеннен соң қатайтқыш (вулканизациялайтын) қоспаның əсеріне иілімді резеңке сияқты зат түзеді. Погонажды: герметиктер əдетте кеуекті немесе қуысты резеңке қоспаларынан жасалынған əртүрлі қойылымды ширақ бұрау (пороизол), гернит т. б. ) . Оларды қолдану тиімді болу үшін жапсарға ендіргенде, олардың диаметрінің 30-50% сығылуы қажет.

Герметикалы мастикалар илемдi - тұтқыр полимерлiк өнiмдердi негiзде алады. Белгiлi герметизацияларға негiзгi талап - биiк деформацияланғыштық және тiгiстiң материалына адгезия. Мастика (грекше mastika - смола-шайыр) деп - органикалық байланыстырғышты минералды микротолтырғыш, яғни ұнтақпен жəне Құрылыс материалдары қажетті жағдайда үстемемен араластырылып жасалған қою, тұтқыр затты айтады. Минералды ұнтақтар - тозаң жəне талшық түрлі болып бөлінеді. Тозаңды толтырғыш ретінде - ұнталған əк тас, бор, доломит, цемент, көмірдің күлі қолданылады. Талшықты толтырғыш ретінде - асбест, шыны мақта пайдаланылады. Бұл толтырғыштар өз бетіне майларды (байланыстырғыш заттарды) абсорбциялайды (қандырады) . Осының əсерінен мастиканың жылуға төзімдігі мен қаттылығы өседі. Мастика жасауға кететін битум мен қара майдың шығыны азаяды да, ал талшықты толтырғыштар - мастиканы арматуралап, оның ию күштеріне кедергісін арттырады.

Вилатерм - іші толы, көбікті полиэтиленнен алынатын ақ түсті жгут. Вилатерм қасиетіне қарай гернитке ұқсас, бірақ төмен температурада икемділігін сақтайды. Оларды жылу оқшаулау үшін де пайдаланады.

Қорытынды

Герметикалық материалдар - құрылыс бұйымдары мен конструкциялары өзара қиылысқан жері ылғал жəне ауа өткізбеуі үшін пайдаланылады. Олар мастикалы, погонажды жəне жапсырмалы болады. Мысалы, бутилкаучукті мастика паста түрінде жапсарға өндірілгеннен соң қатайтқыш (вулканизациялайтын) қоспаның əсеріне иілімді резеңке сияқты зат түзеді. Погонажды: герметиктер əдетте кеуекті немесе қуысты резеңке қоспаларынан жасалынған əртүрлі қойылымды ширақ бұрау (пороизол), гернит т. б. ) . Оларды қолдану тиімді болу үшін жапсарға ендіргенде, олардың диаметрінің 30-50% сығылуы қажет.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

  1. Ғ. Батырбаев, М. Садуақасов Құрылыс материалдары. Алматы 2007
  2. Үдербаев С. Н Құрылыс материалдары мен бұйымдары. Алматы 2006
  3. Попов К. Н. Строительные материалы и изделия:
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ағаш бұйымдарының қасиеттері мен ерекшеліктері және құрылыс саласындағы орны
Гидроизоляциялық материалдардың қасиеттері және құрылыстағы қолданылуы
Гидрооқшаулағыш және жылу оқшаулағыш материалдардың түрлері мен қасиеттері
Материалдардың механикалық қасиеттері: теориялық негіздер мен сынақ әдістемелері
Материалдардың серпімділік, пластикалық және морттық қасиеттері
Жылу өткізбейтін материалдардың жіктелуі, қасиеттері және қолданысы
Керамикалық материалдардың қасиеттері, шикізаттары және өндіру әдістері
ТОО ПЕРСПЕКТИВНАЯ ТЕХНОЛОГИЯ компаниясындағы магнезиалды байланыстырғыштардың өндірісі, қасиеттері және құрылыс саласындағы қолданылуы
Құрылыс саласындағы инвестициялардың тиімділігі мен басқару жүйелері
Көміртекті материалдардың құрылымы, қасиеттері және өнеркәсіптегі қолданылуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz