Қазақстандағы және дамыған мемлекеттердегі тұтыну себетін, күн көріс минимумын, ең төменгі еңбекақыны талдау


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университеті
СӨЖ
Тақырыбы: «Қазақстандағы және дамыған мемлекеттердегі тұтыну себетін, күн көріс минимумын, ең төменгі еңбекақыны талдау»
Орындаған: Чаганов Е. С
Тобы: ГК-213
Тексерген: Қ. Т. Нуралина
Семей - 2015ж.
Жоспар:
I. Кіріспе
1. 1 Күнкөріс минимумы - бұл мемлекеттік әлеуметтік саясаттың маңызды құралы.
II. Негізгі бөлім
2. 1. Қазақстандағы тұтыну себетінің құрылымы.
2. 2. Күнкөріс минимумы көрсеткіштерінің жүйесі.
2. 3. Еңбекақы туралы.
III. Қорытынды
3. 1. Қолданылған әдебиеттер
Күнкөріс минимумы - бұл мемлекеттік әлеуметтік саясаттың маңызды құралы. Тұтыну себетінің құны нормативтік, статистикалық және құрамдастырылған әдістермен айқындалады. Дамыған елдерде ең төменгі күнкөріс деңгейін халықтың медициналық (орташа) табыстарын есепке ала отырып анықтаудың практикасы кең дамыған. Шығыс еуропалық елдердің көбінде есеп-қисаптарда нормативтік әдіс пайдаланылады. ТМД елдерінде ол басымырақ пайдаланылады және ең аз тұтыну себетінің құнына тең келеді. Қазақстандағы тұтыну себетінің құрылымы: ет және балыққа - 20, 3%, сүт, май өнімдеріне және тұқымдарға - 17, 1%, көкөніс және жемістерге - 10, 1%, нан өнімдеріне - 9, 6%, қант, шай және басқа заттарға - 2, 9%. Ал студенттердің шәкіртақысы 9600 теңге, жоғары санаттағылар 10600 теңге алады. Ең төменгі күнкөріс деңгейінің мәні мен мөлшерін анықтауда халықаралық практикада адамның ең төмен қажеттіліктерін қанағаттандыруда қажет ететін тауарлар мен қызметтердің бірер ең төмен деңгейін белгілеуге негізделген тәсілдеме - тұтыну себеті кеңірек таралған. Ол азық-түлікті және азық-түліктік емес бөліктерге бөлінеді. Сонымен бірге көптеген елдерде ең төменгі күнкөріс деңгейінде азық-түлік шығыстарының үлесіне 25-тен 50 %-ға дейін тиеді. Ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы тағамдық азық-түліктерді тұтыну нормасы мен азық-түліктік және азық-түліктік емес шығыстар арасындағы ара қатынасты белгілеуге байланысты болған кезде практика құрамдастырылған әдісті пайдаланудың артықшылығына сендіреді.
Күнкөріс минимумы адам денсаулығын сақтау мен оның өмір сүруін қамтамасыз ететін тамақтану өнімдері, сатылмайтын тауарлар мен қызметтер, төлемдер мен салықтардың ең аз бағаларынан тұратын тұтыну себетінің бағасын құрайды. Бұл көрсеткіш еңбекақы, шәкіртақы, зейнетақы және басқа да әлеуметтік төлемдерді тағайындауда ескеру үшін есептелінеді. Статистика түсіндіргендей, күнкөріс минимумы керек екен. Ол: - халықтың тіршілік деңгейін бағалауға және кедейшілік шегін анықтауға; - әлеуметтік саясаттың бағытын анықтауға және халыққа әлеуметтік қолдау көрсету шарасын жүзеге асыруға; - айлық еңбекақы мөлшерінің төменгі мөлшерін, зейнетақының төменгі мөлшерін және негізгі әлеуметтік төлемді анықтауға негіз болады. Әр елде күнкөріс минимумы әрқалай есептеледі. Қазақстанда ол азық-түлік себетінің төменгі құнынан және қажетті азық-түлік емес тауарлар мен қызметтерге кететін төменгі шығындар үлестерінен алынып есептеледі. Біздің күнкөріс минимумымыз 60 пайыз азық-түлік себетінен және 40 пайыз азық-түлік емес тауарлар мен қызметтерден тұрады. Ақшалай арақатынас бойынша - тиісінше 10 295 теңге мен 6 863 теңге. Азық-түлік себетінің көлемі азық-түлік тұтынудың физиологиялық ғылыми негізделген нормалары бойынша есептеледі. Ол Денсаулық сақтау министрлігінде бекітіледі. Оған 40-тан аса азық-түліктердің түрі кіреді. Азық-түлік емес бөлігіне коммуналдық қызметтер, көлік, киімдер, аяқ киім, дәрі-дәрмек, гигиена құралдары кіреді. Қазақстанда 2010 жылдың қаңтар айындағы есеп бойынша күнкөріс минимумы 12 141 теңгені құрайды.
Қазақстанда соңғы 10 жылда орташа айлық номиналды еңбекақы 6 еседен астамға ұлғайды. Егер 2000 жылы орташа айлық номиналды еңбекақы 14 374 теңгені құраса, ал 2011 жылы 90 028 теңгені құрады. Ең төменгі күнкөріс деңгейі әлеуметтік индикатор ретінде есептеудің өзгеше нүктесі болып табылады, оны халықтың тұрмыс деңгейін бағалау мен кедейліктің өлшемі және жалақының, зейнетақының және өзге базалық әлеуметтік төлемақылардың ең төменгі мөлшерін негіздеу үшін пайдаланады. Сондықтан мемлекеттік әлеуметтік стандарттар 2006 жылдан бастап ең төменгі күнкөріс деңгейін есепке ала отырып белгіленеді, ал негізгі әлеуметтік төлемақылардың мөлшерлемелері бұл деңгейден төмен емес деңгейде белгіленеді. Ең төменгі күнкөріс деңгейін анықтауға жаңа тәсілдемелерді қабылдаумен байланысты кедейлік шегі өзгереді. Бұл жерде екі факторды бөліп көрсету қажет. Оның бірі - халықтың тұрмыс деңгейін бағалау, яғни тұрмыс деңгейі ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен азаматтардың үлес салмағын анықтау. Екінші фактор - бұл әлеуметтік көмек көрсету. Барлық елдер өзінің мүмкіндіктеріне қарай азаматқа, отбасына әлеуметтік көмек көрсетілетін шекті анықтайды. 2008 жылы әлеуметтік көмекті әр түрлі нысандарда 2506 мың адам алды. Қазақстанда атаулы әлеуметтік көмек халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің маңызды элементі болып табылады, ол ең төменгі күнкөрістің 40%-ы мөлшерінде белгіленген кедейлік шегінің жан басына шаққандағы табыстан төмен отбасыларына беріледі. Балалары бар отбасыларына Мемлекеттік жәрдемақы туралы заңға сәйкес 18 жасқа дейінгі (бала туғанда берілетін бір жолғы жәрдемақылардан басқа) балаларға жәрдемақы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 60 %-ы болатын отбасыларына беріледі.
Әлемдік тәжірибеде ол абсолютті кедейшілік ретінде қолданылады және «кедейшілік шегі» деп аталады. Кдейшілік шегі - бұл адамның негізгі қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қажетті табыстың минималды деңгейі. Қазақстанда да кедейшілік деңгейін өлшеу үшін күнкөріс минимумы қолданылады. Бірақ экономикалық теңсіздікпен тығыз байланысты болатын кедейшілік қоғамның барлық таптарының әл-ауқат деңгейімен қоса қарастырылуы керек. Есепке сәйкес, Қазақстанда кедейшілік деңгейін төмендетуге бағытталған мемлекеттік саяст тек абсолютті кедейшілік жағдайындағы адамдарға ғана емс, кедейшілікке душар болу тәуекелін болдырмауға да бағытталуы керек. Абсолютті кедей болу тәуекел қапі төнген адамдарды анықтау үшін күнкөріс минимумының екі мөлшеріне тең табыс деңгейінің шекті мөлшерін пайдалану ұсынылады. Табыстардың мұндай дңгейі минималды деңгеден жоғары болса да, қалыпты өмір сүру деңгейін қолдауға қажетті адамның физикалық және ойлау қабілеттерін қамтамасыз етуге мүмкіндік бермейді. «Жан басына шаққанда еліміздегі өмір сүру минимумы 2013 жылдың қарашасында 17 029 теңгені құрады. Бұл өткен аймен салыстырғанда 8, 6%-ға аз болса, өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда 2, 9%-ға артық», - делінген хабарламада. Кедейшілік мәселесі экономикалық және әлеуметтік аспектілерді және бақылау аспектісін қамтиды. Табыстар бойынша негізгі критерийлер - бұлкүнкөріс минимумы және кедейшілік шегі. Күнкөріс минимумы кедейшілік деңгейін анықтаудың негізі болып саналады жәнеминималды тұтынушылық қоржыны негізінде есептелінеді. Кедейшілік шегі күнкөріс минимумының бір бөлігін құрайды. Бұл көрсеткіш, ең алдымен, адрестік әлеуметтік көмекті көрсетуде мемлекеттің мүмкіндіктерін сипаттайды. Табыстар бойынша кедейшілік индикаторлары - бұл табыстары күнкөріс минимумнан төмен болатын халықтың үлесі, кедейшілік алшақтығы мен өткірлігі. Табыстық емес кедейшілікті бағалаудың негізгі критерийлері - бұл негізгі әлеуметтік игіліктер мен қызметтердің қол жетерлік минималды деңгейі. Денсаулық сақтау сферасында - бұл жан басына шаққандағы медициналық ұйымдары жоқ қоныстардың саны; білім беруде - бұл балаларды оқумен қамту, мектептері жоқ қоныстардың осаны, білім беру мекемелерінде материалдық көмек көрсетілгендер; әлеуметтік көмек жүйесінде - халықтың осал топтарына көрсетілген көмекпен қамту және оның мөлшері. Кедейлер үшін әлеуметтік инфрақұрылымның қол жетерлігінің жанама индикаторлары болып денсаулық, білім, өмірдің орташа ұзақтығы, әлеуметтік деградация (алкоголизм, нашақорлық, жезөкшелік, қылмыстық) көрсеткіштері, сондай-ақ халықтың көші-қонысының көрсеткіштері табылады. Бірақ бар индикаторлар кедейшіліктің барлық аспектілерін толық көрсетпейді. Физикалық инфрақұрылымның қол жетерлігінің индикаторлары кедейшіліктің коммуникациялардан алшақтық, табиғи немесе энергетикалық ресурстардың шектеулігі сияқты факторларын ашып көрсетеді, бірақ олар қажетті шараларды жасауда жеткіліксіз көлемде қолданылады.
Халықтың табысты экономикалық дамуы мен әл-ауқаты жоғарылауының дәлелі орнықты еңбекақының өсімі болып табылады. Қазақстанда соңғы 10 жылда, 2000 жыл мен 2011 жыл аралығында, орташа айлық номиналды еңбекақы деңгейі 6, 3 есе ұлғайды. Егер 2000 жылы орташа айлық номиналды еңбекақы көлемі 14 374 теңгені құраса, ал 2011 жылы ол 90 028 теңгені құрады.
Осы көрсеткіш бойынша ТМД елдеріндегі жағдай қалай? Достастық елдер арасында Қазақстан еңбекақы көлемі бойынша 2000 жылдан бері көптеген елдерден тұрақты озып келеді. Атап айтқанда, 2010 жылы номиналды еңбекақы (доллармен) Әзербайжанда - 414, Беларусьте - 406, Украинада - 282, Тәжікстанда 80-ді құрады.
Әрбір жұмыс істейтін жанды үнемі мазалайтын жайт - ол еңбегінің лайықты бағаланып, тиесілі ақысының төленуі. Ел азаматтарының еңбегінің құны мен табысы да осы орташа жалақының деңгейімен анықталады. Қазақстандағы жалақының өсімі дағдарыс жылдарына тап келгендіктен ресми деректерде жіпке тізгендей көрсетілетін әдемі цифрларды инфляция жұтып жатқаны анық. Жалпы, соңғы үш жыл ішінде орташа айлық номиналды жалақының өсімі жылына 7 пайыздан артық көрсеткішті құрап отыр. Ресми мәліметтерде осы мөлшердегі қарқынмен халықтың ақшалай табысы да өскені айтылады. Бізде кедейшілік шегін есептеу 2000 жылы шыққан үкіметтің қаулысына сәйкес жүзеге асады. Қаулыда «кедейшілік шегі экономикалық мүмкіндіктерге байланысты Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен анықталады» деп анық көрсетілген. Нақты критерийлер мен сандар жоқ. Ал, дамыған елдердегі есеп мүлдем өзгеше. Біздің Кедендік одақ бойынша серіктесімізде де күнкөріс минимумынан төмен табысы барлар кедей саналады. Сондықтан, көптеген мемлекетте күнкөріс минимумы мен кедейшілік шегі дегеніміз - бір көрсеткіш. Ал бізде ол әртүрлі. Алайда, халықтың әл-ауқатының деңгейі тек жалақы, айлық табыс, зейнетақы және басқа да төлемдерден ғана өлшенбейді, өзге де факторлар бар. Егер кейбір тұтыну тауарларының бағасы жайында есептейтін болсақ, жағдай басқаша белең алары сөзсіз. Мәселен, негізгі азық түрлері ет, сүт, жұмыртқа құны әлдеқашан дамыған елдердегі бағамен теңесіп кетті. Іс жүзінде біздегі тұтыну себетінің деңгейі қазіргіден 2-2, 5 есе көп болуы тиіс. Жалақы - еңбектің күрделілігіне, саны мен сапасына сәйкес төленетін сыйлық (табыс) . Еңбекақы - қаржыландыру көзіне қарамастан, ақшалай немесе заттай түрде еңбекке төленетін ақылардың барлық түрі, сондай-ақ, әр алуан сыйақылар, қосымша төлемдер, үстеме ақылар мен әлеуметтік жеңілдіктер. Бұлардың қатарына арнаулы заңға сәйкес қызметкерлерге жұмыс істемеген уақыты (жыл сайынғы еңбек демалысы, мерекелік күндер, т. б. ) үшін берілетін ақша сомасы да жатады. Е-ны нормалау негізгі екі әдіс: орталықтық және келісімшарттық реттеу арқылы жүзеге асырылады. Еңбекке ақы төлеуді орталықтан реттеу дегеніміз Е. тарифтерін, қызметкерлердің барлық категорияларына Е. төлеуге арналған бірегей тарифтік кесте қолданудың негізгі шарттарын, қызметкерлердің кәсіби біліктілігі бойынша сараланған разрядаралық кесімді коэффициенттерді, т. б. мемлекеттің тағайындауын білдіреді. Яғни Е-ны орталықтан реттеу мемл. нормалау тәсілі болып саналады. Сондай-ақ, Е-ны келісімшарт арқылы нормалау әдісі де қолданылады. Нарықтық қарым-қатынастардың, еңбек нарығының қалыптасу жағдайында Е. мөлшерін ұжымдық-келісімшарттық және жекеше-келісімшарттық реттеудің (ұжымдық және жеке еңбек келісімшарттары, шарттамалар) үлес салмағы артып келеді. Ал орталық реттеу тәртібі, негізінен, мемл. бюджет есебінен қаржыландырылатын мекемелер мен ұйымдар қызметкерлерінің еңбегіне қатысты қолданылады. Жалақының ең аз мөлшері - Қазақстан Республикасының Конституциясы кепілдік беретін меншік түрлеріне қарамастан, ұйымдарда жалданып жұмыс істейтін адамдарға төленетін ақшалай төлемдердің ең аз мөлшері. Жалақының ең аз мөлшерін Қазақстан Республикасының Парламенті жыл сайынғы республика бюджеті бойынша анықтайды. Мемлекет жалақының ең аз мөлшеріне кепілдік береді. Соның өзінде бұл ереже олардың қызмет саласы мен ведомстволық бағыныштылығына қарамастан, экономиканың мемлекеттік секторының барлық кәсіпорындары мен ұйымдарының қызметкерлеріне, сондай-ақ жекеменшік ұйымдарда жалданып жұмыс істейтін қызметкерлерге де қатысты. Еңбекақынын ең аз мөлшері жылға тиісті бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңы белгіленеді және жыл сайын қайта қаралады. Мысалы, 2005 жылы еңбекақының ең аз мөлшері жеті мың теңгені құрады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz