Айқышгүлді егістік,жемдік,көкеніс дақылдарының зиянкестері



I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
Зиянкестер туралы түсінік
Өсімдік зиянкестері
Өсімдік аурулары
Айқышгүлді дақылдарының зиянкестері.
Айқышгүлді қандалалар,күресу шарасы.
III.Қорытынды
IV.Пайдаланған әдебиеттер
Өсімдік зиянкестері – мәдени және жабайы өсімдіктерді зақымдайтын не мүлде құртып жіберетін жәндіктер. А. ш. өсімдіктерінің негізгі зиянкестеріне омыртқалы жануарлардан – сүтқоректілер, әсіресе кемірушілер (саршұнақ, қарақас,тышқан, қосаяқ, аламан тышқаны, т.б.); омыртқасыздардан – бауыр аяқты былқылдақ денелілердің кейбір түрлері,бунақденелілер, өрмекші тәрізділер, көп аяқтылар, жұмыр құрттар, құстар(қарға, қараторғай), кенелер, моллюскілер жатады. Ең көп зиян келтіретіндері – бунақденелілер, олардың түр құрамы көп, өсімтал және жылдам өсіп жетіледі. Өсімдікқоректі жәндіктер мен кенелер қоректі талғап алу дәрежесіне қарай полифагтар (әр түрлі тұқымдасқа жататын өсімдіктермен қоректенушілер), олифагтар (бір тұқымдасқа жататындармен қоректенушілер), монофагтар (бір ғана өсімдік түрімен қоректенушілер, жалаңқоректілер) болып бөлінеді. А. ш. дақылдарына, жайылым мен шабындыққа үлкен зиян келтіретін көпқоректілер: тікқанаттылардан – шегірткелер, бұзаубастар; қаттықанаттылардан – шыртылдақтар, қара денелілер, жапырақ жемірлері; қабыршаққанаттылардан – күздік көбелек, мақта түн көбелектері,шалғын көбелегі, т.б.
1. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы,
2. Қ.Қайым,Б.Муханов,Р.Сәтімбекұлы,М.Шаймарданқызы, "Жануартану"(1998), 114 б.
3. Өсiмдiктердiң қорғауы бойынша анықтама, Сагитов А.О., Исмухамбетов Ж.Д., А., 2004.
4. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Экология және табиғат қорғау. А.Қ.Құсайынов. – Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002 жыл. – 456 бет.
5. Агибаев А.Ж, Тулеева А.К «Ауылшаруашылық дақылдарын зиянкестері мен аурулардан қорғау» Алматы 2014,50-55 бет
6. Можаев Н.И., ӘріновҚ.К.,т.б. Өсімдік шаруашылығы.-Ақмола,1993.
7. Қ. Әріпов, А.Нағымтаев, М.Ысқақов,Н.Серікпаев,И. Жұмағұлов. Агрономия негіздері.-Астана.2007.

Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі
Семей Қаласы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

Тақырыбы: Айқышгүлді егістік,жемдік,көкеніс дақылдарының зиянкестері.

Орындаған: Мұратбекова Бағдат
Тобы: АГ-413
Тексерген: Мұхамеджанова Орынгүл

Семей 2015ж
Жоспар:

I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
Зиянкестер туралы түсінік
Өсімдік зиянкестері
Өсімдік аурулары
Айқышгүлді дақылдарының зиянкестері.
Айқышгүлді қандалалар,күресу шарасы.
III.Қорытынды
IV.Пайдаланған әдебиеттер

Өсімдік зиянкестері - мәдени және жабайы өсімдіктерді зақымдайтын не мүлде құртып жіберетін жәндіктер. А. ш. өсімдіктерінің негізгі зиянкестеріне омыртқалы жануарлардан - сүтқоректілер, әсіресе кемірушілер (саршұнақ, қарақас,тышқан, қосаяқ, аламан тышқаны, т.б.); омыртқасыздардан - бауыр аяқты былқылдақ денелілердің кейбір түрлері,бунақденелілер, өрмекші тәрізділер, көп аяқтылар, жұмыр құрттар, құстар(қарға, қараторғай), кенелер, моллюскілер жатады. Ең көп зиян келтіретіндері - бунақденелілер, олардың түр құрамы көп, өсімтал және жылдам өсіп жетіледі. Өсімдікқоректі жәндіктер мен кенелер қоректі талғап алу дәрежесіне қарай полифагтар (әр түрлі тұқымдасқа жататын өсімдіктермен қоректенушілер), олифагтар (бір тұқымдасқа жататындармен қоректенушілер), монофагтар (бір ғана өсімдік түрімен қоректенушілер, жалаңқоректілер) болып бөлінеді. А. ш. дақылдарына, жайылым мен шабындыққа үлкен зиян келтіретін көпқоректілер: тікқанаттылардан - шегірткелер, бұзаубастар; қаттықанаттылардан - шыртылдақтар, қара денелілер, жапырақ жемірлері; қабыршаққанаттылардан - күздік көбелек, мақта түн көбелектері,шалғын көбелегі, т.б. Шектеулі қоректілердің де астық тұқымдас өсімдіктермен қоректенетін көптеген түрлері (астық қоңызы, швед шыбыны, т.б.) кездеседі. Бұршақ тұқымдас өсімдіктерге аса зиян келтіретіндер - түйнек бізтұмсықтары, асбұршақ биті. Көкөніс дақылдарын қырыққабат ақ көбелегі,қырыққабат қоңыр көбелегі, қырыққабат күйесі, т.б. зақымдайды. Жалаңқоректілердің ішінде аса зияндылары жаздық бидайды зақымдайтын - астық сұр көбелегі, асбұршақ дән қоңызы, алманы зақымдайтын - алма жемірі. Бунақденелілердің өсімдікті зақымдауының негізгі екі түрі ерекшеленеді:
1) ауыз мүшелі кемірушілер; 2) ауыз мүшелерін шаншып сорғыштар.
Бірінші түрлері - жапырақтарды, сабақтарды, өркендерді зақымдап жесе, кейбіреулері ағаш қабығын, тамырын, діңін кеміріп жейді;
Екіншілері - қоректену алдында өсімдікке сілекей бездерінен бөлініп шығатын ферменттерін енгізеді, соның салдарынан биохимиялық өзгеріс туындайды.

Трипс.Ересек құрт-құмырсқа.
Өсімдік зиянкестері а.ш. өсімдіктерінің белгілі бір мүшесіне бейімделіп, сонымен қоректенген болса - тамыр, сабақ,жапырақ, бүршік, гүл, жеміс, т.б. зиянкестері деп ажыратылады. Олардың таралуы және егістіктің белгілі бір өсімдіктерінде зиянкестердің бірнеше түрлерінің шоғырланып қалыптасуы - қоршаған ортаның өзгеру жағдайымен, зиянкестер түрлерінің сол ортаға бейімділігімен тікелей байланысты. Қоршаған орта факторларының үйлесімділігі (жылылығы, ылғалдылығы, жауын-шашыны, жыртқыштары, тоғышарлары) көптеген зиянкестердің көбеюіне әкеліп соқтырады. Оның алдын-алу үшін карантин ережесін сақтай отырып, ұйымдастырушылық, агротехникалық,биологиялық және химиялық шараларды дер кезінде қолдану керек. Өсімдік зиянкестерінен арылу үшін агротехникалық (ауыспалы егіс тәртібін сақтау, тыңайтқыш шашу, арамшөптерді отау, т.б.), биологикалық (Өсімдік зиянкестерінің паразиттерін, табиғи жауларын пайдалану), физика-механикалық (зиянкестердің өсіп-өнуіне тосқауыл қою, олардың жұмыртқаларын құрту), химиялық (улы химикаттарды пайдалану), биофизикалық және биохимиялық шаралар қолданылады. Өсімдік зиянкестерінен қорғанудың теориялық және практикалық мәселелерімен Қазақ өсімдік қорғау ғылыми-зерттеу институты мен респ. тиісті мекемелер айналысады.
Капуста ақ көбелегі(Pіerіs brassіcae) - капустаның және капуста тұқымдас өсімдіктердің зиянкесі. Ақ көбелектер тұқымдасына жатады. Қазақстанда кең таралған. Қанаты жайылғандағы ұзындығы 55 - 60 мм, қанатының үстіңгі жағы ақ, астыңғы жағы жасыл түсті, сарғыш, алдыңғы қанаттарының жоғарғы бұрышында орақ тәріздес қара жолақ және екі қара нүктесі бар. Жылына 2 - 4 ұрпақ беріп көбейеді. Қуыршақтары қыстайды, сәуір - мамырда көбелек шығады. Жұмыртқаларын топтап (15 - 200) капуста жапырағының астыңғы бетіне салады. Капуста ақ көбелегі 1-ұрпақтың жұмыртқаларын арамшөптердің жапырағына салады, ал келесі ұрпақтарын егістіктегі екпе айқыш гүлдер тұқымдасы өсімдіктерінің жапырақтарына салады. Жұмыртқадан жаңа шыққан жұлдызқұрттар (ұзындығы 40 - 45 мм) бастапқы кезде шоғырланып капуста жапырағымен, кейінірек өсімдік бойымен өрмелеп жан-жаққа таралып, дараланып қоректенеді. Қырыққабат ақкөбелегінің жұлдызқұрты өскен кезде, ағашқа, дуалға немесе үйдің қабырғасына өрмелеп шығады. Осы жерде оның сыртқы жамылғысы түсіп, қуыршаққа айналады. Қуыршақтан шыққан көбелектің кішкене жұмсақ қанаттары болады. Ол қанаттары қатайып, жазылғанша бірнеше сағат бір жерде отырады.Зақымданған өсімдіктің өсуі төмендеп, алатын өнім азаяды.
Күресу шаралары: егіс даласын өсімдік қалдықтарынан тазарту, арамшөптерді құрту, биологиялық және химиялық күрес шараларын қолдану.
Қырыққабат шыбыны - гүл шыбындары тұқымдасына жататын жәндік . Қырыққабат пен Қырыққабат тұқымдасы өсімдіктерінің қауіпті зиянкесі. Көктемгі қырыққабат шыбыны (Delіa brassіcae) және жазғы қырыққабат шыбыны (Delіa scaralіs) деп аталатын түрлері белгілі. Қазақстанда шыбынның екі түрі де кең таралған. Көктемгі қырыққабат шыбыны ашық сұр түсті, ұзындығы 6 - 6,5 мм, жылына 1 - 4 ұрпақ беріп өсіп-өнеді, сәуір - мыр]] айларында ұшып шығады. Жұмыртқаларын өсімдіктің тамыр мойнына немесе сабақтың түбіне таяу, топырақ бетіне әр жерге 13 - 15-тен топтап салады. Жұмыртқадан шыққан дернәсілдер қырыққабат тамырының бетіне немесе тамырына, сабағының тамырға жақын бөлігіне еніп қоректеніп, өсімдікті зақымдайды. Жазғы қырыққабат шыбыны көктемгі шыбыннан ірілеу, ұзындығы 7,5 - 8 мм, жылына бір ұрпақ беріп өсіп-өнеді. Шыбынның ұшып шығуы маусым - шілде айларында басталады. Жұмыртқаларын қырыққабат сабағына жақын топырақ арасына топтап салады. Дернәсілдері өсімдіктің тамыры мен көсеусабағын (тамыр қалдықтарын) зақымдайды. Зиянкестің екі түрінің де қуыршақтары топырақ ішінде қыстайды. қырыққабат шыбыныдары зақымдаған өсімдіктердің өсуі нашарлайды немесе тамырлары шіріп кетеді. қырыққабат шыбыны, әсіресе, көшеттерге өте қауіпті.
Күресу шаралары: ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіргенде агротехникалық шараларды дұрыс қолдану, егістікті инсектицидтермен өңдеу.

Қырыққабат бітесі(Brevicoryne brassicae) - теңқанаттылар отрядына жататын жәндік. Партеногенез жолымен дамитын қанатсыз аналығының ұзындығы 1,9 - 2,3 мм, пішіні жұмыртқа тәріздес көк жасыл сұр түсті. Қанатты аналығының ұзындығы 2,15 мм, басы мен кеудесі қоңыр, құрсағы сарғыш көк. Орамжапырақтар тұқымдасы дақылдарын, әсіресе, қырыққабатты көп зақымдайды. Қырыққабат бітесінің көбіне жұмыртқасы ғана қыстап шығады, ал Кавказдың субтропиктік аудандарында, Орта Азияның кейбір жерлерінде аналығы мен дернәсілі қыстайды. Көктемде жұмыртқадан дернәсіл шығып, одан қанатсыз аналық қырыққабат бітесі жетеді. Бұлар орамжапырақты арамшөптерде, тұқымдық қырыққабаттарда тіршілік етеді. Күзде жыныстық ұрпақ - аналық және қанатты аталық Қырыққабат бітесі жетіледі. Ол екеуі бір-бірімен ұрықтанып, аналық Қырыққабат бітесі қырыққабат өзегіне не арамшөптерге 2 - 4 жұмыртқа салады. Қырыққабат бітесі қырыққабаттың шырын сөлінен қоректенеді, оның жапырақтарын бүрістіріп, өсуін тоқтады.
Күрес шаралары: топырақты терең жыртып, арамшөптерді құрту. Түрлі инсектицидтер шашу.‎

Қандала(Hemіptera) - жәндіктер класының бір отряды. Ауыз аппараты шаншып-соратын тұмсыққа айналған. 40 мыңнан аса түрі бар. Қазақстанда 32 тұқымдасы, 370 туысы, 1,5 мыңдай түрі белгілі. Негізгі тұқымдастары: су қандалалары, ескекшілер, төсек қандалалары, т.б.
Бұлардың ауыз мүшесі шаншып-соруға бейімделген, бунақталған тұмсықшадан құралады. Көптеген қандалалардың қанат үсті- алдыңғы жұп қанатының қалыңдығы біркелкі емес: жиегі-көн тәрізді, қалың хитинді қабаттан құралған, қатқыл, ал үстіңгі жағы - жұқа , жұмсақ және мөлдір болып келеді. Қанатүстінің қалыңдығы біркелкі болмағандықтан, отряд шалақатқылқанаттылар деп аталады. Бұл отрядтағы бунақденелілердің кейбіреуінде қанатүсті - біркелкі қалыңдықта, ал кейбіреулерінде - қысқарған немесе мүлде жоқ болады.
Өсімдік қандалаларынан қасақы жалпайма, тауқандала астық тұқымдастарға орасан зор зиян келтіреді. Тауқандалалар тауда 2 мың метрге жуық биіктікте қыстап, наурыз - сәуір айларында көбею үшін арамшөпті алқапқа түсіп, жұмыртқа салады. Дернәсілдер жетілгенге дейін ересек тауқандалалар бидай егістігіне барып, масақтағы толысқан дәнді сорып, астық түсіміне нұқсан келтіреді. Шаршыгүл қандаласы көкөністер зиянкесі болып табылады.
Бүрге(Aphanіptera) - буынаяқтылар типіне жататын, масылдық тіршілік ететін ұсақ жәндіктер отряды. Олардың дүние жүзінде2500 түрі, ал Қазақстанда 400-дей түрі бар. Бүргелер бор кезеңінен белгілі. Бүргенің түсі сары аладан қоңыр-қызғылт түстерге құбылып тұрады. Денесі екі бүйірінен қысыңқы, бас, көкірек және қарын бөлімдерінен тұрады. Басында екі көзі (кейбір түрлерінде көру органы мүлдем жоқ), соруға бейімделген аузы болады. Бас-көкірек бөлімінде 3 жұп аяқтары бар, артқы жұп аяғы секіруге бейімделген. Қарын бөлімі 7 -- 8 сақинадан тұрады. Бүрге жұмыртқа салып көбейеді. Аналығы 3000-ға дейін жұмыртқа салады. Жұмыртқадан ақ құрт тәрізді дернәсілдер пайда болады, оның сыртында сирек ұзын түгі немесе қылшығы бар. Дернәсілдері топырақтағы органик. қалдықтармен қоректенеді. Б-лер 3 жылдай тіршілік етеді.
Бақшалық біте. Оны шіркей деп те атайды. Ол өсімдіктің сөлімен қоректенетін зиянкес. Және де өсімдіктер арасына саңырауқұлақ жұқпалары мен вирустарын таратушы. Бақшалық бітенің қас жауы - қанқыз. Сыртқы түсі ашық қызыл, улы жәндік. Құстар оны жемейді. Осы қанқыз бақша бітесінің көзін жояды.
Өсімдік бітесі бар жерде құмырсқа да ұя салады. Олар бір-бірімен дос. Бітеге қарсы химиялық дәріні жылына кемінде үш рет сепкен жөн. Бірінші рет - көктемде, өсімдіктер қарқынды өсіп келе жатқанында. Екінші рет - екі аптадан соң. Үшінші рет - өсімдік гүлдегеннен кейін. Өнім жинар алдында 3 - 4 апта ішінде әлгі химикат өсімдіктерге себілмеуге тиісті. Бітеге қарсы түрлі химикаттар қолданылады, оны бау-бақша дүкенінен, арнайы маманның ақыл-кеңесімен ғана сатып алған дұрыс.

Өрмек торлы егеуші. Орыс тіліндегі атауы - пилильщик. Өсімдіктің сабағы мен жапырағын өзінің өрмекші торымен көмкеріп тастайды. Өсімдікке егеуші түссе, жапырағы мен сабағы кеміріліп, бүрісіп, осы бүріскен жапырақтардың ішінде оның жұмыртқалары жасырынылады. Егеуші түссе, шиенің жапырағы қараяды, жемісі жұмсарады. Ортасындағы дәні сұйыққа толып, бұзылады.
Егеуші жер бетінде барлық жерге жұмыртқалай береді. Жұмыртқалары бақша өнімінің 70 пайызына дейін зақымдай алады. Өйткені, бір құрттың өзі бірнеше жемісті жейді. Орташа есеппен алғанда бір егеуші құртының жейтін жемісі - 4 алма. Осы орайда егеушінің бір аналығының 80 жұмыртқа салатынын еске алсақ, бұл бақша зиянкесінің біреуінен қаншама кесепаттың төніп тұрғанын оңай аңғаруға болады.
Егеушіге қарсы химиялық дәрілерді уақытылы өсімдіктерге сеуіп тұру қажет. Алғашқы себу көктемде, өсімдік әлі гүлдемей тұрғанда жасалады. Енді жеміс ағаштары гүлдеп болған кезде, себуді тағы да қайталайды. Дәріні таңертең және кешке себеді. Құрт түскен жемістер ерте үзіледі. Оларды дереу жинап алып, аулаққа апарып өртейді. Бақшада қалса, қайтадан құрттар көбейеді.
Пияз және сарымсақ зиянкестері. Олармен бірге пиязшықты әртүрлі аула гүлдерінің де зиянкестері бар. Оны бірден байқау қиын. Негізінен пиязшықты өсімдіктердің ең басты зиянкесі - ұлу, одан басқасы - пияз кенесі мен пияз шыбыны. Осындай (пияз, сарымсақ) көкөністер өсірген жерде қырықаяқ та кездеседі. Ол зиянкес емес, керісінше, ауру жапырақ пен тамырларды шірітіп, топыраққа пайда келтірушілер. Тек жауынды күндері пияздың басына өрмелеп, таңқурайға шығып, оларға зиянын да тигізеді. Өте қауіпті емес.
Пиязшықты өсімдік зиянкестеріне қарсы темекі үгіндісі мен әк қоспасы күшті құрал. Тең мөлшерде бұларды араластырып, пияз бен сарымсақ және өзге де пиязшықты гүлдердің түбіне апарып себеді.
Түнгі көбелек. Құрттары өте белсенді. Күндіз кездестіру қиын. Түнде күшті қимылдайтындықтан, олармен күресті кеш болғансоң-ақ бастаған жөн. Түнгі көбелектің құрттары бәрін де талғамай жей беретіндіктен, өте зиянды. Бұлар: бақшалық көбелек немесе қырыққабат көбелегі, олардың құрттары тым көбейіп кетсе, бақшаның сау тамтығы қалмайды. Осы зиянкестерге қарсы дәрі себіледі немесе кәдімгі жусан қолданылады.
Жұлдызқұрт. Оңай ажыратасың. Жиырылып, созылып, адымдап кетіп бара жатқандай қозғалады. Бау-бақша өсімдіктеріне, көптеген жасыл желекке қауіпті. Оған арнайы дәрілер пайдаланылады. Құстар да жұлдызқұрттың қас жауы. Сол себепті бақшадан ұсақ құстарды көп үркітпеген дұрыс.
Бұл зиянкесті болдырмау үшін күзде әйтпесе көктемде жиналған жапырақтарды, өсімдіктерді қалдықтарын бірден құрту қажет. Өртейді, алысқа апарып тастайды. Бақша бұрышында өткен жылдан жапырақ үйіндісі қалып қойса, жұлдыздықұрттың ұя салғаны. Сақ болыңыз.
Дрозофила шыбындары. Жаз маусымының екінші жартысында пайда болатын ұсақ шыбындар. Ұрық шашады. Өсімдік нәрімен қоректенуші. Шірік басқан алманың саңырауқұлақтарын басқа сау жемістерге таратып, ағашын ауыртады.
Көктемнен бастап оған қарсы күрес шаралары жүргізіледі. Дәрі себіледі. Ағаш діндері мен түбін айналдыра арнайы препараттармен өңдеу қажет. Қыста ағаш басында қалған кепкін жемістердің де көзін жойған жөн. Оның ішінде дрозофила шыбындарының жұмыртқалары қалады. Бақша шетінде жиналған арамшөптерге үйір.
Бау-бақша өсімдіктерінің аурулары
Боз шірік (сұр зең). Өсімдіктер көбінесе жаздың екінші жартысында осындай аурумен зақымданады. Өсімдіктердің зақымданған талшықтары қоңырқай тартады, күреңітеді, сосын жұмсарып шіриді. Сыртында сұрғылт түсті қалың қабат пайда болады. Көп ұзамай өсімдік тұтастай ауруға ұшырайды, қурап, құриды.

Күрес шаралары: өсімдіктер сирегірек отырғызылады, ауаның жақсы желдетуіне жол ашылады. Зақымданған бөліктерді қиып, алып тастайды, өртейді, дәрі себеді.

Өсімдік таттары. Таушымылдықты саңырауқұлақтардың екі түрі зақымдап, таттайды. Жазғы және қысқы спорлар - таушымылдықта, ал көктемгі спорлар - кәдімгі қарағайда паразиттік тіршілік етеді. Өсімдіктер зақымданғанда өзінде сәл дүмпиген төмпешіктер әйтпесе спорлар қоныстанған дақтар жиналады. Төмпешіктер реңі әртүрлі: көктемде көбінесе қызғылт-сары, жазда - ашық қоңыр немесе тотық түсті, күзде - күңгірт қызыл немесе қара түсті. Таттанғанда өсімдіктер солғын тартады, жапырақтары бүріседі, сабағының, өркендерінің, гүлі мен жемістерінің түрі өзгереді.
Күрес шаралары: зақымданған өркендер мен сабақтарды кесіп, жояды, түскен жапырақтарын да жинап алады. Жыртылатын тереңдікте топырағын қазып, қопсытады, жыртады. Дәрілер себеді.

Тамыр шірігі ауруы. Таушымылдықта туады. Топырақтың беткі қабатындағы саңырауқұлақтар мен бактериялар әкелетін ауру. Тамыр жүйесі қоңырқай тартады, жұмсарады, шіриді. Зақымданған тамырлардың сыртында қызғылтым, сұрғылт немесе қоңырлау түсті мең тәрізді қабат пайда болады. Өсімдік мүлдем солып қалады. Саңырауқұлақтар мен бактериялар таушымылдықты теңбілдік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Айқышгүлді егістік, жемдік, көкеніс дақылдарының зиянкестері туралы ақпарат
Айқышгүлді егістік,жемдік,көкеніс дақылдарының зиянкестері жайлы
Айқышгүлді егістік,жемдік,көкеніс дақылдарының зиянкестері туралы мәлімет
Айқышгүлді егістік, жемдік,көкөніс дақылдарының зиянкестері
Бақша, көкеніс дақылдары зиянкестері
Картоп және көкөніс зиянкестері
Ауыл шаруашылық дақылдарының негізгі организмдер тобы – энтомофагтар; гербифагтар
Картоп және көкөніс зиянкестері туралы мәлімет
Ауыспалы егіншілік,ауыстырылмайтын егіс, қайталап себу,монокультура
Картоп және көкеніс дақылдарының зиянкестері
Пәндер