Адамның психикалық дамуы


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Адамның психикалық дамуында алғашқы адамдардың қоғамдық санасында бейнеленген өндірістік қатынастардың маңызы зор. Қалыптасқан келе жатқан қоғамдық сана өз тарапынан, жеке адамдар санасында өзінің таңбасын қалдырып отырды.

Жануарладың бір-бірімен өзара қарым-қатынастарының ереушеліктерін олардың «өздерінің» өзгешелегі көрсетеді. Бір жануардың басқағ дыбыстар арқылы әсер етуі жануарлардың басқаға дыбыстар арқылы әсер етуі жануарлардың қарым-қатынасын білдіретін белгілі. Бұл кезде адамның сөздік қарым -қатынасын сипаттайтын үрдіс бола ма? Олардың сырттай ұқсастығы болатыны рас. Іштей бұл үрдістер түбегелей өзгеше болады. Адам өз сөзінде бір объективтік мазмұнды білдіреді және өзіне айтылғн сөзге дыбыстүрінде ғана емес, сөзде айтылған ақиқатқа жауап береді. Жануарлардың дауыспен қарым-қатынас жасауы бұдан мүлдем өзгеше болады. Мәселен, топтасып өмір сүретін құстарға топқа төніп тұрған қауіпті білдіретін арнайы дыбыстар болады. Жануарлардың бұл дыбыстарында объективтік нәрсенің тұрақты мағынасы болмайды.

Адам санасының пайда болуы және оның психологиялық сипаты дамуының жоғары, жаңа кезеңінің басталуын білдіреді. Санадағы беунелеудің жануарларға тән психикалық бейнелеуден айырмашылығы - бұл зат болмасының бейнеленуі.

Адамның саналы әректінің ерекшеліктері үш түрлі сипатта болады. бұл ерекшеліктердің біріншісінің мәні мынада: адамның саналы әрекетінің биологиялық ықпалдар мен қажеттіліктерге бағынбай, олармен үйлеспей, тіпті олардан басым болады (мысалы, батырлық) .

Адамның саналы әрекетінің екінші ерекшелігі, бүл жануарлардың мінез-құлқына қарағанда, оның ортадан алған көрнекті әсерлер арқылы айқындалуы міндет емес. Адам орта жағдайынан жануарларға қарағанда әлдеқайда терең білдіреді.

Үшінші ерекшелігінің мәні, ол адамның білімділігі мен іскерлігінің басым көпшілігі оның өзіндік тәжірибиесінің нәтижесі болмай, ұрпақтың тарихи-қоғамдық тәжірибесімен меңгеріледі. Бұл адамның саналы әрекетін жануардың мінез-құлқына түбегейлі өзгеше екенін көрсетеді.

Адам санасының дамуы әрқашан да жалпы тарихтың үрдістің барысына бағыныштыболды, оның қоғамдық болмыс, яғни сол қоғамның өмірі белгілейді. Ал бұл өмірдің аса маңызды шарты - материалдық өндіргіш күштердің, оның ішінде еңбек құралдарының даму дәрежесі болып табылады. Мысалы, тас заманындағы адамның санасы қола мен темір құралдары жасап, олардың пайдалана білетін адамдардың санасынан әлдеқайда қарапайым келеді.

Сана туралы тісінік

Жер бетіндегі тіршілік эволюциясының қолы жеткен ең жоғары жетістігі - ойлау білетін адамның дүниеге келуі. Адамның еңбек етуі, еңбек құралдарын жасап, оны пайдалануы оның санасының дамуына зор ықпал жасады. Адамды жаратқан да осы өндіруші еңбек. Еғбек ету арқылы ол өзінің түрлі тіршілік қажеттерін қанағаттандырып қоймай, айналасындағы дүниені тани түсуге де мүмкіндік алды. Еңбек ету арқылы адам тек материалдық игіліктерді өндіріп қана қоймай, өзінің ой-санасын, психологиясын да қалыптастырады.

Ф. Энгельс «маймылдан адамға айналу прцесіндегі еңбектің рөлі» (1875) деп аталған кітапшасында адамның дүниеге келу жолу сөз етеді. Ағылшынның ұды ғалымы Ч. Дарвин (1809-1889) біздің арғы тегіміз адам тектес мамылдардардан пада болғанын дәлелденген, мұндағы еңбек процесінің шешуші рөлін көрсете алмады. Энгельстің айтуынша, адамның жене және ойлау қабілеттерін жетілдіруде, оның миын дамытуда еңбек пен дыбысты тіл зор рөль атқарған. Маймылдың адамға айналу процесінің өзі де күрделі процес болған. Мәселен, олар алғашқыда ағаштың басында секіріп жүріп күн көруден жер бетіне түсіп тіршілік етуге, төрт аяқтап жүрудің орнына екі аяқтап жүруге мәжбүр болған. Мұның барлық тіршілік талаптарынан тұған әрекет еді. Бұл жөнінде Ф. Энгельс былай дейді: «Еңалдымен өздерінің бір нәрсеге өрмелеп шыққанда қолдың аяққа қарағанда өзге міндеттер атқаруын керек ететін тіршілік қалпының әсерінен болу керек, бұл маймылдар жермен жүргенде қолдың көмегімен ұмата бастап, барған сайын тік жүруді үйрене бастаған. Осы арқылы маймылдан адамға айналу үшін шешуші қадам жасалған».

Сөйтіп, күделікті өмірдің жағдайлары адамның арғы тегін аяқтап жүруден екі аяқтап жүруге, алдыңғы екі аяғының бірте-бірте өолдың қызметін атқаруына, өз қолымен қарпайым құралдар жасауына алып келеді. Адамның арғы тегі осы құралдары жасауына алып келеді. Адамның арғы тегі осы құралдарды күн көру үшін, аң аулау және жауынан қорғану үшін пайдаланатын болды. Құрал жасау мен бірге шын мәнісіндегі еңбек ету басталады. қол еңбек операциясын жасайтын арнаулы мүше ғана емес, сонымен бірге еңбектің нәтижесі. Алғашқы адамдар топтасып өмір сүрді. Кейін келе олар еңбек құралдарын бірлесіп істеп, оны бірлесіп пайдалана бастады. Еңбек адамзат қоғамының тууына жағдай жасайды.

Еңбек құралдарын жасау, онымен пайдалану адам организмінің анатомиялық құрлысына үлкен өзгерістер енгізді. Мысалы, біртіндеп омыртқа жотасы өзгеріске түсті, мойын омыртқалары ерекше жетілді, бас сүйегінің формасымен көлемінің өзгеруі, ми қабығы клеткаларының күрделенуіне мүмкіншілік туғызды. Сондай-ақ, олардың бет әлпеті (иек, таңдай, көмекей, тіс, ерін, т. б. ) күрделі өзгеріске түсті. Сөйтіп, адам еңбек ету процесінде сыртқы ортамен белсенді қарым-қатынас жасай отырып, бірте-бірте өз табиғатын да өзгертті, біртіндеп оның сана - сезімі өсе бастады. Еңбекпен айналысу психиканың материалдық негізгі мидің, ми сыңарларының ерекше дамуына жағдай жасады. Бұл өз тарапынан сезім мүшелерінің дамуына, дыбысты тілдің пайда болуына ықпал етті, мұның өзі тіршілік қажетіне байланысты шықты. Сөйлей әрекетінсіз адамдардың бірлесіп еңбек ету мүмкін болмас еді. Осы айтылғандардың нәтижесінде біртіндеп адамға тән психикалық процестердің (ойлау, ерік, қиял, т. б. ) мазмұны кеңейіп қалыптаса бастады. Адамның бес сезім мүшесінің пада болуы, Маркс айтқандай, бүкіл дүние жүзілік тарихтың жемісі болды. Қоғамдық-тарихи тәжірибе негізінде адамның музыкашыл құлағы, табиғаттың көркемдігін көре білетін көздер, сезімтал талғамы және басқа сезім органдары дамып жетілді. Бұл жағдай адамның өзіне, табиғат және өзін қоршаған басқа адамдарға қатынасын сезінуге, алдына мақсат қоя білуге мүмкіндік жасады. Осы факторлардың бәрі жиналып келіп мидың онан сайын дамуына әсер ете берді. Сөтіп, еңбек процесінде дамып қалыптасқан адам санасы жоғары дәрежеде ұйымдасқан материяның (мидың) ерекше қасиеті, яғни мидің жемісі болып шықты.

Ғылыми психология, сондай-ақ, сананың бақылауынан тысқары тұратын психологиялық құбылыстар болатындығын жоққа шығармайды. Орысша «безсознательное» және «подсознательное» деген сөзбен бейнеленетін осы ұғым философия, психология, психопотология, психиатрия, юриспруденция, өнер тану, тарих т. б. ғылымдарда жиі қолданылады. Мұны психологияға тұңғыш енгізген австрия психологы 3. Фрейд (1856-1939) . Осы мәселесінің табиғатын түсіндіруде ғалымдар түрліше пікір айтады. Мәселен, ғалымдардың бір тобы осы құбылыстардың санаға ешқандай қатысы жоқ феномен десе (Лейбинц, Бенске, Лотце, Фехнер т. б. ), олардың енді біреулері мұны потологиялық құбылыс деп қарастырады (3. Фрейд т. б) . материалистік философия мен психология осы құбылыстардың мәнін диалектикалық тұрғыдан түсіну қажет дейді. Біз саналы процестермен қатар санадан тыс құбылыстардың да болатыны, бұған түрлі инстинтік амалдар, соқыр сезімдер, ырықсыз қозғалыстар (ұйқысырап сөйлеу, ұйқы кезінде жүру, гипнозға илану, түс көру т. б) жататындығын білеміз. Санадан тыс құбылыстар жөнінде тәжірибеге негізделген материалистік пікір айтқан ғалымның бірі - И. М. Сеченев. осындай кезде мидағы қозу, тежелу процестерінің жұмысы баяу болып келетіндігін И. П. Павлов зерттеулері де дәлелденген. әйтсе де, осы құбылыстардың мән-мәнісі ғылымда әлі де жете зерттелген жоқ. Ал творчестволық іске әрдайым сананың қатысуы, оның айқын жұмысының қажетекендігін даусыз.

«Сана дегеніміз, - деп жазды К. Маркс, - ең таяу ортаны тану және өзін түсіну бастаған индивидтен тыс басқа адамдармен және заттармен арадағы шектеулі байланысты тану болып табылады». Сана жеке адамға тән дара қасиет. Адамда жеке санамен қатар өмір сүрген ортасына байланысты қалыптасқан қоғамдық сана да болады. Бұл екеуі бірімен -бірі тығыз байланысты. Жеке адам санасының мазмұныныа қоғамдық сана ықпал жасап отырады. Идеалдық мазмұны жағынан жеке адамның санасы қоғадық санасының көрінісі болып табылады. Адам санасының осы екі түрін де қоғамдық болмыс беогілейді. Экономикалық (өндірістік) қатынастарының өзгеруінеілесі, адамның санасыда өзгереді. Сананың дамуы сыртқы ортадан тәуелді болып отырады дейтін түсінікті ғылымда детерминистік принцип деп атайды. Детерминизм тек сана құбылыстардың пайда болу, даму жолдарын ғана түсіндірмейді, сонымен қатар, табиғаттағы заттардың барлығын шығу тегі объективті себептіліктің заңдылықтарына бағынады деп үйретеді. Себептілік дүниенің заттары мен құбылыстарының өзінің байланыстарының шексіз тізбегін, жан-жақты өзара әрекетті сипаттайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Психологияны зерттеудің негізгі әдістері
Бала психикасы дамуының қозғаушы күші
Психикалық даму және оқыту жайлы
Психика мен сана дамуы
Жас мәселесі және психикалық дамудың заңдылықтары
Адамның психикалық дамуының жалпы бағыты
Психикалық дамудың конституцуялық тежелуі
Психика мен сананың пайда болуы, бала психикасының дамуы
ІС-ӘРЕКЕТ ПСИХОЛОГИЯСЫ ТУРАЛЫ
Балалар психологиясындағы жаңатарау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz