Клеткалардың формасы және көлемі


Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

БАӨЖ №1

Тақырыбы: «Клеткалардың формасы және көлемі. »

Орындаған:Остаева Г. А

Топ:БТ-307

Тексерген: Бейсембаева. Ғ. Ш.

Семей, 2015

Жоспар:

1. Жасуша туралы түсінік.

2. Жасушалардың құрылысы және атқаратын қызметі.

Жасуша туралы түсінік.

Жасуша - тірі организмдердің (вирустардан басқа) құрылымының ең қарапайым бөлігі, құрылысы мен тіршілігінің негізі; жеке тіршілік ете алатын қарапайым тірі жүйе. Жасуша өз алдына жеке организм ретінде (бактерияда, қарапайымдарда, кейбір балдырлар мен саңырауқұлақтарда) немесе көп жасушалы жануарлар, өсімдіктер және саңырауқұлақтардың тіндері мен ұлпаларының құрамында кездеседі. Тек вирустардың тіршілігі жасушасыз формада өтеді. «Жасуша» терминін ғылымға 1665 жылы ағылшын жаратылыстанушысы Р. Гук (1635 - 1703) енгізген. Тіршілікті Жасуша тұрғысынан зерттеу - қазіргі заманғы биологиялық зерттеулердің негізі.

Жасушаның диаметрі 0, 1 - 0, 25 мкм-ден (кейбір бактерияларда) 155 мм-ге (түйеқұстың жұмыртқасы) дейін жетеді. Көпшілік эукариотты организмдер Жасушасының диаметрі 10 - 100 мкм шамасында. Жаңа туған жас сәбилерде - 2×1012 Жасуша, ал ересек адамның организмінде - 1014 Жасуша болса, организмнің кейбір тіндерінде Жасуша саны өмір бойына тұрақты болады. Жасушаның тірі заты - протоплазма. Ол биол. мембраналармен (жарғақтармен) шектелген биополимерлердің тәртіптелген құрылымдық жүйелері - цитоплазма және ядродан тұрады.

Эукариоттық клетка.

Эукариоттық клеткалар - 1 клеткалы өсiмдiктерден және қарапайымнан бастап (инфузориялар, талшықтылар және т. б. ) көпклеткалы саңырауқұлақтар, жануарларға және өсiмдiктерге дейiнгi организмдер-күрделiлiгi мен құрылымының әртүрлiлiгiмен ерекшеленедi. Арнайы ерекшелiктерi бар мыңдаған клеткалар түрiнен құрылымның ортақ белгiлерiн айтуға болады. Әрбiр клетка 2 негiзгi, айрылмайтын бөлiктер - цитоплазма мен ядродан тұрады. Цитоплазмада бiрнеше құрылым - органоидтар бар, әрқайсысының арнайы қызметi мен құрылысының ерекшелiк заңдылықтары немесе клеткаларының тiршiлiгiнiң әртүрлi кезеңдерiндегi тәртiбi бар. Барлық эукариотты - клеткаларға тән организмдер бар: митох, клетка орталығы, Гольджи аппараты, арнайы клеткалар түрiне тән организмдер бар, мысалы, миофибриллдер, кiрпiкшелер және т. б. Организмдер - Клетканың тұрақты, тiршiлiкке қажеттi құрамдас бөлiгi. Цитоплазмада органоидтардан өзгеше клеткалық тiршiлiк процесiне орай пайда болып, жойылатын тұрақсыз құрылымдары да бар. Олар тығыз құрылым - гранула немесе сұйықтары - вакуоль деп аталады. Клеткалардың тiршiлiк процесiнде зат алмасу өнiмдерi (пигменттер, белок гранулары) немесе қоректiк заттың қоры (май тамырлары, гликоген) жиналады. Клетканың құрылымдық ұйымдасу негiзiне құрылыстың мембраналық принципi жатыр, яғни әрбiр клетка негiзiнен мембранадан тұрады дегендi бiлдiредi. Барлық мембрананың құрылысы ұқсас. Биологиялық мембрана 2 қабаттан және фосфолипидтер қатарынан тұрады, оған әртүрлi тереңдiкте iшкi және сыртқы жағынан белоктың көптеген, әртүрлi молекулалары кiрiп тұрады. Биологиялық мембрананың қалыңдығы 7, 5 - 8, 0 нм. Цитоплазмалық мембранада көптеген майда тесiктер - поралар бар, олардың диаметрi 1, 0 нм-ге жуық. Поралар және мембрана арқылы иондар, молекулалар тасымалдануы жүредi. Мембрананың жартылай өткiзгiштiк қасиетi бар: бiр заттарды өткiзедi кейбiреуiн өткiзбейдi. Цитоплазмалық мембрана тағы бiр қызмет - көпклеткалы организмнiң ұлпаларында клеткалар арасындағы байланысты қамтамасыз етедi.

Эндоплазмалық тор.

Эндоплазмалық тор (ЭТ) клеткадағы каналдар мен қуыстардан тұратын таралған тордан тұрады, заталмасуы қарқынды жүредi, эндоплазмалық тор арқылы мембранадағы синтезделген заттар тасымалданады. Эндоплазмалық тордың орташа көлемi клетканың жалпы көлемiнiң 30-50% -ге дейiн құрайды. Эндоплазмалық тор мембранасының екi түрi бар: тегiс және бұдырлы. Тегiс мембранада май және көмiрсу алмасуына қатысатын ферменттi жүйелер орналасады. Мұндай мембраналар май бездерiнiң клеткаларында көп, ол жерде май синтезi жүредi, бауыр клеткаларында көп, ол жерде гликоген синтезi жүредi (көмiрсу немесе қант) қоректiк заттардың қорына бай клеткаларда көп (өсiмдiк тұқымдары) . Бұдырлы мембраналар қызметi - рибосомада жүретiн белок синтезi. Бұдырлы мембраналар биологиялық белсендi заттар гормондар түзушi бездi және жүйке клеткаларында көп. Сонымен, эндоплазмалық тор - каналында заттар тасымалдануы жүретiн жалпы клеткашiлiк циркуляциялық (коммуникациялық) жүйе, каналдың мембраналарында клетканың тiршiлiгiн қамтамасыз ететiн көптеген ферменттер бар.

Клетка ядросы.

Ядро - клетканың маңызды құрамдас бөлiгi. Клетка ядроларда гендер орналасқан ДНҚ бар. Осыған орай ядро 2 негiзгi қызмет атқарады: 1) генетикалық информацияны сақтап, ұрпақтан ұрпаққа беру; 2) заталмасу және организм дамуының процесiн реттеу. Көптеген клеткаларда 1 ядро бар. Кейде 1 клеткаларда 2-3 ядроны байқауға болады, мысалы, бауыр клеткасында. Ондаған ядролары бар көпядролы клеткаларда белгiлi. Ядроның формасы клетка формасына байланысты болады. Ядро қабықшасының кедiр - бұдырлы бетi ядроны үлкейтедi және ядро мен цитоплазманың құрылымдардың байланысын арттырады. Ядроны қабықша қаптап тұрады, олар 2 мембранадан тұрады немесе екi қабатты. Сыртқы ядролық мембранада рибосомалар орналасқан, ал iшкi мембрана тегiс. Ядро қабықшасы клетканың мембраналық жүйесiнiң 1 бөлiгi. Iшкi ядролық мембрананың өскiндерi эндоплазмалық тордың каналдарымен бiрiгiп, байланысқан каналдардың тұтас жүйесiн түзедi. Ядро және цитоплазма арасындағы заталмасу 2 жолмен жүредi. 1-ден, ядро қабырғаларында көптеген тесiктер бар, олар арқылы цитоплазма мен ядролар арасында молекулалық алмасуы жүредi. 2- ден, заттар ядродан цитоплазмаға және керi бағытта ядро қабықшасының өскiндерi мен ойыстарының жиырылуынан қозғала алады. Ядро қабықшасы ядроны цитоплазмадан бөлiп тұрады және ядроның iшкi ортасының - ядро шырынының болуын қамтамасыз етедi. Ядро шырынының құрамына ферменттер, рибосомаларды және хромосоманың құрылымдық белоктары кiредi. Сондықтан бүге, ядрошырынында бос нуклеотидтер, аминқышқылдар, ядрошық және хроматин қызметiнiң өнiмдерi бар. Хроматин деп ядроның барлық құрылымын және гранула, дөңбектерiн айтады. (грекше chroma - түс), олар кейбiр бояғыштармен қарқынды боялады. Генетикалық белсендi емес хроматин бар - ол гетерохроматин (грекше heteros - әртүрлi) генетикалық жағынан белсендi емес, хроматиннiң әртүрлi жәрежедегi спиральданған бөлiгiнен түзiледi. Гетерохроматин және дамудағы ерте немесе өте ерте кезеңде қолданылған, немесе «жұмысқа әлi кiрiспеген» гендерден құралады. Генетикалық белсендi хроматин - эухроматин (грек eu -толық) толығымен диспиральданған және жарық микроскоппен көрiнбейдi. Хроматиннiң эухроматиндi бөлiктiң құрамына өнiмдерiне нақты клетканың құрылысы барлық ерекшелiгi мен функциональдi белсендiлiгi кодтанған гендер кiредi. Ядроға тән тағы бiр құрылым - ядрошық. Ол ядрошықтарына батып тұрған толық домалақ дене. Әртүрлi клеткалар ядросында, және 1 клетканың ядросында оның функциональдi күйiне тәуелсiз ядрошық саны 1 ден 507 және одан да көп болуы мүмкiн. Бөлiнген кезде олар жойылып, бiткеннен кейiн ол қайтадан түзiледi.

Рибосомалар.

Рибосомалар - екi әртүрлi бөлiктерi - субьбiрлiгi бар органоидтар. Рибосомалар дөңгелек, диаметрi 15, 0-35, 0 нм. Олардың құрамына бiрдей мөлшерiнде белок пен РНҚ бар. цитоплазмада рибосомалар бос немесе эндоплазмалық тор мембранасының сыртқы бетiн (бұдырлы мембрана) және ядроның сытрқы қабықшасында орналасады. Синтезделетiн белок түрiне байланысты рибосомалар «бiр - бiрден жұмыс жасай алады» немесе комплекстерге бiрiгедi - полирибосомалар. Мұндай комплексте рибосомалар ұзын а-РНҚ -молекуласымен байланысады. Рибосомаларды (р-РНҚ) ядрода кейбiр хромосоманың ДНҚ молекуласында синтезделедi.

Гольджи аппараты.

Гольджи комплексiнiң негiзгi құрылымдық элементi - мембрана, ол ұзын, сопақша цистерналар, үлкен вакуольдер немесе майда көпiршiктер түзiледi. Гольджи комплексi белокты сөл бөлетiн клеткаларда, нейрондарда, овоциттерде жақсы дамыған. Гольджи комплексiнiң цистерналары эндоплазмалық тор каналдарымен байланыстырады. Эндоплазмалық тор мембраналарында синтезделген белоктар, полисахаридтер, майлар Гольджи комплексiне тасымалданып, оның құрылымының iшiне жиналады және не бөлiнуге дайын, немесе клетканың тiршiлiк пройесiнде пайдалануға дайын сөп түрiнде оралып - «буылады».

Митохондриялар

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Клетканың зақымдалуы туралы түсінік
Паренхималық клетка
Геметалар мен эмбриондарды бағалау
Сүттің микробиологиясы
Балалар және жасөспірімдердің өсуі мен дамуының жалпы заңдылықтары
Invitro жағдайында өсірілген өсімдік жасушыларының биологиясы
Сhlorella vulgaris клеткасының тіршілік ету қабілетіне сақтау ұзақтылығының әсері
Клетканың бөлінуі. Митоз және меиоз
Микробалдыр сhlorella vulgaris z-1 штамын ангидробиоз жағдайында сақтау нәтижелері
Апоптоз туралы жалпы түсінік, даму кезендері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz