ҚР инфляцияға қарсы саясаты туралы мәлімет


Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
СРО
Тақырыбы: ҚР инфляцияға қарсы саясаты
Орындаған:Жакенова Г. Е.
Топ:Вм-401
Тексерген:Қуантқан Биболат
2015-2016 оқу жылы
Семей қаласы
Жоспар
Кіріспе
- Инфляция түсінігі, пайда болу себептері
- Қ. Р. инфляция деңгейі
- Қ. Р. инфляцияға қарсы саясат жүргізудің бағыттары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Экономикалық құбылыс инфляцияның пайда болуын негізінен, қағаз ақшалардың шығуымен және оның қызметімен байланыстырады. «инфляция»термині латын тілінің «inflatio»сөзінен аударғанда «қампаю, ісіну» деген мағына береді. Алғаш рет Солтүстік Америкада 1861-1865 жылдары азамат соғысы кезінде пайда болып, айналымдағы қағаз ақшаларды, тым көбейіп кету үрдісін білдірген. Қазіргі таңда инфляция Қазақстан Республикасының ең өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Еліміздің президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 19-сәуір, 2006 жылы айтқандай: «2002-2005 жылдары жыл сайынғы шығын 27, 5 пайызды құраса, ақшамен есептегенде ішкі жалпы өнімнің өсуі 53, 2 пайызды құраған. Экономиканың қызуы көтеріле бастағанын біз сезіп отырмыз», соған қарағанда кейбір экономистердің айтып жүрген пікірлері бекер емес: «инфляция ырыққа көнбейтін деңгейге жетеді, экономиканың қызуы көтеріледі, яғни Қазақстан «Голланд ауруының» алдында тұр». Сонымен енді Қазақстанда тез арада шешуге қажетті пробемалардың бірі - инфляция.
Инфляция түсінігі, пайда болу себептері
Инфляция - бұл күрделі де көпфакторлы құбылыс. Ол ақша айналым
арналарының артық ақша белгіліремен аса толып кетуінің нәтижесінде тауар мен көрсетілетін қызметтердің бағасының өсуі. Латын тілінен аударғанда инфляция «көтерілу, қабыну» дегенді білдіреді. Ол қағаз ақша айналымына негізделген экономикаға тән және ұдайы өндіріс процесінің бұзылуымен сипатталады.
Инфляция ең алдымен тауар бағаларының өсуі және шетел валюталарының қымбаттауы ретінде көрінеді
Алтын немесе күміс ақша айналымы кезінде инфляция болмайды, неге десеңіз, ақша ол кезде құндылықтың белгісі емес нақты құндылықтың өзі болған; қажетті ақша көлемі алтын - күміс қорымен реттелген. Қағаз ақша айналымында жағдай басқаша қалыптасады. Мұнда қағаз ақша байлықтың тек белгісі ғана. Қағаз ақша қазына сақтау қызметін толық атқара алмайды. Қор сақтау үшін адамдар ақшасына құнды заттар алуға ұмтылады. Қор ретінде қағаз ақша шектеулі көлемде ғана сақталады. Олардың көбі айналымға шығарылады, айналымдағы ақша көлемі қажеттіліктен тыс өседі.
Артық ақша сұранымды арттырады. Артық сұраным, өз кезегінде, бағаларға қатты ықпал жасап, оларды көтеріп жібереді.
Батыс елдерінде 10 %-ке дейінгі баяу инфляция қауіпті деп саналмайды. Керісінше, белгілі бір жағдайда баяу инфляция экономиканың дамуын жеделдететін фактор ретінде түсіндіріледі. Баға өскенде тұрғындар тауарды көбірек сатып алады, себебі кейін ол одан да қымбат түсетінін біледі. Бұл, өз кезегінде өндірушілерді ұсынысты арттыруға ынталандырады, нарық тауарға тез толады. Инфляция жағдайында әртүрлі салаларда баға бір қалыпты өспейді. Сондықтан, инфляция экономикада қалыптасқан диспропорцияларды түзетуге және нарық шаруашылығын сауықтыруға мүмкіндік береді. Баяу инфляция кезінде бағалар еңбекақыдан тезірек өседі. Бұл жағдайда өндіріс шығындары төмендеп, кәсіпкерлік дамиды.
Бірақ 10 %-тен асқанда инфляция қауіпті. Экономика әсіресе гиперинфляция кезінде тез күйрейді. Гиперинфляция жағдайында бағалар деңгейі бірнеше процентке емес, бірнеше есеге өседі, ақша тез құнсызданады, өндіріске инвестиция жасау тиімсіз болады. Сондықтан қаржы ресурстары айналым мерзімі қысқа сауда сферасына ауысады. Сауданың пайдасынан қоғамға тигізетін зияны көптеу, алып - сату (спекуляция) түрі тез қамтиды. Спекулятивті бизнес ұсыныстың өндірістің өсуіне ықпал жасамайды, керісінше өндіріс тоқырауға ұшырайды. Тоқырау мен инфляция қосылған соң нарықтықтың оңды әсерлері толық жойылып, нарық механизмі енді экономикаға теріс әсер ететін болады. Сондықтан стагфляциядан шығу үшін мемлекет тарапынан инфляцияға қарсы жедел және жүйелі іс - шаралар бағдарламасы жасалып іске асырылуы қажет болады.
Инфляция - бағалардың жалпы өсуі, табыстардың құнсыздануы. Елдегі тауар рыноктарының көбінде тепе - тендік бұзылса, бағалар тоқтаусыз өседі. Инфляция - бұл жалпы ұсыныс пен сұраным ұсынымнан артық болса, бұл тауарға баға деңгейі өседі. Бірақ мұндай жекелеген нарық сәйкесіздігі инфляцияны қалыптастармайды. Инфляция - бұл рыноктардың көбінде сұранымның артуынан қалыптасқан тепе-теңдіктің бұзылуына байланысты пайда болған елдегі баға деңгейінің жалпы өсуі.
Ақша сұранысынан тыс тауар бағалары еңбек өнімділігіне, нарықтың монополизациялануына, жаңа салық ставкаларына, сыртқы экономикалық жағдайға, мемлекеттік реттеуге және басқа да себептерге байланысты өзгеруі мүмкін. Яғни бағаның өсуін көптеген себептер қалыптастырады. Бірақ бағаның кез келген өсуі де инфляция емес. Сондықтан жоғарыда келтірілген себептердің арасынан инфляцияны қалыптастыратынын анықтап алу қажет.
Инфляцияның негізгі себептері: ақша тауарларды сатып алу қабілеті, күшті валютамен салыстырғанда құнсызданады. Инфляцияны былай түсіндіру, яғни ақшаның алтынға қатысты құнсыздануы, алтынды бұрынғыша ақша сияқты жалпылама эквивалент деп қарастыруда жатыр. Ең алдымен, бағаның өсуі - тауарға сұраныстың оның ұсынысынан артық болуымен байланысты. Белгілі тауар нарығында сұраныс пен ұсыныстың сәйкестігінің бұзылуы, әлі инфляция емес. Инфляция - елдегі баға деңгейінің өсуі. Бағаның көтерілуіне нақтылы экономикалық жағдайлар да әсер етеді. Сонымен баға өсуінің инфляциялық себептеріне нені жатқызамыз?
Мысалы, экономиканың конъюнктуралық ауытқуына байланысты бағалардың өсуін инфляцияға жатқызуға болмайды. Еңбек өнімділігі өскенде баға деңгейі төмендейді. Бірақ егер негізгі өндіріс салаларында еңбекақы деңгейі еңбек өнімділігінен тез өскен болса, онда ұлттық шаруашылықта «шығын инфляциясы» деп аталатын жағдай қалыптасып, бағалардың жалпы деңгейі өседі.
Инфляция негізінен шаруашылықта қалыптасқан әртүрлі диспропорцияға байланысты болатынын ескере отырып, оның негізгі себептерін қарастырып көрелік.
Инфляцияның пайда болу себептері:
Біріншіден, бұл мемлекеттік шығындар мен табыстар арасында қалыптасқан диспропорция немесе тепе - теңдіктің бұзылуы. Бұл мемлекет бюджетінің тапшылығы түрінде көрінеді. Егер тапшылық Орталық банктің несиесі, яғни айналымға қосымша ақша шығару арқылы қаржыланған болса, онда бұл айналымдағы ақша массасын арттырады, сондықтан инфляцияны қалыптастыруы мүмкін.
Екіншіден, егер инвистицияларды қаржыландыру, жоғарыда айтылған әдіспен, яғни Орталық банктің несие беруімен жүргізілетін болса, онда бұл да инфляцияның себебіне айналуы мүмкін.
Үшіншіден, осы күнгі экономикалық теория бағалардың жалпы өсуін ХХ ғасырда нарық құрылымының өсуімен түсіндіреді. Бүгінгі нарық - көбіне олигополия түрінде қалыптасқан. Осы күнгі ірі фирмалар (тауар өндірушілер, ұсынушылар) белгілі бір деңгейде нарық бағасына ықпал жасап, өз өніміне бағаны өзі белгілей алады. Фирма - олигополия бағаның өсуін қолдамаса да оның деңгейін түсірмеуге ұмтылады, нарықта қалыптасқан баға деңгейінің тұрақты болуына мүдделі. Қалыптасқан өндіріс түріне жаңа фирмалардың келуіне шек қою арқылы олигополиялық фирмалар жалпы сұраным мен ұсыным арасындағы диспропорцияны мүмкін болғанша ұзақ ұстап қалуға ұмтылады.
Төртіншіден, ұлттық экономикалардың «ашыла» түсуіне, олардың дүниежүзілік шаруашылық қатынастары жүйесіне тартылуына байланысты инфляцияның бір елден екінші елге ауысуы қауіпі артады. «Импортталған инфляциямен» күресу мүмкіншіліктері де шектеулі келеді. Әрине, ұлттық валютаның бағасын арттырып импортты арзандатуға болады, бірақ бұл жағдайда экспорт қымбаттап, ұлттық өнімнің әлем нарығындағы өтімділігі кемиді.
Бесіншіден, «инфляцияны тосу» деген жағдайда байланысты инфляциялық процесс өзін-өзі қолдап жалғаса береді. Батыс елдерінде, көптеген экономистердің пікірінше, «инфляцияны тосу» психологиясын жеңу антиинфляциялық саясаттың негізгі мақсаты деп анықталады. /10, 110б. /
«Инфляцияны тосу» механизмі экономикаға қалай әсер етеді? Мәселе мынада: адамдар біраз уақыт бағалардың өсуін көріп, олардың болашақта төмендеуінен күдер үзеді де, жаппай тауар сатып алуға көшеді. Сонымен қатар олар еңбекақы деңгейін көтеру туралы үкіметке талап қояды. Еңбекақының өсуі тұтынушылық сұранымын одан әрі арттыра түседі.
Инфляцияның себептері сан қилы, бірақ әр кезде олардың белгілі бір комбинациясы (құрамасы) қалыптасады. Айталық, Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Батыс Европа елдерінде тапшылыққа байланысты өте күшті инфляция қалыптасқан. Соңғы жылдары Батыс елдерінде инфляцияның негізгі себебі мемлекет шығындарының өсуі, «баға - еңбеқақы», «инфляциялық тосу», «инфляцияның бір елден екінші елге ауысуы» және басқалары болды. Бұрынғы Кеңес Одағындағы инфляцияның негізгі себебі ретінде әкімшілік жоспарлау жүйесінде қалыптасқан экономикалық диспропорцияларды айтуға болды.
Қазақстанда 2001-2003 ж. ж. арналған Ұлттық өндірісті дамыту бағдарламасы жасалған болатын. Қазақстан Үкіметі 2001-2005 ж. ж., арналған қысқа мерзімдік Ұлттық өндіріс салаларын қолдау бағдарламасын бекітті. Соңғы жылдары Қазақстандағы Аграрлық саясаттың бағдарламасы жасалуда.
Инфляция деңгейі
2005 ж.
% бойынша
бағалары
2005 ж. маусы -
мынан 2005 жылдың мамырына дейін
ерлер аяқ киімі
балалар киімі
балалар аяқ киімі
әйелдер аяқ киімі
жас қияр
«Біз 2015 жылдың инфляциясы 6-8 пайыз дәлізінде болды. Жалпы, инфляциялық үрдістер Қазақстанда бәсеңдеуде. Маусым бойынша ол 0, 1 пайызға төмендеді. Бірінші жарты жылдықтың қорытындысы бойынша инфляция 1, 4 пайызды құрады, 2015 жыл туралы толық айтсақ, ол 3, 9 пайызға тең. 2014 жылдың инфляциясы 7, 4 пайызға тең болатын», - деді Қ. Келімбетов.
Оның айтуынша, ҚР Үкіметі мен Ұлттық банктің бірлескен шараларының қорытындысы болды. Атап айтсақ, Қазақстанда бағаның тұрақтылығы мен валюта бағамының тұрақтылығы айырбасы қамтамасыз етілді.
«Ұлттық банк бекіткен 2020 жылға дейінгі ақшалай-несиелік саясаттың мақсаты құнсыздану деңгейін 3-4 пайызда ұстау. Бұған біздің жұмысымыз бағытталмақ. 3-4 жыл ішінде біз бұл ауысуды жүзеге асырмақпыз», - деді ол.
Үкімет үшін инфляцияға қарсы саясат жүргізудің екі бағыты болады: оны бірте-бірте ұзақ мерзімді көздеп жүргізу немесе оны шұғыл жүргізу. Барлық жағдай елдің көлеміне, оның экономикасының болмысына, әлемдік нарыққа кірудің дәрежесіне және шарттарына, өзгерістерді халықаралық қаржы мекемелерінің қолдануына, ел ішіндегі әлеуметтік саяси жағдайға және т. б. байланысты болады.
Қазақстанда инфляцияның дамуы сұраныс пен ұсыныс инфляциясының әр қилы ұштасуын қолдану арқылы жүріп отырады.
Қазақстанда ақша массасының өсуінің үш себебін атап көрсетейік:
- Біріншіден, бюджеттік тапшылықты қаржыландыру үшін орталық банктерден келген несиелер;
- Екіншіден, Орталық банктің коммерциялық банктерге несиесі қайта қаржыландыру үшін несиелер ;
- Үшіншіден, ТМД мемлекеттеріне несие - олардың Қазақстанмен саудадағы тапшылығымен байланысты.
Аталған несиелердің көздері, негізінде ақша массасы өскен және инфляция жандана түскен ақшалай түрдегі базаны кеңейткен болатын.
Қазақстанның өтпелі экономикасында алғашқыда инфляцияға қарсы шаралар тек естен таңдыру терапиясының монетаристік әдісі қолданылды. Бұлар күткен нәтиже бермеді.
Қазақстандық экономикадағы инфляциялық процестер шаруашылықтың жалпы құлдырауымен, экономикалық байланыстардың бұзылуымен, тым өсіп кеткен басқару аппаратын қаржыландырумен байланысты. Сондықтан ресурсстарды жалпы үнемдеу және бюджет тапшылығын жою инфляцияға қарсы саясат жүргізудің басты құралына айналды.
Премьер-Министрдің айтуынша, инфляцияны реттеу мәселелері Үкіметтің айрықша бақылауында тұрған көрінеді. Бағаның өсуіне байланысты барлық мәселені Үкіметтің арнайы құрған тобы қатаң бақылауға алған. Қазір алдын-ала жасалған талдаулар негізінде инфляцияның белгіленген дәлізден шықпауы үшін істің бәрінің жүйесі анықталып, жүйелі тапсырмалар берілген деседі. Бұл да дәтке қуат.
Бірінші кезекте, тиісті органдар сыртқы сауда секторы есебінен болатын баға өсімін терең зерттеуге кіріскен. Біздің ішкі рыногымыз қанша дегенмен әлемдік коңюнктураға тікелей байланысты ғой. Түрлі тауарлар мен қызмет түрлерінің бағасы сыртқы факторларға сәйкес күрт өсіп кетуі ғажап емес. Сондықтан импорт инфляциясын үнемі назарға алып отыру керек.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz