Былғары және тері өндірісінің шикізаты



1.Кіріспе
2.Негізгі бөлім
2.1 Былғары және тері өндірісінің шикізаты
2.2 Шикізаттың қасиеттері және оны алдын ала өңдеу
2.3. Былғары шикізаттарының түрлерінің сипаттамалары
2.4. Жасанды былғары
3. Қорытынды
Былғары мен тері шикізатына үй жануарлары мен жабайы аңдардың терісі жатады. Былғары өндірісінің шикізат қоры мал шаруашылығы болып табылады. Жалпы алғанда, былғары мен терінің тауарлық қасиеттері олардың қай түліктің терісінен жасалғанына ғана емес, сол түліктің қандай түқымның терісінен жасалғанына да байланысты. Терінің құрылымы. Тері - жануарлар денесінің сыртқы қабаты. Ол организмді сыртқы орта әсерінен қорғайды және сонымен қатар, денедегі зат алмасу, сыртқа шығару, жылу реттеу процессіне қатысады. Жануардың сыртынан денесіне қарай санағанда тері түкті немесе жүнді жабыннан, эпидермистен (қыртыс), дерма (өзең) мен тері асты клеткалардан (шел) түрады, төмендегі бейнеленген. Былғары шығару үшін терінің өзеңі, ал тері және тон үшін өзеңге қоса қыртысы мен түкті жабыны пайдаланылады. Қыртыс - терінің түкті жабыны астында жатқан үстіңгі қабаты. Қыртыс ақуызды клеткалардан қүралған. Оның өзеңімен шекарасы тегіс емес.
1. Мәдиев Ө.Қ., Айтөленова Қ.Т. Былғары және мех химиясы мен технологиясы. Алматы, «Білім». 1995.
2. Росленко И.Скорняжное дело. Серия «Учебный курс». Ростов-на-Дону: «Феникс», 1999
3. Орлова И.М., Эткин Я.С. Заготовки, первичная обработка и хранение животного сырья. М.: Колос, 1982. -208с . 5. Мадиев У.К. Минеральное дубление в производстве кож.- М., Легпромбытиздат, 1987, 120 с.

Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
Инженерлік технологиялық факультеті

Тамақ өндірісі және жеңілөнеркәсіп бұйымдарының технологиясы кафедрасы

СӨЖ
Тақырыбы: Былғары және тері өндірісінің шикізаты

Орындаған: Бекбаева М
Тобы: ТК-321
Тексерген: Бауыржанова А.З.

Семей
2015 жыл
Жоспар:

1.Кіріспе
2.Негізгі бөлім
2.1 Былғары және тері өндірісінің шикізаты
2.2 Шикізаттың қасиеттері және оны алдын ала өңдеу
2.3. Былғары шикізаттарының түрлерінің сипаттамалары
2.4. Жасанды былғары
3. Қорытынды

Былғары мен тері шикізатына үй жануарлары мен жабайы аңдардың терісі жатады. Былғары өндірісінің шикізат қоры мал шаруашылығы болып табылады. Жалпы алғанда, былғары мен терінің тауарлық қасиеттері олардың қай түліктің терісінен жасалғанына ғана емес, сол түліктің қандай түқымның терісінен жасалғанына да байланысты. Терінің құрылымы. Тері - жануарлар денесінің сыртқы қабаты. Ол организмді сыртқы орта әсерінен қорғайды және сонымен қатар, денедегі зат алмасу, сыртқа шығару, жылу реттеу процессіне қатысады. Жануардың сыртынан денесіне қарай санағанда тері түкті немесе жүнді жабыннан, эпидермистен (қыртыс), дерма (өзең) мен тері асты клеткалардан (шел) түрады, төмендегі бейнеленген. Былғары шығару үшін терінің өзеңі, ал тері және тон үшін өзеңге қоса қыртысы мен түкті жабыны пайдаланылады. Қыртыс - терінің түкті жабыны астында жатқан үстіңгі қабаты. Қыртыс ақуызды клеткалардан қүралған. Оның өзеңімен шекарасы тегіс емес. Түк қалташаларына жақын қыртыс өзеңге еніп жатады, ал ол өз кезеңінде қыртысқа емізікшелермен бойлап кеткен. Сондықтан да қыртысы сылынып тасталған тері бетінде белгілі бір суреттер көрініп түрады, оны бедер (мерея) деп атайды. Үлбір жасау үшін терідегі қыртысты бүзбай сақтау керек. Егер ол бүзылса, түктің өзеңмен байланысы нашарлап, кейінірек түгі түсіп қалатын болады. Қыртысы сақталған өзеңді тері ткані деп атайды. Өзең - терінің негізгі қабаты, ол коллагенді, эластинді және ретику- лин талшықтарының күрделі шиеленісуінен қүралған. Қарапайым коллаген талшықтарының диаметрі шамамен 5 мкм болып келеді. Осындай көптеген (30-300) қарапайым колла- ген талшықтары диаметрі шамамен 200 мкм болып келетін коллаген талшықтарының тобын қүрайды. Ал, қарапайым коллаген талшықтарының өзі диаметрі 0,1 мкм болатын 200-3000 фибриллалар жиынтығынан түрады. Коллаген талшықтарының тобы өзең қалыңдығына көлбей орналасады да, олардың көлбеу бүрышы және жуандығы жануарлардың табиғаты мен терінің қүрылымына байланысты болады.
Эластин талшықтары топ қүрамайды, бірақ тарам - тарам бо- лып кеткендіктен, қалың торлар жасайды. Ол торлар көбінесе түк қалташалары мен қан тамырлары айналасында орналасады. Ретикулин талшықтары тері өзеңінің барлық көлемінде қалың тор- лар қүрайды, әсіресе көп жиналуы өзеңнің қыртыспен астасқан жерінде болады. Өзең талшықтары арасында талшықаралық зат болады. Оның қүрамына былғары даярлау барысында өзеңнен шығып кететін альбу- миндер, глобулиндер, мукоидтар, муциндер, мукополисахаридтер және басқа белок тәріздес заттар енеді. Тері өзеңі екі қабаттан түрады. Бірі емізікше мен торлы қабаттардың шекарасы түк қалташалары орналасқан деңгей арқылы өтеді. Ал, шошқа, түйе және борсық терілерінің ерекшелігі - өзеңдегі бүл екі қабаттың шекарасы анық білінбейді, себебі түк каналдары өзеңінің өн бойынан өтіп жатады, терінің тік кесілген көрінісі . Жүннің әр талшығы үзына бойында үш бөліктен түрады: 1) қылтық немесе сыртқы бөлік, 2) түбір немесе қылтықтың түк қалташасындағы жалғасы және 3) тамыр - түбірдің жіңішкерген бөлігі. Ал жүн талшықтарының көлденеңінен кесіп қараса, шеңберлі орналасқан үш қабатты байқауға болады: сырт қабаты немесе кутику- ла, қабыршақ қабат және жүрекше. Жүннің толық алмасуын түлеу дейді. Жүннің әр талшығының формасы оның жуандығы мен үзындығына және қылтығының бүйра түзулігіне байланысты. Қылтықтың бүйра-түзуінің 6 түрі бар: тік, иілген сынық, толқынды, ирек және бүйра. Аң терісінде жүн талшығының бес санаты бар: бағыттаушы, қылшықты, аралықтық, түбіт және сезуші.
Шикізаттың былгары мен тері жасауға жарамдылыгын анықтайтын маңызды қасиеттері. Терінің сапасы, яғни оның толық бағалы былғары мен терінің белгілі бір түрлерін шығаруға жарамдылығы және илеу тәсілдерінің ерекшеліктері терінің төмендегідей қасиеттерімен анықталады. Терінің қалыңдығы былғарының неге жарайтынын және 100 шар- шы метр былғары шығару үшін қанша шикізат кететінін анықтайды. Терінің жамбасынан мойынына дейін (үзына бойына) және жон арқасының етегіне дейін (көлденеңінен) кішіреюін тартылуы (ширау, жиырылуы) деп атайды. Терінің ауданы оның пішімділік қасиеттерін анықтайды. Ауданы 20 дм дейінгі шикізат өңдеу тиімсіз деп саналады. Түкті жабынды терілерінің ауданы әр түрлі болып келеді. Тері мас- сасы мүйізді ірі қара, жылқы және басқа жануарлар терісінен өндірістік партия жасақтағанда үлкен рөл атқарады. Қой мен ешкі терісі ауданы- на қарай партияға сүрыпталады. Өнім сапасына, сондай-ақ терісінің тығыздығы, қыртыс қабатының қалыңдығы, жүнді жабынының даму дәрежесі, тері асты шел қабатының қалыңдығы, өзеңдегі емізікше мен торлы қабаттардың арақатынасы, терінің химиялық қүрамы, кемістік- ақаулары, түкті жабынның сипаты да әсер етеді. Шикізат сапасына төмендегідей бірнеше фактор әсер етеді. Жануарлардың пайда болуы мен өмір жагдайлары. Пайда болу факторларына түр, түқым, жыныс пен жануардың жасы жатады, өмір жағдайына климат, күту мен азықтандыру кіреді. Аң терісінің кейбір түрлері (тиін, түлкі терісі) үлысына қарай жіктеледі. Яғни, аң терісі қай өлкеде өндірілгені есепке алынады. Оны кряж деп атайды.
Сою уақыты мен тәсілдері. Күзде және ерте қыста сойылған малдың терісі қүнды деп есептеледі. Алу тегіне қарай тері сойылған және атылған деп ажыратылады. Теріні сыпыру (іреу) жылдам жүргені дүрыс. Сыпыру кезінде теріге, майға, пышақ тимеуге тиіс, оны теспей алу керек. Былғары шикізатын сыпыру жалпағынан (ақ жолақ бойымен тілу, яғни төстің, қарынның және шеткі мүшелердің ортасын ала) және бүйірден тілу әдісімен жүзеге асырылады. Ықшамдау және майсыздандыру. Теріні сыпырғаннан кейін оны ықшамдау үшін жабысқан жүннен, қоқыстан, ет, май кесінділерінен, шеміршек қалдығынан, сүйектен, жыныс сіңірлерінен түяқтан та- зартады. Аң терілерін майсыздандырудың маңызы зор, себебі теріні сақтаған кезде сапасын нашарлатып жіберуі мүмкін. Үлбір терілерін майсыздандыру механикалық жолмен немесе химиялық ерітінділер қолдану арқылы іске асырылады. Кейінгі жағдайда әлсіз сілті ерітіндісі, жуғыш заттар, эмульгаторлар, техникалық ерітікіштер қолданылады. Шикізатты консервілеу. Малдың жаңа ғана сыпырылған терісін жас тері деп атайды. Малды сойған сәттен бастап жас тері бактериялық және ферментативтік процестердің әсерінен өзгеріске үшырай бастайды. Бүлар беткі қабатының сілекейленуі, бахтарма түсінің өзгеруі, сасыған иіс, жүннің түсуі, т.б. белгілері арқылы білінеді. Теріні консервілеудің мақсаты - бактериалар дамуының алдын алу. Ол үшін әр түрлі тәсілдер қолданылады. Консервілеу түрлері: мүздату, қүрғату, ылғалды түздау, түздай қүрғату, сәулелендіру. Былғарыны өндіру үрдістері 11.5-суретте көрсетілген. Былғары және тері шикізатының сапасын бағалау және сұрыптау. Шикізат стандарты. Былғары мен тері өндірісінде шикізатты қабылдау және оны сорттау мемлекеттік стандарт (МЕСТ) негізінде жүргізіледі. Мемлекеттік стандартта тері шикізатын даярлау, оны былғары зауыттарына өткізу, шикізаттың топтастырылуы, оның сапа- сы мен сыртқы түріне қойылатын талаптар, қабылдау ережелері мен шарттары, салмағы, ауданы және сүрыпталуы белгіленеді. Қой, ешкі және шошқа терілерін ауданы бойынша, одан басқа терілердің салмағы бойынша қабылдайды. Былғары өндірісінің шикізаты төрт топқа бөлінеді: 1- ші топқа бүзау терісі (салмағына қарай), қүлын терісі 5 кг-ға дейін, қой мен ешкі терілері ауданы 30-70 дм2 аралығындағы және шошқа терісі; 2- ші топқа отқа ілінген бүзау, бота, тайлақ, ат есек (салмағы 10 кг дейін), шошқа терісі (ауданы 70-120дм^), шошқа бөксесі (ауданы 30-50 дм^);
3- ші топқа мүйізді ірі қараның терісі, ат, түйе, есек, бұғы, буй- вол, қодас (салмағы 10-17 кг), жылқының сауыр және қол терісі, түйе терісі, шошқа терісі (120-200 дм2), шошқа бөксесі (ауданы 50 дм2 артық); 4- ші топқа мүйізді ірі қараның, ат түйе, есек, буйвол, бұғы, қодас (салмағы 17 кг жоғары), шошқа терісі (ауданы 200 дм^ жоғары) жа- тады. Сапасына байланысты шикізат 4 сортқа бөлінеді (I, II, III, IV). Шикізаттың сорты кемістік-ақаулардың болуына және олардың қай жерде орналасуына ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Былғары өндірісінің шикізаты
Былғары шикізаты
Аң терісінің түрлері. Каракульдық мех шикізаты
Ірі қара мал шаруашылығы - мал шаруашылығының өнімді көп беретін саласы
Табиғи және жасанды былғары, үлпекті материалдар
Былғары және тері өндірісінің шикізаты жайлы мәлімет
Материалдардың классификациясы
Жүн. Жүн шикізаты, өнімдері
Қалдықтарды қайта өңдеу. Жүн мен қылшықты өңдеу. Стандартты емес шикізатты және спилокты өңдеу
Консервлеудің ылғалды тұздау тәсілі
Пәндер