Арамшөптер туралы түсінік және олардың ауылшаруашылығына келтіретін зияндылығы



1.Арамшөптердің заңдылықтары мен зияндылық шектері
2.Арамшөптердің биологиялық ерекшеліктері
Егістік жердерде өніп-өсіп, ауылшаруашылығына зиян келтіретін өсімдіктерді арамшөптер деп атайды. Олар тек егіс алқабында ғана емес, сонымен қатар жайылымдықтар мен шабындықтарда, орман алқаптарында да кездеседі.
Егер негізгі ауылшаруашылығы дақылдары егісінде басқа мәдени өсімдіктер кездессе, оларды арамшөп қоспасы дейді. Мысалы, бидай егісінде арпа, сұлы, не болмаса басқа мәдени өсімдіктер өссе олар арамшөп қоспасы болып есептеледі.
Кейбір арамшөптердің мәдени дақылдарға бейімділігі соншалық олардың даму кезеңдері, тұқымдарының көлемдері (ені, ұзындығы) бірдей болып келеді. Сондықтан, ауылшаруашылығы дақылдарының тұқымдарын осындай арамшөптерден тазалау қиынға түседі. Мысалға сұлы егісіндегі қарасұлы, тары егісіндегі итқонақ арамшөп тұқымдарын келтіруге болады. Мұндай арамшөптерді маманданған, немесе айырылмас серіктес арамшөптер деп атайды.
1.Егіншілік пәнінің дәрістер жинағы. Сейлгазина С.М Қаламов Б.Х
2. Егіншілік оқулық –Алматы
Ә.Ә. Әуезов, Т.А. Атақұлов, Қ.Ш. Жаңабаев

Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі Семей қаласы Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті

БАӨЖ

Тақырыбы: Арамшөптер туралы түсінік және олардың ауылшаруашылығына келтіретін зияндылығы

Тексерген: Каламов Б.Х
Орындаған:Какенова Г.К
Тобы:АГ-313

Семей 2015
Жоспар:
1.Арамшөптердің заңдылықтары мен зияндылық шектері
2.Арамшөптердің биологиялық ерекшеліктері

Егістік жердерде өніп-өсіп, ауылшаруашылығына зиян келтіретін өсімдіктерді арамшөптер деп атайды. Олар тек егіс алқабында ғана емес, сонымен қатар жайылымдықтар мен шабындықтарда, орман алқаптарында да кездеседі.
Егер негізгі ауылшаруашылығы дақылдары егісінде басқа мәдени өсімдіктер кездессе, оларды арамшөп қоспасы дейді. Мысалы, бидай егісінде арпа, сұлы, не болмаса басқа мәдени өсімдіктер өссе олар арамшөп қоспасы болып есептеледі.
Кейбір арамшөптердің мәдени дақылдарға бейімділігі соншалық олардың даму кезеңдері, тұқымдарының көлемдері (ені, ұзындығы) бірдей болып келеді. Сондықтан, ауылшаруашылығы дақылдарының тұқымдарын осындай арамшөптерден тазалау қиынға түседі. Мысалға сұлы егісіндегі қарасұлы, тары егісіндегі итқонақ арамшөп тұқымдарын келтіруге болады. Мұндай арамшөптерді маманданған, немесе айырылмас серіктес арамшөптер деп атайды.
Кейінгі кезде кеңшарлар мен ұжымшарлардың таратылып, олардың орындарына пайда болған ұсақ шаруашылықтарда агротехникалық шаралардың орындалмауына, ауыспалы егістіктердің жойылыуына, гербицидтердің шамалы қолданылуына, жердің дұрыс және дер кезінде өңделмеуіне байланысты ауылшаруашылық дақылдарының егістерінде арамшөптер етек алып жайылып кетті.Әсіресе, республиканың астықты солтүсітік өңірде қарасұлы және атпатамырлы арамшөптер (егістік сары қалуен, далалық шырмауық тағы басқалары ) қайтадан қаулап өсе бастады.
Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймағындағы жағдай дәл осындай.
Мәдени егіншіліктің ең басты көрсеткіші танаптың арамшөптерден тазалығы, кері жағдайда олар ауылшаруашылығына орасан зиян келтіреді. Олардың ең бастыларының ішінен мыналарға тоқтауға болады.
Көптеген арамшөптердің тамыр жүйелері өте күшті дамыған. С.А.Воробьевтің деректері бойынша қарасұлының тамыры 2,0 метр, ал егістік калуендікі бірінші жылы 3,5 метр, екінші жылы 5,75 метр, үшінші жылы 7,2 метр тереңдікке дейін өседі. Сондықтан, олар тіпті топырақтың терең қабатында жатқан ылғалды, коректік заттарды жақсы пайдаланылады.
Тамыр жүйелерінің күшті дамуына байланысты арамшөптер мәдени өсімдіктерге қарағанда ылғалды әлдеқайда көп жұмсайды. Бұған арамшөптер мен ауылшаруашылық дақылдарының транспирациялық коэффиценттерін салыстыру арқылы көз жеткізуге болады. Мысалы, бидай 1 грамм құрғақ зат құруы үшін 400 грамм, тары 250 грамм ылғал жұмсаса, ал осы астық тұқымдастарына жататын қарасұлыға 600 грамм ылғал керек, яғни ол ылғалды бидайға қарағанда 1,5 есе, ал тарымен салыстырғанда 2,1 есе көп жұмсайды.
Академик А.И. Мальцевтің деректері бойынша жылдық жауын-шашын қорының 20 пайызынан астамы арамшөптердің өніп-өсуіне жұмсалады. Мұның өзі жауын-шашын мөлшері аз Қазақстан Республикасы үшін өте зиян. Міне, сондықтанда арамшөптермен күрес - ылғал үшін күрес.
Арамшөптер өсіп-дамуына тек ылғалды емес, сонымен бірге қоректік заттарды ауылшаруашылық дақылдарына қарағанда жылма-жыл топырақтан әлдеқайда көп әкетеді. Соның салдарынан топырақтың құнарлылығы төмендейді. Мысалы, егістік калуен арамшөбі 36 центнер көк балауса түзу үшін әр гектардан 14 кг азот,30 кг фосфор және 120 кг клий сіңіріп алады. Осы жұмсалған коректік заттар әрбір гектар жерден 31,8 центнер күздік бидай, немесе 250 центнер қант қызылшасын өндіріуге жетер еді.
Арамшөптер топырақтың коректік заттарын ғана емес, сонымен бірге танапқа берілген минералдық тыңайтқыштардың 25-30пайызын пайдаланады.
Ауылшаруашылық дақылдары мен арамшөптердің арасында жарық үшін де күрес жүреді.Биік бойлап өсетін арамшөптер мәдени өсімдіктерді көлеңкелеп, фотосинтез процесін баяулатады, осының салдарынан өсімдіктердің көмір қышқыл газын сіңіруі нашарлайды және оларда органикалық заттардың түзіліуі төмендейді, яғни алынатын өнім азаяды. Биік өскен арамшөптер топырақтың беткі қабатын көлеңкелеп оның температурасын 2-40С-қа төмендетеді, сондықтан себілген тұқым көпке дейін өнбей топырақта жатып шіриді, немесе әртүрлі ауруларға шалдығуы мүмкін және кешігіп шыққан егін дәл уақытында пісіп жетілмей күзгі суыққа ұрынады. Бұл әсіресе жазы қысқа, күзі ерте түсетін Қазақстанның солтүстік облыстары үшін өте қауыпты жағдай.
Арамшөптер ауылшаруашылық дақылдарының зиянды организмдерін тарататын мекені болып табылады.Мысалы, қант қызылшасының қауіпті зиянкесі қант қызылшасы бізтұмсығының мекені алабота болса, ал егістік шырмауықта шалғындық көбелек дамып, ол кейіннен мәдени өсімдіктерге зиян келтіреді.
Кейбір арамшөптердің жемістері, тұқымдары улы болып, адамдарды және малдарды уландырады (қырықбуын, сарғалдақ, қара меңдуана, үйбидайық, кәдімгі қарамықша), ал жекелеген арамшөптердің жағымсыз иісі малдардан алынатын өнімдерді бүлдіреді. Мысалы, ермен, жуа сүтке ащы, кермек дәм береді. Жусан жапырақтары ойран шөп тозаңдары адамдарда пішен қыздырмасын қоздырады.
Арамшөптер және олардың тамырлары топырақ өңдегенде ауылшаруашылық машиналары мен құралдарының кедергісін 30 пайызға дейін арттырады. Осының нәтижесінде де еңбек өнімділігі төмендейді, жанар-жағар майдың шығыны көбейеді. Мысалы, арамшөбі басым 1 гектар жерді өңдеуге 29,6 литр жанармай жұмсалса, ал олар аз жерде бұл көрсеткіш 17 литрге тең.
Паразитті арамшөптер мәдени өсімдіктердің бойындағы шырынын сорып, олардың өніп-өсуіне кедергі жасайды, тіпті опат болуына әкеп соқтырады. Мысалы, күнбағыс сұңғыласы, арамшырмауық көкөніс дақылдарын, темекіні, картопты осындай жағдайға душар етеді.
Арамшөптер тамырынан бөлініп шығатын улы заттар мәдени дақылдардың дамуына кедергі жасайды. Мысалы, итқонақ арамшөбінің тамырынан бөлініп шығатын улы зат жүгерінің биіктігін кемітесе, ал татар ақсүттігені тамырынан бөлінетін зат жазғы бидай тұқымының өнгіштігін кемітеді. Ошаған, қарасұлы сияқты арамшөптер тікенектер, қылқандары, ілгіштері арқылы малдарға зақым келтіріп, олардан алынатын өнімдердің, әсіресе жүннің сапасын төмендетеді.
Арамшөптер басым болған алқапты бірнеше рет өңдеуге тура келеді, ол топырақтан үгітілуіне және ылғалдың жоғалуына әкеліп соғады. Жел эрозиясы қауіпі бар және жауын-шашын мөлшері аз Қазақстан Республикасы үшін бұл өте зиян.
Арамшөптер ауылшаруашылық дақылдарының өнімін күрт төмендетеді. Орыс агрономиясының классигі А.П.Костычевтың айтуынша арамшөптер ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Карантинді арамшөптер
Батыс Қазақстан облысы жағдайында кеміргіштерге жасалған фитосанитарлық мониторингтар, саны, зияндылығы және олармен күресу шаралары
Арамшөптердің жіктелуі
Арамшөптер және күресу шаралары
Топырақтың құрамы
Жусан жапырақты ойраншөп
Қызанақ дақылын өсіру технологиясы. Көкөніс дақылдарына зиян келтіретін бунақденелілердің таралуы, биологиясы,зияндылығы
Қазақстанда Ауылшаруашылықтың дамуы
Систематикасы мен таралуы
Арамшөптер
Пәндер