Аусыл ауруы


Жоспар:
1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім:
2. 1. Ауруға жалпы шолу
2. 2. Қоздырушысы
2. 3. Паталогиялық анатомиясы
3. Қорытынды
4. Пайдаланылған әдебиеттер
Аусыл - жұқпалы, жіті өтетін және тез таралатын аша тұяқты жануарлардың аса қауіпті ауруы, қоздырғыштары О, А, С, САТ-1, САТ-2, САТ-3, Азия-1 типтерінің бір немесе бірнеше варианттары. Өткінші қызбамен қоса ауыз қуысының кілегейлі қабықтарында, жұлықтың терісінде және тұяқтарының арасында, жалтыр танауында, желінде афтылар мен эрозиялардың болуы аурудың клиникалық белгілеріне тән қасиет. Ауырған жануарлардың клиникалық белгілері білінбей, жазылып кетуі мүмкін. Жаңа туған төлдерде аусыл өте жітілі түрде өтуі мүмкін, онда афты пайда болмайды және өліммен аяқталады. Аурудың бір типімен ауырып жазылған жануарлар аусылдың басқа типтегі қоздырғыштары жұғып, қайтадан ауруы мүмкін.
Індеттің көздері болып аусылмен ауырған жануарлар, оның ішінде аурудың жасырын кезеңінің 1 күннен 7 күнге дейін, кейде 21 күнге созылатын ескеру қажет, аталған жануарлар вирустарды сыртқы ортаға афтылардың қабықтарымен, сүтпен, сілекейімен, демалған ауамен, дәретімен және нәжістерімен сыртқа шығарады. Аусылдан жазылған, сонымен қатар аусылға қарсы егілген және аурулармен бірге тұрған кейбір жануарлар, ұзақ уақыт бойы вирустасығыш болып, індеттің қауіпті көзі айналуына мүмкін.
Аусылмен ауырған жануарлардан алынған залалсыздандырылмаған тағамдар мен шикізаттар, сонымен бірге ауру жануарлардың бөлінділерімен ластанған мал азығы, су, төсеніш, күту заттары, күтушілердің киімдері және аяқ киімдері, көліктер аусылдың вирустары ұзақ (1 жылға дейін) уақыт сақталатындықтан аусылдың таралу факторлары болып табылады. Аусылдың вирустары жұққан мал азығының, топырақтың, төсеніштің ұсақ бөлшектері желмен бірнеше шақырым жерге ұшып барады. Диагнозды эпизоотологиялық деректермен қоса, клиникалық белгілердің және лабораториялық зерттеулердің талдауын негізге алып қояды.
Ажырату диагнозын жүргізгенде везикулярлы стоматитті, вирустік диареяны, зілді катарлы горячканы, ірі қара обасын, шешекті және стоматитті ескереді. Аусылдың эпизоотиялық ошағы - ауру
немесе ауруға күдікті жануарлар орналасқан, сонымен қатар ауырып жазылған немесе ауру жануарлардан алынған тағам өнімдері мен шикізаттары бар өндірістік үй жайлар немесе заңды және жеке тұлғалардың аумағына кіретін бір немесе бірнеше үй-жайлар, жеке ферма, жеке аула, мал тұратын жазғы лагерь, жайылым учаскесі, ет өңдейтін кәсіпорын, мал сою пункттері, мал айдайтын трасса учаскесі, шекарадағы ветеринариялық бақылау бекеті, базарлар саналады
Ірі қара малын аусыл кезінде өртеу
Аусыл кезінде ауырған малды оқшаулау
Ауыз қуысындағы ойық жаралар мен күлдіреуіктер
Шошқа аяғы терісіндегі ойдымдар
Этиологиясы. Аусылды пикорновирустар тұқымдастығына, риновирустар туыстығына жататын, құрамында РНҚ бар афтовирус қоздырады. Вириондар өте майда-20-25 нм. Вирус антигендік қасиетіне қарай 7 серологиялық типке, ал әрбір тип бірнеше тармаққа бөлінеді. Вирустың типтері мен тармақтары бір-бірінен иммунологиялық қасиеттермен ерекшеленеді. Яғни, вирустың белгілі бір типіне иммунды жануар вирустың басқа типтері мен тармақтарына бейім келеді.
Дерттенуі. Вирус денеге негізінен тыныс мүшелері немесе ас қорыту мүшелері арқылы енеді. Әдетте ауыз немесе танау қуыстары эпителиіне еніп көбейген вирус әрекетінен бір тәулік ішінде алғашқы афта туындайды. Одан әрі вирус лимфаға, қанға енеді, 1-7 тәулік бойы вирусемияға байланысты дене қызуы көтеріледі. Нәтижесінде ауыз қуысы мен мес қарын кілегейлі қабықтарында, желін мен тұяқ жұлығы терісінде, т. б. жерлерде екінші кезекті афталар пайда болып, дене қызуы қалпына келеді. Белгілі бір жағдайда, негізінен жас малдарда, вирус жүрек және қаңқа бұлшық еттерін зақымдайды. Кейде вирустың бұл пантроптық әрекетіне байланысты өте зілді өзгерістер көптеген паренхималық мүшелерде, ішкі секреция бездерінде және жүйке жүйесінде туындайды. Вирус ауру малдың денесінен сілекей, дем, сүт, несеп, нәжіс, шәует арқылы шығады, әдетте дерт барысының төртінші тәулігінде қанда вирусты байлайтын ерекше антиденелер пайда болады.
Патологиялық анатомиясы. Аусылға ерекше тән өзгерістер- көп қабатты эпителиймен жабылған кілегейлі қабықтарда афталардың пайда болуы. Афта сопақша немесе жарты шар пішінді, әркелкі көлемді күлдіреуік. Өте майда көкнәр түйіріндей афталар қойдың ауыз қуысы кілегейлі қабығында, өте көлемді - тауық жұмыртқасындай афталар ірі қара малдың тұмсығында және тілінде байқалады. Афта қуысы сұйықпен толған. Бұл сұйық мөлдір, сарғышта, лайсаңда, қызғылтта болады. Афта ішіндегі эксудат молайып, қысымның артуы, механикалық әсерлер афталардың жарылып, сұйықтың төгілуіне әкеледі. Афталар орнындағы қып -қызыл, әркелкі пішінді ойылымдар көп ұзамай әуелі катарлы іріңді эксудатпен, сосын сарғыш- қоңыр қабыршақпен бүркеледі. Қолайлы болған жағдайда 7-10 күн ішінде ойылымдар жазылып кетеді. Күлдіреуіктер мен ойылымдар тілдің ұшын, бетін, қызыл иекті, таңдайды, ерінді, ұртты зақымдайды. Күлдіреуіктердің бір - біріне қоссылуы кейде тіл бетімен өңештің жұтқыншаққа жалғасып жатқан жерлері жамылғы эпителийінің түгел сыдырылып түсуіне әкеледі. Мес қарындағы азықпен қажалған афталар жарылып, тез арада ойылымдарға айналады. Ұлтабар мен аш ішектің кілегейлі қабықтары катарлы, катарлы - қанараласа қабынып, қызарады, ісінеді, көптеген нүкте қанталауларға ұшырайды. Ұлтабардың кілегейлі қабығында ойылымдар мен қара қошқыл қабыршақтар болуы мүмкін. Кейде кеңсірік, жұтқыншақ, көмей, кеңірдек, бронх кілегейлі қабықтарында қанталулар, кішкене күлдіреуіктер мен ойылымдар байқалады. Көкірек пен құрсақ қуыстары ылғалды қабықтары астында, эпикардта, эндокардта нүкте және жолақ қанталаулар кездеседі. Өкпе әдетте қаны молайып, қызарады, домбығады, интерстицийлік эмфиземаға ұшырайды. Әрдайым тұяқтар ашасында, жұлығында, майөкше терісінде туындайтын күлдіреуіктер механикалық себептер әсерлерінен тез жарылып, қып - қызыл баяу жазылатын ойылымдарға айналады. Тұяқтарың мүйізгек кебістері астындағы эпидермисте туындайтын күлдіреуіктер тұяқ терісінің серозды қабынуына, мүйізгек кебістің теріден бөлектенуіне әкеліп соқтырады. Терісі күлдіреуіктер мен зақымданған желін паренхимасы әдетте серозды қабынады, кейде процесс асқынып, іріңді мастит туындайды. Зақымданған мүшелерге өңірлік лимфалық түйіндер әрдайым серозды қабынып, ұлғаяды, домбығады, қызарады. Аусылдың бір екі аптаға созылатын қатерлі түрі жүрек және қаңқа бұлшық еттерін көп ошақты альтеративтік қабынуға ұшыратып, көбінесе малдарды өлімге әкеледі. Мал өлімінің тікелей себебі- жүректің салдануы. Альтеративтік миокардитке ұшыраған жүректің шымылдығын, сол жақ қарыншасы қабырғасын тіліп көргенде жүрек етінің көптеген сұрғылт немесе сұрғылт сарғыш түсті, айқын шектелмеген, әркелкі көлемді ошақтар мен жолақтар есебінен шұбарланғаны көрінеді. Микроскоппен кардиомиоциттердің бүлініп, нәруыздық дистрофияға, майлануға, лизиске ұшырағаны, түйір- түйір, кесек - кесек болып ыдырағаны анықталады. Әдетте бұл зақымдану ошақтарын гистиоциттер, лимфоциттер, фибробластар, т. б. торшалар шоғыры жайлайды, бүлінген ет талшықтарында кальций тұзы шөгеді. Мал сауығып кеткен болса, жүрек етіндегі зақымдану ошақтары тыртықтанып жазылады.
Аусылдың эпизоотиялық ошағының аумағындажүргізілетін шаралар (карантин ұйымдастыру)
Жануарлардың аусылымен күрес үшін міндетті түрде елді мекендерді (олардың аумақтарын), фермалар мен табындарды вирус тараудан қорғау, жануарларды вакцинациялау, кешенді алдын алу шаралары қарастырылады, ал ауру шығып қалған жағдайда кезек күттірмей диагноз қою, қолайсыз пункттің эпизоотиялық ошағында карантин талаптарын қатаң сақтап, қатерлі аймақта ветеринарлық-санитарлық шаралардың орындалуын, вирустың сыртқы ортада жойылуын және аурудың әрі қарай таралмауын қамтамасыз етеді.
Тиісті әкімшілік аумақтық бірліктің мемлекеттік Бас ветеринариялық инспекторлар аусылдың эпизоотиялық ошағын толық оқшаулауды, вирусты жойып, оның әрі қарай таралмауын тоқтату үшін, үнемі және жоспарлы шаралардың орындалуын қамтамасыз етеді. Осы мақсатпен келесі шараларды іске асырады:
1) эпизоотиялық ошақтың аумағын қоршап, өтетін бір жер қалдырады және онда тәулік бойы күзетшілік бекет қойылады;
2) ошақтың кіре берісіне бақылау өткізу пунктін қойып, оны залалсыздандыру кедергілерімен және залалсыздандыру қондырғыларымен жабдықтайды;
3) жануарларға қызмет көрсету үшін және басқа шаруашылық жұмыстарын жүргізуге, ошақтың аумағынан шықпайтын үнемі сонда болатын көлік бекітіледі. Ошаққа әкелген мал азығы, азық-түліктер, әртүрлі керекті материалдар ошақтың кіре берісінде жабдықталған түсіру алаңына жеткізіліп, ол жерден ішке басқа көлікпен кіргізеді;
4) ауру жануарларды күту үшін тиісті адамдар аурудың ошағынан сыртқа шықпай уақытша жұмыс істейді, оларға жататын орын мен тиісті тұрмыстық жағдайлар жасалады. Адамдардың ауру ошағында жатып істеуіне болмайтын жағдайда, ауру ошағында жұмыспен қамтылған барлық адамдар үшін қатаң санитарлық-өткізу тәртібі орнатылады. Бұл жағдайда ошақтың аумағына кіруге және ошақта істейтін күтуші адамдардың шығуына (оның ішінде аусылдың жою жұмыстарымен айналысқан адамдар да) рұқсат тек міндетті түрде киімін және аяқкиімін ауыстырып, санитарлық өткізгіштен өткеннен кейін беріледі;
5) ауру малдарды күту үшін бекітілген адамдарды ауыстыратын санитарлық киіммен және аяқкиіммен, орамалмен, сабынмен және қолды залалсыздандыруға арналған ерітіндімен сонымен бірге бірінші медициналық көмек беретін дәрі салатын қораппен қамтамасыз етіледі. Ошақтан қандай да болмасын заттарды, мүліктерді, жабдықтарды, азық-түліктерді, жемді және кез-келген заттарды алып шығуға болмайды;
6) ошақтың ішінде сүт өнімдерін өңдейтін және сақтайтын орындарда оны залалсыздандыру қондырғыларымен жабдықтайды. Ошақтағы сиырлардан алынған сүттер шыжғырған майға өңделеді. Адамдардың тамағына және жануарларға азыққа сүт, сүт өнімдері 5 минут қайнатып немесе 85
о
С 30 минут бойы пастеризациялап залалсыздандырғаннан кейін пайдалануға болады;
7) ошақтың аумағында және әсіресе, ауру малдар орналасқан қораларға, сонымен қатар ауру малдардың күту заттарына күнделікті залалсыздандыру жүргізуін ұйымдастырады. Көңді, мал азығы қалдықтарын және төсенішті биотермиялық жолмен залалсыздандыру үшін ошақтың аумағында жинап және үйеді немесе жағып жібереді;
8) фермалар мен азаматтардың аулаларында кеміргіштерді жоюды ұйымдастырады, сонымен қатар ит, мысық, құстар және басқа жануарлардың аусылмен ауырған жануарлар орналасқан жерлерге кіруіне жол бермеу шараларын қолға алады;
9) ауырған жануарларды қатаң есепке алып, оқшауландырылған қораға (жайылымға) шығарады, залалсыздандыратын, тұтқырлайтын және басқа емдік дәрі түрлерімен (марганец қышқыл калий, тотияйын, пенициллин, жансыздандыратын жағынды заттар және тағы басқалар) . Ауру жануарларды жұмсақ қоректік азықтармен, жеткілікті мөлшерде төсенішпен және сумен қамтамасыз етеді;
10) аусылдың ошағында сау жануарлардың дене температураларын бақылайды, жоғары температурасы барларды оқшауландырғышқа аударады, қалғандарын сәйкес типтегі вакцинамен егеді. Бұл жерде иммунизациядан кейін аусылмен ауырғандарды жедел оқшаулайды. Жануарларға қолдану Нұсқауына сәйкес аусылға қарсы сәйкес типтегі вакцина егеді;
11) малдардың аусылмен жаппай ауырғаны кезде (30% жоғары мал басы) ауырған жануарларды оқшауламайды, барлығын қорада (табында) ұстап, емдеу жүргізеді;
Қорытынды
«Жанболат» жеке меншік шаруа қожалығында аусыл ауруынан емдеу шаралары
Ауырған малды жедел оқшаулап, жақсы жағдай жасау. Құнарлы жемді, шырын тамырлы және түйін тамырлы мал азығын қайнатып беру, сонымен қатар ауызын 2% ды сірке қышқылының, 1% ды бор қышқылының, 1:1000 калий перманганатының, 1:5000 фурацилин ертінділерімен шайу. Күлдіреуіктің орнына 2, 5 грам новакаин, 2, 5 г анестезин 20 г балық майы және 70 г вазелиннен тұратын қоспа жағады. Тұяқтарын мұқият тазалап, зақымданған көбісіне қара май мен балық майының тең қоспасын, Вишневский линиментін, 10% креолин, 5-10% ихтиол майларын жағады.
ШҚО Тарбағатай ауданы, Жаңа ауыл ауылдық округіндегі ірі қара малдың өлексесін патологиялық- анатомиялық сойып зерттеу
Анамнез- ірі қара мал денесінің ыстығы 41 С қа көтерілген, күйіс қайтаруы тоқтап, тұяқ көбісі домбыға бастаған. Сонымен бірге аузынан шұбатылып сілекей аға бастаған, ауырсынып жұтынған.
Клиникалық диагноз - аусыл.
Сыртқы көрінісі
Мал түлігі, жынысы, жасы, түсі, тұқымы: Ірі қара мал, ұрғашы, еркек, қара ала
Дене бітімі: қалыпты
Өлекселік өзгерістер: өлексе салқын, сіресу білінбейді, құрсақ, көкірек қуыстары өзгермеген.
Денедегі табиғи тесіктер, көз, құлақ - конюктивасы кызарады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz