Колибактериоз ауруы


Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе.

Алғаш рет Эшерих (1865) адамның нәжісінен бөліп алған бүл микроб Escherichia соіі, ал ол қоздыратын ауру колибактериоз немесе эшерихиоз атанды. Бүзаудың "ақ тышқақ" ауруының жүқпалы екенін 1865 ж Обих, ал оны ішек таяқшасы бактерияларының қоздыратындығын Иенсен (1891) дәлелдеді. БұрынғыКеңес Одағында колибактериоз біршамазерттелгенімен 1960-жылдары бұл ауру - жұқпайтын диспепсия деген қате көзқарас үстемдік алды. Я. Е. Коляковтын еңбектері арқылы ауруды зерттеу жэне онымен күрес жүргізу дұрыс жолға қойылды. Қазакстанда төлдің колибактериозын зерттеуді 1970-жылдары Э. А. Светоч жан-жақты жүргізді.

Жоспар:

  1. Кіріспе.
  2. Негізгі бөлім:

2. 1. Колибактериоз ауруы.

2. 2. Қоздырушысы .

2. 3. Клиникалық белгісі.

2. 4. Паталогоанатомиялық өзгерістер

2. 5. Балау.

2. 6. Ажыратып балау.

3. Қорытынды.

4. Пайдаланылған әдебиеттер.

2. 1. Колибактериоз

Колибактериоз (Colibacteriosis), немесе эшерихиоз (Escherichiosis) - тоқтаусыз іш өтіп, дененің уланып, сусыздануымен ерекшеленетін, төлдің жіті өтетін жұқпалы ауруы.

2. 2. Қоздырушысы - Escherichia соіі - грамтеріс, қозғалмалы, спора түзбейтін, тұрқы қьіска, жуантық, ұштары жұмырланып біткен таяқша. Денесінде соматикалык 0-, жіпшесіде Н-, қауашақ түзетіндерінде сырткы К-антигендері болады. К-антигендері ыстыққа төзімсіз, термолабильді, L-жэне В антигендерге, ыстыкка төзімді, термостабильді А-антигенге бөлінеді. L-антигенге жататын К-88, К-99, 987 Р, Ғ-41, А-20 антигендері бар сероварларының колибактериоздың этиологиясында маңызы аса зор.

Антигендік құрамы бойынша эшерихиялар 200-ге жуық сероварға бөлінеді. Қауашақты штаммдарында негізгі уыттылық факторы болып есептелетін адгезиялық антигендері бар. Микроб қарапайым қоректік орталарда, арнайы

Эндо ортасында жэне адгезиялык антигендері түзілу үшін Минк ортасында өсіріледі.

Эшерихиялар нәжісте 30 күнге дейін, топырақ пен суда 2-3 ай сақталады. 75° С-қа қыздырғанда 30 секундта өледі. Хлорлы эк, хлорамин, ксилонафт, күйдіргіш натрий, формалин, карбол қышқылы кэдімгі концентрациясында ойдағыдай зарарсыздандырады.

Колибактериозбен барлық түліктің жас төлдері ауырады. Бұзау 2-7 күндігінде, қозы туа салысымен 5-7 айға дейін ауырады, құлын туа салысымен, торай туған соң бірер апта бойы, енесінен айырарда жэне енесінен айырған соң, құс 1 күннен 90 күнге дейін жэне жүмыртқалаған кезінде, терісі бағалы аңдар өмірінің бірінші аптасында ауырады.

Колибактериоз барлық өлкелерде кең тараған. Оның басты ерекшелігі - жаңа туған төл жаппай ауырады. Жылдың кез келген маусымында байқалғанымен негізінен мал жаппай төлдеген кезде, қора жайда қоздырушы микробтың шектен тыс шоғырлануына жэне бейім жануарлардың көбеюіне байланысты туындайды. Қозының жаздың соңында, күздің басында шалдығуы оларды енесінен бөліп, қатаң азыққа көшіруге байланысты.

Ауру қоздырушысының бастауы - колибактериозбен ауырған және

ауырып жазылған төл, сонымен қатар олардын микроб алып жүретін енелері.

Мұңдай жануарлар зардапты эшерихияларды көп мөлшерде нэжісімен, кей жағдайда несебімен бөліп шығарады. Жұқтыру факторы нэжіспен жэне несеппен ластанған эртүрлі заттар болып табылады. Жаңа туған төлге ауру қоздырушысы гигиеналық тэртіп бүзылғанда, мал төлдеген шақта енесінің уызымен, жемшөппен жүғады. Микроб денеге негізінен алиментарлық, сирегірек аэрогеңдік жолмен енеді. Аурудың түрақталған ошағында жас төлге ауру тумай түрып жатырда жүғады.

Колибактериоздың таралуына себеп болатын жағдайлар буаз малдың күтімінің нашар болуына байланысты уыздың құнарсыз болып, соның нэтижесіңде төлдің ауруға төзімділігінің төмендеуі. Аурудың шығуына төлдің күгімінің нашарлығы, гигиеналық-санитариялық реттіліктің дүрыс сақталмауы көп жағдайда ерекше әсер етеді. Бұзау, лақ, қозы, торай, құлын туған кезінде қанында иммуноглобулиндер болмайды, олар алғашыңда тек қана енесінің уызынан төлдің қанына өтеді. Уызды жеткілікті мөлшерде жас төл ала алмаса, немесе уыздың сапасы талапқа сай болмаса, онда денеге енген микробтарға, олардың ішінде эшерихияларға ешқаңдай тежеу болмай, жанауар ауруға шалдығады.

Колибактриоздың таралу ерекшелігі - ауру байқалған соң уақыт, өткен сайын ауруға шалдыққан малдың саны, індеттің қарқыны үдей түседі, сонымен қатар аурудың өтуі де ауырлайды. Мал тұрған қорада ауру қоздырушы микробтың шектен тыс көбеюі жэне олардың, жануар организмі арқылы пассаждан өтіп, уыттылығының күшеюі нэтижесінде жас төл күйінің жақсы, төзімділігінің жоғарылығына қарамай жаппай ауырады.

Алиментарлық жолмен денеге енген эшерихиялар адгезиялыққасиеті арқасында ішектің эпителийіне жабысады. Бүл қасиеті негізінен; фибрилалар немесе фимбриялар деп аталатын жгутиктен (жіпшеден) де, жіңішке құрылымдар арқылы іске асады. Бүл қүрылымдардын қызметі алуан. Пили, немесе секс-пили аталатын қысқа фимбриялар микробтарды конъюгациясын іске асырады. Конъюгация кезінде генетикалык материал - ДНҚ тізбегі (коньюгациялық, плазмид) Ғ+ аталық микробтан F" аналық микробқа өтеді. Сонымен қатар пили фаг үшін рецептор болады жэне бактерияның адгезиялық қасиетін іске асырады. Микробтың адгезиялығы арнаулы фимбрияларда орналасқан адгезиялық антигендер арқылы камтамасыз. етіледі.

Адгезиялык антигеннің көмегімен эшерихияларға ішек эпителийіне жабысып, орын тебеді. Бүл құбылыстың дерттену процесіндегі маңызы өте зор. Ішекке жабысқан эшерихиялар тез өсіп-өніп, эртүрлі улы заттар бөліп шығарады. Бүл заттар ішекті тітіркендіріп, оның сіңіру қасиетін тежеп. Секрет бөлуін күшейтеді (гиперсекреция) . Ішектің ішіндегі сұйық көбейіп, оның осмостық қысымы төмендейді. Бүның нэтижесінде электролиттер кілегейлі қабықтардан ішек қуысына өтеді. Одан рецепторлар тітіркеніп, ішектің моторикасы күшейеді. Сұйық масса ішек бойымен тоқтаусыз жылжып, толассыз; іш өтеді. Нэтижесінде төл организміндегі су мен минеральді түздар азаяды.

Микробтар жэне олардың токсиндері қанға өтіп, организмде септицемия, токсикоз процестерін тудырады.

2. 3. Клиникалық белгісі. Колибактериоз энтерит, энтеротоксемия жэне септицемия түрінде өтеді. Энтерит түрінде негізінен ішектер мен шажырқай сөл түйіндері закымданып, ауырған төлдің іщі толассыз өтеді. Септицемия, яғни өлітиген түрі кезінде қоздырушы микроб қанға өтіп, онда шамадан тыс көбейіп, ауруға шалдыққан мал тез арада, бір тэуліктің аржақ-бержағында өліп кетеді. Аралық, энтеротоксемиялық түрі кезінде микроб ішектер мен сөл түйіңдерінде қауырт көбейіп, қанға олардың токсиндері түседі де, ішектердің қабынуына дененің жалпы улануы қабаттасады.

Колибактериоз аса жіті, жіті жэне жітіден төмен өтеді.

Аса жіті өтуі туғанына бірер күн болған төлде байқалады. Ауырған мал өте әлсіреп, дел-сал күйге түсіп, өлітиген белгілері білінеді. Ыстығы 41, 5-42°С-ка жетіп, тамырының соғуы мен тынысы жиілеп, көзге көрінетін кілегейлі қабықтарын қан кернеп, кейде іші өтеді. Мал ес-түссіз халге түсіп, 1-2 күн ішінде өледі.

Жіті өтуі әдетте 3-7 күндік төлде байқалады. Мұндай жағдайда малдың іші толассыз өтіп, организмнің сусыздану белгілері байқалады, денесі құрыстанып, дел-сал күйге түседі. Ауру 3-4 күн ішінде өліммен аяқталады

Жітіден төмен өтуі 6-10 күндік бұзауларда жиі байқалады. Аурудың бұл түрі, әсіресе, іңдет тұрақты жайлаған фермаларда басым болады. Колибактериоз жітіден төмен өткеңде оған басқа іш аурулары қабаттасып, аралас ішек инфекциясы түрінде өтеді. Аралас ішек инфекциясын энтеробактериялардың эшерихия, сальмонелла, цитробактер, протей, марганелла, клебсиелла туыстастықтарына жататын микробтардың 2-3 түрі қабаттасып тудырады. Ауру асқынып, дерт процесі Ішек-қарынмен қоса өкпеге, жүрекке, миға шабады.

Бастапқыда колибактриоз ретінде басталған инфекцияның соңғы кезіңде нозологиялық профилі басқа бағытқа өзгеруі де мүмкін.

2. 4. Патологиялық-анатомиялық өзгерістер. Өлген төлдің өлексесі өте арық, көзі ішіне кіріп, кілегейлі қабықтары бозарыңқы. Денесінің арт жағы нэжіспен былғанған. Құрсақ қуысында сұйық экссудат іркіледі. Қарында, бұзау мен қозының ұлтабарында ұйыған сүт пен уыз болады. Қарынның ішіндегі ақшыл-сұрғылт сұйықтың иісі жағымсыз. Кілегейлі қабықтары домбығып, қанға кернеліп, жалқақтанады, кей жерлері қанталап тұрады.

Аш ішек пен тоқ ішектің ішінде иісі жағымсыз ақшыл-сұрғылт сұйық болады, кейде қан араласады. Ішек көбінесе газға толып тұрады, кілегейлі қабықтарын қан кернеп, асты қанталайды. Шажырқай сөл түйіндері ісініп, тіліп көргенде суланып, жаппай қанталайды. Бауыр ісініп, сарғыш тартады.

Өттің қабы кернеліп, өтке толып түрады. Көк бауыр көбінесе ұлғаймайды, ұлпасы болбырап, қызыл қоңыр түске енеді. Эпикардтың астында, эндокардта

ұсақ-ұсақ, жолақтанған қангалаулар кездсседі. Мидьің қан тамырлары білеуленіп, мидың өзі домбығады. Кейде өкпенің добығуы немесе катарлы қабынуы ұшырасады. Кіндіктің немесе оның қан тамырларының домбығуы да байқалып тұрады.

2. 5. Балау. Ауруды балау індеттанулық деректерді, клиникалық белгілерін, патологиялық-анатомиялық өзгерістерді талдаумен қатар, міндетті түрде бактериологиялық зерттеу жүргізу аркылы іске асырылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Колибактериозға қарсы ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар
Жұқпалы аурулардың, соның ішінде ірі қара малдың колибактериозының шарушылыққа тигізген зияны
Иттердің аурулары
Қазақстанда бұзаулар арасында жиі кездесетін ішек инфекциялық ауруларына жалпы сипаттама
Бота ешерихиозы (ақтышқақ) ауруына қарсы ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар
Актиномикоз, аспергиллез ауруларында қолданылатын биопрепараттар. Пастереллез, колибактериоз ауруларында қолданылатын биопрепараттар
Тәжірибелік колибактериозбен ауыратын тауықтардың ішек микробиопенозына Лактофторхиннің әртүрлі дозаларының әсері
Энтеробактерияларды экспресс - диагностикалау үшін қоректік ортаны дайындау технологиясын жасау
Бұзаулардың ұлтабары мен ішектерінің қабаттаса қабынуы
Уыттылыққа себепші факторлар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz