Абай (Ибрахим) Құнанбайұлы Өскенбайұлы
Өмірбаяны
Қоғамдық қызметі
Абай оқыған кітаптар
Абай және кітапхана
Абай философиясы
Абайдың ақын.шәкірттері
Әдебиеттер тізімі
Қоғамдық қызметі
Абай оқыған кітаптар
Абай және кітапхана
Абай философиясы
Абайдың ақын.шәкірттері
Әдебиеттер тізімі
Ұлы ақын, ағартушы, қазақтың жазба әдебиетінің және әдеби тілінің негізін салушы – Абай (Ибрахим) Құнанбайұлы Өскенбайұлы Шығыс Қазақстан облысы (бұрынғы Семей уезі) Абай ауданында (бұрынғы Шыңғыстау облысы) Шыңғыс тауының бауырында дүниеге келді. Абай атақты Тобықты руының Ырғызбай деген тобынан тарайды. Ол ауыл молдасынан оқып жүрген кішкентай кезінен-ақ зеректігімен көзге түседі. Кейін ол Семей қаласында 3 жылдық медресе тәрбиесін алады.
Абай көпті көрген әжесі Зеренің тәрбиесінде болды. Шешесі Ұлжан да ақылды ананың бірі болған. Әкесі Құнанбай Өскенбайұлы орта жасқа келгенде атқа мініп, ел билеу жұмысына араласқан заманы, Ресей патшалығының Қазақстанның батысы мен орталық аймағын отарлап, ел билеу жүйесін өз тәртібіне көндіре бастаған кез.
Құнанбай өз заманында ел басқарған адам болды. Ол ел билеу ісіне балаларының ішінде Абайды баулып, араластырды.
Абайды оқудан ерте тартып, оқудан шығарып алуы да сол билікке ұлын қалдыру мақсатында еді. Әке еркімен ел ісіне жастай араласқан Абай тез есейіп, балалықтан да ерте айырылып, жастайынан ел ішіндегі әңгіме, сөз өнерін, билердің шешендік өнеріне құлақ салып, өзінің ерекше талантымен бойына сіңіре білді.

1. Әбдіғазиев Б. Асыл арна. - Алматы: Қазақ университеті, 1992. - 128 б.
2. Алтынсарин Ы. Шәкәрім Құдайбердіұлы / бас ред. Б. Аяған. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, 2007. - 632 б.
3. Құдайбердіұлы Ш. Шығармалары: өлеңдер, дастандар, қара сөздер/ құраст.: М. Жармұхамедов, С. Дәуітов, А. Құдайбердиев. - Алматы: Жазушы, 1988. - 560 б.
4. Шәкәрімтану мәселелері: сериялық ғылыми жинақ. 1-том. / құраст. Т. Шаңбай. - Алматы: Раритет, 2007. - 448 б. - («Атамекен» сериясы )
5. Шәкәрімтану мәселелері: Сериялық ғылыми жинақ. 2-том. / құраст. Т. Шаңбай. - Алматы: Раритет, 2007. - 376 б. - («Атамекен» сериясы )
6. Шәкәрімтану мәселелері: сериялық ғылыми жинақ. 3-том. / құраст. Т. Шаңбай. - Алматы: Раритет, 2007. - 376 б.- («Атамекен» сериясы)

Жүрегіңнің түбіне терең бойла,
Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла
Абай
Ұлы ақын, ағартушы, қазақтың жазба әдебиетінің және әдеби тілінің негізін
салушы – Абай (Ибрахим) Құнанбайұлы Өскенбайұлы Шығыс Қазақстан облысы
(бұрынғы Семей уезі) Абай ауданында (бұрынғы Шыңғыстау облысы) Шыңғыс
тауының бауырында дүниеге келді. Абай атақты Тобықты руының Ырғызбай деген
тобынан тарайды. Ол ауыл молдасынан оқып жүрген кішкентай кезінен-ақ
зеректігімен көзге түседі. Кейін ол Семей қаласында 3 жылдық медресе
тәрбиесін алады.
Абай көпті көрген әжесі Зеренің тәрбиесінде болды. Шешесі Ұлжан да ақылды
ананың бірі болған. Әкесі Құнанбай Өскенбайұлы орта жасқа келгенде атқа
мініп, ел билеу жұмысына араласқан заманы, Ресей патшалығының Қазақстанның
батысы мен орталық аймағын отарлап, ел билеу жүйесін өз тәртібіне көндіре
бастаған кез.
Құнанбай өз заманында ел басқарған адам болды. Ол ел билеу ісіне
балаларының ішінде Абайды баулып, араластырды.
Абайды оқудан ерте тартып, оқудан шығарып алуы да сол билікке ұлын қалдыру
мақсатында еді. Әке еркімен ел ісіне жастай араласқан Абай тез есейіп,
балалықтан да ерте айырылып, жастайынан ел ішіндегі әңгіме, сөз өнерін,
билердің шешендік өнеріне құлақ салып, өзінің ерекше талантымен бойына
сіңіре білді.
Елі үшін әділет жолын ұстанған Абайдың үстінен арыз да жазылып, үш-төрт ай
тергеліп, ақталып шықты.
Әке-шешесінің қасында жүрсе де жас Абай оқудан қол үзбейді, бос уақытында
қазақтың мәдениетін, араб, парсы, шағатай тілдерін үйренеді. Шығыс
әдебиетінің алыптары Низами, Хожа Хафиз, Науаи, Физули т. б. ақындарының
өлеңін жаттап өседі. Кейін ол орыс әдебиеті мен тілін өздігінен үйреніп,
орыстың ұлы ойшылдары Пушкин, Гоголь, Лермонтов, Щедрин, Некрасов т. б.
шығармаларымен танысады. Сонымен бірге ағылшын ғалымы Дарвиннің, Шекспирдің
шығармаларын да оқиды. Соның арқасында дүниетанымын кеңітіп, білімін шыңдай
береді.
Абай ауқатты отбасынан шықса да халқына үнемі жақын болды, олардың дауын
даулап, мұңын жоқтады. Мұны оның мына өлеңінен көруге болады:
...Кедейдің өзі жүрер малды бағып,
Отыруға отын жоқ үзбей жағып.
Тоңған иін жылытып, тонын илеп,
Шекпен тігер қатыны бүрсең қағып.
Қар жауса да тоңбайды бай баласы,
Үй жылы, киіз тұтқан айналасы.
Бай ұлына жалшы ұлы жалынышты,
Ағып жүріп ойнатар көздің жасы.
Жасы отыздан асқан Абай орыс тіліндегі кітаптарды мықтап оқуға бұрылады.
Сол кезде Семейге айдалып келген орыс демократтарымен танысады. Соның
ішінде өзінің ерекше танысып, араласқаны Михаэлис болды. 1880 жылдары
айдалып келген Долгополов, Леонтьевтермен да танысып, өзі олардан үйрене
жүріп, өзі де оларды халқының салт-дәстүрімен таныстырып, қол ұшын берді.
Ақынның шығармашылықпен еркін араласуы 1860 жылдар болды. Ол кезде Абай
өлеңдерін басқа аттармен жариялаған, тек 1886 жылы Жаз деген өлеңінен
бастап өз атын қоя бастайды. Ақынның Жаз, Күз, Қыс, Жазғұтыр,
сонымен қатар Жасымда ғылым бар деп ескермедім, Ғылым таппай мақтанба,
Интернатта оқып жүр, Сегіз аяқ өлеңдерінің сол кездегі әлеуметтік
жағдайларды түсіну үшін маңызы зор.
Абайтанудың білгірі М. Әуезовтің атап көрсеткендей, Абай мұрасының нәр
алған рухани үш арнасы: өз халқының мәдени мұрасы мен Шығыс, Батыс
елдерінің рухани қазынасы болды.
Оқи жүріп, білімін толықтыра жүріп қырықтан асқан шағында біржола ақындыққа
берілді.
Туған халқын сүйіп, оны қасіреттен құтқаруды, бодандыққа қарсы Абай халқын
оятып, береке-бірлікке шақырды. Туған халқы да Абайын сүйіп, қатты
құрметтеді. Өмірлік мағынасы зор өлеңдерін жатқа айтып, тұмардай сақтады.
Шынында әр сөзі теңіздің тереңіне тартқандай мың батпан ойдан туған, кісіге
берер шабыты мен шапағаты мол Абай әр қазақтың бағдаршамы іспетті.
Абай өлеңдері бай философиялық, курескерлік қасиетке ие. Ол ең алдымен
қазақтың телегей – теңіз ауыз әдебиетінен сусындап, батырлар жыры мен
ғашықтық жырларының үрдісіне мұрагерлік етті.
Ескендір, Масғұт, Әзім әңгімесі - Абайдың шығармашылық мұрасындағы
поэмалары да зерттеушілердің назарында.
Абай қазақ өлең үлгісін жаңаша тұрғыдан байыта түсті. Сондықтан да Абай
қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы деуге болады.
Абайдың ақындық дәстүрін ақынның көзі тірісінде тікелей дамытып,
жалғастырған ақын шәкірттері болған. Солардың ішінде ерекше орын алатыны
Абайдың өз балалары.
Абай тек қана ақын емес, сонымен бірге сазгер. Халық арасынан шыққан
таланттарды танып, олардың еңбегін таратушы болды.
Абайдың ән шығармашылығы қазақтың халық музыкасында ерекше орын алады.
Сегіз аяқ, Айттым сәлем, Қаламқас, Желсіз түнде жарық ай т. б. әндері
әлі күнге халық жүрегінен жылы орын алған.
Абай өзінің шығармашылығында қара сөзге ерекше мән берген.
Абай поэзиясының арқауы ғылым, білім, еңбек – осы қара сөздерде жалғасып
дамиды.
Қара сөздерден адамның көңіл-күйінің жарығы мен қараңғысының айнасы болған
– күлкі мен қайғы туралы педагогтар арасында осы күнге дейін айтылмаған тың
ой табамыз. Өйткені күлкі мен қайғы туралы ешкім Абайдай тап басып айта
алмаған. Абай күлме демейді тек орынсыз күлкіден сақ бол дейді. Абай өз
шығармалары арқылы рухани бірлікке шақырады.
Қорыта айтқанда, Абай қазақтың демократ ақыны, ұлы ойшыл, философы. Ол
қазақ тілінің мәйегінен көптеген өлеңдер мен дастандар сондай-ақ, басқа да
философиялық шығармалар жазды.
Абайды Абай еткен, асыл сөзімен өлең етіп ұйытып, жүрегіне жыр болып
байланған қасиеті - өмірден әділет, мейірім, сенім, адалдық іздеу барысында
тапқан танымдық олжалары, санасын сарғайтып барып көзін ашқан тұжырым
тоғыстары өлең арқылы өріліп жатыр.
Абай өлеңдерінің тақырыбы жан-жақты әлеуметтік аясы кең. Өлеңдері халықты
өнерге, білімге, ғылымға шақырады, әрі жанға жайлы, жүрекке жылы тиетін
махаббат өлеңдері болып келеді. Сондықтан Абай өлеңдері XIX ғасырдағы
қазақ қоғамының айнасы деп те аталады.
Ақын 1904 жылы туған жерінде қайтыс болды. Сүйегі Жидебай деген жерге
қойылды. Қазір сол Жидебайда ақынның өзі тұрған үйде әдеби-мемориалдық
мұражайы бар. Жер бетіндегі күллі қазақ қауымы өздерінің ұлы Абайымен
мақтанады. Олар күн өткен сайын Абайды жаңа қырынан тануда. Өйткені Абай
мұралары бүгін де, болашақта да өзінің өміршеңдігімен мәңгі жасайтын ғажап
туындылар.
Абай шығармалары қазірдің өзінде көптеген тілдерге аударылып, әлем
халықтарының жақсы бағасын алуда. Соның бір дәлелі, Қытай Халық
Республикасында Абай шығармаларының қазақша нұсқаларынан сырт оның үш
бірдей дастаны және өлеңдері мен қара сөздері қытай тілінде жарық көрді.
Ақынның өз кіндігінен он бала тарады. Бәйбішесі Ділдәдән: Ақылбай, Әкімбай,
Әбдірахман, Райхан, Күлбадан, кенже баласы Мағауия. Екінші әйелі Әйгерімнен
(Шүкіман) – Тұрағұл, Мекайыл, Ізкәйіл, Кенже. Абайдың үміт күткен талантты
балалары: Әбдірахман, Мағауия, Тұрағұл, Мекайыл. Әкелерінің өлеңдерін жатқа
айтып, халық арасына таратқан, әнші, домбырашы болған.
Абай есімін еске қалдыру мақсатында көптеген шаралар жүзеге асты. Ең
алдымен, Жидебайдағы Абай қыстауы қалпына келтіріліп, ол Семейдегі Абай
қорық мұражайының филиалына айналдырылды. Ақын жерленген зиратқа гранит пен
мрамордан құлпытас орнатылды. Семейде және Қарауылда ескерткіш орнатылды.
Әдебиеттер:
Абай Құнанбаев: Библиографиялық көрсеткіш (екі тілде). - Алматы: ҚР-ның
Ұлттық кітапханасы, 1995. - 302 б.
Байтұрсынов А. Қазақтың бас ақыны Абай. - 1992. - №3. - 23 - 28 б.
Әуезов М. Абайдың лирикасы Сөзстан. 7 - кітап - Алматы, 1996. - 39-58 б.
Әуезов М. О. Абайдың туысы мен өмірі Абай. - 2003. - №3. – 28 - 34 б.
Бэйхай Су Қазақтың ұлы ақыны – Абай Абай. - 2003. - №1. - 1 - 4 б.
Борбасов С., Ізтілеуова С. Ұлы ақын тәлімі және ұлттық рухани келбеті
Семей таңы. - 1994. - 4 қазан.
Құнантаева К., Халитова И. Абайдың қара сөздеріндегі педагогикалық ой-
пікірлер Ақиқат. - 1994. - №4. - 70 - 73 б.
Сұлтанбеков М. Осы жұрт Ескендірді біле ме екен?: Абайдың Зұлқарнайы туралы
поэмасы хақында Семей таңы. - 1990. - 16 қазан. - 4 б.
Бұл әдебиеттер Абай атындағы Семей облыстық кітапхана қорында сақтаулы.
Әдебиеттерге ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының (АҚРҰАК) құжаттарды
электронды жеткізу қызметінің электронды поштасы edd@nabrk.kz арқылы
тапсырыс беруге болады
АҚРҰАК сайты: http:nabrk.kz
Қоғамдық қызметі
Ақындық өнерді өзіне өмірлік мақсат етіп, өз өлеңдерін қағаз бетіне
түсіруге Абай тек 80-жылдардың ортасында жұмыла кірісті. Ақынның Қалың
елім, қазағым, қайран жұртым, Қартайдық, қайғы ойладық, ұйқы сергек,
Сегіз аяқ, Ғылым таппай мақтанба, Болыс болдым мінеки секілді
таңдаулы көркемдік туындыларының қай-қайсысын алсақ та оларға идеялық арқау
болатын келелі мәселелер – білімге, адал еңбекке, әділеттелікке шақыру,
надандықты артта қалу кесапатын айыптау, алауыздық пен керіс-тартысты,
өкімет билігін теріс пайдалануды әшкерелеу екені бірден байқалады. Халықтың
ауыр тағдырын, өмір-тұрмысын ерекше шеберлікпен, нанымды көрсете отырып,
Абай халықты қоғамдық асыл мұраттарға жетуге ынталандырады.
19 ғасырда өмір сүрген данышпан, ойшыл Абай Құнанбайұлы шығармаларынан
дүниеге көзқарас, болмыс, табиғат құбылыстарының сыры, оның үнемі өзгерісте
болатынын, мұның өзі дамудың табиғи заңдылықтары екендігін оқып, үйренуге
болады.
Ұлы ақынның өмірінің соңында жазылған 45 қарасөзі мен өлеңдерінің
біршамасында қоғамдық ой-пікірлері ашық та айқын жазылған.
Абайдың адам мен қоғам жайындағы концепциясы – қазақ топырағындағы жаңа
концепция. Абай адамды белгілі қоғамдық өмірдің жемісі, нәтижесі ретінде
қарады, оның қимыл-әрекетін, психологиясын, моральдық келбетін өмірге,
әлеуметтік тұрмысқа байланысты көріп, бағалап бейнеледі. Мысалы, Абай
өлеңдерінде неше түрлі болыс-байлардың әлеуметтік тұлға дәрежесіне
көтерілген, жинақталған бейнесін бүкіл іші-сыртымен көз алдымызға
келтіреміз. Абай адам бейнесін қоғамдық орнына, мүддесіне, сол мүддеге жету
жолындағы ішкі сезімі мен айла-тәсіліне байланысты жасады. Ол өз
заманындағы сан түрлі әлеуметтік топтардың барлығын да осы тұрғыдан терең
зерттеп көре де, бейнелей де білді.
Ақынды қайғыға салған өз басының қамы емес, айналадағы өмірдің ащы шындығы,
кем-кетігі, қайшылықтары екендігі еш талассыз. Тағы бір назар аударарлық
нәрсе - өмірдің тұрлаусыз екендігі, баянсыздығы жайлы тұжырым мен ақылды
адамның мінез-әрекетін, надан, ақылсыз кісінің әдетін айту, немесе ел
билеудің қиындығы жайлы тұжырым мен ақылды адамның мінез-әрекетін, надан,
ақылсыз кісінің әдетін айту, немесе ел билеудің қиындығы жайлы пікір –
осыларды өз алдына бөлек алып қарағанда, өз ара байланысы аз болып көрінуі
де ықтимал сияқты.
Ақынның қоғам туралы ой-пікірлері бүгінгі өмірмен де тікелей байланысты.
Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат өлеңінде:
Керек іс бозбалаға – талаптылық,
Әр түрлі өнер, мінез, жақсы қылық.
Кейбір жігіт жүреді мақтан көйлеп,
Сыртқа пысық келеді, көзге сынық.
Кемді күн қызық дәурен тату өткіз,
Жетпесе біріңдікін бірің жеткіз
Күншіліксіз тату бол шын көңілмен,
Қиянатшыл болмақты естен кеткіз, - деген ақынның философиялық ой-толғамы
бүгінмен ұштасып жатыр.
Ақынның өзі өмір сүрген ортаны, тағдырдың талқысына түсіп, шырқы бұзылған
халықтың, , ел-жұрттың бейнесін асқан көркемдік шеберлікпен суреттейтінін
қалың елім, қазағым, қайран жұртым өлеңнен айқын көреміз.
Қажет деген жерінде ақын сөз тигізетін адамдар тобын саралап, бөліп айтады.
Мысалы, ұқпайсың өз сөзіңнен басқа сөзді дегені өңкей қырт, мылжың
адамдарға қатысты болса, бас-басына би болған өңкей қиқым дегені елдің
сиқын бұзып жүрген, қолындағы күші азайған, ұлыққа, мансабы жоғары
чиновникке бағынышты болыстарға қатысты.
Абай халық туралы сөйлегенде, ел жайын қозғағанда кейде қазақ, халық,
ел, жұрт деген сөздерді қолданады. Бірақ есте тұратын нәрсе – осы
сөздердің нақтылы мағынасы ылғи бірдей болмай, айтылатын ойдың орайына
қарай әр түрлі келеді. Елдің елдігін танытатын үлкен ұғым ретінде халық,
қазақ дегенді көбірек айтса, ел, әсіресе жұрт деген сөзді телісі бар,
тентегі, аласы бар, құласы бар дегендей көпшілік деген мағы нада жиі
қолданады. Сөйтіп, ел, жұрт деген ұғымдар арқылы сыншы ақын қоғам
өміріндегі әр түрлі қарама-қайшылықтарды ашып көрсетуге ұмтылады.
Абайдың ақындық өмірінде әлеуметтік мәселелерге арнап көбірек өлең-жыр
жазған кездері: 1885 – 1890 жылдар арасы, оның ішінде, әсіресе 1886, 1889
жылдары ол аса күрделі еңбек жасады. Осы екі жыл ішінде жазған 40 шақты
өлең-жырларының бірен-сараны болмаса, басым көпшілігі жұртшылық жайынан,
әлеуметтік саяси хал-жағдайлар жайларынан жазылған.
қынның қоғам туралы ой-пікірі білім-ғылыммен ұштасып жатады. Білімге
арнаған өлеңдерімен қатар 32–ші қарасөзінде білім-ғылымның талаппен
табылатынын, ал талаптың 6 шарты бар екенін айтады.
1. Адам көңілі шын мейірленсе, білім-ғылымның өзі де мейірленеді
2. Ғылымды үйренгенде ақиқат мақсатпен білмек үшін үйрену
3. Ақиқатқа көзің жетсе, өлсе айырылмау
4. Білім, ғылымды көбейту үшін мұлахаза (ойлау, пікірлесу)
5. Салғырттық құдайдың, халықтың, дәулеттің, ғибраттың, ақыл, ардың дұшпаны
6. Ғылымды, ақылды сақтайтұғын мінез деген сауат бар. Сол мінездің
бұзылмауын айтады.
Ақын өз кезеңіндегі әлеуметтік қайшылықтар, теңсіздіктерді көре білді.
Сонымен қатар, өмірдегі барлық өзгерістер адам өміріне тығыз байланысты
екенін айтады әрі адам мен қоғам іштей сабақтастықта болып, бірінсіз-бірі
күн көре алмайтынын дәлелдейді.
Ақынның өз заманымен, қоғам өмірімен қатынас-байланысы, жалпы дүние-
болмыстан алатын әсерлері сан алуан, оны бірнеше нақтылы жай-жағдайлармен
шектеуге, бір жақты тар көлемде түсінуге болмайды. Басты мәселе Абай
халықтың түбегейлі мүддесін, арман-тілектерін қаншалықты терең ұғынып-
түсініп, қандай ойшылдық деңгейде, қандай көркемдік қуаттылықпен айтып
жеткізе алатын алғандығында. Ақын үлкен творчестволық тұлға болып
қалыптасып, жетіліп, кемеліне келуі үшін тиісті қоғамдық жағдай, аса зор
дарын мен даналық, үздіксіз еңбек, ізденіс – міне осылардың түйісіп келуі
шарт.
Бүгін біз Абайдың қазақ болмысын терең бойлай түсінуіне жол ашқан осы ел
басқару ісіндегі болыстық және билік қызметі болғандығы жөнінде сенімді
айта аламыз. Абай отаршыл билік жүйесі мен халықтың ара қатынасын сырттай
бақылау арқылы емес, басқарушы билікке тікелей араласа жүріп көзімен көрді,
сыншыл ой елегінен өткізіп таныды. Сондықтан да Абай сияқты ұлы талант
иесінің мемлекеттік басқару ісіне араласуы ұлттық қоғамдық ойдың жаңа
сапаға көтерілуіне негіз болғандығын мойындауымыз қажет.
Абай сол тарихи мезгілдегі патшалық сайлау жүйесінің қазақ қоғамы үшін аса
зиянды індетке айналғандығын, қазақ халқын бұзықшылыққа тартып, жылдан
жылға төмендеп бара жатқанын көріп, одан құтылмай ел ісінің оңбайтындығын
терең ұғынды.
Басқаша айтқанда Абай отаршыл биліктің бұрыннан келе жатқан ұлттық мінез,
болмыстағы кемшіліктерді тереңдетіп жібергенін көзімен көріп, бұл процесті
жанымен сезінген ойлы тұлға. Ақынның қара сөздерінде бұл дағдарыстық
құбылыстың нақты көрінісі берілген. Ұлы ақын оны жеке тұлғаға, әлеуметтік
топтарға байланысты береді.
Он төртінші сөзінде ол: тірі адамның жүректен аяулы жері бола ма? Біздің
қазақтың жүректі кісі дегені – батыр кісі дегені. Онан басқа жүректің
қасиеттерін анықтап біле алмайды. Рақымдылық, мейірбандылық, әр түрлі істе
адам баласын өз бауырым деп, өзіне ойлағандай оларға да болса игі еді
демек, бұлар жүрек ісі ... Жұрттың көбінің айтып жүрген мықты жігіт, ер
жігіт, пысық жігіт деп ат қойып жүрген кісілерінің бәрі – бәлеге,
жаманшылыққа, мақтанға салынып, өз бойын өзі бір тексермей кеткен кісі,
тәуір жігіт түгіл, әуелі адам ба өзі ? – деген негізді тұжырымға келеді.
Абай талдауынан өтпеген, Абай сынына ілінбеген, қазақ қоғамында әлеуметтік
топ жоқ десе де болады.
Жиырма екінші сөзінде ол: Дәл осы күнде қазақтың ішінде кімді жақсы көріп,
кімді қадірлейді деп ойладым. Байды қадірлейін десең бай жоқ. Бай болса да,
өз басының, өз малының еркі өзінде болмас па еді? Ешбір байдың өз малының
еркі өзінде жоқ... Мырзаларды қадірлейді десең, осы күнде анық мырза елде
жоқ, мал бергіш мырза иттен көп. Біреуі бір пайдама келтірем деп мырза
болып жүр. .. Болыс пен биді құрметтейін десең, құдай берген болыстық пен
билік елде жоқ. Сатып алған, жалынып бас ұрып алған болыстық пенен биліктің
ешбір қасиеті жоқ...
Қазақ қоғамының әлеуметтік дертін байқап-тануда және оларды сынға алуда 20
ғасыр басындағы қазақ саясаткерлері, ойшылдары мен жазушылары Абайдан үлгі
алды, өздерін ұлы ақынның шәкірті санады.
Бас-басына би болған өңкей қиқым,
Мінеки, бұзған жоқ па елдің сиқын?
Өздеріңді түзелер дей алмаймын,
Өз қолыңнан кеткен соң енді өз ырқың – деген Абайдың сын мектебі Әлихан,
Ахмет, Міржақыптарға қазақ қоғамын терең түсіну үшін ғана емес, ең алдымен
оны түбегейлі өзгерту үшін керек болатын.
Архив құжаттарының көрсетуіне қарағанда Абай саналы өмірінің 18 жылын ел
басқару ісіне арнап, оның 12 жылында болыс, 6 жылында би болып, ғұмырын әр
қилы айтыс-тартысқа толы оқиғалар толқынында өткізеді.
Бұл ақпаратты Абай атындағы Семей облыстық кітапханасының қызметкерлері
ұсынды.
Абай оқыған кітаптар
1883 жылы Ертіс жағынан орын тепкен Семей қаласының орталығынан тұңғыш жаңа
кітапхана ашылды. Оны ұйымдастырушылар Абайдың досы орыстың саяси жер
аударылып келген интеллигенттері – Е. П. Михаэлис бастаған А. А. Лентьев,
Н. И. Долгополов, П. Д. Лобановский, Северин, С. С. Гросс тәрізді саяси жер
аударушылар еді. Семей өңірінде ашылған тұңғыш кітапхананың өмірге келуі
Абай есімімен тығыз байланысты. Өйткені бұл кітапханада Абай түнге дейін
отырады екен. Михаэлис пен Абай ең алғаш осы кітапханада кездеседі. Абай
кітапханаға келіп Л. Н. Толстойдың бір шығармасын сұрайды. Ол кітап Е.
Михаэлистің қолында, енді ғана өткізуге кезекте тұрған Абайдың сұрағанын
көріп, Михаэлис қолындағы кітабын ақынға береді. Екі данышпанның кездесуі
осылай мәңгі достыққа айналды. Михаэлисен кездесу Абайдың өмірге, дүниеге
көзқарасын шыңдай түседі.
Абай: Менің көзімді дүниеге ашқан Михаэлис - деп оны аузынан тастамаған.
Абай нәр алған үшінші бұлақ – орыс мәдениеті. Орыс мәдениеті арқылы қол
жеткізген батыс елдері мәдениеті Абай осы Михаэлистің ұсынысы бойынша оған
дейінгісіндей қолына түскен кітаптарды емес, көркем әдебиет, сын,
философия, табиғат ғалымдары, әр алуан тарихтық кітаптарды таңдап, талғап,
жоспармен оқитын болған. Сол кездерден бастап Абай белгілі абайтанушылар
зерттеулеріне қарағанда, орыстың атақты ақын жазушыларынан: Пушкин,
Лермонтов, Толстой, Салтыков-Щедрин, Некрасов; сыншыл ойшыл демократтардан:
Белинский, Герцен, Чернышевский, Добролюбов; Европа ақындарынан: Гете,
Байрон; философтардан: Спенсер, Спиноза, Льюис, Дарвин, Дрепер сияқты
талайларды оқыған.
Әсіресе ақынға үлкен әсер қалдырып, тарих мол дерек берген Американың Нью-
Йорк университетінің профессоры Джон Уильям Дрепер болған. Оның сол
кездерде орыс тіліне аударылған, Ресейдің жоғары оқу орындарының
студенттері оқулық есебінде пайдаланып жүрген Европаның ақыл-ойының даму
тарихы (1869 ж.) деген екі томдық еңбегі мен Католицизм мен ғылымның
арасындағы қатынас тарихы (1876 ж.) атты кітабы Петербург университетінің
бұрынғы студенті Евгений Петрович Михаэлис арқылы Абайдың қолына түседі.
Дәлірек айтқанда, Семей кітапханасында танысып, кейін жақынырақ білісіп,
достас адамдардың халіне жеткен адамына – Абайға бұл кітапты оқуға
Михаэлистің өзі берген тәрізді. Кейін ұлы ақынның оны есіне алғанда
Дүниеге көзімді ашқан кісі - Михаэлис дейтіні осыдан.
Бұдан әрине, Абайдың сөзін дұрыс түсіне білу керек, кейбір оқырмандар
Абайдың сөзін тура қалпында қабылдап, асыра бағалағандық танытады. Жазушы
Мұхтар Әуезов әділ атап көрсеткендей, Михаэлис ең әуелі іздену қалыптасу
кезіндегі жол сілтеуші ғана. Ал Абайдың аса зор сүйіспеншілікке толы
жоғарыдағы сөзі – оның өзін Дрэпермен табыстырғанына, оның Европаның ғана
емес, бүкіл адамзаттың ақыл-ойының даму тарихын сабақтастыра саралап
көрсеткен, жер бетіндегі басты дін атаулының тарихына талдау жасай отырып,
олардың ғылымға негіз болғанын, кейін діни догма мен ғылым арасындағы
күрестің қандай жолдармен дамығанын нақты тарихи еңбектермен ашып,
түсіндіріп берген тамаша еңбегін оқу мүмкіндігін туғызғаны даусыз. Өйткені
Михаэлис болмаса, Абай Дреперді білмес еді.
Абайдың Дреперді оқығанына Әлихан Бөкейхановтан бастап абайтанушылардың
бәрі бірдей ден қояды. Соның бірі американдық саяхатшы Джордж Кеннанның
Сібір және жер аударылғандар (1906 ж.) атты кітабындағы мына бір деректі
алға тартады. Дж. Кеннан Семейде сот мекемесінде хатшылық қызмет атқарып
жүрген, осы қалаға жер аударылған А. Лентьев деген азаматпен танысады. Ол
осы Д. Кеннанның құрметіне арнап, өз үйінде кешкі ас ұйымдастырады. Оған
қаладағы саяси жер аударылғандар да шақырылады. Сонда әңгіме үстінде А.
Леонтьев Семей кітапханасын пайдалануда жер аударылғандар үшін қиындықтар
бар екенін және кітапхананың жергілікті халықтың ақыл-ойын дамытуға зор
ықпалы бар екенін, мұнда кітап қорының өте бай екенін айтады. Сөзіміз
дәлелді болуы үшін мына үзіндіге назар аударайық:
- Кітапхананы, тіпті қырғыздар (қазақтар) да пайдаланады. Мен осында
Бокльды, Мильді, Дрэперді оқыған бір қарт қырғызды білемін.
- Шынымен қырғыз ба? – деп, әңгімеге қатыса отырған студент шектен тыс
таңғала сұрады.
- Ия, қырғыз, - деді Леонтьев. – Бірінші кездескенімде ол менен индукция
мен дедукцияның арасындағы айырмашылықты өзіне түсіндіруді сұрағанда
таңданғанымнан талып қала жаздадым. Кейін әңгімелесе келе білдім, ол
ағылшын философтарының және жоғарыда мен айтқан авторлардың шығармаларын
оқып, зерттеп жүр екен.
- Сіз сонда ол солардың бәрін түсінеді деп ойлайсыз ба? – деп сұрады
сенімсіздікпен студент тағы да.
- Мен оны тесеру үшін, Дрэпердің Европаның ақыл-ойының даму тарихы атты
кітабының төңірегінде екі кеш бойы әңгімелестім. Сонда оның оқығандарының
бәрін түсінетініне көзімді жеткіздім, - деп жауап береді Леонтьев.
Міне, осындай А. Леонтьев әңгіме ғып айтып отырған қырғызы (қазағы) Абай
болатын. Абай Леонтьевпен достық қатынаста болған. А. Леонтьевтің өзінен
Абай сұраған индукция мен дедукция терминдері Дрэпердің еңбегінде Платон
мен Аристотельдің философиялық әдістері жөнінде болатын.
Міне, Абай көне заман ақыл-ойының екі алыбының ғылымында тұтынған
жолдарындағы өзіне түсініксіз айырмашылықтың сырын білгісі келген. Осынау
шағын детальдің өзі Абай танымының деңгейінің қаншалықты биікте тұрғанын
көрсетсе керек.
Жалпы Абай Дрэперді оқуы арқылы дүниеге көзін жаңа ашқан адамдай болады.
Оның кітаптарының әр тарауын оқыған сайын, бұрын оқымаған тарихи деректерге
ұшырасып, өзінің таным саясын кеңейте түседі.
Европа ақыл-ойының даму тарихын оқу арқылы Абай әуелі әлемдегі барлық
құбылыстардың бәрі сол заңның тәртібіне тәуелді және оның күші жандыға да,
жансызға да бірдей ықпалды екенін таниды.
Католизм мен ғылымның арасындағы қатынас тарихын оқи отырып, Абай бүкіл
ғылым атаулының бастау негізі дін екенін біледі. Кейін келе дін басыларының
топастығы, мақсатты мүдденің тар шеңберінде қалуы дінді догмаға айналдырып,
ал әлемнің озық ойлы перзенттерінің парасатты ізденістері жаратылыс заңының
қыр-сырын ашып, ғылымды жаңа өрістерге шығарғанын зерделейді.
Міне, жыл өткен сайын Абай есімі кеңінен тарала бастайды. Семейге келген
ғалымдар, журналистер, әдебиетшілер Абай Құнанбаевты кеңінен танып біле
бастайды. 1992 жылдан бері Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің
қаулысымен Н. В. Гоголь атындағы кітапхана өз тарихымен тығыз байланысты
Абай Құнанбаев есімімен аталады.
Бұл ақпаратты Абай атындағы Семей облыстық кітапханасының қызметкерлері
ұсынды.
Абай және кітапхана
Семей қаласы ежелден мәдени, рухани орталықтардың бірі. Қасиетті Семей жері
қазақ халқының маңдайына Абай, Мұхтар, Шәкәрім сияқты ұлы адамдарды өмірге
әкелген мекен.
Семей жерінде алғаш ашылған кітапхананың өмірге келуі, қалыптасып дамуы
үшін үлкен үлес қосқан, осы кітапхананың ашылуын ұйымдастырған сол кездегі
саяси жер аударылғандар Абайдың досы Е.А.Михаэлис, Лобановский, Долгополов,
Филиповтар болды.
Е. А. Михаэлис бастаған саяси жер аударылғандардың күшімен кітапхана 1883
жылы күзде ресми түрде облыстық санақ комитеті үйінде ашылды. Барлық
деректерге сүйене отырып кітапхананың алғаш ашылу сәтінде 130 оқырман, 274
дана кітап қоры болғаны белгілі болды.
Кітапхана 1893 жылы бастауыш білім беру қоғамның қамқорлығына берілді. Осы
кезден бастап кітапхананың жағдайы жақсарып, кітап қоры толықтырыла
бастады. Ал 1902 жылы Семейде ақысыз оқу үйі қоғамдық кітапханамен
біріктіріледі. Міне осы уақыттан бастап Н.В. Гоголь атындағы кітапхана
қоғамдық кітапхана болып аталатын болды.
1902 жылдан 1911 жылға дейін кітапхана жұмысын басқарған, өлке мәдениетінің
дамуына үлкен үлес қосқан кітапхананың алғашқы кітапханашыларының бірі Н.
Я. Коншин болды. Осы Семей қаласында жүрген кезінде Н. Я. Коншин Батыс
Сібір Географиялық қоғамының мүшесі бола жүріп, Семей қаласының тарихын,
археологиясын, этнографиясын, табиғат байлықтарын зеттеуде көп еңбек
сіңірді.
Саяси жер аударылғандардың алға басуына кітап қорының толықтырылып отыруы
үлкен ықпал жасады. Кітапханаға ақысыз берілген кітаптардың ішінде шетел
философтарының аудармалары, шетел және орыс классиктерінің ең таңдаулы
шығармаларының болуы кездейсоқ емес еді.
Абай есімі кітапхананың алғаш ашылып, қалыптасу кезеңімен тығыз байланысты.
Себебі тура сол кездерде кітапхананың ең алғашқы оқырмандарының бірі Абай
болатын. Кітапханаға келіп жүріп Абай Е. Михаэлиспен кездеседі. Осындай
күтпеген кездесуден туған таныстық тамырын тереңге тартып, мақсат мүддесі
ортақ армандары бір екі адамды іштей табыстырып, құшақтары жазылмастай
берік достыққа алып келді. Михаэлиспен кездесу Абайдың дүниеге көзқарасын
шыңдай түседі. Менің көзімді дүниеге ашқан Михаэлис - деп Абай оны ерекше
құрметтеген. Ол кітапхана ісіне ат салыса жүріп, өзі де кітаптар алып
білімін көтерген. Бұл туралы Ә. Жиреншин 1961 жылы шыққан ақынның бір
томдық толық жинағына жазған алғы сөзінде былай дейді: 1886 жылы орыстың
Батыс Сібіріндегі географиялық қоғамының Семейдегі бір бөлімшесіне досы
Михаэлистің ұсынуымен Абай мүше болып сайланды. Қоғамның ғылым
қайраткерлеріне тарих, этнография, қазақтардың әдет-ғұрпы, салт-санасы,
әдепкі правосы жөнінде Абай үнемі кеңес беріп, ақылгөйі болады. Мысалы,
Абайдың ақылымен Маковецкий қазақтың әдет-ғұрпы, әлеуметтік дағдылы
правосын жинап кітап қып жазды. Кемеңгер ақын жер аударылып келген орыс
зиялыларынан көп үйреніп, олардың озық ойларынан өнеге алса, бір жағынан
соларға елеулі мөлшерде өзі де ықпал еткен. Спенсер, Бокль, Толстой,
энциклопедиялық сөздіктер, анықтамаларды оқу барысында, өз халқының ойы мен
тілегін ойлай отырып, қайталап тағы оқитын, ойланатын.
Абайтану ғылымына үлес қосқан ғалым, академик М. Әуезовтың шәкірті Қ.
Мұхаметханов Абайдың қосқан үлесі атты зерттеу мақаласында Абайдың орыс
достарына мынадай сипаттама береді:
Халық ағарту ісіне берілген алдыңғы қатарлы мәдениетті адамдардың ынта-
жігерінің арқасында 1883 жылы Семей облыстық музейі мен қоғамдық кітапхана
ашылды. Бұл мәдени – ағарту мекемелерін ұйымдастыруға негізгі ұйтқы
болғандар, атақ-даңқ немесе бас пайдасы үшін емес, халық игілігі үшін
қалтқысыз еңбек етуді адамгершілік борышым деп білген адал азаматтар еді.
Олар орыстың саяси жер ауып келген интелегенттері Абайдың достары – Е. П.
Михаэлис, А. А. Леонтьев, П. Д. Лобановски, С. С. Гросс, Н. И. Долгополов
т.б.
Халық қамқоры болған осы зиялылар тобына Абайдың өзі де болып, кітапханамен
тығыз қарым-қатынас жасағаны, 1883 жылы ашылған облыстық өлкетану
мұражайына Долгополов екеуі елуден астам экспонат тапсырғаны тарихтан
мәлім.
Абайдың өшпес шығармаларының жазылу жылдарына қарап отырсақ, оның
аудармалары саяси жер аударушылармен танысқан кезге, Гоголь атындағы
кітапхана мұрасын пайдаланған мезгілге дөп келеді. Сөйтіп кітапхана классик
ақынның өз бетімен білімін көтеріп, алыңғы қатарлы әдебиет арқылы әлемді
танып, көкірек көзін ашуына үлкен септігін тигізген, Абайдың шын мәнінде
білім алған мектебіне айналған.
Қаладағы осы жалғыз кітапхана арқылы Пушкин, Лермонтов, Салтыков-Щедрин,
Толстой сияқты әдебиет жұлдыздарының шоқтығы биік туындыларымен танысты.
Кейіннен Абай есімі кеңінен тарала бастады, ұлы ақынның есімін алғаш
естіген сырт адамдардың бірі-американдық журналист Джордж Кеннан болды.
1885 жылы Сібірді зерттеу, жер аударушылар тұрған мекенді көру мақсатымен
Семейге зерттеу, жер аударушылар тұрған мекенді көру мақсатымен Семейге
келген прогрессивтік бағыттағы белгілі американ журналисі Д. Кеннан
қоғамдық кітапхана өмірімен да танысты. Сол сапардағы алған әсері туралы
кейіннен өзінің Сібір және айдау атты кітабында былай деп жазды: Мен
Спенсердің, Гекслидің, Дарвиннің шығармаларынан ...Эдгар Понның,
Диккенстің, Ж. Эмоштың, Ж. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz