Елордасы – Астана


Пән: География
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 54 бет
Таңдаулыға:   

Елордасы - Астана.

Ақ жейде ақ қала - Астана,

Төрінде отырсын қазақтай хас дана

Тойынсын, сімірсін халқыңның

Аппақ-ау, ақ қардай көңілін бас қала

З. Қабдолов.

Жоспар:

  1. Астана- ХХI ғасыр ғажайыбы.
  2. Астана- Алаштың алтын қазығы. Астана- тарихы- ел тарихы. Астана- киелі орда.
  3. Жүрегіме нұр сыйлаған әсем қала.

Ұлан- ғайыр қазақ даласының қақ кіндігі - Сарыарқа төсінде, ерке Есілдің жағасында ХХI ғасыр ғажайыбы- арайлы асқақ қала Астана бой көтерді. Тарих үшін қол қағым сәт болып саналатын он екі жыл ішінде еліміздің бас қаласы көркімен де, келбетімен де төрткүл дүниені тәнті етті. Ұлы қиыры жоқ қазақтың жалпақ даласының қақ төріне орналасқан Астана тарихы- ел тарихы. Бабаларымызды, найзасының ұшымен, тұлпарының тұяғының күшімен қорғалған шеті де, шегі де жеткізбейтін даласын басқаруда Ақмоланы тұғыр еткен. Осы жерден байтақ еліміздің жан-жағына қарым-қатынас жасап бақылап отыруға мүмкіндік алған. Ежелден бұл далаға Иван Грозныйда қызығумен дүниеден өтті. Петр бірінші: Мен Қара теңізді жаулап алғанша, дала кезек күте тұрсын! - деген болатын. Ресей қай кезде де біздің кең даланы иемденуді армандағаны тарихтан белгілі. ХХ ғасырда да қазақ жеріне қанша шүйіле түскенін уақыт ұмытқан жоқ. Тың және тыңайған жерді игертуді көздеген Хрущев бес облысты бөліп алуға шақ қалды. Горбачев пен Жироновский, Солженицин да қазақ жерін иемдену мақсатын көздеді. Осындай кезенде мемлекет басшысы Н. Ә. Назарбаев көрегендік пен кемеңгерлік жасап, астананың жаңа көшін бастауға бет бұрды. Астананы Алматыдан қиын кезеңде көшіру туралы Елбасының жарлығы қазақ даласына көз тіккендердің төбесінен жай түсіргендей болды. Бұл шешімнің дұрыс екенін ел-жұрт кейіннен толық түсінді. Арқаға бой түзеген көшке ақындарда ақ батасын жыр шашумен төгіп:

Алатау бастағанда асқарала,

Қосылды қуанышқа жас бала да.

Алматы өзінің жас жалғасындай,

Арнайды ақ батасын Астанаға.

Ата- баба салтымен

Алға баста, Астана, -деп ақ тілеу тілеп жатты.

Астананың Ақмолаға келуі- бабалар рухын қастерлеу, олардың аруақтарының нұсқаған жолына бетбұрғандық. Бұл бабаларымыздың ғасырлар қойнауынан қатқан үніне құлақ асқандық болатын. Қазір қазақтың әр азаматының асқақ Астанаға деген махаббатында шек жоқ. Елбасы өзінің үлгі- өнегесімен баршаны Астана арқылы тәуелсіз елімізді сүюге, Отанға қызмет етудің шынайы патриоты болуға үндеді.

Астана- Қазақстанның төрі, киелі ордасы. Қасиетті Арқа төріне ту тіккен жас қала тәуелсіз еліміздің өркендеуінің негізіне айналды. Бүгінде бас қалаға қарап, халқымыздың тарихи мен мәдениетін, салт- дәстүрін, ертеңге деген қадамын аңғарамыз. Жаңа Астананы көру, кім-кімгеде арман.

Бәйгеден келген ту алып,

Ұландай бейне қуанып.

Бөркімді аттым аспанға

Көргенде сені Астана!- деп ақындар шабыттана жырлаған Астана -бүгін Еуразияның дәл кіндігінде орналасқан, дәулет пен сәулеттің ошағына айналып, жан-жағына шұғыласын шашқан аққу қанат ару да арман қала.

Астана күннен- күнге кең қанат жайып, өркендеп өсіп, әлемнің ең ірі қалаларының қатарынан орын алды. Астананың құрылысының да мәні терең, жобаларында да адам ойланарлықтай кереметтер бар. «Пирамида», «Қазақ кешені», «Салтанат сарайы» сияқты ғимараттар адамзаттың қол жеткізген тамашаларын көз алдыңа әкелсе, өзге көшелер мен үйлерде Қазақстанның қарышты қадамына лайық болашаққа Азияның барысындай ұмтылыс, рухани талпыныс бар. Астана Бәйтеректен басталады. Бәйтерек Астананың бойтұмары десек, қала құрылысында әлемдік жаңалықтармен қатар қазақ елінің орталығы екенінің иісі аңқып тұр. Бәйтерек пен Мебхус лентасы еуразиялық бірлігімізді, қос құрлықтың бауырластығының белгісі ретінде әлемдік ақыл-ойды ұштастырып тұр.

Астана- өркениет көшіндегі темірқазығымыз. Астана- алаштың Сарыарқаға қағылған алтын қазығы.

Бабалар аңсаған тәуелсіздіктің тұғырын, туын биіктеткен арынды Астана әлем елордаларының арасында шоқтығы биік. . Астана келбеті әрбір қазақстандықтың жүрегіне қуаныш сыйлап:

Күннен- сәуле, айдан- нұр,

Жасай бер, құлпыр, жайна гүл.

Мемлекеттігімнің қайнары

Тәуелсіздік айбары

Жайнай бер, жайна Астана!- деп сәулетті шаһарды жырға қосады.

Астана - арман қала,

Бағы бір жанған қала,

Тұрады ол жап-жас болып

Мен үлкен болғанда да

Иә, Астананың көркейіп гүлденуі менің жас жүрегіме де нұр сыйлайды. Елорда болашағының жарқын, мерейі үстем болатынына сенемін. Әрбір ұрпақ өз елін, жерін, оның адамдарын жан жүрегімен сүюі керек. Мен де тезірек ер жетіп, терең білім алып, елімнің өркендеуіне, Елорданың көркеюіне үлес қоссам деймін.

Ел ордасы - Астана.

Жоспар.

  1. Астанам- Арқадағы арман қала.
  2. Ертеңгі - ертедегі ел.

1.

2.

III. Жүрегіме нұр сыйлаған әсем қала.

Осыдан 19 жыл бұрын қазақ даласының қақ төрінде еңселі Елорда- Астана бой көтерді. Ол Елбасымыздың 1997 ж 10 желтоқсандағы жарлығымен жарияланған болатын. Елбасымыз халыққа үндеуінде: «Қазақстан- еуразиялық ел болып табылады». Ақмола - Еуразия құрлығының географиялық орталықтарының бірі. ХХ ғасырдың шиеліністі тарихында біз тұңғыш рет өз мемлекетіміздің астанасы туралы дербес шешім қабылдадық және де ХХI ғасыр табалдырығында біз өз таңдауымыз - көне Сарыарқаның киелі аспаны астында қоныс тепкен жаңа астанамыз туралы мәлімдейміз, -деп айтқан болатын. Бұл тарихи шешім еліміздің ойынан шығып, ақындар жүрегінен жыр- шашуларын төккен болатын.

Ақмолам- Арқадағы арман қала,

Бақыты жұлдыз болып жанған қала

Арманы бабалардың орындалды,

Сыңсытты талай ғасыр салған қала!- деп Жұмабике Егінбаева айтулы оқиға туралы тебірене жырлады.

Адамзат тарихында ежелгі қалалардың, соның ішінде астаналардың өзіндік әпсаналары баршылық. Мемлекеттің пайда болуы, халақтың шығу тегі, көне қалалар жөнінде әр түрлі аңыздар мен хикаялар қатар жүреді. Ақмола- қазіргі Астана қаланың ежелгі заманнан келе жатқан байырғы атауы. Бұл ақ мола, қасиетті мола дегенді білдіреді. Ақмола атанған мекен Астана қаласынан жиырма шақырымдай жерде, Нұра өзенінің жағасында, Тайтөбе аулының жанында. Осы ақ молаға байланысты нешеме аңыздар мен әпсааналар туындаған.

Халқымыз қорым, мола, бейіт, кесенелерді қасиетті киелі орын, мұнда ата-бабаларымыздың аруақтары, рухтары мекендеген деп есептеген. Дала кезген көшпелі халық пен саудамен шұғылданған керуеншілер аруаққа сиынып, ескі қорымдардың жанында түнеген, медет тілеген. Жыр жампозы Мұқағали Мақатаев «Қазақ жері» деген толғауында ата - бабалардың қасиетті сүйегі жатқан жерге ізет-ілтипатын былайша жеткізген еді.

Пай- пай -пай!

Киелі неткен жер.

Батырлар дүрілдеп өткен жер

Тұлпарлар дүбірлеп төккен тер,

Бас иіп иіскеп топырағын

Тағзым жасамай өтпеңдер!-деп толғауы да тегін емес еді.

Ал осындай киелі жер- Ел орда туралы да халық: «Ертеде Сарыарқада тайпа аралық араздықтар етек алған кез еді. Бірде қасиетті Мекке Медине жерінен екі қария мен арыстан терісін жамылған әулие келді. Халық оны Арыстанбаб деп атайды. Пайғамбардың елшілері жөнсіздіктерді тыйды, көшпелілерді ізгілікке, кісілікке шақырды, адамшылыққа жат қылықтардан арылып тазаруға, жақсы істерге үндеді. Көшпелі халық бұлардан құран аяттарын үйренді, тағылым алды. Кейінірек Арыстанбаб Түркістанға кетті, ал екі қария Мұхаммед ілімін насихаттау үшін тұрақтап қалады. Әулие абыздар дүниеден озған соң, олардың мәйітін халық Нұра өзенінің биіктеу қабағына жерлеп екі аппақ кесене тұрғызады. Олар жерленген қос оба Ақмола атауына ие болды, әрі көшпелі тайпалар үшін киелі орынға айналды», -деп аңыздайды. Содан бері талай жыл, ғасыр өтті, талай дүрбелең қанды оқиғалардың куәсі болды бұл қасиетті жер.

Дүрліктіріп ойпат пен белеңді ұрыс,

Тураса да түндігін берен қылыш,

Найза қаққан, оқ қаққан, жауды ысырған

Бұл қазақты Алдаспан деген дұрыс, -деп жалғанның жартысындай жасыл жазира даласын ғасырлар бойы шегарасына қамал қорғандар салмай-ақ жалаңтөс батырлары жан пидалықпен қорғай білген ата-бабаларымыз қандай қаһарман халық болғанын ақын Тынышбай Рахым қалай дөп басып айтқан. Тәуелсіздікпен келген Сарыарқаның қақ ортасында іргесі жаңа қаланған қала дүниеге келді. Бүгінде әлем картасында тәуелсіз Қазақстанның жаңа Елордасы- Астананың пайда болғанына 14 жыл толып өтті. Ару қала өзіне әлемдік қауымдастықтың назарын аударды. Астана- тәуелсіз Қазақстанның қарқынды дамуы мен гүлденуінің айқын айғағына айналды. Отандастарымыздың қажырлы еңбегі арқасында республика астанасы күн өткен сайын ажарланып, көрген жанға бой түзеген перизаттай, таңқалдырып келеді. Жыр етеді , қиялыңды кемерінен тасытады, бүгініне қарап, оның ертеңінің де ертегідей ғажап болатындығына сенімің артады. Астана қандай жасампаз едің деп толғанасың. Ерке Есілдің ажары ашылып, жаңа ғасырда, жаңа мыңжылдықта қызықты қыз ғұмырын кешіп жатқанына куә болғаныңда, өзіңніңде осындай Елордаң бар екендігі бақытына ие болғаныңды мерей тұтасың.

Жарылсаң қуаныштан жарыл, жүрек!

Күдіктен, қызғаныштан, арыл жүрек!

Көк байрақ көк аспанда желбірейді,

Үш жүздің баласына бақыт тілеп!-деп сәулетімен көз қарықтырған әсем қала келбеті жүректерге жыр сыйлайды.

Астана- арман қала. Талай жүректерге нұр сыйлаған әсем қала. Астананы бір көру арман дегенді талай естідім. Осындай бақытты сәт жазғы демалысымда оралған болатын. Алғаш қаланы аралаған күні атбасын бұрған жерім бұрын көгілдір экраннан талай мәрте тамашалаған Астананың символына айналған алып Бәйтерек болды. Жоғары басына шығып, қаланың айшықты ажарына, кескін-келбетіне қарасаң көз тоймайды. Небәрі 12жылда осындай ғажайып қала тұрғызған Нұрсұлтан атамның аса көрегендік саясатына перзенттік көңілмен төбем көкке бір елі жетпей қалды. Елорданың қай жерінде болмадым. Президенттің мәдени орталығы, Конгрессхол Нұр Астана мешіті, Пирамида не деген керемет, айпа жеткізу мүмкін емес. Астананы аралай жүріп, байқағанын болашақтың қаласында жастардың сонша көп шоғырланғаны болды. Осыдан-ақ ел ертеңі де жас ұрпақ, яғни менің замандастарым болатындығына көзім одан сайын жетті.

«Өмірдегі қызығының бәрі өлеңмен . . . »(тұрмыс-салт жырлары және оның түрлері)

Алдарында бейбіт күн алтын ғасыр,

Бейбіт күннің болмайды салтында сын

Тойларың мен ойларың қанаттанып,

Күй күмбірлеп, әсерлі ән тынбасын

А. Асылбеков.

Жоспар

  1. Халқымыздың асыл сөз маржаны.
  2. Салтын сүйген халқын сүйер. Арман тілегін жырмен өрнектеген халық. Адамның бір қызығы бала деген . . . Абай
  3. Ата -салты ұрпағымызға үлгі өнеге.

Жер шарындағы әр елдің, әр халықтың әдебиетінің тарихына көз жіберсек, барлығына ортақ қасиетті байқаймыз. Ол- жазба әдебиеті пайда болмай тұрған кездің өзінде әр халықтың өзінің төл ауыз әдебиетінің болғаны. Күні бүгінге дейін, әлемге әйгілі болған әдебиетіміз, сол ауыз әдебиетінің заңды жалғасы. Тегінде ауыз әдебиетінсіз бірден дамып, өскен әдебиетті адамзат білмесе керек.

Қазақ халқы- ауыз әдебиеті мұраларына сын жағынан да бай ата-бабаларымыз өз ұрпағына құс ұшса қанаты талатын, аң жортса тұяғы тозатын ұшы-қиыры жоқ жері мен әдебиетінің қайнар көзі, кәу сар бұлағы болып саналатын ауыз әдебиетінің не бір ғажап, не бір тамаша, озық үлгілерін қалдырған.

Заманымыздың заңғар жазушысы, халқымыздың данышпан перзенті, ұлтымыздың біртуар ұлы Мұхтар Әуезов осы мол рухани байлығымыз жөнінде:

«Қазақтың сан ғасырлық өлең байлығын жинай берсе, үлкендігі Алатаудай болар еді», -деп бір ауыз бейнелі сөзбен дөп басып айқан болатын.

Иә, жазба әдебиетіміз өмірге келген дейін халқымыздың әдет-ғұрыпын, тұрмыс-тіршілігін, көңіл-күйін бейнелеген. Қай халықтың болмысын салт-дәстүрлері сол халқтың мінез-құлқын, қасиеттерін көрсетеді. Қазақ халқының салт-дәстүрлері де ұлттың мінез-құлқы мен қасиеттерінің айнасы. Қазақта «Алты жыл аш қалсаң да, атаңның салтын ұмытпа» деген тамаша даналық бар. Бүгінгі қазақ халқынң салт-дәстүрлері оның ұшыт болмағын паш етеді. Олай болса, қазақ халқының ертеден келе жатқан ойын-сауығы, дәстүрі, салты бар. Басқа халықтардың ән-би, тақпақ сияқты түрлері болса, қазақ халқы ән, жырға бай болады да, өзінің осы салтын сақтап,, ұрпағына жеткізеді. Ондай салт жырларында жаңа туған балаға шілдехана жасап, ер жетіп, ел тілегін, ана арманын орындайтын адам болуына тілек білдіреді. Тойбастар жыры да ұзатылар қызға, үйленер жігітке арналып, жақсы өлең-жырлар айтылады. Онда жақсы тілектер тілеп, бата беріп, болашақта бақытты болуын тілейді. Қазіргі кезде де талай тойлар, ұлы адамдардың туған күнін еске алу тойлары болып, ат шаптырып, балуан күрестіріп, қазақтың ұлттық ойындарынан көрініс беріп жатыр. Абылай ханның, дүние жүзіне аты тараған дана данышпан Абайдың, қазақ халқын өзінің «Абай жолы» романымен дүние жүзіне танытқан Мұхтар Әуезовті, қазақтың барлық жанр алыбы Сәбит Мұқановтың мерей тойлары өтті. Бұл да ата-бабалардың ұрпағына қалдырған салтыңың бір саласы. Салт-дәстүр жағынан алып қарағанда жар-жар сыңсу, жоқтау, беташар, қоштасу деген дәстүрлері бар. Дана халқымыз «Дәстүрдің озығы мен тозығы бар» демекші бүгінгі күні осы салт-дәстүрлерінің жаңа өмірге сай жаңарған көрінісін көреміз. Ежелден кемеңгер халқымыз ұзатылар қызы мен баласына, келін боп түскен жас жұбайға артар арман, тілегін жырмен өрнектеген.

Айт, келін-ау, айт, келін!

Атыңның басын тарт, келін!

Сауысқаннан сақ келін! . . .

Жұмыртқадан ақ келін! . . .

. . . Ел-жұртыңа жақ, келін! . . . -деп, жаңа түскен жас келін инабатты болуын, ана-анаға мейірімді, ауыл-аймаққа жағымды, өсек-өтірікпен аулақ болуын қалайтын тамаша ақыл, бейнелі көркем сөздермен жеткізеді. «Сауысқандай сақ, жұмыртқадай ақ бол» деген теңеулерді тамаша қолданады.

Ата-ана үшін ең қымбат өзінің перзенті екенін білеміз. Халқымыз бар жақсылығын ұрпағына арнаған. «Ұлы бар үйде, қызы бар үйде шуақ бар», «Ұлың өссе-мұратың, қызы өссе-жұратың», «Перзент-көздің нұры», «Ұлың өссе, күндей болсын деп тіле», «Дәулетіңнің қадірін ұлың өскендн білерсің, абыройыңның қадірін қызың һскенде білерсің» деген халықтың даналық сөздерін тілге тиек еткен жөн.

«Адамның бір қызығы лала деген . . . » деп Абай айтқандай перзентіне жасаған адамның әрбір тойы өмірінің қуанышты сәті болып табылады. Дүниеге келген сәбиіне қуанып шілдехана жасаса, тәй-тәй басып жүре бастаған кезінде «Жүйрік бол!», «Шауып кет!» деген тілектерді айта отырып, екі қолынан екі адам жетектеген баланың тұсаукесер тойын жасайды.

Халқымыз ұл баланы отау иесі, өмірінің жалғасы деп біледі. Өмірінің қақ жартысы ат үстінде өткен қайсар қазақ ұлын ұйықтап ашамайға мінгізген. Қазақ халқы үшін алдымен ашамайға, артынан тай-құнанға міну ат жолын тартты деген сөз азамат болудың бастамасы өйткені, қазақ баласы ұдайы жауынгершілікте өткендіктен бе, әлде көшпелі өмірдің өзі қалыптастырды ма өмірге ерте араласады. Қазақ баласы тек бұрын ғана емес, бүгін де ат құлағында ойнайды.

«Халқым қандай десең, салтымнан сынап біл, өзім қандай десең халқымнан сұрап біл», «Дәстүрін туған елдің дәріптемей, өскен жан салу жүрсе де ғаріп-кедей», «Халқын сыйлаған салтын сыйлайды» деген сөздер халықтық асыл-мұра салт-дәстүрді сыйлап, оны дәріптеу білу, ұрпақтар жүрегіне жеткізу халқына жаны ашыған әрбір саналы азаматтың перзенттін асыл парызы. «Халқының ежелгі үрдісі бар» демекші, халықтың салт - дәстүрін сыйлау, қастерлеу бүгінгі ұрпақтың басты міндеті.

Бір Ел, бір Елбасы.

Елі мұратқа жетпей тұрып,

Ері мұратқа жетуші ме еді?

Сондықтан елдің қамын

Ең алдымен ойламай болмайды?

Н. Назарбаев.

Жоспар.

І. Ар-намыстан жаралған қайсар қайраткер.

ІІ. Елімен етене Елбасы.

  1. Н. Назарбаев - көреген әріден ойлайтын саясаткер.
  2. Уақыт артты ауыр жүк иығыңа, Ешқашан мойымадың қиынына.

(Қ. Әлімқұлов)

ІІІ. Халқың риза саған, Елбасы.

Неткен байтақ, неткен ұлы жер едің

Нендей күйге жүрегімді бөледің?

Сенде тудым, сенде өстім, сенде өлсем Арманым жоқ бұл дүниеде дер едім, -

деп Қасым ақын тебірене жырлаған ұлан-байтақ қазақ жері Атыраудан Алтайға дейін керіле көсіліп жатқан ұшы-қиыры жоқ кермиық кербез дала. Осы даладан тарихтағы тұңғыш жер серігі, алғаш ғарышкер ұшырылған. Осы далада адамзатқа қалқан болған алғашқы атом бомбасы жарылған, сутегі бомбасы сыналған. Бар қуатты қазақ осы даладан алған, бар жақсылық осы даладан жаралған. Қазақтың хандары мен батырлары, ғалымдары мен қайраткерлері, қаламгерлері мен өнер саңлақтары осы кең далада туып, осы даладан қанат қағып, қияға ұшқан. Осындай ұлтымыздың туған ел, жерге дарыған киелі қасиетін қасіретіне айналдырмақ болып, жан-жақтан анталаған қара-құрым қалың жауға қасқая қарсы тұрып, бастарын бәйгеге тігіп, қалың нуы мен ағын суы тұрмақ, бұлаңдаған бұйырғыны мен бұтасына дейін қызғыштай қорып, ұлан даланы ата-бабамыз ғасырлар бойы тыным таппастан, кірпік қақпастан ерлікпен бізге мұра етіп қалдырды.

Ұлы даланың тағдыр-тарихын барлық дем тынысымен түсініп, елінің ендігі тарихын сол ұлылар рухында одан әрі жаңғырта-жасарта алып кететін есіл ер, көзсіз батыр, тап-таза ар-намыстан жаралған қайтпас-қайсар қайраткеркерек еді. Табиғатынан көреген халқымыз ел тағдыры таразыға түскен шақтарда елін басқарып, қас батырдың ісін істей алатын тұлғаны тап басып таңдап, халқының тағдырын қолына берді.

Қазақ елінің соңғы 20 жыл тұтқасын ұстап, туын көтерген тұрлаулы да тұғырлы тұлғасы - тұңғыш Президентіміз Н. Ә. Назарбаев - әлем мойындаған, жаһанға аты жеткен, жер бетіне сөзін өткізіп, дегенін істетіп отырған бүгінгі заманның көрнекті саясаткері.

Ширатып жанды шынайы шешен лебізің,

«Қазақ жігітін қарашы, шіркін!» дегіздің.

Ұлы халқыңды төрткөл дүниеге танытып,

Келесіз қалап жаңа қоғамның негізін, - деп жерлесіміз А. Көпжасарова жырлағандай Н. Әбішұлы төрт құбыланы түгелдеп, ата-бабаларымыздың жолымен жүрген, ата кіндігінен ерекше дарынды туған, кемел ойлы кемеңгер, қасиет дарыған қайраткер. «Қазағым сіздей ұлмен бақ тапқасын. Ақының неге сөзін сақтап қалсын, » - деп ақындар жырына арқау болған гуманист, елін ұлы көшке сүйреген көшбасшы.

Тарихтың тағдыр - талайы шешуші сәтінде мемлекет басына келіп, шексіз ұлтжандылықпен рух биіктігін көрсетіп, елін өрлеу мен гүлдену жолына түсіріп, іркілмей бастап келе жатқан ізгі жан туралы жылы лебіздерді көптеп келтіруге болады. Соның бірі Ресейдің байтақ бір өлкесін билеп, халқының құрметіне бөленіп отырған қандасымыз Аман Төлеевтің айтқан сөзі де көңіл бөлерлік. Ол: «Н. Назарбаев - өте көреген, әріден ойлайтын саясаткер. Ол жігерлі, әрі айбарлы адам. Мен оның көрегенділігін ұнатамын. Ол шебер шахматшы секілді, бәрін де алдын - ала есептеп, нағыз жүрістерді таңдай алады», - деп көрсетті.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Астана - Қазақстан Республикасының елордасы
Астана – еліміздің жүрегі
ҚР Президентінің Қаулысымен Ақмола қаласы Астана қаласы боп өзгертілді
АСТАНА — ҚАЗАҚСТАННЫҢ САЯСИ ЕРІК-ЖІГЕРІНІҢ НЫШАНЫ ТУРАЛЫ
Экспо - 2017 көрмесі - елдіктің ерен жеңісі
Астананың тарихы
Еліміздің елордасы – Астана
1993, 1995 жж. Конституциялар
Қазақтардың 1 Дүниежүзілік құрылтайы
Қазақстанның ұлттық қайта жандануы, демократиялық құқықтық мемлекеттің құрылуы туралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz