Имандылықтың сыры
1. Имандылық . адамгершілік белгісі
2. Имандылықтың сырлары
3. Имандылыққа қарама.қарсы жағымсыз сипат . имансыздық.
4. Имандылық жайындағы әңгімелер
5. Имандылық . тәрбие негізі
Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Имандылық – адамның қоғамдағы, күнделікті өмірдегі іс-әрекеттерін белгілі бір қалыпқа түсіретін ішкі рухани реттеуіш, қадір-қасиет, адам бойындағы адамгершілік, ізгілік, кісілік белгісі. Дәстүрлі қазақ қоғамында адамның имандылығына – мінез-құлық жүйесіндегі ерекшеліктеріне көп көңіл бөлінген. Адамның жарық дүниеге келуі, өсуі, ержетуі, тіршілік етуі, қартаюы, ата мен баланың қарым-қатынасы, үлкендік пен кішілік, сыйластық, әдептілік пен арлылық, инабаттылық тәрізді маңызды мәселелер имандылықтың маңызды құрамдас бөлігі ретінде ешқашан да назардан тыс қалмаған.
Жастардың үлкендерге құрмет көрсетуі, үлкендердің кішілерге ізет білдіруі өмір сүру салтына айналған. Қоғамда берік қалыптасқан осындай көрегенділікпен өмір кешу дағдылары жинала келіп, барша адамгершілік қағидалардың, Имандылықтың жазылмаған кодекстерінің қалыптасуына негіз болған.

1. Әлішерұлы Қ. «Ахлақ – тәрбие негізі» - А.: 2006
2. Шәкәрім. «Иманым» - А.: Арыс, 2000.
3. Құнанбайұлы А. Шығармалары. ІІ том. - А.: Жазушы, 2005.
4. Құран және Иман – А.: 2006
5. Сейфеддин Языжы «Негізгі діни мағлұматтар» – Шымкент. Жібек жолы, 1999 ж.
6. Салт-дәстүрлер жинағы – А. Атамұра. 2000

1. Имандылық – адамгершілік белгісі
Имандылық – адамның қоғамдағы, күнделікті өмірдегі іс-әрекеттерін
белгілі бір қалыпқа түсіретін ішкі рухани реттеуіш, қадір-қасиет, адам
бойындағы адамгершілік, ізгілік, кісілік белгісі. Дәстүрлі қазақ қоғамында
адамның имандылығына – мінез-құлық жүйесіндегі ерекшеліктеріне көп көңіл
бөлінген. Адамның жарық дүниеге келуі, өсуі, ержетуі, тіршілік етуі,
қартаюы, ата мен баланың қарым-қатынасы, үлкендік пен кішілік, сыйластық,
әдептілік пен арлылық, инабаттылық тәрізді маңызды мәселелер имандылықтың
маңызды құрамдас бөлігі ретінде ешқашан да назардан тыс қалмаған.
Жастардың үлкендерге құрмет көрсетуі, үлкендердің кішілерге ізет
білдіруі өмір сүру салтына айналған. Қоғамда берік қалыптасқан осындай
көрегенділікпен өмір кешу дағдылары жинала келіп, барша адамгершілік
қағидалардың, Имандылықтың жазылмаған кодекстерінің қалыптасуына негіз
болған.
Бойына адамгершілік асыл қасиеттерді жинап өскен жасты көргенді деп,
жүрегінен нұр, өңінен жылу кетпейтін, әрдайым жақсылық жолын ойлайтын, әр
істе әділдік көрсететін адамдарды иманды деп атаған. Мұсылмандық
дүниетаным бойынша Имандылық иманнан пайда болады. Ал иман – жүректегі нұр,
нұрдың сыртқы болмысы, яғни Имандылық. Алла тағалаға иман еткен адамға
бітетін көркем мінез. Алла жіберген әрбір пайғамбарының міндеті – иман мен
Имандылыққа уағыздау деп саналған. Ең соңғы пайғамбар Мұхаммед Мен ең
ғажап көркем мінезді толықтыру үшін жіберілдім, – деуі арқылы әлемдегі
тәлім-тәрбие мен имандылықтың қаншалықты маңызды екенін көрсеткен,
Имандылыққа өзі бірінші үлгі болған делінеді. Алла тағала адамды иман мен
имандылық үшін жаратқан, сондықтан адамдарға: Алланың мінезінен үлгі-өнеге
алыңдар (Мұхаммед пайғамбар), – деп уағыздалады. Имандылықтың негізін
мұсылмандар Құранда деп біледі. Құран Кәрімнен ең көп үлгі алған Мұхаммед
пайғамбардың мінезі жайлы Хазіреті Айша: Оның мінезі – Құран, – деп жауап
берген. Ізгі істер діни ұғым бойынша Имандылық болып табылады. Қазіргі
зайырлы өркениетті қоғамда имандылық – аса қастерлі, биік адамшылық қасиет
ретінде ұсынылады.
2. Имандылықтың сырлары
Имандылық қасиетінің сырына тереңірек үңілетін болсақ, қазақ халқы
имандылықтың үш негізін өздеріне тірек еткен. Ол, біріншіден, дін. Яғни,
ерте ғасырлардың өзінде-ақ ұлан-ғайыр қазақ сахарасына кең тарап,
жергілікті ұлттардың (оның ішінде түркі тектес тайпалардың) арасына сіңіп,
олардың өмір-тіршілігімен қабысып кеткен ақиқат дін – Ислам діні.
Пайғамбарымыз Мұхаммед жайған діннің ең тазасын қаймағын бұзбай, сол
қалпында елдің санасына жеткізген әулие аталарымыз. Халқымыз имандылық
нұрының бастауларын сондай жүрек көзі ашылған перзенттерінен алды деп толық
сеніммен айта аламыз.
Екінші тірегі – салт-дәстүр. Қазақ тұрмысында тал бесіктен жер
бесікке дейін қайталанып жататын далалық өркениеттің жарқын көрінісі.
Салтынан, әдет-ғұрпынан қол үзбеген жұрттың кезінде талай өзге елдің
өкілдерін, ғалым-зерттеушілерді тамсандырғанын білеміз.
Мысалы, Шілдехана. Халықтың ескі сенімінде жаңа туған нәрестені
жалғыз қалдырса, әр түрлі жын-шайтан, перілердің салқыны соғуы мүмкін.
Сондықтан да одан оны қорғау үшін сәби дүниеге келген күні кешкілік ауыл
жастары шілдеханаға жиналып, ән айтып, күй тартады. Қыз-келіншектер мен
бозбалалар айтысып, жеңгендері тоғызын алып, әр түрлі ойындар өткізіледі.
Кейде шілдехана үш күнге созылады.
Шілдеханаға жастар жиналады. Оған үлкендер бата беру үшін ғана келеді.
Шілдехана тойында жаңа босанған әйел үшін қалжаға сойылған малдың еті
ортаға келгенде жөн білетін бір кісі омыртқаны қолына алып, оның етінен
әйелдердің бәріне ауыз тигіздіртіп, әбден мүжіп, тазартады да, сүйекті
тобылғыға тізіп, үй ішіндегі биік жерге іліп қояды. Мұнысы – баланың мойны
тез бекісін дегені.
Бесік тойы. Жаңа туған баланы бесікке салу – ізгі дәстүр. Қазақ оны тойға
ұластырады. Баланы бесікке салу тойына әйелдер шашуларын ала келеді. Жас
сәбидің ұйқысы тыныш болуы үшін бесікті адыраспанмен аластайды. Ауылдың,
әулеттің жасы үлкен, беделді әйелі бесіктің әбзелдерін орын-орындарына
қойып, аластағаннан кейін тышты ма? ырымын жасайды. Бесікке бала
бөленгеннен кейін үстіне ырымға сәйкес жеті түрлі нәрсе (көрпе, шапан,
кебенек, тон, жабу, жүген, қамшы тәрізді) жайылады. Бесікке тон, шапан жабу
– ер жеткенде халықшыл болсын деген, жүген жабу – тез өсіп, ат үстінде
ойнақ салсын деген, кебенек пен қамшы жабу – ел қорғайтын ер болсын деген
тілек. Үй иесі баласын бесікке салған адамға өз ризашылығымен сақина,
жүзік, білезік, сырға, мата тәрізді қымбат бұйымдарды сыйлайды. Бесікке
салу тойында ән де айтуға, күй де тартуға болады. Бұл тойда да адамдар ет
жеп, шай ішіп, әзіл-қалжың айтысып, мәз-мәйрам болып тарқасады. Бесікті
адыраспанмен аластағанда былай дейді:
Алас, алас, баладан алас,
Иесі келді, пәлесі көш!
Алас, алас, пәледен қалас.
Көзі жаманның көзінен алас,
Тілі жаманның тілінен алас!
Отыз омыртқасынан алас!
Қырық қабырғасынан алас!
Имандылықтың үшінші тірегі – ана тілі. Ананың бал әлдиімен бойға дарып,
жүрекке сіңген ана тілдің құдіреті байтақ даламызға береке дарытты, ұлттың
ұлан-ғайыр жерде бытырап жоғалмай, бір шаңырақ астына бірігуіне күшті құрал
болды.
Тілашар тойы. Бүлдіршіннің тілі жеке-жеке сөздерді айтуға икемделе
бастағанда ауылдың ділмар, шешен ақсақалдарын шақыртып, баланың тілі тез
шықсын деген ниетпен тілашар тойы жасалады. Тойда тілің тез шықсын!
деп, сәбиге қойдың тілін жегізеді. Қойдың ішегімен баланы жорта буындырып
тұрып: Сөйлейсің бе?, - деп, үш рет сөйлеймін деген уәдесін алады.
Сонан соң ақсақалдар: Сандуғаштай сайрап кет!, Жиреншедей шешен бол,
Жәнібектей көсем бол!, - деп ақ батасын береді.
Иман – қазақ халқының рухани дүниетанымындағы парасат пайымымен
сабақтасып жататын өте кең өлшемді ұғым. Ата-бабаларымыздың ақиқатқа
жетелер сенімінің де басты тірегі – осы. Барлық бет-болмысының, мінез-
құлқының айнасы. Яғни, Шәкәрім атамыз айтқандай,
Кімде болса шын мінез,
Болмас онда екі сөз.
Өлтірсе де көзбе – көз
Иманын сатып алмас бөз, – дегендегі иман. Имандылық деген бір ғана
сөздің бойына ұят, ар, ынсап, қанағат сықылды бүкіл жақсы қасиеттер түгел
сыйып тұр. Қазақтың жүзі жылы жанды жолықтыра қалса, бетінен иманы төгіліп
тұрған адам екен немесе иманжүзді кісі екен деп сөз етісетіні де
сондықтан. Тіпті адам ғұмырының мәні болып саналатын махаббат сезімінің де
негізі имандылықтан басталады. Оны Абай атамыз үш сүюмен байланыстырып,
иманигүл деп атбереді:
Махаббатпен жаратқан адамзатты,
Сен де сүй ол Алланы жаннан тәтті.
Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп
Және хақ жол осы деп әділетті.
Шәкәрім Құдайбердіұлының Иманым атты жинағында жаратылыс жұмбағы,
Алла мен адам қарым-қатынасы, иман жайлы жазған туындылары қамтылған. Ой
бастауы Құран Кәрімнен құйылар Шәкәрімнің сыр сөздері бүгінгі қоғамның
тынысымен үндес екендігі даусыз. Қазақ қауымының ғана емес, жалпы адамзат
баласының рухани қазынасы үшін өлмес өсиет қалдырған Шәкәрім бабамыздың
асыл мағыналы сыр сөздерінің жылдар өткен сайын жаңғыратыны шындыққа
айналып отыр. Сондықтан да иманына қазақтың талапты жастарын таныс қылмақ
үшін Шәкәрім бұл жинағында:
Қырықтан соңғы қырымды,
Сынамақ болсаң түрімді,
Көрейін десең нұрымды,
Жи-дағы оқы жырымды,
немесе
Қырықтан соңғы иманым,
Отыз жылдай жиғаным,
Көп ғалымның сөзінің
Ақылға алдым сыйғанын, -
деген екен.
Бабаларымыздың қастер тұтып, атадан балаға аманаттап, жүрекке дарытып
келген асыл қасиеттері көп-ақ. Халқымыз сырт көзбен емес, жүрекпен ұғатын
адамгершілік құндылықтарды жоғары дәріптеген. Имандылық, әділеттілік,
ізгілік, мейірімділік мұраттарын терең игеруге күш салған. Мал-мүлкінен,
дәулетінен иманын жоғары бағалаған қазақ Ер жігіттің үш байлығы бар:
бірінші – иманы, екінші – ырысының тұрағы, үшінші – дәулетінің тұрағы деп
аталы сөз қалдырған. Қазіргідей мал үшін біреуді алдап, біреуді арбаған
жандар кездесіп отырған кезде мұндай сөздің маңызы да жоғары. Жиған-терген
дәулетіне жүрегін байламай, одан да биік нәрсе бар деп білген аталарымыздың
имандылық төңірегіндегі түсінігіне біраз толғаныс жасауды жөн деп санадық.
Дәстүрлі қазақ руханиятынан тамыр тартып, нәр алған данышпан
тұлғалардың елді жақсылыққа үндеудегі көптеген ой-пікірлерінің имандылық
маңына келіп тоғысатыны шындық. Кешегі біз барлық қайратымызды ел үшін
еселеп жұмсайық. Халық түзеуді жол қылайық деген кемеңгер Мұхтар Әуезов те
жас жеткіншектерге кемел тәрбие беру үлгісін имандылықтан іздеген. Бесікте
жатқан жас сәбидің жүрегіне имандылық нұрын құйған жөн деп есептеген.
Ендеше, арысы Абайдай бабалар, берісі Мұхтардай даналар ұлт болмысының
дәнекеріне жатқызған имандылық негіздерінен бас тартуымызға мүлдем жол жоқ.
Г.Сандыбаеваның Иманды қыз, сүйікті жар, аяулы ана кітапшасында
мұсылман қыздары үшін ғибраты мол хадис тағылымдары сөз етіледі. Сыры мол
хадистердің құпия астарын талдап түсіндіріп, салиқалы оқырманға исламның
інжу-маржанын шашады. Ислам өнегесінен тәлім алуға асыққан, имандылықты
жаны қалайтын қыздарға арналған.
Міне, осындай басты-басты үш қасиетті берік ұстаған ата-бабалар
біздерге, кейінгі ұрпақтарына адастырмас айқын жолды көрсетіп кетті.
Жоғалтып алсақ, кешірілмес күнә, келер ұрпақ алдында қарабет те біз
болмақпыз. Данышпан Абай бір қара сөзінде: ата-бабаларымыздың бұл
замандағылардан артық екі мінезі бар екен. Ол екі мінезі қайсы десең,
әуелі, ол заманда ел басы, топ басы деген кісілер болады екен... Екіншісі
намысқор келеді екен, – деп қапаланып жазады. Біз де Абай дана өкінішінің
артын құшып жүрмейік. Иманымызды ту етіп, соған жету үшін бар күш-
жігерімізді салып, аянбай еңбек етейік дегім келеді.
3. Имандылыққа қарама-қарсы жағымсыз сипат – имансыздық.
Ислам шариғатын ұстанумен молда болармын деген қате көзқарастан аулақ
болу керек. Дін – деген сенім. Алла тағаланың Жаратушы күш екеніне, Құран
Кәрім мұсылман қауымның Конституциясы екеніне сеніп, амал қылған дұрыс.
Қоғамның қуат тірегі – отбасы. Сол отбасының бекем болуы көбіне әйел
адамдарға байланысты. Алайда әйелдер құқығы исламға дейін мүлдем адам
төзгісіз еді. Арабтар әйел затының ар-намысын қорлап, қажет десеңіз
қыздарын тірідей жерге көмді: әйелдер құқығы тек арабтарда ғана емес, бүкіл
дүние жүзі халықтары арасында мәз болмай, ар-намысы тапталып жатты.
Үнділерде әйелдер мүлік қатарында қаралып, ерлерінің жеке меншігі
саналды. Сати заңы бойынша өлген ерімен бірге әйелі де өртенген. Мұндай
өлім қасиетті, еріне шын берілу тұрғысында саналғанымен кімнің өлгісі
келеді? Сөйтсе де оларды күштеп өртеп отырған. Оның үстіне жесір қалған
әйелдерге тұрмыс құруға тиым салу заңы тағы болды. Осындай тағылық заң тек
ХІХ ғасырдың ортасында ғана күшін жойды.
Басқа елдерде, мысалы, Жапонияда әйелдерге көпшілік табынатын орындарда
табынуға тиым салынған. Қытайда да шіркеуге әйелдерді енгізбеген: Рим Заңы
бойынша әйел еріне басыбайлы болып, өзіне тиісті дүние-мүлікке де ие бола
алмаған. Сол секілді өзіне бала да асырап ала алмаған.
Ислам діні ерлер мен әйелдерді теңестіріп, бірдей құқық берді. Әйелдер
еркін дем алып, өзінің қасиетті борышы аналық парыздарын еркін атқаруға
мүмкіндік алды. Ислам әйелдерге құрметпен қарауға үндеді. Тірідей қыздарын
көметін тағылық қағиданы жойды. Кімде-кім үш қыз бала тәрбиелеп өсірсе, ол
жәннатқа кіреді деп есептейді. Мұндай көзқарас әлбетте, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz