Қылмыстық процесті жургізуші органның сарапшы қорытындысын бағалауы


СОДЕРЖАНИЕ
Қылмыстық процесті жургізуші органның сарапшы қорытындысын бағалауы1
Сарапшы тұжырымының мазмұны мен нысанына байланысты сарапшы қорытындысының дәлелдәмелік маңызын бағалаудьң ерекшеліктері8
Сарапшыдан жауап алу12
Сезіктіге, айьштаушыға, жәбірленушіге және куәға сарапшы қорытындысын көрсету15
Қылмыстық процесті жургізуші органның сарапшы қорытындысын бағалауы
Сарапшының қорытындысын анықтаушы, анықтау органы, тергеуші, прокурор, судья дәлелдемелерді жан-жақты, толық және объективті қараудың жиынтығына негізделген өздерінің ішкі сенімі бойынша, заң мен ар ожданың басшылыққа алып, дәлелдемелерді бағалаудың жалпы ережелері бойынша бағалайды (ҚІЖК-нің 25-бабы 1-6) .
Сарапшының қорытыңдысы іс бойынша басқа дәледемелер бағаланатын негіздерде бағаланады. . Қылмыстық іс бойьшша дәлелдеме ретіндегі сарапшы корытыңдысын бағалауға іс бойынша оның қатыстылык, жол берушілік, сенімділік және дәледемелік маңызын анықтау кіреді.
Егер нақты деректер іс бойынша мәні бар мән-жайлардьң өмір сүруі туралы түжырымдарды растайтын, растамайтын немесе күмән келтіретін болса, дәлелдеме іске қатысты деп танылады. Сарапшы қорытындысының қатыстылығы әдетте күмән тудырмайды, өйткені ол ең бастан қылмыстық процесс шеңберінде қалыптастырылады. Бұл жағдайда бағалау, негізінде, сараптама объектілерінің қатыстылығын, сондай-ақ сарапшының өзінің бастамасы бойынша жасаған тұжырымдарын тексеруге бағытталуы тиіс.
Жол берушілік - ол оны нақты деректердің (мәліметтер, ақпараттар) заңды көздері тұрғысынан, соңдай-ақ қылмыстық іс жүргізу заңында көзделген тәртіпте, осыңдай көздерде болатын нақты деректерді алудын тәсідері мен бекіту нысандарын сипаттайтын дәлелдеме қасиеті.
Сонымен, егер дәлелдеме Қазақстан Республикасының кыл-мыстық іс жүргізу заңында белгіленген тәртіпте алынған болса, оған жол беріледі деп танылады.
Дәлелдеме ретіндегі жол берушілікке төрт критерий кіреді:
1) дәлелдемелерді алуға бағытталған іс жүргізу әрекеттерін жасауға кұкықты тиісті субъект;
- дәледдеме мазмұнынан құралған . . . нақты деректердің тиісті көзі;
- дәледдемелерді алу үшін пайдаланылатын тиісті іс жүргізу әрекеті;
4) дәлелдемелерді алу үшін пайдаланған іс жүргізу әрекетін өткізудің тиісті тәртібі .
Сондай-ақ сарапшы қорытындысьн бағалау туралы мәселе адам құқығын сақтау тұрғысынан сарапшы пайдаланған арнайы әдістер мен әдістемелерге жол берушілік проблемасымен байланысты. Бұл жерде объекті ретінде адам болатын сараптама түрлері жайында сөз болып отыр.
Сараппш қорытындысының жол берушілігін бағалауға бірқатар элементтер кіреді:
- ғылыми құзыреті және іс бойынша іс жүргізу барысында нақты адамға ұсынылатын іс жүргізу талаптарын қанағаттандыру тұрғысынан сарапшының өзін бағалау; алудың занды амалдары мен тәсілдері тұрғысынан сарапшынық зерттеудің объектілері ретінде ұсьнылатын материалдарға жол берушілікті бағалау; сараптама тағайындау кезінде сот және процестің өзге де қатысушылары іс-әрекеттерінің заң талаптарына сәйкестігін бағалау. Сараптаманы тағайыңдау мен жүргізудің іс жүргізу тәртібін оқып зерттей отырып, оның заңға сәйкестілігіне келгеңде, ең бірінші кезекте осы аталған іс жүргізу әрекетінің мын жақтарына назар аудару керек: сараптаманы тағайыңдау заңдылығы, яғни тиісті қаулыны шығару кезінде белгіленген талаптарды сақтау; сараптама тағайындау кезіңде сезіктінің, айыпталушының, жәбірленушінің құқықтарын сақтау және алдын ала тергеу барысыңда оның ртаныстыру; сот талқылауы барысында сарапшының аддына қойылатын сұрақтардың қойылу тәртібін сақтау; сарапшыға оның қүқықтары мен міндеттерін түсіндірудің іс жүргізу тәртібін сақтау; сараптама жүргізу барысында сарапшының міндеттерін сақтауы;
-сот сараптамасын жүргізу барысында сарапшының, сот сараптамасы органы басшысының соттың және процестің өзге де қатысушыларының әрекеттерінің заң талаптарына сәйкестілігін бағалау. Мысалы, практика көрсеткеңдей, сарапшының өз құзыреті шеңберінен шығьп кетуінің көп тараған жағдайлары оның процестің өзге қатысушыларына жататын функцияларды орындауы (алғашқы мәліметтерді жинау, сараптама жүргізуге өзге адамдарды тарту), сондай-ақ қылмыстық процесті жүргізуші органның айрықша құзыретіне жататын кұқықтық сұрақтарды шешу;
- сарапшының қорытыңдысына немесе қорытынды берудің
мүмкін еместігі туралы хабарламаға оны бекіту нысандарының
заң талаптарына сәйкестілігі тұрғысынан баға беру. Комиссия-
лық, кешенді, қосымша және қайталама сараптамалар ресімдеуге ерекше көңіл қою керек.
Егер тексеру нәтижесінде оның шындықка сәйкестілігі анықталса, дәлелдеме сенімді болып танылады.
Сарапшы қорытындысының сенімділігін, яғни оның шындыққа сәйкестігін анықтау оны бағалаудың ең қиын кезеңі болып табылады, өйткені оның анық формальды критерийлері болмайды.
Сарапшы қорытындысының сенімділігін бағалау екі амалда жүргізіледі:
- сарапшы қорытыңдысының негізділігін бағалау, оның барысында ол басқа дәлелдемелерден бөлек алынып, жеке зерттеледі;
- сарапшы қорытындысының дұрыстығын, оны іс бойынша өзге дәлелдемелермен салыстыру және басқа дәлелдемелермен сәйкестігін анықтау арқылы бағалау.
Сарапшы қорытындысының негізділігінің өз ішкі құрылымы болады әрі ғылыми және нақты (оның сезсіз ғылыми базисі болуы керек) деп бөлінеді - «Белгілі бір түрдегі сарапшылық міңдеттерді шешудің ғылыми негізділігі туралы айтсақ, біз жал-пы ғылым мен техникада және ішінара криминалистика мен сот сараптамасында белгілі бір ғылыми алғышарттар мен негіздемелердің болуы деп түсінеміз. Алайда, мұндай базистің болуы нақты сарапшылық міндетті негіздеп шешудің толық кепілдігі бола алмайды, дегенмен сарапшылық практикада мақұлданған және тексерілген «стандартты» әдістемені пайдаланумен алынған нәтижелерге көрінеу сену психологиялық тұрғыдан байқалады. Өз кезегінде, накты негіздеменің өзі де бірқатар компоненттерден тұрады. Олардың анықталатын бастылары: толықтық, жан-жақтылық, объективтілік. Сарапшының қорытындысына сараптама жіберілетін барлық жерлер үшін тиісінше анық және түсінікті негізделіп, тұжырымдалған қорытындылар кіруі керек.
Көптеген әдебиеттерде баяндалған ұсыныстарға сәйкес сарапшы қорытындысының негізділігін бағалау мына параметр-лер бойынша тексеруді көздейді:
а) сарапшы қшданган зерттеу әдістемесінің сенімділігі.
Бұл бағалау ушін осы сараптама түрінде әзірленген ғыльши негіздердің бар жоқтығын, қандай ғылыми ережелерді сарапшы пайдаланғандығын, ол зерттеудің қазіргі заманғы және тиімді әдістерін қодданған қодданбағаңдығын анықтау қажет.
Соңдай-ақ нақты жағдайда осы не өзге әдістемелерді пайдаланудың құқыққа сәйкестілігін тексеру керек, өйткені нәтиже-лердің дұрыстығы тек әдістеменің сапасыңда ғана емес, соны-мен бірге белгіленген проблемалық танымдық ситуацияда оны пайдалану мүмкіндіктеріне де байланысты болады.
Сарапшылық зерттеу әдістемесін тексеру мәселесі де күрделі болып табылады, оның себебі сотқа кейбір жағдайда әр түрлі әдіснамалық ережелері бар әр мектептің сарапшыларының бір біріне қарама-қарсы тұжырымдар шығаратыны белгілі.
Сот сарапшының таңдауын бағалай алу үшін, ол өз қорытындысындағы нақты өдістемені таңдауын дәлелдеу керек. Алайда, сот үшін сарапшының осы таңдауының дұрыстығын анықтау қиынға түседі. Әдетте, зерттеу әдістерінің ғылымилы-ғын бағалау үшін ғылыми және әдістемелік әдәбиеттермен танысу, мамаңдар кеңесінің қорытыңдысын бағалаудың жеке тәжірибесі, мамаңдардан жауап алу секілді тәсіддер ұсынылады.
б) сарапшы ұсынылган материалдардың дұрыстыгы мен жетекшіліігі. Сарапшы қорытындысының сапасы тікелей ұсынылатын іс материалдарыньщ сапасына байланысты болады. Заңға сәйкес сарапшылық зерттеу объектілерінің сенімділігі мен жол берушілігіне сот кепішгік береді. Сонда да болса, сот сараптамасы объектілерін, яғнй сарапшылык зертгеу үшін алғашқы болатын материалдарды сарапшының өзінің де бағалау мүмкіңдіктері өзекті пробдема болып табылады.
в) жүргізілген зерттеудің жиынтыгы. Аталған параметр бойынша әдістемемен көзделген барлық әдістерді пайдалану; ұсынылған материалдардың барлық көлемін оқып зерттеу; қорытынды қойылған сұрақтарға барлық жауаптардың болуы; қорытыңды үшін мәні бар сарапшы істеген жұмыстарды толығымен сипаттау;
д)
сарапшы анықталган белгілерді дүрыс түсіндіру.
Сарапшы анықтаған объектілердің белгілері дұрыс бағаланғанын анық-
тау, сарапшы тұжырымы анықталған белгілерге сәйкес келетіндігін анықтау керек;
е) сарапшы түзісырымдарының жүргізілген зерттеуге сәйкестігін, зерттеу нәтшіжелерімен сарапшы тұжырымдары арасындағы логикалық байланыстың болуы. Сарапшылық зерттеу сатысының дәйектілігін, осы дәйектіліктің логикалық негізділігін, аралық нәтижелермен сарапшы тұжырымдарының логикалық негізділігін талдау арқылы бағалау жүргізіледі.
Сарапшы қорытындысының негізділігін бағалау мүмкіңдігі қазіргі күңде шешімін таппаған сот сараптамасы теориясы мен практикасының маңызды проблемасы болып табылады. Бұл айталғаңдар арнаулы ғылыми білім негізінде сарапшы тұжырым-дарын қалыптастырудың ерекшеліктерімен себептелген.
Бұрын керсеткеңдей, іс жүргізу ғылымының тарихында осы мәселе бойынша бір-біріне тұп-тура қарама-қарсы көзқарастар көрініс тапты.
Өзінің ұзақ жайты бар сарапшы қорытындысын бағалау проблемасы қазіргі күні де езекті әрі күн тәртібінен түспейді, өйткені оның мүмкіңдігі субъектіде арнаулы ғылыми білім бағалауы-ның болуымен байланысты болып отыр.
А. Р. Белкин осы женінде айта отырып, «тергеуші және соттың сарапшы қорытындысын толыққанды бағалау мүмкіндігінің пайдасына дәлелі, теориялық түрде мұндай бағалау . . . шынайы тергеу және сот практикасынан тіптен алыс. Занда екі жүзділік тұжырымдарға жоламай, сарапшылық қорытындылар-ды бағалау кезіңде тергеуші мен соттың басшылыққа алуы ке-рек критерийлерін нақты анықтап алу, сонымен бірге, ол критерийлер шынайы және жалпы қол жеткізерлік болып, осы мақсатқа тәуелсіз мамандардың кемегін (кеңестерін) пайдалану тәртібін қарау керек» деп ойлаймын дейді.
Қазіргі сәтте практикалық жол қылмыстық процесті жүргізуші органдардың пайдалануы үшін Сот сараптамасы әдістемелерінің мемлекеттік тізілімін қалыптастыру мен ұсыну болып табылатыңдығы болып отыр.
Сарапшы қорытындысының негізділігімен қатар, сенімділікті бағалауға оның дұрыстығын анықтау да кіреді.
Сарапшы қорытындысының дұрыстығы оны істің езге материалдарымен салыстыру кезіңде анықталады, содан кейін ғана сарапшы қорытындысының сенімділігі туралы мәселені түпкілікті шешу мүмкіндігі жасалады.
Қылмыстық процесті жүргізуші орган езге дәлелдемелермен жиынтықта сарапшы қорытындысын бағалай отырып, оңдағы қарама-қайшылықтардың болуын анықтауы мүмкін, бүл олардың себептерін анықтауды қажет етеді. Сонымен бірге себептер сарапшы қорытындысымен де, өзге де дәлелдемелермен байланысты болуы мүмкін.
Сарапшы қорытындысын бағалаудың соңғы кезеңі оның дәлелдемелік маңызын анықтау болып табылады. Сарапшы қорытындысының дәледдемелік маңызы сарапшының анықтаған мән-жайлары іс бойынша дәледдеу тақырыбына кіретіндігіне көп байланысты (КІЖК-нің 117-бабы) . Тікелей дәлелдеме болып табылатын сарапшы қорытындысы, негізінде, іс бойынша аса маңызды болады. Мысал ретінде есірткілерге, суық және атыс қаруға жүргізілген сараптама нәтижелерін келтіруге болады.
Жанама дәлелдеме болып табылатын сарапшышар қорытын-дыларының дәлелдемелік маңызы бірқатар факторларға байла-нысты және іс бойынша нақты ситуациямен анықталады. Олар іс жүргізу шешімінің негізіне тек істің өзге мән-жайларымен, ондағы тізбектің бірі ретіңде жиынтықта қойылуы мүмкін.
Сарапшы анықтаған мән жайлардың мәңділігі қорытынды-
ның мазмұны мен нысанына байланысты түрленеді, ол жөнінде сөз алда болады.
Сарапшының қорытыңды берудің мүмкін еместігі туралы хабарламасы сот дәлелдемесі бола алмайды, өйткені оңда қылмыстық мән-жайлары жөнінде нақты деректер болмайды.
Алайда, оны бағалау койылған сұрақтардың жауаптары бар сол
сарапшы қорытындысы бағаланатын принциптер бойынша
жүргізіледі. Осыңдай шешімдерді бағалау кезіндегі қылмыстық
процесті жүргізуші органның катесі оларды сенімге алу болып табылады, алайда олар көбінде сарапшының ұсынылған материалдарды дұрыс бағаламау, қойылған міндеттерді дұрыс түсінбеу, сараптамаларды тағайындау мен жүргізудің іс жүргізу және ұйымдастырушылық ережелерін бұзу салдарынан болады. Осыған байланысты, сол сұрақтар және сол объектілер бойынша тағайындалған қайталама сараптама тергеудің (соттың) мүдделі сұрақтарына келісімді түрде шешу мүмкіндігін береді.
Сарапшы тұжырымының мазмұны мен нысанына байланысты сарапшы қорытындысының дәлелдәмелік маңызын бағалаудьң ерекшеліктері
Сарапшылар қорытындысын бағалаудың ерекшеліктері көбінде жүргізілген сараптама түрлерімен, сарапшылық қорытыңдының мазмұнымен, сондай-ақ тұжырымдардың логикалық нысанымен анықталады, сондықтан да тектік (топтық) қатыстылық туралы тұжырымдардан, сондай-ақ ықтималды, шартты және баламалы нысандағы тұжырымдардан тұратын қосымша және қайталама сараптама жүргізудің нәтижелері бойынша қорытындыларды бағалаудың жағдайын қарастырған лайықты болады.
Қайталама сараптама жүргізудің нәтижелері бойынша қоры тындыны бағалау тек бастапқы сараптама қорытындысымен жиынтықта, ал қосымша сараптама жүргізудің нәтижелері бойынша қорытындьшы бағалау - негізгі қорытыңдымен жиынтықта жүргізіледі. Бұл жағдайда бағалау элементі қорытынды-ны салыстырмалы талдау болып табылады.
Бастапқы жөне қайталама сараптамаларда қайшылықтардың болуы кезінде сот бір қорытындының екіншіден артықшылығын дәлелдеу немесе қайшылықтарды жою үшін жаңа сарапта-ма тағайындауы керек.
Тектік (топтық) қатыстылық туралы тұжырымдарда бағалау кезінде олардың дәлелдемелік күші объекті жатқызылған кластың таралушылық дәрежесіне кері пропорционалды. Осы таралушылық туралы білу сарапшы қорытындысын дұрыс бағалаудың қажетті шарты болып табылады.
Ықтималды нысандағы сарапшы қорытындысының дәлелдемелік маңызын бағалау сот сараптамасы теориясы мен практикасыңда талас пікірдегі мәселе болып табылады. Ықтималды қорытындылардағы жол берушілік, соның ішінде оларды ықтималдылық теориясы тұрғысынан түсіндірудің жақтастары да бар. Алайда, ықтималды сарапшылық қорытыңдыларға жол бермеу туралы пікірлер кең тараған. Мысалы, В. Д. Арсеньев қойылған сұраққа толық кесімді түрде жауап беру мүмкін болмаған кезде, сарапшы оған ішінара, бірақ кесімді жауап беруі керек деп есептейді. Сарапшылық болжамның барынша немесе аз негізделген болжамды жауабына қарағанда, кесімді жауаптың дәлелдемелік маңызы болады .
Сарапшының қорытыңдыда болжамды тұжырымдар келтіруі, негізінде, қылмыстық процесті жүргізуші органның (адамның) қарауына сарапшылық болжамдарды шешудің нұсқаларын ұсыну болып табылатындығына келіскен жөн. Осыған байланысты аталған тұжырымдар іс бойынша іс жүргізу шешімінің негізіне қойылмайды.
Алайда, сарапшы хабарлаған фактілер іс бойынша дәлелде-
мелердің жалпы жүйесіне қосылатындықтан, тергеушінің (соттың) ықтималды нысандағы тұжырымдары бар сарапшы қорытындысын дәлелдемелік мақсаттарда пайдалану мүмкіндігі бар.
Актінің зерттеу бөліміңде баяндалған сарапшының анықтаған аралық фактілердің дәлелдемелік маңызын сарапшылық түсіндіру жөнінде сөз болып отыр. Бұл шешім сарапшылық зерттеудің ақпараттык және дәледемелік жақтарын айыруға мүмкіңдік береді. Фактінің мүмкіндігі туралы тұжырым тек ол расталмаған нысанда тұжырымдалғанда ғана, дәлелдемелік маңызы болады. Фактінің мүмкіндігі туралы тұжырым көбінде тек ақпараттық рөлді атқарады.
Сарапшы өзара бірін-бірі шығаратын екі не одан да көп нұсқаны келтіретін баламалы тұжырымды бағалаудың ерекшелігі, олардың жиынтығыңда дәлелдемені бағалай отырып, қылмыстық процесті жүргізуші адам тексерілетін нұсқалардың санын шектеп, біреуін тандап алуы мүмкін.
Шартты тұжырымдар сарапшы келтірген шарттың шынайылығы сарапшылық зерттеу шегінен басқа іс материаддарымен расталған кезде дәлелдеме ретінде пайдаланылуы мүмкін.
Қылмыстық процесті жүргізуші органның сарапшы қорытындысын бағалау салдарлары
Сарапшы корытындысъш бағалай отырып, оны тағайындаған орган оны дәлелсіз елемеуге, онын іс бойынша басқа материалдарға қатысты дәлелдемелік маңызын көтермелеп бағалауға, дәледеме ретінде сыни пайдаланбауға жол бермеуі керек. Сарапшы қорытындысын бағалау жиынтығы бойынша қылмыстық процесті жүргізуші орган мына төмендегі шешімдердің бірін қабылауы мүмкін:
- қорытындыны толық және негізделген, ал ондағы нақты деректерді іс бойынша сенімді және манызы бар деп тануы; қорытыңдыны жеткілікті анык және толық емес деп тануы; қорытыңды негізделмеген немесе оның дұрыстығы күмән келтіреді деп тануы мүмкін.
Сарапшы қорытыңдысын бағалау нәтижелері, оның іс бойынша іс жүргізу барысында немесе іс бойынша түпкілікті шешім қабылдау сәтіңде берілгендігіне байланысты айыптау қорытындысында, іс бойынша қаулыда (істі тоқтату туралы, сарапшыдан жауап алу, қосымша (қайталама) сараптама тағайындау туралы) немесе үкімде көрініс табу керек. Сонымен қатар, іс жүргізу құжаттарында сарапшылық қорытындылардың мәнісін және олардың негізінде тиісті мән-жайлар туралы өз тұжырымын дәл қайта жаңғырту және дұрыс баяндау керек. .
Айыптау қорытындысында немесе үкімде айыпталушының (сотталушының) кінәлі екендігі сарапшының қорытындысымен расталады деген сілтеме түріндегі қорытындыларды пайдалану практикасы дұрыс болып табылмайды.
Сарапшыньң қорытындысын бағалау нәтижесі оң болған кезде ол жаңа дәлелдемелерді алу және бар дәлелдемелерді тексеру үшін, сол бір дәлелденген мән-жайларды тану, қылмыстық іс бойынша әрі қарай іс жүргізу барысын анықтау үшін дәледдемеде пайдаланылуы мүмкін.
Сарапшы қорытындысымен келіспеу себептері айыптау қорытыңдысында, қаулыда, сот үкімінде баяндалады. Мұнда қылмыстық процесті жүргізуші орган қорытындыны толық немесе тұжырымның бір (бірнеше) бөлігін қабылдамайды. .
Сарапшы қорытьндысын келеңсіз бағалаудың салдары оның негіздеріне байланысты әр түрлі болуы мүмкін. Мысалы, сараптаманы тағайындау мен жүргізудің іс жүргізу ережелерін өрескел бұзу анықталған жағдайда, сарапшының қорытындысы іс материалдарында қалса да, іс бойынша дәлелдемеден шығары-лады. Сарапшы қорытындысы жеткілікті турде анық немесе толықболмаған кезде сарапшыдан жауап алынуы немесе қосым-ша сараптама тағайындалуы мүмкін (ҚІЖК-нің 253, 255, 354, 355-баптары) . Сарапшы қорытындысы жеткілікті түрде негізді болмағанда не оның дұрыстығына күмәңді болған немесе жо-йылмайтын іс жүргізу қателіктер болған жағдайларында қайта-лама сараптама тағайындалуы мүмкін (КІЖК-нің 255, 354-бап-тары) . Міндетті сараптама тағайындау жағдайларын қоспаған-да, қайталама сараптама тағайындау қылмыстық процесті жүргізуші органның міндеті емес, оның құқығы болып табылады. Бұл жағдайда қылмыстық процесті жүргізуші орган сарап-шының тұжырымдарын тексеруге бағытталған өзге де іс жүргізу әрекеттерін өткізе алады.
Заң әдебиеттерінде қайталама сараптама жүргізу кезінде сарапшының бұрын берілген қорытындысына баға берудің мүмкіңдігі туралы мәселе тақыланьп жүр. Оған жауап беру кезінде тек сотпен жүзеге асырылатьш сарапшы қорытындысын іс жүргізуіне бағалау және арнаулы ғылыми білімдерді пайдалануға негізделген арнаулы бағалау айырмашылығьшан шығып отыру керек. Айтылғанды ескергенде, сот сараптамасын жүргізудің мәселелері жөніндегі ведомстволық нормативтік құкықтық актілерге бастапқы және кайталама сараптама қорытындысындағы айырмашылықтардың себептерін бағалау талабы кіреді.
Сарапшының қай қорытындысына (бастапқы немесе кайталама сараптамалар нәтижелері бойынша) артықшылықты беру керектігі жайлы мәселе, отандық заңнамада қылмыстық процесті жүргізуші органға берілген. Мұнда бағалаудың басталу сәтінде қайталама сараптама қорытындыларының бастапқы сараптама қорытындысымен салыстырғанда, қандай да бір артықшылығы жоқ.
Сарапшыдан жауап алу
Қорытынды бергеңнен кейін, осы қорытындыньң мәні бойынша қылмыстық процесті жүргізуші органның сарапшыдан жауап алу күқығы КІЖК-нің 253, 355-баптарында көзделген. ҚІЖК-нщ 253-бабына сәйкес егер сарапшының қорытындысы жеткілікті түрде . анық болмаса, қосымша зерттеулер жүргізу талап етілмейтіңдей олкылықтары болса немесе сарапшы қолданған әдістер мен терминдерді нактылау қажет болса, сарапшыдан аталған мән-жайлар бойынша жауап алынады.
Сарапшыньщ корытыңдыны түсіндіруі дегеніміз оның көрсетулері болады, онда: сарапшының таңдаған зерттеу әдістемесінің; оның пайдаланған ғылыми-техникалық құралдарының;
объектілерді оқып-зерттеу кезінде анықтаған белгілерінің; анықталған белгілерді сарапшының бағалау критерийлерінің мәні мен мағынасы ашылады.
Нақтылауға сарапшының қорытындысында пайдаланған жеке терминдер мен тұжырымдар, сондай-ақ сарапшының пайдаланған әдістері жатады. .
Сарапшы қорытындысының қосьшшасы дегеніміз қорытындыда жоқ, бірақ жүргізілген зерттеулер нәтижелерінен шығатын тұжырым . Егер жауап алу барысында сарапшы өзінің тұжырымдарын өзгертсе, онда себептерге байланысты оның жаңа тұжырымдары қабылданады. қабыданады немесе қайталама сараптама тағайындалады.
ҚІЖК-нің 120-бабы жауап алу барысыңда берген сарапшының көрсетулерін жеке өзіңдік дәлелдеме ретінде емес, оның органикалық бірлік кұрайтын сарапшы қорытындысының бөлігін қарастырады.
Сарапшыны жауап алуға шақыру және сарапшыдан жауап алу тәртібі заңмен толықтай реттелмегендіктен, бұл рәсімдер сарапшы мен куәнің іс жүргізу ережелерінің айырмасын ескере отырып куәні шақыру мен одан жауап алу ережелері бойынша жүргізіледі. Сарапшыны сот сараптамасы органының қызметкерін шақыру оның басшысы арқылы жүзеге асырылады.
Сарапшыдан жауап алу хаттама толтыру арқылы ресімделеді.
Сарапшыдан жауап алу тек оның берген қорытындысының түсініктемесі, толықтыруы мен нақтылауы болғандықтан, са-рапшы қорытынды ұсынғанға дейін жауап алуға жол берілмейді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz