Ағаш құрылыс материалдары



1) Ағаш діңінен алынатын өнім түрлері 2.5
2) Ағаш өңдеу құралдары 5.6
3) Ағаш желімдерінің түрлері
Ағаш діңінен көптеген материалдардың кесінділері өңделеді. Олар ағаш ұсталығының барлық өңірінде кең көлемде қолданылады. Мысалы: құрылыста есік-терезе, еден, шатыр жабуға арналған материалдар т.б. Олар өлшемдеріне, жан-жағының кесілуіне қарай әр-түрлі материалдарға бөлінеді. Ағаш кесінділерінің түрлері : (сурет)
- дөңбектер деп тілінген ағаштың жалпақтығы 100 мм-ден жоғары, төрт бұрышты материалды айтамыз. Олар жан-жағының өңделуіне байланысты екі жағы, үш жағы және төрт жағы тілінген дөңбектер болып бөлінеді.
- Тақтай дегеніміз – ағаштың жалпақтығы қалыңдығынан екі есе көп өлшемді қамтитын материал. Тақтайлар да барлық жағы толық кесілген, жартылай кесілген немесе екі жағы ғана кесілген болып әр-түрлі сорттарға бөлінеді.

Пән: Құрылыс
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Қаратау гуманитарлық-техникалық колледжі

Мамандығы: Ғимараттар мен үймәреттерді салу және пайдалану
Бөлім: Құрылыс Техникалық
Цәк: Арнайы құрылыс және Техникалық пән

Пәні: Құрылыс материалдары мен бұйымдары
Тақырыбы: Ағаш құрылыс материалдары
Оқу түрі: кредиттік
Тобы: 1401-10-9б
Орындаған білімгер:Талипов Н.
Қабылдаған: Дәулетова Ж.

Қаратау 2011ж

Мазмұны
1) Ағаш діңінен алынатын өнім түрлері
2-5
2) Ағаш өңдеу құралдары
5-6
3) Ағаш желімдерінің түрлері
6-8

Ағаш құрылыс материалдары
Ағаш діңінен алынатын өнім түрлері
Ағаш діңінен көптеген материалдардың кесінділері өңделеді. Олар ағаш
ұсталығының барлық өңірінде кең көлемде қолданылады. Мысалы: құрылыста есік-
терезе, еден, шатыр жабуға арналған материалдар т.б. Олар өлшемдеріне, жан-
жағының кесілуіне қарай әр-түрлі материалдарға бөлінеді. Ағаш
кесінділерінің түрлері : (сурет)
- дөңбектер деп тілінген ағаштың жалпақтығы 100 мм-ден жоғары, төрт
бұрышты материалды айтамыз. Олар жан-жағының өңделуіне байланысты екі
жағы, үш жағы және төрт жағы тілінген дөңбектер болып бөлінеді.
- Тақтай дегеніміз – ағаштың жалпақтығы қалыңдығынан екі есе көп өлшемді
қамтитын материал. Тақтайлар да барлық жағы толық кесілген, жартылай
кесілген немесе екі жағы ғана кесілген болып әр-түрлі сорттарға
бөлінеді.
- Стропила (итарқа) дегеніміз – тақтайдың жалпақтығы қалыңдығынан үш
немесе төрт есе көп өлшемді алатын материал. Оның өлшемі 50*150
немесе 50*200мм болады.
- Обрешетка деп – 50*50 мм-лік өлшем бірлікте кесілген ағаш бөлігін
айтамыз. Бұл материалдан еден жиектерін (плинтус), ұсақ-түйек ағаш
тіреуіштерін, бастырмаларын дайындайды.
- Шпал деп 150*200 мм-лік өлшемде өңделген діңгекті айтамыз. Бұл
материалды арнаулы темір жол құрылысына қолданады.
- Горбыль(обапол) деп ағаш діңін кесу кезінде шыққан жартыкеш тақтай
бөлігін айтамыз. Мұндай бөліктер көбінесе отын ретінде қолданылады.
Ағаш дегеніміз - өсіп тұрған тығыз материал. Ол тамырынан, дңінен,
бұтақтарынан тұрады. Ағаштың негізгі бөлігі – діңі. Біздің елімізде ағаш
өнеркәсібі кең дамыған. Халық шаруашылығында ағашты пайдаланбайтын
бірде-бір сала жоқ. Ағаш әсіріесе құрылыс ісінде аса көп қажет. Ағаштан
есік-терезе блоктары, еден, түрлі жақтаулар мен таяныштар жасалады, лак,
желім, витамин, қағаз сияқты толып жатқан керекті бұйымдар шығарылады.
Қазіргі кезде құрылыстағы ағаш шеберлігі жұмыстары кең көлемде
механикаландырылған. Ағашты алғашқы ұқсату кезінде электр арасының
көмегімен тіледі.Бұтақ өңдеуші оператор бұтақтарды кесіп, ағаштың діңін
өңдеуге жібереді. Арнаулы жұмысшылар ағашты қабығынан тазартып,
көлденеңінен кесу станогынан өткізеді. Кесілген ағаштардан еден
тақтайларын, керегекөз (50*50), белағаш (50*200), шпал (200*200), шпон
(1*1,5)т.б. материалдар дайындайды. Ағаштың кесілген ұнтағынан қағаз, ДВП,
ДСП бұйымдарын шығарады.
Тақтай дегеніміз – кесілген ағаштың ені қалыңдығынан екі еседен артық
болатын материал. Тақтайдың төрт жағы кесілген және екі жағы кесіліп, екі
жағы кесілмеген түрлері бар. Тақтайдан домбыраның негізгі бөліктерін
жасауға болады. Шанақ, бет, мойын ағаштары және алақаны да кесіліп
дайындалады. Домбыраның бөлшектеріне ағаштың бұтағын, ағаш құрттары жеген
шіріген, сондай-ақ сызаты бар жерлерін қолдануға болмайды. Тіпті бұтақтың
орны қалған ағаш саласын қолданудың өзі тиімсіз. Сүргілеу, пышақпен жону
кезінде олар көп кедергі келтіреді.
ДВП дегеніміз – жартылай құрылыс материалы. Ол құрылыста ғана емес,
жиһаз жасауда да кеңінен қолданады, сондай –ақ саз аспаптарының қабын
жасауға өте қажет. ДВП-ны екі түрде дайындайды: ылғалды күйде дайындалатын
түрі кілем плиталарының арасында ылғалды күйде бастырылып шығарылады. Дайын
өнім арнаулы өлшеммен кесілгеннен кейін ыстық преске түседі. Құрғақтай
өңдеу ыстық престе кептіріліп болғаннан кейін өтеді. Қазіргі кезде
өндірісте көбінесе су кезінде өңдейді. Жиһаз және ағаш өндірісінде ДВП-ның
қатты жартыла қатты түрлері қолданылады.

Ағаш ұнтағын желімге араластырып нығыздау арқылы шығаратын материалды
ДСП дейміз. Қатты нығыздау жұмыстары бір қабатты, үш қабатты, бес қабатты
болып шығады. Көп қабатты ДСП түрлі өлшемдегі ағаш ұнтақтарын нығыздау
арқылы жаймаланып жасалады. Бұл процесс өнімнің тығыз бірігуіне, тегіс
шығуына көп әсерін тигізеді және жеңіл – желпі судан қорықпайды. ДСП
тығыздығы орташа, жоғары және өте жоғары деп, беткі қабаты тазаланған,
тазаланбаған, сыртқы көрінісі бет қабаты жүргізілген және жүргізілмеген
болып бөлінеді. Бет қабаты жүргізілген ДСП деп бетіне шпон ағаштарын немесе
жиһаз қағаздарын желімдеп, синтетикалық пленкамен өңделген дайын түрін
айтады. ДСП саз аспаптарын жасауда көп қолданылады, бір қалыпты тегіс, оңай
майыспайды, өңдеуге де тез, сондықтан таптырмайтын шикізат.
Шпон – ағаштың жіңішке кесіндісі.Шпонды екі жолмен өңдейді: 1) арнаулы
жылжымалы станокпен, онда ағаш қозғалмастай бекітіліп, ал станоктың пышағы
қозғалыста болады; 2) станоктың пышағы қозғалмастай бекітіліп, ағаш үнемі
айналыста болады. Шпон домбыраның бет қақпағынан өрнек түсіріп әшекейлеуге
көп қолданылады. Саз аспаптарына негізінен жаңғақ ағашынан, шамшат, қайың,
көктерек, емен т.б ағаш түрінен дайындалған шпондарды қолданады. Оның
қалыңдығы 0,5-тен 3 мм дейін және одан да жоғары болады.
Ұшқат – шпонды бірнеше қабаттап желімдеген материал. Саз аспаптарының
сыртқы негізі ұшқат. ДВП-ға қарағанда ол қатты және мықты болады. Ұшқатты
шпонның салаларын айқастырып, желімдеп жасайды. Ұшқатқа ФСФ, ФК, ФБА
желімдерін қолданады. Ұшқат тез шірімейді, жарылмайды әрі жеңіл, сондай-ақ
оңай майысады. Оны құрылыста, жиһаз, вагон және кеме жасауда көп
қолданылады. Ұшқатты қайыңнан, қандағаштан, шетен, емен, көктерек, үйеңкі,
терек, сағыз қарағайдан және жаңғақ ағашынан дайындайды. Ұшқат тығыз әрі
бір келкі желімденуі тиіс, аралаларында қуыс
жерлер болмауы және майыстырған кезде ыдырамауы керек. Оны жеті және
одан да көп қабатты шпоннан дайындайды. Олардың синтетикалық желіммен
желімдейді. Ұшқат суға, ылғалға төзімсіз, ондай жағдайда әр жері ісініп,
істен шығып қалады.
Ағаш өңдеу құралдары
Кескіш құралдар. Бір жағы біркелкі жақталған, ұшв өткір құралдарды
кескіш ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құрылыс материалдары жөніндегі негізгі мәліметтер
ҚҰРЫЛЫС МАТЕРИАЛДАРЫ туралы ақпарат
Құрылыстық конструкциялар
Құрылыс материалдарына шолу
Фанерден көлемдік бұйымдар жасау
Ағаш фанерлері
Полимерлік байланыстырғыш материалдар
Құрылыс материалдарын сынау және оның қауіпсіздігі
Құрылыс материалдары
Едендік төсемелердің жaнғыштыққa, тұтaнғыштыққa жәнe мaтepиaлдың үcтiңгi бeтi бoйыншa oттың тapaлy көpceткiштepiнe cынaқтap жүpгiзy
Пәндер