Ауыр бетон толтырғыштары


Пән: Құрылыс
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

АУЫР БЕТОН ТОЛТЫРҒЫШТАРЫ

Құм

Ауыр бетон дайындау үшін ұсақ толтырғыш ретінде табиғи құм қолданылады, ол берік табиғи жыныстардың табиғи қирауы нәтижесінде пайда болған ірілігі 0, 14-5 мм түйірлердің борпылдақ қоспасын білдіреді: жұмыс мақсаты - ауыр бетон үшін ұсақ толтырғыштың қасиеттерін анықтау, оларды МСТ талаптарымен салыстыру және оларды бетондарда пайдалану мүмкіндігі туралы қорытынды шығару. Сынаулар мына стандарттардың талаптарына сәйкес жүргізіледі:

МСТ 8735-88. Құрылыс жүмыстарына арналған құм. Сынау әдістері.

МСТ 8736-93. Құрылыс жүмыстарына арналған құм. Техникалық шарттар.

Стандартты тығыздалмаған қалпында құмның үйілген тығыздығын анықтау

Үйілген тығыздық өлшеуіш ыдыстарда құмды өлшеу арқылы анықталады.

Аспаптар: техникалық таразы, сыйымдылығы 1 л (диаметрі мен биіктігі 108 мм) сыйымдылығы 10 л (диаметрі мен биіктігі 234 мм) өлшеуіш цилиндрлі металл ыдыстар, кептіргіш шкаф, металл сызғыш, диаметрі 5 мм дөңгелек тесіктері бар елек.

Материалдар: құм.

Алғашқы (бастапқы) бақылауда стандартты тығыздалмаған қалпында үйілген тығыздықты анықтағанда сынаулар тұрақты массасына дейін кептіріледі және диаметрі 5 мм дөңгелек тесіктері бар елекпен 5кг жуық құмды пайдаланып, сыйымдылығы 1 л өлшеуіш цилиндрлі ыдыста өткізіледі.

Стандартты тығыздалмаған қалпында құмның үйілген тығыздығын анықтағанда құмды үстіңгі ернеуінен 10 см биіктікте алдын-ала өлшенген өлшеуіш цилиндрге күрекшемен цилиндр үстінде конус пайда болғанша құм себеді. Конуста құмды тығыздамай ыдыс ернеулерімен бірдей етіп металл сызғышпен алынады, содан соң ыдыс құммен бірге өлшенеді.

Құмның үйілген тығыздығын р үй мына формула бойынша есептейді:

р үй = m 1 - m / v

мүндағы m - өлшеуіш ыдыстың массасы, кг;

m 1 - өлшеуіш ыдыстың құммен бірге массасы, кг;

V - ыдыс көлемі, м 3 .

Құмның үйілген тығыздығын анықтауды екі рет жүргізеді, сөйтіп әр жолы құмның жаңа үлесі алынады.

Құмдағы ұсақ және балшықты бөлшектердің мөлшерін тұндыру арқылы анықтау

Құмдағы ұсақ және балшықты бөлшектердің мөлшерін тұндыру арқылы анықтау. Құмдағы ұсақ жәнө балшықты бөлшектердің мөлшері ірілігі 0, 05 мм дейін бөлшектерді сумен жібітіп алып, құм массасының өзгеруі бойынша анықталады.

Аспаптар: техникалық таразы, кептіргіш шкаф, құм тұндыратын ыдыс (5. 1-сурет), секундомер.

Материалдар: құм.

Құмның аналитикалық сынамасын диаметрі 5 мм те сіктері бар електен өткізеді, електен өткен құмды түрақты массасына дейін кептіреді және одан массасы 1000 г өлшем алады. Құм өлшемі тұндыратын ыдысна салынады және ыдысқа жоғары төгетін тесікке дейін құяды. Су құйылған құм бірнеше рет араластырылып, 2 сағ бойы ұсталады және түйірлерге жабысқан балшық бөлшектерден ұқыпты жуып тазартылады.

Осыдан кейін ыдыстың ішіндегісі қайтадан тез араластырып, 2 мин тынығады. 2 мин. кейін суспензия екі төменгі тесіктер арқылы қотарып құйылады. Содан соң құмға қайтадан жоғарыда көрсетілген деңгейге дейін су құйылады. Көрсетілген жүйелілікпен құмды жуу ол әбден тазарғанша қайталанады.

Тұндырылған соң жуылған өлшемді тұрақты массасына m 1 дейін кептіреді.

Тұндырылған ұсақ және балшықты бөлшектердің құмдағы мөлшері Б с. ж. массасы бойынша мына формула бойынша есептеледі

мұндағы т - кептірілген өлшемнің тұндырылғанға дейінгі массасы, г;

m 1 - кептірілген өлшемдіктің тұндырылғаннан кейінгі массасы, г. 5. 1-сурет. Сулап жібітетін ыдыс МСТ 8736-93 бойынша ұсақ және балшықты заттардың мөлшері3%аспауыкерек.

Құмдағы органикалық қосылыстардың мөлшерін анықтау

Аспаптар: техникалық таразы, өлшеуіш шыны цилиндр (250 см3) .

Материалдар: құм, ащы натрийдің 3% ерітіндісі, танинның 2 % ерітіндісінен және этил спиртінің 1% ерітіндісінен дайындалған эталон.

Табиғи дымқылдықтағы құмның орта сынамасынан 250 г жуық өлшем алынады. Сыйымдылығы 250 мл өлшеуіш цилиндр 130 мл деңгейге дейін құммен толтырылып, 200 мл деңгейге дейін 3 % ащы натрий құйылады. Цилиндр ішіндегісі ұқыпты түрде араластырылып, 24 сағ. қозғаусыз қалдырылады. Осыдан кейін эталон түсімен салыстырып құм үстіндегі сұйықтық түсі анықталады. Эталон түсі - ақшыл сары. Ерітінді түсі эталонная ақшылдау болса, бұл қосылыстардың болуы мүмкін екенін дәлелдейді. Құм үстіндегі сұйықтықтың түсі эталон түсінен күңгірт болса, бетондар үшін құмның жарамдылығын анықтауға арнайы зерттеу жүргізу керек.

Құмның түйір қүрамын және ірілік модулін

анықтау

Түйір құрамы електердің стандартты жиынтығында құмды елеу арқылы анықталады.

Аспаптар: таразы, електер жиынтығы және диаметрлері 10; 5 және 2, 5 мм дөңгелек тесіктері бар електер, кептіргіш шкаф.

Материалдар: құм.

Массасы 2000 г кем емес құмның аналитикалық сынамасын тұрақты массасына дейін кептіреді. Тұрақты - массасына дейін кептірілген құм сынамасын диаметрлері 10 және 5 мм дөңгелек тесіктері бар електерден өткізеді.

Електердегі қалдықтарды өлшейді және құмдағы түйірлер өлшемі 5-тен 10 мм дейін ҚТ 5 және 10 мм артық ҚТ 10 қиыршықтас қосындыларының мөлшері массасы бойынша пайызбен мына формулалар бойынша есептеледі.

ҚТ 10 ,

ҚТ 10 ,

мұндағы М 10 - диаметрі 10 мм дөңгелек тесіктері бар г ектегі қалдық, г;

М 5 - диаметрі 5 мм, дөңгелек тесіктері бар електегі жалдық, г;

М - сынама массасы, г.

Диаметрі 5 мм тесіктері бар електен өткен құм сынамасының бөлімінен құмның түйір құрамын анықтау үшін массасы 1000 г кем емес өлшемдік таңдап алынады.

Құмның дайындалған өлшемдікті диаметрі 2, 5 мм дөңгелек тесіктері бар және № 1, 25; 063; 0315 және 016 торлары бар електерден өткізеді.

Електен өткізуді механикалық не қол тәсілдерімен жүзеге асырылады. Електен өткізу ұзақтығы мынадай болуы керек: әрбір електі 1 мин. ішінде бақылау кезінде тсздетіп сілкілегенде ол арқылы еленетін өлшемнің жалпы массасының 0, 1 % аспайтын мөлшері өту керек. Механикалық електен өткізгенде қолданатын аспап үшін оның ұзақтығы сынақ арқылы анықталады.

Електен қолмен өткізгенде, елеу нәтижесін әр електі қағаз парағы үстіне шапшаң сілку арқылы анықтауға рұқсат етіледі. Егер құм түйіндерінің түсуі байқалмаса, електен өткізу аяқталды деп саналады. Елеу нәтижелері бойынша мыналар есептеледі:

  • әр електегі жеке қалдық (аі) пайызы мына формула бойынша

а і = ,

мұндағы т і - осы електегі қалдық массасы, г;

m - еленетін өлшемдіктің массасы, г;

  • әр електегі толық қалдық (Аі) пайызы мына формула бойынша

А і = а 2. 5 + а 1, 25 + . . . _ а і ,

  • мұндағы а2, 5, а1, 25, аі- тиісті електердегі жеке қалдықтар;

өлшемі 5 мм ірілеу түйірсіз құмның ірілік модулі (М к ) мына формула бойынша

Equation. 3,

мұндағы А 2, 5 , А 1, 25 , А 063 , А 0315 , А 016 - диаметрі 2, 5 мм дөңгелек тесіктері бар електегі және № 1, 25; 063; 0315, 016 електердегі қалдықтар, % .

Құмның түйір құрамын анықтау нәтижелерін 5. 2- кестеге сәйкес орындалады немесе 5. 2-суретке сәйкес елеу қисығы түрінде графика арқылы көрсетіледі.

5. 2-кесте

Құмның түйір құрамын анықтау нәтижесі

Массасы бойынша електердегі қалдық, %

Массасы бойынша

№ 016(014), торы бар електен өту, %

Қалдық

атауы

2, 5
1, 25
0, 63
0, 315

0, 16

(0, 14)

: Жеке
Массасы бойынша електердегі қалдық, %: а 2, 5
Массасы бойынша№ 016(014), торы бар електен өту, %: а 1, 25
а 063
а 0315
а 016(014)
016(014)
: Толық
Массасы бойынша електердегі қалдық, %: А 2, 5
Массасы бойынша№ 016(014), торы бар електен өту, %: А 1, 25
А 063
А 0315
А 016(014)

ірілік модулі бойынша құм МСТ 8736-77 бойынша 5. 3-кестеде келтірілген топтарға бөлінеді.

5. 3-кесте

Ірілігі бойынша құмдардың жіктелуі

Құмдартобы:

Құмдар

тобы

0, 63 торы бар електегітолык калдық, %:

0, 63 торы бар електегі

толык калдық, %

Ірілік модулі:

Ірілік модулі

Құмдартобы:

Ірі

Орташа

Ұсақ

Өте ұсақ

0, 63 торы бар електегітолык калдық, %:

50 артык

30-50

10-30

10 кем

Ірілік модулі:

2, 5 артық

2, 5-2, 0

2, 0-1, 5

1, 5-1, 0

Қиыршықтас пен малтатас

Ірі толтырғыш ретінде малтатас не қиыршықтас пайдаланылады.

Қиыршықтас деп ірілігі 5-тен 70 мм дейін түйірлерден тұратын және жырымдалған кедір-бұдыр бетті бос шөгінді тау жынысын атайды.

Сынаулар МСТа 8267-93 - "Құрылыс жыныстарына арналған табиғи тастан жасалған қиыршықтас. Техникалық шарттар";

МСТ 8269-97 - "Қиыршықтасты сынау әдістері" талаптарына сәйкес жүргізіледі.

Қиыршықтастың (малтатастың) үйілген тығыздығын анықтау

Қиыршықтастың тұрақты массасын алып, оны конус пайда болғанша 10 см биіктіктен алдын ала өлшенген цилиндрге салып толтырады, содан соң конус ернеулерімен бірдей етіп алынып, цилиндр қиыршықтаспен бірге өлшенеді. Үйілген тығыздық 10 кг/м3 дейін дәлдікпеп мына формула бойынша есептеледі:

P үй =m 1 - m / V

мұндағы т 1 - толтырғышпен бірге цилиндр массасы, кг; т - цилиндр массасы, кг; V - цилиндр көлемі, м 3 .

Қиыршықтастың үйілген тығыздығы екі өлшеу нәтижелерінің орташа арифметикалық мағынасы ретінде есептеледі. Сынақ нәтижелері 5. 4-кестеге енгізіледі.

5. 4 - кесте

Қиыршықтастың (малтатастың) үйілген тығыздығын анықтау

Материал атауы
Ыдыс көлемі, м 3
Массасы, кг

Үйілген тығыздығы,

кг /м 3

ыдыс
ыдыс пен құм
құм
№: 1
Материал атауы: 2
Ыдыс көлемі, м3: 3
Массасы, кг: 4
Үйілген тығыздығы,кг /м3: 5
6
7

Қиыршықтастың (малтатастың) қуыстығын

анықтау

Қиыршықтас (малтатас) қуыстығы түйірлердің шын мәніндегі тығыздығының алдын ала алынған мағынала- ры мен қиыршықтастың (малтатастың) үйілген тығыздығы бойынша анықталады, қуыстың көлемі 0, 1% дейін дәлдікпен мына формула бойынша есептеледі.

V қ =(1- p үй / p) *100,

мұндағы р үй - қиыршықтастың үйілген тығыздығы, г/см 3 ;

р - түйіршіктердің тығыздығы, г/см 3 .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бетон материалы
Өнеркәсіптік ғимараттың темірбетондық және бетондық конструкциялық элементтері жайлы
Жобалау сатылары және жобалау нормалары
БЕТОН ҚАЛДЫҚТАРЫН КЕШЕНДІ ЖОЛМЕН ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ АЗҚИЫРШЫҚТАСТЫ БЕТОННЫҢ ТИІМДІЛІГІН ЖОҒАРЫЛАТУ
Қазақстан құрылыс экономикасында бетонның алатын орны және оның даму перспективалары
Бетон араласпасының технологиялық қасиеттері
Темірбетон конструкциялары
Органикалық байланыстырғыш заттар мен олардың негізінде өндірілген материалдар
Бетон араласпасын тасымалдау қондырғысы
Органикалық байланыстырғыш заттарға жалпы сипаттама
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz