Ірі өлшемді керамикалық және декаративті бұйымдар



1) Керамикалық бұйымдар 1.5
2) Керамиканың біздің ерте заманнан бері қолданлуы 5.8
Керамика- (грек. keramіke – қыш өнері, keramos – саз) – қыш-саз бен олардың минералды қоспаларымен араласқан, сондай-ақ тотықтармен, т.б. органикалық емес қосындылардан (карбидтер, боридтер, нитридтер, силицидтер, т.б.) күйдіріліп жасалған бұйымдар мен материалдар. Керамика тұрмыстың барлық салаларында: үй тұрмысында (әр түрлі ыдыстар), құрылыста (кірпіш, қыш, құбыр, тақта, т.б.), техникада, т. ж., су және әуе көлігінде, мүсін өнерінде т. б. кеңінен қолданылады. Керамиканың негізгі технология түріне: құрылыстық кірпіш, терракота, майолика, фаянс, фарфор жатады.
Керамикалық материалдар мен бұйымдар өнеркәсібі қазіргі кезде бүкіл процестерді механикаланған және автоматикалынған өндіріс саласы. Мұндағы ең басты өндіріс процесі-қалыпталынып кептірілген шикі материалдар мен бұйымдарды пештерде жоғарғы температурада белгілі режимде өртеу. Сондықтан, бұл өндірісте шығарылатын өнімдер күйдірілген материалдар мен бұйымдар деп аталады. Керамикалық материалдар номенклатурасы орасан көп. Оларға жататындар: кәдімгі күйдірілген кірпіштер, түрлі мақсатқа арналған керамикалық тастар, черепицалар, құбырлар, электр айырушы материалдар мен бұйымдар, жеңіл толтырушылар және жылу оқшаулағыш материалдар (керамзит, перлит, вермикулит,аглопорит) және т.б толып жатқан түрлі керамикалық материалдары мен бұйымдары жатады.

Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Қаратау гуманитарлық-техникалық колледжі

Мамандығы: Ғимараттар мен үймәреттерді салу және пайдалану
Бөлім:Құрылыс Техникалық
Цәк: Арнайы құрылыс және Техникалық пән

Пәні: Құрылыс материалдары мен бұйымдары
Тақырыбы: Ірі өлшемді керамикалық және декаративті бұйымдар
Оқу түрі: кредиттік
Тобы: 1401-10-9б
Орындаған: Көшербай С.
Қабылдаған: Дәулетова Ж.

Қаратау 2011ж

Мазмұны:
1) Керамикалық бұйымдар
1-5
2) Керамиканың біздің ерте заманнан бері қолданлуы
5-8

Ірі өлшемді керамикалық және декаративті бұйымдар
Керамика- (грек. keramіke – қыш өнері, keramos – саз) – қыш-саз бен
олардың минералды қоспаларымен араласқан, сондай-ақ тотықтармен, т.б.
органикалық емес қосындылардан (карбидтер, боридтер, нитридтер, силицидтер,
т.б.) күйдіріліп жасалған бұйымдар мен материалдар. Керамика тұрмыстың
барлық салаларында: үй тұрмысында (әр түрлі ыдыстар), құрылыста (кірпіш,
қыш, құбыр, тақта, т.б.), техникада, т. ж., су және әуе көлігінде, мүсін
өнерінде т. б. кеңінен қолданылады. Керамиканың негізгі технология түріне:
құрылыстық кірпіш, терракота, майолика, фаянс, фарфор жатады.
Керамикалық материалдар мен бұйымдар өнеркәсібі қазіргі кезде бүкіл
процестерді механикаланған және автоматикалынған өндіріс саласы. Мұндағы ең
басты өндіріс процесі-қалыпталынып кептірілген шикі материалдар мен
бұйымдарды пештерде жоғарғы температурада белгілі режимде өртеу. Сондықтан,
бұл өндірісте шығарылатын өнімдер күйдірілген материалдар мен бұйымдар деп
аталады. Керамикалық материалдар номенклатурасы орасан көп. Оларға
жататындар: кәдімгі күйдірілген кірпіштер, түрлі мақсатқа арналған
керамикалық тастар, черепицалар, құбырлар, электр айырушы материалдар мен
бұйымдар, жеңіл толтырушылар және жылу оқшаулағыш материалдар (керамзит,
перлит, вермикулит,аглопорит) және т.б толып жатқан түрлі керамикалық
материалдары мен бұйымдары жатады.
Керамика адамзат өмірінде ертеден пайдаланылған. Ежелгі замандарда,
атап айтқанда палеолит, неолит дәуірінде (б.з.б. 5-мыңжылдық) жасала
бастап, ғасырлар өткен сайын технологиясы күрделене түскен. Саздан түрлі
бұйым жасап, оның беріктігін арттыру үшін күйдіру ісі кең таралған.
Керамика жасауды әр халық өз бетімен ойлап тапқандықтан, олардың өзіндік
ерекшеліктері де бар. Халқы мен заманына тән ерекшелігі, әр түрлі ою-
өрнектер мен таңбалардың, тіпті, кейде жазулардың болуы бұларды бағалы
тарихи ескерткіштер қатарына жатқызады. Ең алғашқы керамикалық бұйым ас
пісіру және сақтау үшін қолданылатын ыдыс түрінде жасалған.
Күйдіру арқылы беріктігін дамытып, әдемілік үшін ыдыстың қалың
бүйірлеріне әр түрлі оюлар салған. Энеолит дәуірінен бастап (б.з.б. 3 – 2-
мыңжылдық) жазу да

жазады. Б.з.б. 4 – 3 мыңжылдықта Мысыр, Бабыл және Таяу Шығыс елдерінде
сыртына шыны тектес қабат күйдіріліп бекітілген (глазурьленген) керамикалық
заттар кездесе бастайды. К-ны тек ыдыс-аяқ жасауда ғана пайдаланбай, одан
кітап беттерін (Ежелгі Шумер, б.з.б. 4-мыңжылдықта), түрлі адамдар мен
хайуандардың,
т.б. мүсіндерін (Ежелгі Мысырда, Грекияда, Қытайда, Орталық Азияда)
жасаған.
Б.з.б. 3 – 1-мыңжылдықта түрлі түсті өрнектелген архит. кірпіштер шыққан.
Керамиканың ежелгі заманда дамыған жерлері Оңт. Шығыс Азия, Орт. Азия
елдері, Ежелгі Мысыр болды. Осы елдерден кейін грек саяхатшылары Шығыстың
ұлы өркениетті мәдениетімен танысып, оның озық үлгілерін өз елдерінде
жасауға, орнықтыруға асықты. Керамиканың даму тарихында ежелгі гректердің
орны ерекше. Б.з.б. 1-мыңжылдықтан бері грек шеберлері шығыс үлгісіндегі
керамика жасауды қолға алып, өзіндік әдіспен дамыта білді. Соның
нәтижесінде Ежелгі Грекия, Римде керамика жасаудың мектептері қалыптасты,
жүздеген шеберханалар жұмыс істеді. Олардың өнерінің өзге халықтарға да
ықпалы мол болды. Керамика қазіргі Қазақстан аумағында ежелден (б.з.б. 17 –
15 ғ-лардан бастап) өзіндік белгімен, әдіспен дамыды. Осы кезеңде қазіргі
қомша, текемет өрнектеріне ұқсас белгілер салынған ыдыстар күнделікті
өмірде орын алды. Ал б.з.б. 10 – 6 ғ-ларда (Беғазы – Дәндібай мәдениеті)
беті глазурьленген, түрлі түсті айшықтары бар ыдыстар пайда болды. Б.з. 6 –
12 ғ-ларында керамикалық ыдыстар жасайтын орындар (цехтар) ежелгі Шаш,
Тараз, Сауран, т.б. қалаларда көптеп бой көтерді. Осы кезеңде шағын пішінді
әр түрлі жануарлардың, адамның керамикалық мүсіншелері жасалды. Сонымен
бірге астық сақтайтын хумдар (ірі, биікт. 1 – 1,5 м. болатын қыш ыдыс), су
құбырлары жасалды (Отырар, 8 – 12 ғ-лар). Орт. Қазақстандағы Алаша хан,
Жошы хан, Тараз маңындағы Айша бибі, Түркістандағы Қожа Ахмет Иасауидің
мазарлары керамикалық материалдармен безендірілген. Қазақстанда қазіргі
заманғы керамика өндірісі
20 ғ-дың 50-жылдарынан бастап өрістеді. Күйдірілген кірпіш өндіретін жүзден
астам қыш зауыты іске қосылды. Алматыдағы керамикалық тәжірибе зауыты алуан
түрлі сәндік, тұрмыстық бұйымдар шығарды.
Астана техникалық фарфор зауыты, керамика комбинаты, Фарфор зауыты,
Ленгерд егі керамикалық құбыр з-ты, Қапшағай фарфор зауыты заманауи
талаптарға сай керамикалық бұйымдар

шығарады.Осы заманғы керамикалық бұйымдар мен материалдар қолданылатын
орны мен қасиеттеріне, негізгі шикізатына немесе күйдірілген керамиканың
фазалық құрамына қарай жіктеледі. Шикізаттардың құрамы мен күйдіру темп-
расына байланысты керамикалық заттар тығыз (су сіңіруі 5%-тен аз) және
кеуек (су сіңіруі 15 – 25%-ке жетерлік) болып екі топқа бөлінеді.
Құрылымына қарай ірі түйірлі (құрылыстық
және шамот кірпіштер) және ұсақ түйірлі (фарфор, фаянс) деп ажыратылады.
Керамика өндірісінің негізгі шикізаты – саз. Саз ішінде мөлш. 5 мм-ден
астам тастар болса, машинадан өткізіліп не тазартылады, не уатылады. Ұсақ
түйірлі керамикалық бұйымдар даярлау үшін күйдіргенде түсі ағаратын
балшықтар, ақ саздар (каолиндер), кварц, дала шпаты, т.б. қоспасыз сапалы
шикізаттар қолданылады. Керамикалық мас са дайындалуы жағынан сұйық,
илемдік, жартылай құрғақ болып келеді. Керамика-
ны қалыпқа құю әдісі бұйымның түріне қарай таңдап алынады. Отқа төзімді
кірпіш, тыстамалық тақталар секілді қарапайым бұйымдар құрғақ майда
массадан нығыздал ып жасалады. Үй қабырғасына пайдаланылатын кірпіш,
қабырғаны қалайтын
блоктар және қуыс қыштар, құрғату құбырлары, т.б. иленді массадан ирек
шнекті вакуум престер көмегімен дайындалады. Фарфор-фаянс бұйымдары
автоматты, жартылай автоматты машиналармен иленді массаны гипс қалыптарға
құю арқылы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
4 қабатты 20 патерлі тұрғын үй
ҚҰРЫЛЫС МАТЕРИАЛДАРЫ туралы ақпарат
Модульді өлшемді кірпіш
Керамикалық материалдар,қасиеттері және шикізаттары мен өндіру әдістері
Төртбұрышты еденді керамикалық плитка
Керамикалық кірпіш алу технологиясы және физикалық қасиеттері
Темірбетон қадаларын өндіретін цех
Құрылыс керамикасының химиясы жəне технологиясы
Құрылыс материалдарына шолу
Конвейерлі әдіс бойынша аглопориттібетоннан сыртқы бірқабатты панельдерін өндіретін цех, жылдық өнімділігі 20 мың м3
Пәндер