Тас құрылымдар


Мазмұны
1. Тас Құрылымдар 1-3
2. Гранит 3-4
3. Кварц 4-5
4. Сиенит 5-7
5. Гнейс 7-8
Тас Құрылымдар
Тас Құрылымдар - ғимараттар мен үйлердің тастан қаланған (ірге тас, қабырға, бағана, арқалық, күмбез, т. б. ) көтергіш және қоршау құрылымдары. Тас Құрылымдарүшін кірпіш, керамика және құйматас тастар мен блоктар (тұтас және кеуек), ауыр не жеңіл тау жыныстары (әктас, туф, т. б. ), ауыр және жеңіл құйматастан, силикаттан құрастырылған ірі блок түріндегі жасанды және табиғи тас материалдар, сондай-ақ құрылыстық ерітінділер пайдаланылады. Тас қа-лауға қажетті материалдар құрылыстың күрделілігіне, беріктілігі мен жылу оқшаулағыш қасиетіне және олардың жергілікті жердегі шикізатына, сондай-ақ экон. есепке байланысты таңдап алынады. Тас материалдар беріктілік, суыққа төзімділік, жылу өткізгіштік, су және ауаға төзімділік, су жұтылу, агрессивті ортадағы төзімділік, белгілі пішіні мен өлшемі болу және т. б. шарттарды қанағаттандыруы тиіс.
Тас Құрылымдар - өте ертеден пайдаланылып келе жатқан құрылыс материалдарының бір түрі. Көптеген елде тастан қаланып жасалған ғажап ескерткіштер бар. Тас Құрылымдар ұзақ уақыт сақталады, отқа төзімді келеді әрі олар жергілікті жердің материалдарынан да құрастырылады. Тас Құрылымдардың кемшілігі: салмағы ауыр, жылуды жақсы өткізеді, тастарды қалауға байланысты болатын қол еңбегін көбірек қажет етеді. Осыған байланысты құрылысшылардың күштері жылу оқшаулағыш материалдардың қолданылуымен тиімді жеңілдетілген Тас Құрылымдарды өңдеуге бағытталды. Қазіргі құрылыста Тас Құрылымдар (әсіресе қабырғасы мен ірге тасы кірпіш пен тастан тұратын) кеңінен тараған құрылыс құрылымдарының бірі болып саналады. Тас Құрылымдарды жобалау кезінде тәжірибелік ережелер және ғылымі түрде негізделмеген есептеу тәсілдері қолданылды. Тас Құрылымдардың беріктілігі мен есептеу тәсілдері туралы ғылым 1932 - 39 ж. пайда болды.
Тас Құрылымдарды есептеу кезінде тастан қаланған үйлерді: берік және серпімді құрылымдық сұлбалы үйлер деп екі топқа бөлінеді.
Бірінші топқа қабат аралық жабуы қозғалмайтын диафрагма ретінде қарастырылатын, көлденең және орталықтан тыс бойлық күштердің қабырғаларға әсері кезінде оларға қарсы мықты байланыс түзетін, көлденең қабырғалары жеке орналасқан ғимараттар жатады. Екінші топты көлденең қабырғаларының арақашықтығы едәуір болатын, үлкен ұзынбойлықты ғимараттар құрайды. Үйдің құрылымдық сұлбасына байланысты тас қабырғалар көтергіш (өз салмағын, арқалық пен аралық қабаттардың, құрылыс крандарының, т. б. салмағын көтеретін), өзі көтеретін (үйдің барлық қабаттарының салмағын көтеретін және жел әсерін қабылдайтын, т. б. ) және аспалы (бір қабат үйдің салмағын көтеретін және жел әсерін қабылдайтын) қабырғалар болып ажыратылады. Тас Құрылымдардың қалану беріктілігін арттыру үшін болат арматура, арматуралы қалып (тасты темір-құйматас не металл қалып ішінде қалау) пайдаланылады.
Кедір-бұдырлы панельдер - құрылысқа, дизайн мен интерьерге арналған
тамаша материал. Оларда эстетика және табиғи тастың ұзаққа жарамдылығы мен сенімділігі, орнатудың технологиялылығы және жаңаша композитті материалдың жеңіл салмағы тамаша үйлескен.
Тас тәріздес кедір-бұдырлы панельдер күн астында оңып кетпейді, температураның құбылмалылығына шыдамды. Панельдер ылғалдың, зеңнің, күйенің, жәндіктердің әсеріне ұшырамайды. Ішкі жағынан шыны талшығымен арматураланғандықтан, панельдер соққыға төзімді және мығым. Тас тәріздес кедір-бұдырлы панельдер немесе кірпіш таң қаларлықтай жеңіл және монтаждауда технологиялығы жоғары, пайдалану процесінде жөндеу мен күтімді талап етпейді, сонымен бір мезгілде оны демонтаждауға және бірнеше рет пайдалануға болады. Цемент негізіндегі жасанды тастарға немесе табиғи тастарға қарағанда тас тәріздес кедір-бұдырлы панельдер қабырға мен іргетасқа қосымша салмақ түсірмейді.
Панельдерді жылытқыштармен бірге фасадтарды әрлеуге пайдаланғанда Сіз үйіңізді қорғап қана қоймай, оның жылуын да сақтап қаласыз. Панельдер өз сапасын ондаған жылдар бойы сақтайды, олар өте тиімді. Сонымен бірге әдемі.
Панельдер көңіл күйді көтереді, сезім, образ жасайды. Сіз үйіңізге, кафеге, офиске тасты интерьер жасағыңыз келеді. Мұны табиғи тастардың көмегімен жасауға бола ма? Иә, болады. Бірақ оған байланысты қиындықтарды еске түсіріңіз: шу, орнату кезіндегі кір, конструкцияның кез келген қабырға көтере алмайтын өте ауырлығы, бөлменің көлемі мен алаңының қысқаруы және, ең бастысы, уақыт жоғалту.
Панельдер әр алуан жағдайларда ешқандай проблемасыз қызықты және қайталанбас интерьерлер жасауға мүмкіндік береді, сонымен бірге олар кез келген қабырға мен аралық қалқаларға санаулы сағаттар ішінде бекітіледі.
Тастардың қала сыртындағы тамаша жер иелігін еске салатын салтанатты көрінісі Сіздің үйіңізді басқалардан өзгеше ғана емес, әдемі де ететін тамаша құрал болып табылады. Олар іргені, іргетасты, қабырғаны әрлеу үшін немесе архитектуралық акценттер жасау үшін пайдаланылады.
Кедір-бұдырлы панельдер кез келген құрылысты тез және көп күш салмай-ақ өңделген таспен өрілген фасады бар сәнді ғимаратқа айналдыруға мүмкіндік береді.
Гранит
Гранит - Жер қыртысында ең көп тараған кристалдық магмалық тау жынысы, толық кристаллы, жаппай түйірлі, немесе сеппелі, қышқыл құрамды (SiO2 > 65%) интрузиялық таужыныстардың жиынтық атауы. Гранит кварцтан, калийлі дала шпаттарынан (ортоклаз, микроклин), қышқыл плагиоклаздардан, слюдадан (биотит, мусковит) тұрады. Түсі ашық, көбінесе қызғылт сұр, қызыл, кейде жасыл, сұр; менш. салм. 2, 5 - 2, 7 г/см3.
Граниттің құрылымы орта, ірі түйірлі, порфирлі.
Граниттердің лейкогранит, аляскит, плагиогранит, сілтілік гранит, рапакиви сияқты түрлері бар. Гранит архейден бастап кайнозойға дейінгі шөгінділерде түрлі пішінді массивтер, батолит, шток, лакколит, желі, дайка, түрінде
кездеседі. Граниттердің пневматолиттік-гидротермальдық, гидротермальдық өзгерістеріне мусковиттену, турмалиндену, альбиттену грейзендену, хлориттену процестері жатады.
Сарыарқа мен Алтайдың көптеген металл кендері Граниттердегі осы процестердің нәтижесінде түзілген. Граниттер құрылыс материалы ретінде кеңінен қолданылады. Олардан қаптау плиталары, ірі құрылыстардың іргетасы, ескерткіштер жасалады. Сондай-ақ Граниттерде алтынның, күмістің, вольфрамның, молибденнің, радиоактивті элементтердің, тағы басқа кен орындары кездеседі. Қазақстанда Гранит өндірілетін Талғар, Күрті (Алматы облысы), Спасск, Жарық, Дария (Қарағанды обл. ), Гранитогорск (Жамбыл облысы), Лосевка (Ақмола облысы), Аягөз (Шығыс Қазақстан облысы), тағы басқа кен орындары бар.
Mинералдық құрамы
Граниттердің минералдық құрамы негізінен алғанда кварц пен дала шпаттарынан және түсті минералдардың (биотит, мусковит, мүйіз алдамшы, сирегірек пироксен) азын-аулақ мөлшерінен тұрады. Граниттердің түрлері көп. Олар дала шпаттарының құрамы мен олардың бір-біріне мөлшерлік қатынастарына орай және түсті минералдардың қандай түрі жетекші рөл атқаратындығына орай жүйеленеді.
Бірінші жүйелеу қағидасына сәйкес дараланған граниттер түрлері:
байырғы немесе әкті-сілтілі граниттер (калийлі дала шпаты 30-40%, қышқыл плагиоклаздар 10-20%, кварц 25-30%) ;
адамелиттер (калийлі дала шпатгары мен плагиоклаздар мөлшері бір-бірімен шамалас) ;
плагиограниттер немесе плагиоклазды граниттер (тек қана плагиоклаздардан, кварцтан және түсті минералдардан тұрады, яғни бұлардың құрамында калийлі дала шпаттары мүлдем болмайды немесе өте мардымсыз мөлшерде кездеседі) ;
сілтілі граниттер (сілтілі дала шпаггарын және сілтілі пироксендер мен
амфиболдарды кіріктіреді) . Өз құрамындағы әр түрлі түсті минералдардың жетекші рөліне қарай биотитгі, қосслюдалы, мүйізалдамшылы, рибекитгі, эгиринді және тағы басқа граниттер түрін даралауға болады. Гранит құрамында түсті минерал мүлдем болмағанда немесе олар өте аз мөлшерде үшырасқан жағдайда (5%- дан аз) олар аляскитгер деп аталады
Кварц
Кварц, шынытас - табиғатта ең көп таралған тау жынысын түзуші минерал. Оксидтер класына жатады, химиялық формуласы SіO2. Кварцтың 12 полиморфтық түрі анықталған. Оның ішінде негізгілері - α=K (тригональдық сингонияда, төменгі температуралы), β=K (гексагональдық сингонияда, жоғары температуралы), β2 - тридимит (гексагональдық), b - кристобалит (кубтық) . Кварц әр түрлі жыныстарда ксеноморфты агрегаттар, ұсақ түйірлі масса, жеке, қосарланған кристалдар, друзалар түрінде кездеседі. Табиғатта салмағы 40 т-дай Кварц кристалдары табылған. Кварцтың қаттылығы 7, меншікті салмағы 2, 6 г/см3, балқу температурасы 1710°С, шыныдай жылтыр, ультракүлгін сәулені жақсы өткізеді, пьезоэлектрлі қасиеті бар. Түсіне байланысты Кварц әр түрлі аталады: оның таза, мөлдір, ашық түсті ақаусыз кристалы асыл тас қатарына жатады. Олар: тау хрусталі (мөлдір), аметист (күлгін көк), раухтопаз (көкшіл, мөлдір), морион (қара), аквамарин (сарғылт, күрең, қызыл), цитрин (алтындай сары), празем (мөлдір жасыл), тағы басқа. Кварц дала шпаттары, слюдалар сияқты минералдармен бірге магматекті қышқыл жыныстардың, гидротермальдық желілердің, пегматиттердің, метаморфтық жыныстардың басты жыныс құраушы минералы ретінде кең тараған. Кварцтың әсем түстілері зергерлік бұйымдар жасауға, түссіз, мөлдір таза кристалдары оптикалық аспаптар, ал кейбіреулері (агат) дәлдігі жоғары механизмдердің бөлшектерін (призма, ось, тірек, т. б. ) жасау үшін, пьезооптикалық ақаусыз ірі кристалдар радиотехникада пайдаланылады. Кварцтан қышқылға, отқа және химиялық әсерлерге шыдамды берік ыдыс, кварц лампасы, абразиялық материалдар
даярланады. Шыны керамика өндірісінде, металлургияда Кварцты флюс
ретінде пайдаланады.
Сиенит
иенит (грекше Syene - ежелгі Мысырдағы Сүн қаласының (қазіргі Асуан) атынан) негізінен калийлі дала шпатынан (60 - 90%), аздаған мөлшерде плагиоклаздар мен биотит, пироксен, тағы басқа тәрізді түсті минералдардан құралған терең қабаттағы магмалық тау жынысы.
Сиенит - түсі қызыл, алқызыл, алқызыл-сұр болатын түйіршікті тау жынысы.
Бітімі - шомбал, бағдарлы, шлирлі, құрылымы біркелкі орта, ірі түйірлі, кейде порфирлі.
Фемалық минералдар 10-20% құрайды, олар негізінен горнбленд, кейде биотит, пироксен болып келеді.
Калишпат қалыпты түрінде 50-70% құрап, микроклин, ортоклаз не микропертит болып келеді.
Плагиоклаз қалыпты сиенитте 10-30% құрап, олигоклаз не андезин болады.
Фемалық минералдар мен дала шпаттар сілтілі болған жағдайда, сиенит те сілтілі деп аталады.
Гранитпен аралық түрін граносиенит, габбромен аралық түрін - монцонит, диоритпен аралық түрін - сиенит-диорит дейді.
Құрамындағы сілті мөлшеріне қарай 3 топқа бөлінеді: қалыпты, жоғары сілтілі және сілтілі.
Қалыптыдан басқа екеуінде тек сілтілі дала шпаты мен қошқыл түсті минералдар (сілтілі амфибиол, эгирин, эгирин-авгит) болады. *Құрамындағы кварцтың мөлшері 5%-дан асса кварцтық сиенит, ал нефелиннің мөлшері 20%-дай болса нефелиндік сиенит деп бөлінеді.
Қазақстанның Сарыарқа, Есіл аймақтарында кездеседі. Сиениттер құрылыста әшекейлік, қаптама материалы және ескерткіштер жасайтын тас ретінде қолданылады
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz