Шыны материалдары



1. Құрылыстық шыны және оның құрамы мен өндірілуі 1.2
2. Парақша шынының түрлері және қасиеттері 2.5
3. Тыстама, шынылар, шыны бұйымдар және конструкциялар 5.6
4. Құйматас және шыны. кристалды бұйымдар . ситалдар 6.7
«Шыны» - деп балқыған затты тез суыту арқылы алынатын аморфтық денелерді атайды. Құрылыста силикаттық шынылар қолданылады. Олар кремний тотығының негізінде алынады. Балқыған силикаттық шыныларды тез суытқанда олар тез қоюланып микро бөлшектері (йодтары, атомдары, молекулалары) өзара дұрыс орналаса алмай негізінде кристалды емес – аморфтық құрылым түзеді.
Құрылыстық шынының химиялық құрамы шамамен мынадай: салмақтық х бойынша: 71......73 SiO2; 13…...15 Na2O; 8......10,5 CaO; 1......4 М3 О; қалған 1......2,8% - ті калий, алюминий, күкірт және темір оксидтері құрайды: химиялық формуласы Na2O, CaO, 6SiO2 жақын. Құрылыстық шыныны өндіру үшін негізгі шикізаттар ретінде кварцты, құм сода, әктас, ал қосымшалар ретінде балқыту температурасын төмендететін, бояғыш, т.б. оксидтері жоқ таза кварцты құмды қолдану және шихтаға (шикізаттардың араласпасына) мөлдіреткіш зат (натрий, аммоний, сульфаттарын я балқытқыш шпатты) қосу қажет.

Пән: Құрылыс
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Қаратау гуманитарлық-техникалық колледжі

Мамандығы: Ғимараттар мен үймәреттерді салу және пайдалану
Бөлім:Құрылыс Техникалық
Цәк: Арнайы құрылыс және Техникалық пән

Пәні: Құрылыс материалдары мен бұйымдары
Тақырыбы: Шыны материалдары
Оқу түрі: кредиттік
Тобы: 1401-10-9б
Орындаған: Талипов Н.
Қабылдаған: Дәулетова Ж.

Қаратау 2011
Мазмұны:
1. Құрылыстық шыны және оның құрамы мен өндірілуі 1-2
2. Парақша шынының түрлері және қасиеттері 2-5
3. Тыстама, шынылар, шыны бұйымдар және конструкциялар 5-6
4. Құйматас және шыны- кристалды бұйымдар – ситалдар 6-7

Құрылыстық шыны және оның құрамы мен өндірілуі
Шыны - деп балқыған затты тез суыту арқылы алынатын аморфтық
денелерді атайды. Құрылыста силикаттық шынылар қолданылады. Олар кремний
тотығының негізінде алынады. Балқыған силикаттық шыныларды тез суытқанда
олар тез қоюланып микро бөлшектері (йодтары, атомдары, молекулалары) өзара
дұрыс орналаса алмай негізінде кристалды емес – аморфтық құрылым түзеді.
Құрылыстық шынының химиялық құрамы шамамен мынадай: салмақтық х
бойынша: 71 ... ..73 SiO2; 13 ... ..15 Na2O; 8 ... ..10,5 CaO; 1 ... ..4 М3 О;
қалған 1 ... ..2,8% - ті калий, алюминий, күкірт және темір оксидтері
құрайды: химиялық формуласы Na2O, CaO, 6SiO2 жақын. Құрылыстық шыныны
өндіру үшін негізгі шикізаттар ретінде кварцты, құм сода, әктас, ал
қосымшалар ретінде балқыту температурасын төмендететін, бояғыш, т.б.
оксидтері жоқ таза кварцты құмды қолдану және шихтаға (шикізаттардың
араласпасына) мөлдіреткіш зат (натрий, аммоний, сульфаттарын я балқытқыш
шпатты) қосу қажет.
Шыны өндіру технологиясы мынадай операциялардан (процестерден)
құралады: шикізаттардан шыны шихтасын дайындау; шихтаны 800 ... .. 15000 С-
та пісіру-балқыту және балқыған шихтаны суытып, жазық келген парақ нұсқалы
немесе басқа кескінді бұйымдар өндіру. Шикізаттар керек емес табиғи
қоспалардан ажыратылады керек жағдайда. Мысалы: әктас бөлшектелінеді: шихта
құрайтын заттардың әрқайсысы өлшеніледі, өзара араластырылады; осылай шыны
шихтасы дайындалады.
Шихтаны пісіру-балқыту көбінесе ванна тәрізді пештерде өткізіледі.
Бұл процесс үш кезеңнен тұрады: 800 ... .. 9000 С шихтаның сілтілі
компоненттері мен кремний оксидінің бөлімі байланысуынан силикаттар
түзіледі (масса-шихта піскен,, қатты) 1150 ... ..12000 С кремний оксидінің
қалған бөлімі силикаттарда өруінен шыны түзіледі (масса балқыған, тұтқыр,
мөлдір емес – газдар көбіктері көп); 1400 ... ..15000 С шыны
мөлдірлендіріледі (масса газдар көбіктерінен ажыратылады) біркелкі-
гомогенді құрам түзілінеді (тұтқұрлығы 100 пуаз шамасында).
Осындай мөлдірлендірілген, гомогенді шыныдан парақ нұсқалы немесе
басқа кескінді бұйымдар өндіру үшін алдымен оның температурасы
200 ... ..3000 С-қа төмендетіледі. Бұл жағдайда массаның тұтқырлығы мың мен
миллиярд пуаз (II) аралығында болады. Тұтқырлығы одан да жоғарыласа, мысалы
1013 (II) болса, масса морт (қатты) материалға айналады.
Балқыған массадан тез суыту арқылы парақша шынының өнінен (1600 мм-
ге дейін) сәл ұзынырақ (250мм-ге) қуысы бар брусты атайды. Осындай
қайықша, балқыған массага жартылай батыра, шыныны лента түрлі өтіп тік
тартатын машинаның астына орнатылады. Бұл жағдайда қайықшаның түбіндегі
қуысы арқылы жоғары қарай ығысқан масса арнаулы көп білікті машинамен
режимді суытылып, лента түрінде тік тартылып шығарылады. Массаны ленталап
тарту жылдамдығы 2 ммин шамасында бұл жылдамдылық шынының (лентаның)
қалыңдығына байланысты жұқа шыны тез тартылынады.
Шыныны тік тартатын машина суытқыштан, бір-біріне қарсы айналып
тұратын 13 пар біліктерден және автоматтандырылған омыртқыштан тұрады.
Шынылы масса лента түрінде ең соңғы қос біліктерді өткеннен соң омыртқышпен
қажетті ұзындықта көлденеңінен омырылады-парақтандырылады. Парақтар әрі
қарай кесетін цехқа жеткізіледі.
Парақша шынының түрлері және қасиеттері
Парақша шынылардың түрлері көп: терезелік шыны, витриналық шыны,
мыспен торланған шыны, шыныққан шыны, жылы сәулені жұтқыш шыны, увиолалық
шыны, жарықты көмескі өтетін шынылар т.б.
ТЕРЕЗЕЛІК ШЫНЫ (ТЕРЕЗЕ ӘЙНЕГІ) – парақша шынылардың ең көп тараған
түрі ол қалыңдығы 2 ... ..6 мм, ені 1600, ал ұзындығы 2200 миллиметрге дейін
парақ ретінде өндіріледі. Қалыңдығы бойынша 6 маркага бөлінеді: 2; 2,3; 3;
4; 3; 6 мм; жарық өткізгіштігі өскен сайын төмендейді жарық жұтқыштығы 22
шамасында, қалған жарық (сәуле) 8% шамасында шағылады (қайтарылады).
Термиялық төзімділігі- температураның өзгеруіне (мысалы, плюстен, минуске)
төзімділігі (ол әдетте материалдың өлшемінің, көлемінің көну коеффициенті
мөлшерімен сипатталынады) 900 С шамасында, егер шынынң қалыңдығы 2 мм
болса, онда оның термиялық төзімділігі 1000 С; егер 5 мм болса 800 С, яғни
қысқы аязда әйнекті жылы сумен жууға болады. Инфрақызыл сәулені жақсы
өткізеді, ал ультракөк жарықты өткізбейді деседе болады. Созуға, июге
беріктігінің шегі 30 ... .. 90 МПа, ал сығуға беріктігі өте үлкен
700 ... ..1000 МПа аралығында. Бірақ, бұл шынылар ию және созу күштеріне
кедергі көрсететін жұқа парақша түрінде қолданылатын болғандықтан, олардың
беріктігі ию мен созуға беріктігімен сипатталынады. Ұруға кедергі көрсете
алмайды шыны морт материал, ұрып игенде тек қана 0,2 МПа –ға жақын
беріктілік көрсетеді.
ВИТРИНАЛЫҚ ШЫНЫ. Бұл шынының беті жәй әйнектердің бетінде болатын
елеусіз ой-қырдан, жол-жолдан, тілім-тілімнен ажырату үшін арнаулы
машинамен тегістелінеді, айнадай жылтырлатылады. Сондықтан витриналық шыны
жарықты (сәулені) оптикалы бұрмаламай заттың кескінін бұзбай көрсетеді. Бұл
шыны кинотеатрлардың, вокзалдардың, аэропорттардың залдарын, көрме
залдарды, т.б. ғимараттарды әйнектеу үшін қолданылады. Оның қалыңдығы
6 ... ..10 мм ені мен ұзындығы 3,5 х 6 метрге дейін. Июге, ұруға беріктігін
өсіру үшін ол шынықтырылып жасалынады.
СЫММЕН ТОРЛАНҒАН ШЫНЫ үздіксіз прокат әдісімен өндірілетін парақша
шыны массасының бетіне сымнан істелінген торды батыру арқылы алынады,
сынғанда быт-шыт болып бөлшектенбейді. Ол басқыштардың клеткаларын
(бөлмешелерін), лифтлердің шахтасын, жоғарыдан электр жарығын тарататын
фонарьларды, т.б. әйнектеу үшін қолданылады. Жарық тартқыштығы
(өткізгіштігі) 60% - тен кем емес. Ол ғимараттардың төбесін жабу үшін
нұсқасы толқын тәрізді етіліп те өндіріледі.
ШЫНЫҚҚАН ШЫНЫ. Шынықтыру үшін шыны 540 ... ..6500 С аралығында да
қыздырылады ды біркелкі тез суытылады. Бұл жағдайда бастапқы өндірісте
пайда болған, шынының әр жеріне тараған кернеу күштері енді парақтың бар
денесіне бірдей тарап, оның ұруға және июге беріктіктері жәй (шынықпаған)
шынылардың беріктіктерінен бірнеше рет арттырылады. Мысалы, мұндай шыны
оған 1,2 м биіктіктен салмағы 600г болат шарды тастаса да сынбайды.
Қалыңдығы 9 ... .. 12 мм, ал ауданы 1 ... .. 26 шаршы метрге дейін болып
жасалынады. Ол витрина және шыны есіктерді істеу, балкондарды және
басқыштарды қоршау үшін қолданылады, негізінде транспортта пайдалынылады.
ЖЫЛЫ СӘУЛЕНІ ЖҰТҚЫШ ШЫНЫ. Бұл шынылардың беті темір, кобальт немесе
никель оксидтерінің ерітінділерімен өңделінеді. Олар инфрақызыл сәуленің
70 ... .. 75% - тін жұтады, яғни осы сәуленің өтуіне жәй әйнектермен
салыстырғанда 2 ... .. 3 рет көп кедергі көрсетеді. Сондықтан мұндай
шыныдарды терезені екі қабатты етіп әйнектеу үшін пайдаланған жөн;
терезенің сыртқы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚҰРЫЛЫС МАТЕРИАЛДАРЫ туралы ақпарат
Шыны өндірісінің шикізаттары
«Глинозем мен силикат материалдардың химиялық технологиясы»
Оксидтердің шыны қасиеттеріне әсері
Полимерлер және пластмасса өндірісі
Жасанды және синтетикалық материалдар
Құрылыс материалдары пәнінінен оқу құралы
Синтетикалық шайырлар негізіндегі материалдар
Портланд цемент өндірісі үшін шикізат материалдарын есептеу арқылы дәлелдеу.Шыны өндірісінің даму тарихы. Портландцементты клинкер өндіріс тәсілінің дәлелдеуі.Негізгі қасиеттері мен қолдану салалары
«Кәсіпорында шикізатты кешенді пайдалдану мен қалдықсыз технологияларды қолданудың экономикалық тиімділігі»
Пәндер