Бастауыш сынып баланың ерекшелігі және оның дамуы
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
І НЕГІЗГІ БӨЛІМ ... ... ... .
1.1 . Бастауыш сынып баланың ерекшелігі және оның дамуы ... ... ... ... ... ... ...
1.2. Бала тәрбиесі және тәрбие процесіде ата.ана мен мектептің атқартын рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.3. Педагогика ғылымында оқушыларға берілетін тәрбие туралы ой.пікірлер
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
ҚОСЫМШАЛАР

Курстық жұмыстың өзектілігі: Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жыл сайынғы Жолдауында Қазақстанның білім саласына ерекше назар аударып келеді. Болашақ ұрпақ үшін заманауи әдістер мен технологияларды енгізу, білімге қолжетімділікті кеңейту, білім сапасын арттыру. Бұдан бөлек, Президент балабақшалардың жетіспеушілігіне де тоқталып, осы бағытта мектепке дейінгі мекемелердегі мәселелерді алдағы үш жылда шешуді жүктеді. «Білімді ұрпақ – жарқын болашақтың кепілі болашақтың тірегі жастардың білім саласында толыққанды білім алуына жағдай жасалып отыр», - деп қорытты өз сөзін Нұрсұлтан Әбішұлы Әбішұлы Назарбаев. [1]
Зерттеу жұмысының мақсаты.:
-Бастауыш сынып оқушыларына тиісті тәрбие жұмысы ;
-Бастауыш сынып балаларының дамуы мен ерекшеліктеріне көңіл бөлу;
Зерттеу жұмысының міндеттері
-Бала тәрбиесінің педагогикалық аспектілерін зерттеу;
-Бала тәрбиесіндегі ата ана үлгі өнегесіне талдау жасау;
- Бастауыш сынып оқушыларына тиісті тәрбие жұмысытарын анықтау;

1. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2014 жылғы 11 қараша
2. Байжігітов Б., Ибраева М. Эстетикалық оқу тәрбие жүйесі мәселелері. - Қазақстан мектебі. 1993 ж.
3. Қазақ отбасы. Х. Арғынбаев. «Қайнар» баспасы 1996ж.
4. Педагогика.
5. Ж. Әбиев, С. Бабаев, А. Құдиярова. «Дарын» әлеуметтік –гуманитарлық университет 2004ж.
6. М.Жұмабаев. Педагогика. Алматы. «Рауан», 1993.
7. Г.Асанова «Отбасы – бастапқы тәрбие мектебі» Қазақстан мектебі №1, 2007 ж.
8. В.А. Сухомлинский «Балаларға жүрек жылуы» -А, Мектеп, 1973 ж
9. Макаренко А.С. Ата-аналар кітабы. –А., 1985.
10. Пинт А.О. Это вам, родители. М., Знание, 1971
11. А.Жумадуллаева. «Отбасы некелік тәрбие негіздері» Алматы 2007ж
12. З.Әсемжанова «Менің отбасым – менің үйім» Бастауыш мектеп журналы 2005,
13. Әтемова Қ. «Қазақ отбасындағы тәрбие үрдісі» Қазақстан мектебі, 2006 №1
14. М.Азимов «Жанұя ықпалы» Бастауыш мектеп журналы, 1998
15. Ш. Майғаранова. Мектеп оқушыларын рухани дамыту мәселелері. Алматы. «Ғылым» ғылыми орталығы, 2002.
16. А.Сейтметова «Бала тұлғасының дамуы және оның тәрбиесі» Бастауыш мектеп журналы №5, 2005 ж.
17. Хямяляйнен Ю. Воспитание родителей. –М., 1993.
18. Білім мекемесі – оқу – тәрбие ордасы. Шымкент – Алматы 2002. Қожамжарова Р.Т., Бектенгалиева С.Х.
19. Педагогика. Харламов. М.: 1999ж.

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
І НЕГІЗГІ БӨЛІМ ... ... ... .
1.1 . Бастауыш сынып баланың ерекшелігі және оның дамуы ... ... ... ... ... ... ...
1.2. Бала тәрбиесі және тәрбие процесіде ата-ана мен мектептің атқартын рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.3. Педагогика ғылымында оқушыларға берілетін тәрбие туралы ой-пікірлер
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
ҚОСЫМШАЛАР
КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың өзектілігі: Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жыл сайынғы Жолдауында Қазақстанның білім саласына ерекше назар аударып келеді. Болашақ ұрпақ үшін заманауи әдістер мен технологияларды енгізу, білімге қолжетімділікті кеңейту, білім сапасын арттыру. Бұдан бөлек, Президент балабақшалардың жетіспеушілігіне де тоқталып, осы бағытта мектепке дейінгі мекемелердегі мәселелерді алдағы үш жылда шешуді жүктеді. Білімді ұрпақ - жарқын болашақтың кепілі болашақтың тірегі жастардың білім саласында толыққанды білім алуына жағдай жасалып отыр, - деп қорытты өз сөзін Нұрсұлтан Әбішұлы Әбішұлы Назарбаев. [1]
Зерттеу жұмысының мақсаты. :
-Бастауыш сынып оқушыларына тиісті тәрбие жұмысы ;
-Бастауыш сынып балаларының дамуы мен ерекшеліктеріне көңіл бөлу;
Зерттеу жұмысының міндеттері
-Бала тәрбиесінің педагогикалық аспектілерін зерттеу;
-Бала тәрбиесіндегі ата ана үлгі өнегесіне талдау жасау;
- Бастауыш сынып оқушыларына тиісті тәрбие жұмысытарын анықтау;
Бала тәрбиесі - өнер, жеке бір ғылым иесі болуды тілейтін өнер, -- деген екен М.Жұмабаев. Қандай тауып айтылған даналы сөз десеңізші. Тәрбие арқылы адам тағдыры шешілетінін,оның білімді тұлға болып
қалыптасатынын, елдің берік тірегі болатынын көрсетеді.
Балалар тәрбиесіне, келерұрпақ тәрбиесіне қай кезеңде болса да,
қай елде, қай ұлтта болмасын үлкен мән берілген ғой. Өйткені бала - біздің болашағымыз. Ол үшін балаларды жаман, жақсы деп бөлмей, бірлесіп, аяғынан нық тұруға көмектесу керек. Нашар бала болмайды. Бау-бақшаны баптап, күтіп суарсаң ғана жемісіне кенелесің. Сол сияқты баланың теріс мінездерін үнемі қадағалап, түзету - қоршаған ортаның, яғни ата-ана мен мектептің міндеті.
Өмір шындығына жүгінсек, тәрбие бастауы, оның қайнар көзі, ананың сүтінен нәр алып өскен ортасына тікелей байланысты.
Тәрбие басы - тал бесік, Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің! деген қазақтың мағыналы сөздерінде үлкен астар бар сияқты.
Алайда, жұмысымызда байқап жүргеніміздей ата-аналарымыздың бала тәрбиесі жайлы көзқарастарында елеулі қателіктер де көрініс беруде.
Кейбір ата-аналар: Баламды киіммен, тамақпен қамтамасыз етем, білім, тәрбие беру - мектептің ісі деп түсінетін ата-аналар да кездеседі. Бала тәрбиесін тек мектепке ғана аударып қоймай, ата-ана, мектеп, қоғамдық ұйымдар бірлесе отырып жұмыс жасау, ұстаздар үшін де, ата-аналар үшін де тиімді.
Еліміздің егемендігін алып, тәуелсіздік туы биікке көтерілген
қазіргі кезеңде балаларды қоғамның лайықты ізбасары етіп дайындау,
тәрбиелеп шығару үшін мектепте оқу, тәрбие жұмыстарын көбейтіп,
ұлттық ұлағаттылыққа баулып отыруымыз қажет. Қазіргі заман талабына сай оқу-тәрбие жұмысының түрлері, өткізу іс-шаралары үнемі өзгеріп, жаңарып, дамып отыр. [2]
Өскелең ұрпақты тәрбиелеу жүйесіндегі шешуші буын мектеп
болғандықтан, бұрынғыдан да зор жауапкершілік артуда. Әр шәкірт мектеп арқылы өмірге жолдама алады.
Мектеп ешуақытта отбасынан, қоғамнан бөлініп, өз бетінше жеке мекеме болған емес. Сондықтан оның іс-әрекеті отбасымен, көпшілікпен біте қайнасқан.
Осы тұрғыдан алғанда мектеп - бала мен тәрбие жұмысын ұйымдастырудың жеке адамның дамуына және қалыптасуында әртүрлі факторлардың үйлестіріп, біріктірудің орталығы. Мұнда тәрбие түрлерінің сан алуаны жүзеге асырылады.
Баланы тәрбиелеуде бір ғана отбасының алатын орны ерекше деп қорытынды шығаруға болмайды. Мектептің ата-аналармен жүргізілетін жұмыстарының ерекшелігі осы екі жақтың байланысы мен әрекет бірлігінің тұрақтылығынан көрінеді.
Мектеп қабырғасында жақсы тәрбиеленген,саналы білім алған шәкірт өмірде өз орнын табады.Ол үшін ең әуелі ұрпағымызды
бала кезінен-ақ ұлттық тәлім-тәрбиеге,адамгершілік әдетке, рухани,
мәдениетке баулу керек. Сонда жас ұрпақ елі үшін елең қағар азамат,
имандылық қасиеттерді жақсы білетін азамат болып қалыптасады.
Ата-анамен, отбасымен тығыз байланысты болудың ең негізгі жолы мектепте өткізілетін әртүрлі мерекелер, іс-шаралар мен жиналыстар, сайыс, ашық есік күндерін ұйымдастырып, ата-аналарды шақырып, ата-аналарды тек көрермен ретінде ғана қарастырып қоймай, балалармен бірге әртүрлі логикалық сұрақтарға жауап беріп, көңілді ойындарға қатыстырып отыру керек. Ашық тәрбие сағаттары, психологиялық тренингтерге қатыстыру немесе құқық қорғау органдарынан инспекторлар, дәрігерлер, ақсақалдар алқасынан қонақтар шақырылып, мәні зор инабаттылыққа, имандылыққа баулитын ақыл-кеңестер алу өз нәтижесін береді.
Ата-аналар мүмкіндігінше балаларды үйде қараусыз қалдырмауға, немен шұғылданатынын, күнделікті қанша сабақ болып, қаншада
қайтатынын біліп отырулары қажет.
Мектеп пен ата-аналар ынтымақтаса жұмыс жүргізсе, балаларға тиісті көңіл бөле білсе, олармен санаса білсе, келешектің шын жанашыры, елдің арқа сүйер азаматтары тәрбиеленіп шығары сөзсіз.
Менің ойымша әрбір жас толқын қай жағынан болсын, тамаша, жан-жақты келісті азамат болып қалыптасуы қажет. Ол еңбекқор, адал, білімді, көп оқыған ақылды болып қана қоймай, тәрбиелі де көркем, ибалы болуы керек.
Балаларды сүйетін және өзінің ісіне берілген мұғалім ғана мейірбан жеке тұлғаның қалыптасуына көмек көрсетуге қабілетті. Жемісті тәрбиенің сыры - шәкіртке құрметпен қарауда.
І. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
0.1. Бастауыш сынып баласының ерекшелігі және оның дамуы
Жастарды өмірге және ұжымдық еңбекке тәрбиелеудің, әрбір жас адамның жеке тұлғасының өмірлік бағыт -- бағдарын анықтайтын дүниетанымын қалыптастырудың қоғам алдындағы зор міндеттері мектепке жүктелген. Тәрбие, шын мәнінде, жеке тұлғаның дамуы мен жалпы қоғамның негізгі мақсаты болып табылады және ол қоғамның әрбір мүшесінің жан-жакты дамуына жағдай жасауға бағытталған.
Белгілі бір жастағы балалардың жас мөлшері дегенде олардың көпшілігіне тән ерекшеліктер мен сипаттарды айтамыз. Бұл ерекшеліктерді педагогикалық процесте ескеру қажет және соған сәйкес оқыту, тәрбие берудің тиісті түрін, әдістемесін және тәсілін пайдалану керек.
Бастауыш сынып жасындағы баланың салмағы бір жылда 2-2,7 кг өседі. 6 жастан 12 жасқа дейінгі аралықта бала денесінің салмағы екі есе артып, 18 килограммнан 36 килограмға дейін артады. Осы жаста бала миының көлемі де ұлғаяды, яғни, ол 5 жаста үлкен адам миының 90 пайызындай болса, 10 жаста 95 пайызына тең болады.
Нерв жүйесінің жетілуі де жалғасады. Нерв клеткалары арасында жаңа байланыстар түзіліп, мидың жарты шарында икемділік күшейеді. 7-8 жаста жарты шарды жалғап тұрған нерв талшықтары жетіле түседі және олардың өзара қарым -- қатынасының арта түсуін қамтамасыз етеді. Нерв жүйесиндегі бұл өзгешеліктер баланың ақыл -- ойы дамуының келесі кезеңінің ірге тасы қалануына негіз болады.
Баланың білім алудағы іс-әрекеті де, бұған дейінгі барлық іс-әрекеттер (манипуляциялық, пәндік, ойын арқылы) сияқты, оған ену тәжірибесі арқылы бірте-бірте дамиды.
Білім алу іс -- әрекеті оқушы баланың өзіне бағытталған іс -- әрекеттен тұрады. Бала тек білім алуды ғана емес,сонымен бірге оны қалай меңгеруді де үйренеді. Жазу, есептеу, оқу және тағы басқаларына үйрену арқылы бала өзін-өзі өзгертуге қарай бағыттай алады, яғни, ол іс -- әрекеттік және ақыл -- ойлық қажетті әдістерді (оны қоршап тұрған мәдениетке тән) меңгереді. Рефлексиялы түрде, яғни, өз санасы арқылы өзінің психологиялық күйіне ой жүргізіп, ол өзін бұрынғы және бүгінгі қалпымен салыстыра алады. Өзіндік өзгерістері өз бойындағы жетістікері арқылы қадағаланады және айқындалады. [3]
Білім алу іс -- әрекетіндегі баланың маңызды әрекеті -- бұл оның өз-өзіне деген рефлекциясы, жаңа жетістіктерін және болған өзгерістерді қадағалай алуы. Бұған дейін қолымнан келмеді -- енді келеді, Бұған дейін жасай алмадым-енді жасаймын, Бұрын қандай болдым-қазір қандаймын, міне, бұлар қол жекізілгендер менөзгерістерді өзі үшін жүзеге асыратын субъекті бола алуы өте маңызды. Егер бала өзінің өрлеуіндегі оқу іс-әрекетін, өзін-өзі дамытудың жетілген түрінің рефлекциясынан қанағат алса, демек, бала оқу іс-әрекетіне психологиялық жағынан толықтай кірісті деген сөз.
Бала мектеп табалдырығын аттағаннан кейін, оның әлеуметтік жағдайы өзгереді, бірақ ішкі әлемі, психологиясы әлі мектепке дейінгі қалыпта болады. Баланың ең негізгі іс-әрекеті әлі де ойын, сурет салу, ойыншықтарды құрастыру болып қала береді. Оқу іс -- әрекетіндегі, тәртіп сақтаудағы қажетті іс-әрекетке еріктілік беру алғашқы кездерде ғана мүмкін болады, бұл кезде балаға жақын арада істелінуі тиіс мақсаттар және оның күш салуын қажет ететін тапсырмалардың мөлшерінің аздығы түсінікті болады. Оқу іс -әрекетіне ерікті түрде назар аударту ол балаға жеңіл тиеді.
Мектеп табалдырығын аттаған сәттен бастап, баланың алдында оқу іс -әрекетінің шарттарын қойса, бұл баланың шын мәнінде оқу іс-әрекетіне тез араласып кетуіне (бұл жағдайда ол білімді алуға қалыптасқан) себеп болады немесе өзінің шамасы келмейтін оқу тапсырмаларының алдында сасқалақтап, бірте -- бірте өзіне деген сенімін жоғалтады, мектепті және оқуды ұнатпаушылық сезімін оятып, бұл тіпті баланың бойындағы әдетке айналады. Тәжірибеде бұл екі вариант та типтік болып табылады: білім алуға дайын тұрған балалардың саны да, бұл жағдаймен оқуға шамасы жетпейтін балалардың саны да өте жоғары.
Оқу іс -- әрекетінің жағдайында балаға оның ойын емес екендігін түсіндіруге тырысу керек, сонда ғана ол оқуға ат үстілікпен емес, ынтамен, шын көңілмен назар аударып, өзін -- өзі шынайы өзгертуге үйренеді. Балалар ойынға құралған тапсырмалар мен оқу тапсырмаларын айыра біліп, оқу тапсырмаларына құлқы болса да, болмаса да оны қалайда орындауы керектігін білуге үйренуі керек. Әрине, ойын баланың белсенді өмірінің аясынан шығып қалмауы тиіс. Балаға оның енді үлкен екендігі, кішкентай балалар сияқты ойыншықтармен ойнап отыру ұят деген сияқты сөздерді айтуға болмайды. Ойын тек қана балалықтың ғана іс-әрекеті емес, ол барлық жастағы адамдардың бос уақыттарында айналысып, көңіл көтеретін құралы. Әдетте бала адамдардың әлеуметтік қарым-қатынасы жүйесіндегі өзінің жаңа орнында ойынның мәнін бірте -- бірте түсіне бастайды әрі ойнағанда да аса бір құштарлықпен ойнайтын болады. Ойнай жүріп бала өзіне аса маңызды әлеуметтік дағды қалыптастырады. Балалар қоғамының рөлі мен ережелері үлкендер қоғамының ережелері туралы білуіне мүмкіндік жасайды. Ойын үстінде ынтымақтастық пен бәсекелестік сезімі қалыптасады. Ал: әділеттілік пен әділетсіздікке көз жеткізу, теңдік, лидерлік, бағыныштылық, адалдық, сатқындық әрекеттері баланың бойындағы жеке тұлғалық қасиеттерді қалыптастырады.[4]
Баланың дұрыс психикасының ерекшелігі - танып -- білуге деген белсенділігі. Баланың құштарлығы өзін қоршаған әлемді тануға және осы әлемнің құрылысын өзінше бейнелеуге бағытталған. Бала ойнай жүріп тәжірибеден өтеді, себеп -- салдарлық байланыстар мен тәуелділіктің себебін ашуға тырысады. Ол мысалы, қандай заттардың суға батып кететінін, қандай заттардың қалқып жүретінін біле алатын болады. Бала ой -- қабілеті жағынан неғұрлым белсенді болса, ол соғұрлым сұрақты көп қояды және әр түрлі сұрақтар қоятын болады. Баланың бәрі қызықтыруы мүмкін: Мұхиттың тереңдігі қандай? Су астындағы жәндіктер қалай тыныс алады? Жер шарының көлемі неше мың километр болады? Бала білуге ұмтылады, ал сол білімді игеруі Неге?, Қалай?, Неліктен?, деген сұрақтар арқылы игеріледі. Ол білімге сүйенге, жағдайды бағамдауға және өз сұрағына жауап табудың жолын іздеуге тырысуға мәжбүр болады. Кейбір мәселелер туа қалған жағдайда бала оны өзі шешуге тырысады, әрине, ол оны тек ойша ғана шеше алады. Бала болып жатқан жағдайды бағамдайды және оған өзі ойша араласып, іс - әрекет жасайды. Сол жағдайды шешу үшін образдармен іштей әрекеттесуден туындаған ой - көрнекі образды деп аталады. Образды ойлау - бастауыш сынып жасындағы баланың негізгі ойлау түрі болып табылады.
Мектепте оқыта бастағанда баланың ойлау жүйесі өзінің эгоцентризмімен, белгілі бір мәселелерді дұрыс шешуге қажет болатын білімінің жоқтығынан ойлау үрдісінің ерекше болуымен назар аудартады. Мысалы, бала өзінің білімдік тәжірибесінде заттардың ұзындығы, көлемі, салмағы сияқты ерекшеліктерін онша түсіне бермейді.
Білімінде жүйеліліктің жоқтығынан, түсініктерінің жеткілікті түрде даму дәрежесіне жетпегендігінен ойлау жүйесінде көріністі тек қана қабылдау логикасы басым болады. Мысалы, судың, құмның, пластилиннің және т.б. бірдей мөлшерін ыдысқа салғанда, ол заттардың сол ыдыстың қалыбын алғанын көріп тұрып, бірақ оны бағамдау баланың қабілеті жетпейді. Балалар ол заттардың әрқайсысының өзгерісін көрген сәтіндегі әр жағдайға тәуелділікте болады. Алайда бала төменгі сыныптардың өзінде - ақ кейбір деректерді салыстыра алатын, оларды біртұтас кескінде көре алатын, тіпті өз деңгейінде тікелей көздерден алыс жатқан абстрактылы білім қалыптастыруға қабілеті жететін дәрежеде болады.
Бала қоршаған ортаны зерттеуге бағытталған танымдық белсенділігімен өзі зерттей бастаған объектісінен ұзақ уақыт бойы назарын алмайды, бұл әрекеті ол оған қызықсыз болып қалғанға дейін жалғаса береді. Егер 6 - 7 жастағы бала өзі үшін аса маңызды ойын ойнап жатса, ол одан екі немесе үш сағат бойы бас алмауы мүмкін. Сондай - ақ ол өнімді жұмыс жасауда да, мысалы, сурет салуға ойыншықтарды құрастыруға, өзіне қажетті әлденелерді жасауға да осындай ынтамен кірісе алады. Балалар назарының бір нәрсеге ұзақ қадалуы, оның сол өзі жасап отырған іс - әрекетіне деген ерекше ынтасымен көрсетеді. Егер бала өзіне ұнамайтын нәрсемен айналысып, соған ұзақ уақыт назарын салып отыруға мәжбүр болса, ол шаршайды, көңілі басқа жаққа алаңдай береді, тіпті ол өзін соншалықты бақытсыз сезінеді.
Үлкен адам сөзбен айту арқылы баланың назарын белгілі бір нәрсеге бұрып, ұйымдастыра алады. Ол оған тапсырманы орындаудың қажет екендігін түсіндіреді және оны қалай жасау керектігінің әдісін де айтады Балалар, альбомдарыңды ашыңдар. Қызыл қарындашты алыңдар да қағаздың сол жақтағы бұрышына, міне, мына жерге дөңгелек сызыңдар және т.б.
Бастауыш сынып жасындағы бала белгілі деңгейде өзінің атқаратын жұмысын өзі де жоспарлай алады. Мұндай кезде ол не істеу керек екендігін және неден кейін нені орындау керек екендігін өзіне - өзі күбірлеп айтатынын да байқаймыз. Бұлайша жоспарлау, сөз жоқ, баланың назарын жүйелеп, ұйымдастырады.
Алайда, бала төменгі сыныпта жүрген кезінде - ақ өзінің мінез - құлқын өзі үйлестіре алады десек те, оның назарының өз еркінен тыс басқа жаққа тез ауып кету жағдайлары көбірек болады. Балаларды біртектес, тез жалықтыратын немесе қызғылықты болса да, бірақ ойлануды қажет ететін жұмыстар тез жалықтырады. Ал бала назарының анда - санда басқа жаққа ауып отыруы оны тез шаршаудан сақтайды. Бұл ерекшелік ойынның сабаққа кірісуге мүмкіндік беретін маңызды элемент екендігін көрсетеді және іс - әрекетті онымен жиі алмастырып отыру керек болатынын дәлелдейді. Төменгі сыныпта оқитын балалар интеллектуальды тапсырмаларды назарында ұстауға қабілетті, алайда бұл ерекше ерік - жігерді және үлкен ұйымдастырушылықты қажет етеді. [5]
Бастауыш сынып жасындағы бала әртүрлі жағдайларды өз қиялында бейнелей алады. Ойын үстіндегі бір затты екінші затпен алмастырып көру арқылы баланың қиялы іс - әрекеттің басқа түрлеріне ауысады. Оқу іс - әрекетінің жағдайында бала қиялына арнайы талаптар қойылады, олар бала қиялын өз күшімен әрекет етуге ұмтылады. Мұғалім сабақта балаларға заттардың, бейнелердің, белгілердің қайта пайда болу жағдайын көз алдарына еслестетіп көруі жөнінде тапсырма береді. Бұл оқу талаптары бала қиялының дамуына мүмкіндік береді, алайда оны арнайы құралдармен пысықтап отыруға тура келеді, әйтпесе баланың өз қиялын өз күшімен ілгері жылжытуы қиын болады. Ол құралдар заттар, схемалар, макеттер, белгілер, графикалық бейнелер және т.б. болуы мумкін. [6]
Әртүрлі оқиғалар, өлеңдер ұйқастыру, ертегілер ойлап табу, түрлі кейіпкерлерді бейнелеу арқылы бала өзіне белгілі оқиғаларды, өлең жолдарын, графикалық бейнелерді өзі де байқамастан айта бастауы мүмкін. Баланың өзіне белгілі оқиғаларды әдейі бір -- біріне қосып, өз кейіпкерінің сапалық жақтары арқылы жаңа бейнелер жасауы да жиі кездеседі. Егер баланың сөйлеу және қиялдай алу қабілеті жетілген болса, егер ол сөздің мәні мен мазмұнынан пайда болған рефлексіне көңілі қанағаттанса, онда ол кәдімгідей мәні бар мазмұндағы оқиғаларды айтып, тіпті, өзінің ойлап табушылық қабілетінен шабыт алып, басқа адамдарды да қосып жаңасын ойлап тауып, оны әңгімелеп бере алатын болады. Бала өз қиялында қауіпті де үрейлі жағдайларды да тудыра алады. Ең бастысы -- тапсырманы орындаудағы қиындықты жеңу, дос табу, жарыққа шығу, қуанышты сәтті бастан кешіру. Қиялдағы оқиғаны жасау және оны өрістету кезінде санаға түсетін салмақ, мазмұнды басқару, кейіпкерлердің әрекетін тоқтату және оған қайтып оралу әрекеттері бала қиялын ерікті шығармашылық қызмет ретінде жаттықтырады.
Оның үстіне, қиял әсер беретін іс -- әрекет ретінде көрініс табады. Бала шынайы өмірдегі қиындықтарды бастан кешіріп, өз басындағы жағдайды тығырыққа тірелгендік деп түсінген шақта, ол өз қиялындағы әлемге кетіп қала алады. Мысалы, әкесі жоқ болса, бұл баланың жанын жаралайды, ал ол қатты қиналған кезінде өз қиялында ең керемет, мейірімді де ер жүректі әкеге ие бола алады. Қиял өз мазмұны бойынша қандай да бір адам сенгісіз нәрсе сияқты болып көрінгенімен, шынайы әлеуметтік кеңістіктің нормативтеріне сүйенеді. Бала өз қиялында мейірімділікті немесе қатігездікті көруі арқылы, ол болашақтағы өз іс-әрекеттеріне мазмұн болатын жағдайларға бейімделе алады.
Қиялға берілуі үлкен адамға қарағанда баланың өмірінде үлкен рөл атқарады, қиялдың жиі көрініс беруі арқылы ол шынайы өмірде көбірек қателеседі. Қиялдың шаршауды білмейтін жұмысы баланың қоршаған ортаны тануға және игеруге мүмкіндік беретін, өзінің өмірлік тәжірибесінің шеңберінен шығып кетуге жағдай жасайтын маңызды жолы болып табылады, ол шығармашылық қабілеттің дамуының маңызды психологиялық алғы шарты және әлеуметтік кеңістіктің нормативін игерудің тәсілі. Соңғысы қиялдың жеке тұлғаның өзіндік ерекше сапасының мүмкіншілігімен тікелей жұмыс істеуге мәжбүр етеді.
Ақыл -- ойдың дамуына оқу іс -- әрекеті ерекшке әсер етеді. Әсіресе оқу жүйесінде сөйлеу қабілетін меңгерудің және дамытудың айқындауыштық маңызы бар. Сөйлеу қабілетін бағдарлама бойынша дамыту мақсатында баланы оқытудың және дамытудың мынадай түрлері болады; біріншіден, нормаға сәйкес әдеби тілді меңгеру, екіншіден, оқи және жаза алу. Оқи білу де, жаза білу де -- тіл жүйесіне, оның фонетикасына, таңбалануына, лексикасына, грамматикасына, орфографиясына сүйенетін сөйлеу дағдылары. Үшіншіден, оқушылардың сөйлеу мәдениетінің белгілі бір талап деңгейіне сәйкес келуі, яғни, ол оқушы деген атқа ие болғандықтан да сол деңгейден төмен болмауы тиіс.
Бастауыш сынып жасындағы бала үлкендердің сөзін бірте -- бірте толық және дәл қабылдау, өз бетінше оқып, радио тыңдау дәрежесіне жететін болады. Ол сөз әлеміне қиындықсыз араласып, оның мазмұнын бағамдай алатын болады, яғни, әңгіменің не туралы болып жатқанын ұғынып, сөздің негізгі тақырыбының дамуын қадағалап, соған сәйкес сұрақтар беруге және диалог құруға шамасы жететін болады. Бала өзінің сөздік қорын ынталы түрде кеңейтуге ұмтылып, өзі үйренген сөздер мен сөз тіркестерін жиі пайдалануға, қарапайым грамматикалық түрлер мен құрылымдарды меңгеруге тырысады. Мұның бәрі баланың сөйлеу қабілетінің және ақыл-ой қабілетінің дамуындағы жетістіктер.[7]
Тіл меңгеруге базасында жаңа әлеуметтік қатынастар пайда болады, олар баланың ойлау жүйесін байтып және өзгертіп қана қоймайды, сонымен бірге, оны жеке тұлға ретінде қалыптастырады. Бала мектепте барған кезден бастап, оның сезімталдық дамуы оны қоршаған сырт адамдарға және оның сырттан алған тәжірибесіне қатысты болады.
Баланың үрейленуі өзін қоршаған ортаны қабылдауының санада сәулеленуі болып табылады, ал қоршаған орта бала үшін біртіндеп кеңейе береді. Үрейдің негізгі бөлігі отбасындағы, мектептегі және өз құрбылары арасындағы жағдайлардан құралады. Өткен уақыттағы адам түсіндіріп бере алмайтын және ойдан құралған қорқыныштары бірте -- бірте күнделікті тіршіліктің толып жатқан саналы мәселелерімен алмасады. Ал баланың үрейленуіне негіз болатын алда тұрған сабақ немесе укол, тіпті түрлі табиғи құбылыстар немесе жора-жолдастарының арақатынасы болуы да мүмкін.
Бұл жастағы балаларда бірте -- бірте оларға тән; мектепке барғысы келмеу әдеті пайда болады, оған жаңа өзіміз айтқан үрей қосылады. Осындай жағдайға тап болған балада бас ауруы пайда болады, құсады, басы айналады. Мұның бәрі құр сылтау емес, сондықтан да оған дұрыс көңіл бөлу керек. Әдетте мұндай балалар жақсы оқиды, ал олардың қорқыныштары жаман баға алып қаламен дегендіктен емес, негізінен ата-аналары үшін, әсіресе анасы үшін алаңдағандықтан туындайды, мысалы баласы үшін олардың мұңға батып, қайғы -- қасіретте қалуы оны қатты алаңдатады. Ата -- аналар баланың көзінше өз алаңдаушылық-тарын, күдіктері мен толқыныстарын айтады, сол арқылы баланың бойында өз ата -- анасы үшін алаңдаушылық пайда болып, әсіресе олардың мектеп алдындағы жағдайын ойлап, бала үрейлену сезіміне беріледі, сөйтіп бәріне ата -- ананың өздері себеп болады. Өздеріне өздері онша сенімді емес ата -- аналар баланың үнемі өз қастарында болуын қалайды. Олардың саналы түрде баладан айырылмауы баланың тәуелсіздікке, табандылыққа деген ынтасын жояды.
Сабақ алдында үрейлену әдеті пайда болған баланы тезірек мектепке қайтару керек болады. Басы ауырып тұрғанына немесе басқа да сәл нәрсені сылтау еткеніне ерекше көңіл аудару сол белгілердің күшейіп кетуіне әкеліп соқтыруы мүмкін. Кейде тіпті баланың көңіл -- күйінің жоқтығы мен шағымына көңіл аудармау керек болады.
Баланы тыңдап отырғаннан да, оны мекткепке баруға достық ниетпен қалай да көндірген дұрыс.
Бастауыш сынып жасындағы балалардың ішіндегі ер балалардың 5-8 пайызының, қыз балалардың 1 пайызының ерекше белсенділігі байқалады, бірақ бұл әзірге психикалық ауытқу емес. Алайда бұл жағдай баланың эмоционалдық, ақыл -- ой, интеллектуалдық дамуының кешеуілдеуімен қатар жүреді. Мұндай мінез -- құлық жүйкеге күш тусуінен пайда болуы да мүмкін және ол баланың жүйкесін ерекше қоздырып жібереді. Аса белсенді балалар берілген тавпсырмаларды орындауда қатты қиыналады, себебі оларға өз назарын бір жерге аударып, тыныш отыру өте қиын. Мұндай балалар, әдетте, ата -- аналар мен мұғалімдердің ерекше назарында болуы керек.
Мектеп оқушыларында болатын ереекше белсенділіктің себебі әлі күнге дейін толық анықталған жоқ, бірақ көптеген жағдайларға байланысты белгілі бір пайымдаулар айтылып жүр. Мысалы, сарапшылар мұндай жағдайды олрталық нерв жүйесінің генетикалық әсерімен түсіндіреді. Көптеген зерттеушілер оның себептерін күнделікті ішіп жүрген тағамнан, баланың өзінің ерік -- жігерінен, оның өрескел қылықтарына қолдау көрсетушіліктен іздейді. Бүгінгі таңда мұндай келеңсіз жайттардың алдын алу мен емдеудің түрлі әдістемелері қолданылып жүр. Кейбір дәрі -- дәрмектер белсенді балаларды тыныштандырады. Сондай-ақ кең таралған әдістің бірі-тағамның құрамынан қантты, жасанды дәмдеуіштер мен тағамға қосылатын заттарды алып тастау арқылы диета қолдану. Баланың мінез-құлқына ата-ана мен мұғалімдер тарапынан үнемі және табанды бақылаудың жасалуы және сыртқы әсерді, мысалы,қоғамдық орындарда көңілді тыныштандыратын көгілдір жарықтың түсірілуі жақсы нәтиже береді.
Осы және осыған ұқсас басқа да әдістемелер баланың бойындағы ерекше белсенділікті бәсеңдетуге мүмкіндік береді, ал бұл өз кезегінде оқушының сабақ үлгерімін жақсартуына, сыныптағы, үйдегі, көшедегі мінез -- құлқының жақсаруына себеп болады. Әрине, емдеудің бірыңғай тәсілі жоқ. Бұл жағдайда мамандар оны емдеудің бірнеше тәсілін бір мезгілде қолданады, бәлкім, оған жүйелі түрде қарау керек шығар. [8]
Мектепке барған алғашқы жылдарында балалар әлі де үлкендер тарапынан қамқорлықты қажет етіп тұрса да, бірте -- бірте ата -- аналарынан өздерін алшақ ұстайды. Балалардың ата -- аналарымен қарым -- қатынасы, отбасының құрылымы және ата-аналардың өзара қарым-қатынасы балаға қатты ықпал етеді, алайда, сыртқы әлеуметтік ортамен араласының кеңеюіне байланысты енді оларға үйден тыс жердегі ықпал етуі күшейе бастайды.
Бастауыш сынып жасындағы бала үшін ең маңыздысы -- педагог. Балаға қарап жылы жүзбен жымиюдың аса маңызды әсері туралы И.М.Юсупов былай дейді: Педагогикалық қарым -- қатынаста балаға қарап жымию баламен диалогтың ең қажетті құралы болып табылады. Сөйлесетін адамның неғұрлым кішкентай болса, ол өзінің іс -- әрекетіне үлкендердің соғұрлым үнсіз де жылы жымиысына баға беруін қажетсінеді. Тек қана оқу процесінде емес, жай қарым -- қатынастарда да бастауыш сынып жасындағы балалар мен жасөспірімдерді жылы жымиыспен ынталандырудың маңызы зор. Сондықтан да педагогтың вербальды емес қарым -- қатынаста өз бет әлпетінің жылығымен әсер етуге сараңдығы бала мен педагог арасындағы онсыз да үлкен жас айырмашылығын одан сайын қашықтатпақ.
Үлкендердің баламен әр түрлі қарым -- қатынасы және олардың балаға беретін бағасының сипаттамасы оның бойындағы өзіне беретін баға бере алу қасиетін дамытады. Бір жағдайда оның өзінің ақылды екендігіне сенімі артса, басқа бір жағдайларда өзінің көріксіз немесе қателігін мойындайды. Үлкендердің тікелей әсер етуімен баланың бойында пайда болатын осындай өзіне өзі баға берушілігінен оның басқа адамдарға да баға беруінің негізі қаланады. [9]
Мектеп оқушыларының өз арасындағы қарым-қатынастары үнемі өзгеріп отырады. Баланың 3 жастан 6 жасқа дейінгі аралықтағы қарым -- қатынастары негізінен ата -- аналардың бақылауында болатын болса, 6 жастан 12 жасқа дейінгі аралықта мектеп оқушылары көп жағдайда ата -- ана назарынан тыс қалады. Бастауыш сынып жасындағы балалардың достық қарым -қатынастары негізінен қыз бала мен қыз баланың, ер бала мен ер баланың арасындағы достыққа әкеледі. Ата -- аналарымен арасындағы байланыстың бұрынғыға қарағанда босаңсығаны себепті бала енді өзінің жора-жолдастарының қолдауына көбірек сүйенетін болады. Сонымен бірге оған енді өзінің эмоционалдық қауіпсіздігін де қамтамасыз етуіне тура келеді. Демек бала ушін өз құрбы -- құрдастары өзіндік бір рөл атқара бастайды, яғни, ол соларға қарай отырып, бұдан әрі қарай ата-анасы көрсеткен жолдың ішінен қайсысын алуы керек, ал қайсысынан бас тарту қажеттігін таңдай бастайды. Мектеп жасындағы балалар әдетте жынысына, өз отбасының әлеуметтік-экононмикалық мәртебесіне қарай өзіндік топтарға бірігеді. Осылайша бастауыш сынып жасы маңызды жағдаймен, яғни, баланың мектепке баруымен айқындалады. Мектептегі жаңа әлеуметтік жағдай бала өмірінің бұрынғы өзі үйренген қалыбынан гөрі тереңдеу әсер береді әрі баланың жүйкесіне салмақ түсіреді. [10]
Бастауыш сынып жасы -- бұл айналадағы өзге әлемді баланың өз бойына сіңіре бастау, білім жинақтау, осыларды басымдылықпен игеру кезеңі болып табылады. Осы бір аса маңызды өмірлік функцияны табысты орындау баланың өзіне тән бейімділігінің осы жаста қалыптасуына қолайлы жағдай жасайды, яғни, ол мынадай бейімділіктер: адамның беделіне зор сеніммен қарауы, кездесетін барлық жағдайларды тез қабылдап, оған тез әсерленгіштігі, аңғал да ойын баласының қарым -- қатынасы. Бастауыш сынып жасындағы балалардың бойындағы осы аталған бейімділіктердің әрқайсысы тек жақсы жақтарымен ғана көрініс табады, ал ол осы жастағы балаларға ғана тән қайталанбас ерекшеліктер болып табылады.
Бастауыш сынып жасындағы балалардың кейбір ерекшеліктері жылдар сайын жойылып отырады, ке йбір ерекшеліктерінің маңызы өзгереді. Мұндай жағдайдың балалардың бойында көрініс табуы олардың жас ерекшеліктеріне қарай әртүрлі деңгейде болатынын атап көрсету қажет. Міне, балалардың танымдық мүмкіндіктеріне өзіміз қарастырған осы ерекшеліктер зор ықпал етеді және ол баланың жалпы дамуының келешегінің алғы шарты болып табылады.
1.2. Бала тәрбиесі және тәрбие процесіде ата-ана мен мектептің атқартын рөлі
Қоғамымыздың ілгері дамуының өзі ғылым мен білімге тікелей байланысты. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев білім мен ғылым қызметкерлерінің екінші съезінде Болашақта еңбек етіп өмір сүретіндер - бүгінгі мектеп оқушылары. Мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан жүктелген міндет өте ауыр, - деген болатын. Осы ғылым-білімнің негізін тереңдету нәтижесінде ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz