Балабақша мен отбасы қарым-қатынас ынтымақтастығы


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Ақмола облысы білім басқармасы жанындағы
«Көкшетау қаласы, (қазақ тілінде оқытылатын)
Ж. Мусин атындағы педагогикалық колледжі» МКҚК
Педагогика, психология және
жеке пәндер әдістемесі кафедрасы
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
БАЛАБАҚША МЕН ОТБАСЫ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ
Мамандық атауы: 0101000 - «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту»
Пәні Мектеп жасына дейінгі педагогика
Орындаған Ғылыми жетекшісі п. ғ. м.
Курстық жұмысты қорғаған бағасы
Кафедра меңгерушісі п. ғ. м. Б. Батанасова
Хаттама № 20___ ж.
Көкшетау, 2015
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
І. НЕГІЗГІ БӨЛІМ . . . , . . .
1. 1. Балабақша мен отбасы арасындағы байланыс . . .
1. 2. Балабақша мен отбасы арасында жұмысты ұйымдастырудың жаңаша бағыттары . . .
1. 3. Отбасы мен балабақша ынтымақтастығы . . .
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
ҚОСЫМШАЛАР
КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың өзектілігі Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жыл сайынғы Жолдауында Қазақстанның білім саласына ерекше назар аударып келеді. Болашақ ұрпақ үшін заманауи әдістер мен технологияларды енгізу, білімге қолжетімділікті кеңейту, білім сапасын арттыру. Бұдан бөлек, Президент балабақшалардың жетіспеушілігіне де тоқталып, осы бағытта мектепке дейінгі мекемелердегі мәселелерді алдағы үш жылда шешуді жүктеді. «Білімді ұрпақ - жарқын болашақтың кепілі болашақтың тірегі жастардың білім саласында толыққанды білім алуына жағдай жасалып отыр», - деп қорытты өз сөзін Нұрсұлтан Әбішұлы Әбішұлы Назарбаев. [1]
Зерттеу жұмысының мақсаты. Мектепке дейінгі ұйым мен отбасы жұмыстары сабақтастығын ұйымдастыру жолдарын анықтау және олардың балаға тигізетін әсері зеттеу.
Зерттеу жұмысының міндеттері.
-Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу процесінде отбасы мен балабақша арасындағы жұмыстардың тиімді ұйымдастыру жолдарын анықтау.
-
Қай заманда болмасын адамзат баласының алдында тұрған ұлы мақсат мұраттарының ең бастысы - өзінің өмірін тәжірибесін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу. Себебі, ұрпақ тәрбиесі келешегін берік ететін басты фактор болып саналады.
Балаларды тәриелеу мен оқытуың мемлекетік стандартында ата-аналарды мектепке дейігі ұйымдар мен мектепке дейінгі топтардың педагогикалық процесіне тарту мақсатында балабақша мен отбсының өзара іс-әрекетін қамтамасыз ету қажеттілігі ұсынылады. Бұл қарым-қатынастың жаңашылдығы «ынтымақтастық» және «өзара қарым-қатынас» деген түсініктермен анықталады.
Қоғамымыздың іргетасын нығайту үшін бүгінгі жас ұрпаққа үлгілі, өнегелі тәрбие беру - қазіргі білім беру және тәрбиелеудегі басты міндеттердің бірі. ҚР мемлекеттік жалпыға міндеті білім беру стандартында «Бала тұлғасы, оның қызығушылығы, дамуы, тұлғалық әлеуетін ашу педагог пен отбасы арасындағы қатынас стратегиясының орталығы болып табылады» делінген.
Адамзат қоғамы даму тарихында қалыптасқан тәрбие мен оқыту, териясы және практикасын дамыту саласындағы маңызы мен тәрбиелік мүмкіндіктері жайлы Я. А. Коменский, К. Д. Ушинсктий, В. Г. Белинский, Н. К. Крупская, А. С. Макаренко, Н. Н. Хан, В. А. Сухомлинский, Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев, А. П. Сейтешов, М. Ә. Құдайқұлов, А. А. Бейсенбаева, Қ. К. Жампейісова, Г. Т. Хайруллин, В. В. Трифоновтар маңызды педагогикалық ой-пікірлер қалдырды.
Н. К. Крупская өзінің педагогикалық шығармаларында ата-ананың да білім деңгейін көтеру керектігі, оларды балабақша өміріне араластыру қажеттілігін білмейтін ата-аналар кездеседі.
Халық педагогикасы да баланың тәрбиесі туған, өскен ортасына, ата-ананың, отбасы, үлкендердің, тәрбиешілерінің үлгісіне байланысты деп қараған. Өскен ортаның тәрбиедегі әсері жөнінде А. С. Макаренко, А. В. Сухомлинский, А. Құнабаев сыды ұлағатты ұстаздардың ой-пікірлері де халық педагогикасының қағидаларымен үндесіп жатыр.
Отбасы мен балабақша тәрбиесіндегі ең маңызды мақсаттардың бірі - балаларды айналаны тану, сезіну, қабылдау, түсіне қарай таңдау, әсерлей білу, өзіне мақсат қоя білуге баулу. Өмірдегі, өнердегі, табиғаттағы тамаша көріністерден жан азығын алып әсерлене бізуге үйрету. Білімге, білуге, құштарлыққа, әсемдікке, талғампаздыққа тәрбиелей отырып, баланы болашақ білім ордасы - мекепке дайындау. [2]
Қазіргі заманға сай баланы тәрбиелеу, дамыту және білім беру мәселелерінде отбасы мен балабақша ұжымының бірлескен өзара тығыз байланыста болуы шарт. Себебі, бала тәрбиесі ана сүтінен басталып, өмір бойы қалыптасатын күрделі құбылыс. Ал тәрбиенің ең алғашқы негізгі отбасында қаланып, балабақшамен байланыс арқылы одан әрі жалғасады.
«Жаста білген, басқа сіңген тәлімнің, өзің өлмей сүйегіңнен қала алмас», деп классик жазушы айтқадай балалық шақтан бойын орныққан, ана сүтімен даритын ұлттық сезім нышандары, сөз өнері оның болашақ шамшырағына айналып, рухани байлығын кеңейтеді. Оны туған жерге, елге, халқына деген сүйіспеншілікке, патриоттыққа тәрбиелеу - аса жауапты міндеттердің бірі.
І. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. 1. Балабақша мен отбасы арасындағы байланыс
Мектеп жасына дейінгі баланы толыққанды тәрбиелеу отбасы мен балабақшаның тығыз ынтымақтастығы кезінде ғана мүмкін болады. Ата - аналардың балаларға тәрбие беру міндеті ҚР Конституциясында, ал балалардың отбасындағы құқығы- бала құқықтары туралы конвенцияда белгіленген. Отбасы- барлығының басы, жан - жақты дамуының негізі болатын тәрбие институты. Отбасының балаға тәрбие берушілік қызметінің мақсаты - баланың жасын, жеке ерекшелігін, психологиялық дамуын ескере отырып жарасымды жетілген ұрпақ тәрбиелеу.
Білім беру жүйесін дамыту Қазақстан Республикасының басымдық бағыттарының бірі болып табылады. Елбасы Н. Ә. Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында және «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» бағдарламалық мақаласында білім беру жүйесінде басымдықтарды анықтады және біздер - педагогтар алдына күрделі мақсат - әлемдік деңгейдегі білім орталығы болуды қойды. [3]
Мектепке дейінгі білім беру жүйесін жаңарту, ондағы гуманизациялау және демократияландыру үрдістері мектепке дейінгі ұйымның отбасымен қарым-қатынасын белсендіру қажеттілігіне әкелді.
Отбасы - балаға «эмоционалдық тылда» психологиялық қорғау беретін бірден-бір алғашқы социум. Отбасының маңызы мектепке дейінгі жастағы балалар үшін ерекше. Әрбір бала өз ата-анасынан, әжесі мен атасынан, бауырларынан ерекше сүйіспеншілік күтеді: яғни оны үлгілі тәртібі мен қылығы үшін емес, қандай болса солай сүйгенін қалайды.
Бала үшін отбасы - бұл қоғамдық тәжірибенің көзі. Отбасында ол өзі еліктейтін үлгілер табады, мұнда ол әлеуметтік туылады. Егер біз адамгершілігі зор, дені сау ұрпақ тәрбиелегіміз келсе, онда бұл мәселені «бүкіл әлеммен»: балабақша, отбасы, қоғам болып шешуіміз қажет.
Ата - аналармен бірлесе атқаруға болатын жұмыстар:
- тақырыптық кеңес (ата - аналарды психологиялық, педагогикалық білім және тәжірибе жаңалықтармен таныстыру, кеңес беру, ой қозғау, ой қорыту) .
- педагогикалық семинар (отбасылық тәрбиенің әдіс - тәсілдеріне арналады) .
- шығармашылық кештер (балабақша және топішілік болуы, озық қабілетті, танымал ата - аналарды үлгі тұту, насихаттау )
- топішілік ата - аналар жиналысы.
- бақшаішілік ата - аналар жиналысы.
- ата - аналармен жеке кездесу.
- ата - аналар үшін ашық есік күні, ата - аналарға педагогикалық және психологиялық кеңес беру, мерекелік кештерге шақыру, ата - аналарды психологиялық тренинг - ойындарға қатыстыру, отбасылық жарыстарға қатыстыру және «Менің жанұям» атты балалар салған сурет көрмесін тамашалау тағы басқа да.
Психологиялық тұрғыдан алғанда сурет арқылы да біраз құнды мағлұматтар алуға болады. Ата - аналарға тарапынан балаларға кейде онша қөңіл бөлінбейтінін, балаларымыз шеттеп, көңілі жабырқаулы күйде жүретінін байқауға да болады. Осындай көңіл күй болған кезде балаларымыздан «Мен олардың ұрысқаныны қаламаймын», «Алысқа кеткенін жақсы көремін», « Маған әке көп ұрысады », «Мен істеген ісімді дұрыс емес дейді» деген сияқты ойларды оқуға тура келеді. Не себепті баланың көңілі толмайды? Гүлдің сусырап шөлдейтіні сияқты бала да ынта - ықыласқа шөлдейді. Ата -ананың балаға бар жағдайы жасаудан басқа мейірім, жылуы, қамқорлығы қажет. Әке мен шеше өзін тәрбиешімін дей отырып өздері де тәрбиеге енуі қажет. Қазіргі таңда баланы тәрбиелеуде, бала психологиясының дұрыс қалыптасуында ата - ананың да, тәрбиеші- ұстаздың да атқаратын рөлі зор. Сондықтанда отбасы мен балабақша ынтымақтастығының өсіп келе жатқан болашақ ұрпақ өміріне тигізетін әсері өте зор. «Ұстаз - бағбан, бала - гүл» деген қағида әр тәрбиешінің ұстаздың ұстанымы. Осы қағиданы ата - ана мен ұстаз бірігіп пайдалансақ балабақша балалары үшін ең сүйікті мекенге айналар еді. Бағбанға гүлдің әйтеуір өскенінен әдемі болып өскені қажет, ата - ана мен ұстазға да баланың әйтеуір ержеткенін әдепті болып есейгені қажеттірек. Бағбан өзінің өсірген гүлінің санымен емес, сапасымен мақтанады, ата - ана да баласының әдептілігімен мақтануы тиіс. [4]
Мектепке дейінгі ұйымдардың басты мақсаты - отбасында баланы тәрбиелеуге кәсіптік көмек беру, оны ауыстырмай, тәрбиелік функцияларын жүзеге асыруды толықтыру және қамтамасыз ету арқылы жүргізу. Бұл:
- баланың қызығушылығы мен қажеттілігін дамыту;
- бала тәрбиесіндегі тұрақты өзгеретін жағдайларда ата-аналар арасындағы міндеттер мен жауапкершіліктерді бөлу;
- отбасындағы әртүрлі ұрпақ арасындағы қарым-қатынастың ашықтығына қолдау көрсету;
- отбасы өмірінің бейнесін жасау, отбасылық дәстүрлерді формалау;
- баланың жекелігін қабылдау және түсіну, балаға бірден-бір жеке тұлға ретінде сену және сыйлау.
Жоғарыда айтылған отбасылық қатынастарды жүзеге асыру үшін келесі тәрбиелік міндеттерді орындау бойынша жұмыстар жүргізілу қажет:
- біріншіден, баланы және ата-ананы сыйлауға тәрбиелеу;
- екіншіден, ата-аналармен олардың отбасылық шағын ортасын зерттеу үшін біріге әрекет жасау.
Одан кейін отбасының ортақ мәдениетін көтеруге және ата-аналардың психологиялық - педагогикалық құзырлығына ықпал ету, оларға балалармен жұмыстың дағдыларын қалыптастыруда теориялық және практикалық көмек көрсету, отбасына жеке-дифференциалды тәсіл нәтижесінде ата-аналармен жұмыста әріптестіктің әртүрлі формалары мен біріккен шығармашылығын қолдану.
Мектепке дейінгі ұйым мен отбасы арасында сенімді қарым-қатынас құру үшін педагогтың бала отбасына үнемі зерттеу жүргізгені жөн. Бұл үшін ата-аналар жасындағы айырмашылықты, олардың білімін, ортақ мәдени деңгейлерін, сондай-ақ, ата-аналардың жеке ерекшеліктерін, олардың тәрбиеге көзқарастарын, отбасылық қатынастардың мінездемесін, т. б. білу қажет.
Сонымен бірге, балабақшаның отбасына үнемі ашық, яғни олар қалаған кезінде өздерінің мәселелерін талқылауға, консультация мен көмек алатындай болғаны жөн. [5]
Педагогтың жұмысы ата-анамен және балалармен жұмысқа үйлестірілген болуы міндетті. Мектепке дейінгі ұйым педагогы ата-аналармен сенімді шағын орта құру үшін олармен жұмыс мазмұны мен формаларын ойластыруы міндетті. Мысалы, олардың қажеттілігі зерттеу және алынған мәліметтерді келешек жұмыста қолдану мақсатында экспресс-сұрақ жүргізу.
Тәрбиешілер мен ата-аналар арасында іскер әріптестік үшін жағымды қарым-қатынас орнағаны жөн. Педагог ата-аналармен жұмыста олар қызыға қатыса алатын, бала бейнесінің жағымдылығын қалыптастыратын жұмыстар өткізуі қажет.
Ата-аналарда баланың жағымды бейнесін формалау үшін отбасында айтылмайтын, ата-анасы күтпеген, олар үшін қызықты ақпаратты хабарлайды. Бұл баланың құрбыларымен тіл табысудағы ерекшелігі, оның еңбекке деген қатынасы, іс-әрекеттерінің жетістіктері болуы мүмкін.
Педагогты бала тәрбиесіндегі отбасы мәселелерімен таныстыру өте маңызды. Бұл кезеңде тәрбиешілер ата-аналармен диалог жүргізеді, отбасымен сөйлескенде тек жағымды жақтарын емес, бала қылығындағы қиыншылықтар, кедергілер туралы да айтады.
Мектепке дейінгі ұйымдарда білім беру үрдісін жоспарлауға ата-аналарды қосуды келесі бағыттармен жүзеге асыруға болады:
- білім беру жағдайларына ата-аналардың қажеттілігін, қызығушылығын зерттеу;
- әлеуметтік тапсырысты әзірлеуге ата-аналарды тарту: мектепке дейінгі ұйым миссиясын анықтау, білім беру мазмұнын таңдау (білім беру бағдарламалары, технология, балаларды тәрбиелеу мен оқыту әдістемесі) ; түлек моделін құру;
- жоспарды әзірлеудің барлық деңгейіне ата-аналарды тарту: мектепке дейінгі ұйымның даму бағдарламасы, жылдық және оқу жоспарлары, баланың жеке даму картасы, тәрбиешілермен біріккен жоспарлар.
Мектепке дейінгі ұйымның ата-аналармен жұмыс қабылдауы әртүрлі: жанды сөз, тәрбие жұмыстарын көрсету, ата-аналар үлгісі және т. б. Ата-аналармен жұмыстың барлық түрлері ұжымдық, жекелік және көрнекі-ақпараттық болып бөлінеді.
Ата-аналармен ұжымдық жұмыс түріне өздеріңізге таныс белгілі іс-шаралар жатады. Біріншіден, бұл - ата-аналармен жұмыстың тиімді формасы болып табылатын ата-аналар жиналысы. Ата-аналар жиналысында топтың тіршілік әрекетінің мәселелері талқыланады. Ата-аналар жиналысына дайындық кезінде келесі ережелерді ұстану қажет:
- жиналыс мақсатқа бағытталған болуы;
- ата-аналардың өтініші мен қызығушылығына жауап беру;
- нақты белгіленген тәжірибелік мінездеменің болуы;
- диалог түрінде өткізілуі;
-жиналыста бала кемшілігін және бала тәрбиесіндегі ата-аналардың қателіктерін жарияламау керек.
Ата-аналармен жұмыстың дәстүрлі емес, тиімді формаларының бірі - шағын жиналыс. Қызықты отбасы анықталып, оның тәрбиелеу тәжірибесі зерттеледі. Одан кейін шағын жиналысқа екі-үш отбасы шақырылады, онда отбасы тәрбиесіндегі позицияларымен, отбасының дәстүрлі тәрбиесі туралы бөліседі. [6]
Ата-аналармен жұмысты келесі кезеңдерге сүйене отырып, құруға болады:
- Ата-аналармен жұмыс мазмұны мен формаларын ойластыру. Олардың қажеттілігі зерттеу мақсатында экспресс-сұрақ жүргізу және алынған мәліметтерді келешек жұмыста қолдану.
- Тәрбиешілер мен ата-аналар арасында болашақтағы іскер әріптестік үшін жағымды қарым-қатынас орнату. Ата-аналарға олар қызыға қатыса алатын, бала бейнесінің жағымдылығын қалыптастыратын жұмыстар өткізу.
- Ата-аналарда баланың жағымды бейнесін формалау үшін отбасында айтылмайтын, ата-анасы күтпеген, олар үшін қызықты ақпаратты хабарлау. Бұл баланың құрбыларымен тіл табысудағы ерекшелігі, оның еңбекке деген қатынасы, іс-әрекеттерінің жетістіктері болуы мүмкін.
- Педагогты бала тәрбиесіндегі отбасы мәселелерімен таныстыру. Бұл кезеңде тәрбиешілер ата-аналармен диалог жүргізеді, отбасымен сөйлескенде тек жағымды жақтарын емес, бала қылығындағы қиыншылықтар, кедергілер туралы да айтады.
- Баланың жеке тұлғасын ересектермен бірге формалау және зерттеу. Ата-аналармен біріккен мұндай зерттеулерде жұмыстың нақты мазмұны жоспарланады және әріптестік формасы таңдалады.
Ата-аналармен жұмыста педагогикалық консилиумдарды қолдану керек. Консилиум құрамына меңгеруші, негізгі қызмет бойынша меңгерішінің орынбасары, тәрбиеші, педагог-психолог, мұғалім-логопед, бас медбике, ата-аналар комитетінің мүшелері. Консилиумда отбасының тәрбиелік потенциалы, оның материалдық жағдайы және отбасындағы бала статусы талқыланады. Консилиум жұмысының қорытындысы бала тәрбиесінде ата-аналарға көмек мөлшерін анықтау, ата-аналар әрекетінің жеке коррекциясына қарай бағдарламалар әзірлеу болуы мүмкін.
Бүгінгі күні зерттеу - жобалық, рөлдік, имитациялық және іскер ойындар сияқты ата-аналармен жұмыс формаларына көп мән берілуде. Бұл ойындар үрдісінде белгілі бір білімді меңгеріп қана қоймайды, әрекеттің, қатынастың жаңа моделдерін құрастырады. Талқылау үрдісінде ойынға қатысушылар мамандардың көмегімен жағдайларды бар жағынан сараптауға және тиімді шешім қабылдауға тырысады.
Ата-аналардың педагогикалық мәдениетін арттыратын формалардың бірі - ата-аналар конференциясы. Бұл форманың бағалылығы, мұнда ата-аналармен бірге қоғамдастық та қатысады. Конференцияға педагогтар, аудандық білім бөлімінің қызметкерлері, медициналық қызмет өкілдері, бастауыш сынып мұғалімдері, педагог-психолог және т. б. қатыса алады.
Ата-аналармен жұмыстың бір формасы - тренингтер. Тренингтік ойын жаттығулары мен тапсырмалары баламен іс-әрекеттің әртүрлі тәсілдеріне баға беруге, жағымсыз формаларды конструкциялыққа ауыстыруға көмектеседі. Ойын тренингіне тартылған ата-ана баламен сөйлесуді бастайды, жаңа шындыққа жетеді. [7]
Заманауи кезеңдегі тағы бір қызықты формалардың бірі - әртүрлі конкурстарды - сұрақтар мен жауаптар кештерін өткізу болып табылады. Бұл форма өзінің педагогикалық білімін нақтылауға, оларды практикада қолдануға, жаңалықты білуге, бір-бірімен білімін толықтыруға, бала дамуындағы кейбір мәселелерді талқылауға мүмкіндік береді.
Ата-аналармен жұмыста олардың қажеттілігі бойынша жұмыстанатын әртүрлі кафедралары бар «Ата-аналар университеті» сияқты форманы да қолдануға болады:
- «Жас аналар кафедрасы» (Ана болу - менің жаңа мамандығым) .
- «Тәлімгерлер кафедрасы» (Әке мен ана-алғашқы және басты ұстаздар) .
- «Отбасылық дәстүрлер кафедрасы» (Аталар мен әжелер - отбасылық дәстүрлер қорғаушысы) .
«Ата-аналар университетінің» жұмысы өнімді болуы үшін мектепке дейінгі ұйым ата-аналармен қызметін әртүрлі деңгейде ұйымдастыруына болады: жалпы балабақшалық, топаралық, жеке-отбасылық.
Ата-аналармен жұмыстың маңызды сәті - үй педкеңестері, лекциялар, ауызша журналдар, ашық есік күндері, әкелер, әжелер, аталар клубы, практикумдар және т. б. болуы қажет.
Отбасы мен балабақша өзара іс-әрекетінің басты формаларының бірі әрбір ата-анамен жеке жұмыс болып табылады. Бұл форманың артықшылығы, отбасын зерттеу, ата-аналармен сұхбат (әрқайсысымен жеке-жеке), ата-аналардың балалармен топта, үйдегі әңгімелесуін бақылау арқылы педагогтардың баламен біріккен іс-әрекеттің нақты жолдарын белгілеуінде.
Тәрбиешінің ата-аналармен сұхбаты - педагогтың отбасымен байланысының қолжетімді формасы. Сұхбат келесі талаптарды қамтуы қажет:
- нақты және мазмұнды болуы;
- баланы тәрбиелеу мен оқыту сұрақтары бойынша ата-аналарға жаңа білім беру;
- педагогикалық мәселелерге қызығушылығын ояту;
- бала тәрбиесіне жауапкершілік сезімін арттыру.
Жеке жұмыста тоқтай кетер бөлімнің бірі - отбасына қатынау. Басты мақсат - баламен және оның жақындарымен өзі қалыптасқан ортада танысу. Баламен ойында, оның жақындарымен сұхбатта сәби туралы көптеген қажетті ақпарат алуға болады. Қатынау ата-анаға да көп пайда әкеледі: олар тәрбиешінің баламен қалай әңгімелесетінін біледі, педагогқа баламен үйде еркін сөйлесуіне мүмкіндік береді. Педагог үйге сапарды ұйымдастыра отырып, отбасына барғанда өзін сыпайы, әдепті ұстауы керек, отбасымен сұхбатты бала кемшілігінен бастамау және ата-аналарға бала тәрбиесі туралы көп сұрақтар қойылмау қажет. Өзіңізге отбасына сапарлар ұйымдастыру бойынша жаднама әзірлеңіз және оны орындауға тырысыңыз. [8]
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz