Қазақ бейнелеуі өнерінің дамуы


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
І БӨЛІМ. Қазақ бейнелеуі өнерінің дамуы . . .
1. 1. Әбілхан Қастеевтің кәсіби шеберлігінің қалыптасуы мен бейнелеу өнеріндегі шығармашылық құндылығы. Әбілхан Қастеевтің бейнелеу өнеріне келуі . . .
1. 2. Айша Ғалымбаева мен Гүлфайруз Исмаилованың бейнелеу өнеріне келуі . . .
ІІ Бөлім. Қазақстан суретшілерінің шығармаларының негізінде балаларға эстетикалық және патриоттық тәрбие беру . . .
2. 1. Қазақ суретшілерінің шығармалары арқылы балалардың шығармашылық белсенділігі мен қызығушылығын арттыру . . .
2. 2. Суретшілердің шығармаларының бейнелеу өнері құндылығына қосқан үлесі . . .
ІІІ Бөлім. Суретші шығармашылығы арқылы бейнелеу өнері сабағы барысында балаларға көркем эстетикалық тәрбиесін қалыптастыру . . .
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
ҚОСЫМШАЛАР
КІРІСПЕ
Жаңашыл саяси, экономикалық және әлеуметтік құрылым нәтижелерімен өмір сүріп, жаңа биіктерге қол жеткізіп жүргендер үшін уақыт - ең әділетті де парасатты төреші, өзіндік емтихан. Қазақстанның тәуелсіздігіне жиырма бес жыл уақыт өтсе де, ол тек күнделікті тұрмысты жақсартуға ғана емес ұлттық өнер мен мәдениеттің құндылығын сезінудің өлшемі мен сынағы болғаңдай. Идеологиялық жүйенің әр түрлі ерекшелігіне қарамастан Табиғат пен Адамзат алдында қажыр-қайраты мен ой-арманы таза адамдардың шығармашылығы ұлттық өнердің құндылығын, оның мәнін құрайды. Тәуелсіз Қазақстан дәуірінде өмір сүріп жатқандар үшін еліміз 2004 жылы 100 жылдық мерейтойын атап өткен суретші Әбілхан Қастеевтің шығармашылығы, ұлттық мінез-құлықтың ең бір жақсы көрінісінің белгісі. Қазақстан бейнелеу өнерінде көпшілікке есімі мен шығармашылық тағдыры қызғылықты талант идеялары аз емес. Солардың ішінде, Әбілхан Қастеевті көптеген себептермен алдымен ауызға аламыз. Әбілхан Қастеев дарын сезімталдығының арқасында артындағы ұрпағына мол мұра қалдырғаны сөзсіз шындық. Оның мұрасы- өз жан-дүниесінің жетегінде жүріп жетілу белгісі, туған жердің сұлулығын көрсетуге деген ынтасы, оның бедері мен сансыз бояуы. Ең басты әсемдік - табиғат пен оның зандылықтары берген, махабатқа толы көркем бейнелері болашақ ұрпаққа мәңгілік өшпестей болып қалды. Әбілхан Қастеев сынды суретшінің сырлы шығармашылығының тереңінде жасырынған құндылыққа жету үшін бұрынғы түсініктерден аулақтана білу ауадай қажет. Оңда жұмбақ пен құпияға тең қарапайымдылық пен ақиқат жатыр.
Қазақ бейнелеу өнерінде өзіндік ізін қалдырған керемет суретшілеріміздің бірі Айша Ғарифқызы Ғалымбаева, Қазақстанның халық суретшісі, ҚР Ш. Уәлиханов атындағы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Құрмет белгісі», «Еңбек Қызыл ту» ордендерінің иегері. Оның есімі Республиканың құрметті Алтын кітабына жазылған. Қазақстан өнерін дамытуға қосқан үлесі үшін «Тарлан» сыйлығын алған. Қазақ өнерінің тарихына Айша Ғалымбаеваның шығармашылық өмірбаяны шын мәнінде алтын әріппен жазылған! Ол тарихтың қай бетін ашсаңыз да, алдыңыздан Айша Ғарифқызы сомдаған тамаша образдар шығады. Айша Ғалымбаеваның бұл өмірден алмаған сыйы, ардақталмаған атағы жоқ шығар. Алайда солардың арасындағы ең бастысы оның картиналарын тамашалаған көрерменнің көкірегінде күй болып шертілетін сұлулық пен қуаныш, адам жанына сондай іңкәр дүниені сыйлаған шығармашылықтың жасампаздық құдіреті.
Қазаққа бітткен тағы бір керемет суретшілеріміздің бірі Гүлфайрус Ысмайылова. Кескіндемеші, театр және кино суретшісі, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, Қазақстанның халық суретшісі, «Құрмет Белгісі», «Халықтар достығы», «Парасат» және І дәрежелі Достық ордендерінің иегері Гүлфайрус Мансұрқызы Ысмайылова 84 жасқа қараған шағында дүние салды. Гүлфайрус Мансұрқызы мәдениет және өнер саласында көптеген шәкірттерді тәрбиеледі. Қазақ мәдениеті мен өнерінің танымал қайраткері Гүлфайрус Ысмайылованың жарқын бейнесі жадымызда әрдайым сақталады.
Осындай керемет суретшілеріміз және қазіргі уақыттағы жаңа буын суретшілерімізден келешек ұрпаққа қалдырған және қалатын мұра, сол арқылы мол тәрбие берілетіні сөзсіз. Осы жобада осы жайлы сөз қозғалатын болады.
Курстық жұмыстың өзектілігі. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жыл сайынғы Жолдауында Қазақстанның білім саласына ерекше назар аударып келеді. Болашақ ұрпақ үшін заманауи әдістер мен технологияларды енгізу, білімге қолжетімділікті кеңейту, білім сапасын арттыру. Бұдан бөлек, Президент балабақшалардың жетіспеушілігіне де тоқталып, осы бағытта мектепке дейінгі мекемелердегі мәселелерді алдағы үш жылда шешуді жүктеді. «Білімді ұрпақ - жарқын болашақтың кепілі болашақтың тірегі жастардың білім саласында толыққанды білім алуына жағдай жасалып отыр», - деп қорытты өз сөзін Нұрсұлтан Әбішұлы Әбішұлы Назарбаев. [1]
Зерттеу жұмысының мақсаты. Мектеп жасына дейінгі балаларды бейнелеу сабақтарында қазақ суретшілерінің шығармалары арқылы шығармашылық белсенділігі мен қызығушылығын арттыру.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
- Қазақстан суретшілерінің шығармаларының негізінде балаларға эстетикалық және патриоттық тәрбие беру;
- Шығармашылық көз қарастарын кеңейту және жүйелеу.
- Елестету мен ойлауды дамыту;
І. Бөлім. Қазақ бейнелеу өнерінің дамуы
Қазақ бейнелеу өнері - көркем кескіндеме, мүсіндеме, графика, сән және қолданбалы өнер салаларын қамтитын, ұлттық дүниетанымға негізделген көркем өнер. Қазақ Бейнелеу Өнерінің бұқаралық ең ежелгі түрі - халықтың қолөнері болып табылады. Әдебиет пен музыкаға қарағанда, кәсіби 'Қазақ бейнелеу өнерінің қалыптасу және даму жолы өте күрделі болды. Оның бастауында этнограф-ғалым Ш. Уәлиханов тұрды. Кейінгі зерттеулер Шоқан туындыларынан (әсіресе, графикалық суреттері), “Потанин”, “Тезек төре”, т. б. портреттік жұмыстарынан оның кәсіби суретшілерге тән шеберлігі байқалатынын анықтады. Шоқанның қас-қағым сәтте салған графикалық долбар суреттері қайта өрлеу дәуірі өкілдері (Леонардо Да Винчи, Рафаэль Санти) шығармаларымен сабақтасып жатыр (“Аға сұлтан портреті”, “Бақсы”, “Қазақ музыканттары”, “Шығыс ұйғырларының киімі”, т. б. ) . Шоқан Қазақ Бейнелеу Өнерінің графикалық саласында ғана емес, сонымен қоса, кескіндеме саласында да жоғары шеберлікке жеткен (“Алатау көрінісі”, “Жатақ”) . Қазақстанда бейнелеу өнерінің кәсіпқой шеберлерін даярлайтын студия 1920 жылы ұйымдастырылып, онда Н. Г. Хлудов, Н. Антонов және мүсінші А. С. Пономарев сабақ берді.
20 ғасырдың 20 - 30 жылдары 'Қазақ бейнелеу өнері шеберлері алғашқы қадамдарын жасады. Жас суретшілер кескіндеме мен графиканың кәсіптік шеберлігін меңгерді. Олар (Н. И. Крутильников, Ә. Қастеев, Ә. Ысмайылов, И. И. Савельев, Б. Сәрсенбаев, Қ. Қожықов, т. б. ) өздерінің қарапайым мазмұнға құрылған алғашқы еңбектерінде елімізде болып жатқан өзекті өзгерістерді бейнелеуге ұмтылды.
1928 жылы Семейде бейнелеу өнері шығармаларының алғашқы көрмесі ұйымдастырылды. Қазақстан суретшілерінің кәсіптік шеберлікті тез игеруіне сол кездегі одақтас республикалардың, Мәскеу мен Санкт-Петербург шеберлерінің (Б. В. Иогансон, А. А. Дейнека, С. В. Герасимов, А. А. Пластов) тәжірибесі көп көмектесті.
1933 жылы республика Суретшілер одағының ұйымдастыру комитеті құрылды. 1934 жылы Мәскеудегі Шығыс мәдениетінің мемлекеттік мұражайында қазақ суретшілерінің тұңғыш көрмесі ұйымдастырылып, бір жыл өткен соң Алматыда Қазақ мемлекеттік Көркем сурет галереясы ашылды. Әлеуметтік-экономикалық және мәдени өмірдің жаңа жағдайлары, түбегейлі уақыт талаптары шығармаларға тың тақырып болды. Ә. Қастеев шығармаларының өзіндік ұлттық бояуы осы кезде жарқырап көрінді. Қазақ Бейнелеу Өнері қалыптасу және өркендеу жолы осы суреткер шығармаларымен тығыз байланысты. Шығармалары бүкіл Отан келбетін бейнелейтін Ә. Ысмайылов та қазақ кескіндемешілерінің аға буынына жатады. Өздерінің шығармашылық жолын республика өмірімен тікелей байланыстырған көптеген орыс шеберлері: кескіндемешілер - А. А. Риттих, Н. В. Соловьев, А. И. Бортников, Н. И. Крутильников, Л. П. Леонтьев, графиктер Г. А. Брылов, Б. А. Чекалин, Л. В. Гербановский, т. б. 30 жылдардағы Қазақ Бейнелеу Өнеріне белсене ат салысты. 1940 жылы маусымда ашылған Қазақстан суретшілерінің І-съезі шығармашылық ұжымның біраз жылғы жұмыстарын қорытындылап, ұлттық өнерді одан әрі дамытудың жолдарын белгілеп берді. 40-жылдардың басында қазақ кескіндемесі мен графикасы едәуір табыстарға жетті. 2-дүниежүзілік соғыс жылдарында республика қыл қалам шеберлері өз өнерлерін фашист-басқыншыларына қарсы үгіт-насихат құралына айналдырып, бүкілхалықтық ерлікті, қаһармандық пен қайсарлықты көрсетуге күш салды. Бұл жылдары Леонтьев, К. Я. Баранов, Риттих, А. И. Черкасский, И. Я. Иткинд, М. С. Лизогуб, т. б. табысты еңбек етті. [2]
2-дүниежүзілік соғыстан кейінгі жылдарда Қазақ Бейнелеу Өнерінің барлық түрі: кескіндеме, мүсіндеме, графика ілгері дамыды. Қазақ және өзбек халықтарына ортақ суреткер - қазақ табиғатын тамсана жазған, алғашқы академик-суретші О. Н. Таңсықбаев Қазақ Бейнелеу Өнерінде ерекше орын алады. Ол елден жырақ жүрсе де (Өзбекстанда тұрған) бар болмысымен, жүрегімен өзін әрқашанда елімен, жерімен бірге сезінген, қазақ табиғатын ерекше бір сүйіспеншілікпен жазған суретшінің бірі болды (“Қазақстан жолдары”, “Көш”, т. б. ) . 50-жылдардың соңы (Қ. Телжанов, М. Кенбаев) Қазақ Бейнелеу Өнері жанрлық және ізденіс бағыттарының сонылығымен ерекшеленеді. Қазақ Бейнелеу Өнерінде графика елеулі орын алады. 60-жылдары акварельдің, офорттың, линогравюраның, автолитографияның өзіндік бағыттары бар дарынды шеберлері (А. А. Дячкин, Е. Г. Сидоркин, Н. С. Гаев, Ш. Б. Кенжебаев, И. Г. Квачко, т. б. ) өсіп жетілді. Қазақстан бейнелеу өнерінің байырғы шебері В. И. Антощенко-Оленев гравюра мүмкіндіктерін барынша табысты пайдалана білді. Қазақ Бейнелеу Өнерінің шығармалары бұл кезеңде шет елдерде де таныла бастады. Олар Мәскеудегі Третьяков галереясына, Қазақстан мемлекеттік бейнелеу өнері мұражайына қойылды, шет ел мұражайлары сатып алатын болды. Қазақстан суретшілерінің үздік еңбектері ұлт өнерінің қазынасына асыл мұра болып қосылды. Республиканың көптеген облыс орталықтарында (Шымкентте, Қарағандыда, Астанада, Павлодарда, т. б. ) шығармашылық ұжымдар құрыла бастады. Қазақ Бейнелеу Өнерінде халықтың өзіндік дүниетанымын, оның мәдениеті мен дәстүрлік ерекшеліктерін танытатын белгілер барған сайын айқын қалыптасты. Бұл кезеңдегі Қазақ Бейнелеу Өнерінің дамуына А. Ғалымбаева, Г. Ысмайылова, Қ. Телжанов, М. Кенбаев, С. Мәмбеев, Ә. Жүсіпов, С. Романов, А. М. Степанов, К. Шаяхметов, Ү. Әжиев, т. б. суретшілердің тақырыптық картиналары үлкен үлес қосты. Ауыл тақырыбы көптеген Қазақстан суретшілерінің назарында болып, әсіресе, шығармашылық жолын 60 - 70-жылдары бастаған шеберлердің ең басты тақырыбына айналды. С. Айтбаев, Ш. Сариев, Т. Тоғызбаев, Ә. Садыханов, О. Нұржұмаев, А. Ақанаев шығармаларына өзіндік дүниетаным, өмірді кең көлемде тани білу, символикаға құштарлық тән болды.
М. Аманжолов, К. Муллашев, Е. Төлепбаев, т. б. шығармаларынан романтикалық-символдық және сезімдік бастаулар көрініс тапты. Бұл суретшілердің шығармалары айқын да күрделі түсімен, шиыршық атқан бояуымен, белсенді кеңістік ортасымен, бейнелердің әсемдігімен және сырлылығымен ерекше көзге түседі. М. Қисамединов еңбектері жұртшылықтың қызығушылығын туғызды. Оның Махамбет Өтемісұлының өлеңдеріне салған суреттерінде (1973) өз халқының азаттығы жолында күрескен батырдың тарихи бейнесін жасады. И. Исабаев қазақ әдебиеті классиктерінің, Қазақстан жазушыларының шығармалары, балалар әдебиеті бойынша суреттер салумен қатар көптеген қондырғылы графика шығармаларын берді. 20 ғасырдың 70 - 80-жылдар шығармаларында өзіндік қолтаңбасы айқын графиктер қатары көбейді. 80 - 90-жылдары Қазақ Бейнелеу Өнері тың ізденіспен, еуропа жаңа сипаттағы ағымдардың әдіснамасын меңгеруімен ерекшеленеді (А. А. Ақанаев, Е. Мергенов, Д. Әлиев, Е. Төлепбаев, Б. Түлкиев, Ж. Аралбаев, т. б. ) . Одан беріде күнделікті қарапайым қазақ өмірін, белгілі тарихи кезеңдерді жаңаша сипат беріп, ерекше тәсілмен бейнелей білген суретшілер бой көтерді (М. Аманжолов, А. Нақысбеков, К. Каметов, Е. Сергебаев, А. Қорғанбаев, Т. Ордабеков, А. Дүзелханов, т. б. ) . Елімізге қасірет әкелген, көп жылдар бойы жабық тақырып болып келген Семей атом полигонының, Аралдың қасіретті ащы шындығы бейнеленді (Ақанаев, М. Аманжолов, А. Губашев, Ә. Төлебиев, т. б. ) . Е. Төлепбаев 2002 ж. халықаралық С. Дали атындағы алтын белгіге ие болды. [3]
- Әбілхан Қастеевтің кәсіби шеберлігінің қалыптсуы ме бейнелеу өнеріндегі шығармашылық құндылығы. Әбілхан Қастеевтің бейнелеу өнеріне келуі.
Қазақстан бейнелеу өнерінде көпшілікке есімі мен шығармашылық тағдыры қызғылықты талант идеялары аз емес. Солардың ішінде, Әбілхан Қастеевті көптеген себептермен алдымен ауызға аламыз.
Әбілхан Қастеев (1904 -1973 жж. ) - қазақтың әйгілі кескіндемешісі, график-суретші, қазақ бейнелеу өнерінің негізін салушылардың бірі. Туып-өскен жері - Алматы облысына қарасты Жаркент төңірегі. Топырақ бұйырған жері - Алматы қаласы. Қазақстанның халық суретшісі (1944) . Қазақстан Суретшілер одағы басқармасының төрағасы (1945-1956) . Еңбек жолын Түрксіб темір жол құрылысында жұмысшы болып бастады. Мәскеудегі көркемсурет студияларында Н. Г. Хлудов пен И. Бродскийден сабақалды (1929-1936) . Халық өмірінің алуан көріністерін шынайы бейнелеген мыңнан астам көркем туындыларды дүниеге келтірген.
. Әбілхан қолөнерге, одан соң суретшілік өнерге жастайынан бейім болған. Анасы Айғанша кілем, алаша, бау-басқүр тоқуға, сырмақ сыруға, шым ши жасауға шебер адам болыпты. Әбілхан осы халық өнеріне бала кезінен көз қанықтырып, анасына ою-өрнектер салуға көмектесіп, сурет өнеріне қолын үйретіп өседі. Оның 1930-1931 жылдары салған «Қарындастың портреті», «Автопортрет» атты туындылары тұпнұсқаға ұқсастығымен және кейіпкер болмысын ашуға деген талпынысымен ерекшеленеді. Ол бірте-бірте ел өмірінің алуан салалы тіршілік-тынысына ден қойып, тарихи-әлеуметтік өзгерістерге суреткер зердесімен қарай бастайды. Оның «Мектепте» (1930), «Түрксіб» (1932), «Жамбылдың портреті» (1937), «Ескі және жаңа тұрмыс» (1937-1941), «Аманкелді сарбаздары» (1970), «Жас Абай» (1945) сияқты туындылары дарынды суретшінің өткен мен бүгінді шыншылдықпен бедерлеген көркем шежіре іспеттес.
Әбілхан - туған жердің әсем табиғатын, оның дидарындағы адам қолының жасампаз өзгерістерін зор шабытпен бедерлей алған суреткер. Оның «Биік таулы муз айдын» (1954), «Гул ашқан алма» (1958), «Менің Отаным» (1959), «Жайлаудағы авто-дүкен» (1963), «Қапшағай ГЭС-і» (1972) сияқты полотнолары эпикалық қарымымен, шыншылдығымен назар аударады.
Әбілхан Қастеев суретші ретінде өзіндік дара қолтаңбасымен ғана ерекшеленіп қоймайды, сонымен бірге, ол - туған жері мен өскен елін перзенттік махаббатпен жырлай алған біртуар суреткер.
Қастеевтің өнері әуел бастан өзінің ерте жетілген салмақтылығымен ерекшеленеді. Мүмкін ол, оның өз ісіне аса жауапкершілікпен қарайтындығынан да шығар. Өйткені, әкесі дүниеден өткен соң отбасындағы жалғыз еңбекке жарамды өзі болған соң, ауыртпалықтың бөрін өз мойнына алған еді. Ең бастысы ол Николай Хлудовтан (1921 жылдан 1929 жылға дейін), содан кейін Мөскеуден (1934-1936 жылға дейін) оқып жүрген кезінде шығармашылыққа тек жақсы сурет салу аздық етегінін, ол үшін аянбай еңбек ету керекгігін де әбден сезінген. Бұл табиғат пен ұлы шеберлерден үйренудің ұзақ та ұлағатты жолының басы еді.
Әбілхан Қастеев дарын сезімталдығының арқасында осы жылдары өзінің алғашқы кескіндемесін, майлы бояумен салудың ерекше тәсілдерін жүзеге асыра бастайды. Тіпті олар этюд немесе жай нобай болса да сол өмірдің тыныс-демін әкелгеңдей еді. Фанерге салынған "Мектепке" (1930 ж. ) немесе "Қазақ өйелінің кескіні" (1930 ж. акварель) деген суреттерінің бізге аса ыстық көрінуі сондықтан да болар. "Іс тігу" (1924 ж. ), "Киіз үй алдындағы қарындасым", "Көк киімді жас қазақ өйелі" (1931 ж. ) атты жұмыстары жеңілдеу нобай түрінде салынғанымен басқаларынан еш кемдігі жоқ. Шын мәнінде керемет ұстамдылықпен бет әлпетін, қалпағының әшекей-өрнегіне дейін, жағасы мен қос бұрымын, көкшіл көйлектің желбір етектерін "Қазақ қызы" (1932 ж. ), "Кесікбаевтің келбеті" (1930 ж. ) атты шығармаларында көрсете білген. Техникалық орындалуы жағынан бұл жұмыстары графика мен кескіндеме суреттің арасында. Жаңарудың куәгері болғандықтан суретші өзінің алғашқы сызбаларыңда, одан кейіші полотноларында ең құнды деген бейнелерді ой-елегінен өткізе келе көптеген сюжеттерінде "ескі" мен "жаңа" өмірдің бейнесін психологиялық көңіл-күйдің қарама-қайшылықтарынсыз сол күйінде қабылдауға мүмкіндік береді. Су бояу (акварель) жас суретшінің ең жақсы көретін материалы. Бұл бояуды қолданғанда ол өзін еркін әрі нақты көрсетеді. Н. Г. Хлудовтан (1850-1935) білім алғанда (Ә. Қастеевпен бірге О. Таңсықбаев, С. Чуйков т. б. болған) бұл студияның оқыту негізі тікелей табиғаттың өзінен бейнелеу екеңдігіне көз жетізесіз. ұстаз бен шәкірт этюдтері кейде бір-біріне ұқсайды, оны Чуйков пен Хлудовтың ("Таудағы киіз үй", "Биік қарағай") жүмыстарынан байқауға болады. Майлы бояумен ол Мәскеуден (1934-1936) оқып келгеннен кейін жаза бастаған сияқты. [4]
Әбілханның алғашқы үздік туыңдыларының бірі деп 1932 жылы су бояумен жазылған "Түркісібін" айтуға болады. Композицияның динамикасы мен сызықтарының ұшқырлығына қарай бейімделген суреттің паровозға келгендегі әрбір бөлшегіне дейін сызып көрсетуінен елінің, жерінің осыңдай жаңалығына суретеп перзенттік қуанышын ерекше ұқышы сызықтардың тербелісінен білдіргеңдей. Сол қуанышының артында тұрған бесжылдықтың ауыр да көлемді жоспарларынан белі қайысқан қазақ жұмыскерлерінің өмірі мен ауыр еңбегі еске түседі. Қайткенменде өмір жылжып, Әбілхан да сол толқыңды тұрмыстың екпінімен өнерін шындай берді.
Отызыншы жылдарға жататын, дәлірек айтсақ 1932 жылы салынған, оның "Автопортреті". Жақындарының айтуынша 1934 жылы салынған "Шопан" деген суреті де автопортрет көрінеді. Осы екеуін салыстырудың өзі қызық. Екі портрет те айшықты, өзгеше. Жазушы Ю. Домбровский: "Жағы шығыңқы, жалпақ бетті жігіт доғал жақтаудан бізге тесіле қарап тұр. Еріндерін жымқыра, тіке қараған көзін кең ашқан . . . Бұл портреттегі басты нәрсе - суретшінің жастығы, оның қайсарлығы, өз-өзіне сенімі, қайтпас қайраты"- деп, Қастеев туралы естелік кітапта бірінші автопортрет туралы өзінің алған өсерін тамаша баяңдай келе былай дейді: "Мұнда бәрі сенімді және мығым. Бөкебайын ширата ораған, польтосының түймелері түгел салынған, малақайы басына орнықты киілген. Қаракүлдің бұйрасын да мүқият сызып келгірген. Ал ең бастысы, сұрша қағаздан бізге қарап отырған адамның өзі мықты"
1934 жылғы "Шопан" акварелі "Түрксібке" әлдебір жақыңдығы бар. Күле қарап тұрған жас жігіттің тұлғасы жеңіл сызықтармен еркін салынған. Өзіндік ерекшелікпен орналастырылған табиғат бейнесінің ұсақ бөлшектері жас суретшіге төн емес асқан сезімталдық нәтижесі.
Ә. Қастеевтің ұлылығы оның көркемсуретті оқып- үйренуге өз бетімен, өз бағытымен жетуінде емес, "ресми пайымдауға" суреткер ретінде тұтас та терең бейнелер жасай отырып шекесінен шерткізбей, ақылгөй, философ ұстамында шығыстық бекзаттықпен, ақша қардың сықырынан, таза ауаның хош иісінен, аптап ыстық күннен тараған ызынды сезерлік, сезімтал нәзіктікпен қалып қоюында. "Көк көйлекті қыз", "Кесікбаевтің портреті", "Қазақ қызы", немесе "Қарындасымның портреті" атты қайталанбас, қайтатумас бейнелеу өнерінің жахұттарын жасаған ол - Адам құдыретін "сезінетін" сирек, сергек суреткер.
Суретшінің ерен еңбекқорлығын білгендіктен суреттерін салуға минуттан бастап, сағаты мен күніне дейін үнемдей жұмсайтын ол, үкімет тапсырмасын орындау үшін де солай істемеді деуге болмайтын сияқты. Сондықтан да болар, қыздың бұрымындай сымбатты көк теректердің құбылма бояуы, ақ күмістей жаңа түскен қар, бөрі де еркін, жеңіл, бояуы қанық.
Табиғатты суреттеуге шыққан суретшілер этюдтерін отыра қалып тез-тез бітіре салатын көрінеді. Әбекең болса бір жерде кешке дейін отырып жаңа шыққан күннің ертеңгіліктегі көрінісін салады екен. Кейде табиғаттың бір жердегі көрінісін тәуліктің әр кезіндегі жағдайына қарай жарықтың таралуын, түр-түсінің өзгеруін, аптап ыстығы мен қоңырсалқынын әдейілеп бейнелейді екен. Қастеевің осындай акварельдері Жапон мен Қытай шеберлерінің шығармаларын көзге елестетеді. Солар сияқты болмыстың тамырын басып, ырғағын сезінетіндей мәңгілік құндылықтардың астын сызып белгілеп кеткендей.
Адам өмірі мен табиғат өзгерістерінің тамаша көрінісін "Сәкіден қараған көрініс" (1935), "Қалыңдықты үйге кіргізу" (1937), "Сепаратордың қасында" (1941) немесе 1950 жылдардың акварельдерінен байқаймыз.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz