Сауалнама әдісі


Әлеуметтанушыға бақылау жүргізу арқылы алуға болмайтын немесе құжаттарда жазылмаған құбылыстар мен процестер жөнінде ақпараттар өте жиі қажет болады. Мұндай ақпаратты сауалнама әдісін қолдана отарып алуға болады. Бұл әдіс ғылымда кеңінен тараған және барынша жиі қолданылатын әдістердің бірі. Бақылау барысында зерттеуші обьектінің тек қана нақты мінез-құлқын белгілейтін болса, сауалнаманың көмегімен ол адамдардың бүгінгі қылықтары туралы кең көлемде мағлұмат ала алады, сонымен қатар олардың өткен уақыттағы тыныс - тіршілігімен бірге болашақ жоспары, ниеттері жөнінде ақпарат алады. Сауалнама әсіресе индивидтердің субьективті жай-күиі жөнінде мәлімет алу қажет болғанда таптырмайтын ереше құнды әдіс болып есептеледі. Сұрақтардың жиынтығы бұл әдістің түп негізін құрайды. Сұраулардың көмегімен ақпарат алып жиналады. Ғылымда сауалнама жүргізуші адамдар-анкетерлар(Сауалшылар) және сұрақтарға жауап қайтарушылар - респоденттер деп аталады. Алынған ақпараттың сипатына қарай және оны алу тәсіліне қарап сауалнама бірнеше түрге бөлінеді.
Сауалнама әдісінің екі түрі бар:анкеталық және сұхбат немесе сұхбатнама (интервью) . Сауалға жауап алу ұжымдардың және жеке адамдардың кез келген проблема бойынша пікірін білуге мүмкіндік жасайды. Әсіресе бұл әдіс құжаттар арқылы зерттеу, бақылау т. б әдістерді қолдану үлкен қиыншылықтар туғызғанда пайдаланады. Анкеталық сауалнама көп жағдайда алдын ала дайындалған анкетамен жүргізіледі, респоденттің аты жөні көрсетілмей анонимді түрде болады. Негізінен анкета үш бөлімнен құралады: ундеулік, негізгі, төлқұжаттық. Үндеулік бөлімде қысқаша зерттеудің мақсаты туралы айтылып, оның мәні мен маңыздылығы атап өтіледі және зерттеу нәтижесі қалайша қолданылатыны жазылады, анкетаны толтыру ережесі көрсетіледі, Қайтарылған жауаптардың құпия түрінде болатынына кепілдік беріледі. Анкетаның негізгі бөлімінде қажетті ақпарат алуға бағытталған сұрақтар орналасады. Алғашқы сұрақтар барынша түсінікті, қызықты болуы керек. Осыдан кейін сұрақтар олардың пікірін, оқиғалар мен қазіргі жағдайға беретін бағаларын білуге бағытталуы әрі күрделі болуы шарт. Ал төлқұжаттық бөлімде респоденттердің демографиялық мәліметтері (жасы, жынысы т. б) жөніндегі сұрақтар қойылады. Анкетаны құрастыруда сұрақтардың тұжырымдылығына баса назар аударылады. . Анкетаны дайындау үшін зерттеуші сауалнаманың мақсаты мен міндеттерін анықтап біліп алады, Содан соң логикалық жүйеде сұрақтар қарастырылып, оның жауаптарының түрлері көрсетіледі.
Анкетаның сұрақтары үш негізгі топқа бөлінеді:
- Ашық түрдегі сұраулар, мұның жауаптары анкетада жазылмайды, оны жауапкерлер өз қолымен жазып қайтарады;
- Жабық сұрақтар, мұның жауаптары мен варианттары анкетада жазылып тұрады. Жауап беруші жауаптардың астын сызып немесе дөңгелекшеге алып қайтарады;
- Аралас сауалдар, бұл бірінші және екінші топтағы сұрақтардың элементтерінен құралып, белгілі мөлшерде жауаптары да жазылады, бұлармен қатар «Басқасы не екенін көрсетіңіз?» - деген сұрауларға жауап алу да белгіленеді.
Анкеталық сұрақтардың түрлері түсінікті болу үшін мысалдар келтірейік:
- Ашық сұрақ: «Қазақстандық газеттердің қайсысы халықаралық жағдайлар туралы сауатырақ жазады?». Мұнда алдын ала сұрақ - жауабының тізімі берілмеген, сондықтан жауап беруші жауапты өзі әзірлеуге міндетті болады;
- Жабық сұрақ : «Сіздің болашақ мамандығыңызды таңдауға ықпал жасаған кім?» - ата - анам, мектептегі ұстаздарым, жолдастарым, болашақ мамандықты өзім таңдадым;
- Аралас сұрақ : «Сіздің пікіріңізше нарықтық экономикаға көшу жастарға не береді?» - материалдық жағдайды жақсартады, материалдық жағдайды нашарлатады, жұмыссыздықты көбейтеді, жұмыс орнын кеңейтеді. «Сізді қазір қандай әлеуметтік проблемма қатты толғандырады?». Қалған жауаптарды өзінің жазыңыз.
Анкета (сауал хат) құрастыру мен дайындаудың ережесін әдістемесі жасалып, қалыптасқан. Оларда:
- Релятативтік, яғни ақпарат жинаудың осы формасының қаншалықты дұрыс екендігін анықтаған жөн;
- Анкетаның кімдерге арналғандығын, яғни оның белгілі бір жауап берушіге арналып жазылғаны. Мысалы, интеллегенцияға арналаған анкетаны пайдалану арқылы жұмысшылардан сауалнама алуға болмайды;
- Анкетанның объективтілігі, яғни қойылған сауалдарға қайтарылар жауаптардың өзге факторларға тәуелділік деңгейі;
- Түсінуге оңай болуы, яғни анкетаның сұрақтары мейілінше ұғымға жеңіл тұжырымдалып, жауапкер адам мазмұның өзі түсіне алатын болу керек;
- Қойылған сұрақтар бір - біріне үйлесімді, сыпайыгершілікпен ерекшеленуі қажет. Күрделі сауалдарды мағынасын ашатындай етіп қоя білген жөн, яғни олар көптеген сұрақтар деп аталатындарға ұрынудан сақтайды.
Демек, ашық және жабық сұрақтардың қайсысы «жақсы» немесе «нашар» деп олардың ара жігін аша, бөліп салыстырудың қажеттілігі шамалы. Осы екі сұрақтардың өзіндік ұстанымы, қолдану аясы бар. Пікір жинау барысында өтетін сұрақ (пилотаж) зерттеу кезінде ашық сұрақтар қолданылады, далалық зерттеуде жабық сұрауларды пайдалану басымырақ орналады. Сұрақтарды «жабық» етуге мүмкіндігі жоқ сауалдарда бар. Мысалы, «соңғы кезде көрген фильмдердің қайсысын сіз сәтті деп ойлайсыз?» «ия» немесе «жоқ» тектес жауаптар беріледі - ау деген сауалдарды ашық сұрақтарқатарына жатқызу қажет.
Жартылай жабық сұрақтар деп аталатын сауалдар да өте жиі кездеседі. Мұндайда балама сұрақтардан соң ашық типтегі сұраулардың варианттары жазылады. Айталық, «бұл сұраққа орай сіз не айтар едіңіз?», «сіздің өз пікіріңіз болса, жазыңыз», т. б. Сөйтіп, жауап берушінің өз бетінше жауап жазуға мүмкіндігі пайда болады, ал зерттеуші үшін варианттар жиынтығы кеңейді.
Тіке сұрақтар нақты жауап берушіге бағытталады. Айталық, «сіз . . . білесіз бе?», «сіз . . . туралы не ойлайсыз?», «сіз . . . қанағаттандыңыз ба?», «сіздің . . . жөнінде пікіріңіз қандай?», т. б. Кейде тіке сұрақтардың орнына бір немесе бірнеше жанама сауалдар қойылады. Мысалы, жалақыға қанағаттық ету туралы сұрақ қою дұрыс емес, сондықтан оның орнына «сіз бос уақытыңызды табыс табуға жұмсайсызба?», «отбасыңыздың әрбір мүшесіне шаққанда неше теңгеден келеді?», т. б. қолдануға болады.
Қызмет аясына, яғни атқаратын міндеті қарай сұрақтар: негізгі, тексеруші, сүзгіш, буферлік (аралық), тор құраушы сұраулар болып жіктеледі.
Тексеруші сұрақтар негізгі немесе бағдарлама сұрауларына қайтарылған жауаптардың шындығын тексерістен өткізуге бағытталған. Шындығында бұл қайталанып қойылған сауалдар, тек басқаша өңмен берілген. Мәселен, анкетаның мақсаты жауап берушінің жұмысына қанағаттану деңгейін анықтау еді делік. Осыған орай негізгі сұрақ: «сіз жұмысыңзға қаншалықты қанағаттанасыз?»деп қойылса, онда тәуелді сауал: «сіздің жұмыс орнынызды ауыстырғыңыз келе ме?» деп тұжырымдалады.
Сүзгіш сұрақтардың атқарар міндеті - сұрауларға жауап бере алатын немесе жауап беруге тиісті жауап берушілер тобын жауап бере алмайтын немесе жауап беруге тиісті емес адамдардың бөліп алуға келіп тіреледі. Мысалы, «сіз спорттың қандай түрімен айналысасыз?» деп сұрамастан бұрын жауап берушінің жалпы спортпен шұғылданатының немесе айналыспайтынын білу қажет. Соңғы қойылған сауал - сүзгіш сұрақ болады. Егер жауап беруші оған жағымсыз жауап қайтарса, онда оның спортпен айналысу жөнінде басқа сұрақтарға жауап қайтаруының ешбір қажеті жоқ.
Буферлік (аралық) немесе алаңдатқыш сұрақтар жауап берушінің назарын жаңа тақырыпқа аудару үшін, алғашқы қойылған сұраулардың соңғыларына тигізген ықпалын бейтараптандыру мақсатында, оны қайтадан бағдарлау мен бірқалыптылықты жою үшін қолданылады. Мәселен, жастардың ауылдық жерден көшіп - қону проблемасын зерттегенде жауап берушіге ең алдымен ауылдық жерлердегі әлеуметтік қызмет көрсету төңірегіндегі проблеммалар жөнінде сұрақтар қойылады. Олардың көпшілігі тұрмыстық қызмет көрсету саласының дамымай қалмандығын, клуб, кітапхана, т. б. жоқтығын өз жауаптарында атап көрсетеді. Бұдан соң қала қоныс аударудың себептері туралы сауалдар қойылады. Оларға жауап қайтарғанда, жауап беруші қалаға қоныс аударудың себебі ретінде әлеуметтік саладағы қызмет көрсетудегі аталмыш кемшіліктерді атап көрсетеді. Жауаптардың осындай болуы қойылған сұрақтар блогының басқалардан бөлінбегендігінен, дәлірек айтқанда, алаңдатқыш сұраулардың болмауынан туындайды.
Адалдықты анықтайтын сұрауларды тор құраушы сұрақтарға мысал етіп алуға болады. Оқырман қауымды зерттегенде зерттеуші жауап берушіге бірнеше көркем әдебиетке сың пікір білдіруді ұсынады. Алайда, көркем туындылардың тізіміне ойдан шығарылатын автордың да аты енгізіледі. Егер де жауап беруші ойдан шығарылған автордың шығармасын оқыдым, ол ұнады немесе ұнамады деп жауап қайтарса, онда өзі қайтарған жауптарына оның адал еместігі әшкереленеді.
Тор құраушы сұрауларға өтіріктің детекторы деп аталатындар да жатады. Бұл үшін жауап берушіге қат - қабат сұрақтар қойылады, айталық, «сіздің әлденені басқадан жасырғыңыз келетін ойыңыз бола ма?», «өзіңіз білмейтін заттар жөнінде айталасыз ба?», «ашуланып, теріңізге сыймай кету сізде кездесе ме?». Егер де жауап беруші осы сұрақтар «жоқ» деп жауап берсе, онда оның адалдығына күмән келтіруге әбден болады.
Анкета мен сұхбаттың сұрақтарын сауатты дайындау үшін көп жыл бойы жинақталған тәжірибе қажет. Бұл істі бастап жатқан зерттеуші, әдетте, осы мәселеде көптеген қателіктер жібереді, соның салдарынан объективті емес, сенімсіз ақпарат жинақталады. Мұндай ақппаратты жұмыста пайдалануға болмайды.
Осыған байланысты практикада жиі кездесетін қателіктер мен кемшіліктерге тоқталар болсақ, онда оларға, біріншіден, «көп сөзділік» жатады. Яғни анкетаны көп сөзбен көпірте жазып оның көлемін ұлғайтуға болмайды. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, анкетаның көлемі неғұрлым үлкен болса, ол соғұрлым нашар толтырылатын болады. Тиімдісі - көлемі орта анкета, ол 30 - 40 сұрақтан аспайды. Олай дейтініміз адам 40 минуттан артық уақыттың анкета толтыруға жұмсайтын болса, қателіктер жібере бастайды, оның соған беріле ден қойюына орай сұрақтарда жауапсыз қалады. Бұған жүргізілген тәжірибенің қорытындысы дәлел бола алады. Ғалымдар мазсұны жағынан бірдей екі анкетамен тәжірибе жүргізіде. Оның біріншісінің сұрақтары нақты етіліп қойылады, ал екіншісінің сауалдары көп сөзден құрастырылады. Соның салдарынан бірнеше анкетаға қайтарылмай қалған жауап небәрі 3 пайызды ғана құраса, ал екіншісінде 20 прайыз көлемде жауап берілмей қалды.
Қателіктердің бір тобы - анкетаның және сұхбаттың (сұхбатнаманың) сауалдарын дұрыс тұжырымдай алумауға келіп тіреледі. Кез келген сұрақты қоя салу орынсыз мысалы, оқушылардың кәсіптік бағдарын сараптау кезінде «Неге сен бұл мамандықты таңдап алдын?» деп сұрауға болмайды. Былай қарағанда, осы қойылған сұрақ зерттеудің негізгі міндетін жүзеге асыруға бағытталған сияқты. Бірақ ол оқушының тікелей «мандайына» ұрғандай етіп қойылып отыр және нақты емес. Дұрысы ол сұрақты бірнеше шығын сұрауларға бөліп, нақты етіп қойған жөн, айталық, «Сені бұл мамандықтың несі қызықтырады?», «Сен өзін қаладын ба, әлде басқалар кеңес берді ме?», т. б.
Мазмұны әрқилы түсінік беретін сұрақтарды да қоюға болмайды. Мәселен, «Сіз уақытыңызды қалай өткізесіз?» деген сұрауға түрлеше жауап беріледі: жақсы, жаман, киноға барамын, саяхатқа шығамын, жалғыз өткіземін, достармен боламын т. с. с.
Жетекші сұрақтар жауап берушінің белгілі бір жауапқа бағыттайды. Осы орайда мынадай сұрақтарды шындығында да «сіз . . . қаламайсыз ба?» немесе «сіз . . . болады деп ойлайсыз ба?» деп қоюға болмайды, өйткені олар қажетті жауапты өздері сыбырлап айтып тұр.
«Сіз . . . тілейсіз бе?», «сізге . . . ұнай ма?», «сіз . . . құмартасыз ба?» іспетті сұрақтар жауап берушінің жағымды жауап қайтаруға итермелейді. «Иә білмеймін, иә құмартамын» сияқты жауаптар қайтару, айталық, білмейтін, құмар еместігін мойындамаудан гөрі әлде қайда жеңіл. Сондықтан екі ұстанымға бейтарап сұрақтарды тұжырымдаған дұрыс. Мысалы, «сіз «Асар» бағдарламасын ұнатасыз ба?» деген сауалдың орнына «сіз «Асар» бағдарламасын қалай қарайсыз» деген сұрақ қою дұрыс секілді.
Анкетаның сұрақтарына қайтарылатын жауаптарды немесе сұхбатнаманы стандарттаудың варианттарына дұрыс тұжырымдамай білу де маңызды. Бұл жерде де аса нақтылық, дәлділік және анықтық қажет. Айталық, «сіздің газет оқуға қанша уақытыңыз кетеді?» деген сауалдарға «көп, аз» секілді қайтарылған жауаптардың варианты жарамайды, себебі жауап берушінің біріне «аз» деген бір сағатты білдірсе, екінші біреуіне үш сағатты түсіндіруге мүмкін.
Жауап берушіге ұсынылған жауаптардың баламасы толық, ойластырылған, тұтас логикалық жүйеге негізделіп құрылған болу керек. Егер сұрақ жауап берушіге жауаптың көптеген ватиантын ұсынатын болса, онда оны нұсқаумен қамтамасыз ету қажет. Нұсқау неше вариантты белгіленудің (бір, үш немесе бәрі) қажеттілігін түсіндіреді.
Әлеуметтану зерттеулердің барысында алынған мәліметтерге талдау жасау құралдарды толтыру сапасына бақылау жасаудың, қателерді түзету мен және сапасыз толтырылған жарамсыз анкеталар, бланкілер, карточкалар және т. б. бөліп алудан басталады.
Қойылған әр сұраққа қайтарылған жауаптың дұрыстығы анықталады, қажетті жағдайда жауап түзетіледі. Бұдан кейін дұрыс емес жауаптар есепке алынады.
Алғашқы ақпаратты өңдеудің мәні оны қортындылау болып саналады. Қортындылаудың нәтижесін әлеуметтану ақпаратты деп атайды. Құралдарды (анкета, т. б. ) өңдеудің тәсілі жөнінде алдын ала шешім қабылданады. 60 - 70 адамнан алынған сауалнама жауаптарын өңдеу қолмен, микрокалкулятормен жүзеге асырылады. Егерде анкета айтарлықтай үлкен болса (20 сұраққа дейін болса), онда 200 - 350 анкета қолмен өңделеді. Егер де құралдарда 20 - дан көп сұрақтар болса, онда қолмен өңдеу мүмкіндігі 100 - 200 анкетаны құрайды. Электронды есептеу машинасымен өңделгендердің нәтижесі табулядрамалар түрінде көрсетіледі.
Анкетадағы немесе сұхбатнаманың блакісіндегі әрбір сұрақ белгілі бір дәрежеде өлшем шкаласы болып табылады. Өлшем бірлігі болып соларға сәйкес жауаптардың балама варианттары саналады. Осы позициялар (жауаптардың варианттары) бойынша респонденттер топтастырыладжы. Сонымен қатар, белгілі бір өлшем шкаласына жауап берушілердің объективтік сипаттары, олардың субъективтік бағалары, т. б. топтастырылады.
Өлшеу әртүрлі шкалалардың көмегімен іске асырылады, оған мағұлматтарды математикалық талдаудың әртүрлі ережелері сәйкес келеді. Әлеуметтану зерттеулерінде әдетте шкалалрдың үш негізгі типтері: номинальді, рангтік (реттілік), интервалды қолданылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz