Нарықтық экономикада бағалы қағаздардың алатын орны
Кіріспе
І.тарау. Нарықтық экономикада бағалы қағаздардың алатын орны
1.1. Бағалы қағаздар түсінігі, мәні мен мазмұны
1.2. Бағалы қағаздар және олардың түрлері
1.3. Бағалы қағаздар нарығы және оның үлгілері
ІІ.тарау. Бағалы қағаздар нарығын реттеу
2.1. Бағалы қағаздар нарығын реттеу
2.2. Бағалы қағаздар нарығындағы кәсіби қызмет
2.3. Бағалы қағаздар және оның айналу мәселелері. Қор биржасы
ІІІ.тарау. Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің бағалы қағаздар нарығын жетілдіру
3.1. Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің бағалы қағаздар нарығында алатын орны
3.2. Бағалы қағаздармен жүргізілетін операциялардың нормативтік.құқықтық базасын жетілдіру.

Бағалы қағаз – бұл капиталдың ерекше формасы. Ол жеке ресурстарға мүліктік құқықты куәландыратын құжат. Мұнда жеке ресурстарға меншік, жер, тауар, ақша және т.б. танылады. Сонымен қатар, бұл құжаттар нақты объектілерден бөлініп, бағалы қағаздар түрінде өзіндік айналысқа ие. Қазақстан Ресупбликасының Азаматтық кодекске сәйкес, бағалы қағаз – бұл мүлікті куәландыратын белгілі бір бекітілген формаларымен реквизиттері бар құжат болып табылады.
Бағалы қағаздар нарығы мемлекеттің қаржы жүйесінің индустриалды және ұйымдастырушылық-функционалдық ерекшелігімен сипатталатын құрамдас бөлігі болып табылады. Бағалы қағаздар нарығындағы коммерциялық банктердің алатын орны ерекше және маңызды екені күмән келтірмейтін жәйт. Көптеген елдерде банктер бағалы қағаздар нарығында маңызды да кілтті рөл ойнайтыны белгілі.

Жоспар
Кіріспе
І-тарау. Нарықтық экономикада бағалы қағаздардың алатын орны
1.1. Бағалы қағаздар түсінігі, мәні мен мазмұны
1.2. Бағалы қағаздар және олардың түрлері
1.3. Бағалы қағаздар нарығы және оның үлгілері
ІІ-тарау. Бағалы қағаздар нарығын реттеу
2.1. Бағалы қағаздар нарығын реттеу
2.2. Бағалы қағаздар нарығындағы кәсіби қызмет
2.3. Бағалы қағаздар және оның айналу мәселелері. Қор биржасы
ІІІ-тарау. Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің бағалы
қағаздар нарығын жетілдіру
3.1. Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің бағалы қағаздар
нарығында алатын орны
3.2. Бағалы қағаздармен жүргізілетін операциялардың нормативтік-құқықтық
базасын жетілдіру.
Кіріспе
Менің курстық жұмысымның тақырыбы Нарықтық экономикада бағалы
қағаздардың алатын орны
Бағалы қағаз – бұл капиталдың ерекше формасы. Ол жеке ресурстарға
мүліктік құқықты куәландыратын құжат. Мұнда жеке ресурстарға меншік, жер,
тауар, ақша және т.б. танылады. Сонымен қатар, бұл құжаттар нақты
объектілерден бөлініп, бағалы қағаздар түрінде өзіндік айналысқа ие.
Қазақстан Ресупбликасының Азаматтық кодекске сәйкес, бағалы қағаз – бұл
мүлікті куәландыратын белгілі бір бекітілген формаларымен реквизиттері бар
құжат болып табылады.
Бағалы қағаздар нарығы мемлекеттің қаржы жүйесінің индустриалды және
ұйымдастырушылық-функционалдық ерекшелігімен сипатталатын құрамдас бөлігі
болып табылады. Бағалы қағаздар нарығындағы коммерциялық банктердің алатын
орны ерекше және маңызды екені күмән келтірмейтін жәйт. Көптеген елдерде
банктер бағалы қағаздар нарығында маңызды да кілтті рөл ойнайтыны белгілі.
Қазақстанда 90 жылдарға дейін бағалы қағаздар нарығы болмады. Елімізде
бағалы қағаздар нарығының пайда болуына 1991 жылы мемелекеттің әзірлеген
бағдарламасына сәйкес өткізілген жекешелендіру процесі негіз болды.
Акционерлік қоғамдардың құрылуы акциялардың шығарылуына әкелді, бұл
акциялар аукциондарда сатылды. Бірақ олар тек бірінші ретті нарықта ғана
сатылды. Соған қарамастан акционерлік қоғамдардың қүрылуы, акциялардың
шығарылуы, инвестициялық бай қорлардың құрылуы бүгінгі күні Қазақстанда
дамып келе жатқан бағалы қағаздар нарығының негізі болды деуге болады.
Бағалы қағаздар нарығы – бағалы қағаздардың шығарылымы, айналысы және
өтеу бойынша нарық қатысушылары арасындағы экономикалық қарым қатынастар
жиынтығы болып табылады. Бағалы қағаздар нарығы экономикалық және
әлеуметтік сұрақтарды шешуге көмектеседі. Қазақстан Республикасында бағалы
қағаздар нарығының қалыптасуына мемлекеттік меншіктің және меншікке көшуі
меншік болып табылады. Бағалы қағаздар нарығы-өте кең мағыналы түсінік.
Коммерциялық банктер де қаражаттарды тарту және орналастыруды жүзеге
асырушы әмбебап қаржы-несиелік институттар ретінде бағалы қағаздар
нарығының қатысушылары бола алады. Бағалы қағаздар нарығында инвестициялық
және делдалдық қызметті асыру үшін банктерге негізгі Бас лицензиядан басқа
бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысының лицензиясы қажет. 50-
жылдардың аяғынан бастап әлемдік тәжірибеде коммерциялық банктердің тікелей
және жанама формаларда бағалы қағаздар нарығына белсенді түрде ене бастауы
байқалды.
Бағалы қағаздар нарығында коммерциялық банктер бағалы қағаздар эмитенттері
ретінде, инвесторлар ретінде және бағалы қағаздармен операциялар кезінде
делдалдар ретінде де қызмет ете алады.

Бағалы қағаздар нарығында коммерциялық банктерге берілетін орын әр
елде түрліше болатыны анық. Бірақ сонда да коммерциялық банктердің ұлттық
және халықаралық бағалы қағаздар нарықтарымен өзара әрекеттесулерінің
кейбір негіздерін атауға болады.
Бағалы қағаздар нарығы – қаржы нарығының бір бөлігі және оның қазіргі
заманғы экономикадағы рөлі өте жоғары. Меншіктің түрлі формаларының,
акционерлік қоғамдардың болуы, бағалы ғқағаздар шығару арқылы қажетті
қаражаттарды тартуға мүмкіндіктің пайда болуы макро және микродеңгейлерде
ақша ресурстарының шоғырлануына септігін тигізетін бағалы қағаздар нарығы
арқылы ақша жинақтарын қайта бөлу механизм қалыптасуына негіз болды.
Бағалы қағаздар нарығы, негізінен, бәсеке қабілеттігі өте жоғары
нарық. Ол тек бағалы қағаздардың ғана емес, сонымен бірге бағалы қағаздарды
тауарлар мен қызметтер өндірісін қаржыландырудың негізгі көзі ретінде
пайдаланатын бағалы қағаздар эмитенттерінің де табыстылығын анықтайды.
Бағалы қағаздар нарығын бағалы қағаздарды шығару бойынша және осы
нарықтың қатысушылары арасында бағалы қағаздардың айналысы бойынша
экономикалық қатынастардың жиынтығы ретінде анықтауға болады.
Қазақстан Республикасының құнды қағаздар нарығы туралы заңдылығы
Қазақстанның конституциясына негізделген және Қазақстан Республикасының
Азаматтық кодексінен, 2-шілде 2003 жылғы құнды қағаздар нарығы туралы
Қазақстан Республикасының заңынан және басқа Қазақстан Республикасының
нормативтік құқықтық актілерден тұрады. Егер де Қазақстан республикасы қол
қойған келісімшарттарда заңда қарастырылғаннан басқа ережелер бекітілген
болса, онда халықаралық келісімшарт ережелері қолданылады.
Бағалы қағаздар бекітілген нысанда және міндетті деректемелерді сақтай
отырып оны ұсынған кезде ғана жүзеге асуы мүмкін болатын мүліктік құқықты
куәландыратын құжат.
Бағалы қағаздардың экономикалық мәнін ашуда құжаттың бағалы қағаздар
мәртібесіне ие болуы үшін қосымша сапаларын анықтау қажет.
Біріншіден, бағалы қағаздар өз кезегінде меншік дәрежесі нысанындағы
мүліктік құқықты (корпорация акциялары, вексельдер, коносаменттер және
т.б.) немесе құжат иесі мен оны шығарушы тұлға арасындағы корпорациялармен
мемлекет облигациялары, сертификаттары, қарыздық қатынасты куәландыратын
ақшалық құжаттарды білдіреді.
Екіншіден, бағалы қағаз қорларды инвестициялау туралы куәландыратын
құжат ретінде қызмет етеді. Бұл әсіресе бағалы қағаздардың рөлі мен
экономикалық мәнін түсіну үшін өте маңызды. Бұл жерде олар инвестицияның
жоғары нысаны ретінде басты рөль атқарады.
Үшіншіден, бағалы қағаздар – бұл нақты активтерге (акцияларға,
чектерге, коносаменттерге, тұрғын үй сертификаттарына және т.б.) талаптар
көрсетілетін құжаттар.
Төртіншіден, бағалы қағаздардың экономикалық мәнін түсінудің маңызды
сәті – олардың табыс әкелуі болып табылады. Иелері үшін олар капитал болып
табылады. Алайда, мұндай капиталдың нақты капиталдан айырмашылығы бар: ол
өндірістік үдерістерге қызмет етпейді немесе қатыспайды.
Сонымен қатар бағалы қағаздардың өтімділік, айналымдылық, нарықтық
сипат, стандарттылық, сериялық сияқты сапалық қасиеттерімен азаматтық
айналымда қатысуын атамай өтуге болмайды.
Өтімділіктің астарында бағалы қағаздардың сатылуы нәтижесінде ақша
қаражаттарына айналу мүмкіндігі жатыр. Ол үшін бағалы қағаз нарықта
айналыста болуы қажет. Бағалы қағаздардың айналымдылық қасиеті сатып алу-
сату негізінде (акция, облигация және т.б.) немес басқа тауарлар нарығымен
(чектер, вексельдер,коносаменттер, жекешелендіру құжаттары) айналымды
байланыстырып, төлем құралы ретінде іске асырылады.
Бағалы қағаздар өзіне тиесілі ұйымдары және онда жұмыс істеу ережелері
бар нарығы болатын ерекше тауар ретінде өмір сүреді. Алайда бағалы қағаздар
нарығында сатылатын тауарлар ерекше тауарлар болып табылады. Себебі бағалы
қағаздар – бұл тек меншік титулы, табыс алуға құқық беретін, бірақ нақты
капитал алуға құқығы жоқ құжат. Бағалы қағаздар нарығының оқшаулануы
олардың осы сапасымен анықталады, нарық көп жағдайда еркін және тез қол
жеткізілетін құнды қағаздарды бір тұлғадан екінші тұлғаға берумен
сипатталады.
Бағалы қағаздар нарығы басқа нарықтар сияқты техникалық циклдардың
жоғары деңгейдегі толықтылығы мен аяқталғандылығы болатын күрделі ұйымдық
және экономикалық жүйе болып табылады. Онда бағалы қағаздар баға кешенін
қолдану арқылы сатып алу-сату заты ретінде пайдаланылады, бұл жай
тауарлардан ерекшеленеді.
Бағалы қағаздардың айналымға түсу уақыты мен әдісіне байланысты
олардың нарығы алғашқы және екінші болып бөлінеді. Алғашқы нарықта жаңадан
шығарылған бағалы қағаздарды олардың алғашқы иемденушілеріне сатады: екінші
нарықта бағалы қағаздардың ауналысы, яғни олардың иемденушілерінің ауысуы.
Бағалы қағаздардың атаулы (атаулы құн – олардың шығару кезінде анықталатын
бағалы қағаздар құнының ақшалай көрінісі), эмиссиялық және нарықтық бағасы
болады.
Атаулы баға дивиденттерді, пайыздарды есептеу базасы ретінде нақты
есептік мәні бар және одан кейінгі есеп айырысуларда қолданылады.
Эмиссиялық баға – бағалы қағаздарды алғашқы орналастыру кезіндегі сатылу
бағасы. Ол табыстылық және несиелік пайыз деңгейімен анықталады. Нарықтық
баға – бағалы қағаздардың екінші нарықта айналу бағасы. Оның көлеміне
сұраныс пен ұсыныстың нарықтағы арақатынасы әсер етеді.
Сонымен, бағалы қағаздар шаруашылық қызметте қолданатын әр түрлі
құжаттардың жиыны.

Бағалы қағаздардың түрі түсінігінде бағалы қағаздарға тиісті жалпы
және бірдей белгілердің жиынтығы. Бағалы қағаздар жіктелуін және бағалы
қағаздар түрлерінің жіктелуін айыра білу керек.
Бағалы қағаздардың жіктелуі мен бағалы қағаздар түрлерінің жіктелуін
бөліп қарастыруға болады.
Бағалы қағаздар жіктелуі – бұл бағалы қағаздардың өздеріне тиісті
белгілері бойынша бөлінуі.
Бағалы қағаздар түрлерінің жіктелуі – бұл бір түрдегі бағалы
қағаздарды топтастыру; бағалы қағаздарды басқа да түрлерге бөлу. Өз
кезегінде түрлерді одан әрі бөлуге болады. әрбір төменгі жіктеу жоғары
тұрған жіктеудің құрамына кіреді. Мысалы, акция – бағалы қағаздардың бір
түрі. Қарапайым акция бір дауысты немесе көп дауысты, номиналмен немесе
номиналсыз болуы мүмкін.
Бағалы қағаздар жоғарыда айтылғандай белгілі бір сипаттың жиынына ие.
Уақытша сипаттамасы:
● қызмет ету мерзімі: айналысқа қай уақытта шығарылған, қай уақытта
шығарылған, қай уақыт кезеңіне немесе мерзімсіз;
● пайда болуы: басы өзінің бірінші негізінен келе ме немесе басқа бағалы
қағаздардан.
Кеңістік сипаттамасы:
● қызмет ету нысаны: қағазды немесе заңды түрде айтқанда құжатты нысан
немесе қағазсыз, құжатсыз нысан;
● ұлттық белгісі: отандық немесе басқа мемлекеттік, яғни шетелдік;
● аймақтық белгісі: елдің қай аумағында шығарылған.
Нарықтық сипаттамасы:
● бағалы қағаздар негізінде жатқан актив түрі немесе оның шығу негізі
(тауар, ақша, фирманың жиынтық активі және т.б.);
● иемдену тәртібі: ұсынушыға, атаулы, ордерлі. Атаулы бағалы қағаздар –
онда көрсетілген тұлғаның құқығын куәландыратынын көрсетеді. Ұсынушы бағалы
қағаздары – құқық оны ұсынушы адамға жатады. Ордерлі бағалы қағаздар –
құқық онда аталған адамға тиесілі.
● шығару нысаны: эмиссионды, яғни ішінде барлық бағалы қағаздар өздерінің
сипаттары бойынша бірдей болып келетін бөлек сериялар бойынша шығарылады
немесе эмиссиялық емес;
● меншік нысаны және бағалы қағаздарды нарыққа шығарушы эмитент түрі:
мемлекет, корпорациялар, жеке тұлғалар;
● айналыс сипаты: нарықта еркін немесе шектеулі айналады;
● бағалы қағаздар ұсынатын құқық түрі негізінде экономикалық мәні;
● тәуекел деңгейі: жоғары, төмен және тағы басқа;
● табыс көзі: бағалы қағаздар бойыншатабыстың қандай да болса бөлігін төлей
ме, жоқ әлде төлемей ме;
● қаражат салымның нысаны: ақша қарызға немесе меншік құқығын иемдену
қаржылана ма.
Бағалы қағаздар сонымен қатар мерзімді және мерзімсіз болып бөлінеді.
Мерзімді – оларды шығару кезінде мерзімі белгіленетін бағалы қағаздар.
әдетте мерзімді қағаздар екі түрге бөлінеді.
● қысқа мерзімді, айналымда бір жылға дейін жүретін;
● ұзақ мерзімді, айналымда бір жылдан жоғары мерзімде жүреді.
Мерзімсіз – айналым мерзімі шектелмеген бағалы қағаздар, яғни олар
шексіз қызмет етеді және бағалы қағаздар шығару кезінде өтеу мерзімі
көрсетілмейді.
Бағалы қағаздардың пайда болуының классикалық нысаны – қағаз, яғни
бағалы қағаз құжат түрінде қолданылады. Бағалы қағаздар нарығының дамуы
бағалы қағаздардың көп түрінің, ең алдымен эмиссиялық нысанын құжатсыз
нысанға ауысуын талап етеді.
Инвестициялық (капиталдық) – капитал салымы үшін объекті болып
табылатын бағалы қағаздар (акциялар, облигациялар, фьючерлік келісімдер
және т.б).
Инвестициялық емес – тауар немесе басқа нарықта ақшалай есеп айырысуға
қызмет көрсететін бағалы қағздар (вексельдер, чектер, коносаменттер).
Эмитенттің құқықтық мәртебесін, инвестициялық және несиелік тәуекел
деңгейін, инвесторлардың қызығушылығы мен басқа факторларды ескергенде
қордың бағалы қағазы үш топқа бөлінеді:
● мемлекеттік;
● муниципалдық;
● мемлекеттік емес.
Мемлекеттік бағалы қағаздар – мемлекеттің ішкі қарыздарының нысаны;
эмитенті мемлекет болып табылатын қарыздық бағалы қағаздар. Мемлекеттік
бағалы қағаздар ішінде қазынашылық вексельдер мен міндеттемелер,
мемлекеттік және жинақ қағаздарының облигациялары кең тараған.
Муниципалдық бағалы қағаздарға жергілікі өкімет органдарының қарыздық
міндеттемелері жатады.
Мемлекеттік емес бағалы қағаздар корпорациялық және жеке қаржы
институттарымен ұсынылады. Корпорацияға кәсіпорындардың, ұйымдардың,
банктердің қарыздық міндеттемелері мен акциялары жатады. Жеке бағалы
қағаздарға жеке тұлғалар шығаратын вексельдер, чектер жатуы мүмкін.
Нарықтағы айналым ерекшелігіне байланысты бағалы қағаздарды нарықтық
(айналымды) және анрықтық емес (айналымсыз) деп бөледі.
Нарықтық бағалы қағаздар екінші нарықта биржалық және биржадан тыс
айналыс шегінде еркін сатып алынуы және сатылуы мүмкін. Ол шығарылғаннан
кейін эмитентке кезектен тыс ұсынылмайды.
Нарықтық емес бағалы қағаздар бір қолдан екінші қолға еркін ауыспайды,
яғни оларда екінші айналыс болмайды. Бұл мынандай бағалы қағаздарға жатады,
мысалы, эмитент бағалы қағаздарды шығару кезінде тек эмитенттен басқа
адамға сатылмауы тиіс деген шарт қояды.
Сонымен қатар, айналысы шектелген бағалы қағаздар туралы айтып кетуге
болады. Сатып алу – сату мәмілесі бойынша шектеулер жабық акционерлік
қоғамының акцияларына жатады.
Бағалы қағаздардың борышқорлық және иемденуші үлесіне бөлінуі өз
кезегінде ақша қаражаттарын пайдаланудың екі мүмкін тәсілдерін көрсетеді:
● әр түрлі активті меншікке алуға;
● уақытша пайдалануға.
Егер бағалы қағаздар салынған ақша сомасын қайтарып беру шартымен
шектелген мерзімге шығарылса, онда олар борышқорлық болып табылады. Бұл
облигациялар, банктік сертификаттар, вексельдер және т.б. Иеленуші бағалы
қағаздар активтерге сәйкес меншік құқығын береді. Бұл акциялар, варанттар,
коносаменттер және т.б.
Эмиссиялық бағалы қағаздар ірі серияда және көп көлемде және әрбір
серияның ішінде ұқсас шығарылады. Бұл – акция және облигация.
Эмиссиялық емес бағалы қағаздар аз серияда немесе санаулы түрде
шығарылады.
Қазіргі әлемдік тәжірибеде қолданылатын бағалы қағаздар екі үлкен
сыныпқа бөлінеді.
1-сынып – негізгі;
2-сынып – туынды.
Негізгі бағалы қағаздар – қандай да болса бір активке (тауар, ақша,
капитал, мүлік, әр түрлі ресурстар және т.б.) мүлі құқығы жататын бағалы
қағаздар. Негізгі бағалы қағаздарға акциялар мен облигациялар жатады.
қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығы туралы Заңында
туынды бағалы қағаздар – басқа бағалы қағаздар арқылы өзінің құнын айырады
деп айтылған. Туынды бағалы қағаздар – бұл әр түрлі базистік активтермен
бейнеленген, мүліктік жағдайға негізделген ерекше әмбебап тауар, оны сатып
ала отырып иесі, белгілі бір мерзімде кәсіпкерлік табыс алуға деген құқығын
жүзеге асырады. Туынды бағалы қағаздарға фьючестер, опциондар, форварттар,
варанттар, своптар, споттар, депозитарийлік куәліктер және тағы басқалар
жатады. Туынды бағалы қағаздар қоғам капиталының белгілі бір бөлігіне
тіркелетін меншік құқын тұрақтандыруға қарағанда, туынды бағалы қағаздарды
пайдалана отырып, болашақ кезенде орындалатын кәсіпкерлік табысты алуға
құқықты тіркейді. Олардан пайданы бағамдар айырмашылығынан немесе әр түрлі
нарықта бір активті бір уақытта сатып алу-сатудан алады.
Қазақстан Республикасындағы акционерлік қоғам туралы Заң негізінде
акционерлік қоғам акционерлердің жалпы жиналысының немесе қоғамның
директорлар кеңесінің шешімімен туынды бағалы қағаздарды, соның ішінде
бағалы қағаздар нарығы туралы заңдылықтарға сәйкес варранттарды да шығаруға
құқығы бар. Қоғам Қазақстан Республикасының сыртында да туынды бағалы
қағаздарды шығарып, орналастыруға құқылы. Коммерциялық емес ұйым болып
табылатын қоғам туынды бағалы қағаздар шығаруға құқығы жоқ.
Варрант акционерлік қоғам шығаратын және варрантта бекітілген баға
бойынша бағалы қағаздардың белгілі бір көлемін одан сатып алу үшін ұстаушы
құқығын куәландыратын туынды бағалы қағаздар болып табылады. Қоғам акция
және облигация эмиссиясымен қатар варрант шығаруға құқы бар. Варранттар
бағалы қағаздардан оларды шығарғаннан кейін бөлінеді және оларда
көрсетілген бағалы қағаздарды сатып алғанға дейін нарықта өз бетінше
айналыста жүреді. Варранттар бөлініп шыққаннан кейін бағалы қағаздардың
сатылу құны олардың бағасына азайтылады. Қоғам варрантты қоғамның
болашақтағы бағалы қағаздар эмиссиясымен шығаруға құқық бар. Олар
иемденушіге қоғамнан бағалы қағаздарын варрантта келісілген баға бойынша
белгіленген кезең шегінде, кез келген уақытта алуға құқық береді. Варрант
иемденушіге дауыс беру құқығын бермейді және олар бойынша дивидент
есептелінбейді.
Қоғам басқару органының шешімі бойынша опцион жағына шығарылатын
бағалы қағаздардың белгілі бір көлемін сатып алуға және сатуға артықша
құқық беретін опцион жасауға құқы бар. Опционды жасау жағдайы және тәртібі
және олардың айналысы бағалы қағаздар нарығы туралы заңдылықпен реттеледі.
Туынды бағалы қағаздар санатына ең алдымен депозитарийлік қолхаттар
жатады. Депозитарийлік қолхат – бұл шетел эмитентінің бағалы қағаздар
бойынша шығарылған және елде еркін айналыста жүретін туынды бағалы қағаз.
Бұл инвесторлардың шетел эмитенттерінің бағалы қағаздарын иемдену үшін
қаржылық құрал болып табылады. Эмитенттердің депозитарийлік қолхаттарын
шығару шетел капиталының инвестициясының өсуімен, оларды тіркеу
қажеттілігінің болмауымен, оларды жергілікті салықты төлеуден босатумен
және барлық инвесторлар үшін қол жеткізілуімен байланысты. Депозитарийлік
қолхаттардың келесі түрлерін бөліп қарастыруға болады:
● американдық (ADR)
● ғаламдық (GDR)
● халықаралық (IDR)
ADR АҚШ нарығында айналады және долларлы номиналы болады, ал GDR
американдық нарықтан басқа бірнеше нарықта сатылуы мүмкін және сонымен
бірге эмитентке дүниежүзілік нарық капиталын жаулап алуға мүмкіндік береді.
Әдетте американдық банктер эмитенттерге акциялары қор нарығында бағаланатын
елдерде кастодиандық қызмет көрсетуді ұсынады. Осы Атаулы ие депозиттеу
акция негізінде депозитарийлік қолхаттың біршама ірі депозитарийлік эмитент-
банктері City Bank New York, The Bank of New York, Morgan Bank болып
табылады. Ғаламдық депозитарийлік қолхаттар тіркелуі, шығарылуы мүмкін,
олармен АҚШ ашық нарығында мәміле жасауға болады, сонымен қатар олар АҚШ-
тың негізгі қор биржаларында, сондай-ақ сол елдің шегінде бағаланады. GDR-
ді шығарғанға дейін банктер мен компаниялар алдымен АҚШ-та ADR шығаруы
тиіс, одан кейін Батыс Еуропада осы екі нарыққа шығарудың алғашқы қадамы
ретінде
IDR шығару керек.
Ғаламдық депозитаралық қолхаттарды шығару, бүкіләлемдік эмиссияны
жақсы бағдарлап отырудың, потенциалды акционерлердің көбеюімен,
өтімділіктің жоғарлауымен ұтады.
Шетелдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, корпорацияны қаржыландыруға
сыртқы көздердің құрылымындағы маңызды орында құңды қағаздарды, атап айтар
болсақ акция мен облигацияны эмиссиялау алып отыр. Әлемнің дамыған
елдерінде, корпоративтік облигациялар, банктік сектордың несиелік
ресурстарына баланатын инвестициялау көзі болып табылады. Англосаксондық
елдерде және Оңтүстік-Шығыс Азияның кейбір мемлекеттерінде мемлекеттік емес
борыштық құңды қағаздар, эканомиканың нақты секторын қарыз қаражаттарымен
бірден-бір жабдықтаушы болып табылады.
Бірақта, корпоративті облигациялар нарығының ең дамыған елі АҚШ,
корпорациялар, 80% дейінгі қарыз қаражаттарын қорлық нарықтан алады.
Банк өзінің қызмет етуін жүзеге асыру үдерісінде айналымға бағалы
қағаздардың келесі түрлерін шығарады:
● акциялар;
● депозиттік сертификаттар;
● облигациялар;
● бағалы қағаздардың басқа түрлері.
Акция деп акционерлік қоғам құрылған келсе, екі немесе одан да көп
акционерлік қоғамдардың қосылу кезінде, сонымен қатар жарғылық капиталдың
өсуі кезінде қаржы құралдарының мобилизациясы үшін шығарылатын бағалы
қағазды айтамыз. Акция оны шығарған қоғам жұмыс істегенше болады. Осы уақыт
ішінде акцияны иемденушілер бірнеше рет өзгеру мүмкін. Оның ағымдағы құны
тек нарықпен анықталады. Акцияларға келесі сипаттамалар тән:
- акция – меншік титулы;
- оның өмір сүру мерзімі жоқ;
- оған шектеулі жауапкершілік тән;
- оны бөлуге болмайды.
Акциялар иемденушісіне акционерлік қоғамның дивиденттер түрінде
Пайдасының бір бөлігіне, оны басқаруға қатысуға және оның жабылуынан кейін
мүліктерінің белгілі бір бөлігіне құқық беретін эмиссиялық бағалы қағаз.
Акциямен келесідей құқықтар байланысты:
- белгілі жағдайда пайдаға қатысу (дивидентке құқық);
- акционердің жалпы жиналысына қатысу;
- акционердің жалпы жиналысында дауыс беру құқығы;
- капиталдың көбеюі кезінде жаңа акцияларды алуға артықшылық құқығы.
Акция ұсынатын құқық көлеміне қарай жай және артықшылығы бар болып
бөлінеді. Жай акциялар акционерлерге жоғарыда аталған құқықтарды банктің
заңы мен жарғысына сәйкес ұсынады. Артықшылығы бар акцияны ұстаушылардың
жай акцияны ұстаушыға қарағанда біршама артықшылығы бар.
Акцияның түрін ажыратудың тағы бір критерийі өткізу тәсілі болып
табылады. Ұсынушы және атаулы акциялары бөліп қарастырылады. Ұсынушы
акциялары екі жақтың келісімі бойынша және акцияларды беру арқылы жүзеге
асырылады. Атаулы акциялар екі жақтың келісімі бойынша және индоссалған
құжаттар арқылы беріледі.
Банктердің акцияларды айналысқа шығару тәртібі Банктің меншікті
қаражат есебі тарауында қарастырылған.
Банктік сертификаттар – ақша қаражаттарын салу туралы салымшыға онда
белгіленген салым мерзімі аяқталғаннан кейін, олар бойынша пайыз алу
құқығын куәландыратын банктің жазбаша куәлігі. Сертификаттардың екі түрі
болады: депозиттік және жинақтық. Депозиттік сертификат заңды тұлғаларға,
ал жинақтық – жеке тұлғаларға беріледі. Депозиттік сертификаттар,
депозиттік сертификатты ұсыну бойынша белгілі бір соманы тартуға құқық
беретін талап еткенге дейінгі және салымды тарту мерзімі және тиесілі пайыз
көлемі белгіленген мерзімді болып бөлуге болады. Депозиттік
сертификаттардың экономикалық мәні нарықтық құрал және несие ресурстарының
мультипликаторы ретінде қатысуында.
Бағалы қағаздар келесідей ерекшеліктермен сипатталады: ақша қаражатқа
айырбастау мүмкіндігі, сату-сатып алуға, эмитенке қайта салуға, құқықты
басқа тұлғаға беру мүмкіндігіне ие. Олар есеп айырысу кезінде қолдануға,
кепіл ретінде пайдалануға болады.
Бағалы қағаздар келесідей қызметтер атқарады:
1) Экономика салалары және аялары арасында, мемлекеттер арасында,
мемлекет пен халық арасында, әр түрлі халық топтары арасында ақшаны
қайта бөледі;
2) Иелеріне қосымша құқық береді (капиталға құқық,басқаруға құқық,
ақпаратқа құқық және т.б.);
3) Капиталға табыстың алуын және сол капиталдың қайтарымдылығын
қамтамасыз етеді.
Бағалы қағаздар келесідей жіктеледі:
● экономикалық белгісіне қарай бағалы қағаздар үлестік, қарыздық,
тауарлық және туынды бағалы қағаздар;
● құқықты беру әдісіне қарай олар атаулы, ұсынушылық және ордерлік
бағалы қағаздар;
● шығару формасына қарай құжаттық және құжатсыз бағалы қағаздар;
● капиталды тарту мерзіміне қарай олар қысқа, орта, ұзақ және
мерзімсіз бағалы қағаздар;
● айналыс территориясына қарай бағалы қағаздар аймақтық, ұлттық және
халықаралық бағалы қағаздар;
● эмитент бойынша олар мемлекеттік, корпоративтік және шетелдік бағалы
қағаздар;
● табыс бойынша бағалы қағаздар тұрақты табысты, бір реттік табыс,
бекітілген процент бойынша табысты, өзгермелі процент бойынша табысты
бағалы қағаздар.
Бағалы қағаздар нарығы 2 үлкен топтан тұрады – қор нарығы және туынды
бағалы қағаздар нарығы. Сонымен қатар, инвестициялау процесіндегі орнына
байланысты бағалы қағаздар нарығы алғашқы және қайталамалы бағалы қағаздар
нарығына жіктеледі. Бағалы нарығының негізгі қатысушылары – бұл эмитенттер
(бағалы қағаздарды шығарушылар – мемлекет, кәсіпорындар, банктер),
инвесторлар (бағалы қағаздарды сатып алушылар), кәсіби қатысушылар (бағалы
қағаздар нарығының дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін ұйымдар – брокер,
дилер, кастодиан, депозитарий т.б.) және өзін-өзі реттеу ұйымдары
жатқызылады.
Бағалы қағаздардың көп түрлері бар. Олардың айрымашылықтары негізінен
шығару мақсаттарына байланысты ерекшеленеді. Төмендегі кесте бойынша
бірқатар бағалы қағаздардың түрлеріне байланысты бағалы қағаздардың шығару
мақсаттары мен түрлері қарастырылады.
Кестеден көріп отырғанымыздай, бағалы қағаздар мақсаттары мен
қызметтеріне байланысты бір-бірінен ажыратылады.
Акция – бұл акционерлік шығаратын және оның түрі мен категориясына
байланысты акция ұстаушының дивидендті алуға, қоғамды басқаруға және қоғам
жойылғаннан кейін оның мүлігін алуға құқықтарды куәландыратын бағалы қағаз.
Акция бір инвестордың екінші инвесторға акцияны беру тәртібіне қарай атаулы
және ұсынушылық акция болып жіктеледі. Атаулы акция кезінде инвестордың кім
екенін акция номиналында жазылады. Ал ұсынушылықта жоқ. Акция ұстаушылардың
құқықтары бойынша акция жай және артықшылығы бар акция болып жіктеледі.
Артықшылығы бар акция келесідей белгілерімен сипатталады:
● дивидендтері бекітілген және жай акцияға қарағанда жоғары;
● дивидендтері төлеу бойынша 1-ші кезекте;
● қоғам жойылғаннан кейін мүлік құқығы жай акцияға қарағанда алдыңғы
орында.
Ал, артықшылығы бар акцияның кемшілігі ретінде – қоғамды басқаруға
құқы жоқ.
Облигация – бұл облигация шығарушыдан көрсетілген мерзімде номиналы
бойынша соманы алуға, сондай-ақ облигация бойынша процент не басқа да
табысты алуға куәландыратын бағалы қағаз. Облигация – бұл қарыздық
міндеттеме, себебі облигация бойынша сатудан түскен ақша қаражат тек
қарызға алынады және белгілі бір уақыттан кейі қайтарылады.
Облигацияның жіктелімі:
● мерзімі бойынша – қысқа, орта, ұзақ және мерзімсіз облигациялар;
● эмитенттері бойынша – мемлекеттік, корпоративтік, шетел облигациялар;
● шығару формасына қарай – құжаттық, құжатсыз облигациялар;
● иемдену тәртібіне қарай – атаулы, ұсынушылық облигациялар;
● табысты алу тәртібіне қарай – проценттік немесе купондық, процентсіз
немесе дисконттық облигациялар;
● өтеу әдісіне қарай – сериялық, бір реттік;
● айналысқа қарай – конверсияланатын, конверсияланбайтын;
● қамтамасыз етуіне қарай – кепілмен қамтамасыз етілген, қамтамасыз
етілмеген.
Облигацияның акцияға қарағанда келесідей айырмашылықтары бар:
● Облигация бойынша процент міндетті төленеді, ал акция бойынша
дивиденд тек таза пайда болғанда ғана;
● облигацияны сатып алған тұлға – несие беруші, ал акцияны сатып алған
тұлға – қоғам иеленушісі;
● облигация бойынша сыйақы төлеу акция бойынша дивидендті төлеуге дейін
жүргізіледі;
● облигацияның сыйақысы қоғамның шығынына жатқызылады және олар салық
салынатын пайдаға дейін шегеріледі.
Эмитент белгілі бір уақытқа капиталды тарту мақсатында негізгі
эмиссиялық бағалы қағаздарды шығарылады. Ал, туынды бағалы қағаздарды
шығару негізінен эмитенттің болашақтағы тәуекелден сақтану әдісі ретінде
қарастырылады. Осы кесте бойынша опцион түрін жекелей қарастырайық. Сондай-
ақ отандық бағалы қағаздар нарығында опционның айналысы жүргізілмеуінен осы
құралға деген қызығушылықты арттырады.
Опцион. Опцион негізгі бағалы қағаздарға қарағанда пайда болуы жақын
болса да, қазіргі жағдайда өзінің қызметіне байланысты өзекті құралға
жатқызамыз. Опцион белгілі бір базиске негізделген бағалы қағаз. Оның
базисі ретінде нақты тауарлар, шетел валюталары, негізгі бағалы қағаздар
болады. Аталған базистердің болашақтағы бағаларынан төмендеуі немесе
жоғарылауынан сақтану үшін қатысушылар опцион келісімшартына отырады.
Опцион мәмілесін сызба түрінде талдайық. Базис ретінде ең өзекті тауар –
мұнайды мысал ретінде аламыз. Айта келетін жағдай, опцион тек қана биржада
айналысатын бағалы қағаз болып табылады.
Туынды бағалы қағаздар – биржалық активтің осы бағалы қағаз негізінде
жатқан бағалардың өзгеруімен байланысты туындайтын мүліктік құқықты
білдіретін құжатсыздық формасы. Яғни, басқа қағаз арқылы өзінің құқын
анықтайтын бағалы қағаз. Туынды бағалы қағаздарға фьючерстік келісімшарттар
және еркін айналыстағы опциондар жатады.

Бағалы қағаздар нарығы қаржы нарығының құрамдас бөлігі ретінде
қарастырылады. Бағалы қағаздар нарығының дамуы мемлекеттің экономикалық
және әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған механизмнің бірі.
Қаржы нарығының жиһандануы кезінде бағалы қағаздар нарығы және оның
дамуы өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Қаржы институттар мен бағалы
қағаздар нарығының инфрақұрылымы болып табылатын мекемелердің дамуы бағалы
қағаздар нарығының отандық экономиканың құрамдас бөлігі ретінде танылады.
Алайда, соған қарамастан отандық нарықтағы біршама қайшылықтардың
салдарынан бағалы қағаздар нарығының жетіле дамымауы сипа алады.
Жалпы теориялық тұрғыдан алғанда, бағалы қағаздар нарығын бірқатар
үлгілерге жікетейді. Көбінесе келесідей үлгілері кездеседі.

үлгілерге жіктейді. Көбінесе келесідей үлгілері кездеседі:
● банктік үлгі;
● банктік емес үлгі;
● аралас үлгі;
Бағалы қағаздар нарығының қай үлгіге жататыны қаржылық институттарының
қайсысы басыңқы орын алатынына байланысты болып келеді. Қазақстан
Республикасы бағалы қағаздар нарығы қай үлгіге жататыны бойынша пікір-талас
бар. Отандық бағалы қағаздар нарығы аралас үлгі ретінде тұжырымдамайтын
экономистердің пікірінше, бағалы қағаздар нарығының қатысушылары көбінесе
банктік емес ұйымдар атқарады. Сондай-ақ, мемлекеттің бекіткен ережелерінде
кейбір қызмет түрлерін тек қана банктік емес ұйымдар атқаруға құқықтары бар
болғандықтан осы институттардың бағалы қағаздар нарығындағы орнын
анйықтайды. Алайда, бағалы қағаздар нарығын банктік үлгіге жатқызуға
келесідей факторларды анықтауға болады:
1) “репо” операциясы биржалық мәмілелердің негізгілерінің бірі, ал оның
қатысушылары коммерциялық банктер болып табылады;
2) Көптеген брокерлік ұйымдар коммерциялық банктердің еншілес
компаниялары болып табылады (ҚР заңнамасында коммерциялық банктерге
бағалы қағаздар нарығында шектеу қою салдарынан, коммерциялық банктер
еншілес компанияларды құру немес компаниялардың жарғылық қорына үлес
қосу арқылы заңнамалық шарттарды айналып өтеді);
3) Алғашқы дилерлер қызметін, яғни мемлекеттік бағалы қағаздарды алғашқы
нарықта орналастыру қызметін, тек қана коммерциялық банктер атқара
алады;
4) Бағалы қағаздар нарығының институционалды инвесторлардың бірі
зейнетақы қорлары кастодиандық келісімшарт жасасуға міндетті, ал
кастодиандық қызметпен тек банктердің құқықтары бар.
Аталған факторлар бағалы қағаздар нарығында коммерциялық банктердің
алатын орнына қатысты банктік үлгіге сай келетінін тұжырымдауға болады.
Жалпы, қаржы нарығының құрамдас бөлігі болып табылатын бағалы қағаздар
нарығының рөлі мен орны әр елде өзгеше. Қаржы нарығының бағалы қағаздар
нарығына қатысты келесідей үлгілерді сипаттауға болады: ағылшын-американдық
және жапон-немістік үлгілер. Осы үлгілердің өзара айырмашылықтарын
келесідей белгілерге байланысты ажыратуға болады.
Қазақстанда бағалы қағаздар нарығын дамыту жағдайларын қолданса да,
коммерциялық банктер отандық экономикада халық және кәсіпорындар салымдарын
жинақтайтын институт ретінде орнын алады. Сондықтан да біздегі үлгі
негізінен жапон-немістік үлгі ретінде танылады. Қазақстан Республикасы
жапон-немістік үлгі ретінде тануы келесідей белгісіне қарай жатқызады:
● ірі кәсіпорындардың сипат алатын мемлекеттің құрылымдық
экономикасының болуы (кейбір салаларда монополистік құрылымды байқауға
болады);
● алдыңғы уақыттағы болған жекешелендірудің ерекшелігі;
● қаржылық-өнеркәсіптік топтардың болуы және оларға көптеген ірі
кәсіпорындардың жатқызылуы (мұндағы кәсіпорындар коммерциялық банктердің
акция ұстаушылары және сәйкесінше банктің клиенттері ретінде көрініс
табады);
● шағын, орта кәсіпорындар қызметінің жабық мінезде болуы және т.б.
белгілері.
Осыған қарамастан, мемлекет тарапынан ағылшын-американдық үлгіге көшу
жағдайлары жасалуда. Мысал ретінде келесілерді атап өтеуге болады:
- аймақтық қаржылық орталықты бекіту арқылы бағалы қағаздар нарығын
белсендіру;
- облигацияны шығару бойынша преференциялық шарттар жасау;
- бағалы қағаздар нарығының инфрақұрылымын жетілдіру.
Облигация нарығы банктік несиеге балама әдіс. Жыл сайын облигация
нарығының дамуы бағалы қағаздар нарығын дамыту бойынша негізгі қадамдардың
бірі. Бірақ, негізгі эмитенттердің қатарына коммерциялық банктер көрініс
табады. Сондай-ақ, аймақтық қаржылық орталықтың белсенді қатысушыларының
қатарына коммерциялық банктер басқа қаржылық мекемелерден еш қалыспайды деп
болжамдауға болады.
ҚР бағалы қағаздар нарығы үлгісін өзгерту мүмкін емес. Бірақ, ағылшын-
американдық үлгісін біздің мемлекітімізде қолдануға боларлық жағдайларды
енгізуге болады. Пл, түбегейлі өзгерту мүмкін емес. Сондықтан да
коммерциялық банктердің қаржы нарығының негізгі қатысушысы ретінде
қалатынына еш күмән жоқ.
Бағалы қағаздар нарығы еліміздің егемендігімізді алғаннан бастап
қалыптасты. Бағалы қағаздар нарығын дамытуда көптеген шет елдік
тәжірибелерді қолдануда.

Бағалы қағаздар нарығын құру және дамыту шаруашылықты бір орталықтан
қаржыландырудың тиімсіз жүйесін және салааралық қайта бөлуді өзгертуге,
нарықтық құрылымдардың инвестицияға деген сұраныстарын қанағаттандыруға
және бұл нарыққа салааралық капиталдың қайта құйылуын реттеуші болуға, ірі
кәспорындар мен банктер жұмысының барометрі болуға мүмкіндік береді. Бағалы
қағаздар нарығының дамуы экономиканы көтеруге мынадай шараларды іске
асырғанда ғана ықпал етеді: тауар нарығын қалыптастыру,
монополиясыздандыру, шағын кәсіпорынды қолдау, ақша айналысын нығайту.
Тауарлар мен қор құңдылықтарының биржалық саудасы таяу арадағы
ресурстарды қорландыру жүйесінен және бір орталықтан капитал жұмсалымдарын
үлестіруден тауарлар және қаржы тасқындарының нарықтық реттеу әдісіне өтуге
мүмкіндік жасайды. Акцияларды шығару мемлекеттік құрылымдары мемлекет
иелегінен алудың ең басты құралдарының біріне және өнеркәсіпті жандандыру
мен қайта құруда жеке және заңды тұлғалардың ақшалай табыстарын
жұмылдырудың тиімді құралдарына айналуда. Сондықтан да бағалы қағаздар
нарығына қатынасушылардың барлығының алдында бағалы қағаздармен жасалатын
операциялардың теориясы мен техникасын игеру; биржалық істі регламенттеуді
үйрену; мемлекеттік кәсіпорындарды акционерлеу және жекешелендіруге
байланысты іс-тәжірибелерді игеру міндеттері тұрады.
Бағалы қағаздар нарығының міндеті – бағалы қағаздарды сатушылар мен
сатып алушылардың көңілінен шығатын бағада инвестицияға толық қаражат
жұмсауды қамтамасыз ету болып табылады.
Бұл міндеттерді шешу бағалы қағаздар нарығында қызмет етуші
делдалдардың – брокерлер мен инвестициялық дилеолердің қатынасуынсыз мүмкін
емес. Тек қана солар бағалы қағаздар нарығын қандай жағдайда да, қашан,
қандай шартпен және қандай бағалы қағаздар шығару қажет екендігін біледі.
Бұл жерде брокер бағалы қағаздарды сатушыларды сатып алушылармен
кездестіріп, ол үшін комиссиондық ақы алса, ал инвестициялық дилер өз
есебінен және өз атынан бағалы қағаздарды сатып ала отырып, кейіннен қайта
сатады. Қайта сатудан түскен түсім, оның пайдасын құрайды. Өз жұмысында
брокерлік және дилерлік операцияларды жүзеге асырушы ірі инвестициялық
компаниялар ішкі бағалы қағаздар нарығының басты тұлғалары болып саналады.
Қазақстан Республикасының заңында көрсетілетін бағалы қағаздар
нарығының негізгі идеологиясы келесідей қағидалардан тұрады:
- әрбір потенциялды инвестор үшін бағалы қағаздарды эмиссиялаудың барлық
түрлері бойынша толық және тура ақпараттардың болуы;
- бағалы қағаздар нарығының қатынасушыларының (инвестициялық
фирмалардың, қор биржалары және тауар биржаларының қор бөлімдері,
брокерлік фирмалар және т.б.) біліктілігі).
Бұл аталған мекемелердің жұмысындағы кәсіби сапасы туралы қойылатын
талаптардың маңызы арта түседі. Инвестициялық қор ретінде құрылатын кез
келген заңды тұлғаның штабында бағалы қағаздармен жұмыс жасай алатын
маманның болуы міндетті. Ол алғашқы және қайталама бағалы қағаздар
нарығының дамуы туралы хабардар болуға тиіс.
Қазақстанда нарықты объективті түрде реттеу үшін мыналар қажет: біріншіден,
оның мемлекеттік сектордың кәсіпорындарымен қатар, жеке кәсіпкерлер және
қалыптасып келе жатқан шағын және орта бизнесті, сол сияқты үкіметтің
бюджетінің тапшылығын қаржыландыру үшін қажетті ресурстарды іздестірумен
тікелей байланысты болуы; екіншіден, республика азаматтарына бағалы
қағаздар сатып алуға және сатуға мүмкіндік беретін үкіметтің жекешелендіру
стратегиясымен байланысты болуы; үшіншіден, ақша массасына Ұлттық банк
жағынан бақылау жасауда жаңа жанама механизмдерді қалыптастыру үшін,
мемлекет жағынан нарықты реттеудегі біліктілік республикамыздағы нарыққа
өтудегі жаңа көптеген мәселелерді шешуге көмектеседі.
Біздің экономикалық жағдайымызда немесе әлемдік нарыққа енуіміздегі ең
өзектісі, бұл әлемдегі бағалы қағаздар нарығына байланысты жинақталған
барлық құңдылықтарды оқып үйрену және хабарлау болып табылады.
Қор нарығын мемлекеттік реттеудің қажеттігін әлемдік тәжірибе көрсетіп
берді. Ол әр елдегі өзіндік ерекшеліктерге қарай ескерілетін жағдайда,
мемлекеттік реттеудің формалары мен әдістерінің ортақ үлгісін жасайды.
Қазақстанда енді қалыптасқан қор нарығы әзірге ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz