Қазақстан Республикасының банк жүйесінің дамуы



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
Ітарау. Банк жүйесінің экономикалық мазмұны
1.1 Банк және банк жүйесі
1.2 Банк жүйесінің мәні мен элементтері
1.3 Банк жүйесінің нарықтық экономикадағы ролі

ІІтарау. Қазақстан Республикасының банк жүйесінің дамуы
2.1 Қазақстан Республикасының банк жүйесінің даму тарихы
2.2 Қазақстан Республикасының банк жүйесін дамытудың негізгі жолдары

ІІІтарау. Банк жүйесінің даму перспективалары
3.1 Қазақстан Республикасының банк жүйесінің бүгінгі жағдайы




Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Қосымша
Қаржы жүйесінің негізгі буыны-банктер. Банктер мемлекет пен кәсіпорындардың. Акционерлік қоғамдардың, халықтың уақытша бос ақшаларын шоғырландырып, оларды іс жүзіндегі капиталға айналдырады. Сонымен қатар, банк, төлем, есептеу, несие беру, сақтандыру, т.б. көптеген операцияларды жүргізеді. Ал, банктердің барлығы бір жиынтықты, яғни банк жүйесін құрайды. Бүгінгі таңда Қазақстанда қызмет ететін банктік жүйенң не бары он үш жылдық тарихы бар.
Бұл курстық жұмысты жазудағы мақсат: Қазақстан Республикасындағы банк жүйесінің құрылымын қарастыру, халықаралық, яғни дамыған елдердің банк жүйесімен салыстыру, сонымен қатар, банк жүйесіндегі жасалып жатқан реформаларды қарастырумен қатар даму перспективаларын қарастыру болып табылады.
Заң нормативті-құқықты актілер:
1.ҚР «Ұлттық Банк туралы» Заңы 30-наурыз 1995ж
2.ҚР «Банк және банк қызметкерлері туралы» заңы
Оқулықтар:
1.С.Б. Мақыш, А.Ә. Ілияс , Банк ісі . Оқу құралы.-Алматы -2004жыл.
2.Ғ.С. Сейтқасымов. Ақша.Несие.Банктер,Алматы-2001жыл 162-203б.б.
3.Б.Көшенова, Ақша. Несие. Банктер және валюталық операциялар. Алматы-2000жыл. 3,134,178-181беттер.
4.О.И. Лаврушин. Деньги. Кредит. Банки. Ростов на Дону,2001.285-291беттер.
5.О.Ю.Свиридов. Деньги. Кредит. Банки. Ростов на Дону,2001год, 100-103б.б.
Қосымша материалдар:
1.Саясат, №7.2005жыл. Условия кредитования для физического лица под залог недвижимости 54стр.
2.Банки Казахстана, №10,2005г. По отдельным вопросом развития финансового сектора Республики Казахстан. Жамишев Б.Б.8-12стр.
3.Банки Казахстана,№9,2005г.О состаянии финансового рынка и фиансовых операций.5-6стр.

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
АЛМАТЫ ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ СТАТИСТИКА
АКАДЕМИЯСЫНЫҢ АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫНДАҒЫ
ИНСТИТУТЫ

Мамандығы Қаржы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы:

Пәні:

Орындаған:

Тексерген:

АҚТӨБЕ 2008 жыл
Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
Ітарау. Банк жүйесінің экономикалық мазмұны
1. Банк және банк жүйесі
2. Банк жүйесінің мәні мен элементтері
3. Банк жүйесінің нарықтық экономикадағы ролі

ІІтарау. Қазақстан Республикасының банк жүйесінің дамуы
1. Қазақстан Республикасының банк жүйесінің даму тарихы
2.2 Қазақстан Республикасының банк жүйесін дамытудың негізгі жолдары

ІІІтарау. Банк жүйесінің даму перспективалары
3.1 Қазақстан Республикасының банк жүйесінің бүгінгі жағдайы

Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Қосымша

Кіріспе

Қаржы жүйесінің негізгі буыны-банктер. Банктер мемлекет пен
кәсіпорындардың. Акционерлік қоғамдардың, халықтың уақытша бос ақшаларын
шоғырландырып, оларды іс жүзіндегі капиталға айналдырады. Сонымен қатар,
банк, төлем, есептеу, несие беру, сақтандыру, т.б. көптеген операцияларды
жүргізеді. Ал, банктердің барлығы бір жиынтықты, яғни банк жүйесін құрайды.
Бүгінгі таңда Қазақстанда қызмет ететін банктік жүйенң не бары он үш жылдық
тарихы бар.
Бұл курстық жұмысты жазудағы мақсат: Қазақстан Республикасындағы банк
жүйесінің құрылымын қарастыру, халықаралық, яғни дамыған елдердің банк
жүйесімен салыстыру, сонымен қатар, банк жүйесіндегі жасалып жатқан
реформаларды қарастырумен қатар даму перспективаларын қарастыру болып
табылады.
Ал, тақырыптың өзектілігіне келетін болсақ, Қазақстан экономикасы
нарықтық экономикаға көшкендіктен, банк жүйесі -бұл құрылымның басты буыны
болғандықтан, оны жетілдіру жолдарын қарастыру маңызды мәселеге айналып
отыр.Банк бұл-көне ұғым болып табылады және оның қажеттілігі ақша
айырбасымен, бос ақшаларды қарызға берумен, өзгелердің ақшаларын
орталықтандырумен байланысты пайда болды.
Банк нарықтық жағдайда өзгеше кәсіпорын ретінде қарады. Оның қызметі
көпқырлы болып табылады. Банк-сауда, делдал, несие беретін, коммерциялық
кәсіпорындарды білдіреді. Биржалардың банк-агенті, ріптестер автономиялы
түрде қызмет істейді.
Банктер үлгілері және қызмет көрсету сипаты бойынша: елдің орталық
банкі, мамандандырылған қаржы мекемесі, коммерциялық банктер болып
ажыратылады. Көтерме және бөлшек банктерге бөлінеді. Сондай-ақ,
инвестициялық, сауда және әмбебап банктер бар.
Әр елдің банк жүйесі көптеген банктер құру және әлемдік тәжірибемен
оларды жасайтын операцияларының ауқымын кеңейту арқылы дамиды.
Жалпы банк жүйесінің негізгі қызметі- бұл несиелік механизмді
жетілдіру, есеп айырысуды жылдамдату және төлем тәртібін сақтау болып
табылады.
Курстық жұмыс Ғ. Сейітқасымов, Б.Көшенова, т.б. экономистердің
еңбектеріне және әйгілі банкир мамандардың мақалаларына сүйене отырып
жазылған.

І тарау. Банк жүйесінің экономикалық мазмұны
1.1 Банк және банк жүйесі

Банк-көне ұғым болып саналады және оның көрінуі ақшаны айырбастау,
қарызға ақша беру, өзгелердің ақшаларын шоғырландыру туралы ойлардың пайда
болуымен байланысты болды. Банкті сөзбе сөз аударғанда, ақшамен операция
жасалған тақтайша орындық (скамья) ұғымын білдіреді.
Көптеген өзгерістер мен қайта құруларды басынан өткере отырып,
банктер капитализм дәуірінде неғұрлым айқын ұғымға ие болды.ХV-ХХ
ғасырлардағы көптеген елдердің экономикалық тарихы банктердің көбеюін, жаңа
банктердің пайда болуын және олардың қызметтерінің толыға түсуін,
банктердің сыртқы жағдайлар мен факторларға тәуелділігін, сонымен қатар
олардың бір мезгілде сол елдердің экономикасына, операциялардың ұлғая түсуі
мен банктер ролінің артуына өлшеусіз әсер етуін дәлелдей түседі.
Бүкіл әлемдегі банктер нарықтық экономика жағдайында барған сайын
кәсіпорын ретінде көбірек қаралатын болады. Кез-келген кәсіпорын сияқты
банк өз қызметінің маңызды қызмет көрсететін, өзінің өнімін алға жылжытуды
жүзеге асыратын дербес заңды тұлға болып қала беретін болады және ол кіріс
пен пайда алуға мүдделі баланс жасайды, мемлекет пен есеп айырысуды жүзеге
асырады.
Банктерге: сауда кәсіпорны делдалдық кәсіпорын, несие беру
кәсіпорны, коммерциялық кәсіпорын биржалардың агенті түріндегі делдал,
мемлекеттік басқару тетігінің бір бөлігі болып табылатынәріптес ретіндегі
кәсіпорын түрінде сипаттама беру ақылға сыйымды болып табыладыӘр жеке
айқындамалар тұрғысынан қаралатын банктерді ең алдымен орындайтын
операцияларының сипаты, банк жүйесіндегі банктердің деңгейі және елдің
ақша, қаржы ресурстарына қатынасы бойынша бөліп көрсетудің маңызы зор. Бұл
орталық және эмиссиондық банктер, коммерциялық банктер мамандандырылған
қаржы-несие институттары болуы мүмкін.
Банк – коммерциялық кәсіпорын ретінде өзінің сауда, делдалдық , несие
беру операцияларын жүзеге асырып, есепті кезеңге баланс жасап, табыс алуға
деген өзіндік мүддесін таныта отырып, пайда табады және ол оған мүдделі
болып табылады. Банктің шығынды қызыметі нарықтық ортадағы оның толық
банкроттық жағдайын көсетеді және банктерді жабу үшін негіз болып
саналады. Сондықтан банктер өз операцияларын орындау барысында
коммерцияның негізгі қағидаларынан ұстанады: онсыз банк өмір сүруін
тоқтататын пайдаға қол жеткізуді; жоғары кірістілікті қамтамасыз етеді;
банктің пассив балансы бойынша қатыстырылған қаржылар үлесінің артуымен
банк ресурстарының тез айналым жасаушылығына жетуді; өз мүдделері мен
клиенттердің мүдделері үйлесім тапқан жағдайда соған орай соңғыны алдыңғы
орынға жылжыта отырып, банк ісіндегі тәуекелді төмендетуді көздейді.
Банк әріптес ретінде қызметін өзгеше жүргізе отырып, клиенттермен өз
қатынасын өзара тиімді жағдайларға, коммерциялық жоспар мен қатынастарға
құрады. Банктерді тұтастай сипаттай отырып, әр елдің өзінің банктік жүйесі
бар екендігін білу көзделеді. Банк жүйесі – бұл банк заңдылықтары негізінде
банктерді құру мен оны дамытудың олардың қызметі мен операцияларының барлық
қырын қамтитын кең ауқымды ұғым болып саналады.
Банк жүйесі отандық( ұлттық), аймақтық және әлемдік болып
ажыратылады. Онсыз банктің қызмет істеуі мүмкін емес. Жалпыға бірдей
танылған қызметтік белгілер мен қағидалар жүйесінің негізі болып қызмет
етеді. Әр елдегі банк жүйесі сол елдің экономикасымен, қоғам бағытымен
өзара байланыста дамиды. Және елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын
басқарудың маңызды элементі болып қатыса алады.
Өзіне орталық банкті, екінші және үшінші деңгейлердегі іскерлік
банктерді енгізетін банктер жүйесінің барлық елдердеөз құрылымдары бар,
жекелеген операцияларды жүзеге асыруда өзіндік ерекшеліктерге ие, сонымен
бірге банк ісіндегі жалпыға бірдей танылған заңдар мен талаптарды
басшылыққа алады.

1.2 Банк жүйесінің мәні мен элементтері
Жүйе деген ұғым қазіргі кезде ғылымда кең қолданылады. Яғни, жүйе
бұл бір нәрсенің құрылымы. Ал, банк жүйесі- нарықтық экономиканың ең
маңызды және біртұтас құрылымдарының бірі
Банк жүйесінің жалпы принциптері мынадай:
1.Елде әрекет ететін банктер мен басқа кредиттік мекемелер болуы
керек;
2.Ұлттық банк белгілеген белгілеген функционалдық міндеттерді
орындайтын механизмнің болуы;
3.Елде коммерциялық банктер мен басқа кредиттік мекемелердің
болуы;
4.Банк және басқа кредиттік мекемелер Ұлттық банкпен, бір-бірімен
байланыста болуы керек;
Банк жүйесі елдің қаржы жүйесінің құрам бөлігі болып табылады. Бұл
жағдай банктердің дамуы елдің өнеркәсібімен, материалдық және материалдық
емес игіліктерді шығарумен тұтынумен тығыз байланысты.
Банктердің және тауарлы-ақшалай қарым қатынастарының дамуы тарихи
тұрғымен қатарлас жүрді және де олар бір-бірімен өзара тығыз байланысты
болды. Олар арқылы ұдайы өндіріс үрдісіне қатысушыларының экономикалық
мүдделерін қанағаттандыру жүзеге асырылады. Осы кезде банктер қаржылық
делдал ретінде шаруашылық органдардың капиталдарын, халықтың жинақтарын,
шаруашылық қызметтің үрдісінде босаған басқа да бос ақша қаражаттарын тарта
отырып, қарыз алушылардың уақытша пайдалануына береді. Және ақшалай есеп-
айырысу жүргізеді. Сонымен қатар,экономика үшін басқа да қызмет көрсетеді,
соның арқасында өндірістің тиімділігі мен қоғамдық өнімнің айналасына
тікелей ықпал етеді.
Банктік жүйенің мақсаты мен міндеттері негізінен экономиканы жалпы
басқарудың мақсаттары мен міндеттерімен бірдей, әйтсе де банктерді
басқарудың кішігірім жүйелері ретінде экономиканы басқарудың жалпы
мақсатына жетуді қамтамасыз ететін, өзіне тән жеке міндеттерін орындайды.
Экономиканы басқару органы ретіндегі банктің ролі оның өзінің орныдау
үрдісінде және банк ісін ұйымдастыруда жалпы принциптерді сақтауда көрініс
табады.
Банк жүйесінің мақсаты- несиелік механизмді жетілдіру, ақша массасын
реттеудегі әдістерін жетілдіру, есеп айырысуды тездету және төлем тәртібін
сақтау болып табылады.
Банк сөзі ағылшын тілінен аударғанда айырбас үстелі дегенді
білдіреді. Банк жүйесінің маңызды элементтері: банктер болып табылады.
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей ұлттық банк, басқа да банк ұйымдарының
түрлері және арнайы осы сала мекемелері де жатады.Сондай-ақ коммерциялық
сақтандыру, инвестициялық топтар мен кейбір елдерде ипотекалық банктер де
жатады. Аталған мекемелердің әрқайсысы өз қызметін атқарады. Ұлттық банк
ақша эмиссиясымен, мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алу және сатумен
айналысады.
Банктер нарықтық экономикада басты қаржылық делдалдар болып табылады.
Өз қызметінің үрдісінде, олар ақша нарығында тауар болатын, жаңа талаптар
мен міндеттемелерді жасады. Клиенттердің салымдарын қабылдау арқылы банк
депозит деген жаңа міндеттеме жасаса, ал қарызды беру арқылы қарыз алушыға
жаңа талап қойды.
Осы жаңа міндеттемелер мен талаптарды жасау үрдісі қаржылық
делдалдықтың негізін құрайды. Несие беруші қарыз алушыға және соған қатысты
қаржылық институттар қызметінің қозғалысы орын ауыстыруы, қаржылық
ресурстардың құйылуы қаржылық делдалдық деп аталады.
Әр түрлі көздерден ақша капиталын жинау арқылы банктер жалпы ақша
қаражаттарының тобын құрайды және де оларды жұмыс істеп тұратын капиталға
айналдырып, әр түрлі шарттардағы несиеге деген талаптарды қанағаттандыра
алады.
Шаруашылық органдар мен тұрғындардың қаржылық-несиелік қызмет
көрсетуін ұйымдастыру және несиелік жүйенің қызмет етуі шаруашылық
құрылымдардың дамуына маңызды роль атқарады.
Нарықтық экономикада банктер монополистерге айналды және барлық
қаржылық капитал арқылы нақты басқарды.Олар тек делдалдық қызметтен
шығып,ұдайы өндірістің барлық фазасының аясына ғана кіреді.Несиелік жүйе
ертегідей күшке ие бола отрып нақты өндіріске ең қауіпті түрде арласу
мүмкін (3;171).маркс келесіде Ағылшын банкісі сияқты мекеменің сауда мен
өнеркәсіпке билік етуіне назар аударады.Банктер шаруашылық өмірдің
орталығы,барлық экономикалық негізгі түйіні екені ескеріледі.
Экономиканы басқару процесінде банктер негізінен басқарудың
экономикалық қатынастарын көрсетеді, ал әр қоғамның экономикалық
қатынастары ең алдымен мүдде ретінде көрініс алады, ал экономикалық мүдде
өндірістің мақсаты, яғни оны қозғаушы фактор болып табылатын әдістемелерді
пайдаланады.
Банктер өз қызметтерін орындау кезінде функционалдық (экономикалық),
салалық (министерстволар, компания, фирмалар) және аумақтарды (жергілікті
орган) басқару органдарымен өзара тығыз байланыста жұмыс істейді.
Банктер экономикалық басқарудың органы болғандықтан, оның өз
клиенттерінің алдынғы жауапкершілігі де экономикалық сипатта.Банктердің
экономикалық жауапкершілігінің ең алдымен олар қызмет көрсететін меншік
түріне,ведомствалық тәуелділігіне байланысты емес, шаруашылық
органдарының,(яғни өз акционерлерінің) шаруашылық және қаржылық
қызметтерінің нәтижелерімен байланысты. Банктердің айналасында өздеріне
әрбір банкті тандайтын фирмалар мен компаниялар топталады. Олар басқа
жағдайларда пайдамен қамтамасыз етілетін, өзі жне клиенттері үшін
операцияларды неғұрлым тиімді жүргізетін несиелік сипаты жүргізіледі.
Ақша айналымы бірлікпен сипатталады. Қолма-қол және қолма-қолсыз ақша
айналысының аясы бір ақша бірлігінде қызмет көрсетеді. Әрі өзара тығыз
байланысты. Банктер кәсіпорындардың мекемелердің ұйымдардың, жергілікті
халықтың шот есептерін жүргізу арқылы ақша айналымының жиынтығы, ал, олар
арқылы шаруашылық процестердің барысын қадағалайды, әрі оларға ықпал
етеді.
Банктік жүйеде қоғамның барлық ақшалай қорларды шоғырландырған
мемлекеттік шаруашылық буындардың қаражаттары, халықтың жинақ ақшалары,
т.б. Банктер осы қорлардың қалыптасуына белсенді қатысады, яғни, оларды
пайдалану бойынша бақылау жүргізеді, ақша айналымын реттейді және сол
арқылы ұдайы өндірістік үрдіске әсер етеді. Қазақстанның нарықтық
экономикаға көшуімен банктердің алдында жаңа мүмкіндіктер ашылуда. Меншікті
жекешелендіру мен мемлекетсіздендіру нәтижесінде жеке меншік, меншіктің
ұжымдық және акционерлік түрлері, кооперативтік қозғалыс кең етек алуда.
Меншіктің аралас түрінің негізінде кәсіпорындар құрылуда. Шаруа қожалықтар
санының өсуі олардың бірлесуі, жалға беруі және жеке еңбек қызметімен
айналысатын тұлғалар да осыған жатады.
Қорытындылай келе банктік жүйе-нарықтық экономиканың ең маңызды және
біртұтас құрылымдарының бірі . Банктердің және тауарлы ақшалай қарым-
қатынастардың дамуы тарихи тұрғыдан қатарлас жүрді. Олар бір-бірімен тығыз
байланысты. Банк жүйесі елдің қаржы жүйесінің құрама бөлігі болып табылады.
Банк жүйесінің маңызды элементтері:банктер болып табылады,сондай-ақ,
коммерциялық, сақтандыру, инвестициялық топтар мен кейбір елдерде
ипотекалық банктер де жатады.

1.3Банк жүйесінің нарықтық экономикадағы ролі

Банктік жүйе-нарықтық экономиканың маңызды және біртұтас
құрылымдарының бірі
Банктердің және тауарлы-ақшалай қарым-қатынастарының дамуы тарихи
тұрғыдан қатарлас жүрді және олар бір-бірімен өзара тығыз байланысты.
Банктер халық шаруашылығы қызметінің барлық деңгейіндегі басқарумен тікелей
байланысты болады. Олар арқылы ұдайы өндіріс үрдісіне қатысушыларының
экономикалық мүдделерін қанағаттандыру жүзеге асырылады. Сы кезде банктер
қаржылық делдал ретінде шаруашылық органдарының капиталдарын, халықтық
жинақтарын және шаруашылық қызметтің үрдісінде босған басқа да бос ақша
қаражаттарын тарта отырып, қарыз алушылардың уақытша пайдалануға береді.
Ақшалай есеп-айырысу жүргізеді және экономика үшін басқа да көптеген қызмет
көрсетеді соның арқасында өндірістік тиімділігі мен қоғамдық өнімнің
айналысына тікелей ықпал етеді.
Қаржылық делдалдар осылай қоғамға ақша капиталын салааралық,
ауданаралық үлестіру механизмін қамтамасыз ету арқылы маңызды
халықшаруашылығы қызметін атқарады.
Банктер нарықтық экономикада басты қаржылық делдалдар болып табылады.
Өз қызметінің үрдісінде, олар ақша нарығында табылатын жаңа талаптар мен
міндеттемелерді жасады. Клиенттердің салымдарын қабылдау арқылы қарыз
алушыға жаңа талап қойды. Несие беруші қарыз алушыға және соған қатысты
қаржылық институттар қызметінің қозғаласы орын ауыстыруы, қаржылық
ресурстардың құрылуы қаржылық делдалдық деп аталады.
Әр түрл көздерден ақша капиталын жинау арқылы банктер жалпы ақша
қаражаттарының тобымен құрайды және де оларды жұмыс істеп тұратын
капиталға айналдырып, әртүрлі шарттардағы несиеге деген талаптарды
қанағаттандыруға болады.
Шаруашылық органдар мен қаржылық-несиелік қызмет көрсетуін
ұйымдастыру және несиелік жүйенің қызмет етуі шаруашылық құрылымдардың
дамуынд маңызды роль атқарарады.Нарықтық экономикада монополистерге
айналады және барлық қаржылық капитал нақты байқалады. Олар тек делдалдық
қызметтен шығып, ұдайы өндірістің барлық фазасының аясына ғана кіреді.
Банктік жүйенің мақсаты мен міндеттері негізінен экономиканы жалпы
басқарудың мақсаттарымен міндеттерімен бірдей, әйтсе де, банктер
басқарудың кішігірім жүйелері ретінде экономиканы басқарудың жалпы
мақсатына жетуді қамтамасыз ететін, өзіне тән жеке міндеттерін орындады.
Экономиканы басқару органы ретіндегі банктің ролі оның өзінің қызметтерін
орындау үрдісінде және банк ісін ұйымдастыруда жалпы принциптерді сақтауда
көрініс табады.
Экономиканы басқару процесінде банктер негізінен басқарудың
экономикалық қатынастары ең алдымен мүдде ретінде көрініс алады. Ал,
экономикалық мүдде өндірістің мақсатын, яғни оны қоғаушы фактор болып
табылатыны әдістемелерді пайдаланады. Мүддені осылай деп түсінуден келесі
туындайды: Яғни оларға қажеттілікті қанағаттандыру арқылы әсер етуге
байланысты. Банктер басқарудың экономикалық әдістері мәселен, несиелеу
арқылы, экономикалық әртүрлі буындарының қарыз-қаражаттарындағы
қажеттіліктерін әртүлі несиелермен немесе қолма-қолсыз есеп айырысу арқылы
экономиканың үздіксіз қызмет теуіндкгі қажеттілігін қанағаттандырады,
қоғамдық өнімнің тоқтаусыз қозғалысын қамтамасыз етеді.
Банктер есеп айырысу операцияларын бұзғаны үшін айыппұл, төлей күнін
созғаны үшін өсім, несиені өз уақытында қайтармағаны үшін жоғары пайыздарды
алумен өз мүддесін ғана емес, сонымен қатар, бұл операцияларының басқа да
қатысушыларының мүддесіне қорғайды.
Банктер өз қызметін орындау кезінде функционалдық (экономикалық),
салалық (министерстволар, компания, фирмалар) және аумақтарды (жергілікті
орган ) басқару органдарымен өзара тығыз байланыста жұмыс істейді.
Банктер экономикалық, оның өз клиенттерінің алдындағы жауапкершілігі
де экономикалық сипатта. Банктердің экономикалық жауапкершілігінің ең
алдымен олар қызмет көрсететін меншік түріне, ведомстволық тәуелсіздігіне
байланысты есеп шаруашылық органдарының (яғни, өз акционерлік) шаруашылық
және қаржылық қызметтерінің нәтижелерімен байланысты. Банктердің айналасына
өздеріне әрбір банкті таңдайтын фирмалар мен компаниялар топталады. Олар
басқа жағдайларда пайдамен қамтамасыз етілетін, өзі және клиенттері үшін
операцияларды неғұрлым тиімді жүргізетін несиелік сипатта жүргізіледі.
Банктерді басқарудың басқа органдарында жоқ ағымдағы ақпараттар
болады.. Ең алдымен олар қызмет көрсетілетін клиенттерінің негізгі қызметі
туралы ақпарат болып табылады. Шотта еңбекақы беру жабдықтаушыларға төлем
жасау, банктік несиелерді қайтару үшін қаражаттың болмауы тек обьективті
емес, сонымен бірге осы шарт иесінің жұмысының нашар екендігінің
күнделікті оперативті көрсеткіші болып табылады. Шотқа ақшаның келіп түсуі
жабдықтаушының шеккен тауарларының өткендігін және т.б. -ларды білдіреді.
Банктің мәліметтері бухгалтерлік есепті құруды күтпей-ақ кәсіпорын
қызметінің көптеген маңызды факторлары туралы, әрі олардың нәтижелерін
алдын-ала көруге мүмкіндік береді. Бұл банктерге өз клиенттерінің
жағдайларын білдіруге, оларды бақылауға және олардың тағдыры мен
табыстылығын анықтауға мүмкіндік береді
Ақша айналымы бірлікпен сипатталады.. Қолма-қол және қолма -қолсыз
ақша айналысының аяғы бір ақша бірлігінде қызмет көрсетеді, әрі өзара тығыз
байланысты. Банктер кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдардың, жергілікті
халықтың шот есебінен жүргізу арқылы ақша айналымының жиынтығын, ал, олар
арқылы шаруашылық процесстердің барысын қадағалайды, әрі оларға ықпал
етеді.
Банктік жүйе-нарықтық экономикалық ең маңызды және біртұтас
құрылымдарының бірі. Банктер халықшаруашылығы қызметінің барлық
деңгейіндегі басқарумен тікелей байланысты болады. Банктер нарықтық
экономикада басты қаржылық делдалдар болып табылады. Өз қызметінің
үрдісінде, олар ақша нарығында тауар болатын жаңа талаптар мен
міндеттемелерді жасады. Банкті жүйенің мақсаты мен міндеттері негізінен
экономиканы жалпы басқарудың мақсаттары мен және міндеттерімен бірдей,
әйтсе де, банктер басқарудың кішігірім жүйелері ретінде экономиканы
басқарудың жалпы мақсатына жетуді қамтамасыз ететін өзіне тән жеке
міндеттерін орындайды.

ІІ тарау. Қазақстан Республикасындағы банк жүйесінің дамуы.
2.1Қазақстан Республикасындағы банк жүйесінің даму тарихы.

Қазақстанның өзінің банктік жүйесі болған жоқ. Себебі, республика
аумағында КСРО-ның орталықтандырылған несие жүйесінің филиалдары мен
бөлімдері қызмет етті. Осыған байланысты банктік жүйенің тарихы КСРО мен
революцияға дейінгі Ресей тарихы мен тығыз байланысты келді.
Ресейдің мемлекеттік банкі (өз қызметін 1860жылы бастады) барлық
несие жүйесінің Орталық банкі болып табылады. Ол айналымға қағаз ақша
шығарудың монополиялық құқығына ие болды. Сөйтіп, 1914жылы Ресейдің
мемлекеттік банкі бұл іске барлық акционерлік коммерциалық банктердің
салымдары мен ағымдағы шоттардың жартысынан көбін және есептік қарыздық
операциялардың 1\3 бөлігіне жуығын жұмылдырды. Басқа елдердің орталық
эмиссиондық банктеріне қарағанда Ресейдің мемлекеттік банкі тек банктерді
ғанаемес, сонымен бірге, өнеркәсіпті, сауданы, қор жинаушыларды да
несиелендірді.1914жылдың қарсаңында ол 10 кеңсе, 1124бөлім мен мелекеттік
қазынашылықтың 791 тіркелген кассасына иелік етті.
Акционерлік коммерциялық банктер (47банк 743 филиалымен) қарыз
капитал нарығында басымдық жағдайға ие болып, 1914жылы шоғырландырудың
жоғарғы дәрежесіне жетті.
Орта және ұсақ буржуазиялық қызмет көрсету үшін мынадай ұсақ несиелік
мекемелер қызмет атқарады: өзара несие беру қоғамы(11081), қалалық қоғамдық
банктер (343)
Ипотекалық несие жүйесі- мемлекеттік дворяндардың жер банкі мен
мемлекеттік жер банкі, 10 акционерлік жер банктері, 36 қалалық несиелік
банктер мен ипотекалық несиенің басқа да банктерінен құрылды. Несиелік
мекемелердің ішінен,әсіресе деревнялардағы дәулетті адамдарға қызмет
көрсететін несиелік кооперация кеңінен танылды. Ол қарыз жинақ кассалары
мен несиелік серіктестіктерден тұрды.
1917Жылы Қазан революциясынан кейін банк ісін ұйымдастыруда
мемлекеттік монополия қағидасы іске асырылды. Елде мемлекеттік банк
құрылды., кейіннен жеке коммерциялық және басқа да банктерді ұлтшылдандыру
нәтижесінде, бәрі бір мемлекетке жататын салалық және аумақтық банктер
құрылды. Банктік жүйенің бір құрамдас бөлігі мемлекеттік еңбек жинақ
кассалары болды.
Кеңес үкіметінің алғашқы жылдарында мемлекеттік банктермен бірге
кооперативтік және жеке, мемлекеттік капиталистік, соның ішінде шетел
капиталының қатысуымен де мемлекеттік емес несиелік мекемлер құрылды.
1922Жылы деревнялар мен майдагерлік өнеркәсіпті жандандыру мақсатын
көздеген несиелік және қарыздық жинақ серіктестіктері мен олардың одағы
ұйымдастырыла бастады.1924жылы ауыл шаруашылық корпорацияларына салым
қабылдау, қарыз беру мен есеп айырысудағы делдалдық нысанында несиелік
операцияларды жүргізу рұқсат етілді. 1926Жылы 1-сәуір қарсаңында КСРО-да 16
185 серіктестіктер құрылған еді, бұлардың ішінде 2426-несиелік және
қарыздық жинақ, сондай-ақ 12424 ауылшаруашылық серіктестіктер болды.
1922Жылдан бері сауданы, өнеркәсіпті несиелендіру үшін өзара
несиелендіру қоғамы, сонымен бірге, Оңтүстік-шығыс мемлекеттік капиталистік
акционерлік банк және шетел капиталының қатысуымен Ресейлік коммерциялық
банк құрылды.
Экономикалық социалистік секторының дамуына қарай кооперативтік және
жеке несиелік органдар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның банк жүйесінің қалыптасуы мен даму кезеңдері
Банк жүйесінің қалыптасуы және дамуы, қызметі
Қазақстан Республикасының банк жүйесінің қалыптасуы
Банк жүйесінің қалыптасуы және дамуы
Қазақстан Республикасының банк жүйесiнің қалыптасуы мен дамуы
Банк жүйесінің дамуы
Қазақстанның банк жүйесінің даму тарихы
Қазақстанда банк жүйесінің қалыптасуы мен дамуы
ҚАЗАҚСТАННЫҢ БАНК ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЛЫПТАСУ ТАРИХЫ
Қазақстан Республикасының банк жүйесі жайында
Пәндер